Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеудің теориялық негіздері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І . тарау
1.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеудің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2.Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеу арқылы тілін дамыту. Саусақтар ойыны арқылы тіл дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3.Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуде тілін дамытудың бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ІІ . тарау
2.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуде бала тілін дамытудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2.Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуде тілін дамытудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3.Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлегенде тілін дамытуда жүргізілетін жұмыстар...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Ел басымыздың 2010 жылдың 28-ақпан айындағы жолдауында білімге соның ішінде мектепке дейінгі мекемелерге көп көңіл болді.2020 жылға қарай білім беру жүйесінің барлық деңгейлері — мектепке дейінгі-білімнен жоғары білімге дейін,түбегейлі жаңғыртыіатын болады. Білім берудің әрбір деңгейде білім алу, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіңдіктері ұсынылады. Мемлекет барлық балаларға түратын жеріне және отбасының табысына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие және оқу мүмкіндіктерін ұсынатын болады.
Орта білім беру жүйесінде оқытудың 12 жылдық білім бруге көшуі іске асырылады, ол он жыл ішіндегі жалпыға індетті білім беруді және екі жыл ішіндегі бейінді білім беруді қарастырады. Бұл ретте оку бағдарламаларының мазмұны өмірде және мамандықта аса қажетті құзіреттілікті дамытуға бағытталатын болады.
Орта білім жүйесін жаңғыртуға ықпал ететін түпкілікті жобалардың бірі "Назарбаев.. Зияткерлік мектептер" жоспары. болады. Бүл мектептер балабақшасы мен мектеп алдында, сондай-ақ 12 жылдық білім беру бағдарламасы ісін оқу-төрбие бағдарлшаларын өзгерулер, енгізу жөне сынау жөніңдегі бастапқы алаңдар болып табылады. Осы бағдарламалар, Қазакстандық білім берудің озық үлгілерінің әлемдік педагоггық тәжірибенің озық үлгісімен үндесетін, физка-математикалық, химия-биологиялық бағыттағы пәндер бойынша бағдарлануды қарастыратын, көп тілде білім беру орташнжасауға ықпал ететіи болады. Білікгі кадрларды даярлау елді индустрияландыру жөніндегі жоспарлармен байланыстырылатын болады. шкалық,, кәсіптік жөне жоғары білім беру жүйесінде мемлекет" негізгі" жүмыс беруші ретінде білім беру стандарттарын белгілеген кеңестік жүйеден мазмұны қалыптасатын нарық біліктілік жүйесі аркылы кесіби стандарттармен ынтымақтасатын; нарық жүйесіне көшу жоспарлануда.

1. Егемен Қазақстан 12.02.2009.
2. Бәтібаева. Бастауыш мектеп. 10\2005ж.22-24б.
3. Меңдаяқова Қ. Қазақстан мектебі 11-12\2007.13-14 б
4. С.Тайшығашова. Бала тәрбиесі.9\2009. 44-45 б
5. Ж.Айтимова. Бала тәрбиесі. 11\2008.33-34б
6. Т.Қазанғапова. Қазақстан мектебі 5\2008ж. 45-47бет.
7. Наурызбаев.Ж.Ұлттық мектептін ұлы мұраты. Алматы 1995ж192бет.
8. З.Изенова. Бала тәрбиесі 36 б
9. Г.Абдуллина Қазақстан мектебі-11/2009
10. Өтебаева. Отбас және балабаша. 1\2003ж.10-12бет.
11. Қалыбеков. Бастауыш мектеп. 7\2003ж.15-46бет.
12. Отбасында баланы мектепке дайындау.Алматы. 2000ж 6-7бет.
13. Меңдаяқова. Қазақстан мектебі. 5\2009ж 60-63бет.
14. Абдулина.Қазақстан мектебі.5-6\2005ж 45-48бет.
15. Р.Шимашева.Қазастан мектебі 1/2008
16. Игілікова.Қазақстан мектебі – 2/2009

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І - тарау
1.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеудің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .6
1.2.Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеу арқылы тілін
дамыту. Саусақтар ойыны арқылы тіл дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3.Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуде тілін дамытудың
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ІІ - тарау
2.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуде бала тілін
дамытудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2.Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуде тілін дамытудың
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3.Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлегенде тілін
дамытуда жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Кіріспе
Ел басымыздың 2010 жылдың 28-ақпан айындағы жолдауында білімге соның
ішінде мектепке дейінгі мекемелерге көп көңіл болді.2020 жылға қарай білім
беру жүйесінің барлық деңгейлері — мектепке дейінгі-білімнен жоғары білімге
дейін,түбегейлі жаңғыртыіатын болады. Білім берудің әрбір деңгейде білім
алу, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты
түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіңдіктері ұсынылады. Мемлекет
барлық балаларға түратын жеріне және отбасының табысына қарамастан мектепке
дейінгі тәрбие және оқу мүмкіндіктерін ұсынатын болады.
Орта білім беру жүйесінде оқытудың 12 жылдық білім бруге көшуі іске
асырылады, ол он жыл ішіндегі жалпыға індетті білім беруді және екі жыл
ішіндегі бейінді білім беруді қарастырады. Бұл ретте оку бағдарламаларының
мазмұны өмірде және мамандықта аса қажетті құзіреттілікті дамытуға
бағытталатын болады.
Орта білім жүйесін жаңғыртуға ықпал ететін түпкілікті жобалардың бірі
"Назарбаев.. Зияткерлік мектептер" жоспары. болады. Бүл мектептер
балабақшасы мен мектеп алдында, сондай-ақ 12 жылдық білім беру бағдарламасы
ісін оқу-төрбие бағдарлшаларын өзгерулер, енгізу жөне сынау жөніңдегі
бастапқы алаңдар болып табылады. Осы бағдарламалар, Қазакстандық білім
берудің озық үлгілерінің әлемдік педагоггық тәжірибенің озық үлгісімен
үндесетін, физка-математикалық, химия-биологиялық бағыттағы пәндер бойынша
бағдарлануды қарастыратын, көп тілде білім беру орташнжасауға ықпал ететіи
болады. Білікгі кадрларды даярлау елді индустрияландыру жөніндегі
жоспарлармен байланыстырылатын болады. шкалық,, кәсіптік жөне жоғары білім
беру жүйесінде мемлекет" негізгі" жүмыс беруші ретінде білім беру
стандарттарын белгілеген кеңестік жүйеден мазмұны қалыптасатын нарық
біліктілік жүйесі аркылы кесіби стандарттармен ынтымақтасатын; нарық
жүйесіне көшу жоспарлануда.
Орта; техникалық, кэсіптік және жоғары білім электронды оқыту жүйесі
енгізілді. Жоғары оқу; орындарына корпоративтік менеджмент принцптерін
енгізе отырып, академиялық еркіндік берілетін болады
Білім беруде маңызды жобалардың бірі Астана қаласында әлемдік
деңгейдегі беделді жоғарғы оқу орны Назарбаев университтетін құру жобасын
іске асыру болып табылады. Бұл университет Қазақстанның ұлттық бренді
болады, отандық инженерлік-техникалық және ғылыми кадырларды даярлауда және
қазіргі заманғы ғылыми зерттеу инвра құрлымды қалыптастыруда сапалы
серпінді қамтамасыз етеді.
Университеттің құрамына кірген әрбір мектептің жетекші жоғарғы оқу
орындары арасынан шетелдік академиялық әріптесі және мықты ғылыми және
өндірістік базасы болады. Бұл елдің индустриялық иновациялық даму
міндеттерін шешу үшін білімді ғылымен өндірісті біріктіруді қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
Университтет бағдарламасының Назарбаев Зияткерлік мектептер жобасының
мектепке дейінгі орта білім беру оқу бағдарламасымен сабақтастырды.
Білім беру қызметінің сапасы білім беруді қаржыландыр жүйесін
қаржыландырумен жақсартумен, үкіметтік емес коммерциалық емес агенттіктерді
енгізу есебіне білім беру жүйесінің инфрақұрлымын кеңейтумен халықааралық
стандарттар бойынша оқу оындарының оқу жүйесін және тәуелсіз рейтинктердің
құрамына енуімен оқу орындарына бірлесіп басқару элементтерін ендіру оның
ішінде осы үрдісте азаматтарды қатыстырумен білім беру сапасын бақылау
тетіктерін жетілдірумен сүйемелденетін болады. [1. Егемен Қазақстан
12.02.2009] Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы
7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2001-
2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру мақсатында, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі
ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты және мемлекеттік саясаттың
ажырамас бөлігі болып табылатынын ескере отырып, Қазақстан Республикасының
мектепке дейінгі білім беру саласын жаңғырту векторы ретінде осы
Тұжырымдаманы әзірлеу қажеттігі пайда болды. Білім беру жүйесінде жеке
тұлғаны қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбие мен
білім берудің алғашқы сатысының негізі жарты ғасырлық тарихы бола тұра,
бүгінгі таңда отбасылық тәрбие мен мектепалды дайындықтың түрі ретінде
қоғам қажеттілігіне айналды. Қазіргі кезеңде әр түрлі
әлеуметтік институттар мен ата-аналар және жалпы білім беретін мекемелердің
алдындағы мақсат көптілді ортаның әсерін ескере отырып, өсіп келе жатқан
жас ұрпақтың әлеуметтенуіне лайықты, жаңа стратегиялық көзқарастардың
міндеттерін жетілдіру. Өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің мемлекеттік
тілді жетік меңгеруі оқытудың көп функциональды түрін қажет етеді. Тіл
меңгеруде жеткіншек қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен ғана танысып
қоймай, оны мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап еркін қарым-қатынас
жасауына мүмкіндік береді.Мектепке дейінгі кезең - оқытудың жоғары деңгейі,
жаңа білімдерді қабылдағыштығы, танымдық белсенділіктерінің ерекшеліктері
болып табылатын баланың сензетивті даму кезеңі болып табылады. Бала
туғаннан кейін жер бетінде бар 3000 тілдерді қабылдайтын есту мүшелері ашық
болады. Әрі қарай бұл мүшелері жабылады, өйткені бала тек өз анасы
сөйлейтін тілді ғана естиді. Ғалымдардың есептеуінше, бұл физиологиялық
ерекшеліктерді дамыту қажет, сондықтан ерте жастан бастап мақсатты түрде
бірнеше тіл үйретілуі тиіс.Неғұрлым баланың жасы кіші болса, соғұрлым ол
екінші тілді жоғары көлемде дұрыс айтылуымен оңай меңгереді. Қателіктерге
бой алдырып күлкіге қалудан сескену сияқты психологиялық кедергілерге
ұшырайтын ересектерге қарағанда сәбилер тілді жылдам меңгереді.Тұрақты
себеп-салдар, бірнеше қайталаулар, тілді меңгеруде қарапайымнан күрделіге
біртіндеп көшу, педагогтердің табандылығы мен назары, тілдік және
полимәдениеттік базисін қалыптастыруға көмектеседі. Тілді жеке және топпен
оқыту жалықтырмайтындай болуы қажет, сондай-ақ тілдік ойлау әрекеттерін
белсендіретін музыкалы-ырғақты, қозғалыс ойындары, шығармашылық тапсырмалар
енгізілуі тиіс.Қазақ тілін оқып-үйрену мен әлеуметтік-перцептивтік,
когнитивтік, тілдік және жалпы дамудағы жетістіктерге жетудің маңызды шарты
- ата-аналармен, әлеуметтік ортамен тығыз байланыс орнату. Эмоциональдық-
ерікті ортаны пайдалану мемлекеттік тілге деген қызығушылықты сақтауға
көмектеседі. Бала бойында өзге тілге деген қажеттілік, ықылас қашан және
қалай қалыптасады? Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар қарым-қатынасқа
ынталы келеді, сондықтан нақты дәлелдермен тілдік ортаға сауатты, кешенді
бағытталса, қызықтыра оқытудың жеке және топтық түрлерін пайдаланса, тіл
үйренуде тез табыстарға қол жеткізеді. Осыған байланысты білім беру жүйесін
дамыту мемлекеттік тілдік саясаты мен еліміздің аймақтарындағы
демографиялық жағдайларын ескеріп жүзеге асырылуы тиіс.

негіздері.
Қоғамдағы өте маңызды құбылысқа айналған балабақша мәселесі үкімет
тарапынан да, ғалымдар тарапынан да үнемі назарда ұсталып келеді. Соның
нәтижесінде балабақша ғылымның зерттеу нысанына айналып отыр.
1993 жылы А.Бакреденова "Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақша
сөйлеу тілін дамыту" тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. Бұл
Б.Баймұратованың диссертациясынан кейінгі балабақша мәселесі бойынша үшінші
кандидаттық диссертация. Жиырмаға жақын жылдың ішінде 3 ғана диссертацияның
қорғалуы, әрине, бұл саладағы ғылымның тез дамуын көрсете алмайды.
Алайда, Бакреденованың диссертациясынан кейін басқа да
диссертациялардың қорғала бастағаны мәселенің зерттелуте бет алғанын
аңғартады.
Бакреденованың диссертациясы екі тараудан тұрады:
1) балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың ғылыми-теориялық
негіздері;
2) қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін
қалыптастырудың әдістемесі.
Диссертацияның орыс тілді балабақшада қазақша сөйлеу мәселесіне
арналғанын атап көрсеткен дұрыс. Бұл мәселенің осы зерттеуге дейін мүлдем
зерттелмегенін айтсақ, оның маңызы зор екенін байқауға болады. Өйткені,
орыс тілді мектепке, жоғары оқу орындарындағы орыс тілді бөлім
студенттеріне қатысты көп зерттелгенімен, балабақшадағы орыс тілді бөбектер
мәтініне қатысты зерттеулер кемде-кем. Ендеше қазақша сөйлеуге үйретуді
алғаш ұсынған А.Бакреденова өте маңызды мәселені балабақшадан бастауды
айтқанын құптау керек.
2005 жылы К.Метербаева "Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың
байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5—7 жас)" тақырыбында кандидаттық
диссертация қорғады. Бұл диссертация балабақша балаларының тілін дамыту
мәселесіне арналған Б.Баймұратованың тұңғыш диссертациясынанкейінгі екінші
диссертация, екі диссертацияның арасында 30 жыл өткен. Бұл,әрине, осы
мәселенің зерттелуіне жете көңіл бөлінбей жүргенін нақты дәлелдейді. Ал
балабақша-дан бастап бала тілінің дұрыс дамытылуы баланы мектепке
дайындаудың негізгі тірегі, қазығы екені даусыз мәселе.
К.Метербаеваның диссертациясының бірінші тарауы балалардың
байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздеріне
арналған. Бұл тарауда ғалым зерттеу нысанының негізгі теориялық мәселелерін
анықтап алған. Оны ғалым мына үш мәселе негізінде шешкен.
1.Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып
сөйлеуін қалыптастырудың теориялық негіздері.
2.Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып
сөйлеуін қалыптастыру ерекшеліктері.
3.Балабақша бағдарламасы мен оқу-әдістемелік құралдардағы тіл дамыту
мәселесі. [Меңдаяқова Қ. Қазақстан мектебі 11-12\2007.13-14 бет.]
Екі тілде сөйлейтін отбасында бала тілін дамыту
Біздің көп ұлтты елімізде әр түрлі ұлттар өкілдерінің некелесуі жиі
кездеседі. Мұндай ата-ананың баласы екі тілді бірдей меңгере ала ма?
Ол тілдер өзара туыс халықтардың да тілі болуы мүмкін (мысалы, орыс,
украин), онда олардың сөз құрылысы жақын және ұқсас болады. Немесе өзара
туыстық байланысы жоқ әр түрлі тілдер болуы мүмкін (мысалы, орыс тілі мен
өзбек тілі), онда олардың сөз құрылысы тіпті әр түрлі болады. Өзара ұқсас
екі тілді үйрену бала үшін оншалықты қиынға түспейтінін, ал өзара ұқсас
емес тілдерді меңгеру едәуір қиынырақ екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Мынадай мысал келтірейік. Бір отбасында екі бала болды — бірі он
үште, екіншісі алты жасар еді. Олардың әкесі қазақ, шешесі орыс болатын.
Бұл үйдегі адамдар балаларымен қазақша да (әкесі мен шешесі), орысша да
(атасы мен әжесі) сөйлеседі. Үлкен бала қазақ мектебінде оқыды.
Көршілерінің көпшілігі орыстар болатын. Баланың екеуі де қазақша, орысша
еркін сөйлеуді үйренді.
Дегенмен, ұқсас екі тілді үйретудің өзі үнемі сәтті бола бермейді.
Қазақ пен орыс аралас отбасында балалардың осы екі тілді шатастырып,
шұбарлап, қойыртпақтап сөйлейтіні жиі кездеседі. Мұндай жағдайды болғызбау
үшін, балалардың сөз қорын байытып, тілін дамыту жөнінде ата-ана алдын-ала
келісіп алуы керек. Егер әкесі қазақ болса, кешке жұмыстан келгеннен кейін
біраз уақыт баласының тілін дамытумен айналысады. Қазақ жазушыларының
шығармаларын дауыстап оқиды, тек қазақ тілінде ғана сөйлеседі. Бұл кезде
отбасының басқа мүшелерінің де баламен орыс тілінде сөйлеспегені дұрыс.
Орыс тілі де осы әдіспен үйретілуі тиіс. Ұқсас емес тілдерде
сөйлейтін отбасындағы балалардың тілін дамыту туралы да осы әдісті қолдану
керек.
Кейбір ата-аналардың әрқайсысы өз ана тілін артық санап, баланың қай
тілді үйренуі туралы келісе алмай қалатын уақыты да болады. Бірсыпыра
отбасыларында бұл мәселе түрліше шешілген.
Әкесі орыс, шешесі қазақ бір отбасында 10 жасар қыз болатын. Бұл бала
екі тілді де еркін сөйлеуші еді. Ол уақытының көпшілігін өзімен қазақша
сөйлесетін атасы мен әжесінің қасында өткізеді. Бірақ орыс мектебінде
оқиды. Олардың көршілері — қазақтар мен орыстар. Қазақ, орыс тілдері өзара
ұқсас та, туыс та емес, бірақ баланың бұл екі тілді еркін сөйлеуі -өмір
кажеттігінен туған жағдай.
Тағы бір мысал. Әкесі кен шешесі де қазақ, демек, бұл - қазақ отбасы.
Олардың көршілерінің бәрі - орыстар. Бұл үйдегі оушы екі кыз да орыс
мектебінде оқиды. Олардың ата-аналары өзара казақша сөйлеседі де,
балаларымен орысша сөйлеседі. Бұл үйдің балалары тек орыс тілін ғана
білетіні түсінікті, оларға бұл тіл ана тіліндей болып кеткен. Ал, ана тілін
— қазақ тілін, тіпті білмейді. Мұнан кейін Өз балаларына ана тілін
үйретпегені дұрыс па? - деген сұрақ туады. Әрине, дұрыс емес. Ана тілін
білу мүмкіншілігінен айырған ата-аналар өз балаларының тіл байлығы мен ой -
өрісінің дамуына зиян тигізетінін айтпауға болмайды.
Бір қазақ ауылында неміс отбасы тұрушы еді. Осы ауылда туып өскен бүл
үйдің балалары қазақ мектебінде оқиды. Ата-аналары олармен тек қазақша ғана
сөйлеседі. Бұл балалар неміс тілін естіген емес, орыс тілін біледі. Осы
балалар ата-аналарына еріп Германияға қонаққа барғанда, олар өз туыстарымен
де, басқа балалармен де орыс тілінде сөйлесті. Орыс тілін білгендіктен
басқалармен сөйлесіп, жалпы тіл тауып кетті.
Бұл жерде мынаны айта кеткен орынды. Қай ұлт екеніне карамастан, бала
өзінің ана тілімен қатар орыс тілін де үйренгені дұрыс. Біздің елімізде
орыс тілі ұлттар арасындағы қатынас құралы.
Екі тілді үйрену баланың ақыл — ойының дамуына қалай әсер етеді? Тіл
мамандары мен психологтар әр түрлі тілдерді үйрену баланың ақыл-ойының
дамуына кедергі келтірмейтіні былай тұрсын, қайта оның ой-өрісін кеңейтеді,
тіл байлығын арттырады, қабылдау кабілетін нығайтады деп есептейді.
Грузин психологы Н. В. Имедацзе екі тілді үйренген баланың ақыл-ойы
мен тілінің дамуы туралы арнаулы зерттеу жұмысын жүргізді. Ол үшін былай
еткен. Бір грузин отбасында балаға жасынан орыс және грузин тілдерін бөлек
үйретті. Бұл тілдерді үйретуде жоғарыда атап өтілген ұстаным қолданылған,
яғни отбасының бір мүшесі екі тілдің бірін үйретумен ғана шұғылданған.
Отбасындағы басқа адамдар ол уақытта баламен тек сол тілде ғана сөйлескен.
Бала алғаш сөйлей бастағанда грузин, орыс сөздерін араластырып айтушы
еді. Екі жасқа келгеннен бастап баланың айтқан сөздерінде әр тілдін сөзі
бөлек айтылатыны анықталды. Сәби грузин сөзін тек өзімен бұрын грузинше
сөйлескен кісіге ғана қолданған, орыс сөзін қолдануда да осылай еткен. Үш
жасқа шығар кезеңінде бала екі тілді араластырмай сөйлеуге дағдыланды. Әр
тілде сөйлейтін екі кісімен бірге отырғанда ол бір ұғымды қайталап, яғни
аударып екі кісіге екі тілде айту дәрежесіне жеткен.
Сырттай қарағанда, екі тілді үйрету күрделі жұмыс болып көрінгенмен,
балаға ол ешбір қиындық келтірген жоқ.. Екі тілді қатарынан үйрену оның сөз
қоры мен тілінің тазалығына ешқандай да нұқсан келтірмеді. Мұның өзі
баланың ақыл-ойын дамытуға үлкен әсер етті.
Осыған орай айтарымыз, балаға екі тілді қатар үйретуге әбден болады,
мұның өзі сәбидің ақыл-ойы мен тілін дамытуға сөзсіз әсер
етеді.5.[С.Тайшығашова. Бала тәрбиесі.9\2009. 44-45 бет.]
Тіл мәртебесі – ұлт мерейі
Мектепке дейінгі кезең – баланың іс - әрекетінің қалыптасуы мен дамуы
қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгіл ішінде
балаларға берілетін білім мен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай
жүзеге асырылуы тиіс. Осыған орай сәбидің эмоционалдық, коммуникативтік
және интелектуалды жағынан дамуы айналадағы дүниемен табиғатпен, өз-өзімен,
басқа адамдармен т.б.өзара белсенді әрекеттік қарым-қатынаста болу арқылы
қалыптасады.
Орта ғасырлық ұлы ғұламалар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари,
АЯссауи, А.Иүгінеки т.б.еңбектеріндегі бала тәрбиесі туралы айтылған ой-
пікірлерінде адам баласы - жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының шоқтығы,
сондықтанда оны құрметтеу, мәпелеу, аялау қажет екендігі дәлелденген.
Мәселен, Әл-Фарабидің ғылыми ой – түйіні: жеке тұлғаның қалыпасуы білім,
мейірбандық, сұлулық қасиеттердің бірлігінде деп тұжырымдаса, Ж.Баласағұн
бала тәрбиесін бесіктен бастау қажет екендігін баса айтады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени даму тұжырымдамасында:
"Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметік мәдени даму жолы дегеніміз - ең алдымен
адамзат қазыналарына -баса назар аударту, халықтың прогресшіл дәстүрлері
мен әдет-ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге,
халықтардың рухани байлықтарына қайта оралу, мәдениеттің барлық салаларында
ұлттық мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау - деп атап
көрсетілген.
Қазақ елінде психология, педагогика, тіл тағылымы сияқты тұңғыш,
ғылыми оқулықтар жасаған А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов,
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шолаев, Х.Досмұханбетов тағы басқа да
халқымыздың ойшыл - ағартушыларының пікірлерінің болашақ ұрпақшты тәрбиелеу
және білім беру ісіне айрықша мол үлес қосқаны да мәлім. Қайта оралып
соққсақ Әл-Фарабидің философиялық еңбектерін ғылыми зерде сүзгісінен
өткізгенде, оның педагогика тарихында орын алатын ұлы тұлғалардың бірі
екендігіне көзіміз жете түседі. Ал И.Г.Песголоции, А. Дистерверг,
В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.АДобролюбов, К.Д. Ушинский, М.А.Горький
т. б. Озық ойлы ағартушылар да өз еңбектерінде осындай ұнды ойларын
қалдырған. Әл-Фараби жасаған қортындының басты түйіні: білім, мейірбандық,
сұлулық – үшеуінің бірлігінде,ол ақыл-ойдың еңбектің және білімнің биік
мәнін дәріптейді.
Ал Ахмет Иүгінекидің (XII ғ.) шығармаларында, әсіресе, "Ақиқат сыйы"
дастанында гуманистік ой-пікірлермен қатар ең басты нәрсе деп,оқу мен білім
мәселелеріне көңіл қояды. Адамгершілік, этикалық, әдептілік ілімдері де
мағыналы, мазмұнды, әділ сөйлей білуге,сыр сақтай білуге, әдептің басы тіл
- тілге сақ болу керектігіне баса көңіл бөліп, маңызды ақыл-өсиеттер
айтады.
Не келсе де тілден келер бір басқа,
Содан - жақсы,жаман атақ бір басқа.
Тыңдаушы адам ерте тұрып күн сайын,
Осы тілге табынбайды құр босқа
- деген жолдары бүгінгі күнмен ұштасып жатқан, тәлім-тәбиелік мәні зор,
адамның жан дүниесін түсінуге, танып білуге шақыратын толғаулар деп
санаймыз.[6.З.Д.Еденбаева.5бет.]

дамыту. Саусақтар ойыны арқылы тіл дамыту
Баланың тілінің мезгілімен дамуына көп көңіл бөлу қажет.Қолдың ұсақ
бұлшық еттерінің дамуымен тілдін, дамуының байланыстығы айқын.Саусақ
жаттығуларының серпінді орындалуы артикуляциялық мүшелері қозғалу-ының
жетілуін дайындайды. Бірінші баланың қол қимылы дамиды, сосын сөз
буындарының артикуляциясы дамиды.Тілдің дамуы саусақтардың жақсы дамуымен,
жаттыққандығымен байланысты. Сондықтан да, балалармен саусақ ойындарын
өткізуге көңіл бөлу қажет.
Саусақ ойындары мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүниетанымын
кеңейтіп, сөз қорына жаңа сөздер енгізіп, ойын өрістетіп, баланың тілін
ұстартып, жүйелі сөйлей білуге баулиды, тіл байлығын жетілдіру ісіне
көмектеседі. Баланың есте сақтау қабілетін және шығармашылық ойын дамытады.
Қолдың ұсақ моторикасын жетілдіруге ықпал етеді. Өлең жинақтарының
тәрбиелік маңызы бар. Шығармалар баланы достыққа, айналасындағыларға
адамгершілікпен, мейірімділікпен, бауырмалдықпен қарауға үйретеді.
Ұсынылған саусақ ойындарының жинағы мектепке дейінгі жастағы
балаларға арналған. Оларды сабақ кезінде, ойын әрекеті кезінде, баланың
күнделікті өмірінде пайдалануға болады.
Саусақ ойындары әр тақырыпқа жазылған. Саусақтармен орындайтын
қимылдардың түсініктемесі берілген.
Саусақ ойындары балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып
құрастырылған. Өлең сөздері жеңіл қабылданады, жаттауға жеңіл. Саусақ
ойындарын тәрбиешілер, дефектологтар, ата-аналар да қолдана алады.
Еріншектер
Тық-тақ, тық-тақ,
Тұр орныңнан, бас бармақ,
Балаң үйрек, сен де тұр,
Ортан терек, сен де тұр.
Шылдыр-шүмек, сен де тұр,
Титтей бөбек, қане, тұр.
Саусақтарым, ал, жүгір.
(Үстел үстінде жасалатын жаттығу. Саусақтар үстел үстінде жатады.
Айтылатын сөзге байланысты, саусақтарды кезек-кезек көтеріп, үстел үстінде
жүгіртеміз).
Туған күн
Туған күнге, туған күнге
Қонақтарды шақырдым,
Мерекенің құрметіне
Бес майшамды мен жақтым.
Күшті салып, үрлеп едім
Біреуін әрең сөндірдім.
Дем шығарып, үрлеп қалдым -
Екіншісін сөндірдім.
Ортанғысын сөндірдім мен,
Кішісін де сөндірдім.
Кезек-кезек, кезек-кезек,
Шамдарды мен сөндірдім.
Шамның бәрі сөніп қалды,
Міне, мен беске келдім.7.[Ж.Айтимова. Бала тәрбиесі. 11\2008.33-
34бет.]
Бала тілін көрнекілік арқылы дамыту
Мектептегі оқыту іс-әрекетін жүзеге асыру — әрбір пән мұғалімінің ең
негізгі мәселесі. Оқыту әдісін жүйелі әрі нақты іске асыруда дидактикалық
материалдардың алатын орны ерекше.
Оқытудың көрнекілік ұстанымын негізге ала отырып жұмыс жүргізу
бастауыш сынып мүғалімдері үшін тиімді екендігіне көзіміз жеткен.
Белгілі ғалым К.Ушинский оқытудың көрнекілік ұстанымы жөнінде
Көрнекі оқытудағы басты мақсат оқушыны байқағыштыққа, оймен топшы-
жаттықтыру және өзінің байқағандарын сөзбен айтып беруге, сондай-ақ
логикалық қорытынды шығаруға үйрету болып табылады дейді. Ендеше
оқытушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп дамытатын –
көрнекіліктер.
Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс
бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап,
құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік
мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап,
сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді
пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген. "Қазақ
жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай көзімен көріп ажырата
білулері керек " деп тұжырымдайды ағартушы ұстаз.
Сан алуан көрнекіліктер түрлері педагогика ғылымында жүйеленіп,
топтастырылған: нақтылы, табиғи көрнекіліктер, символикалық, графикалык,
салыстырмалы көрнекіліктер.
Мектептегі оқыту ісі сабақ мазмұнына байланысты алуан түрлі әдіс-
тәсілдерді кеңінен қолдануды қажет ететіні мәлім. Сондай әдістердін ең
ұтымдыларының бірі — оқушылардың байқау-көру қабілетін дамыту үшін сабақта
қолданылатын көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану. Бұл негізінен
мұғалімдердің ізденісіне, әдістемелік жаңалықтарды іске асыра білуіне
байланысты болып келеді. Мысалы, бастауыш сыныптарда көрнекі құрал ретінде
заттың өзін пайдаланған тиімді. Бұл оқушылардың қабылдауына жеңіл болып,
олардың сабаққа деген белсенділігін арттырады. Бастауыш сыныптарда
оқушыларға ғылым негіздерінен алғашқы мағлұматтар берілуі, бағдарламада
көрсетілген оқу материалдары бойынша пайдаланылатын көрнекіліктер
оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне, сәйкес болуы қажет.
Сабақта оқушылар өздеріне берілетін білімді қабылдау белсенділігін
арттырумен бірге, ойын да (салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау,
жүйелеу) жетілдіруі, яғни қабылдау мен ойлаудың себеп-салдарлық байланысы
қатар дамиды. Сондықтан бастауыш сыныптардағы негізгі мақсат — оқушыларға
бағдарламалық оқу материал-дарын сапалы, жүйелі меңгерте отырып оларды
ғылыми негіздерімен қаруландыру. Сондай-ақ оқушылардың қоғамдық өмір
жөніндегі ғылыми көзқарасын қалыптастырудың, өздігінен еңбек ете білуге
үйретудің, алған білімін тәжірибемен ұштастыра білу дағдыларын
жетілдірудің, пәнаралық байланыс жүйесін сақтаудың мәні өте зор. Мәселен,
оқу материалының тақырыбына сәйкес мұғалімнің көмегімен оқушылардың өздері
дайындаған көрнекі құралдарды сабақ үстінде пайдалануы олардың танымдық
қабілетін арттыратынын дәледдеудің қажеті жоқ. Бұл бағытта, әсіресе, қазақ
тілі сабағы үлкен рөл атқарады.
Еңбекке баулу сабағында басқа оқу пәндері, әсіресе, айналамен
таныстыру, қазақ тілі, математика пәндері үшін қажетті қарапайым
көрнекіліктер мен практикалық материалдар дайындау пәнаралық байланысты
тереңдетіп, берілетін білімнің жүйелі, тиянақты болуына септігін тигізеді.
Мысалы. 1-ші сыныптағы еңбекке баулу сабағында "Қағазбен жұмыс" тақырыбында
оқушыларға мынадай мағлұмат беру керек:
— қағаздың материалдық сапасы: иіледі, бүктеледі, оны бояуға, қиюға,
оған жазуға, сызуға болады;
— қағазды өлшеп қию арқылы геометриялық фигуралар жасатып, оларды
қазақ тілі сабағында көрнекілік ретінде пайдалануға болады.
Бастауыш сыныптарда пайдаланылатын көрнекі құралдар олардың та-зымдық
қабілетін арттырып, сөздік қорын молайтады. Әрине, бұл мәселеде әр
мұғалімнің өзіне тән әдістемелік әдіс-тәсілдері мен мүмкіндіктері бар
екенін ескермеуге болмайды.
Қоғамдық өмірдің қай саласында болсын айрықша жаңарулар жүріп жатқан
қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік рөлі бұрынғыдан
да өсе түсуде. Қайта құрудың басты тұтқасы - адам, ал оның белсенді өмірлік
айқындамасын қалыптастыру мектептен басталады.8.[Т.Қазанғапова. Қазақстан
мектебі 5\2008ж. 45-47бет.]

бағыттары
Тіл қуатын арттыру, тіл мәдениетін көтеру
Әдетте, Тіл — сарқымас қазына дегенді жиі айтамыз. Оған дау жоқ.
Сонымен бірге ол — жанды құбылыс. Ол — халықпен бірге дамып, елдің
күнделікті қарым-қатынас ісінде, қызметтік қажеттілігіне орай жаңа сапа
иеленіп, толығып, байып отырмақ. Мемлекеттік дәрежеге көтерілген тілдің де
даму бағдары осы деңгейде жүзеге асуы тиіс.
Тілді дамытуға, оның мәдениетін көтеруге, тіпті, жазу-сызуы
қалыптаспаған тайпалар да аса мән берген екен. Мысалы, Бразилия
үндістерінде тіл тазалығы үшін күресетін арнайы белгіленген адамдар болған
көрінеді. Сондықтан да тайпа мүшелері әңгіме кезінде қолданыстан шығып,
ұмытыла бастаған сөздерді пайдалануға ұмтылады екен. Тілші де өз
әңгімесінде тайпаластарының есіне ұмытуға болмайтын сөздерді салып отыруға
тырысатын болған.
Жапонияда соғыстан кейінгі жылдары жапон тілінің нормаларын
қалыптастыру аса маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралып, 1948 жылы
жапон тілінің мемлекеттік институты құрылған екен. Қоғамдағы газет, радио,
теледидардың рөлінің артуына байланысты радио мен теледидар хабарлары
мәдениетінің институты ашылған. Бұл институттардың ЭЕМ кешені, жылдам
басатын баспа құралдары бар. Жапон тілінің машиналық қоры жасалған. Соңғы
аталған институттың жұмысына бір мысал келтіре кетейік. Институт 1300
деревня тұрғындарын таңдап алып, оларға бірқатар телехабарлар көрсетіп
қолданылған сөздердің оларға қаншалықты түсінікті болғанып зерттеген,
соңынан телехабарлар лексикасына өзгерістер енгізілген. Бұл институт тоқсан
сайын мәжіліс өткізін, талдау жасап, ұсыныс беріп отырады. Ал бізде
мемлекеттік терминком бекіткен атаулар да газет, радио, теледидарда әртүрлі
қолдануда. Оқулықтардағы терминология жайын ауызға алу да қиын.
Тарих тағылымына қарағанда ұлттық тіл, оның қалыптасуы мен дамуы үшін
күрес көп жағдайда, ұлттық тәуелсіздік үшін күрестің формасына айналған.
Мысалға, атақты Гельск лигасы деген атпен белгілі қозғалыс дәл осындай
негізде пайда болған. 1893 жылы контегел ирланд жазушылары мен ғалымдары
бірлесіп ирлаидықтарға күшпеп танылған ағылшын тілі мен ағылшыш мәдениетіне
ұлтық тіл мен мәдениетті көтеруді қолға алған.Қазірдің өзінде де ана тілін
ирландықтардың 2 проценті ғана білетініне қарамай, бұл тіл мемлекеттік тіл
дәрежесіне ие. Жоғарыда атаған қозғалыс болмаса, тілдің мүлдем жойылып
кетуі де мүмкін екен.
Мұндай күрестің нышанын, орталық езгісінен босанған, тәуелсіздік
алған елдердің қай-қайсысының да тарихынан байқаймыз. Көптеген елдер
тәжірибесіне қарағанда тіл теңдігі үшін тартыстың, ана тілін ресіми тілге
айналдыру үшін күрестің алғашқы кезеңінде ұлттың зиялылар арасында бұл іске
бел шешіп кіріспейтіндердің көп болатыны байқалады. Өйткені жас тәуелсіз
елдің аяғынан қаз тұру кезінде әкімшілік пен экономиканың белді тұтқаларын
бұрынғы үстем тілді жетік білетін тұрғылықты халықтың өкілдері ұстайды және
олардың тіл тағдыры үшін қабырғасы онша қайыса қоймайды. Сондықтан тіл үшін
күрестің негізгі қозғаушы күші әрқашан бұқара халық болады. Мысалы үшін
Бельгияданидерланд (фламанд) тілінің ресми тіл болуы үшін күресті шаруалар
мен жұмысшылар бастаған, ал мемлекеттік кеңселерде отырған, өз балаларын
француз тілінде оқытатын жергілікті ақ-сүйектер бұл іске араласпаған.
Мұның кейбір нышандары біздің бүгінгі өмірімізде де байқалатыны
жасырын емес. Бірақ бұл кезеңнен өтіп, тіл тағдырын мемлекет қамқорлығына
тапсырып отырмыз. Ендігі мәселе де осы тұрғыдан өрбуі тиіс. Бұл орайда
тілдің ішкі мүмкіншілігін пайдалана отырып оны бүгінгі әлемдегі ең бай
тілдермен тең тұратындай дәрежеге көтеру басты міндет.
Әңгіме ең алдымен қазақ тілін іс-қағаздарын жүргізу тілі ретінде
қалыптастыруда болып отыр. Әзірше орысша бір тексті он қазақ он түрлі
тәржімалап жүргені кімге болса да жасырын емес, бұл түсінікті де. Бұл қазақ
тілін кеңсе, іс жүргізу, қарым-қатынас тілі етпеуге тырысқан бұрынғы
орталықтың ресми саясатының зардабы. Осы бір түйінді шешуге ғалымдарымыз
бас болып бүкіл ел бел шешіп кірісуіміз қажет-ақ.
Басты жұмыстың бірі — тілдің қолдану аясын кеңейту. Бұл тұста бізге
бәрінен бұрын лингвистикалық зерттеулер ауадай қажет. Елде әлеуметтік-
лингвистикалық халық санағын өткізетін де кез келді. Тілдің қолданылу
шеңберімен қоса, тіпті әрбір сөздің, грамматикалық формалары мен
конструкциялардың, емлелер мен жазу белгілерінің қолданылу аясына дейін
баылап, есепке алып отыратын орталық ұйымдастыру қажет екендігін өмірдің
өзі көрсетіп отыр.9.[Наурызбаев.Ж.Ұлттық мектептін ұлы мұраты. Алматы
1995ж192бет.].
2.1. Mектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуде бала тілін
дамытудың жолдары.
Тіл дамыту сабағы үшін түрлі бағытта жүргізіледі.
1.Білімділік: Баланың тіл байлығын жетілдіру,ертегі мазмұнын түсіндіру
арқылы үй жануарларының қалай дыбысталатынын оның атын ажыратып айта білуге
үйрету.
2.Дамытушылық: Балаларды ертегі кейіпкерлері әр түрлі іс-әрекғт үстінде
көріну өзгешелігіне қызыға назар аударуға дағдылану. Баланың ойлау,
қабылдау,таным, көру, есту қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Балаларды татулыққа бірлікке, достыққа үйрету. Ақыл-ой
адамгершілі, имандылық тәрбиесін қалыптастыру мақсаты
көзделеді.[10.З.Изенова.Бала тәрбиесі 36 б]
Тіл дамытудағы эстетикалық тәрбиенің маңызы
Эстетика үғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс
философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканың тіліндегі
"айстетикос" сөзінен құрастырып шықты. Этимиологиялық түрінен алғанда
"айстетикос" - сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие.
А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін келетіндікті әсемдікті білген,
әсемдіктің бірден-бір көрініс табатын саласы - өнер деп таныстырды. Неміс
философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс таба зерттейтін ілім
деген анықтама берген.
Эстетика - сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін филосо-
фияның бір саласы болса, эстетикалық тәрбие көбінесе адамның санасын
тәрбиелеу арқылы санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруде
дейді. Жүріс-тұрыс, адамдар арасындағы қарым-қатынас талаптарын сезіну оның
эстетикалық жағын қамтиды. Этика мен эстетика іс-әрекет жүріс-тұрыс, мінез-
құлық көріністері арқылы бірі-бірімен байланысып жатады. Әр нәрсенің
мөлшері мен өлшемін білу эстетикалық жақтан сезіну арққасында келеді.
Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі - сезім әлеміне әсер ету, дамыту,
қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы білім беру парадигмасы өзгеріп отырған кезеңде
эстетикалық тәрбие арқылы балалардың тілін дамыту маңызды орын алады. Бұл
мәселе пәнаралық байланыстың, соның ішінде балабақшада, мектепте
жүргізілетін тіл дамыту сабақтарымен тығыз байланысты. Тіл дамыту
жұмыстарын жүргізу ауызекі сөйлеу тілі және сауатты да көркем жаза білу
дағдыларды жетілдіруді қамтамасыз ететін тәсілі болып табылады. Берілетін
білім мен оның эстетикалық талғамға сай жетілдіру - тіл дамыту мәселесінің
өзегі.
Тіл дамыту - оқыту, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты
мәселесі. Ол арқылы жас ұрпақты тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен
сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетте
сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады. Тіл - бүкіл тіршіліктің алтын
қазығы. Ғылымның, білімнің қай саласы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz