Экологиялық факторлар, факторлардың организмге әсері



Жоспар

1. Экологиялық факторлар
2. Факторлардың организмге әсері
3. Организмдердің негізгі тіршілік орталары
4. Экологиялық жүйелердің негізгі типтері
5. Дрейф теориясы
Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп - тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.
Экологиялық факторлар дегеніміз - организм үшін кажет немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция жауап береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.
Шөл-шөлейтті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғарғы температура, ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бұл қолайсыз ортаның факторлары болып табылады. Міне осы жағдайлар мен факторлар оларға организмдердің бейімделуі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың жемісі деп білеміз. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан географиялық белдемдері айқындалады.
Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропикалық.
Абиотикалық факторлар дегеніміз - организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар - химиялық (атмосфераның химиялық құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер т.б.) және физикалық (температура, қысым, ылғал, жел, радиация т.б.) деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялык және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, космостық сәулелер, т.б. факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді.
Биотикалық факторлар дегеніміз - тірі организмдердің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестср жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір-бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым-катынаста болады. Аталған қарым-қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін.
Антропикалық факторлар дегеніміз — айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашышылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала коршаған ортаға түседі. Зиянды затгардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бүкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су айналысының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, куаңдылық, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдей түседі. Соңғы жылдары антропикалық факторлардың табиғи ортаға және жалпы биосфераға әсері айқын біліне бастады. Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бакылауға алынып табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар деңгейінде қарастырылуда.
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал, басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Ю.Либих (1948 ж .) ашқан.
Оны "Минимум заңы" дейді. "Минимум" заңының өмірде практикалық маңызы зор. өйткені, организмдердің ең кажетті шектеуші факторларын біле отырып мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік (толерантность) заңы В.Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі организмдердің факторларға деген талғамның шектелуі. Кез келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен, қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің құрып кетуі, ал су қоймаларының пестицидтермен ластануы балықтардың жойылуына әкеліп соғады. Организмдердің төзімділік шегін білудің практикалық маңызы бар. Әсіресе, жабайы аңдар мен құстарды, өсімдіктерді жерсіндіру жұмыстарында төзімділік заңының негізгі тәртіптері ескеріледі.
Табиғат организмдердің көптеген түрлері экологиялык факторлар жиынтығына, оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. Керісінше қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Организмдердің бұл тобын эврибионтты түрлср дейді. Мәселен, Қазақстанға жерсіндірілген ондатра, көгілдір түлкі, бұлғынды, ал кездейсоқ жолдармен енген Колорадо коңызын, ақ қанатты американдық көбелекті, т.б. көптеген арам шөптерді мысалға келтіруге болады.
Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы жоғары болады. Олар да біз стенобионтты организмдер дейміз. Стенобионтты организмдердің таралу аймағы шектеулі болады. Шектеулі фактор
Қолданылған әдебиеттер:

1.Бисенова А.С. «Экология». Алматы, 2002 ж.
2.Оспанова, Баешев «Экология», Алматы, 2002ж.
3.Одуv Ю. «Экология». Москва, 1976 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Экологиялық факторлар

Орындаған:

Тексерген:

Жоспар

1. Экологиялық факторлар
2. Факторлардың организмге әсері
3. Организмдердің негізгі тіршілік орталары
4. Экологиялық жүйелердің негізгі типтері
5. Дрейф теориясы

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз
байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер
бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері
тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір
организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен,
көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал,
куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта
болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері
белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте
қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы
мүмкін. Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне,
дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта
компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп - тек сол
органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.
Экологиялық факторлар дегеніміз - организм үшін кажет немесе теріс
әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық
факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың
әсеріне әр түрлі реакция жауап береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін
организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су
организмдері үшін қажеті шамалы.
Шөл-шөлейтті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғарғы температура, ылғалдың
аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бұл қолайсыз ортаның
факторлары болып табылады. Міне осы жағдайлар мен факторлар оларға
организмдердің бейімделуі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың
жемісі деп білеміз. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі
қалыптасқан географиялық белдемдері айқындалады.
Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және
антропикалық.
Абиотикалық факторлар дегеніміз - организмдерге әсер ететін
бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар - химиялық (атмосфераның химиялық
құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер т.б.) және физикалық
(температура, қысым, ылғал, жел, радиация т.б.) деп бөлінеді. Сол сияқты
жердің рельефі, геологиялык және геоморфологиялық құрылымы, ортаның
сілтілік немесе қышқылдығы, космостық сәулелер, т.б. факторлар организм
үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді.
Биотикалық факторлар дегеніміз - тірі организмдердің бір-біріне және
ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестср
жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір-бірімен қоректену, бәсеке,
паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым-
катынаста болады. Аталған қарым-қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануар мен
өсімдік немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін.
Антропикалық факторлар дегеніміз — айнала қоршаған ортаға тигізетін
адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің
материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады.
Нәтижесінде ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл
шаруашышылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр түрлі газдар,
қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала коршаған ортаға
түседі. Зиянды затгардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып
бүкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының
ластануы, су айналысының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, куаңдылық, өзен-
көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі,
адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-
соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдей түседі. Соңғы жылдары
антропикалық факторлардың табиғи ортаға және жалпы биосфераға әсері айқын
біліне бастады. Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бакылауға алынып
табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар
деңгейінде қарастырылуда.
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің
реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың бұрыннан
қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал, басқа факторлар оның қалыпты
тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін
факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль
атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Ю.Либих (1948 ж .) ашқан.
Оны "Минимум заңы" дейді. "Минимум" заңының өмірде
практикалық маңызы зор. өйткені, организмдердің ең кажетті шектеуші
факторларын біле отырып мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді
пайдалануға жол ашады.
Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең
жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік (толерантность) заңы
В.Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі организмдердің факторларға
деген талғамның шектелуі. Кез келген организмнің төзімділік шегі болады.
Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мәселен,
қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің құрып кетуі, ал су қоймаларының
пестицидтермен ластануы балықтардың жойылуына әкеліп соғады. Организмдердің
төзімділік шегін білудің практикалық маңызы бар. Әсіресе, жабайы аңдар мен
құстарды, өсімдіктерді жерсіндіру жұмыстарында төзімділік заңының негізгі
тәртіптері ескеріледі.
Табиғат организмдердің көптеген түрлері экологиялык факторлар
жиынтығына, оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді.
Керісінше қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра
береді. Организмдердің бұл тобын эврибионтты түрлср дейді. Мәселен,
Қазақстанға жерсіндірілген ондатра, көгілдір түлкі, бұлғынды, ал кездейсоқ
жолдармен енген Колорадо коңызын, ақ қанатты американдық көбелекті, т.б.
көптеген арам шөптерді мысалға келтіруге болады.
Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы жоғары болады. Олар да
біз стенобионтты организмдер дейміз. Стенобионтты организмдердің таралу
аймағы шектеулі болады. Шектеулі фактор абиотикалық немесе биотикалық
болуы мүмкін. Мәселен, Іле Алатауының шыршалы орманында тіршілік ететін ак
тиін үшін шешуші фактор қорек. Сол сияқты жеміс-жидегі мол тоғайларда тек
дәнмен қоректенетін құстар басым болады. Әсіресе, сексеуілді ормандардың
тұрғыны сексеуіл жорға торғайы, Іле Алатауының батыс бөлігінде, Аксу-
Жабағылы қорығында кездесетін жұмақ торғай, Алакөлдің реликті шағаласы, шөл-
шөлейтті құмды аймақтың сәні-қарақүйрық, т.б. аң мен құстар таралуы
шектелген стенобионтты түрлерге жатады. Стенобионтты организмдердің
эврибионтты организмдерден айырмашылығы таралу аймағының шектелуіне
байланысты морфологиялық, физиологиялық және экологиялық жағынан бейімделу
ерекшеліктері басымырақ болады. Оған тән белгілер түсінің ортаға карай
ұласуы, түнге карай активті тіршілігі, ін қазу, суды үнемдеу т.б.
қасиеттері жатады.
Факторлардың организмдерге әсерінің біртекті болмауы биологиялык код
түрлілігіне әсер етумен бірге олардың географиялық белдеулер және табиғат
белдемдері бойынша таралуына да әсер етеді. Нәтижесінде, табиғаттың әр
түрлі ландшафтарында микроорганизмдер, жануарлар мен өсімдіктердің белгілі
бір бірегей жиынтығы ортақ жағдайда тіршілік етеді.
Экологиялық факторлардың организмдерге тікелей немесе жанама әсер етуі
олардың белгілі бір биотопқа бейімделген тіршілік формаларын қалыптастырады
.
Тіршілік формасы дегеніміз — организмдердің өзінің тіршілік ортасының
ерекшелігіне қарай морфологиялық жағынан бейімделуі. Әсіресе, жануарлар
дүниесінің тіршілік формасын ажырату өте күрделі. Жануарлардың тіршілік
формаларын жіктеу Д.Н.Кашкаровтың (1945) жүйесі бойынша алынады:
1. Жүзгіш формалар (нектон, планктон, бентос);
2. Жартылай суда тіршілік ететіндер (уақытша қорек үшін сүңгитіндер)
3. Қазғыш формалар (жер бетіне шықпайтындар, жер бетіне уақытша
шығатындар);
4. Құрлық формалар:
а) ін қазбайтындар (жүгіргіштер, секіргіштер, жорғалаушылар);
ә) жартас жануарлары; б) әуе формалары;
5. Ағашқа өрмелегіштер: а) ағаштан түспейтіндер;
ә) ағаштарда жүретіндер;
6. Әуе формалары: а) әуеде жемтігін ұстайтындар;
ә) әуеден қарауылдайтындар.
Өсімдіктер әлемінде ғалымдар зерттей келіп олардың тіршілік формасын
жіктеуге ұмтылған. Соның ішінде біз ботаник С.Раункиер (1905-1907) жүйесін
негізге аламыз.
1. Энифиттер - топырақта тамыры болмайтын ағаштарға асылып, шырмалып
өсетін өсімдіктер (қыналар, мүктер).
2. Фанерофиттер - жер бетінде өсетін барлық ағашгар, бұталар мен
шөптесін өсімдіктер жатады.
3. Хамефиттер - өркендері жер бетінен өсетін шөптесін көп жылдық
өсімдіктер. Қыста өркендері үсімейтін (жүзген, қоян сүйек, тобылғы,
теріскен, т.б.) өсімдіктер.
4. Гемикриптофиттер - жер бетіндегі өркендері қыста үсіп қалатын, ал
пиязшықтары сақталатын өсімдіктер (көптеген шалғындықтар).
5. Криптофиттер немесе геофиттср - топырақтың терең қабатында тамыр
түйнектері сақталып қалатын көп жылдық өсімдіктер (сәбіз, шалхан, андыз,
ашкөк т.б.).
6. Терофиттер - жер асты, жер үсті мүшелері тегіс үсіп немесе қурап
қалатын бір жылдық өсімдіктер (астық тұқымдастар т.б.).

Жер шарында тіршіліктің пайда болуы мен дамуы тарихи-геологиялық ұзақ
жылдарды қамтиды. Тірі материяның дамуы қалыптасу мен жаңа түрлердің келіп
шығуы эволюциялық даму процесінің жемісі болып табылады.
Нәтижесінде, жер шарындағы алғашқы тіршіліктің пайда болуы, одан тірі
организмдердің құрлыққа шығуы, топырақ түзілу процестері бәрі де тірі
организмдердің жер бетінде табиғи заңдылықпен таралуына әкеп соқты.
Организмдердің суда, құрлық пен әуеде, топырақта тіршілік ететін формалары
келіп шықты. Организмдер үшін тіршілік ортасы бірден қолайлы болмады.
Нәтижесінде, бейімделуге қабілетсіз түрлер (фауна мен флора өкілдері) жер
бетінен біржола жойылып отырады. Ал, бейімделуге қабілетті табиғи
сұрыптаудан өткендерінің құрлық пен судағы аясы кеңіп гүлдене түсті.
Әсіресе, жер бетінде топырақ қабатының пайда болуы организмдер әлемін жер
шарының материктер мен географиялық белдеулер бойынша кең таралуына жағдай
жасады. Бертін келе фауна мен флора өкілдері жер шарының қолайлы ортасын
мекендеп өзінің тіршілік ортасына айналдырады.
Тіршілік ортасы дегеніміз — кез келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне,
ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Қазіргі
кезде жер шарында негізгі төрт тіршілік ортасы бар. Олар: су, құрлық, әуе,
топырақ және организмдердің өзі.
Су - тіршілік ортасы. Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін алып
жатыр. Су - жер шарының барлық көлемінің 71% қамтиды. Судың негізгі қорын,
ягни 94% - мүхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6% мәңгі мұздақтар,
тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1 500 000,
өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді.
Құрылық пен мұхиттардағы организмдердің көп түрлілігі мен биомасса
арақатынасын салыстырсақ төмендегідей қызықты тепе-тендікті көреміз.
Мәселен, құрлықтағы жануарлардың көп түрлілігі мүхиттардағы жануарлар
дүниесімен салыстырғанда көп болғанымен биомассасы керісінше аз, ал,
өсімдіктер әлемінің құрылықта саны аз болғанмен, керісінше биомассасы
мұхиттардан әлденеше есе артық болып келеді. Десе де, кұрылық жағдайы
мұхиттарға қарағанда өзінің алуан түрлі табиғатының ерекшелігімен, ауа
райының құбылмалы өзгерістерімен организмдер дүниесіне мұхиттарға қарағанда
қолайсыз орта болып саналады. Мәселен, фаунасы мен флорасынын сан алуандығы
және биомассасы мөлшері жөнінен экваториалды және тропикалық облыстардағы
мүхиттарды (Тынық және Атлантика) ерекше атауға болады. Негізінен мұхиттағы
организмдердің көп шоғырланган жерлері жер шарының қоңыржай белдеулер
аймағына сәйкес келеді.
Су ортасы организмдер үшін қолайлы орта болғанымен өзіне тән
ерекшеліктері болады. Олардың қатарына судың тұтқырлығын, тұз
концентрациясын, қысым, оттегінің мөлшерін, су қабатының қозғалыстары мен
ағыстарын, айналымдарды, қорек қорын, судың ащы немесе тұщы қасиеттерін
жатқызамыз.
Судағы барлық организмдерге тән қасиет - жүзу. Дегенмен, көптеген
балдырлар, кейбір бентосқа тән организмдер бекініп тіршілік етуге
бейімделген. Жүзуге немесе баяу қозғалуға байланысты гидробионттарда
құрылық организмдерінде болмайтын ерекше морфологиялық өскіншелер, жүзу
немесе өсу аяқтары мен қанаттары, су жұқтырмайтын заттар мен көптеген
қасиеттер пайда болған. Мәселен, тау өзендерінде тіршілік ететін
балықтардың денесі дөңгелек әрі ықшамды ағысқа қарсы жүзуге бейім болып
келсе, жазық жердегі көлдердегі балықтар, керісінше ірі, әрі жалпақ болып
келеді. Ал, мұхиттардың әр түрлі терендіктеріндегі балықтардың
морфологиялық құрылысы, дене тұрқы мен козғалуы мүлдем басқаша. Төменде біз
су ортасының кейбір абсолюттік факторларына қысқаша тоқталамыз.
Организмдер үшін судың тұнықтығы мен жарық режимі үлкен роль атқарады.
Жарық, әсіресе, судағы өсімдіктерге шектеуші фактор болып саналса, ал судың
тұнықтығы ұсақ организмдер мен балықтардың тіршілігі үшін қажет.
Су қабаты терендеген сайын күн сәулесін сіңіріп отырады. Нәтижесінде
теңіз тұңғиығын қараңғылық басады. Терендеген сайын өсімдіктер мен
жануарлардың түсі де, көптүрлілігі де өзгере бастайды. Мәселен, судың
бетіне жақын көк-жасыл, одан соң қоңыр, тереңдікте қызыл балдырлар
орналасады. Ал, жануарлардың түсі тереңдеген сайын көк-жасылдан қызыл түске
карай ауысады. Себебі, судың түбіндегі кызыл түсі қара болып көрініп
организм дерді жауларынан корғануға мол мүмкіндіктер береді.
Судың тұздылығы да организмдер үшін аз роль атқармайды. Су тамаша
еріткіш болғандықтан, онда карбонатгар, сульфаттар, хлоридтер көп
кездеседі. Мәселен, тұщы судың 1л көлемінде 0,5г тұз болса, ал теңіз
суларында 35гл болады.
Тұщы су организмдері үшін кальцийдің ролі үлкен. Әсіресе, моллюскалар
шаян тәрізділер мен омыртқасыз жәндіктер кальцийді известі қауашақтар түзу
үшін пайдаланады. Тұщы суларда өсімдік өзеннің немесе көлдің түбіне дейін
өсетіндіктен еріген оттегіге бай келеді. Судағы еріген оттегінің мөлшерінің
көбеюі атмосфераның енген оттегі байланысты және су өсімдіктерінің
фотосинтез процесінің есебінен болады. Әсіресе, тау өзені суларында оттегі
көбірек болады. Осыған байланысты бұл ортада форель, тау албырты, хариус
жақсы сезінсе, оттегі аз көлдерде: сазан, карась, жайын, табан балықтар
еркін өмір сүреді. Ал, кейбір маса, хирономид, аз қылтанақты құрттар, т.б.
көптеген омыртқасыз жәндіктерге тіптен оттегінің қажеті де болмады.
Су ортасының факторларына байланысты гидробионттарды бірнеше
экологиялық топқа бөледі. Судың қалың қабатын - пелегиаль деп, оны екі
топқа бөледі: нектон және планктон.
Планктон дегеніміз - судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін
ұсақ омыртқасыз жәңдіктер. Планктондардың өзі - зоопланктон және
фитопланктон деп бөлінеді. Фитопланктондардың су организмдері үшін маңызы
зор. Оларға: диатомды, көк-жасыл балдырлар, өсімдік қоректі талшықтылар
т.б. жатады. Ал, зоопланктондар мен бактериялар балдырлардан тереңіректе
тіршілік етуге бейімделген. Оларға: шаян тәрізділер, қарапайымдылар,
моллюскалар, медузалар, сальпалар және кейбір құрт тәрізділер жатады.
Нектондар дегеніміз — судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін
балықтар т.б. организмдер. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу
қанаттары, жақсы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар. Оларға
балықтардың түрлері, кальмарлар, киттер, тюленъдср, морждар, дельфиндер,
т.б. түрі кездеседі. Теңіз тұңғиығынан балықтардың ұсқыны мен формалары әр
түрлі жыртқыш, паразит түрлерін, өзінен тоқ шығаратын скаттарды, ара
балықшы, доп тәрізді тікенекті сан алуан өкілдері кездеседі. Мәселен,
электрлі скат өзінен 220-240В тоқ шығарса, судағы организмдердің 600-ден
астам түрі жатық шығарады екен. Осы құбылыстардың бәрі гидробионттардың
жоғары ұйымдасқан бейімделу қабілеті болып саналады.
Бентостар дегеніміз - судың түбіндегі субстраттарда (шөгінділерде)
тіршілік ететін организмдердің жиынтығы. Бентостар: фитобентос және
зообентос деп бөлінеді. Негізінен бәрі де баяу козғалатын немесе
қозғалыссыз өмір сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді.
Теңіздердегі фитобентосы, бактериялар мен балдырлар құрайды. Тұщы су
фитобентосы да бактериялар, диатомды және жасыл балдырлардың өкілінен
тұрады.
Жалпы алғанда судағы барлық өсімдіктерді тіршілік ету сипатына карай
гидрофиттср және гидатофиптер деп бөледі.
Гидрофиттер суға жартылай көміліп өссе, ал, гидатофиттер қатарына суға
көміліп өсетін өсімдіктер жатады.
Су өсімдіктерінің тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктері де әр
түрлі. Біріншіден, су өсімдіктерінің тамыр, жапырақ, генеративтік мүшелері
жетілген. Тамыр жүйесі судағы субстраттарға бекіну ролін атқаруға
бейімделген. Сондықтан тамыр жүйесінде тамыршалар болмайды. Қоректі сіңіру
бүкіл денесі арқылы жүзеге асады. Су өсімдіктері жүзуге немесе қалқып
тұруға бейімделгендіктен өн бойына қалтқы тәрізді өскіншелері пайда болған.
Бұл өскіншелер өсімдікті суда жеңіл жүзіп немесе қалқып тұруға жеңілдік
туғызады. Гидатофиттердегі бір ерекшелік жапырақтарының жалпақ немесе әр
түрлі болуы. Бұл құбылыс газ және зат алмасу процесін жеңілдетеді. Көптеген
су өсімдіктері гүлден тұқым беру кезінде гснеративті мүшелерін су бетіне
шығарып тозаңдандыруға жол береді және тұқымының жел, су арқылы таралуына
жол ашады. Су өсімдіктерінде болатын бейімделудің жоғары деңгейін біз -
мүгі, элодей, су сарғалдагы, т.б. өкілдерінен көреміз.
Жануарлардың суға бейімделуі де сан алуан. Олардың біз анатомия-
морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлық және басқа да бейімделу
қабілеттерін байқай аламыз. Мәселен, судың қалың қабатында тіршілік ететін
организмдерде жүзгіштік, икемділік, денесіндегі үзгіш қанаттары жақсы
жетілсе, ал бентос топтарында керісінше жүзуге икемсіз және су түбіндегі
заттарға жабысып калуға бейімделген мүшелері жақсы жетілген.
Планктондар суда жүзуге бейімделмегендіктен олардың дене тұрқы кішкене,
қалқып жүруге икемді, әрі жеңіл мүшелері жақсы жетілген.
Су организмдерінің ішінде медузалар, екі жақты моллюскалар, инеліктің
личинкасы өз денесінен атқылаған су энергиясының күшімен тез жүзуге
бейімделген. Бұл құбылыс, әсіресе, бас аяқты моллюскада жақсы байқалады.
Ал, осы әдіспен қозғалатын кальмардың жылдамдығы сағатына 40-50км алатын
көрінеді. Ірі киттерде жүзуді жүзеге асыратын жақсы жетілген әрі қуатты
жүзгіш қанаттары мен ескек аяқтары болса керек.
Тұщы су гидробионттарының кейбірі су бетінде кәдімгі құрлықтағыдай
сырғанап та жүреді. Мәселен, тоқтау сулар мен көлшік бетіне көңіл
аударсаңыз жүзгіш насекомдардың біраз өкілін көреміз. Олар - кәдімгі су
қандалалары мен су қоңыздарының өкілдері.
Көптеген гидробионттар (бентостар) судың түбінде, топырақ арасында
тіршілік етуге бейімделген. Тіпті, кейбір ірі балық өкілдері: скаттар
камбалалар, миногалар, өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлеріне байланысты баға беру
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға әсері
Қоршаған ортаның экологиялық факторлары
Факторлардың организмге әсері
Дара организмдер экологиясы - аутэкология
Стенобионттық және эврибионттық организмдер туралы ақпарат
Адамның табиғатпен байланысы
Экологиялық факторлар
Экологиялық факторлар және бейімделу
Абиотикалық факторлар және олардың тірі организмдерге әсері
Пәндер