Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін олардың семантикалық құрылымы арқылы зерттеу, мәнмәтіндік өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін сипаттау


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
ҚАЗАҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНІҢ СЕМАСИОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
1. 1 Фразеологизмдердің семантикалық белгілерінің семасиологиялық негіздері
1. 2 Фразеологизмдердің қолданыстық және контекстік семантикасындағы ерекшеліктер
2 Құрылымдары паремиологиялық және паремиологиялық емес семантикалы фразеологизмдер
2. 1 семасиологиялық құрылымдары және қалыптасу заңдылықтары
2. 2 Фразеологизмдердің семасиологиялық құрылымдарының констекстік өзгерістерінің лингвистикалық сипаты
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қазақ тілінің құнарлы қорына жататын, көркем сөз бен шешендік өнерінің қайнар бұлағы болып саналатын тұрақты тіркестердің бір саласы - фразеологимдер деп аталатын сөйлем құрылымды тобы фразеологизмдердің және қолданыстық табиғатына тән көптеген өзіндік семантикалық және грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік, сонымен қатар мәнмәтіндік) табиғатымен, ерекшеліктерімен көзге түседі. Тіліміздегі сан алуан мыңдап саналатын, мақал-мәтелдер қатарына жататын фразеологизмдер міндетті түрде тіл байлығын құрап, сөздермен, тұрақты тіркестермен жарыса қатар қолданылады. Мақал-мәтелдерде өзіндік грамматикалық және семантикалық қасиет бар. Мақал-мәтелдерді зерттеушілер ерекшеліктеріне қарай, фразеологизмдермен ортақ тілдік ерекшеліктеріне, белгілеріне, қасиеттері мен табиғаттарына қарап, оларды фразеологияның зерттеу обьектісінің қатарына жатқызады. Мақал-мәтелдер тілімізде фразеологизмдер тәрізді, халқымыздың рухани, мәдени өмірі мен салт-дәстүрі, наным-сенімі, дүниетанымы негізінде туындап, көркем сөздің кең қолданылатын бейнелі де әсерлі құралына, сөз мағынасы мен мәніне эмоциналды-экспрессивті рең беріп рең беріп тұратын тұлғасына айналған тілдік құбылыс. Оның көптеген сыры этнолингвистикалық факторларға да байланысты. Мақал-мәтелдеодің пайда болуы тек тіл заңдылығына ғана емес, сонымен қатар аталған тілдік бірліктерге тән қасиеттерге қатысты.
Қандай фразеологиялық оралым болмасын бастапқы кезде еркін сөз тіркесі немесе сөйлем болғандығы белгілі. Даму процесінде әр түрлі жолдармен, әр түрлі себептерге байланысты еркін сөз тіркестері әр түрлі тілдік категорияға өтіп отырған. Мысалы, лексикалану процесінің нәтижесінде еркін сөз тіркестері - күрделі сөздер категориясына, фразеологиялану процесінде еркін сөз тіркестері - фразеологиялық оралымдарға, ал грамматикалану процесі нәтижесінде басқа да синтаксистік тұрақты сөз тіркестерінің категорияларына өтеді. Фразеологиялық оралымдар сөз тіркесі тұрпатында да, сөйлем тұрпатында болып келгенімен, фразеологиялық оралымдардың о бастағы негізі еркін синтаксистік тұлғалар болғандығы мәлім.
Фразеологизмдердің түп төркіні әріге кетеді. Өз тарихы, қалыптасу жолы, ұлттық ерекшелігі бар фразеологизмдер тіл ішінде өз заңдылықтарына сәйкес өмір сүретін айрықша тілдік категориялар болып табылады. Әр фразеологизмдердің пайда болу, шығу негізі бар, қалыптасу жолдары мен тәсілдері бар. Енді соларға тоқталайық. Қазақ тіліндегі фразеологиялық оралымдардың әр түрлі семантикалық топтарының (тұтастық, бірлік, тізбек, сөйлемше) өз жасалу жолдары бар. Олардың жасалуына, қалыптасуына, фразеологиялық қасиетке ие болуына алуан түрлі құбылыстар, ұғымдар мен түсініктер негіз болған.
1. Зерттеу жұмысының өзектілігі . Тіл иесі - халақтың басында болған әдет-ғұрып, шындығына сай туған сан-салалы фразеологиялық оралымдар әлеуметтік, шаруашылық, діни т. б. факторлар негізінде пайда болған. Олардың құрылым жағынан қалыптасуында, мағына жағынан үйлесуінде тиянақты тәртіп, нақты жүйе бар. Бұл - өзінен-өзі түсінікті жағдай. Өйткені бұл фразеологизмдер әлеуметтік әлеуметтік жағдайға жанасып, өз заманының талабына лайық туып қалыптасқан я жаңа сипатына өткен. Олар талай дәуірден елес беретін, жұртшылықкәдесін өтеп отырған фразеологизмдер. Мысалы: жеті нан құдайы; жетісін беру; тоқымқағар; өлі-тірісін беру; сүндет тойы; шілде күзет; кемпір өлді; ат шаптыру; ақсарбас айту; алдынан өту; ауыз бастырық; ауыз тию; байғазы сұрау; барымта алу; бата сұрау; құран түсіру; батырдан сауға, мергеннен сыралғы; беташар т. б. Әдет-ғұрыпты, тұрмысты сипаттайтын осындай фразеологизмдердің құрамына, ішкі және сыртқы тұрпатына, мағына-мазмұнына, өзгертіп-түрленуіне қатысты айырым белгілері мен ерекшеліктері бар, мәні құрылымдық, семасиологиялық, контекстік, парадигмалық заңдылықтарға да тікелей қатысты. Осыған байланысты зерттеуде жалпы фразеологизмдерден мақал-мәтелдерді фразеологизмнің саласы ретінде қарастыруымыздың басты мақсаты - олардың табиғатына тән өзіндік семантикалық, грамматикалық және мәнмәтіндік ерекшеліктері мен заңдылықтарын аша түсу, теориялық негіздерін айқындау болып табылады.
Мақал-мәтелдер, фразеологизмдер барлық тілдерге тән құбылыс. Түркі тілдері фразеологиясы бойынша жарты ғасыр беделінде жүргізіліп келе жатқан жан-жақты зерттеулер бұл құбылыстардың сан алуан түрлерін, тұлғалық, мағыналық типтерін анықтауда. Алайда мақал-мәтелдердің грамматикалық, семантикалық, мәнмәтіндік ерекшеліктерін арнайы зерттеу көп емес. Сондықтан да зерттеу жұмысымызда сөз етіп отырған мақал-мәтелдеодің грамматикалық семантика - семасиологиялық табиғатын анықтау мәселесінің ғылыми - практикалық мәні, өзектілігі, ең алдымен, нақты зерттеу обьектісі ретінде зерттелуі болса, екіншіден, фразеология ғылымы үшін де аз да болса айтар жаңалығына байланысты деп білеміз. Жұмыста фразеологизмдердің, мақал-мәтелдердің семантикалық, семасиологиялық құрылымын талдай отырып, олардың семантикалық ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөлінді.
Тақырыптың жалпы қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің өздеріне ғана тән грамматикалық және қолданыстық ерекшеліктерін анықтау мақсатына арналуы - оның өзектілігін көрсетеді, өйткені мақал-мәтелдердің семасиологиялық және грамматикалық жағының арнайы зерттелуі тақырыптың сонылығы, және де мақал-мәтелдердің семасиологиялық жақтан өзгерістерге түсу мүмкіндіктерін, синтаксистік жақтан қызметтерін талдау да жұмыстың өзектілігін қуаттайды.
2. Жұмыстың мақсаты . Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін олардың семантикалық құрылымы арқылы зерттеу, мәнмәтіндік өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін сипаттау - жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынадай мәселелерді шешу қарастырылды:
- Мақал- мәтелдердің фразеологизм ретінде зерттелу жайына қысқаша тоқталу;
- Мақал-мәтел - фразеологизмдермен мақал-мәтел емес коммуникативтік фразеологизмдердің қасиеттеріне тоқталу; Олардың грамматикалық, семантикалық ерекшеліктерін нақты мысалдармен салыстыра отырып, семантикалық топтарын анықтау, туынды ауыс мағынаға өту тәсілдерін анықтау;
- Мақал-мәтелдердің номинативтік фразеологизмдермен ұқсас және өзгеше жақтарын көрсету;
- Мақал-мәтелдердің қолданылу ерекшеліктерін сипаттау.
3. Зерттеудің ғылыми жаңалықтары мен теориялық маңызы . Мақал-мәтелдердің грамматикалық табиғаты бұрын арнайы зерттелген жоқ, зерттеу жұмыстарында азды-көпті сөз болғанымен, бұл мәселе түбегейлі шешілген емес. Осы тұрғыдан, пайдаланылған көптеген мақал-мәтелдердің, олардың сөйлем, мәнмәтін құрамында қолданылуына байланысты жинақталған мысалдармен мақал-мәтелдердің грамматикалық ерекшеліктерін айқындап, қолданыс аясын ашу жұмыс жаңалығы болып табылады. Морфологиялық жақтан өзгеріске түсетін мақал-мәтел құрамындағы сөздер сипаты, немесе өзгеріссіз мәнмәтін я сөйлем құрамына енетін мақал-мәтелдің сипатын семантиклық және грамматикалық тұрғыдан дәлелдеу де жұмыс жаңалығының қатарына жатады.
4. Зерттеудің практикалық мәні. Жұмыс нәтижелерін жоғары оқу орындарында өтілетін лексикология, фразеология, мәтінді лингвистикалық талдау, басқа тіл білімі пәндері бойынша лекцияларда, арнайы курстар мен семинарларда пайдалануға болады. Білімгерлердің өзіндік жұмыстарына, курстық және дипломдық жұмыстарына теория жүзінде көмек бола алады.
5. Тақырыптың зерттеу деңгейі . Зерттеулерде фразеологиялық құрылымдардың семасиологиялық, семантикалық қалыптасу заңдылықтарына жеке талдаулар жасалынғанымен, оның лингвистикалық заңдары, мән-мазмұны, өзгеріске түсу жолдары, астарлы семантикасының негізінде қалыптасу негіздері арнайы зерттеу нысаны болған емес. Сондықтан диссертацияда фразеологизмдердің, соның ішінде семаиологиялық ерекшеліктеріне талдау жасалып, арнай зерттеу обьектісі болып отыр.
6. Зерттеу жұмысының дереккөздері . Зерттеу жұмысының негізгі дереккөздері ретінде түсіндірме, фразеологиялық, паремиологиялық, аударма, этимологиялық және т. б. сөздіктер кеңінен пайдаланылды. Фразеологизмдердің, мақал-мәтелдердің семасиологиялық құрылымдарының түр-түрін, олардың семантикалық табиғатын, қолданыстық, мәнмәтіндік семасиологиясын анықтау үшін әр түрлі жазушылардың, сөздіктердің материалдары пайдаланылды.
7. Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы . Диссертацияда ұсынылған тұжырымдар - ғылыми мақалада жарияланды, зерттеу жұмысының теориялық мәселелері мен ғылыми жаңалық - тұжырымдары Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты Қазақ тілі кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
8. Зерттеудің базасы. Жұмыста пайдаланылған мысалдар көркем әдеби шығармалардан, арнайы мақал - мәтелдер сөздіктерінен алынды. Мақал-мәтелдерді түсіндіру барысында, семантикасын ашуда түсіндірме, фразеологиялық, паремиологиялық, этимологиялық сөздіктер, энциклопедиялар пайдаланылды.
9. Зерттеудің нысаны . Қазақ фразеологизмдердің семасиологиялық құрылымдарын тұрақты тіркестер ішіндегі предикативтік құрылымда паремиологиялық және паремиологиялық емес бірліктердің семантикалық аспектісі мен құрылымы зерттеу нысанына жатады.
10. Зерттеу пәні . Зерттеу негізіне қазақ фразеологизмдері, соның ішінде паеремиологиялық бірліктер, олардың семасиологиялық құрылымдары, семантикалық жақтан қалыптасу және қолданыстағы семасиологиялық өзгерістері алынды.
11. Зерттеудің ғылыми болжамы . Фразеологизмдердің паремиологиялық және мақал-мәтел емес топтарының семасиологиялық құрылымдарының семантикалық, контекстік жақтан қалыптасу жолдарын белгілеу, оларға себеп болатын лингвистикалық, экстралингвистикалық, интралингвистика- лық факторларды нақтылау - зерттеу болжамы болып табылады.
12. Зерттеудің міндеттері . Фразеологизмдердің семасиологиялық құрылымдарына талдау жасау арқылы фразеологизмдер жүйесіндегі семантикалық, жасалымдық заңдылықтарын анықтау барысында мынадай міндеттерді айқындау қарастырылды:
- фразеологиялық бірліктердің құрылымдарының семасиологиялық жақтан даму және қалыптасу заңдылықтарын талдау, негіздерін анықтау;
- фразеологиялық семасиологияның семантикалық тұрғыдан дамуының лингвистикалық факторларын, метафоралық, метонимиялық, мағына ауысудың басқа да тәсілдерін ашу;
- фразеологизмдердің, соның ішінде, мақал-мәтелдердің әртүрлі семасиологиялық құрылымда қалыптасуына әсер ететін ішкі және сыртқы, контекстік басқа бірліктермен байланысу жолдарын анықтау.
13. Зерттеудің әдіснамалық - теориялық негіздері. Зерттеудің әдіснамалық - теориялық негізін фразеология теориясының қалыптасу тарихында қолданысқа енген теориялық тұжырымдар, зерттеу тарихында сұрыпталып қолданбалы, теориялық мәселелерді анықтауда кеңінен пайдаланылып жүрген Ш. Балли, В. В. Виноградов, І. Кеңесбаев, К. Аханов сияқты жалпы фразеология теориясын негізін қалаушылардың теориялық еңбектері, шетел фразеологиясындағы фразеологиялық теорияға арналған А. Кунин, И. Чернышева, Н. Назарян, В. Телия, Н. Амосова және басқа ғалымдар еңбектері құрайды. Негізінен қазақ фразеологиясындағы соңғы жылдардағы нәтижелі жаңалық болып табылатын диссертациялық зерттеулер тұжырымдары пайдаланылды.
14. Зерттеудің құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт тараушадан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНІҢ СЕМАСИОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Карл Райзич 1839 жылы латын тілінің лексияларында сөздер мағынасын дербес ғылым ретінде қарастыруды ұсынды және оны семасиология деп атады. Дәстүрлі семасиологияда тілдік бірліктердің мағыналық жағын қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Семасиологияның қарамағына: а) тілдік бірліктердің мағыналық құрылысы; ә) лексикалық мағыналардың түрлері; б) тілдік бірліктердің мағыналық жақтан даму заңдылықтары мен себептері және е) мағынаның өзгеру түрлері енеді.
Сөз-тіл білімінің барлық саласының негізгі зерттеу обьектісінің бірі, бірақ әр сала оның бір қырын ғана өз заңдылықтары негізінде сөз етеді.
Сөз, фразеологизм - мағына мен дыбыстардың бірлігі. Дыбысталусыз сөзде, фразеологизмде болмайтыны сияқты, мағынасыз сөз де, мағыналы сөздердің тіркесінсіз фразеологизм де болмайды. Содан барып, әрбір сөз, әрбір фразеологизм белгілі бір заттың, құбылыстың я жағдайдың атауы.
Сөздер бір дыбысты да, дыбыстар тіркесінен де құралатын болса, фразеологизмдер ең кемі екі толық мағыналы сөзден құралады, белгілі бір ұғымның атауы ретінде қолданылатын кешенді құбылыс. Сондықтан семасиологиялық тұрғыдан әрбір фразеологизм - құрамындағы сөздердің семантикалы жақтан үйлесімі, тіркесі, даму заңдылықтары бойынша тұрақталып, қалыптасқан бірліктер.
Семасиологияның құрылымы жағынан әрбір фразеологизм семантикалық заңдылықтардың нәтижесінде мағыналарының дамуы барысында астарлы бірнеше өткен деген анықтама беретін лингвистер бар. Бұл заңдылыққа сәйкес тіл белгілі бір құрылымы және қызметі бар біртұтас жүйелі құбылыс ретінде өмір сүреді. Тілдің құрылымы тілдік қатынастардың үлгісі дегенді білдіреді де, тілдік жүйенің қаңқасын жасайды. Тілдік құрылымның элементтері бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, әрқайсысы жүйелі түрде өмір сүреді.
Тілдік жүйе рет-ретімен орналасып ұйымдасқан біртұтас құбылыс. Ал тілдік құрылым біртұтас тілдің құрамындағы әр тектес тілдік элементтердің арақатынасынан және бірлігінен тұрады. Жүйе өзара шарттас, өзара байланысты біртектес элементтердің бірлігі болса, ол өзіне тән айырықша құрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы түрінде ұғынылады.
Жалпы теория бойынша жеке тілдік деңгейдің элементтері біркелкі болуы тиіс. Төменгі деңгей элементі өзінен жоғарғы деңгейдің құрамына енуі қажет, кез келген деңгей элементі ірі элементтердің бөлшектенуі нәтижесінде анықталады және кез келген деңгей элементі тілдік таңба болуы тиіс. Демек, әр тектес (біркелкі емес) элементтер бүтін тілдік жүйені құрайды. Осы тұрғыдан келгенде, тілдің әрбір элементі, немесе әрбір тұлғасы, өзіндік қасиетіне орай үш түрлі: парадигматикалық, синтагматикалық және иерархиялық қатынасқа түсе алады [1] .
Фразеологизмдердің тілдік табиғатын, аумағын және шегін анықтау тілдік элемент, тілдік деңгей, тілдік жүйе және тілдік құрылым мәселелерімен байланысты шешіледі, өйткені фразеологияның зерттеу объектісін анықтау осы аталған тілдік құбылыстардың мәнімен тығыз байланысты анықталады. Осы категориялардың негізінде анықталатын тілдік тұлғалардың негізгі белгілері фразеологизмдердің бойынан да табылады. Олардың (тілдік тұлғалардың) қасиеттері мыналар:
а) қайсыбір мән-мағынаны білдіреді немесе оны білдіруге және анықтауға қатысады;
ә) белгілі бір объект ретінде жеке тұлға бола алады және бөлшектерге бөлінеді;
б) дайын күйінде қолданылады;
в) синтагмалық және парадигмалық қасиеттерімен қатынастарға түседі;
г) өз деңгейі арқылы тілдік жүйеге енеді;
д) басқа тілдік деңгей тұлғаларына немесе сөйлеу тұлғаларына қатысты олармен иерархиялық қатынаста болады;
е) өзін құрастырушы элементтерімен салыстырғанда, әрбір күрделі тұлға жаңа сападағы жүйе болып табылады. Әрине фонеманың, морфеманың және сөздің тілдің негізгі тұлғалары екендігіне ешқандай дау жоқ, өйткені тілдік жүйе жалпы түрде осы тұлғалардың көмегімен сипатталады және анықталады. Сондықтан олардың негізгі қасиеттерін басқа тілдік тұлғаларға да тән деп есептеуге болады. Осы жеті белгіге жауап бере алатындықтан, көпшілік ғалымдар фразеологизмдерді тілдік тұлғалар қатарына жатқызады [1, 3] .
Өзінің грамматикалық құрылысы жағынан фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен және сөйлемдерден айырмашылығы жоқ. Фразеологизмдерді мағынасының сапасы тұрғысынан тілдік тұлға емес дей алмаймыз, өйткені олар морфема, сөз сияқты тілдік тұлғаларды сипаттайтын, оларға тән белгілердің біразына ие. Фразеологизмдер қайсыбір мағынаны білдіреді; сөйлеу барысында өзгешеленіп тұрады; дайын күйінде қолданылады; басқа деңгей элементтерінің құрамына өзінің тұрақты құрамымен еніп, иерархиялық қатынасқа түседі; құрамы мен құрылымының тұтастығымен жеке деңгейді құрайды; фразеологизмдер жалпы тілдік жүйеге өз деңгейі арқылы енеді деп есептеуге болады [3] .
Сөйлем - қызметтегі тілдің және сонымен қатар тілдің, тіл қатынасының соңғы нәтижесі. Қатынас құралы ретіндегі тілді сөйлем құрылымынан кездестіреміз. Сөйлемнен және оның бөліктерінен тілдік тұлғалардың бәрін және тілдік тұлғаларға тән қасиеттердің барлығын кездестіре аламыз [2; 4] .
Тілдік тұлға ретіндегі фразеологизмдердің өздеріне тән табиғатын оларды еркін сөз тіркестеріне, сөзге және күрделі сөзге салыстырып, қарастырайық.
Фразеологизмдердің шегін анықтау мәселелесіне тоқталғанымызда даулы мәселелердің бірі болып, оларға шектес күрделі единицалар тобы көлденең тұрады, оның себебі шектес тұлғалар (мысалы: күрделі сөздер, еркін сөз тіркестерінің топтары, күрделі терминдер мен атаулар, еркін түрде тіркескен сөйлем түріндегі оралымдар т. б. ) фразеологизмдерге ұқсастық жақтарымен жақын келеді. Мысалы, күрделі терминдер мен атаулар шындық өмірдегі жаңа құбылыстарға ат беріп, айдар тағудан келіп туған, олар тура мағынада номинация қызметін атқарады [7] .
Көптеген неологизмдер, барлық термин-сөздер, термин-сөз тіркестері барлық тілдерде негізінен белгілі уақытта жасалынып, дайын қолданылады. Ш. Балли: «Тіл-тілде сөз тіркесі тұтас тұлға болып ең жоғарғы дәрежеде тұтасқанда ғана тілдік единица бола алады» - дейді. Тілде идиомалар, фразалар, мақал-мателдер, қанатты сөздер, авторлық афоризмдер, күрделі сөздердің әр түрлі топтары өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болып келеді. Мұндай оралымдар адамдардың ой-сезімін, арақатынасын, өмір танымын білдіреді. Дайын қолданылатын мұндай тұрақты түрде қолданылатын оралымдардың бәрі бірдей фразеологизм емес. Сөз тіркестері болып келетін «жаңа ғылыми құрамды терминдердің фразеологиялық тіркестерге тіпті қатысы жоқ» - дейді Б. А. Ларин. Фразеологизмдерге шектес тұлғалардың көпшілігі: соқыр ішек, сасық күзең, таз тырна, сабау құйрық, сарыбауыр, тараққұйрық, тауықкөз, темірқазық, үкікөз т. б. сияқты күрделі сөздер; ақ аю, ақ бидай, асам ет, асау ат, асыл тас, ашық жиналыс, ақ орамал, қызыл көйлек, жазық дала, жылы бөлме т. б. сияқты еркін синтаксиситік сөз тіркестері болып келеді (мысалдардың сөздіктердегі орфографиясы сақталды) . Сондай-ақ сөйлем құрылымындағы фразеологиялық емес оралдымдар да көптеген қасиеттерімен фразеологизмдерге ұқсайды. Шектеулі тіркескіштік, лексикалану, гармматикалану және фразеологиялану құбылыстары сөз тіркестерінің немесе сөйлемдердің әр түрлі тұлғаларға өтуін қамтамасыз етеді. «Лексикалану процесінде жаңа сөздер, тұрақты тұлғалар, ал фразеологиядану процесі нәтижесінде тұрақты сөз тіркестері туып отырады» - дейді Л. И. Ройзензон. Бұл пікірді құптауға болады. Фразеологимздерге шектес тұлғалар күрделі сөздер мен еркін сөз тіркестері өздері білдіретін заттың және құбылыстың ұғымымен тікелей байланысты, атау ретінде тура номинативті мағынада жұмсалады. Күрделі терминдер жай термин сөздер сияқты қызмет атқарады. «Если словосочетание становится обозначением единого целостного понятия, оно хотя и продолжает сохранять форму словосочетания, но по сути своей становится единым словом», - дейді Н. И. Троицкий. Тіл-тілде осы сияқты бір бүтін ұғымның атауы болып келетін тұлғалар көптеп кездеседі. Ал, В. В. Виноградов грамматикалық көзқарас тұрғысынан «железная дорога», «мелкая сошка», «втереть очки» және т. б. сияқты оралымдарды сөз деп танымау керек . . . , в которых данный целый комплекс словосочетания остается неизменным, «безформенным» дейді.
Қай тілді алмайық, ешбір нақтылы бір идеяны, ұғымды барлық уақытта дербес сөзбен немесе түбірлік элементпен атауға құдыретсіз болып келеді. Адам баласына қоршаған ортада, қоғамның даму барысында танылып болмаған алуан түрлі заттар мен құбылыстар, олардың бір-бірімен қатынасы біртіндеп танылып отырады. Жаңадан танылған заттар мен құбылыстар тілде сөзбен аталуы қажіттілігі әр уақытта жаңа сөздерді тудыра бермейтіні сияқты, жеке дербес сөздермен де барлық уақытта атала бермейді. Мысалы, мынадай тіркестер немесе атаулар : темір жол, кәмелеттік аттестат, ит шана, еңбек кітапшасы, күн тәртібі, ашық хат, қос аяқ, ас қазан, ат дорба, атан өгіз, ашамай сүйек, бел орақ, қоян от, қой желке тағы басқа күрделі сөздер тіркес құрылымды болғанымен, атау ретінде қолданылады. [5]
Синтаксистік байланыста айтылып, мағыналық топ болып тұратын сөз тіркестері түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, көбінесе екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Сөз тіркестері мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өзара байланыста, бірлікте болатын, толық мғыналы, кемінде екі сөздің тіркесі түрінде байланысады. Сөз бен сөз тіркесі тек мағына жағынан емес, сонымен қатар грамматикалық қасиетерімен де бір-бірімен байланысты. Сөз тіркестері сөйлеу процесінде, коммуникация кезінде, сөйлемнің құрамында жасалады. Фразеологизмдердің ішінде синтаксистік сөз тіркестері мен сөйлемдер құрылымдас, солардың үлгісі бойынша жасалғандары да ұшыраса береді, мұны мына мысалдардан көруге болады: күміс көмей - күміс қасық, қалың қол - қалың кітап, ашық ауыз -ашық есік, ала аяқ - ала сиыр, шикі өкпе - шикі ас, қысқа жіп көрмеуге келмейді, демнің арасында, дозақтан өтіп келгендей, ерінбеген арыстанның аузындағысын алады, жүрек қыжылдады, әлін білмеген әлек т. б. Еркін сөз тіркестері мен фразеологизмдер құрылымы жағынан ұқсас келгенімен, олардың арасында да түбірлі айырмашылықтар жатыр [4, 13] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz