Әскери педагогикалық процесс және оның ерекшелігі



1 Әскери педагогикалық процесс және оның ерекшелігі.
2 Әскери педагогикалық процесті басқару.
3 Әскери педагогикалық процестің заңдылықтары мен қайшылықтары.
4 Әскери педагогикалық процесс және оның ерекшелігі.
Қорытынды
Жауынгердің өз міндетін табысты орындау үшін, әскери педагогикалық процестің қарамағында дайындалуы керек. Ол процеске ұйымдастырылған, белгілі мақсатқа бағытталған, командирлер мен саяси қызметкерлер және оларға бағыныштылар арасындағы қарым-қатынас жатады. Оның негізгі міндеті, жеке құрамның сенімінің қалыптасуы, жауынгерлік шеберлік, жоғары техникалық дайындық, қырағылық пен тәртіптілік, патриоттық және интернационалдың борышына берілгендік, дене дайындығы және психологиялық беріктік болып табылады. Әскери педагогикалық процесс жеке құрамның әскери қызметінің барлық түрін жинақтайды және қалыптастырады. Ол соғыс уақытысында да, бейбіт кезеңде де ұйымдастырылады.
Педагогиканың құрылымдық процесі жоспарланған сабақтардан, ашық сабақтар мен жаттықтырулардан, педагогикалық жағдайдағы қызметтің, саяси тәрбиелік және жалпы-спорттық жұмыстардан тұрады. Жауынгерлердің өзін-өзі тәрбиелеуі мен оқуы оның тікелей өндірістік және нәтижелілігінің себебі болып табылады.
Бұл процестің жүйе кұрушы бөлшегі болып оқыту-тәрбиелеу жұмыстары жатады. Әскери педагогикалық процестің ішкі мазмұны болып әскери қызметкерлердің белсенді ұжымдың және жеке танымдық қызметі болып табылады. Оның міндеті мыналарға байланысты:
- оқу-тәрбие жұмыстарының түріне;
- оқытылатын сабақтың мазмұнына, мінез-құлық ережелеріне, оқытылатын техника мен қаруландырудың ерекшеліктеріне, қызметтік және жауынгерлік міндеттерді шешу жолдарына тәрбиелік іс-шараларды, анық сабақтарды, жаттықтыруларды, сабақты ұйымдастыру мен өткізу әдістемесіне;
- табиғи-климаттық жағдайға байланысты сабақты материалдың-техникалық қамтамасыздандыруына.
- Әскери ұжымдағы өнегелі, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынасына; жауынгерлердің дайындығы мен педагогикалық мәдениетіне;
- әскери педагогикалық процестің ерекше белгісі жауынгерлердің оқу-танымдың жұмысы болып табылады және әскери қызметін белсендірудің бір жолы - бәсекелестік жарыстар болып табылады.
Әскери педагогикалық процестің нәтижелілігі әскери қызметкерлердің арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың мазмұны мен түріне байланысты. Әскери педагогикалық процестің нәтижелілігінің негізгі белгісі болып жауынгерлер мен әскери ұжымдардың қызметін және жауынгерлік міндеттерін сапалы орындауында.
Қиындықтардың пайда болуы себептерін зерттеу және оларға қарсы шара қолдану әскери педагогиканың қозғаушы күші болып табылады. Жауынгерлерді дайындауда негізінен психологиялық білімділік және ұрыстық дайындыққа багытталады. АӘД мұғалімінің әскери педагогика процесінің заңдылықтары мен қайшылықтарын білуі, оның АӘД сабағын әдістемелік ғылыми негізде ұйымдастырып өткізуіне және мектеп оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып нәтижелілігінің артуын қамтамасыз етеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Әскери педагогикалық процесс және оның ерекшелігі.
Жауынгердің өз міндетін табысты орындау үшін, әскери педагогикалық процестің қарамағында дайындалуы керек. Ол процеске ұйымдастырылған, белгілі мақсатқа бағытталған, командирлер мен саяси қызметкерлер және оларға бағыныштылар арасындағы қарым-қатынас жатады. Оның негізгі міндеті, жеке құрамның сенімінің қалыптасуы, жауынгерлік шеберлік, жоғары техникалық дайындық, қырағылық пен тәртіптілік, патриоттық және интернационалдың борышына берілгендік, дене дайындығы және психологиялық беріктік болып табылады. Әскери педагогикалық процесс жеке құрамның әскери қызметінің барлық түрін жинақтайды және қалыптастырады. Ол соғыс уақытысында да, бейбіт кезеңде де ұйымдастырылады.
Педагогиканың құрылымдық процесі жоспарланған сабақтардан, ашық сабақтар мен жаттықтырулардан, педагогикалық жағдайдағы қызметтің, саяси тәрбиелік және жалпы-спорттық жұмыстардан тұрады. Жауынгерлердің өзін-өзі тәрбиелеуі мен оқуы оның тікелей өндірістік және нәтижелілігінің себебі болып табылады.
Бұл процестің жүйе кұрушы бөлшегі болып оқыту-тәрбиелеу жұмыстары жатады. Әскери педагогикалық процестің ішкі мазмұны болып әскери қызметкерлердің белсенді ұжымдың және жеке танымдық қызметі болып табылады. Оның міндеті мыналарға байланысты:
oo оқу-тәрбие жұмыстарының түріне;
oo оқытылатын сабақтың мазмұнына, мінез-құлық ережелеріне, оқытылатын техника мен қаруландырудың ерекшеліктеріне, қызметтік және жауынгерлік міндеттерді шешу жолдарына тәрбиелік іс-шараларды, анық сабақтарды, жаттықтыруларды, сабақты ұйымдастыру мен өткізу әдістемесіне;
oo табиғи-климаттық жағдайға байланысты сабақты материалдың-техникалық қамтамасыздандыруына.
oo Әскери ұжымдағы өнегелі, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынасына; жауынгерлердің дайындығы мен педагогикалық мәдениетіне;
oo әскери педагогикалық процестің ерекше белгісі жауынгерлердің оқу-танымдың жұмысы болып табылады және әскери қызметін белсендірудің бір жолы - бәсекелестік жарыстар болып табылады.
Әскери педагогикалық процестің нәтижелілігі әскери қызметкерлердің арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың мазмұны мен түріне байланысты. Әскери педагогикалық процестің нәтижелілігінің негізгі белгісі болып жауынгерлер мен әскери ұжымдардың қызметін және жауынгерлік міндеттерін сапалы орындауында.
Қиындықтардың пайда болуы себептерін зерттеу және оларға қарсы шара қолдану әскери педагогиканың қозғаушы күші болып табылады. Жауынгерлерді дайындауда негізінен психологиялық білімділік және ұрыстық дайындыққа багытталады. АӘД мұғалімінің әскери педагогика процесінің заңдылықтары мен қайшылықтарын білуі, оның АӘД сабағын әдістемелік ғылыми негізде ұйымдастырып өткізуіне және мектеп оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып нәтижелілігінің артуын қамтамасыз етеді.
Әскери педагогикалық процесті басқару.
Бөлімшелерде оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын офицер басқарады. Жауынгерді оқыту тәрбиелеу жұмысында біріншіден ұрыстық-саяси дайындауда жоспарлы сабақтар қолданылады. Жеке құрамды, оқушыларды тәрбиелеуде бөлімшелердің барлық өмірі, әскери қызметтің барлық түрі, қарым-қатынас жүйесі, қоғамдық саяси тәжірибе мықты қорғаушы күші болып табылады.
Әскери өмірдің ерекшелігі ондағы бағыныштылық қарым-қатынас пен жалпы педагогикалық мақсаттылыққа байланысты. Командирлер, саяси-қызметкерлер, және қоғамдық ұйымдардың педагогикалық әсерінің
көмегімен өзара келісушілік пен сабақтастық қамтамасыз етіледі. Бірақ, бұл байланыстар қарым-қатынастың бүкіл күрделі жүйесін қамтуы мүмкін.
Бөлімшелердегі тәрбиешілер, бағыныштылар мен бір-біріне бағынбайтындар арасындағы өзара қызмет анық үйлесімді байланыстармен толықтырылып отырады. Бұл байланыстар әскери өмірге педагогикалык әсерін ауқымды кеңейтуге және жан-жақты мақсаттылыққа яғни жеке құрамның қызметі, қажеттіліктері, демалыс; сондай-ак барлық дәрежедегі тәрбиешілерді белсенді педагогикалық қызметке тарту. Жеке құрамның оқыту-тәрбиелеу жұмысында, қарым-қатынаста және кез-келген басқа жұмыстарда педагогикалық қызметпен әрдайым және кез-келген жерде жүргізе білу керек. Әр командир, саяси қызметкер өзінің қызметінде қолда бар құралдармен әдістемелер арқылы жауынгердің, саяси-моральдік, жауынгерлік, әскери мамандандырылғандығы және психологиялық қасиеттерін дамытып қалыптастыру керек.
Қоғамдық ұйымдар әскери педагогикалық процесте жұмылдырушы күштер қатарына енеді. Арнайы кәсіби және жалпы білім беретін мектептерде АӘД пән мұғалімі оқушыларға АӘД пәнін ұйымдастырушы және басқарушы қызметін атқарады. Бөлімшелердегі жауынгерлер әскери педагогикалық процесте белсенді қатысушылар болып табылады. Кез -келген командир жауынгерлердің жалпы және жеке ерекшеліктерін біліп, оларды өз қызметінде ескеруі тиіс.

Әскери педагогикалық процестің заңдылықтары мен қайшылықтары.
Әскери педагогикалық процесте әр-түрлі кезеңдер мен топтарга бөлінген заңдар мен заңдылықтар қолданылады. Мұнда табиғат дамуының жалпы заңдары, саннан сапаға өту, бірлестік пен екі жақтық күресі, болымсызды терістеу заңдары ықпал етеді. Әскери педагогикалык процесте әскери техникалық фактор шешімді әсер етеді. Қазіргі заманғы әскери техника тынымсыз жаңаруда: микроэлектрониканың, автоматика, есептеуіш техникалардың ғылыми базасы дамып жатыр, соған байланысты әскери мамандардың осы күрделі процестерді түсініп оны игеруі және әскери қызметкерлердің қолдана білуі тиіс. Осыдан бастап жауынгерлердің теориялық, жалпы ғылыми білімі, интеллектуалды дағдысы және жалпы дайындығы артады. Әскери педагогикалық процесс жеке бастың қалыптасуының психологиясының заңдылықтарына және әскери ұжымдардың дамуына сәйкес ұйымдастырылады және іске асырылады.
Жауынгерлердің ішкі ұмтылысының өзара келісушілігі мен оған әсер етуші сыртқы орта жауынгерлердің жеке басының қалыптасуының бір заңдылығы болып табылады. Адамның жеке басына сыртқы орта әсері механикалық жобаланбайтындығы ғылыммен белгіленген тәжірибемен дәлелденген.
Кез-келген әсер нәтижелі егер ол адамға түсінікті, қабылдауға оңай және сәйкес жағдайларда қолданылған болса.
Жеке адамның қалыптасуының заңдылығы болып осы процестің бүтіңдігінде яғни бүтін бір жүйені құрайтын адамдардың барлық қызметтерінің дамуы, құрамы мен қасиеттері болып табылады.
Әскери педагогикалык процесінің негізгі заңдылықтарының бірі командирлер мен саяси қызметкерлердің, қоғамдық ұйымдардың оқу-тәрбие жұмыстарының әскери ұжымның мақсаты мен бағыныштарының қызмет түріне, олардың дене мүмкіндіктеріне және дайындыгына сәйкестігі болып табылады. Бұл заңдылық жауынгердің ұрыстық және саяси дайындық міндеттерін шешуде, бағыныштыларды өнегелі тәрбиелеуде олардың жеке қасиеттерін ескере отырып, олармен тығыз қатынаста болу, өзара түсіністік пен талап қойғыштыққа барлық тәрбиешілер қызметінің бағытталуында.
Накты ұрыстық жағдайда жауынгердің ұрыстық және саяси дайындығы, әскери педағогикалық процесінің жұмылдыру заңдылығы болып табылады. Әскери педагогикалық процестің толық жетілдіруінің негізгі багыты болып: тәрбиелеудің барлық заңдылықтарын есепке алушы және қызметін іске асырушы; оқытушы, дамытушы, психологиялық дайындаушы, сабақтың теориялық және практикалық бағыттылығын күшейтуде оның ұйымдастырушы жақтарын және мазмұнын жаңаландырушы, ғылыми ұйымдардың қызметтік және қоғамдың қызметін, жалпы саяси және спорттык дайындық жұмыстарын, жауынгерлердің өзін-өзі окыту мен тәрбиелеуін оптимизациялау және күшейту болып табылады. Өзіне тән қайшылықтар оның негізі болып табылады және олар заңдылықтар қызметінің арналуын көрсетеді. Олар қайшылықтың бірнеше топтарын көрсетеді:
- әскери педагогикалық процесс пен оның қазіргі жағдайының әлеуметтік-экономикалық және әскери техникалық факторларының арасындағы талаптар;
- ғылымның жетістігі мен оның қазіргі әскери педагогикалық процестегі жаңа әскери техникаларының пайда болуы, оны игеру тәсілдері мен ұрыс түрінің өзгеруі, оны меңгеру және сол сияқты арасындағы тағы басқа кайшылықтар;
-жауынгерлердің қалыптасқан қажеттіліктері мен оларды қанағаттандыру жағдайлары, әскери жарғының әдеттегі және жаңа талаптарының арасындағы, мінез-құлық ережелері мен қалыптасқан және жаңа қызмет түрінің арасындағы қайшылықтар;
Педагогикалық міндеттерді шешуде әскери шені мен педагогикалық мүмкіндіктерін ескере отырып орны мен маңызын анықтауға болады. Содан соң барлық кезеңдегі тәрбиешілер мен қоғамдык ұйымдардың жұмысы яғни: уақытқа бөлінген педагогикалық қызметтің мақсаттылығы анықталған жоспарларды құру басталады.
Әскери педагогикалық процестің нәтижелі қызметінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери педагогика құрылымы
Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдар мен байланысы
Педагогикалық тәрбие туралы ғылым
Әскери психология
Педагогика - тәрбие туралы ғылым
Педагогиканың ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері
Дене мәдениеті-коғам мәдениеті
Дене мәдениеті-коғам мәдениетінін бөлігі
Педагогикалық шеберлік негіздері
Отан қорғаушының жеке басын дамыту
Пәндер