Экономикалық аймақтың түсінігін әр түрлі көзқарастардан талдау және қорытындылау экономикалық аймақты ұлттық экономикалық кеңістіктің бөлігі ретінде анықтау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
1 аймақтық экономикалық дамуда болжаудың теориялық және методологиялық негіздері
- Экономикалық болжамдар - экономикалық прогностикаға негізделген экономикалық жоспарлау процессі ретінде
1. 2 Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлаудың әдістері және оны жасау тәртібі
1. 3 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
6
15
19
2 АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2. 1 Алматы облысының 2002-2010 жылдардағы экономикалық даму үрдісі
2. 2 Алматы облысының 2010-2014 жылдары даму факторлары мен талаптары
26
38
3 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Аймақ экономикасын басқару тиімділігін жетілдіру
3. 2 Алматы облысы экономиканың даму индикаторларының болжамы
3. 3 Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы
41
49
54
Аймақтың экономикалық дамуда болжау және реттеу
КІРІСПЕ
Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.
Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.
Мәселенің өзектілігі, ең алдымен Қазақстанның дамыған нарықты экономикалы елдерде экономикалық болжамдар экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы болып табылады. Қазақстан жағдайында, басқарудың барлық деңгейінде нарықтық реформалаудың жаңа кезеңіне өтуіне байланысты болашаққа қатысты ұйымды шешімдерді қабылдай алатын, ағымдағы іс-әрекеттерді стратегиялық мақсаттармен тұрақты үйлестіретін мамандардың рөлі жоғарылайды. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық -жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан өту үшін құрылымдық, салықтық-бюджеттік, ақша-несие, инвестициялық және ұйымдастыру шараларын қамтитын мемлекеттің тиімді экономикалық саясаты керек, олардың іске асуына елдің және аймақтардың экономикасында нарықтық қатынастарды басқаруды қамтамасыз ету қажет.
Жоспарлау және болжау, аймақтардың даму преспективаларын зерттеу арқылы басқарушылар іс-әрекеттің ең басты бағытына көңіл аударуға мүмкіндік жасалады, мақсаттары, стратегия және тактикасы анықталады, соңғы нәтижелермен байланыстыру камтамасыз етіледі, қолда бар әлеуеттің және ресурстардың шектелуі жағдайында мүмкіндіктерді толық, дұрыс пайдалану ойластырылды. Жоспарлау дегеніміз бұл ғылыми және іс-тәжірибенің іс-әрекеттерінің ерекше түрі, бұл іс-әрекеттер стратегиялық шешімдер әзірлеуден құралады. Олар әр түрлі болады: болжамдар жасау түрінде, бағдарламалар жобалары, жоспарлау т. б. Әлемге белгілі экономика жэне менеджмент жөніндегі әдебиеттер деректерінде "стратегия" түсінігі мақсатқа кол жеткізуді қамтамасыз ететін жан-жақты және кешенді жоспар ретінде анықталады.
Әлеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеудің негізгі құралы болып табылатын экономиканы дамытуда жоспарлау мен болжаудың мәні осыдан туындайды. Өйткені, " жоспарлаудың динамикалық процесі барлық басқару функциялары астына жиналатын қолшатыр болып табылады"
Жоспарсыз: шаруашылык жүргізу тәжірибесі елдің экономикалық даму стратегиясын жасау мен жүзеге асыру, оның орта және ұзақ мерзімдік жоспарларын дайындау объективті қажеттілік екендігіне біздердің көзімізді жеткізді. Сондықтан да ҚР Президенті Қазақстан халқына жолдауында (қазан, 1997ж) нақтылы міндеттер қойды: 1) үкіметтің жалпы экономикалық қызметі, салалық және аймақтық басқару органдарының жұмысы барысында жоспарлау мен болжауға жетекші рөл берілуі қажет; 2) бұл қызмет, ҚР Үкіметі мен халық қалаулырының күнделікті жүмысын қоса алғанда "дамудың стратегиялық жоспарын жүзеге асыру" мақсатында тәуелді болу керек; 3) мемлекеттік тәртіпті нығайту барысында "Аймақтардың дамуында болжау мен реттеудің орындалу" тәртібіне ерекше орын берілуі тиіс.
Аймақ экономикалық мазмұны рационалды, ғылыми негіздерден саясат пен стратегия әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде әрбір аймақтардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты нақты экономикалық мәселелерді шешуде дифференцияланған бағытты қолдану ерекше маңызды тек аймақтың барлық табиғи, экономикалық, демографиялық, геогрфиалық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдайларын жан - жақты қатаң есепке алу ғана экономиканың көтерілуіне қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда экономикалық аймақтардың іс-әрекетін, оларды басқару әдістерін және нысандарын, нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуін талдау еркін экономикалық аймақтарды басқару механизмдері, оның теориялық және әдістемелік негіздері жеткілікті ғылыми дәлелденбеген.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аймақтарда даму перспективаларының әдіснамасын дамытуға, нарықтық қатынастарда аймақтарда болжау тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін мәселені қозғаған ғылыми-зерттеулер жүргізілген. Дегенмен, аймақтарды дамытуға белгілі бір тақырыптар аясында ғана ғылыми жаңалықтар мен ғылыми ашылымдарды баяндайды. Мысалы, зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін аймақтар бойынша ресейлік (Э. Алтынбаев, Б. Богуславский, И. Бунегина, А. Быков, В. Караваева, Л. Вардамский, Л. Васильев және т. б. ), оның ішінде тікелей шетел инвестицияларын тарту (С. Евстратов, И. Ершова, Ю. Ершов, Ю. Нечаев және т. б. ), әлеуметтік даму (А. Барышева, К. Боулдин, Е. Мишин, Д. Уайтком және т. б. ) және экологиялық әсері жағынын (Г. Громыко, С. Нестерова, Г. Чернецкая, М. Лемешов, В. Садов, В. Соколов және т. б. ) және қазақстандық ғалымдарының (Е. М. Арын, К. Бабагулов, С. Б. Байзаков, А. Есентугелов, М. Б. Кенжегузин, А. И. Кошанов, С. С. Сатубалдин, А. П. Рау, К. Аширбаев, Б. Сапарбаев, А. Т. Жадигерова, У. Баймұратов, Б. Б. Дюйсенбаева және т. б. ) зерттеген еңбектері құрайды.
Бірақ, аймақта болжау және мемлекетік реттеуді жетілдірудің кешенді көрсеткіштер өлшемі тұрғысынан келгенде, әрбір аймақтың салыстырмалы дамуына баға берілген еңбектер аз. Бұл дипломдық жұмыстың негізгі зерттелетін мәселесі осы талап дәрежесін анықтайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Теориялық және тәжірибелік мәселелерді зерттеу негізінде аймақ дамуының ұтымды бағыттарын дәлелдеу, аймақтың әлеуметтік - экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік реттеуді тиімді жүргізу жолдарын анықтау, аймақ экономикасын дамытудың перспективалық жолдарын табу болып табылады. Мақсатқа жету үшін теориялық, әдістемелік және практикалық сипатта белгіленген келесідей міндеттерді іске асыру қажет:
- аймақты даму бағыттарын айқындаған кезне пайда болатын ұйымдастыру және экономикалық мәселелерін талдау;
- аймақтың қазіргі жағдайын талдау және оның басқару құрылымын бағалау;
- аймақты экономикалық дамытуға байланысты алғышарттар мен жобалар, бағадарламалар мен зерртеулер, толғаныстар мен талқылауларды топтастыру.
- жобалар мен бағдарламаларды, кеңестер мен мониторингтерді, қорытындылар мен Стратегияға енгізілу мүмкіндігі бар өзгерістерді жүзеге асыруда пайдалану мен аймақтың жетілдірілген басқару құрылымын әзірлеу.
Дипломдық жұмыстың пәні. Аймақты басқару барысында пайда болатын экономикалық қатынастарды зерттеу.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Әртүрлі масштабтар бойынша жасау мақсатына қарай, басқарудың аймақтық және экономикалық шарттары және даму деңгейіне қарай таңдалған Алматы облысының даму жағдайы.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Аймақтық мәселелермен айналысатын шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері, Қазақстан Республикасы Парламентінің заңдары және заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентімен және Үкіметтің Қаулылары. Диссертациялық жұмысты жазуда логикалық және экономикалық-статистикалық әдістер, сараптық бағалау және салыстырмалы талдау әдістері қолданды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының заңды және нормативті актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары және мемлекеттің даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері, министрліктер мен комитеттердің материалдары негізінде қалыптасты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДА БОЛЖАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Экономикалық болжамдар - экономикалық прогностикаға негізделген экономикалық жоспарлау процессі ретінде
Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.
Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.
Экономикалык пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдык қорлар, жұмыс күші) арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларынын өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну кұрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Экономикалык пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Капиталистік экономикалық формацияның калыптаса бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі аркылы және кризнстер аркылы қалыптасады. Оған экономиканын даму заңдары үздіксіз ыкпал етіп отырады. Тауар ендірушілер экономикалык заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда калыптаскан жағдайды ескереді. Оған кұн заңы ыкпал етеді. Сонымен, бірінен-бірі туындап отыратын, бірімен-бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі аркасында экономикада пропорциялар жүйесі қурылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандык қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.
Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.
Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык - жоспарлылык болып табылады.
Жосларлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
- қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
- жоспарлы кезең экономикасыпың сандык жәңе сапалык сиппатамаларын белгілеу;
- материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалык, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
- жекелеген салалар мен аумақтардың даму қаркыны мен пропорцияларын аныктау.
1 cурет - Жоспарлау түрлерінің жіктеуі
Жоспарлау 1 схемада көрсетілген классификацияға сәйкес жіктеледі:
Жоспарлаудың деңгейіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалык (халық шаруашылығының) ; аумақтық (облыстық, аудандық) ; ұйым ішінде (ішкі жоспарлау) ; микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау) .
Жоспарлау мерзіміне байланысты: ұзақ мерзімге жоспарлау (5 жылдан 20 жылдан арғы мерзімге) ; орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін) ; ағымдағы жоспарлау (1 айға дейін, 1 айдан 1 жылға дейін) . Жоспарлау процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму жоспары, халық шаруашылығы дамуының динамикасы) ; әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін, халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы) ; ғылыми-техникалық жоспарлау (ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы) ; экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау) .
Сонымен, жоспарлаудың негізігі мақсаттарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- мемлекеттік экономика саясатын және экономиканы мемлекеттік реттеу шараларын жасау;
- экономиканың өсу қарқынын, қажетті сапасын қамту және қолдау;
- ұлттық экономиканың циклдік тепе-теңдігін орнату және қолдау;
- барлық экономикалық шешімдердің үйлестілігін қамту;
- ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамту.
Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде жалпымемлекеттік макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және индикативті жоспарлардын маңызы зор болып отыр.
Стратегия - ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында "генерал шеберлігін" береді.
Стратегиялык жоспарлау - Үкіметтің, аумақ әкімшіліктерінің, мекеме және фирма басшыларының өндіріс сұрактары бойынша, кіріс және шығыс, бюджет. салық, баға және әлеуметтік қорғау бойынша ұзақ мерзімді жобалары.
Стратегиялық жоспарлау - ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді.
Индикативті жоспарлау - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары және индикаторлары, соны іске асыру бойынша жоспарланған мерзімге іс шаралары және мемлекеттік экономикалық реттеуіш тізімі бар құжат.
Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты - ұлттық эконоімиканың бір қалыпты дамуын, оның кұрылымдық өзгерістерін, дағдарысты жағдайлардың алдын-алу және олардың ықпалын жұмсарту, елдің экономикалық және саяси тәулсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, индикативті жоспарлау төмендегі талаптарға сай болуы шарт:
- республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;
- нарық механизмдерінің әрекеті негізінде экономиканың өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзіндік экономикалық белсенділігін пайдалануына кеңінен жағдай жасау;
- әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген және тиімділігі дәлелденген экономикалық талдау, болжау мен реттеу әдістерін пайдалану;
- аумақтық экономикалық саясаттың тиімділігін камтамасыз ету.
Жоспарлау - басқарудың маңызды жүйесі және қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу тәсілдерінің бірі. Нарықты экономикаға өту кезеңінде басқару жүйесін одан әрі дамыту және осы кезеңге тән жаңа қағидаларды басшылыққа ала отырып экономиканы жандандыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Жоспарлау - белгілі мерзімге есептелген басқару объектілерін дамытуда қолайлы альтернатива таңдауға бағытталған басқару қызметінің бір түрі. Басқару объектісінің даму қарқыны және келешекте күтілетін күйі бар жоспар - жоспарлау процесінің қорытындысы болады. Жоспарда мақсат және оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жүйесі міндетті түрде болу қажет.
Жоспарлауға келесі ерекшеліктер тән:
1. Жоспарлау алдын ала қабылданған шешім және келешекте белгілі нәтижеге жетуге бағыттылған.
2. Әр-түрлі жағдайларға байланысты жоспарға тұракты түзетулер енгізіледі, сондықтан жоспарлау жүйесі икемді және өзгерістерге бейімделуі қажет.
3. Жоспарлау процессі қате істерді болдырмауға және қолданбаған мүмкіндіктерді азайтуға бағыттылған.
Жоспарлау процесінің негізгі элементтері төменде көрсетілген.
2 сурет - Жоспарлау процесінің негізгі элементтері
Жоспарлау төмендегі принциптерге негізделінеді:
• жүйелілік;
• жинақтылық;
• үйлесімділік;
• икемділік;
• ресурс мүмкүндіктерінің шектілігі
Жүйелілік - жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында экономиканың барлык элементтерін есепке алу қажеттігін ұйғарады.
Жинақтылық - жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында, оның іске асырғанда салдарын ескеру қажеттігін ұйғарады.
Үйлесімділік - жоспарланған объекттің жұмыс істеуін және дамуының нәтижелі болуына жоспар шешімін бейімдеу.
Икемділік - жоспар шеші. мінің тұрақты болатын өзгерістерге бейімделуін ұйғарады.
Ресурс мүмкүндіктерінің шектілігі - колда бар ресурстарды ұтымды және нәтижелі пайдалану қажеттігін ұйғарады.
Экономикалык және әлеуметтік дамудың барлык жақтары, жоспар мен болжамның максаты мен талаптары, когамдык өндірістін салалары мен құрылымдарының дамуындагы сандық және сапалык өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланыскан көрсеткіштер аркылы беріледі. Көрсеткіштер жүйесі мынадай талаптарға сай болуы керек:
- Экономикалык және әлеуметтік даму процессінің заңдылықтары мен мұқтаждығын ескеруі керек.
- Болжам мен жоспардың максаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде көрсетуі шарт.
-Атаулы негізде. ягни жоспарлардағы көрсеткішті орындаушыны анық, нақты көрсетуі керек.
- Кешенді негізде, яғни ұдайы өндіріс пен әлеуметтік дамудың барлық жақтарын қамтуы қажет.
- Аймақтар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.
- Қоғамдык өндірістің жоғары тиімділігіне және істің сапасына қол жеткізуді ынталандыруы шарт.
- Жоспар көрсеткіші дегеніміз - баскару шешімінің нактылы бір тапсырмасын санмен көрсету формасы. Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сырткы белгісіне және аткарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олар: сандык және сапалық; натуралдық және құндык; абсолюттік және салыстырмалык; нормативтік (директивтік) және есептік көрсеткіштер.
Сандық корсеткіштер жоспардағы тапсырманыңсандық белгісін көрсетеді. Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер, мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақтык (сандық) көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т. б. санын көрсетеді.
Сапалық көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен процесстердің сапалық белгілерін көрсетеді (еңбек өніміділігі, өзіндік кұнның азаюы, материалдық ресурстардың шығын нормасы) .
Натуралдық көрсеткіштер ұдайы өндіріс процессінің физикалық өлшем бірліктерімен өлшенетін жақтарын көрсетеді. Мысалы, өндірілген өнім көлемі (салмағы, ұзындығы бойынша) . Кейбір экономикалық құбылыстар шартты-натуралды бірліктермен өлшенуі мүмкін.
Құндық корсеткіштер экономикалық құбылыстарды натуралдық-заттық құрамынан басқа құндық өлшеммен көрсетеді. Олардық арқасында әр түрлі салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік туады. Құндық көрсеткіштердің көмегімен экономикадағы көптеген байланыстар мен пропорциялар анықталады.
Абсолюттік көрсеткіштер өнім, еңбекақы, т. б. көлемдерін көрсетеді. Ал салысшырмалық корсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес салмағы) .
Директивтік көрсеткіштер, жоспардағы негізігі тапсырманы, жоғарғы органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді. Олардың бір түрі болып нормативтік көрсеткіштер саналады, олар басқарудың барлық деңгейіне міндетті түрде орындалуы шарт көрсеткіштер. Болжаудың негізгі мақсаты экономикалық дамудың балама бағыттарын және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын анықтау болғандықтан ол экономиканы жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Қазіргі қалыптасқан нарықтық қарым-қатынас экономиканың жоспарлау түрін жоймайды, керісінше экономикалық және әлеуметтік Дағдарыстан шығудың бір тәсілі болып жаңа құндылыққа және сапаға ие болады.
Қазіргі дүние жүзілік экономика дамуында ұйымшылдық және жоспарлылық күшею тенденциясы тән. Барлық елдерде болжау және жоспарлау тәжірибиесі кең таралғаны, осыған дәлел. Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінде жоспарлаудың мазмұны және мақсаттары өзгеруде.
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі аса маңызды және күрделісі - индпкативтік жоспарлау болып табылады.
Индикативтік жоспарлаумен қамтамасыз етудің маңызды себептеріне төмендегілер жатады:
1. Ұлттық экономика индикаторларында (бюджет, қаржы, пайыздық ставка және т. б. ) мемлекеттің ролі артуда. Макроэкономикалық балансты орнатуға және қолдауға мемлекет ынталы болып тұр және басқару субъектісі ретінде орын алуда. Сөзсіз, мұндай басқару - ұлттық экономика дамуының проблемалары және келешегі бойынша білімсіз және стратегиясіз мүмкін емес.
2. Нарықтык қарым-қатынастың қажеті жоқ немесе шектелген экономика салаларында индикативтік жоспарлауды қолдану қажет (қорғаныс жүйесінде, ғылым жіне білім саласында) . Бұл салаларда ресурс үйлестіруде нарықтық қарым қатынастан тыс тәсілдерді қолдану қажет.
3. Мемлекеттік жоспарлаудың негізгі міндеті - инфляцияны, жұмыссыздықты, бюджеттік дефицитті және т. б. жеңу.
4. Қазіргі кезде ұлттық экономиканың интеграциясы мемлекеттік немесе макроэкономикалық жоспарлаудың ролінің артуына себеп болып тұр.
5. Табиғи ресурстар азаю және экологиялық қауіпсіздік жүйесін кұру сияқты, глобальды мәселелерді шешу үшін макроэкономикалык жаспарлау қажет.
Индикативтік жоспар келесі бөлімдерден құралады:
1. Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына сараптама.
2. Жобаланған мерзімге әлеуметтік-экономикалық даму саясатының мақсаты және міндеттері.
3. Макроэкономикалық саясат
- Қаржылық-несиелік саясат;
- Салықтық-бюджеттік саясат;
4. Құрылымдылық саясат.
- Сауда саясаты;
- Бағасаясаты;
- Құнды қағаздар нарығының саясаты;
- Инвестиция саясаты.
5. Экономика секторларын дамыту
- Өнеркәсіп;
- Ауыл шаруашылығы;
- Құрылыс;
- Көлік және бапланыс;
- Қаржы саласы;
- Сауда;
- Ғылым және технологиялар.
6. Әлеуметгік даму
- Халык, жұмыспен қамту және еңбек ресурсының дамуы;
- Кедейшілікпен кұресу және халықты әлеуметтік корғау;
- Әлеуметтік-экономикалық дамуда әйелдердің қатысуы;
- Білім беру;
- Денсаулық сактау;
- Мәдениет, спорт және туризм;
7. Қоршаған ортаны қорғау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz