Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен қаулысы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың

2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 1284 Қаулысы

Қазақстан Республикасының қаржы секторын одан əрі дамыту жəне Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатын халықаралық стандарттарға сəйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-201 1 жылдарға
арналған тұжырымдамасы (бұдан əрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы қаулы
қабылданған сəттен бастап екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тəртіппен
келісілген көрсетілген Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын енгізсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы К. Мəсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 1284 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Мазмұны

Кіріспе

1. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың
тұжырымдамасын іске асырудың негізгі қорытындылары

  1. Ақша-кредит саясатының құралдарын жетілдіру жəне оныЕуропалық Одақ елдерінің стандарттарына жақындату
  2. Валюталық қатынастарды ырықтандыру
  3. Қаржы нарығына қатысушылардың қызметін қадағалаудыңбірыңғай органын құру жəне дамыту
  4. Кредиттік мекемелерді дамыту
  5. Тұрғын үй ипотекалық кредит беруді оңтайландыру жəне кеңейту
  6. Кредиттік бюроны құру
  7. Екінші деңгейдегі банктерде жеке тұлғалардың салымдарына, міндетті кепілдік беру жүйесін дамыту
  8. Сақтандыру нарығын дамыту
  9. Бағалы қағаздар нарығын дамыту
  1. Зейнетақы қызметтерінің қол жетімділігін жəне сапасын арттыру
  2. Почталық-жинақ жүйесін дамыту
  3. Даму институттары

2. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған басымдықтары

  1. Қазақстанның экономикалық дамуының стратегиялық республиканың қаржы секторын дамытудың ұзақ мерзімді көкжиегi
  2. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдар кезеңіне арналғанмақсаттары мен міндеттерi
  3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту

3. Қазақстан Республикасының қаржы секторын реттеу саласындағы мемлекеттік саясаты

  1. Қаржы секторын мемлекеттік басқаруды нығайту жəне оның сапасын арттыру
  2. Мемлекеттік органдар мен қаржы секторы институттарының өзара іс-қимылы
  3. Теңдестірілген ақша-кредит жəне фискалдық саясаты жəнеолардың негізгі құралдарының тиімділігін арттыру
  4. Қазақстанда бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есепберу жүйесін дамыту жəне жетілдіру
  5. Қаржы нарығына жəне қаржы

салық салуды жетілдіру

  1. Төлем жүйелерін дамыту
  2. Корпорациялық басқару сапасын арттыру
  3. Халықтың қаржы секторының қызметтері туралы хабардарболу деңгейін арттыру жəне олардың қол жетімділігін арттыру
  4. Қаржы нарығы үшін кəсіби кадрлар дайындау

3. 10. ЕурАзЭҚ жəне басқа ықпалдасу одақтары шеңберінде

Қазақстан қаржы секторының халықаралық қарым-қатынастарын тереңдету

4. Қаржы секторын дамытудың негізгі бағыттары

4. 1. Кредиттік ұйымдарды дамыту

  1. Банк секторы
  2. Банктік емес ұйымдардың секторы
  1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары
  2. Сақтандыру секторы
  3. Валюта нарығы жəне бағалы қағаздар нарығы
  1. Валюта нарығы
  2. Бағалы қағаздар нарығы

4. 5. Микроқаржыландыру: сектордың Қазақстан Республикасы
қаржы жүйесінің бір бөлігі ретінде міндеттері жəне оны дамыту

5. Қаржы лизинг i

Кіріспе

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың осы тұжырымдамасы 2007-2011 жылдарға арнап, мыналарды:

қаржы секторын мемлекеттік реттеудің бағыттарын жəне тəсілдерін;

қаржы секторын дамытудың басым бағыттарын;

оларды іске асыру жөніндегі қажетті шараларды айқындау мақсатында əзірленді.

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың осы тұжырымдамасы 2007-2011 жылдарға арнап əзірленді жəне қаржы секторын дамытудың негізгі басымдықтарын, сондай-ақ оның жекелеген секторларын мемлекеттік реттеудің бағыттарын жəне тəсілдерін айқындайды.

Осы Тұжырымдаманың шеңберінде айтылған мемлекеттік саясаттың басымдықтары Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған Қазақстан Республикасының əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық мақсатқа сəйкес қалыптастырылды. Бұл бағыттағы маңызды аспекті экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарындағы қажеттігін қанағаттандыратын жəне еркін бəсекелестік жағдайында қаржы институттары сапалы қызмет көрсететін қаржы жүйесінің жұмыс істеуі шарттарын қалыптастыру арқылы Қазақстан қаржы ұйымдарының жəне қаржы секторының бəсекелестік қабілетін арттыру қажеттілігі болып табылады.

Сонымен бірге, Тұжырымдамада қаржы секторын дамыту жəне реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың реттілігі жəне сабақтастығы принципі жəне Қазақстан Республикасы Yкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің жəне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу жəне қадағалау агенттігінің бұрын белгілеген бастамашылығы ескерілген.

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 28 шілдедегі № 753

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын

іске асырудың негізгі қорытындылары қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасының негізгі мақсаты экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарындағы қажеттігін қанағаттандыратын жəне еркін бəсекелестік жағдайында қаржы институттары сапалы қызмет көрсететін тұрақты жəне тиімді жұмыс істейтін қаржы жүйесін қалыптастыру болды. Осыған байланысты Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттеріне сүйене отырып, мынадай негізгі іс-шаралар жүзеге асырылды.

1. 1. Ақша-кредит саясатының аспаптарын жетілдіру жəне оны Еуропалық Одақ елдерінің стандарттарына жақындату

Ақша-кредит саясатының аспаптарын жетілдіру жəне оны Еуропалық Одақ елдерінің стандарттарына жақындату мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мынадай негізгі шараларды іске асырды.

1. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын тоқсан сайын қайта қарауды жəне белгілеуді іс жүзінде
қолданылу енгізілді, ол валюталық өтімділікті, инфляцияны жəне т. б. реттеу жөніндегі негізгі аспаптардың
бірі ретінде пайдаланылатын болды.

Осылайша, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қайта қаржыландыру ставкасы 9%, екінші деңгейдегі банктерден тартылатын депозиттер бойынша 4% деңгейінде қалыптасып отыр.

Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкаларды арттыру нəтижесінде банкаралық ақша нарығында жəне банктердің кредиттері бойынша ставкаларды арттыру күтілуде, мұның өзі өз кезегінде кредиттік белсенділіктің жəне ақша агрегаттарының өсу қарқынын баяулатуға əкеп соқтыруға жəне, түпкі қорытындысында инфляцияның деңгейін төмендетуге тиіс.

2. Ең төменгі резервтік талаптарды есептеу əдістемелері жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Басқармасы 2006 жылғы 27 мамырдан бастап «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені
бекіту туралы»
жəне «Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу туралы» жаңа
редакциядағы қаулылары қабылданды.

Алдыңғы редакциямен салыстырғанда міндеттемелер құрылымы бөлігінде өзгерістер көзделеді, ол бойынша екінші деңгейдегі банктер ең төменгі резервтік талаптардың жəне есептілікті беру тəртібінің нормативтерін орындауға міндетті болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша екінші деңгейдегі банктер үшін банктің ішкі міндеттемелеріне 6 % жəне банктің өзге де міндеттемелері үшін 8 % деңгейінде ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері белгіленді.

Ең төменгі резервтік талаптарды қатаңдандыру жөніндегі көрсетілген шаралар банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жəне елдің ішкі борыш нарығын дамытуға оң əсер етеді деп ұйғарылып

ОТЬф.

1. 2. Валюталық қатынастарды ырықтандыру

Ұлттық валютаның толық айырбасталу қағидаттарына өту жəне елдің валюта нарығын дамыту мақсатында неғұрлым тартымды жəне экономикалық жағынан ақтаған валюталық операцияларға қатысты жекелеген шектеулерді алып тастауға себепші болған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.

Бірінші кезеңді іске асыруды табысты аяқтау жəне капиталдың қозғалысына қойылатын шектеулерді алып тастаудың басталған процесін жалғастыру үшін экономикалық алғышарттарды сақтап қалу 2005 жылы екінші кезең шеңберінде валюталық режимді белсендірек ырықтандыруға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы № 705 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған валюталық режимді ырықтандыру жөніндегі іс-шаралар 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілген «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында іске асырылды.

Заңды қолданысқа енгізумен:

банктер мен сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын тікелей инвестицияларды, шет елге инвестицияларды лицензиялау жойылды.

бағалы қағаздар нарығында кəсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арқылы шет елге инвестициялауды жүзеге асыру тəртібі айтарлықтай жеңілдетілді;

заңды тұлғалардың шет елдегі шетелдік банктерде шоттар ашуын лицензиялауды жою процесі басталды;

резидент еместерге қаржы қарыздарын беруге, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке меншік құқығына ақы төлеуге резидент еместердің пайдасына аударымдарға қатысты лицензиялау жойылды.

Бұл ретте капиталдың жоғары шапшаңдығы жəне экономиканың ішкі жəне сыртқы күйзелістерге осалдығы жағдайларында Үкіметтің жəне Ұлттық Банктің валюталық операцияларға заң жүзінде ресімделген арнайы рұқсат беру режимін енгізу құқығы арқылы экономикалық сипаттағы төтенше жағдайларға əсер ету аспабы сақталады.

1. 3. Қаржы нарығына қатысушылардың қызметін қадағалаудың бірыңғай органын құру жəне дамыту

Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін реформалау шеңберінде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдеде қабылданған «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Заңы негізінде қаржы нарығына қатысушылардың қызметін қадағалайтын біртұтас мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу жəне қадағалау агенттігі (бұдан əрі - Агенттік) құрылды.

1. 4. Кредиттік мекемелерді дамыту

Банк секторын одан əрі дамыту, сондай-ақ Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мақсатында банк қызметі саласында мынадай іс-шаралар жүргізілді.

1. Шағын бизнес пен микробизнестің көлеңкеден шығуын ынталандыру мақсатында кредиттік
мекемелерді дамыту шеңберінде банктерден, банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардан жəне микрокредиттік ұйымдардан тұратын кредит берудің үш деңгейлі жүйесі жасалды,
олардың қызметін регламенттейтін қажетті заңнамалық актілер қабылданды.

  1. Микрокредиттік ұйымдар жүзеге асыратын операциялар лицензияланатын қызмет түрлерінен алыптасталды, мұның өзі микрокредит беруді дамытуға оң түрткі болды.
  2. Банктік қызметтер нарығындағы бəсекелестіктің деңгейін арттыру үшін банктік емес ұйымдардыреттеу жүйесін ырықтандыру жөнінде іс-шаралар өткізілді, олар тұтастай алғанда олардың қызметіне, оныңішінде лицензиялау, бөлігінде шамадан тыс мемлекеттік ықпалды төмендету мəселелерін көздейді. Банктердің филиалдарын, резидент банктердің өкілдіктерін, резидент емес банктердің өкілдіктерін ашуғаАгенттіктің (міндетті түрде хабарлау шартымен) алдын ала келісімін беру рəсімдері жойылды, мұның өзіоларды ашудың рəсімдерін оңайлату болып табылады.
  3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау жəне мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының2005 жылғы 23 , қолданысқа енгізілді. Осы Заңда банкке жəне оныменбайланысты конгломераттың басқа да қатысушыларына əсер ететін тəуекелдерді шектеу үшін «банкконгломератын» реттеу енгізілді, банктің ірі қатысушысы жəне банк холдингі мəртебесін алуға, оның ішіндеірі қатысушының жəне банк холдингінің меншікті құрылымының айқындылығына қойылатын талаптаркүшейтілді, банктің жəне банк холдингінің инвестициялық қызметі шектелді, шоғырландырылған қадағалаутуралы Заңның ережелерін іске асыру үшін қажеттізаңғатəуелді нормативтік құқықтық актілерқабылданды. Бұл шаралар банк секторының жəне тұтастай алғанда Қазақстан қаржы жүйесініңтұрақтылығын қамтамасыз етуге себепші болады.
  4. Банк жүйесі қызметінің айқындылығы мақсатында Банк қызметінің ашықтығын арттыру мəселелерібойынша ынтымақтастық жəне өзара іс-қимыл жасау туралы меморандум əзірленіп, банктерге қол қоюғаұсынылды, мұнда банктің нақты меншік иелері туралы, банк бақылайтын ұйымдардың тізбесі туралы, банктің аффилиирленген тұлғалары жəне олармен жасалатын мəмілелер туралы, банк бизнесін дамытудыңжақын арадағы бес жылға арналған стратегиясы туралы ақпаратты банктердің ашуы көзделеді.

Агенттік Меморандумды екінші деңгейдегі 17 банктің қарауына жіберді. 2006 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Меморандумға екінші деңгейдегі 16 банк қол қойды.

Бұл екінші деңгейдегі банктер иелері құрылымының айқындылығы мен жариялығының деңгейін арттыруға себепші болады жəне қаржы секторы тұрақтылығының деңгейін арттырудағы маңызды аспекті болып табылады.

6. Қуатты қаржылық инфрақұрылымды жасауға жəне ұлттық қаржы жүйесіне деген сенімді арттыруға
көмек көрсету мақсатында 2004 жылдың соңында Агенттік Қаржы нарығында жүйелі тəуекелдер арта
түскен кезде жедел іс-əрекеттер сызбасын əзірледі жəне бекітті.

Еуропалық Одақтың стандарттарын жəне Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің, Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығының, Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия халықаралық ұйымының халықаралық қадағалау стандарттарының одан əрі енгізілуін ескере отырып, нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде қаржы ұйымдарының қызметін, осы ұйымдардағы тəуекелдерді басқару жүйесін, шоғырландырылған қадағалауды пруденциалдық реттеу бөлігінде қабылданды.

7. Қазақстанның банк секторын реттеуді халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында
Қазақстанның банк жүйесін «Капиталды жəне капитал стандарттарын есептеудің халықаралық
конвергенциясы» (Шегпаііопаі Сопуегдепсе оҒ СаріЫ Меазигетепі: апй СаріЫ Зіапсіагсіз) (Базель II) Банктік
қадағалау жөніндегі Базель комитетінің капиталдың барабарлығы келісіміне өтуді жүзеге асыру жөніндегі
жұмыс атқарылды.

1. 5. Тұрғын үй ипотекалық кредит беруді оңтайландыру жəне кеңейту

Ипотекалық кредит берудің жəне тұрғын үй жинақ ақшасының бұқара халыққа қолжетімділігін арттыру жөніндегі міндеттерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 жарлығымен Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Көрсетілген бағдарлама шеңберінде «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ (бұдан əрі - ҚИК) Қолжетімді тұрғын үйге ипотекалық кредит берудің арнайы бағдарламасын қабылдады. Осы арнайы бағдарлама мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде ҚИК-тің банктермен жəне банктік емес ұйымдармен одан əрі өзара іс-қимылдарының мəселелерін регламенттейді.

Тұтастай алғанда, ипотекалық кредиттер халыққа қолжетімдірек болды. Нəтижесінде, жеке тұлғаларға 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2006 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде тұрғын үй сатып алуға берілген қарыздар тиісінше 37, 7 млрд. теңгеден 275, 3 млрд. теңгеге дейін артты. Бұл ретте, ипотекалық

компаниялардың жиынтық несие қоржыны 2004 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша 16, 7 млрд. теңгеден 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 68, 3 млрд. теңгеге дейін артты.

Республиканың қаржы нарығында 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 7 ипотекалық ұйым жұмыс істейді. Ипотекалық ұйымдардың қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің артуы байқалды. Жиынтық активтердің сомасы 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 75, 3 млрд. теңгені құрады, жиынтық міндеттемелер 62, 0 млрд. теңгеге дейін жетті, меншікті капиталдың мөлшері 13, 3 млрд. теңгені құрады.

1. 6. Кредиттік бюроны құру

Банктік қызмет көрсету деңгейін арттыру, халықтың банкке жəне басқа да қаржы ұйымдарына деген сенімі, қарыз алушылар мен банктердің мүдделерін қорғау жөніндегі кепілдіктерді жасау, кредиттік қызметтер нарығында тəуекелдерді азайту мəселелерін шешу үшін 2004 жылы 6 шілдедегі Заңымен қабылданған «Қазақстан Республикасында кредиттік бюро жəне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес республикадағы алғашқы кредиттік бюро құрылып, жұмыс істейді. Осылайша, белгілі бір дəрежеде кредиттік қызметтер нарығының аса айқындылығы мен сенімділігі, кредит алған кезде ақпаратты жинауға байланысты кредиттік ұйымдардан қарыз алушылар шығыстарының азаюы проблемалары шешілді.

1. 7. Екінші деңгейдегі банктерде жеке тұлғалардың салымдарына міндетті кепілдік беру жүйесін дамыту

Салымшылардың мүдделерін қорғаудың деңгейін арттыру екінші деңгейдегі банктерде депозиттерге кепілдік беру жүйесінің тиімдірек жұмыс істеуі нəтижесінде мүмкін болды. Осы мақсаттарға орай үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерде депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру туралы» Заңы қабылданды, ол мəжбүрлеп таратылатын банктің салымшылары болып табылатын жеке тұлғаларға депозиттерді қайтарып беру жөніндегі сөзсіз кепілдіктерді айқындайды. Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) ұсынымдарына сəйкес кепілдік берген өтеудің ең төменгі мөлшері өсті.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы жеке тұлғаларының салымдарына ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушылар 33 екінші деңгейдегі банк болып табылады, халықтың банк секторына деген сенімі артты, мұның өзі банктердің депозит базасының ұлғаюына себепші болды, 2004 жылдың басынан бастап жеке тұлғалардың банктердегі салымдарының көлемі 73, 8%-ға ұлғайып, 2006 жылдың 1 қаңтарына 596, 8 млрд. теңгені құрады. Осы кезеңде салымдарды қорғау жүйесі депозиттерді сақтандырудың негізгі халықаралық стандарттарының барлығына дерлік, атап айтқанда ХВҚ жəне Қаржы тұрақтылығының форумы ұсынған стандарттарға сəйкес келеді.

