Басқарушылық есебін қалыптастыру жүйесі


МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер . . . 3
Анықтамалар . . . 4
КІРІСПЕ . . . 6
1. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Қазіргі кезеңде басқарушылық есептің қажеттігі . . . 10
1. 2 Басқарушылық есептің мақсаттары және методологиялық негіздер . . . 12
1. 3 Басқарушылық шешімдерді қабылдауда ақпаратпен қамтамасыз етілуі . . . 18
2 БАСҚАРУ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА, ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
2. 1 Логистика мен басқару есебінің өзара байланысы . . . 22
2. 2 Логистика негіздері, оның басқарушылық шешімдерді
қабылдауға әсері . . . 24
2. 3 Логистикалық шығындар, тауарлы- материалдық қорларды басқару . . . 35
3 БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕБІНДЕГІ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ШЫҒЫНДАР,
ҚОРЛАРДЫ ҰСТАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3. 1 Қойма шаруашылығын логистикалық жүйенің элементі ретінде ұйымдастыру . . . 40
3. 2 Қойма меңгерушісінің материалдық жауапкершілігі . . . 46
3. 3 Қоймадағы қорлардың түсуінің есебін жүргізу . . . 48
3. 4 Қорларды қоймадан босатудың есебін жүргізуді ұйымдастыру және оларды өндіріске есептен шығару . . . 53
3. 5 Қойманы ұстаудың релеванттық шығыны . . . 86
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 93
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 96
ҚОСЫМШАЛАР . . . 99
Нормативтік сілтемелер
Осы диссертацияда келесі заң актілері қолданылады:
- ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-III Заңы
- ҚР 20. 11. 1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (15. 01. 01 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен қоса)
- Типовой план счетов бухгалтерского учета. Разработанный в целях реализации Закона Р. К. от 28. 02. 2007 г. №234 - III «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» Б. Б. № 30 июль 2007 г. с. 40.
- Закон Р. К. от 28. 02. 2007 г. №234 - III «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности»: Модуль «Право в Казахстане» 01. 11. 2007г.
- ҚР ҚМ «Есептілікті дайындау және ұсынудың тұжырымдамалық негіздемесін бекіту туралы» 29. 10. 2002 жылғы № 542 бұйрығы.
- Приказ министра финансов Республики Казахстан от 21. 06. 2007 г. № 217 «Об утверждений национального стандарта финансовой отчетности № 2 с. 1-150.
- Приказ Министерства Финансов Р. К. № 128 от. 19 марта 2004 г. 1 «Об урверждений типовых форм первичных документов»
Анықтамалар
- Логистика - тұтынушының сұранысымен үздіксіз түзетілетін, өндірістің дамуының стратегиялық бағдары үшін шығармашылықтың бірден - бір саласы.
- «Логистика» терминінің этимологиялық позициядан алғанда logos (ақыл - ой), logosmos (есеп, жоспар), logo (сайлау), logistics (есеп жүргізу өнері) тағы басқалар сияқты грециялық тамыры бар.
- «Логистика» семантика позициясының түсінігі ретінде византиялық император VI Леон ақылдының (865-912 ж) «әскерлерге өсиетінде» болды.
- Логистика - нарықтық экономика жүйесінде ақпараттық және құқықтық, еңбек, қаржылық, материалдық ағымдардың жиынтығының қозғалыс процестерін бақылау және функционалды басқару, ұйымдастыру, жоспарлаудың теориясы мен тәжірибелік қызметі».
- Логистика - кәсіпорынның шаруашылық айналымындағы дайын өнімді, шикізаттың сақталуын және қозғалысын басқару процесі».
- «Логистика - өндіріс және айналым саласындағы материалдық ағымдарды басқаруға негізделетін шаруашылық қызметтің бағыты».
- «Логистика - функциясы экономикалық ағым процестерін ұйымдық - талдаулық оңтайландыру болып табылатын, ғылыми - тәжірибелік қызметтің жаңа бағыты».
- «Логистика - тұтынушының сұранысымен үздіксіз түзетілетін, өндірістің дамуының стратегиялық бағдары үшін шығармашылықтың бірден - бір саласы ».
К І Р І С П Е
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазіргі жағдайда басқарушылық жұмысын бюджеттеу, жоспарлау, талдау, бақылау және жетілдіру үшін кез - келген ұйымның басқарушылық есебін жүргізудің қажеттігі мейлінше маңызды. Оның үстіне, нарықтық экономиканы қалыптастыру міндеті халықаралық рынокқа шығу үшін экономикалық дамудың көптеген пайымдамаларын халықаралық стандарттар тұрғысынан қайта қарауды қажет етеді.
Басқарушылық есепті қалыптастырудың маңыздылығы Қазақстанның әлемдік нарықтық қоғамдастыққа кіруіне және соған орай басшылықтың белгілі бір шешім қабылдауы үшін қажетті ақпарат алуына мүмкіндік беретін басқарушылық есепті ұйымдастыруға жаңа талаптар қойылуына байланысты болып отыр.
Халықаралық стандарттарға сай, дамыған елдердегі нарықтың қалыптасу тәжірибесі менеджерлердің басқарушылық шешім қабылдауда көбінесе басқарушылық есеп жөніндегі білігіне ғана емес, сонымен бірге логистикаға да, басқарушылық ішкі жедел есептің мәліметтері бойынша бухгалтер беретін ақпаратқа да сүйенетінін көрсетеді. Бұл диссертациялық жұмыста товарлық - материалдық қорларды (ТМҚ) басқарушылық тұрғыдан есептеуді қалыптастырудың тетіктері, оның мәні, логистикамен өзара байланысындағы бернелері ашып көрсетіледі. Дегенмен, логистикалық шығындар мен логистикалық менеджменттің кейбір қырлары, мәселен, бухгалтерлік басқарушылық есеппен байланысы күні бүгінге дейін шешімін таппай келеді.
Басқарушылық есеп тетігін қалыптастырудағы ізденісті ширату көбіне - көп басқарушылық есептің іргелі ғылыми бағыттарын ғана емес, сонымен бірге, логистика сияқты, өндіріс үдерісін басқаруды да дамытуға ықпал етті. Сөйте тұра, қазіргі жағдайда логистика мен нарықты бөле - жара қарауға болмайды. Жабдықтаушы - өткізуші, өндірістік және үлестіруші логистика қолданбалы бағыт алды. Ол ол ма, тіпті өндірісті материалдық - техникалық жағынан қамтамасыз ету үдерісінде ұйымдардағы материалдық қормен жабдықтау мәселелерін зерттеу шеңберінде логистикалық шығындарды есептеу Қазақстан Республикасының ішіндегі ғана емес, одан тысқары жерлердегі өз қызметін лайық түрде жүзеге асыру үшін де маңызды.
Басқарушылық есеп пен қор басқаруды жабдықтаушы - өткізуші логистикадан бөле - жара қарауға болмайды. Кеңестіктен кейінгі кезеңнің басты кемшілігі шығындарды оңтайландыру негізінде қорларды ауыстыруды, басқаруды бақылаудың екінші кезекке асырылуы болды. Ұйымдарда ақпарттық жүйелер мен басқаруды бақылау жүйелері пайда болғаннан кейін ғана мұның бәріне тиісті мән беріліп, іс жүзіне аса бастады. Осыған байланысты материалдық - техникалық қамтамасыз ету, өндіріс, үлестіру мен өткізу - бір - бірімен өзара байланысты іс - әрекет, материалдық қорлардың ағынын басқару, солар арқылы жүзеге асырылып, логистикалық менеджмент жүйесіндегі нарықтық экономика талаптарына сай жұмсалымдарды қысқарту қағидасы негізінде ресурстарды, тауар және қызмет рыноктарын пайдалану солар арқылы үйлестіріледі дейтін пікір қалыптасты.
Кез - келген фирмадағы басқарушылық есептің мақсаты көп ретте оның амалдарына - ТМҚ тапшылығының ұдайы өсуі жағдайында үнемдеу жолдарын табуға, өндіріс шығындарын кемітіп, табысты молайтуға үйлеседі. Бұл өндіріс барысында материалдарды пайдаланатын Қазақстанның фирмалары мен ұйымдарына толық мәнінде қатысты әрі бұл тұтастай алғанда басқару тетігінің жай - күйіне ғана емес, сонымен қоса логистикалық менеджментте басқарушылық шешімдерін дер кезінде қабылдауға да белгілі бір ықпалын тигізеді.
Осыған байланысты республика ұйымдарында жабдықтаушы - өткізуші логистика әдіснамасын қолданудың өзіндік ерекшелігі бар және қазір оны зерттеуге лайықты мән беріліп отырған жоқ. Ал, шынтуайтында, оның нұсқаулықтарын зерделеу бұл ғылым көптеген ұйымдарға ортақ келелі проблемаларды шешуге, ТМҚ - ны «дәл мерзімінде» жеткізудің халықарлық стандарттарының негізгі талаптарын орындауға қажетті әдістемелік амалдардың жеткілікті қоры бар екенін көрсетеді. Оның үстіне, айналым қаражатының құрылымын қалыптастыру мен олардың айналымдылығын тездету, материалдық қорлар мен ресурстар ағынының қозғалысын оңтайландыру және материалдық игіліктердің сақталуын қамтамасыз ету, кәсіпкерліктегі қорларды ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту тұрғысынан да бұл аса маңызды. Қойманы ұстауға жұмсалатын шығыстарды есептеу ісін ұйымдастыруға да теориялық және практикалық тұрғыдан мән берілмей келеді. Осы бір маңызды проблема бойынша жарық көрген басылымдар да жоқ. Фирмалар мен ұйымдардағы қоймаларды және қойма шаруашылықтарын ұстауға жұмсалатын шығыстар ұдайы назардан тыс қалады, сондықтан оларды азайту мақсатындағы жоспарлау, талдау, бақылау дейтіндер де атымен болмайды. Ал шығыстарды есептеу әдістемесі болмаған жерде қойма шаруашылығының өзін - өзі өтеуіне де көңіл бөлінбейтіні белгілі. Кейбір фирмаларда бестен, алтыдан қойма бар. Оларды ұстауға бірталай шығыс кетеді. Сондықтан әрбір қойманың және тұтастай алғанда - қойма шаруашылығының өзін - өзі өтеуін қамтамасыз ету - шешімін әлдеқашан күткен күрмеулі мәселе. Мұның бәрі ТМҚ - мен жабдықтау үдерісіне жұмсалатын шығындарды азайту мақсатын көздейді, ал ол өндірілген өнімнің өзіндік құнын кемітуге әсер етіп, нәтижесінде кәсіпкердің табысын арттырады.
Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеті. Диссертациялық жұмыстың мақсаты:
- Басқарушылық есебін қалыптастыру жүйесін;
- Есептің терминологиясын;
- Менеджерлерді басқарушылық шешімдеррін қабылдауға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін;
- Басқарушылық есеп пен логистикалық менеджменттің ұйым қызметіндегі үдерістерді пәрменді түрде басқаруды қамтамасыз етудегі рөлін;
- Логистикалық шығындарды басқарушылық тұрғыдан есептеудің бақылаушылық - ақпараттық рөлін.
Тақырыптың ғылыми зерттеу дәрежесі Басқару есебі, шығындар есебі халықаралық стандарттар бойынша ерекшеліктері жөнінде зерттеу тақырыбы бойынша Қ. К. Кеулімжаев, К. Т. Тайгашынова, М. С. Ержанов Ә. Ә. Әбдіманапов, С. Б. Баймуханова, В. К. Радостовец, Э. О. Нұрсейітов, және О. А. Новиков, С. А. Уваров А. Н. Родников О. С. Виханский, А. И. Наумов А. А. Смехов В. Г. Дегтяренко тағы басқа ТМД елдері мен отандық ғалымдар елеулі үлес қосып еңбек сіңірді.
Басқару талдауы жөнінде ТМД елдер мен еліміздің көрнекті ғалымдары К. Ш. Дүйсенбаев, Ф. С. Сейдахметова, , Н. Ә. Байболтаева, М. С. Ержанов, А. Д. Шеремет, Н. А. Русак, В. М. Радионова, М. А. Федотова, А. И. Ковалев, С. А. Стуков және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттелінген.
Зерттеу объектілері ретінде . АҚ «Таймас Принтхаус» типографиясының 2005, 2006, 2007 жылдарының мәліметтері алынды.
Зерттеу жұмысының жаңалығы :
- диссертациялық жұмыста товарлық - материалдық қорларды (ТМҚ) басқарушылық тұрғыдан есептеуді қалыптастырудың тетіктері, оның мәні, логистикамен өзара байланысындағы бернелері ашып көрсетіледі;
- қойманы ұстауға жұмсалатын шығыстарды есептеу ісін ұйымдастыруға да теориялық және практикалық тұрғыдан мән берілмей келеді, мұның бәрі ТМҚ - мен жабдықтау үдерісіне жұмсалатын шығындарды азайту мақсатын көздейді, ал ол өндірілген өнімнің өзіндік құнын кемітуге әсер етіп, нәтижесінде кәсіпкердің табысын арттырады.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы . Диссертациялық жұмыс үш негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Қазіргі кезеңде басқарушылық есептің қажеттігі
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі арналып жасалған экономикалық даму стратегиясы «есеп ісінде жүргізіліп жатқан реформаларға қарқын беріп, тездетті» /1/.
Ұйым қызметін басқарумен, шығынды азайтуды, табыс алуды және товар өндірушінің осы заманғы рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді көздеген кәсіпкерлікті дамытумен байланысты басқарушылық есептің әдістемелік негіздерінің проблемасы осындай жағдайда қажетті ақпаратты қалыптастыруға белгілі бір көзқараспен қарауды талап етті. Бухгалтерлік есептің қазіргі қолданыстағы жүйесі барлық деңгейдегі менеджерлерді жедел ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды. Қаржылық есеп, өзінің ерекшелігіне қарай, құрылымдық буындардың үдерісін іштей басқару үшін жедел ақпарат беруге дәрменсіз.
Осы заманғы бухгалтерлік есептің маркетингпен үйлеспеуі де елеулі қиыншылық буғызып отыр. Ұйымдардағы (кәсіпорындардағы) негізгі кемшілік - нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес іштей жедел басқару үшін ақпаратпен қамтамасыз етудің қалыптасқан жүйесінің жоқтығы. Болашақ теңге сияқты категория пайдаланылмайды, релеванттық шығындардың есебі алынбайды, нақты жұмсалымдардың болжалды жұмсалымдардан ауытқуы айқындалмайды, тағы басқалар. Мұның бәрінің себебі - басқарушылық есептің әдістемелік негіздерінің жоқтығы. Ұйымдардағы ақпараттық жүйені қамтамасыз етудің міндеттерін бухгалтерлік есеп атқарады, ал қазіргі нарықтың қалыптасуы жағдайында бұл міндетті басқарушылық есеп атқаруы тиіс еді. Республиканың ұйымдарында немесе компанияларында басқарушылық есеп - басқарушылық бухгалтерия дейтін ұғымның өзі де қолданылмайды.
Осы проблема жөнінде Ресей ғалымдары А. Д. Шеремет пен Н. П. Кондраков: «Отандық практикада әзірге басқарушылық есеп дейтін ұғым қолданылмайды», - деп өте дұрыс айтқан /2/.
Кәсіпкерлік қызметті басқару тетігі технологиялық, жоспарлық, есеп - сараптамалық ақпарат негізінде жүзеге асырылады. Алдағы уақытта ұйымдағы құрылымдық буындардың үдерістерін дамыту жоспарын бюджеттеу мен үйлестіру талдамалық есеп - қисап пен ішкі есептің негізінде атқарылады.
Сонымен бірге басқарушылық персоналын қамтамасыз ету үшін ақпарат жүйесі қазіргісінен гөрі егжей - тегжейлі түрде берілуі тиіс. Басқару тетігінің өзі, басқарушылық шешімдерін жүзеге асыруға көмектесетін әдістер, орындаушыларға ықпал ететін амалдар - басқарушылық есебі ұсынатын ақпараттық қамтамасыз ету. Нақ осы себепті ұйым ішіндегі керек десеңіз, өндіріс, жабдықтау және өткізу үдерістерінің ішіндегі ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған бухгалтерлік есепті жетілдіре беру керек. Қазіргі жағдайда ақпарат ұйымдағы құрылымдық буындарда жүретін әрбір үдерістің күнделіктіжай - күйі туралы есеп мәліметтері бойынша әзірленуі тиіс. Мұндай ақпарат өндірістік, технологиялық операцияларды ойдағыдай жүргізу мақсатында тек ішкері ғана емес, тысқары жағдаяттарды қысқа мерзімге болжау үшін қажет.
Кеңестіктен кейінгі бухгалтерлік есептің жағымсыз жағы онда басқарушылық есепке жеткілікті мән берілмеуінде болды. Оның себебі - ақпараттық қамтамасыз ету орталықтандырылған түрде тұтас кәсіпорын, министрлік бойынша жоспардың орындалуын бақылауға бағытталды. Бұрынғы есеп жүргізудің ең басты кемшілігі - онда ақпараттық қамтамасыз ету өндірістің әрбір құрылымдық буынының (цехтың), учаскенің ішіндегі басқаруды немесе жекелеген жұмыс түрлерін орындауды нысанаға алды. Жұмыс түрлері бойынша қорларды, жұмсалымдарды, табысты, шығысты басқаруға мән берілмейді. Кәсіпкерліктің тиімділігін арттыру жолдарын, қатаң бәсеке, коммерциялық құпияны сақтау жағдайында өмір сүру амалдарын іздестіру көзделмеді. Өндіріс жұмсалымдарын, жұмысты дайындау - жабдықтау үдерістерін есептеудің, әсіресе өнім өткізуді немесе қызмет көрсетуді есептеудің тиімділігі дейтін ұғым болған емес. Есептеудің басқарушылық қыры тоталитарлық сипатта болды. Бухгалтер мемлекеттік бақылаушы мәртебесіне ин болатын. Бухгалтерлік есептің басты бернесі ұйымның немесе фирманың қаржылық жағдайын бағалаудан гөрі табыстардың жоспарын бағалауға қажетті нақты деректерді тіркеуге бейім болды.
Ол ол ма, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру проблемасы қаржылық нәтижелерді емес, жоспардың орындалуын айқындауға қажетті нақты мәліметтерді бейнелеумен шектелді. Бұрынғы бухгалтерлік есеп одақтық жоспарлаудың жеткен деңгейден басталатын талаптарын орындайтын.
Алайда, істің бәрі кеңестіктен кейінгі есептің орталықтандырылған басқару мен мемлекеттік бақылаудан біртіндеп мемлекетті басқарудың құралына айналуына апарып соқты. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшкенге дейін бухгалтерлер есептің өзінің, оның ішкі құрылымының проблемаларымен ғана шектелетін.
Есептің өзіндік проблемаларын бұлайша шешу өте томаға - тұйық әрі болашағы күңгірт болатын, өйткені есептің мақсаты - фирманы басқаруға қажетті ақпараттық база жасау екені белгілі. Сондықтан есеп жүргізудің алдында ұйым үдерістерін қысқа мерзімді болжау үшін жедел және сараптамалық көрсеткіштерді күшейту міндеті тұр.
1. 2 Басқарушылық есептің мақсаттары және методологиялық негіздері
Есеп жүйесін жетілдіру барысында басқарушылық есептің мақсаттарын, рөлі мен орнын бөліп көрсету керек.
- Басқарушылық есептің мақсаты.
- Нарық жүйесіндегі басқарушылық есептің орны мен рөлін айқындау.
- Басқарушылық есептің мәселелерін ашып көрсету:
- шетелдік тәжірибе (теориясы, әдіснамасы) ;
- теориялық проблемалар (теория) ;
- әдіснамалық проблемалар (әдіснама) ;
- ұйымдастыру проблемалары (басқарушылық есепті қалыптастырудың нұсқаулықтарын ұйымдастыру) .
Қазіргі жағдайда «басқарушылық есеп» термині өте кең тарап отыр, бірақ жұрттың көбі оның не нәрсе екенінен мүлдем бейхабар.
Басқарушылық есептің мақсаты - дер кезінде ақпарат жинап, өңдеу және ұйымдардағы шаруашылық үдерістерін бақылау, жоспарлау және басқару үшін сол ақпаратты пайдаланушыларды онымен қамтамасыз ету.
Егер қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің таңдаған есеп саясаты мен қаржылық есеп - қисаптың халықаралық стандарттарын қатаң сақтайтын болса, басқарушылық есеп жөніндегі маман тек есептің ғана емес, сонымен бірге талдаудың да амалдарын, түрлерін, әдістері мен тәсілдерін таңдауға ерікті. Бақылаушылық есептің басты міндеті - әрбір ұйымдағы экономикалық үдерістердің мәнін қапысыз ұғып, басшыны немесе менеджерді дер кезінде қажетті экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету және соонымен бірге ақыл - кеңес беру.
Қазіргі кезге дейін басқарушылық есептің методологиясына қажетті көңіл бөлінген жоқ, шоттарды қолдануға, талданған детальданған есеп жүйесіне, барлық көңіл тек есептің техникалық жағына бөлінді. Басқарушылық есепті қолдану қажеттілігі туындады; оның есептік, басқарушылық және бақылау оперативті функцияларын бірдей көтеру керек. Басқару есебінің негізгі принципі дайындау және ақпаратты ұсыну арқылы кәсіпкерлік қызметті басқару механизмі сияқты жеткілікті зерттелмеген. Басқару есебі басқару функциясы сияқты емес, кәсіпкерлік қызметті басқарудың негізгі механизмі ретінде қарастыруы керек.
Осы сұрақтардың жеткіліксіз өңделуі кәсіпкерлік қызметті басқарудың нарықтық механизм жүйесінде басқару есебінің ақпараттық- бақылау функцияларын төмендетеді.
Басқару есебі- әрбір ұйым шегінде басқару үшін қажетті есептік ақпаратты дайындау және ұсынудың барлық түрлерін қамтитын бухгалтерлік есептің бөлігі. Көптеген ресейлік ғалымдар басқару есебінде маңызды орынды өндірістік есеп алады деп есептейді.
Бұл пікірлер толық негізделмеген, себебі басқарушылық есеп ұйым қызметінің барлық үрдістерінде, сонымен бірге әрбір есеп объектісі бойынша әр процесс ішінде жүзеге асырылады.
Басқарушылық есеп қаржылық есептің ақпаратын қолданатындығы детальдық есептік және есептік емес ақпараттың барлық түрлерін қамтитындығы күмән тудырмайды.
Әртүрлі елде «Өндірістік есеп» термині «Басқарушылық есеп» терминіне ауыстырылды. Басқару есебі тек өндірістік есеппен, өндірістік бухгалтерияны ақпаратпен қамтамасыз етумен ғана емес, сонымен қатар есептің барлық басқа объектілерімен де өзара байланысты.
Бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесі басқарушылық есептің жалпы жүйеден бөлінуін жиырмасыншы ғасырдың қырықыншы - елуінші жылдарына қатыстырады. Ең алдымен, бұл кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін көтеру мәселесімен байланысты болды. Өндірістік есептің өзінің негізгі мақсаттары бар. Осыған байланысты өндірістік есеп басқарушылық шешімдерді қабылдау мақсатында, өнім өндіру туралы жұмыс түрлері бойынша шығындар туралы детальданған ақпараттарды ұсынуда басқарушылық есептің бөлігі болып табылады (5 - сурет) .
Елуінші жылдары өндірістік есеп мәліметтеріне сыртқы емес ішкі қолданушылар қызығушылық білдіре бастады.
Бұл жағдай кәсіпорын басшылығы үшін өндірістік шығындар туралы мәліметтердің жинақталуы қаржылық есеп жүйесінде қолданылатын принциптен ерекшеленетін принцип бойынша жүзеге асырыла бастағандығын анықтады. Бұның нәтижесі болып басқару есеп жүйесінің пайда болуы табылды. Өндірістік және басқарушылық есептің арасындағы айырмашылықты түсіне білу керек. Өндірістік есеп жүйесінде сыртқы есетілік талаптарына жауап беретін ТМҚ - ң құнын бағалау үшін өндірістік шығындар анықталады, ал басқарушылық есептіің міндеті болып, дұрыс шешім қабылдау үшін қажетті ұйым ішіндегі атқарушы тұлғалар үшін тиісті қаржылық ақпаратты дайындау табылады. Бұл тағы да қаржылық есеппен ғана емес, өндірістік есеппен де ұсынылатын қажетті ақпаратты алу мақсатында басқарушылық есептің өте икемді, оперативті болуы керектігін дәлелдейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz