Демікпе ұстамасында және бронх демікпесінде емдеу



1. Кіріспе
2. Тақырыптың өзектілігі
3. Бронхтық демікпеде бета.агонисттердің рөлі
4. Қорытынды
5. Қолданылған әдебиеттер
Бронхтық астма – бронхтардың әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығының күшеюімен жүретін, көрінісі бронхтардың жлпылама ұстамалы обструкциясымен білінетін, тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы.
Бронхтық астма – гетерогенді, сыртқы және ішкі факторлардың қатысуымен, көбіне экология бұзылыстарының салдарынан дамитын ауру. Бұл экологияға тәуелді аурулардың бірі. Яғни бронхтық астма жиірек инфекциялық аллергендерден: бактерия, вирус, саңырауқұлақтар, инфекциялық емес: өсімдік шаң тозаңдарынан, шаңнан, өндірістік шандардан, дәрі-дәрмектер, тағам, кене және басқа да жәндіктердің аллергендерінен, әртүрлі механикалық тозаңдардан, ауа ылғалдығы, барометрлік қысым сияқты этиологиялық факторларынан туады. Осы себепті бұл науқастарды емдеуде алдымен науқас ағзасына аталған аллергендердің енуін тоқтату керек. Дегенімен медикаментозды терапия да жүргізіледі.
Медикаментозды емде қолданылатын препараттар қатарына бета-адреностимулятор тобының препараттары да кіреді.
1. Харкевич Д.А. Фармакология. 9 басылым. 2006 ж, 267-270 беттер
2. Мартынов, Мухин. Внутренние болезни. ГЭОТАР, 2004 ж, 328-356 бетер
3. Н.И.Федюкович. Фармакология для медицинских колледжей. Феникс, 2007. 127-131 беттер
4. Б.Қалимурзина. Ішкі арулар. 2005.91-112 беттер

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Орындаған:Куанбаева Р. 709гр

Жоспары:

1. Кіріспе
2. Тақырыптың өзектілігі
3. Бронхтық демікпеде бета-агонисттердің рөлі
4. Қорытынды
5. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Бронхтық астма – бронхтардың әртүрлі тітіркендіргіштерге
сезімталдығының күшеюімен жүретін, көрінісі бронхтардың жлпылама ұстамалы
обструкциясымен білінетін, тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы.
Бронхтық астма – гетерогенді, сыртқы және ішкі факторлардың
қатысуымен, көбіне экология бұзылыстарының салдарынан дамитын ауру. Бұл
экологияға тәуелді аурулардың бірі. Яғни бронхтық астма жиірек инфекциялық
аллергендерден: бактерия, вирус, саңырауқұлақтар, инфекциялық емес: өсімдік
шаң тозаңдарынан, шаңнан, өндірістік шандардан, дәрі-дәрмектер, тағам, кене
және басқа да жәндіктердің аллергендерінен, әртүрлі механикалық
тозаңдардан, ауа ылғалдығы, барометрлік қысым сияқты этиологиялық
факторларынан туады. Осы себепті бұл науқастарды емдеуде алдымен науқас
ағзасына аталған аллергендердің енуін тоқтату керек. Дегенімен
медикаментозды терапия да жүргізіледі.
Медикаментозды емде қолданылатын препараттар қатарына бета-
адреностимулятор тобының препараттары да кіреді.

Тақырыптың өзектілігі.

Демікпе ұстамасында және бронх демікпесінде емдеуде алдымен себепші
болған аллергенді немесе аллергендер тобын анықтап, науқастың олармен
жанасуын тоқтатуға, спецификалық және бейспецификалық гипосенсибилизация
жүргізуге, иммунды жүйе қалпын қайта келтіруге негізделеді. Осыған қоса
антигистаминдік препараттарды, мастоциттердің дегрануляциясын төмендететін
дәрілерді, симпатомиметиктерді, метилксантиндерді, селективті бета-
агонисттерді, М-холиноблокаторларды қолданады. Әр препараттар тобы
көрсететін өзінің әсеріне қарай ерекшеленеді. Және демікпенің әртүріне,
даму сатысына қарай арнайы топтар тағайындалады.
Бета-адренастимуляторларды, оның ішінде ұзақ әсер ететін, бронхтық
демікпенің орта дәрежелі персистеуші түрінде ингаляциялық
глюкокортикоидтармен бірге пероралді тағайындайды.
Бета-агонисттерді қанша мөлшерде, қай препараттармен жұптастырып
қолдануға болатыны және оның фармакокинетикалық және фармакодинамикалық
әсерлерін білу маңызды.

Бронхтық демікпеде бета-агонисттердің рөлі.

Бронхтық демікпе – бронхтардың әртүрлі тітіркендіргіштерге
сезімталдығының күшеюімен жүретін, көрінісі бронхтардың жлпылама ұстамалы
обструкциясымен білінетін, тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы.
Бронхтық демікпенің негізгі патологиялық өзгерісі – бронхтардың
ұстамалы тарылуы. Бұл ауруда бронхтардың тарылуының себебі болып
бронхтардың спазмы, кілегейлі қабатының ісінуі, қабырғасының
эозинофильдермен инфильтрациясы, кілегей қабатының гиперсекрециясы,
эпителийлерінің десквамациясы не бронх қабырғасының базальдік мембрананың
қабығының қалыңдауы болуы мүмкін.
Осыған байланысты бөлінетін әр себебін тудыратын өзіндік
медиаторлар бар.
Мысалы, бронхоспазм – гистаминдік Н1-рецепторлар, лейкотриендер,
анафилаксияның баяу әсерлі заттары, простагландиндер, тромбоксан а2,
брадикинин, ТАФ жатса, бронхтардың кілегейлі қабығының ісінуіне –
гистаминдік Н1-рецепторлар, С4, Д, Е4 лейкотриендері, Е простагландині,
брадикинин жатады. Базальдық мембрананың қатаюына О2, протеолиздік
ферменттер қатысса, эпителий десквамациясына О2, Н2О2, протеолиздік
ферменттер әсер етеді.
Осы себепті тағайындалатын емдік препараттар да патогенездік
тізбекке әсер етуіне негізделген. Олардың ішінде бета-агонисттер бета-
адренорецепторларға тікелей қоздырып, тез және айқын бронхолитикалық әсер
көсетеді, шырышты қабығының ісінуін тоқтатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аллергиялық емес демікпе
Бронх демікпесі. Муковисцидоз
Аллергия
Пациентті тексеру әдістері
Бронх демікпесі
Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
Ішкі аурулар пропедевтикасы
Жүректің қатты әлсіреуі туралы түсінік
Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу фазасы, басқарылмайтын саты
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер
Пәндер