Ежелгі мектеп пен тәрбие



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы
2.Ежелгі мектеп пен тәрбие.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тәрбие — адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқарушылық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Ф. Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталады деп түсіндірді. Ал қарапайым еңбек құ-ралдарын жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді.
Ф. Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ, қоғамдық болды, өйткені жеке отбасы болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің ұжымдық бірлескен жұмысы болды.
Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет-ғұрыпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.
Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездесті. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.
Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолөнер кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты және жоспарлы іске айналды.
Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және олең ол дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т. б. шыға бастады.
1. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. -Алматы, 2006
2. Әлсатов Т. Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері. Тараз.1999.
3. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984
4.Қалиев С. ХУ- ХІХ ғасырлар ақын-жырауларының поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер. Алматы, 1990.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы

2.Ежелгі мектеп пен тәрбие.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тәрбие — адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың
саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде
пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқарушылық қоғамға дейін адамдар
табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам
қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Ф. Энгельс
Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы және Маймылдың адамға
айналуында еңбектің ролі атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек
екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталады деп
түсіндірді. Ал қарапайым еңбек құ-ралдарын жасау, оны пайдалануды меңгеру
ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді.
Ф. Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ, қоғамдық болды, өйткені
жеке отбасы болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан балаларды тәрбиелеу де
алғашқы қоғам мүшелерінің ұжымдық бірлескен жұмысы болды.
Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда
балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың
әдет-ғұрыпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-сананы
сақтауға үйренді.
Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға
ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуының белгілі сатысында тек ер
бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар
кездесті. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық
аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім
тігуге араласты.
Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу,
қолөнер кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және адамдардың
еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-
жақты және жоспарлы іске айналды.
Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне
үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды
тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және олең ол
дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің
алғашқы элементтері, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т. б. шыға
бастады.

1.Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы

Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі —
рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала
басталғандығын көрсетеді.
Жекеменшіктің, құлдықтың және жеке отбасының шығуына байланысты
алғашқы қоғам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке отбасы
тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: жрецтер (дін басшылары), көсемдер,
ақсақалдар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесінен білімге үйрету
тәрбиесін бөле бастады. Жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын ала болжау,
адамдарды емдеу т. б. сол сияқты білімдерді олар өздері меңгеріп, өздерін
ерекше адамдар етіп көрсетті. Бұл білімдерді үйрететін арнаулы мекемелер
(мектептер) ашылды. Ол мекемелерде үстем таптың балалары тәрбиеленді. Ал
еңбекшілердің балалары ата-аналарынан еңбекке баулу тәрбиесін алумен
қанағаттанатын болды.
Көне грек философы Платон батыс саяси ф.илософиясының, сондай-ақ
біздің коптеген этикалық және метафизикалык таным-түсінігіміздін бастау
көзінде тұрған тұлға болып саналады. Бұл салалардағы онын алғышарттары 2300
жылдан бері оқылып, зерттеліп келеді. Сондықтан да Платонды батыс акыл-
ойының 1 әкесі деп таныған жөн.
Платон Афина қаласындағы атақты отбасында біздің дәуірімізге
дейінгі 427 жылы дүниеге келген. Жас кезінде ол даңқты философ Сократпен
танысып, бара-бара оның әрі шәкірті, әрі досы болып кетті. Біздің
дәуірімізге дейінгі 399 жылы жетпіс жастағы Сократка Афина жастарын
азғындауға шакырды деген айып тағылды. Философты өлім жазасына кесті. Мен
көрген адамдардың ішіндегі ең дана, ең әділ адам деп өзі бағалаған
Сократтың әлім жазасына кесілуі, Платонның демократиялық билікке деген
жиіркенішін тудырды.
Сократ қайтыс болғаннан кейін Платон Афинаны тастап он-он екі жыл
бойы алыс сапарларда болды. Біздің дәуірімізге дейінгі 387 жылдың шамасында
ол Афинаға қайта оралып мектеп, сонан ксйін Академия ашты, кейіннен ол
мектеп пен Академия тоғыз жүз жыл бойы жұмыс істеп тұрды. Платон қалган
өмір-інің қырық жылын Афинада өткізді. Онын шәкірт-терінің ең атақтысы
Аристотель болды. Ол он жеті жасында Академияға келген кезінде Платон
алпысты алқымдап қалған еді. Платон лекциялар окып, философиялык еңбектер
жазумен шұ-гылданды. Ол сексен жасында, біздін дәуірімізге дейінгі 347 жылы
дүние салды.
Платон негізінен саясат және этикалық мәселелер жөнінде, сондай-ақ
метафизикамен, теология туралы отыз алты кітап жазған. Әлбетте, ол
еңбектердің мазмұн-мәнін бірер сөзбен айтып беру мүмкін емес. Солай бола
тұра философтың ойларын қарабайырландырып алуым мүмкін екенін біле тұра,
оның биік өрелі коғам туралы тұжырымдамалары жинакталған данкты
Республика кітабындағы пікірлердің кей тұстарын келтіре кетуге тәуекел
еткім кеп тұр.
Платонның айтуынша, билеуші топтың ең үздігі — ақсүйектік. Ол бұл
жерде ақсүйектік деген ұғымға таза физиологиялык арғы тек пен монар-хияны
кіргізіп отырған жок, ол ұғымға адамдық сапалы ақсүйектікті кіргізіп отыр,
яғни ол бұл жерде мемлекетті терен ақыл-оймен, даналыкпен баска-руды айтып
отыр. Ол биік орындарға лайықты азаматтар тек дауыс беру мен ғана емес,
тағы да қосымша сайлаулар аркылы отыру керек деп ұқты.
Платон, барлық адамдарға, мейлі ерлерге, мейлі әйелдерге болсын,
олар жоғары тап мүшесі болу үшін ездерінің қабілет-дарынын бар жағынан
көрсетуге мүмкіндік беру керек деп білді. Ол әйелдер мен ерлердің тең
құкығын айтқан тұңғыш философ болып табылады. Платон адамдар бойындағы
мүмкіндіктер барынша мол ашылу үшін мемлекет өзінің болашак ұрпақтарының
тәрбиесі мен біліміне жауапты болу керек дейді. Сондықтан ұрпаққа тек дене
тәрбиесін ғана беріп қоймай, оларға сонымен бірге музыкамен, математикамен
тағы да баска академиялық ілім-білімдермен баюға жағдай жасаған жөн деп
білді. Олардан кезең-кезеңімен тыңғылыкты емтихан алып отыру керек. Міне,
сонда ғана олар коғамның маңызды салапарында жұмыс істеуге құкылы болып
саналады. Сонан кейін олар өздерінін білімдерін одан әрі дамыту үшін
философияны оқып-үйренуге бет бұрсын.
Теориялық мәселелерді жан-жақты, шеберлікпен меңгеріп үлгерген отыз
бес жастағы адамдар, тағы да он бес жыл бойы практикалық тезден өтуге тиіс.
Өзінің алған теориялык ілім-білімін нақты өмірде толығымен қолдана білген
адам ғана жоғары билік тобына косылсын. Сонымен бірге ондай адам қоғам-
ныңгүлденуіне өзінін бойындағы бүкіл карым-қуатын сарқып беретін адам болу
керек.
Билік тобына кірген адамның бар жұртқа ұнап сүйкімді боп тұруының
тіпті де қажеті жоқ. Билеп-төстеушілер ешуакта да бай болмауға тиіс. Оның
тапқан табысы ішіп-жеуі мен жүріп-тұруына ғана жету керек те, оның
жекеменшігінде жері де, тіпті үйі де болмауы керек. Ондай адамдарға алтын
да, күміс те ұстауға рұқсат етілмесін. Олардың еңбек ақысы да шектеулі
болсын. Билік топ мүшелерінін жеке отбасы да болмауы керек. Олар бір
қазаннан тамақтансын. Әйелдері де ортақ болсын. Олар материалдық бай-лықтан
емес, халыққа қызмет етуден ләззат алсын. Платон биік релі коғам дегенді
осылай түсіндіреді.
Жұртшылық Республика кітабын ғасырлар бойы оқып келеді. Солай
бола тұра бірде бір саяси жүйе, бірде бір мемлекеттік құрылым осы кітапта
айтылған модельді өмірлерінде әлі күнге пайдаланған емес. Платон мен күні
кешегі біздің заманымыз аралығындағы кезенде Еуропаның көптеген елдері өз
тағын мұрагерлеріне беріп кететін монархтар басқарды. Соңғы ғасырларда ғана
бірқатар елдер мемлекетті демократиялық жүйемен басқару жолына түсті.
Сондай-ақ, Еуропа Гитлер мен Муссолини сияқты билікті әскери жолмен басқару
жүйелерін де басынан өткізді. Бұл жүйелердің ешқайсысы да Платон армандаған
биік рөлі республика идеясының маңына да жоламайды. Философтың аталмыш бұл
теориясын бірде-бір саяси партия өзінің бағыт-бағдарына пайдаланған жоқ.
Яғни, бұл мысалдарға қарап Платонның ол енбектерін босқа төгілген тер деу
керек шығар? Менің ойымша, олай деуге болмайды.
Шынында да, Еуропадағы бірде-бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері
Ежелгі Грециядағы білім беру ісінің дамуы
И. Г Песталоццидің, Ф. А. В Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжрибесі
Педагогика әдіснамасы жайлы жалпы түсінік
Көркемдік білім туралы түсінік
“Педагогика тарихы ”курсының теориялық әдіснамалық негізі
Ежелгі дүниедегі мектеп және тәрбие
Византиядағы тәрбие және педагогикалық ойлар
Педагогика тарихы пәнінің мақсат-міндеттері, әдіснамасы, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері
Пәндер