Қазақстандағы кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарлар


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
1. Қазақстандағы кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарлар.
2. Жануарлар дүниесі
3. Жануарлар дүниесінің қорлары
4. Аңшылық
5. Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау
Қазақстандағы кәсіптік ауланатын және сирек кездесетін жануарлар.
Жануарлар - табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі - олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Жануарлар мен құстардың ішінде алыптары да кездеседі. Дүние жүзінде жан-жануарлардың 1, 5 млн түрі бар деп есептелген. Бірақ жыл сайын ғылымға жаңа түрлер белгілі болып отыр.
Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы. Адам баласы ерте кезден бастап-ақ жабайы аң мен құстарды қолға үйреткен. Қолға үйретілген жануарлар мен құстар бүгінге дейін оларға қызмет етіп келеді. Сондықтан адамдар жануарлар экологиясын оқып-үйрене отырып, оларды қорғай да білуі тиіс. Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойылуына себепші болып отыр. Мысалы, Д. Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері қарай сүтқоректілірдің 36, құстардың 94 түрінің жер бетінен біржола жойылып кетуіне адамдар тікелей әсер еткен. Олардың қатарына - дроит, кезеген кептер, қанатсыз гагарка, лабрадор гагасы, каролин тотысы, көзілдірікті суқұзғын, стеллер сусиыры, жүндес керік, тур, тарпан, көгілдір жылқыкиік, жүндес мүйізтұмсық, т. б. жатады.
Қазақстан жерінде де өткен ғасырларда жабайы бір өркешті түйелер, құлан, қабылан, тарпан, жабайы тур, арыстан, жолбарыс, керік, т. б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіптен, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 ж. қазақ аңшысы атып алған. Бұдан шығатын қорытынды адамның іс-әрекетінің жануарлар үшін қаншалықты қауіпті екендігі белгілі. Шын мәнінде, қазақ жерінің кең даласында аң мен құстардың тіршілік етуіне қолайлы аймақтар көп-ақ. Сондықтан да болар біздің республикамызда сүтқоректілердің - 155, құстардың - 481, бауырымен жорғалаушылардың - 48, қосмекенділердің - 33, балықтардың - 140 түрі тіршілік етеді. Бұлар біздің байлығымыз. Барлығының да табиғат үшін, адам үшін маңызы зор.
Десек те, соңғы 100 жыл ішінде Қазақстнда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге ұшырады. Оған тікелей әсер етіп отырған - антропогендік факторлар.
Қазақстанда біраз аң мен құстар біржола құрып кетудің аз алдында тұр. Олардың қатарына - қар барысы, құдыр, қызыл қасқыр, арқар, үстірт қойы, тауешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, қарақұйрық, камшат, көк суыр, қоңыр аю, күзен, сусар, құндыз, қаракөл, сабаншы, т. б. жатады. Ал құстардан ұлар, дуадақ, безгелдек, саңырау құр, бұлдырық, аққу, дегелек, қоқиқаз, реликті шағала, сарыала қаз, шалшықшы т. б. атауға болады.
Адамның іс-әрекетінің жанурлар дүниесіне тікелей және жанама әсері. Жанурлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен құрып кетуі ьір қарағанда табиғат заңдылығы. Өйткені эволюциялық даму барысында бір тү жоғалып, екінші түр пайда болып отырады. Бұл құбылыстар көбінесе климаттың өзгеруіне және басқа да табиғи факторларға байланысты.
Адам баласы жануарлар дүниесін өзінің материалдық игілігін жақсарту үшін міндетті түрде пайдаланған. Сондықтан аң мен құстарды аулап, нәтижесінде, олар жойылып отырған. ауылшаруашылығының зиянкестерімен күресу жолында улы химиялық заттарды пайдаланып, кейбір организмдердің тіршілігін жойған.
Сол сияқты тірі организмдерді тікелей жоюдың ауыр түрі - мемлекетаралық соғыстар. Дүниежүзілік соғыстарда бүкіл тіршілік атаулыны жойып жіберетін қарулар қолданылды. Олар - атом бомбалары, соғыс ракеталары, жарылғыш заттар т. б.
Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру жолдары. Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.
Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы - адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрьір азамат ззін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.
Жануарлар дүниесі
Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.
Мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда әлі де сақталған. Оларға тундра кекілігі, жапалақ, т. б. жатады. Мұз дәуірінен кейін Қазақстанға Орталық Азия жануарлары мен құстары өткен. Оларға құр, тоқылдақ, самыр- құс, ор қоян жатады. Кейін олар дала және шөл зоналарына ауысқан.
Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылкұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.
Жануарлар дүниесінің қорлары
Республика аумағында омырткалы жануарлардың 835 түрі есепке алынған. Олардың ішінде сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 481, бауырымен жорғалаушылардың 48, балықтардың 150 түрі кездеседі. Омыртқасыз жәндіктердің бүгінгі күнге дейін анықталғаны ғана 50 мыңнан асады. Қазақстан аумағында, әсіресе таулы өлкелерде жабайы жануарлар көп ұшырасады. Мұнда терісі бағалы аңдар таралған. Бұған қоса Зайсан мен Алакөл маңына, таулы тайганың қара түлкісі мен бұлғын жерсіндірілген. Сол сияқты республиканың өзен-көлдерінің барлығында дерлік терісі аса қүнды америкалық ондатр жерсіндіріліп, аң шаруашылығының негізгі салаларының біріне айналып отыр. Олардың кәсіптік маңызы бар. Шөлейттер мен шөлді өңірлерде тулкі, қарсақ, ақбөкен, киік, қарақщрық кездеседі. Қорықтардың ұйымдастырылуына байланысты олардың санын реттеу дұрыс жолға қойылған.
Республиканың өзендері мен табиғи және жасанды көлдері балық қорына бай. Каспий теңізінен бағалы балықтың көптеген түрлері ауланады. Мұнай өндірумен байланысты бұл аймақтың экологиялық жағдайы кейінгі кезде нашарлаған. Каспий теңізінің өзіне тән эндемигі итбалықтың 2000 жылдары жаппай қырылып барып тоқтауы, уылдырық шашатын құнды балықтардың азаюы теңдесі жоқ тағамдық қара, қызыл уылдырық өндіретін шаруашылыққа қауіп келтіріп тұр. Бөгендерде, тоғандарда балық шаруашылығын өркендету балыққа деген сұраныспен республика халқын қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Шөлдерде тіршілік ететін жыландардың уы медицинада қолданылады. Жануарлар дүниесі қорлары азықтүлік, шикізат ондірісінде пайдаланылады. Сонымен қатар олардың ғылыми-практикалық және экономикалық маңызы бар. Елімізде ежелден мекен еткен жабайы жылқы (тарпаң), қулан, домбай (жабайы есек), сусар, бцлгын, лаиіын, жолбарыс, дала сілеусіні, шақиіақай, қоқиқаз, жірпар тышқан және т. б. жануарлар бүгінде жоқ немесе жоқтың қасы.
Осындай сирек кездесетін немесе жойылып кетуге таяу өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында 1962 жылы Халықаралық табиғат және табиғи байлықты қоргау одагы кұрылды. 1966-1981 жылдары осы жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында «Қазақстанның Қызыл кітабы» шықты. Мұнда негізінен жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар тіркелген. Қазіргі Қазақстан жерінде экологиялық апатты аймақтардың, ластанған жарамсыз жерлердің молаюына байланысты сирек кездесетін жануар түрлеріне аса қауіпті жагдай тууда. Сондықтан «Қызыл кітапқа» тіркеуге алынбаған түрлерді қорғау шараларына Қазақстан ғалымдары да белсене ат салысуда. 1996 жылы «Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының» жаңа басылымы жарық көрді. Бұл кітапқа сүтқоректілердің 40, күстардың 56, бауырымен жорғалаушылардың 10, қос мекенділердің 3, балықтардың 16 түрі еніп отыр.
Аңшылық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz