Компьютер құрылғылары



1. Микропроцессор.
2. Ішкі жад.
3. Сыртқы жад.
4. Жүйелік шина.
5. Сыртқы құрылғылар.
6. Өңдеу принциптері.
Бұл ДК-нің орталық блогы, ол машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және ақпаратпен арифметикалық және логикалық операциялар орындауға арналған.
Микропроцессор немесе әдетте, оны процессор деп атайды, компьютердің миы болып табылады, процессордың негізгі бөліктері – арифметикалық-логикалық құрылғы, басқару блогы, жад регистрлері.
Арифметикалық-логикалық құрылғыда сандық және символдық ақпараттармен арифметикалық және логикалық операциялар орындалады.
Басқару құрылғысы компьютердің барлық құрауыштарының жұмысын үйлестіреді, яғни белгілі бір басқару сигналдарын қалыптастырып, қажетті уақыт кезеңдерінде оларды жіберіп тұрады, операцияларды орындау үшін жад ұяшықтарының адрестерін пішімдейді де, бұл адрестерді ЭЕМ-нің сәйкес блоктарына жібереді.
Процессордың сипаттамасын тактілігі жиілігі мен разрядтылығы айқындайды.
Жұмыс барысында процессор нақты бөлінген уақыт бірлігінде, яғни бір уақыт аралығында – тактте белгілі операцияларды орындайды. Бір тактіге неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілік жиілігі жоғары болса, ақпаратты өңдеу соғұрлым жылдам болатыны анық.
Процессордың тактілік жиілігі мегагерцпен өлшенеді. 1МГц тактілік жиілік процессордың секундіна бір миллион қарапайым операция орындауына парапа (эквивалентті). Pentium процессорларының тактілік жиілігі қазір 600 МГц дейінге жетеді.
Процессордың өңдеу кезінде оған келіп түскен деректерді сақтауға арналған өзінің ішкі жад ұяшықтары болады. Олар жад регистрлері деп аталады. Процессордың жад регистрлерінде бір байтты, екі байттық немесе сегіз байттық деректер орналасуы мүмкін. Бұл бір байттық регистрі бар процессор немесе оны тағы сегізразрядты процессор деп атайды, бір тактіде бір байттық деректі өңдей алатынын білдіреді. Процессордың разряды неғұрлым үлкен болса, компьютер бір тактіде соғұрлым көп ақпарат өңдей алады. Регистрлер машинаның жоғары шапшаңдығын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Микропроцессор.
Бұл ДК-нің орталық блогы, ол машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға
және ақпаратпен арифметикалық және логикалық операциялар орындауға
арналған.
Микропроцессор немесе әдетте, оны процессор деп атайды, компьютердің
миы болып табылады, процессордың негізгі бөліктері – арифметикалық-
логикалық құрылғы, басқару блогы, жад регистрлері.
Арифметикалық-логикалық құрылғыда сандық және символдық ақпараттармен
арифметикалық және логикалық операциялар орындалады.
Басқару құрылғысы компьютердің барлық құрауыштарының жұмысын
үйлестіреді, яғни белгілі бір басқару сигналдарын қалыптастырып, қажетті
уақыт кезеңдерінде оларды жіберіп тұрады, операцияларды орындау үшін жад
ұяшықтарының адрестерін пішімдейді де, бұл адрестерді ЭЕМ-нің сәйкес
блоктарына жібереді.
Процессордың сипаттамасын тактілігі жиілігі мен разрядтылығы
айқындайды.
Жұмыс барысында процессор нақты бөлінген уақыт бірлігінде, яғни бір
уақыт аралығында – тактте белгілі операцияларды орындайды. Бір тактіге
неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілік жиілігі жоғары болса,
ақпаратты өңдеу соғұрлым жылдам болатыны анық.
Процессордың тактілік жиілігі мегагерцпен өлшенеді. 1МГц тактілік жиілік
процессордың секундіна бір миллион қарапайым операция орындауына парапа
(эквивалентті). Pentium процессорларының тактілік жиілігі қазір 600 МГц
дейінге жетеді. 
Процессордың өңдеу кезінде оған келіп түскен деректерді сақтауға
арналған өзінің ішкі жад ұяшықтары болады. Олар жад регистрлері деп
аталады. Процессордың жад регистрлерінде бір байтты, екі байттық немесе
сегіз байттық деректер орналасуы мүмкін. Бұл бір байттық регистрі бар
процессор немесе оны тағы сегізразрядты процессор деп атайды, бір тактіде
бір байттық деректі өңдей алатынын білдіреді. Процессордың разряды неғұрлым
үлкен болса, компьютер бір тактіде соғұрлым көп ақпарат өңдей алады.
Регистрлер машинаның жоғары шапшаңдығын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Ішкі жад.
Компьютердің ішкі жады негіз болып табылады, өйткені процессор тек
сонымен ғана тікелей жұмыс істейді. Процессорды ақпаратпен қаматамсыз етіп,
үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, оны жедел жад деп те атайды.
Ішкі жадта еске сақтайтын (жадтайтын) құрылғының екі түрі бар: тұрақты
жадтайтын құрылғы (ТЖҚ) және жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ).
ТЖҚ тұрақты программалық және анықтамалық ақпаратты сақтау үшін
қолданылады. 
ЖЖҚ ақпаратты (программалар мен деректерді) уақытша жазуға, сақтауға
және есебін алуға арналған. Компьютерді өшіргенде жедел жадтағының
ішіндегісі де өшеді.
Компьютердің ішкі жады реттелген электрондық элменттердің жиынтығынан
тұрады. Әрбір элемент екі тұрақты қалыптың бірінде ғана бола алады. Яғни,
ол екілік разряд болып табылады немесе басқаша айтқанда бір бит ақпарат
сақтай алады.
Компьютердің ішкі жадының әр байтының өз нөмірі болады. 
Байттар жағдайларға байланысты екіден, төрттен, сегізден бірігіп, ұяшықтар
деп аталатын жад участкелерін құруы мүмкін. Мұнда кіргізілген байттардың
біріншісінің нөмірі ұяшықтың да нөмірі болады. Мысалы, егер ұяшық 3, 4, 5
нөмірлі байттардан құрылған болса, онда ұяшықтың нөмірі 3 болады. Ұяшықтың
нөмірі ұяшықтың адресі деп аталады.

Сыртқы жад.
Сыртқы жад ДК-нің сыртқы құрылғыларына жатады және қашан болса да,
қандай болса да міндеттерді шешуге қажет болуы мүмкін кез келген ақпаратты
ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады.
Сыртқы жад есте сақтайтын құрылғылардың әр алуан түрлерінен тұрады,
бірақ неғұрлым кең тараған, негізінде кез келген компьютерде болатын
түрлері – қатқыл (ҚМДЖ немесе НДД) және иілгіш (ИМДЖ) магниттік дискілерде,
магниттік таспаларда (стримерлер), оптикалық дискілерде (CD-ROM – Compact
Disc Read Onli Memory – тек оқитын ғана жады бар компакт-диск) және
магнитті-оптикалық дискілерді жинақтауыштар болып табылады.
Бұл жинақтауыштардың қызметі – ақпараттың үлкен көлемін сақтау,
сақтаулы ақпаратты сұрау бойынша жедел жадтайтын құрылғыға жазу және басып
шығарып беру. 
Ішкі жадта деректер мен программалар байттар менесе байттар тобы
түрінде ұяшықтарда орналасады.
Сыртқы жад құрылғысында сақталатын ақпарат көлемі үлкен болғандықтан,
байттық әдіс қолайсыз. Біріншіден, көлемі тым үлкен. Екіншіден,
пайдаланушылар үшін қиындық тудыратындығында. Процессормен жұмыс істейтін
ішкі жадтан айырмашылығы – адамның сыртқы жад құрылғысымен тікелей жұмыс
істеуіне тура келеді. 
Бұл проблемаларды шешу үшін сақтау құрылғыларының түріне, тасушының типіне,
оның көлеміне, жазу және есепке алу жылдамдығына қатыссыз ақпарат сақтаудың
арнайы пішіні ойлап табылды. Ақпарат тасушыға аты бар белгілі үлестер
түрінде жазылады. Мұндай құрылым файлдық, ал үлестер файлдар деп аталады.
Файлдарды орналастырудың үш варианты мүмкін: бірдеңгейлік, көпдеңгейлік
және кестелік.
Бірдеңгейлік схема жағдайында файлдар бірінен кейін бірі сызықты
орналасады. Файлдарды іздеу, аты бойынша барлық файлдарды ретімен қарап
шығу арқылы жүргізіледі.
Кестелік сақтау жағдайында жолдар мен бағндар нөмірлері олардың
қиылысқан жеріндегі файлдың координаттары болып табылады.
Көпдеңгейлік жүйеде файлды іздеу толық аты деп аталатын файлдардың аты
бойынша жүргізіледі.

Жүйелік шина.
Процессор мен жадты ақпараттық кеңарна немесе ішінде басқа шиналар:
деректер беру кеңарнасы мен адрес беру кеңарнасы бар шина жалғастырады.
Олардың әрқайсысы сегіз, он алты немесе отых екі сымнан тұратын жинақ болып
табылады. Бұған байланысты оларды: сегіз, он ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эем архитектурасы
Компьютерлік техниканың дамуы және компьютер архитектурасы
Компьютерлік жүйелер және оны пайдалану
Микропроцессор. Дербес компьютер
Дербес компьютердің архитектурасы жайлы
Компьютердің аппараттық құралдары
Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
Компьютердің құрылысы туралы
Компьютер құрылысы жайлы
Пәндер