Экологиялық проблемалардың жаһандануы



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 тарау.Экологиялық дағдарыс туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Экологиялық дағдарыс ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Экологиялық дағдарыстың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Экологиялық дағдарыстың себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 тарау. Экологиялық проблемалардың жаһандануы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.ХХІ ғасырдағы экологиялық дағдарыс және табиғатты тиімсіз
пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2.ХХІ ғасырдағы ғаламдық проблемаларды шешу жолдары ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
"Экология" гректің oikos - үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және logos - ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме-дәл мағынасы экология - "өз үйіндегі" организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты" немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімсн өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.
Қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастык қоғамының өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана және алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етуіне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай жерде, қандай қару колданғанда колдарына түсіре алатындығын сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологияның элементтері сонымен қатар көнедсн келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі. Мәселен, үнділердің "Махабхарата" жырында (б. д. д. VI - II ғғ.) табиғаттың дүлей күштері - су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріледі, 50-ден астам жан-жануарлардың аттары аталып, олардың өмір сүру белгілері сипатталады, тіпті қайсыбірінің санының артуы және кемуі туралы мәліметтср де беріледі. Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдері келтіріліп, ксйбір мәдени өсімдіктерді қай мезгілде егудің жолдары көрсетіледі. Ал Кытайдың біздің дәуірімізге дейінгі IV - II ғғ. хроникаларында бірқатар өсімдіктердің сорттары туралы сөз қозғалып, олардың пісіп-жетілу мерзімдері де айтылады.
Жер шарындағы ауа райының өзгеруі ондағы тіршілік ететін жан-жануарлардың, өсетін өсімдіктердің өліміне әсер тигізетіндігін, бір сөзбен қорыта айтқанда, қоршаған ортадағы жансыз және жанды құрауыштардың өзара тығыз байланысты екендігін XVІІI ғасырда Ресей ғалымдары да өз еңбектеріне өзек етті. Мысалы, орыстың атақты ғалымы М.В. Ломоносов "Жер қыртысы туралы" трактатында: "... адамдардың көбісінің табиғатта көргеннің бәрі жаратушының құдіретімен жасалған деп ойлаулары бекер..." деп атап көрсетті. Ол табиғаттағы өзгерістер тек өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тікелей қатысуының нәтижесі деп санады. Әр кезеңдегі жануарлардың өлі сүйектерін зерттей отырып, олардың тіршілік еткен табиғи жағдайлары туралы тұжырым жасады.
XVІІI ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қоршаған ортаның құбылысын зерттеушілердің саны бірте-бірте арта түсті. Олардың еңбектерінде экологияның элементтері жиі-жиі кездесетін болды. Ғылымның дамуының екінші кезеңі ботаникалық-географиялық ірі-ірі көлемді зерттеулерге ұласты.
Экология ғылымының одан әрі дамуы ағылшын ғалымы Ч. Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық ілімінің негізінде жүзеге асырылды. Оған атақты орыс ғалымдары В.В. Докучаевтың (1846-1903), В.И. Вернадскийдің (1863-1945), В.Н. Сукачевтің (1880-1967), Н.Ф. Реймерстің (1931-1993) қосқан үлестері мол. Олардың ішінен В.И. Вернадскийді ерекше атап өтуге болады. Ол биосфера туралы ілімнің негізін қалап, казіргі замандағы ғылымның болашағын күні бұрын көре білді. Биосфераны әлемдік экожүйе деп танып, оның орнықтылығы мен дамуы экологиялық заңдылықтарға негізделетінін, заттектер мсн энергия балансына байланысты екенін тұңғыш рет ашып көрсетті. В.И. Вернадский сонымен қатар ноосфера концепциясының негізгі қағидаларын да тұжырымдады.
Алайда, "Экология" деген терминді ғылымға алғаш рет енгізу неміс ғалымы Э. Геккельдің (1834-1910) еншісіне тиді. Ол экологияға төмендегідей анықтама берді: "Экология деп, біз табиғат экономикасына катысты барлық білімдерді - жануардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануар-лармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз".
Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына еніп, организмдер мен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана зерттеумен шектелген болса, қазіргі заманда экологияның шеңбері одан әрі кеңіп, көптеген ғылымдармен, атап айтқанда, география, геология, агрономия, химия, архитектура, математика, физика, генетика, медицина, қысқасы ғылымның барлық. салаларымен қоян-қолтық араласып кетті.
Осылай қазіргі заманғы экология - әмбебап, зор қарқынмен дамып келе жатқан, біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс жүзінде аса зор маңызы бар іргелі, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның тікелей үдемелі дамуына байланысты болуы да мүмкін деуге жатады.
Қолданылған әдебиеттер
1. «Экология негіздері» М.Молдахметов, А.М.Ғазалиев, С.Д.Фазылов
2. Воронцов Н.Н. Экологические кризисы в истории человечества. //Соросовский образовательный журнал. 1999 г. № 10, с. 2 – 10.
3. Лисичкин Г.В. Экологический кризис и пути его преодоления. // Соросовский образовательный журнал. 1998 г. № 12, с. 65 – 70.
4. Ережепова Ғ. Экология – ел тағдыры// Атамекен. – 2002. – 10 шілде.

ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 тарау.Экологиялық дағдарыс туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Экологиялық дағдарыс
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Экологиялық дағдарыстың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3. Экологиялық дағдарыстың
себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 тарау. Экологиялық проблемалардың
жаһандануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
2.1.ХХІ ғасырдағы экологиялық дағдарыс және табиғатты тиімсіз

пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.ХХІ ғасырдағы ғаламдық проблемаларды шешу
жолдары ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
Кіріспе
"Экология" гректің oikos - үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және
logos - ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме-
дәл мағынасы экология - "өз үйіндегі" организмдер туралы ғылым дегенді
білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты" немесе
олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын
ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология -
ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе
тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімсн
өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.
Қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ
таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастык қоғамының
өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір
аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес,
бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана және алатындығына, сөйтіп өздеріне
азық етуіне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай
жерде, қандай қару колданғанда колдарына түсіре алатындығын сезіне бастады.
Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және
археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б.
жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай
деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да мәдениет
ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологияның элементтері сонымен қатар
көнедсн келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі.
Мәселен, үнділердің "Махабхарата" жырында (б. д. д. VI - II ғғ.) табиғаттың
дүлей күштері - су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріледі,
50-ден астам жан-жануарлардың аттары аталып, олардың өмір сүру белгілері
сипатталады, тіпті қайсыбірінің санының артуы және кемуі туралы мәліметтср
де беріледі. Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі
әдістері мен тәсілдері келтіріліп, ксйбір мәдени өсімдіктерді қай мезгілде
егудің жолдары көрсетіледі. Ал Кытайдың біздің дәуірімізге дейінгі IV - II
ғғ. хроникаларында бірқатар өсімдіктердің сорттары туралы сөз қозғалып,
олардың пісіп-жетілу мерзімдері де айтылады.
Жер шарындағы ауа райының өзгеруі ондағы тіршілік ететін жан-
жануарлардың, өсетін өсімдіктердің өліміне әсер тигізетіндігін, бір сөзбен
қорыта айтқанда, қоршаған ортадағы жансыз және жанды құрауыштардың өзара
тығыз байланысты екендігін XVІІI ғасырда Ресей ғалымдары да өз еңбектеріне
өзек етті. Мысалы, орыстың атақты ғалымы М.В. Ломоносов "Жер қыртысы
туралы" трактатында: "... адамдардың көбісінің табиғатта көргеннің бәрі
жаратушының құдіретімен жасалған деп ойлаулары бекер..." деп атап көрсетті.
Ол табиғаттағы өзгерістер тек өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тікелей
қатысуының нәтижесі деп санады. Әр кезеңдегі жануарлардың өлі сүйектерін
зерттей отырып, олардың тіршілік еткен табиғи жағдайлары туралы тұжырым
жасады.
XVІІI ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қоршаған ортаның
құбылысын зерттеушілердің саны бірте-бірте арта түсті. Олардың еңбектерінде
экологияның элементтері жиі-жиі кездесетін болды. Ғылымның дамуының екінші
кезеңі ботаникалық-географиялық ірі-ірі көлемді зерттеулерге ұласты.
Экология ғылымының одан әрі дамуы ағылшын ғалымы Ч. Дарвиннің (1809-
1882) эволюциялық ілімінің негізінде жүзеге асырылды. Оған атақты орыс
ғалымдары В.В. Докучаевтың (1846-1903), В.И. Вернадскийдің (1863-1945),
В.Н. Сукачевтің (1880-1967), Н.Ф. Реймерстің (1931-1993) қосқан үлестері
мол. Олардың ішінен В.И. Вернадскийді ерекше атап өтуге болады. Ол биосфера
туралы ілімнің негізін қалап, казіргі замандағы ғылымның болашағын күні
бұрын көре білді. Биосфераны әлемдік экожүйе деп танып, оның орнықтылығы
мен дамуы экологиялық заңдылықтарға негізделетінін, заттектер мсн энергия
балансына байланысты екенін тұңғыш рет ашып көрсетті. В.И. Вернадский
сонымен қатар ноосфера концепциясының негізгі қағидаларын да тұжырымдады.
Алайда, "Экология" деген терминді ғылымға алғаш рет енгізу неміс
ғалымы Э. Геккельдің (1834-1910) еншісіне тиді. Ол экологияға төмендегідей
анықтама берді: "Экология деп, біз табиғат экономикасына катысты барлық
білімдерді - жануардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық
ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануар-лармен
және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар
жиынтығын зерттеуді түсінеміз".
Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына еніп,
организмдер мен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана зерттеумен
шектелген болса, қазіргі заманда экологияның шеңбері одан әрі кеңіп,
көптеген ғылымдармен, атап айтқанда, география, геология, агрономия, химия,
архитектура, математика, физика, генетика, медицина, қысқасы ғылымның
барлық. салаларымен қоян-қолтық араласып кетті.
Осылай қазіргі заманғы экология - әмбебап, зор қарқынмен дамып келе
жатқан, біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс жүзінде аса зор
маңызы бар іргелі, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы
және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның тікелей үдемелі дамуына
байланысты болуы да мүмкін деуге жатады.

1 тарау.Экологиялық дағдарыс туралы түсінік
1.1. Экологиялық дағдарыс ұғымы

Экологиялық дағдарыс ұғымынан қоғам мен табиғаттың арасындағы өзара
әрекеттестіктің мынадай кезеңі түсініледі: онда экономика мен экологияның,
қоғамның табиғи ортаны тұтынуы мен пайдаланудағы экономикалық мүдделері
мен экологиялық талаптарының арасындағы қарама-қайшылықтар шегіне жете
шиеленіседі. Бұл бір жағынан – қоршаған табиғи ортаның құлдырауынан
көрінетін қоғам мен табиғаттың арасындағы тепе-теңдіктің тұрақты бұзылуы,
екінші жағынан – мемлекеттік басқару құрылымдарының мұндай жағдайдан шығу
жолын табуға және қоғам мен табиғаттың тепе-теңдігін қайта қалпына
келтіруге қабілетсіздігі.
Экологиялық дағдарыс ұғымы алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарында сол
уақытта өндірістік күштердің өсуі мен қоршаған ортаны қорғаудың арасындағы
қарама-қайшылықтардың шиеленісуін бастан өткеріп жатқан дамыған
капиталистік елдерде қолданыла бастады.

1.2. Экологиялық дағдарыстың құрылымы
Қоршаған табиғи ортаның құлдырауы – бұл табиғаттағы заттар мен
энергиялардың өзара алмасуын қамтамасыз ететін табиғаттың даму
заңдылықтарын есепке алмай жасаған адам әрекеттерінен туындаған адам мен
табиғат арасындағы экологиялық байланыстардың бұзылуы немесе айтарлықтай
бүлінуі.
Қоршаған табиғи ортаның құлдырауы ең алдымен адамның денсаулығы мен
оның тектік қорының жай-күйіне әсер етеді. Ресей аймағының 20 пайыздан
астамы экологиялық дағдарысты күйді бастан кешіруде, экологиялық қияпат
белдемі ауданында қазіргі кезде 70 млн. Астам адам қалыпты мөлшер шегінен 5
есе жоғары денсаулық үшін қауіпиі заттар тараған ауамен дем алып жүр.
Халықтың тууы азайып, өлім-жітім көбеюде. Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы
69,5 жыл, ол 44 капиталистік елдердегі адамдардың өмірінің орташа
ұзақтығынан 8-10 жыл кем. Бұрынғы КСРО-да әрбір оныншы бала генетикалық
кемістікті болып туды. 1990 жылғы мәліметтер бойынша бұрынғы КСРО-ның 50
пайыздан астам халқының денсаулығы нашар, олардың ішінде 50 млн. Адам
созылмалы ауру немесе кемістілер қатарына жатады. Әрбір төртінші әйел
генетикалық жағдайына байланысты дені сау бала туа алмайды, әрбір төртінші
еркек белсіздікпен ауырады.
Қоршаған табиғи ортаның жай-күйінің нашарлауы және оның салдары -
экологиялық дағдарыс көрінісінің тек бір ғана жағы. Екіншісі, әлеуметтік
жағы – қоғамның экологиялық қауіпсіздігі бойынша тиімді шараларды
жүргізуді қамтамасыз етуге қабілетсіз мемлекеттік және қоғамдық
құрылымдардың дағдарысы болып табылады. Бұл біріншіден, қоршаға табиғи
ортаны қорғау жөніндегі арнайы органдардың ормандарды, барлық ресурстарын,
жануарлар әлемін, жер асты байлықтарын қорғау мен пайдалану юойынша
нәтижелі жұмысының жеткіліксіздігін көрсетеді.
Екіншіден, экологиялық дағдарыс әлеуметтік аспектіде экологиялық-
құқықтық нигилизмде, яғни экологиялық-құқықтық талаптарды жаппай
орындамауда және оларды бұзуда көрінеді.

1.3. Экологиялық дағдарыстың себептері
Адамның қоршаған ортаға жағымсыз әсерін тигізуі өте ертеден-ақ
басталған. Мысалы, Ливанның тау бетейлерінің жалаңаштануы шамамен 5000 жыл
бұрын, Соломон патшаның сарайлар мен шіркеулерінің құрылысы үшін әжептәуір
аймақтағы ливан бал қарағайларының тоғайларын шабуға бұйрық бергеннен
болған. Далмацияның қалың ормандарын рим флотын жасағанда қарқынды құртып-
жою басталған. Қытай мен Үндістанның көп бөлігінде ормандар өткен
мыңжылдықтарда-ақ бүтіндей шауып тасталған.
Төмендегі суретте жоғарыда айтылғандар тұжырымдалған.
Экологиялық дағдарыс: Құрылымы. Себептері. Шығу жолдары.

Көне дүниенің мемлекеттерінде техногенез қоршаған ортаның өзгеруінің
маңызды факторына айналды: Нілдің (Мысыр), Хуанхэ (Қытай), Тигр мен
Евфраттың (Вавилон), Әмударияның (Хорезм) және т.б. алқаптарының табиғаты
түп-тамырымен өзгертілді.
Көне дәуірде бар болғаны 19 элемент, ХVIII ғасырда – 28, ХІХ ғасырда
– 50 элемент пайдаланылған, қазір барлық 89 табиғи элементтер, сондай-ақ
бірқатар жасанды элементтер – плутоний, нептуний, калифорний т.б.
пайдаланылады.
Ғаламдық экологиялық дағдарысқа адамның өлшемсіз шаруашылық әрекеті де
әкелді. Антропогенді шөлдердің аумағы құрлықтың 8 пайызына жетеді, қалалар
мен өндірістік белдемдер 2 пайыздан астам жерді алады. Аэроғарыштық
мәліметтер бойынша жыл сайын әлемде 7-ден 20млн. га-ға дейін ормандар
кесіледі, жер атмосферасына О2 негізгі жеткізуші – тропикалық орман 50
пайызға, қоңыржай белдеудің ормандары 40 пайызға кесілген. Ормандарды кесу
топырақ эрозиясын, атмосфераның ластануын күрт күшейтеді, ғаламдық су
айналымын, СО2 мен О2 бұзады. Скандинавияда SO2 Англия мен ГФР-дан
жеткізілуі арқан балықтарының құруына әкелді, өйткені бірқатар өзендерде рН
4,0-ге дейін кеміді. Канаданың Онтарио провинциясында АҚШ-тан келетін
қышқыл жаңбырлардың кесірінен 150-ден астам көл өліп қалған. Жер
атмосферасындағы SO2 50 пайыздан астамы техногенді тектен шыққан. АҚШ-тың
аса ірі өзені Миссисипидің ортаңғы және төменгі ағысында ауыр металдардың,
органикалық қосылыстардың, мұндай өнімдердің құрамы қалыптан ондаған есе
артық. Молдавияда жүзімдіктерді үнемі көп жылдар бойы мыстың күкірт
қышқылды тұзымен бүрку (зиянкестерден қорғану үшін) топырақтың мыс
тұздарымен зақымдануына (Cu2+ 1-2 % дейін) әкелді.
Санкт-Петербургтың өзендері мен каналдардағы тұнбаларда органикалық
қосылыстар (30% дейін) мен ауыр металдар күрт көбейген; Мәскеу аймағындағы
өзендер мен тоғандардың тұнбаларында органикамен қатар никель, хром,
молибден, ванадий, мыс, мырыш, қалайы, қорғасын мөлшерлері күрт молайған.
Ағылшын биохимиктері 5000 жыл бұрын жерленген алғашқы қауымдық
адамдырдың сүйегіне орта есеппен алғанда 1,43х 10-3% Pb, ал қазіргі
адамдарда – 3,45х10-3 % Pb бар екенін анықтады, яғни сүйектегі қорғасынның
мөлшері екі есеге артқан, ол сүйектің сыну қаупін және т.б. ұлғайтады.
Жапонияда өндіріс қалдықтарын Агано өзеніне және Минимат шығанағына
тастау метилсынаптың барлықтарды, таңқы шаяндарда, устрицаларда жиналуына
әкелді. Оларды тағамға пайдалану қауіпті Минимат ауруын тудырады. Cd бар
өндірістік қалдықтарды лақтыру Жапонияның Тояма ауданында жүздеген
адамдардың қаза болуына апарып соқты. Бұл жаңа техногенді ауру итай-
итай деп аталады.
Дүгие жүзінің ірі өндірістік қалаларына қорғасынмен ластану тән:
қалалардағы топырақ пен өсімдіктерде одан сыртқары жерлерге қарағанда 20-30
есе артық Pb бар. Қала атмосферасын машинаның газды түтіндерімен ластау
(СО2,СО, NO, SO2) тыныс алу мүшелері үшін ғана зиян емес, ол сәулетке
әжептәуір залалын тигізеді: ғимараттардың қаптауларына, қола және мәрмәр
мүсіндердің күйіне және т.б. Афинылық Акрополге өткен жүздеген жылдардан
гөрі соңғы 25 жылда көп залал тиген.
Қала орталарын оңтайландыру үшін қалдықсыз технологияны енгізу,
тазалағыш құрылыстарды салу, қазандықтардың санын азайту, автомашиналардың
шығарған газдарымен күресу, көгалдандыру аса қажет.
Жоғары экологиялық қауіпті автотрассалар да тудырады. АҚШ-та бір
жолдың жиегіндегі ені 50 м жолақтарды және Вашингтон-Балтимор шоссесін
зерттеулер топырақтың залалдануынан жер құрттарында қорғасын, мырыш, никель
мен кадмий күрт көбейгенін көрсетеді: бұл құрттармен қоректенген құстар
ауыр металдармен уланудан қырылған.
Экологтардың назарын көк-жасыл балдырлар проблемасы аударады. Еділде,
Днепрде, Донда ГЭС салу өзендерде судың ағуын азайтты, тыңайтылушы
егістерден фосфор, нитраттар, калий апарылатын тоқырау белдемдері пайда
болды. Нәтижесінде су гүлдейді, көк-жасыл балдырлар жақсы жетіледі, суда
оттегі құриды, балықтар өледі, суда бұзылған өнімдер артып, су ішуге
жарамсыз болып қалады.
Көк-жасыл балдырлардың әр түрлі жағдайларға аса төзімділігі белгілі.
Олар тіпті атом реакторларының уран қазаншаларындағы ыстық суда да өсе
береді. Сонымен қатар балдырларда құнды элементтер жинақталады, мысалы,
Жапонияда қарапайым су ағзаларының қалдықтарының есебінен пайда болған
көлдегі сапропелді шөгінділерді тыңайтқышқа, малға қорекке, тіпті, халықтың
азық-түлігіне пайдаланады.
Мұхит суларын ластау ғаламдық деңгейде жүріп жатыр. Ғарыштан
түсірілген суреттер мұхиттың 30 пайызға дейінгі үстіңгі қабатында мұнай
өнімдерінің бар екенін көрсетеді. Бортында жүз мыңдаған тонна мұнайлары бар
алып танкерлердің апатына байланысты болған мұнаймен ластану кейде
экологиялық алапат сипатын алады: мұндай оқиғалар 1986 жылы Аляска
жағалауларында, 1996 жылы Жапония жағалауларында және т.б. аймақтарда
болды. Әсіресе, Балтық, Қара, Жерорта, Эгей теңіздерінің жағалауларындағы
сулар мен ішкі теңіздер қатты ластанған. Бұған көп мөлшердегі техногенді
ластағыштар – хлорлы органикалық токсиканттар (ДДТ, полихлорланған
бифенилдер және т.б.), радионуклеиндер (90Sr, 137Cs, 238Pu, 3H, 144Ce),
минералды тыңайтқыштардың нитраттары мен фосфаттары, мұнай өнімдері, ауыр
металдар (Hg,Cd, Pb, Zn, Cu, As, Cr) түседі. Залалданған суда микроағзалар
көп мөлшерде көбейеді, бұл балықтардың жаппай қырылуына әкеледі: мұндай
құбылыс Калифорния мен Флориданың жағалауларынан байқалған.
Адамның антропогенді әрекеттілігінен шығып жатқан табиғи ортаны сарқу,
ластау және бүлдірудің себептерінің ішінен объективті және субъективті
себептерді бөлуге болады.
Біріншіден, бұл жер табиғатының өздігінен тазалануға және өздігінен
реттелуге деген шекті мүмкіндіктері. Белгілі бір уақытқа дейін жер табиғаты
адамзат өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеп, дазалап, сонымен өзін олардың
зиянкесті әсерінен қорғайды. Алайда оның мүмкіндіктері шектеулі.
Екіншіден, бұл жер территориясының бір ғаламшар аясында физикалық
шектеулігі. Осының салдарынан пайдалы қазбалардың – адам пайдаланатын тас
көмірдің, мұнайдың және т.б. қорлары біртіндеп жұмсалып, одан кейін мүлде
түгесіледі.
Үшіншіден, бұл табиғаттағы өндірістің қалдықсыздығы және адамзат
өндірісінің қалдықтылығы. Табиғатта өндіріс тұйық цикл бойынша жүзеге
асырылады. Одан қалдық шықпайды. ¤ндірістік әрекеттіліктің соңғы өнімі жаңа
өндірістік цикл үшін бастама болып табылады. Табиғат өндірісінен
айырмашылығы, адамзат өндірісі қалдықты болып табылады. Адамның тіршілік
әрекеттілігі үшін жылына 20 т кем емес табиғи ресурстардың жұмсалуы
керектігі есептеліп шығарылған. Оның небәрі 5-10 % ғана өнімге жұмсалады,
ал 90-95 % қалдыққа кетеді.
Төртіншіден, бұл адамның табиғаттың даму заңдылықтарын табиғатты
пайдалану мен тәжірибе жинақтау үрдісінде тануы және пайдалануы.
Бұл жерде адамның табиғатқа әсер етуінің нәтижелерінің көріністерінің
екі ерекшелігің атай кету керек. Бірінші уақытта әсер етуге қатысты.
¤ндірістік-шаруашылық әрекеттіліктің нәтижелері, қоршаған ортаны ластау,
осы ұрпақ өмір сүрген кезде ғана емес, болашақта да, келесі ұрпақ өмір
сүрген кезенде де көрінеді.
Екінші ерекшелік шаруашылық әрекеттіліктің салдарының кеңістікте
айқындалуына қатысты. Белгілі бір жерде, белгілі бір нүктеде табиғатқа
иелік етімен жасалатын әсер ортаның бірлігі мен өзара байланысты заңының
арқасында адамның қоршаған ортаға әсер ету нүктесінен қашықтағы басқа
аймақтарға да өзінің ықпалын тигізеді.
Субъективті белгілерге жатады:
Біріншіден, мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға қатысты
ұйымдастырушылық-құқықтық және экономикалық әрекеттілігінің жетіспеушілігі.
Екіншіден, экологиялық тәрбиелеу мен білім берудің олқылықтары.
Экологиялық надандық – адам мен қоршаған ортаның өзара байланысының
заңдарын меңгеруге талапсыздық.
Экологиялық нигилизм – бұл заңдарды басшылыққа алуға талпынбау,
аталмыш заңдарды елемеушілік. Осы фактордың екеуі де қоршаған ортаның
жағдайына әсер етеді.
Экологиялық дағдарыс (ЭД) адамның табиғатқа әсер етуінің күшеюімен
қаншалықты сипатталса, адамдар өзгерткен табиғаттың қоғамдық дамуға
ықпалының күрт өсуімен (бумеранг эффектісі) соншалықты (бұған ерекше көңіл
аударған жөн) сипатталады. Ірі омыртқалы жануарлардың шектен тыс
кәсіпшілігінің экологиялық дағдарыстары (50-100 мың жыл бұрын) және қазіргі
экологиялық дағдарыс аса белгілі. Экологиялық дағдарыстан экологиялық
проблемалары жағдайды және экологиялық алапатты айыра білген жөн: дағдарыс
– адамның белсенді әрекеттілігі жоқ болып көрінетін, бірақ қалпына келетін
күй, алапат – қалпына келмейтін құбылыс, мұнда адам енжер, зардап шегуге
мәжбүр, ол жағдайды өзгерте алмайды; кеңірек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа әлемдік тәртіп және жаһандану дәуірі
Экологияның ғаламдық мәселелері
Жаратылыстанудың мақсаттары
Негізгі абиотикалық факторлар және биосфера
Қонақжайлылық тарихы
Ғылыми зерттеулердің технологиялық картасының жалпылама моделі
Сыбайлас жемқорлық: пайда болу, әсер ету септері және күресу әдістері
Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Қазақстандағы атом энергетикасының бүгіні мен болашағы
Пәндер