Қазақстан қазіргі заман тарихы пәннің лекция сабақтарының әдістемелігі



1. Типтік бағдарлама
2. Пән бойынша жұмыс бағдарламасы .
3. Силлабус ...
4. Лекция сабағының жиынтығы ... ... ...
5. Көмекші және көрнекілік материалдар ... ...
6. СОӨЖ тапсырмалары...
7. СӨЖ тапсырмалары ... ...
8. Аралық қорытынды бақылауды өткізуге арналған
материалдар ... ... ... ..
9. Пәннің оқу.әдістемелік қамсыздануының картасы
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймактарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.
Бағдарламада бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі кезең аралығында еліміз жүріп өткен тарихи кезеңдерге талдау жасалады. Курстың тарих намасына оның ішінде алаш қайраткерлерінің еңбектеріне, Республиканың даму переспективасына байланысты өткізілген әр кездегі пікір-сайыстарға баса көңіл бөлінеді. Дерек көздерін молайту мақсатымен мұрағат, мерзімді баспа сөз беттеріндегі материалдарға, тақырыптық құжаттық жинақтардағы фактілерге көңіл аударылды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы, жер мәселесінің шиеленісуі, азаматтық қарсы тұру жылдарындағы әртүрлі саяси күштердід ара салмағына талдау жасалады.
2.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Бұл курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған мәселелерді камтуғада талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы және оның негізгі кағидалары.
1.Күзембайұлы А., Абиль Е.А.История Казахстана, Учебник для Вузов. 7-е изд. Перераб. и доп. – СПБ, Саларт, Санкт-Петербург 2004
2. Қозыбаев М. Ақтандықтар ақиқаты: оқу құралы. А, 1992
3.Әбуев Қазақстан тарихының «Ақтаңдақ беттерінен. А, 2004.
4.Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). 1-кітап, А -1998
5.Қозыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски. В двух книгах. Книга первая. А, 2000
6. Қозыбаев М.К.«Өркениет және ұлт». А, 2001
7.Қойгелдиев, Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді.А,1997.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 158 бет
Таңдаулыға:   
Лекция сабақтарының жоспарымен мазмұны
Қазақстан қазіргі заман
тарихы

Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні

Негізгі ұғымдар: Тарихи сана, далалық ауызша тарих, мәңгүрттік, шежіре,
жазбаша деректер.

Мақсаты: Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты мен
міндеттерінің мазмұнын ашу.
Жоспар:
1.Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да
қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан қазіргі заман тарихынның
кезеңдері.
2.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Пәнінің
басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.
Мазмұны:
1.Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да
қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан Республикасьшың
тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар
мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік
дәуірде ұлт аймактарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты
қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас
Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп
отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен
ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған
проблемалар аз емес.
Бағдарламада бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі кезең аралығында
еліміз жүріп өткен тарихи кезеңдерге талдау жасалады. Курстың тарих
намасына оның ішінде алаш қайраткерлерінің еңбектеріне, Республиканың даму
переспективасына байланысты өткізілген әр кездегі пікір-сайыстарға баса
көңіл бөлінеді. Дерек көздерін молайту мақсатымен мұрағат, мерзімді баспа
сөз беттеріндегі материалдарға, тақырыптық құжаттық жинақтардағы фактілерге
көңіл аударылды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы, жер мәселесінің шиеленісуі,
азаматтық қарсы тұру жылдарындағы әртүрлі саяси күштердід ара салмағына
талдау жасалады.
2.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Бұл
курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған
мәселелерді камтуғада талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару
жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның
біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы
және оның негізгі кағидалары.
Индустриаландыру бағытын қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген
кемшіліктерге де тоқталынады. Атап айтқанда өнеркәсіпті дамытудың
шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы казақ өкілдерінің үлес
салмағы мен кәсіби деңгейіне жан жақты талдау жасалынды. Курсты оқыту
барысында Ұлы Отан соғысы көзіндегі белгісіз фактілермен бұрмалангаи
мәселелерге көңіл аударылады.
Неміс-фашист басқыншыларына азат етілген аудандарға Қазақстаннын бергсн
көмегі туралыда мәліметтер айтылады. Тағыда ір көңіл аударылған мәселе -
Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы
және оның кұрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын
жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көленке мәселелер мен
онын себептері қарстырылады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасынын құрылуы шет мемлекетіермен
дипломатикалық қарым қатынасы, сыртқы эконмикалық саясаты, шаруашылык-
әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл
аударылды.
Егемендік кезеңінде еліміздін саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер
туралыда айтылады. Мәселен саяси партиялар мен коғамдық қозғалыстардың
өмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты
сақтау т.б. мәселелер қамтылады.
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты қандай?
2. Қазақстан қазіргі заман тарихы қандай кезеңдер аралығын қамтиды?
3.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің басқа қандай қоғамдық пәндермен
ара қатынасы және байланысы бар?

Лекция №-2 Қазіргі замандағы Қазақстанның тарихнамасы және деректемелері.

Негізгі ұғымдар: Пролетариат, тап, тарихты идеологияландыру, мифтерге
негізделген тарих,тарихи ақтаңдақ. тарихи ақиқат.

Мақсаты: XX-XXI ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері
туралы мәліметтер беру. Кеңестік және шетелдік тарихнаманың (ХХ-ХХІ ғ.
басы) қазақ тарихына қатысты ақтаңдақтарын ашып көрсету.

Жоспар:
1.Қазақстан тарихы тарихнамасының зерделену проблемалары.( ХХ ғ.)
2.Кеңестік және шетелдік тарихнама (ХХ-ХХІ ғ. басы)
Мазмұны:
1.Кеңестік тарихтың жол-жөнекей жазылуы,коммунизм мен капитализмнің
өзара арпалыстары. Тарихты идеологияландыруы. Ұлт проблемаларын ұпай
жинауға пайдаланғандығы.Отандық тарих оның ішінде қазақ халқының тарихы
саясат құрбандығына шалынуы.Мифтерге негізделген жалған,жалтақ тарихтың
ірге тасының қалануы.Отан тарихын саясатқа бейімдеп өңдеу,өзгерту
тәсілдері.Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу
мифі.Ұлттық мүддені пролетариаттық-таптық мүддеге бағындыру, ұлттық өзін-
өзі билеу құқын шектеп ұлттық мемлекет құруда пролетариат диктатурасын
табындыру.Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп
жерін,байлығын алып,оны алу үшін жалындыру.
2.Тарихи әдебиеттегі приоритеттің бірі- Қазан төңкерісінің заңдылығы
туралы миф. Қазақ кеңестік мемлекеттік статусты әсірелеу мифі туралы
академик М.Қ.Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992 жылғы баспадан шыққан
еңбегінде кеңестік дәуірдің тарихи ақтаңдақтары туралы ақиқатын ашты.
Қазақстан тарихының концепциясы негізгі пайымдары,одақ көлемінде империялық
бағытта жазылды. Бүгінде Отан тарихына тағлым ету,оның бетін жайлаған
мифтерден асып өту тарихшылар әулетінің қарызы мен парызы.
Қазақстандағы азамат соғысы туралы Покровский С.Н. Разгром
интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане (1919-1920 гг.) А-
А.,1967 г., П.Елагин А.С. Социалистическое строительство в Казахстане в
годы гражданской войны (1918-1920г. А-., 1966г.еңбектері жазылды бұл
зерттеулер кеңес үкіметінің ролін дәріптей көрсетті.
Тарихнама мәселесі Отан тарихының өте нәзік жауапты саласы.Отан
тарихының сүбелі бөлігі-мәдениет тарихы. Отан тарихы жаңа деректемелік
негізде жазылу керек .
М.Қ.Қойгелдиев Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа
Шоқайұлы. А.,1992 жылғы еңбеігінде Мұстафа Шоқайұлының қайраткерлік
тұлғасын танытты. К.Н.Нұрпеисов. Становление Советов в Казахстане.А.,1995
жылы баспадан шыққан зерттеуінде қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы туралы
тәуелсіз елдің тарихы тұрғысынан қарастырған.Қазақ зиялялары алаш арыстары
хақында автор. Алаш һәм алашорда атты табанды зерттеу еңбегін жазып
кетті.Т.Омарбековтың . Зобалаң атты Санат, баспасынан А.,1994 жылы жарық
көрген еңбегінде кеңес үкіметінің солақай саясатының қазақ халқына
тартқызған қасіреті мұрағат деректері негізінде берілген еңбнек.Сүлейменов
Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане (причины, характер,
движущие силы). А-А., 1977 жылы шыққан еңбекте 1916 жылғы көтерілістің
салдарын,тарихи сипатын,көтерілістің қозғаушы күштері туралы және
көтерілістің тарихи маңызы туралы жазды.1916 жылғы көтеріліс мәселесі бұған
дейін Х.Т.Турсуновтың Восстание 1916 г. в Средней Азии в Казахстане. атты
А., І950 жылғы зерттеуінде де қарастырылған болатын.Асылбеков М.Х.,
Нурмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в
Казахстане атты А-А., 1976 жылы жарық көрген еңбекте кеңестік дәуірдегі
Қазақстандағы өндірісте жұмыс жасайтын жұмысшы мамандар олардың кәсіби
деңгейлерін көтерудегі оқу орындарының ашылуы мен кадр дайындау мәселерін
қарастырды. Қазақстандағы индустрализациның бастамасы туралы
Г.Ф.Дахшлейгердің Турксиб-первенец социалистической
индустриализации атты А-А.,1953 жылы жарық көрген еңбегінде көрініс тапты.
Бекіту сұрақтары:
1. Тарихты идеологияландыруыды қалай түсінесің?
2.Отан тарихын саясатқа бейімдеп өңдеу,өзгерту тәсілдері қалай жасалған?
3.Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу мифі туралы
академик Манаш Қабашұлының қандай еңбегінде айтылған?
4.Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп
жерін,байлығын алып,оны алу үшін жалындыру саясаты қалай жүзеге асқан?

5.Отан тарихы жаңа деректемелік негізде жазылу керек дегенді қалай
түсінесің?

Лекция №3-6 1917 жылы Ресейдегі қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестік
биліктің орнауы

Негізгі ұғымдар: Революция, фактор, әскери коммунизм, қазан ревалюциясы.

Мақсаты: 1917 жылы Ресейдегі қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестік
биліктің орнауы және бірінші және екінші бүкіл қазақстандық съездер туралы
тарихи мәліметтер беру. Отан тарихына құрметпен қарауға, елжандылыққа
тәрбиелеу.
Жоспар:
1. Қазан оқиғасы 25 қазан 1917 Петроградтағы төңкеріс немесе Қазақ
комитетері құрылуы және қызметі.
2. Бірінші және екінші бүкіл қазақстандық съездер.
3. Қазақстандағы Кеңес билігінің орнауының ерекшеліктері. Алаш-Орданың
басшылығы: құрылуы және қызметі.
4.Қазақстан жеріндегі әскери қозғалыстар мен соғысқа кіруі
5. Азамат соғысы жылдарында қоғамның әскери-саяси жіктелуі.
6.Қазақ Кеңес мемлекетінің құрылуы
7. Қазақстандағы “әскери коммунизм саясаты”
Мазмұны:
1. Революцияға деген әртүрлі қоғамның әлеуметтік топтарының
көзқарасы.Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауының ерекшеліктері. Өлкедегі
әлеуметтік саяси ахуал. Алаш партиясы саяси күрестің факторы.
2.Олардың сьездегі қараған мәселелері. Алаш партиясының құрылуы. Оның
бағдарламасы. Қазақстандағы XX ғ. Партиялар мен қоғамдық ұйымдар.
3. Алаш-Орданың басшылығы: құрылуы және қызметі. Кеңестердің алғашқы
қадамдары және оларды қоғамның қабылдауы.
4. Революцияға деген әртүрлі қоғамның әлеуметтік топтарының
көзқарасы.Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауының ерекшеліктері. Өлкедегі
әлеуметтік саяси ахуал. Алаш партиясы саяси күрестің факторы.
5.Олардың сьездегі қараған мәселелері. Алаш партиясының құрылуы. Оның
бағдарламасы. Қазақстандағы XX ғ. Партиялар мен қоғамдық ұйымдар.
6. Алаш-Орданың басшылығы: құрылуы және қызметі. Кеңестердің алғашқы
қадамдары және оларды қоғамның қабылдауы.
7. “Әскери коммунизм”- большевиктердің тұңғыш рет “тауарсыз утопияны”
жүзеге асыру әрекеті. Национализациялау, еңбек міндеткерлігі, азық-түлік
салғырты. “Таптық” террордың күшеюі. Қазақстандағы кедейлер комитетінің
қызметі жөніндегі мәселе. Экономикалық дағдарыс- “әскери коммунизм”
саясатына қарсы жауап.
Бекіту сұрақтары:
1. Революцияға деген әртүрлі қоғамның әлеуметтік топтарының көзқарасы
қандай болды?
2.Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауының ерекшеліктерінатап беріңіз?
3.Алаш партиясы саяси күрестің факторы қандай болды?
4. Алаш партиясының сьездегі қараған мәселелерін атапберіңіз?
5. Алаш партиясының бағдарламасы қандай болды?
6. Кеңестердің алғашқы қадамдары және оларды қоғам қалай қабылдады?

Қазақстан XX ғ. 20-30 жж. саяси-экономикалық жағдай 4 сағат

Лекция №7 Қазақстандағы ұжымдастыру және оның зардаптары (1932-1933 жж.)

Негізгі ұғымдар: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, аграрлық реформа,
мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесі, кооперация, индустрияландыру,
әміршіл-әкімшілбасқару жүйесі,"халық жауы", контрреволюция.

Мақсаты: Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы кеңестік солақай саясаты және
оныңзардаптары туралы тарихихи ақиқатыменқалыпт. 1932-1933 жылдардағы
аштықтың халқымызға әкелген қасыреті туралы шындықты деректер негізінде
ашып көрсету.

Көрнекілігі:Кеңестік дәуірдегі Қазақстанның саяси картасы.Қазақстандағы
ұжымдастыру кезеңі тарихи деректі филмнен үзінді.

Жоспар:
1.20-шы жылдардағы республика ауыл шаруашылығындағы жағдай.
2.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933
жылдардағы аштық.
Бекіту сұрақтары:
1.Ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауының себептері неде?
2.1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР- інің көшпелі және
отырықшылыққа көшкен халықтары туралы қандай жарлық шығарды?
3. Қазақстанды жайлаған 1931-1932 жж аштықтың болуына не себеп болды
4. Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтардың
тағдыры қалай болды?

Лекция №8-10 Қазақстан XXғ. 20-ж. I-жартысындағы жаңа
экономикалық
саясат (ЖЭС).

Негізгі ұғымдар: Кіші қазан, оппозиция, социалистік индустриализацияның
принциптері, жаңа экономикалық саясат. “Кулактар”

Мақсаты: Қазақстан XXғ. 20-ж. I-жартысындағы жаңа экономикалық
жағдай және
өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы туралы тарихи ақиқатын
таныту.

Жоспар:
1. ЖЭС-қа дейнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай.
2. ЖЭС жылдарында Қазақстан экономикасы.
3. Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы.
4. Ф.И. Голощекин және “Кіші қазан” революциясы
5. Қазақстандағы социалистік индустриализацияның принциптері
және оның ерекшеліктері.
6. Елдің индустриалдық дамуның алғашқы қадамдары және дамуы.
7.Қазақстандағы мәдениет құрылысы және мәдениет жетістіктері
(1920-1940 жж).
Мазмұны:
1. Ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауы. 1921-1922 жж. Аштық. Апат аймағы.
Қоғамдағы әлеуметтік қарсылықтың өсуі және саяси дағдарыс. Шаруалардың
қарсыласу қозғалыстары. Өлкедегі кеңестерге қарсы көтерілістер.
2. ЖЭС-қа өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары.
Социалистік, капитализмге дейінгі және стихиялық тауар-нарықтық бағыттардың
күресі: “Кімді кім деңеді?” мәселесі. Экономикада көп укладты құрылымының
қалыптасуы.
3. Территориялық-әкімшілік бөлініс. ҚАКСР-нің құрамына қазақ жерлерінің
бірігуі. Демографиялық ахуал:1926 ж. санақ.
4.Көшпелі және жартылай көшпелілерді отырықшыландыру туралы Сталиндік
саясат. Ф.Голощекин Кіші Қазан идеясы. Қазақстанның дәстүрлі құрылымының
түпкілікті жойылуы және оның қасіреті, зардаптары. Қазақ ауылын күштеп
кеңестендіру: Ф.И. Голощекин және оның саяси портреті. Оппозиция.
5. ЖЭС идеясын ауытқушылықтың басталуы. “Кулактардың” бас көтеруі: 1927-
1928 жылдардағы азық-түлік дағдарысы. Ауыл шаруашылық өнімдерін күшпен
дайындауға көшу. Салық тәртібінің күшеюі. Шаруаларға қарсы бағытталған
жаппай қуғын-сүргіннің қанат жаюы.
6. Индустрияландыру: сипаты, қарқыны, ауқымы және географиясы. Бірінші
бесжылдық және оның сәтсіздікке ұшырауы. Ұжымдастыру –шаруалар қасіреті.
Индустрияландыру және жинақтау қорлар мәселесі. Қазақстанның дәстүрлі
құрылымының түпкілікті жойылуы және оның қасіреті, зардаптары.
1932-1933 жылдардағы аштық. Тұрғындардың жаппай көшіп кетуі. Шаруалардың
қарсыласу қозғалысы: ауқымы және географиясы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси
ахуал: идеялық және саяси қарсыластардың көзін жою. Идеологиялық саяси
террордың одан әрі қанат жаюы.
7.Қазақстандағы мәдениет құрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940
жж). Республикада ғылымды өркендетуде 1932 жылы СССР Ғылым академиясының
қазақстандық базасының ашылуы маңызды қадам болды. Ол 1938 жылы СССР Ғылым
академиясының филиалына айналды. Мәдени даму рухани өмірдің бүкіл саласын
қамтыды. 1936 жылы майда Москвада қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі
өтті.
Совет ғылымының көрнекті өкілдері — академиктер: А.Д. Архангельский,
И.П.Бардин, С.И.Вавилов, И.М.Губкин, А.П.Карпинский, В.Л. Комаров, В.А.
Обручевт.б. респуб-лика халық шаруашылығының маңызды проблемаларын шешуге,
жоғары мамандығы бар ғылыми ұлт кадрларын даярлауға тікелей араласты.
Қазақ Советі әдебиеті мен өнері гүлденіп өсті. С.Сейфуллин, Б.Майлин,
І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұканов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. көрнекті
сөз шеберлері осіп шықты. Қазақ поэзиясының алыбы Ж.Жабаевтың жалынды
жырлары бүкіл әлемге тарады. Қазақ сахнасының шеберлері К.Байсеитова,
Ә.Қашаубаев, Ж.Шанин, Қ. Жандарбеков, Қ.Байсейітов, Қ.Қуанышбаев,
С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов т.б. өнері лайықты бағасын алды. Қазақ халқы орыс
және дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының үздік жетістіктерімен
танысты. Қазақтың әдеби тілі жетіле түсті, халық бүқа-расының тілегіне
сәйкес орыс графикасына көшірілген альфавиті қайта құрыдды. Біздің көп
ұлтты еліміздің, оның ішінде Қазақстанның экономикасында, саяси және мәдени
өмірінде, әлеуметтік құрылысында түбірлі өзгерістер болды.

Бекіту сұрақтары:
1.Ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауының себептері неде?
1922. жж аштықтың болуына не себеп болды?
3.Өлкедегі кеңестерге қарсы көтерілістерболған аймақтарды картадан көрсет?
4. ЖЭС-қа өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын атаңыз?.
5.Экономикада көп укладты құрылымының қалыптасуы немен аяқталды?
6.Шаруаларға қарсы бағытталған жаппай қуғын-сүргіннің қанат жаюы немен
бітті?
7. Индустрияландыру неүшін қажет болды?

Лекция №11-15 Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында

Негізгі ұғымдар: Қазақ кеңестік әдебиеті, әскери лагерь, партизан,
интернационал, тыл, майдан,

Мақсаты: Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан
әскери лагерь бөлімі, мәдениеті мен ғылымы туралы жаңа тарихи танымдық
білімдерін қалыптастыру.
Жоспар:
1. Соғыстың басталуы: Қазақстан әскери лагерь бөлімі
2. Ленинград пен Москва түбіндегі шайқастардағы қазақстандықтардың ерлігі.
3. Сталинград түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың ерлікпен қаза табуы.
4. Курск түбінде неміс-фашист әскерлерінің тасталқан болу және оған
қазақстандықтардың қатысуы.
5. Жау қолындағы аймақатрдағы партизандық қозғалыстар.
6.Империалистік Жапонияның талқындалуы.
7.Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында.
8. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.

Мазмұны:

1. Фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы. Соғыстың басталуы, оның сипаты.
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы. Қазақстан-біртұтас ұрыс
лагерінің құрамдас бөлігі. Өлкенің экономикасын соғысқа бейімдеп қайта
құру.
2. Қазақстан-майданның ең ірі арсеналы. Қазақстандықтар майданда.
Қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград үшін шайқастардағы қаһармандық
ерлігі. Алғашқы батыр-қазақстандықтар. 28 Панфиловшылар. Б. Момышұлы (1990
ж. Кеңестер Одағының батыры). Алғашқы Кеңестер Одағының Батыры. Шығыс
әйелдері: Ә.Молдағұлова, М.Мәметова.
3. Қазақстандықтар Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысы барысындағы түбегейлі
бетбұрыс кезеңінде (1942-1943 жж. қараша). Қазкақстандықтардың неміс
әскерлерін Сталинград түбінде талқауындағы көзсіз ерліктері.
4. Неміс-фашист әскерлерінің Курск доғасында талқандалуы және оған
қазақстандықтардың қатысуы.
5. Қазақстандықтардың жау қолында қалған аудандардағы партизан қозғалысына
қатысуы. Қазақстандық-партизандардың Украина, Белоруссия және РСФСР-дің
солтүстік-батыс облыстары территориясын азат етудегі үлесі.
6. Империалистік Жапонияны талқандау және оған қазақстандық жауынгерлердің
қатысуы.
7.Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында.
8.Интеллигенцияның патриоттық, интернационалдық сезімдерді көтерудегі және
КСРО халықтарының бірлігін нығайтудағы рөлі. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
Қазақстандағы халыққа білім беру ісі. Республиканың жоғары және орта
арнаулы оқу орындары. Жаңадан құрылған және көшіріліп әкелінген жоғары оқу
орындары мен ғылыми мекемелерінің қызметі. Концерттік бригадалар майданда.
Қазақ кеңестік әдебиетінің, өнерінің және мерзімді баспасөзінің майданға
қызметі.

Бекіту сұрақтары:
1. Фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы қалай өрбіді?
2. Б. Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова сияқты батырлармен қатар тағы
басқа қандай қазақ батырларын білесіздер?
3. Неміс-фашист әскерлерінің Курск доғасында талқандалуы және оған
қазақстандықтардың қатысуытуралы не білесің?
4. Украйна жерінде болған белгілі партизан қазақ жауынгері кім еді?
5.Қазақстандық-партизандардың Украина, Белоруссия және РСФСР-дің солтүстік-
батыс облыстары территориясын азат етудегі үлесі қандай болды?
6. Империалистік Жапонияны талқандау және оған қазақстандық жауынгерлердің
қатысуы қалай болды ?
7. Соғысқа қазақстаннан қандай көмек жіберіп отырды?

Лекция №16-20 Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1965 ж.ж.)

Негізгі ұғымдар: Ғылыми-техникалық прогресс, реформа, этнодемографиялық
құрлым.
Мақсаты: Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда өнеркәсіп
өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.Тың және тыңайған жерлерді игеру
тарихын таныту. Еңбек сүйгіштікке тәрбилеу.
Жоспар:
1. Бейбіт тұрмысқа өтуі.
2.Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.
3.Ауыл шаруашылығы.
4.Тың және тыңайған жерлерді игеру.

Мазмұны:

1. Халықаралық жағдайдың капиталистік елдермен қатынастың
күрделі сипаты. Соған байланысты ішкі дамуда әскери өнеркәсіптік базаны
жедел дамыту бағытын көздеу. Қазақстанда қайта ақтау процесінің басталуы.
Республика экономикасын бейбіт өмірге бейімдеп қайта құру.
2. Өнеркәсіп және оның салалары: республикада біртұтас транспорт жүйесін
құру.
3. Үкіметтің колхоздарды ірілендіру, шаруалардың жеке белсенділігін басу
шаралары. Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 ж. Шаруашылық реформа. Ауыл-
шаруашылығының жағдайы.
4. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру, оның әлеуметтік –
экономикалық салдары. Тыңды игерудің Қазақстан тұрғындардың
этнодемографиялық құрлымына әсері.
Бекіту сұрақтары:
1. Республика экономикасын бейбіт өмірге бейімдеп қайта құру қашан
басталды?
2. Өнеркәсіп және оның салалары: республикада біртұтас транспорт жүйесін
құру қалай әсер етті?
3. Ауыл-шаруашылығының жағдайы қандай көріністе болды?
4. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру, оның әлеуметтік –
экономикалық салдары және тыңды игерудің Қазақстан тұрғындардың
этнодемографиялық құрлымына әсері қалай тиді?

Лекция №21-22 КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстан (1985-
1991ж.ж)

Негізгі ұғымдар: Экология, Биресми қоғамдық қозғалыстар, Экологиялық
қозғалыстарды саясаттандыру.

Мақсаты: КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстандағы саяси-
эклогиялық жағдайлар туралы тарихи мәліметтер беру.Табиғатты қорғай білуге
тәрбиелеу.
Жоспар:
1.Қазақстандағы (1985-1991ж.ж.) саяси жағдайлар
2. 1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы жүйесінің дағдарысы.

Мазмұны:

1. КПСС-тің Сәуір пленумы (1985 ж) Жаңа курстың жариялануы. Қазақстандағы
1986 ж. желтоқсан оқиғалары. 1987-1989 жж. саяси жағдайлар Экологиялық
қозғалыстарды саясаттандыру. Биресми қоғамдық қозғалыстар. Бір партиялық
жүйеден көппартиялық жүйеге көшу. Қазақстанның саяси партиялары. КСРО
ыдырауы және ТМД-ның құрылуы.
2. Қазақстандағы реформалар. 1986-1989 ж.ж. экономикалық рефлрмалар 1990-
1991 ж.ж. Қазақстанның экономикалық реформалар

Бекіту сұрақтары:
1.КСРО ыдырауының саяси себептері болды ма?
2.ТМД-ның құрылуы қандай мақсаттарда жүзеге асты?
3.1985-1991 ж.ж. Қазақстанның экономикалық жүйесінің дағдарысының себебі
неде болды?

Лекция №23-26 XX ғ. соңы мен XXI ғ. басындығы Қазақстан (1995-2000 жж.)

Негізгі ұғымдар: Кеңестік ғылым, инфляция, валюта. Республиканың
тәуелсіздігін жариялау. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы” заң. Ресейдің территориалдық талаптары.

Мақсаты: . Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдайлар туралы
деректер негізінде тарихи сана біліктіліктерін қалыптастыру.
Жоспар:
1.Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдай.
2.XX ғ. 90 жылдарының екінші жартысындағы Қазақстан экономикасы.
3.1995-2000 жылдары Қазақстан үкіметінің әлеуметтік саясаты.
4.1995-2000 ж.ж. мәдениет, ғылым білім және денсаулық.
5.Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі басты сыртқы саясаты (XX
ғ. аяғы- XXIғ. басы.)
Мазмұны:
1. Республиканың тәуелсіздігін жариялау. “Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң. Республика президентін сайлау.
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер. Қазақстан Республикасының
Конституциясын дайындап қабылдау. Жаңа мемлекеттік рәміздерді Жоғары
Кеңестің бекітуі. Ресейдің территориалдық талаптары.
2. Экономикадағы капиталистік өзгерістер. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен
тыс бөлу және жекешелендіру. Бағаны ырықтандыру. Материалдық өндірістің
күйреуі. Ұлттық валютаны енгізу. Үкіметтің экономиканы тұрақтандыу
шаралары.
3. Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік мәселелер. Инфляцияның салдарлары.
Жұмыссыздық пен қылмыстың көбеюі. Халықтың тіршілік деңгейінің
төмендеуінің салдары.
4. Деңсаулық сақтау және халық ағарту салаларындағы жағдай.
5. Сыртқы саясаттар қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық
байланыстары. Қазақстанның БҰҰ-на және басқа халықаралық ұйымдарымен
байланысы. Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қатынастар
жүйесіндегі байланыстарының кеңеюі.

Бекіту сұрақтары:
1. Республиканың тәуелсіздігін жариялау және “Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң, Республика президентін сайлау, қашан
өтті?
2. Үкіметтің экономиканы тұрақтандыру шаралары қалай жүзеге асты ?
3. Халықтың тіршілік деңгейінің төмендеуінің әлеуметтік салдары неде?
4. Деңсаулық сақтау және халық ағарту салаларындағы жағдай қандай болды?
5. Қазақстанның БҰҰ-на және басқа халықаралық ұйымдарымен байланысы қандай
пайда әкелді?

Лекция №27-30 Қазақстанның басқа елдермен саяси және экономикалық
байланыстардың дамуы (2001-2010ж.ж)

Негізгі ұғымдар: Біріккен Ұлттар Ұйымы, стратегия, инвестиция, халықаралық
экономикалық және қаржылық ұйымдар

Мақсаты: Қазақстанның басқа елдермен саяси және экономикалық байланыстардың
дамуы Ресеймен экономикалық байланыстары мен халықаралық қатынастар туралы
тарихи біліктіліктерін дамыту.Отаншылдық рухқа тірбиелеу..
Жоспар:
1.Орталық Азия елдерімен Қазақстанның қарым-қатынастары.
2.Ресеймен экономикалық байланыстары.
3.Қазақстан әлемдік қауымдастықтын тең құқылы мүшесі.
4.Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.

Мазмұны:
1. Қазақстанның Орта Азия елдерімен өзара жаңа сападағы қатынастардың
қалыптаса бастауы. Саяси, әскери, экономикалық, мәдени байланыстары.
2. Ресей және ТМД-ның басқа да елдерімен өзара сенімді және тең қатынас
қалыптастыруға бағытталған шаралар. Ресеймен арадағы экономикалық
байланыстарды одан әрі нығайта түсуге түсуге бағытталған құжаттарға қол
қойылуы.
3. Қазақстан-әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі.Қазақстан
Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылдануы. әлемдік қауымдастықтың
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындауы. әлем елдерімен
дипломатиялық қатынастың қалыптасуы. Ішкі және сыртқы саясатта ұзақ
мерзімді приоритеттер мен стратегиялық мақсаттарды айқындау.
4. Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар жұмысына
араласа бастауы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.

Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстанның Орта Азия елдерімен өзара саяси, әскери, экономикалық,
мәдени байланыстары қандай?
2.. Ресеймен арадағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге
бағытталған қандай құжаттарға қол қойылды?
3. Ішкі және сыртқы саясатта ұзақ мерзімді қандай приоритеттер мен
стратегиялық мақсаттарды көздейді?
4. Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар жұмысына
араласа бастауы мен Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның
тартылуының себептері неде?

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті

Қазақстан қазіргі заман тарихы
пәннің лекция сабақтарының әдістеиелігі
050114 тарих мамандағы студенттеріне арналған
(бакалавриат)

Қостанай 2009

Лекция сабақтарының жоспарымен мазмұны
Қазақстан қазіргі замандағы тарихы

Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні

Негізгі ұғымдар: Тарихи сана, далалық ауызша тарих, мәңгүрттік, шежіре,
жазбаша деректер.

Мақсаты: Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты мен
міндеттерінің мазмұнын ашу.
Жоспар:
1.Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да
қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан қазіргі заман тарихынның
кезеңдері.
2.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері.Пәнінің
басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.
Лекция
1.Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да
қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан Республикасьшың
тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар
мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік
дәуірде ұлт аймактарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты
қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас
Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп
отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен
ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған
проблемалар аз емес.
Бағдарламада бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі кезең аралығында
еліміз жүріп өткен тарихи кезеңдерге талдау жасалады. Курстың тарих
намасына оның ішінде алаш қайраткерлерінің еңбектеріне, Республиканың даму
переспективасына байланысты өткізілген әр кездегі пікір-сайыстарға баса
көңіл бөлінеді. Дерек көздерін молайту мақсатымен мұрағат, мерзімді баспа
сөз беттеріндегі материалдарға, тақырыптық құжаттық жинақтардағы фактілерге
көңіл аударылды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы, жер мәселесінің шиеленісуі,
азаматтық қарсы тұру жылдарындағы әртүрлі саяси күштердід ара салмағына
талдау жасалады.
2.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Бұл
курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған
мәселелерді камтуғада талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару
жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның
біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы
және оның негізгі кағидалары.
Индустриаландыру бағытын қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген
кемшіліктерге де тоқталынады. Атап айтқанда өнеркәсіпті дамытудың
шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы казақ өкілдерінің үлес
салмағы мен кәсіби деңгейіне жан жақты талдау жасалынды. Курсты оқыту
барысында Ұлы Отан соғысы көзіндегі белгісіз фактілермен бұрмалангаи
мәселелерге көңіл аударылады.
Неміс-фашист басқыншыларына азат етілген аудандарға Қазақстаннын бергсн
көмегі туралыда мәліметтер айтылады. Тағыда ір көңіл аударылған мәселе -
Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы
және оның кұрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын
жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көленке мәселелер мен
онын себептері қарстырылады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасынын құрылуы шет мемлекетіермен
дипломатикалық қарым қатынасы, сыртқы эконмикалық саясаты, шаруашылык-
әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл
аударылды.
Егемендік кезеңінде еліміздін саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер
туралыда айтылады. Мәселен саяси партиялар мен коғамдық қозғалыстардың
өмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты
сақтау т.б. мәселелер қамтылады.
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты қандай?
2. Қазақстан қазіргі заман тарихы қандай кезеңдер аралығын қамтиды?
3.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің басқа қандай қоғамдық пәндермен
ара қатынасы және байланысы бар?

Лекция №-2 Қазіргі замандағы Қазақстанның тарихнамасы және деректемелері.

Негізгі ұғымдар: Пролетариат, тап, тарихты идеологияландыру, мифтерге
негізделген тарих,тарихи ақтаңдақ,тарихи ақиқат.

Мақсаты: XX-XXI ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері
туралы мәліметтер беру. Кеңестік және шетелдік тарихнаманың (ХХ-ХХІғ.
басы) қазақ тарихына қатысты кеңестік дәуірдегі саясатттандырылған кеңестік
тарихтың ақтаңдақтарын ашып көрсету.

Жоспар:
1.Қазақстан тарихы тарихнамасының зерделену проблемалары.( ХХ ғ.)
2.Кеңестік және шетелдік тарихнама (ХХ-ХХІ ғ. басы)
Лекция
1.Кеңестік тарихтың жол-жөнекей жазылуы,коммунизм мен капитализмнің
өзара арпалыстары. Тарихты идеологияландыруы. Ұлт проблемаларын ұпай
жинауға пайдаланғандығы.Отандық тарих оның ішінде қазақ халқының тарихы
саясат құрбандығына шалынуы.Мифтерге негізделген жалған,жалтақ тарихтың
ірге тасының қалануы.Отан тарихын саясатқа бейімдеп өңдеу,өзгерту
тәсілдері.Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу
мифі.Ұлттық мүддені пролетариаттық-таптық мүддеге бағындыру, ұлттық өзін-
өзі билеу құқын шектеп ұлттық мемлекет құруда пролетариат диктатурасын
табындыру.Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп
жерін,байлығын алып,оны алу үшін жалындыру.
2.Тарихи әдебиеттегі приоритеттің бірі- Қазан төңкерісінің заңдылығы
туралы миф. Қазақ кеңестік мемлекеттік статусты әсірелеу мифі туралы
академик М.Қ.Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992 жылғы баспадан шыққан
еңбегінде кеңестік дәуірдің тарихи ақтаңдақтары туралы ақиқатын ашты.
Қазақстан тарихының концепциясы негізгі пайымдары,одақ көлемінде империялық
бағытта жазылды. Бүгінде Отан тарихына тағлым ету,оның бетін жайлаған
мифтерден асып өту тарихшылар әулетінің қарызы мен парызы.
Қазақстандағы азамат соғысы туралы Покровский С.Н. Разгром
интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане (1919-1920 гг.) А-
А.,1967., П.Елагин А.С. Социалистическое строительство в Казахстане в годы
гражданской войны (1918-1920 г. А-., 1966 жылғы.еңбектері жазылды бұл
зерттеулер кеңес үкіметінің ролін дәріптей көрсетті.
Тарихнама мәселесі Отан тарихының өте нәзік жауапты саласы.Отан
тарихының сүбелі бөлігі-мәдениет тарихы. Отан тарихы жаңа деректемелік
негізде жазылу керек .
М.Қ.Қойгелдиев Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа
Шоқайұлы. А.,1992 жылғы еңбеігінде Мұстафа Шоқайұлының қайраткерлік
тұлғасын танытты. К.Н.Нұрпеисов. Становление Советов в Казахстане.А.,1995
жылы баспадан шыққан зерттеуінде қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы туралы
тәуелсіз елдің тарихы тұрғысынан қарастырған.Қазақ зиялялары алаш арыстары
хақында автор. Алаш һәм алашорда атты табанды зерттеу еңбегін жазып
кетті.Т.Омарбековтың . Зобалаң атты Санат, баспасынан А.,1994 жылы жарық
көрген еңбегінде кеңес үкіметінің солақай саясатының қазақ халқына
тартқызған қасіреті мұрағат деректері негізінде берілген еңбнек.Сүлейменов
Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане (причины, характер,
движущие силы). А-А., 1977 жылы шыққан еңбекте 1916 жылғы көтерілістің
салдарын,тарихи сипатын,көтерілістің қозғаушы күштері туралы және
көтерілістің тарихи маңызы туралы жазды.1916 жылғы көтеріліс мәселесі бұған
дейін Х.Т.Турсуновтың Восстание 1916 г. в Средней Азии в Казахстане. атты
А., І950 жылғы зерттеуінде де қарастырылған болатын.Асылбеков М.Х.,
Нурмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в
Казахстане атты А-А., 1976 жылы жарық көрген еңбекте кеңестік дәуірдегі
Қазақстандағы өндірісте жұмыс жасайтын жұмысшы мамандар олардың кәсіби
деңгейлерін көтерудегі оқу орындарының ашылуы мен кадр дайындау мәселерін
қарастырды. Қазақстандағы индустрализациның бастамасы туралы
Г.Ф.Дахшлейгердің Турксиб-первенец социалистической
индустриализации атты А-А.,1953 жылы жарық көрген еңбегінде көрініс тапты.
Бекіту сұрақтары:
1. Тарихты идеологияландыруыды қалай түсінесің?
2.Отан тарихын саясатқа бейімдеп өңдеу,өзгерту тәсілдері қалай жасалған?
3.Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу мифі туралы
академик Манаш Қабашұлының қандай еңбегінде айтылған?
4.Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп
жерін,байлығын алып,оны алу үшін жалындыру саясаты қалай жүзеге асқан?

5.Отан тарихы жаңа деректемелік негізде жазылу керек дегенді қалай
түсінесің?

Лекция №3-6 1917 жылы Ресейдегі қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестік
биліктің орнауы

Негізгі ұғымдар: Революция, фактор, әскери коммунизм, қазан ревалюциясы.

Мақсаты: 1917 жылы Ресейдегі қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестік
биліктің орнауы және бірінші және екінші бүкіл қазақстандық съездер туралы
тарихи мәліметтер беру. Отан тарихына құрметпен қарауға, елжандылыққа
тәрбиелеу.
.
Жоспар:
1. Қазан оқиғасы 25 қазан 1917 Петроградтағы төңкеріс немесе Қазақ
комитетері құрылуы және қызметі.
2. Бірінші және екінші бүкіл қазақстандық съездер.
3. Қазақстандағы Кеңес билігінің орнауының ерекшеліктері. Алаш-Орданың
басшылығы: құрылуы және қызметі.
4.Қазақстан жеріндегі әскери қозғалыстар мен соғысқа кіруі
5. Азамат соғысы жылдарында қоғамның әскери-саяси жіктелуі.
6.Қазақ Кеңес мемлекетінің құрылуы
7. Қазақстандағы “әскери коммунизм саясаты”
Лекция
1.Қазан оқиғасы 25 қазан 1917 Петроградтағы төңкеріс
немесе Қазақ комитетері
құрылуы және қызметі. 1917 жылы қазанда Петроградта және оның маңайыңда
социалистік революцияның жеңіп шығуы үшін партияның басшылығымен Қызыл
гвардияшылардың, революцияшыл солдаттар мен матростардың 250 мың
жауынгерінен түратын екпінді отряд жасақталды. Осы басты үш күш 24 қазанда
таңертең шабуылға шығып, сол күннің кешінде көтерілістің орталығы
Смольныйға В.И.Ленин келгеннен кейін, көтеріліс өзінің шешуші кезеңіне
көшті. 25 қазанда (қарашаның 7) таңертең Петроград Советі жанындағы Әскери-
рев. Комерция-лық комитет В.И.Ленин әзірлеген "Россия азаматтарына" үндеуді
жариялады. Онда Уақытша үкіметтің құлатылғаны хабарланды. 25 қазанның
кешінде Смольныйда Советтердің Бүкіл россиялық 2-съезі ашылды. Съезд
"Жұмысшыларға, солдатгарға және шаруаларға" үңдеудегі бүкіл өкімет
билігінің Советтерге көшкенін мәлімдеп, қарулы көтерілістің жеңіп шыққанын
баян етгі. Съезд Бейбітшілік туралы, Жер туралы декретгер қабыддап, БОАК-ті
сайлады. Совет үкіметін-Халық Комиссарлары Советін құрды. Оның Председателі
болып В.И.Ленин бекітілді. Жаңа заман басталды.
Совет үкіметінің алғашқы актілерінщ бірі "Россия халық-тары праволарының
Декларациясы" болды. Онда жұмысшы-шаруа мемлекетінің ұлт саясатының негізгі
принциптері: Россия халықтарының тендігі мен суверендігі, олардың өзінің
мемлекет құрылысын өзі шешу правосы жарияланды. Ұлттық және этникалық
азшьшық пен топтардың еркін дамуы, ұлтгық және діни артықшылықтарды жою-
Совет өкіметінің ұлт программасы, міне осындай еді.
Қарашаның басында Москвада жеңіске жеткен революция бүкіл елде өзінің
салтанатты шеруін бастады. Поволжьеде, Уралда, Сібірде Совет өкіметінің
орнауы кейбір себептерге байланысты біраз кешеуідцеді. 1917 ж. 30 қазанда
Қазақстаңда алғаш рет екімет билігін Перовск (қазіргі Қызылорда)
жұмысшылары мен солдаттары өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен гарнизон
орналасқан ірі теміржол станциясы болатын. 3 маусымда мұнда дербес
большевиктік ұйым құрылып, РСДЖ(б) П ОК-нің Москва бюросымен байланыс
орнатқан еді. Түркістан мен Сырдария облысының әкімшілік орталығы
Ташкенттегі қарулы көтеріліс жеңіске жеткеннен кейін Әулиеатада, Шымкентге,
Қазалыда т.б. жерлерде бейбіт жолмен Совет өкіметі орнады. Біраз кідірістен
кейін — 22 қарашада Петропандца, 27 желтоқсаңца Ақмолада өкімет билігі
Советгер қолына көшті. Оның кщіру себебі Сібір казакгарының ауқатгы
бөлігіне арқа сүйеген эсерлер мен меньшевиктер белсенді қарсылық көрсетті.
Ұсақ буржуазиялық қайрат-керлердің казактардьщ офицер-атаман топтарымен
бірііуі оларға кей жерлерде революция күшін уақытша тежеуге мүмкіндік
берді. Оралда, Орынборда, Алматыда меньшевиктер мен эсерлердің қатысуымен,
"әскери үкімет"құрыдды. Ол Совет екіметімен күреске әзірлік жұмысьш өз
қольша алды. Семейде, Павлодарда, Өскеменде үсақ буржуазиялық "делегаттар
жиналысының" қолшоқпары басшылық етті. Бұл жерлерде казак полкгерімен,
жасақтармен, офицерлік-юнкерлік отрядтармен бірге реакция жергілікті
халықтардың буржуазияшыл-дарьшан қолдау тапты. 14 қарашада атаман Дутов
Орынборда төңкеріс жасап, Поволжье мен Орал өңірі Қызыл гвардия-шыддармен
ашықтан-ашық Қазақставда кеңес үкіметіне қарсы соғыс қимылдарына көшті.
Басқа жол, басқа әдісті әлі танып-білмеген қарапайым халықтың басым
бөлігі коммунистердің соңына еріп, ал мүвдай әрекетгің арты немен
аяқталатынын әуелде жақсы түсіне алмады. Олар өз арасынан комиссарлар
сайлап Совет үкіметін қолдады.
Бірақ 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар, сонымен бірге,
қазақ қоғамывда ұлттық бостандық үшін күрестің жолдары мен өдісіне қатысты
жаңа көзқарастың қалыптасып қалғанын да көрсетіп берді. Оны ұстанушы ұлтгық
демократиялық интеллигенция қазақ жеріндегі ара салмақтьщ өзгергенін, қарсы
тұрған жаудың да күші мен айласы бұрын-ғьщан басқа екеңдігін ескере отырып,
күрестің жаңа әдісіне көшу қажеттігін, ал ол әдістің негізгі белгісі ұлтгық
саяси тұтастық және негізгі мақсатгар үшін саналы, ұйымдасқан әрекетке өту
екендігін халыққа жеткізуге тырысты.
Оқиғалар ағымы екінші көзқарастың сол тарихи кезеңцегі ұлт мүддесіне тура
келетіңцігш көрсетіп берді. Демократиялық интеллигенция болса жаңа заман,
жаңа өзгерістердің келе жатқавдығын тура түсіне отырып, енді белсенді
әрекетке көшті. Оның бұл әрекеті алдымен саяси партия құрудан бастадцы.
2. Бірінші және екінші бүкіл қазақстандық съездер.Қазақтардың демократ
жетекшілері 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда "Алаш" партиясының кезекті
(үшінші) съөзін өткізді. Съезде Алашорда автономиясының орнағанын және
кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі Ә.Бөкейханов бастаған үкімет
құрылғанын хабарлады, программалық документтер қабылдады. Ол 25 мың адамнан
түратын мқлиция формасындағы ұлтгық қарулы күш ұйымдастыруды белгіледі.
Алаш өкіметін құру мәселесі 1917 жылы шідденің 21-28-інде Орынбор
қаласында жалпы қазақтық I съөзінде қаралған болатын, съезде 14 мәселе
талқыға түсті. Аддымен мемлекет қүрылысы қаралды: "Русиядемократическая,
парламентар-ская республика болып, қазақ облыстары қоныс-ұлт жігіне қарай
облыстық автономия алуға тиіс" деп ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер
проблемасы жайында 14 баптан тұратын қаулы қабылдады. Ең мықтап айта
алғандары: "қазақ халқы өзінің еншілі жеріне орнығып болғанша қазақ жері
ешкімге берілмесін". Осындай дұрыс ой- пікір күні бүгінге дейін күшін
жойған жоқ.
3. Қазақстандағы Кеңес билігінің орнауының ерекшеліктері. Алаш-
Орданың басшылығы: құрылуы және қызметі. Ал қазақтың ұлтгық-территориялық
мәселесін Алашорда автономиясы 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор
қаласындағы жалпықазақтың II съөзінде занды түрде бекітті.
Алашорда автономиясын оның конституциясын бүкілроссиялық құрылтай съезі
бекітуге тиіс. "Алаш" партиясы Программасының жобасы 1917 жылы "Қазақ"
газетінің 251 санында жарияланды. 10 баптан түратын саяси құжатта қазақ
елінің ұлтгық, тілек-мақсатының негізгілері баяңдалды, онда: "Алаш Орда"
үкіметінің бағдарламасында автономияның мемлекетгік үкімет билігінің түрі
"федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет" ретінде анықталды. Ол
республиканың Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Думасы болады, атқарушы
механизм міндетін Президент пен Министрлер кеңесі атқарады деп көрсетілді.
Бұл бағдарлама сонымен қатар сайлау жүйесін де, дінді мемлекетген бөлуді
де, сот істерін белгілі бір жерде жинақылап, көпшілік болыптабылатын
халықтың тілінде жүргізу, әскер құру мен салық салу ісін ұйымдастыру,
"түземдіктердің"жерді пайдаланудағы құқығын анықтау және жерге мемлекеттік
меншікті орнату сияқты тағы басқа шараларды да қамтыды.
Осы жалпықазақтық II съезіңце: "Алаш облыстарын қазіргі бұліншіліктен
қорғау мақсатымен уақытша ұлт кеңесі күрылды, оның аты "Алашорда" деп
аталды. "Алашорданың" өкімет қүрамы 25 адам болып, 10 орын қазақтар
арасындағы басқа халықтарға қалдырылды.
Алаш авгономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт
кеңесінің құрамына 15 қазақ азаматы сайланды. Уәлитхан Танашев (Бөкей
ордасы), Халел Досмұ-хамедов (Орал облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы),
Сыдық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы),
облыстардан тыс Алашорда қүрамына Әлихан Бокейханов, Жаһанша Досмүхамедов,
Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев,
Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 мүшелеріне
орынбасарлар болып қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің
кавндидатуралары бекітіледі. Әлихан Бөкейханов Алаш автономиясының үкіметі
— Алашорданың төрағасы болып сайланды.
Сол кездегі Алашорда автономиялык мемлекетінің жері Россия империясының
бес әкімшілік (административных) қүрамы болып кірген еді. Сырдария мен
Жетісу облыстары — Түркістан генерал губернаторлығына, Торғай облысы
Орынбор губерниясына, Орал облысы тікелей Россия мемлекетінің қүрамына
кірді4.
Алашорданың уақытша ұлт кеңесінің басшы қүрамына сайланғавдар, 1918 жылғы
көкектің екісіне дейін Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар Москвада автономия
алу жөнінде В.И.Лениннің қабылдауында болды. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов,
Ә.Ермековтер В.И.Ленин және И.В.Сталинмен Қазақ автономиясыньщ жер көлемі,
шекарасы туралы келіссөз жүргізді. "Қазақ" газетінің 1918 жылғы 30 шідцеде
шыққан 262 санында "Заречная слободада Алаш орда хүкумәтінің іске
кіріскені" туралы телеграмма басылған. Сонымен қатар 1918 жьшы майда Оралда
өткен қазақ съөзінде Жаһанша және Халел Досмұхамедовтер бастаған "Ойыл
уәлаятының" уақытша үкіметі (провинциальное правительство) жарияланды. Ол
сол жылы 26 шілдеде Жымпиты қаласына барып орналасқан. Бірақ Алаш орданың
батыс бөлігі жеке ұйым деп есептелмеген. Алашорда автономиясының төрағасы
Ә.Бөкейханов "Алашорданың батыс белімін құру жайын іс кағазына қол қойған,
бірақ Алашордада заңды түрде мүвдай бөлінуі болмаған1". Осының бәрін ескере
отырып, Алашорданың батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеуге болмайды2 — деп
жазды Қырғыз өлкесін басқарушы Пестковскийге 1920 жылы 23 ақпанда жазған
есебінде.
"Алаш Орда" үкіметі өзінің әскерін құруға және Қазақстан аумағында
өкілеггі өкімет биліктерін ұйымдастыруға кірісті, "ресей патриотизміне"
ақырына дейін адал болып қалған әскер бөлімдерінің атамандарымен әскери
одақ құрып, олардан қару-жарақ алмак, болды.
Алаш үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов 1919 жыддың басывда Омбыда
Колчактан қару-жарақ сүрау ниетімен барғавда Алаш Орда үкіметіне бағынышты
өскердің қүрамын, тұрған жерін санын айтады: солардың ішінде:
Жетісу майданында - 700 адам, Тройцкіде — 540 адам, Орал облысында 2000
адамнан күрылған 2 әскери бригада болғанын көреміз. Колчак Қазақ
автономиясын мойыңдаудан бас тартқан соң Алаш Орда үкіметінің басшылары
Совет өкіметімен келісімге келеді. Ал А.Байтүрсынов 1919 жылы 25 шілдеде
Кирревкомның мүшесі болып В.И.Ленин қолынан мандат адды. Батыс Алашорданың
басшысы Жаһанша Досмұхамедов өзінің 1919 жылы 21 желтоқсанда Орынбордағы
Кирревкомға жазған қүпия хатывда атгы казактардың қыстағанына қара-мастан
Алаш соддатгарының қызылдарға қарсы соғыспағанын, тек тым болмай бара
жатқан жағдайларда ғана ақтардың қатарывда кара беріп кейін қашып кетіп
жүргендерін, қазіргі кезде ақтардың бастықтары Алашқа анығынан сенбей
қарап, қысымын күшейтіп отырғанын, сондыктан Түркістан майданының Оралдағы
соғыс-революция советінің мүшесі Лежава-Мюратпен байланыс жасап, ақтарға
қарсы әрекетгерін тездетіл, қазақ даласын ақтардан тазартуларын
өтінгендерін хабарлайды, өзара келісіп сөйлесу үшін ревкомның бір адамын
жіберулерін өтінеді.
Батыс Алаш Орда басшылары Қызыл Армияның Ойыл қаласына келген татар
атқыштар полкінің командирі Мәулю-дов және коммиссары Қасымовпен тығыз
байланыс жасайды. Бұл жөнінде татар полк командирінің 3-ші Түркістан атгы
дивизиясының бастығына жазған ақпарында: "Қызыл қоға-дағы Алашорда отряды
біздің нүсқауымыз бойынша, 1919 жылы 27 желтоқсанда таң аддында бідцірмей
шабуыл жасап, Елек корпусының барлық штабын, бастығы корпус комавдирі
генерал Акутинді, оның көмекшісі полковник Марковты, штаб бастығы Шадринді,
полковник Ершовты қарусыздан-дырып ұстап адды. Біздің отряд Қызыл қоғаға 28
желтоқсанда кірді," - деп хабарлайды. Батыс Алаштың қызылдарға берілгені
женінде майдан қолбасшысы М.В.Фрунзе 1919 жылы 21 желтоқсанда В.И.Ленинге
берген телеграммасында: "... Алашорданың Каспий жағалауына дейінгі
диктатурасын негізге алған болыішвиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да
Алаш кесемдері мен Алашорда үкіметінің басшылығы 1917 жылғы Қазан
революциясының ұрандарын, кеңес өкіметінің идеялары мен нақтылы іс-
әрекеттерін қабылдамады, оларға
қарсышықты.Азамат соғысы жылдарында (1918-1920) Алашорда Кеңес өкіметіне
жау күштермен одақтас болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен
Кеңес екіметі Алаш пен Алаш-орданы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінен
аластауда аддау мен арбау әдістерін де, қару жүмсап күштеу жолын да
қодданды. Көзінде (1919 және 1920 жылдары) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына
қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан азамат соғысынан
кейінгі 7-8 жылда Қазақстан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, әдебиеті мен
өнері-нің халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлтгық-
демократиялық интеллигенция өкілдері, ең алдымен Алаш пен Алашордаға
жетекшілік жасаған қайраткерлер, түгелге дерлік жалған жаламен "халық
жауы" аталып, сталиндік өкімшіл-әміршіл жүйенің қүрбандары болды., ал
олардың ғылыми және әдеби мүрасы халықтан жасырын жағдайда ұсталды немесе
жойыұлды.
Тек соңғы 15 жыдцың жүзінде ұлттық-демократиялық интеллигенцияның халық
таныған косемдерінің есімдері халыққа қайтарылып, олар қалдырған рухани
мұра қалың жұртшылықтың игілігіне айналды.
"Алаш Орда" үкіметінің Қазақставдағы 4 жыддық басқару кезеңі, міне осылай
аяқтадды. Кеңестік социализм идеолог-тары "Алаш Орданы" буржуазиялық
ұлтшылдық қозғалыстан озге ешнәрсе емес деп бағалайды. Алайда біздің
жоғарьща атап көрсеткеніміздей оның қызметі мен бағдарламасында
"буржуазияшылдықтьщ" ешқавдай да белгісі жоқ. "Алаш" — "ұлтгық-
демократиялық" партия болды. Ал оның өмір сүрген уақытын қазақ халқының ез
тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің маңызды бір кезеңі деп
бағалау керек.
Үкімет билігін қолына алған большевиктік-марксистік партия ұлттардың
бөлініп кетуге дейінгі өзін-өзі басқару үранын "интернационалдық бірлік"
және "сепаратизмге жол бермеу" ұрандарымен ауыстырды. Ал өз идеяларын
оздеріне дейінгі патшалы Ресейдегіден әлдеқайда қатал және қатып-семіп
қалған догмалық нұсқада жүзеге асыра бастады. Сонымен патшалық Ресейдің
отарлау кезеңі "Алаш Орда" автономиясының уақытша жүргізген ұлттық басқаруы
кезе-ңімен алмасты. Ал "Алаш Орда" үкіметін Кеңес өкіметі 1920 жылы құлатты
да, Қазақстан аумағында жаңа мемлекетгілік орнады. Ол іс жүзінде өзінің
басқару тәсілдері жағынан ұлттық дербестікке, өздерінің этникалық тарихы
мен салт-дәстүрлерін одан әрі жалғастыруға үмтылған халықтарды идеялық
жағынан басып-жаныштап отыратын жүйесі болған патшалы Ресейдің тьш қатал
тәсілдерінен де асып түсті.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесі. Педагогика. Дәрістер
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы
Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Әдебиет сабағының түрлері, оны оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер жүйесі
Әдебиетті тереңдетіп оқыту
«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы »- пәні бойынша дәрістер
Пәндер