1. 8. Сақтандыру нарығын дамыту

Елдің сақтандыру нарығын дамыту саласында сақтандырудың бірқатар міндетті түрлері енгізілді, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, мемлекеттік аннуитеттік компаниясы, экспорт-импорт кредиттерін сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорация құрылды, отандық сақтандыру нарығына шетелдің қатысу мүмкіндігі кеңейтілді.

Нəтижесінде, республиканың қаржы нарығында 2006 жылдың 1 қаңтарында 37 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, 12 сақтандыру брокері жəне 30 актуарий жұмыс істейді.

Сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 2003 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 5, 9 есе ұлғайып, 2006 жылдың 1 қаңтарына 73, 3 млрд. теңгені құрады, сақтандыру резервтері 2, 5 есе ұлғайды (32, 1 млрд. теңге) .

Сақтандыру сыйақыларының көлемі 2006 жылдың 1 қаңтарына 67, 1 млрд. теңгені құрап, 2003 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша көрсеткіштен 2, 9 есе асып түсті. Бұл ретте, міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларының көлемі 10, 8 есе (13, 0 млрд. теңге), ерікті жеке сақтандыру бойынша - 4 есе (7, 8 млрд. теңге) жəне ерікті мүліктік сақтандыру бойынша 2, 4 есе (46, 3 млрд. теңге) ұлғайды.

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйақыларының сомасы 26, 7 млрд. теңгені немесе сақтандыру сыйақыларының жалпы көлемінің 39, 7 %-ды құрады, резидент еместерге қайта сақтандыруға сақтандыру сыйақыларының жалпы көлемінің 35, 2 % берілді (2003 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша - 68, 1 %) .

2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2 698, 6 мың сақтандыру шартты қолданыста, оның 61, 0 % міндетті сақтандыру түрлері жөніндегі шарттар құрайды. Қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің жалпы көлемі (сақтандыру сомасы) 13 883, 8 млрд. теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінде 31 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істейді.

1. 9. Бағалы қағаздар нарығын дамыту

Бағалы қағаздар нарығын дамыту жəне инвестициялау мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында инвестициялаудың ұжымдық нысандары арқылы халықтың (кəсіби емес инвесторлардың) ақшасын тарту тетіктерін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1385 қаулысымен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.

Жаңа редакциядағы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы мен «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы қабылданды. Нормативтік құқықтық базаны қабылдау қаржы құралдарына инвестиция жасау мүмкіндіктерін кеңейтті, жаңа қаржы құралдары пайда болды.

Корпоративтік бағалы қағаздар нарығындағы қолданыстағы шығарылымы бар акционерлік қоғамдардың саны 2006 жылдың 1 қаңтарына 2 300 қоғамды құрады, нарықта 62 делдал-дилер, 18 тіркеуші, 11 кастодиан банк, зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын 10 ұйым, 28 инвестиция қоржынын басқарушы жұмыс істейді.

Тіркелген үлестік инвестициялық қорлардың саны 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2006 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде 2-ден 45-ке дейін ұлғайды. Бұл ретте, қарастырылып отырған кезеңдегі үлестік инвестициялық қорлардың жиынтық активтері 32 есе ұлғайып, 12 311 млн. теңгені құрады.

1. 10. Зейнетақы қызметтерінің қол жетімділігін жəне сапасын арттыру

Қазақстанның барлық халқы үшін зейнетақы қызметтерінің қол жетімділігін жəне сапасын арттыру, салымшылардың жəне алушылардың құқықтарын қорғау, зейнетақы активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының спектрін ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы əзірленді.

Бағдарламаны іске асыру кезінде мынадай нəтижелерге қол жеткізілді. 2006 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикада 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді, олардың республика өңірлерінде 77 филиалы мен 77 өкілдігі бар.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды 11 ұйым жүзеге асырады, олардың ішінде 3 жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін дербес басқаруға лицензиясы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру нарығын дамыту
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен әлемдік тәжірибені салыстыра отырып зерттеу
Көлік инфрақұрылымы
Банктік реформа және теңге жүйесі
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Шағын және орта бизнесті несиелендіру
Бюджеттік құрылымның қалыптасуы
Қазақстан Республикасында агро өндірістік кешенді дамытудың мемлекеттік құқықтық реттеу механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz