Табиғаттың адам өміріне маңызы



1. Табиғаттың адам өміріне маңызы
2. Адам . табиғаттың ажырамас бөлігі
3. Біз жас ұрпақ . табиғат қорғаны
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.
Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.

Табиғаттың адам өміріне маңызы
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар -- осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда Жер-Ана деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. Жер шоқтығы - Көкшетау, Жер жаннаты - Жетісу деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
Су ішкен құдығыңа түкірме
Бұлақ көрсең, көзін аш
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.
Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.
Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.
Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.
Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.
Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды.
Күннің тұтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.
Ал табиғатпен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда
Таза болса табиғат - аман болар адамзат
Табиғат , сен - тіршілік, тұнып тұрған,
Сен - күнсің, көтерілген күліп қырдан,
Сен - көлсің,
Сен - ормансың,
Сен - бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған, -
деп ақын жырлағандай табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат - ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да қадірлі жаны анасы болса, адамның табиғаты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр, Адам - табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өзіне керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
Өкінішке орай, қазіргі таңда табиғатқа көңіл бөлінбей, жанашырлық танытылмай отырған жайы бар. Бүгінгі күн бүкіл адам баласын ойландырып отырған үлкен экологиялық мәселелер бар. Дүниежүзінде туындап отырған ірі экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз елімізде шешуін таппай отырған экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Семей полигоны мен Арал теңізінің құрғап кету мәселесін былай қойғанда, күнделікті ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас буынға экологиялық бағыттағы тәрбие берудің маңызы
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға тәрбилеу маңызды міндет
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы түсінігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
Дүниеге қөзқарас және онын типтері.Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру
Экология тәрбие берудің жолдары
XXI ҒАСЫР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбиенің маңызы
Пәндер