Дарындылықтың қайнар көзі- мектеп


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Дарындылықтың қайнар көзі- мектеп.

вернуться назад

Дарындылық - адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Баланың дарындылығын анықтаудың негізі мектептен басталады.

Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Жаңа «субъект-субъект» оқыту пародигмасымен жұмыс жасау, әр баланың бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту, №2 Қабанбай орта мектебінде өз дәрежесінде жүргізіледі.
Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қойды:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру;
3. Коммуникативті бейімдеу;
4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:
1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;
4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:
1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;

Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анасымен бірігіп құрады.
Мектеп психологы пән мұғалімдерімен бірігіп отырып, сауалнама арқылы оқушының дарындылық сферасын анықтайды. Оқушының дарындылығы анықталған кезде, дарынды оқушының жетекшісі, психолог оның жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттейді, баланың сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне үнемі бақылау жасап, талдау жүргізеді, әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, білім деңгейін анықтайды, психо-педагогикалық диагностика жүргізеді.
Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, оқушылардың білім жетістіктері мен психопедагогикалық диагностикалары салыстырылып, әр оқушыға күнделік жүргізіледі. Мектепте «Дарын» шығармашылық орталығы құрылды. Бұл орталықта 58 оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда 28 ұстаз жұмыс істейді. Орталықтың жетекшілері арнайы курстан өткен. Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімдердің бейімділігіне тестілеу жүргізіледі. Оқушылар дарындылық сферасына байланысты топтарға бөлінді. Әр сфера бойынша жұмыс жоспары құрылды, жұмыс жоспарының орындалуына, оқушылардың шығармашылық ізденіс жұмыстарына бақылау түрлері белгіленді. Осындай игі істердің арқасында бірнеше оқушылардың дарындылық, шығармашылық қабілеттері ашылып, жоғары жетістіктерге жетті. Дарынды оқушымен жұмыстың нәтижесін жылда өткізілетін пән олимпиада жетістіктерінен көруге болады. Былтырғы оқу жылында 13 оқушы, осы оқу жылында 17 оқушы жүлделі орын алды. Мектептен 4 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып отыр, спорт бағытында Қанабеков Дарын, Мұрат Елжас, Қанағатов Архат, Раисов Дарын Республика көлемінде жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанды, бейнелеу өнері бойынша Бағдат Азат «Саябақтар шеруі» атты халықаралық экологиялық қозғалысқа арналған сурет көрмесінде І орынды иеленді, ұстаздары тәрбиелеп жетелеген шәкірттеріміз Барқытбаева Мадина мен Сыдықбекова Шынардың, Қанапиянова Айжанның мақалалары баспасөз бетінде жарияланып жүр. Орыс тілі пәні бойынша дарынды оқушымыз Рахимова Сания аудандық, облыстық пән олимпиадасында жүлделі орынға ие болып, жеңімпаз атанса, Сайранбек Назерке оқушылардың облыстық «Туған жерім-Жетісу» атты ғылыми-экологиялық форумының шығарма номинациясы бойынша жүлдегер атанды. Айта берсек, мектебімізде суырылып «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған дарынды оқушыларымыз жеткілікті.
Міне, осындай биік жетістіктерге қол жеткізген дарынды шәкірттеріміз өздерінің жоғары дәрежедегі ерекшеліктерін мықты тағылыммен ұштастыратын қоғам қайраткері болмасына кім кепіл?
Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендетіп, оның тұтқасын, тізгінін ұстайтын, сол арқылы елімізді әлемге танытатын да біздің дарынды, қабілетті ұл-қыздарымыз болмақ.

Бүгінгі дарын - ертеңгі ғалым. Дарындыны айқындау мен дамыту - ұстаз парызы. Жаңғырхан 1848 жылы дарынды балаларға арнап мектеп ашқан. Ол сынақтарға өзі қатысып, дарынды балаларды таңдаған. Қазақ даласында сол кезде дарынды балаларға ерекше көңіл бөлінген болатын. Дарындылық-адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет.
Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін, оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады. Көбінесе “дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты мен өзім оқыған, жинақтаған еңбегімен бөліспекшімін. «Дарын», «дарындылық» деген ұғымдарға қандай түсінік беруге болады? Дарынды балалардың ерекшеліктері: басқалардан өзгеше әрі шапшаң ойлайды, соның арқасында білімді еркін әрі молынан меңгереді, сөздік қоры мол, есте сақтау қабілеттері жоғары, зерттеуші, өзіне сенімді, қиыншылықтан қорықпайды, түсінігі мен танымы жоғары, тым сезімтал, әділетті, әзілқой; олардың физикалық тұрғыдағы ерекшеліктері-дамудағы жеделдік, ақындарша сөйлеу, жиі-жиі ойға берілуі және қиялының байлығы. Аксиома «Өзіне-өзі ұйымдастырудың рефлексиясы» 1 - қиындық туғызған мәселе, 2- қиындықты анықтау, 3-зерттеу (қай жерде қиындық туды?), 4-сын (ол не себепті туындады?), 5-жобалау (қиындықтардың себебін іздеу), 6-жобаны жүзеге асыру. Абайдың жетінші қара сөзінде дарынды балаға берген алтын ереже: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреу - «ішсем, жесем, ұйықтасам» деп тұрады, екіншісі - «көрсем, білсем, үйренсем» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. »
жонефер Рензуллидің дарындылық моделі:
•1 - интеллектуалдық қомпонент (зейін, ес, және ойлау үрдістерінің деңгейі)
•2 - креативтік немесе шығармашылық (қиялдың шығармашылық даму деңгейі, ерекшелігі және нәтижелілігі)
•3 - мотивациялық компонент (танымдық және

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды баланы дамытудағы мектеп пен отбасының ынтымақтастығы
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері
Дарынды балалар қабілетінің дамыуын психолог қызметі арқылы анықтау
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
Математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістері
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР, ОЛАРМЕН НЕГІЗГІ ЖАСАЛЫНАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРІ
Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері критериі
Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары
Мектептегі дарынды оқушы балалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz