КЕЗ КЕЛГЕН ДІН ИМАНДЫЛЫҚҚА ҮНДЕЙДІ


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

кез келген дін имандылыққа үндейді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезінде дінаралық құндылықтарды насихаттау мақсатында елордаға жиналған дінбасыларды осында келіп жұртшылық алдында дәріс оқып тұруға шақырған болатын. Осы орайда, елімізге көптеген дін өкілдері атбасын тіреп, діни бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар мен жастардың және БАҚ өкілдерінің талай рет дәріс тыңдағандығы мәлім. Осы жолы Үндістанның Индология және дінаралық үндесуді зерттеу институтының төрағасы Шантилал Карамши Сомайя келіп, “Индуизм қағидаларының әмбебаптығы” тақырыбында дәріс оқыды.

Әділет министрлігінің Діни істер комитеті негізгі ұйытқысы болып, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында сонау үнді елінен жеткен әрі ғалым, әрі қоғам қайраткері Шантилал Карамши Сомайя дәрісін тыңдаушылар қарасы мол болды. Білім шаңырағында өткендіктің себебі шығар, тыңдаушылардың дені жастар көрінгенімен, қаламыздағы түрлі діни бірлестіктердің басшылары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, мәдени орталықтар өкілдерінің де үлкен тобы алдыңғы бірнеше қатарларға жайғасып отырды.

Алыстан келген мейман туралы жиналғандарға айтып, Қазақстанды оның ішінде, өзі басқаратын университетті де мейманға таныстырған университет ректоры Сәрсенғали Әбдіманапов Шантилал Карамши Сомайяға ЕҰУ-дың құрметті профессоры деген атақтың берілгендігін хабарлап, профессор мантиясын иығына жапты. Мұндай құрметті күтпегендігін айтып, ризашылық сезімін мантиясын шешпей тұрып дәрісін оқығандығымен танытқан мейман Үндістандағы 32 кең салалы білім беру институтын біріктіретін “Сомайя Видъявихар” компаниясын басқарушы және діндер арасындағы төзімділікті дамыту ісінде сіңірген еңбегі үшін “Кальян Митрам”, Рим Папасы Иоанн Павел ІІ қолынан “Апостолдың бата беруі”, Понтифик Институтының марапатымен және “Дінаралық үнқатысуда еңбегін тану” марапатымен бітімгершілік қасиеттері елеулі түрде бағасын алған бірегей тұлға екен.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев менің үлкен құрмет тұтатын адамым. Ол кісінің адамзат баласы үшін, діндер мен ұлттар арасындағы түсіністікті дамыту ісін шын жүрегіммен қолдаймын. Ал дәрісімді индуизмнің “Бар тіршілік иесі мені досы ретінде көрсін, мен өзім де барлық тіршілік иесінен досымды көрейін, әрбір тіршілік иесі бір-бірінен тек достарды ғана көрсін” деген әмбебап догматымен бастағым келіп отыр. Мен дін үшін деп қиянатқа баратындарды, әлдебір террорлық әрекеттер жасайтын, сөйтіп, ізгілікке бастайтын діннен өздерінің ауытқығанын білмейтіндер арамыздан табылып жүрген уақытта дінаралық үнқатысулардың маңызы өте зор екендігіне кәміл сенемін. Егер еліміздің тарихын алсақ, сонау қадым замандардың өзінде Үндістанда көп дін қатар өмір сүріпті. Тіпті күні бүгінге дейін әлемде жоғалып кеткенімен, тек Үндістанда ғана сақталып қалған дін түрлері бар. Қуғын-сүргін көрген, бас сауғалаған сондай дін де елімізден орын тепкен. Ал индуизмнің негізгі қағидаттарын мен әлемнің өзге діндерінен бөліп қарамас едім. Біздің дініміздің де ең негізгі ұстыны имандылық, ұлтаралық татулық, ізгілік, қайырымдылық, төзімділік сияқты адами қасиеттермен айшықталады. Сондықтан олардың кейбіреуіне тоқталып өтсем деймін, деген профессор алдымен ғарыштық ұғыммен үйлесетін шексіздік қағидаты, рух тазалығы хақында әңгімеледі.

Үнді халқының ту етер тұлғасы Махатма Ганди зорлық жасамаудың, бір біріне төзімділік танытудың қоғамға, жалпы адамзатқа береке әкелетініне үндеген жан болды. Өз елінің тәуелсіздігі үшін күрес жолында да осы бетінен таймаған тұлға “күнәліні емес, күнәні айыптаңдар, жек көріңдер”, деген болатын деп жан жомарттығына тоқталған мейман пендешілікпен адам баласының өзінің қажетінен артық байлық жинайтынын, ал, енді біреулердің таршылық тауқыметін татып жүретінін айта келе, жомарттықтың, рухтың тазалығына, жан тазалығына бастайтындығын атап көрсетті.

Діндер арасындағы қатынастар мен барлық діннің тек бір Жаратушыға түрлі жолмен келетіндігін алға тартып, Қазақстандағы дінаралық татулықтың, рухани үндестіктің әлемдік деңгейде үлгі болатындығына сүйсініс білдірді.

Дәрістен кейін 80-нен асса да қажымай, діннің бітімгер әлеуетін арттырып жүрген Шантилал Карамши Сомайяға алғыс айтқан ЕҰУ ректоры жастарға қарап: “Көріп отырсыздар ғой, мұндай мүмкіндік кез келген оқу орнының студентінің маңдайына бұйырып отырған жоқ, осы кездесу өмірлеріңізде адаспауға, ізгілікке ұмтылуға, еліміздің дамуында өз үлестеріңіздің толымды болуына көмектеседі деп ойлаймын”, деді.

Соңынан Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Индология және дінаралық үндесуді зерттеу институты арасында әріптестік қатынастарды дамытуға арналған меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі Алматы Экономикалық колледжі

Баяндама

Алматы 2009

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Имандылық қастерлі қасиет
Діннің жастар психологиясына әсері
Халық-педагогикасындағы-имандылық-пен-адамгершілік-тәрбиесі
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «АР ІЛІМІНІҢ» ӘЛЕУМЕТТІК-ТӘЛІМДІК МӘНІ
Көркемсөз өкілдерінің шығармаларындағы имандылық идеясы
Қазақ халқының имамдылыққа бала тәрбиелеудегі тағылым сөздері мен өнегелерінің маңызы
Мақыш қалтайұлының өмірі мен мақыштану мәселелері
Ясауи шығармасы түріктердің рухани бастауы
Ахмет Яссауй – түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл қайраткер
Ясауи фәлсафасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz