Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Халықтар Достық университеті
Отырар институты
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы
пәні бойынша семинар сабақтарына арналған
Оқу әдістемелік құрал
Шымкент 2008 ж.
Университтетің оқу әдістемелік кеңесінде талқыланып бекітілген.
Пікір жазған: т. ғ. к., профессор М. А. Ауанасов
Құрастырған: оқытушы Г. Б. Архабаева
Әдістиемелік нұсқау Халықтар Достық Университеті, Отырар институты, «Әлем тарихы» кафедрасында дайындалған. № ___ хаттама.
Шығыс пен батыс елдеріндегі ортағасырлардағы феодалдық қатынастардың ерекшеліктері.
1. Ортағасырлар тарихына кіріспе
2. Феодалдық құрылыстың мәні.
3. Шығыс елдеріндегі феодализмнің батыс елдеріндегі феодализмнен айырмашылығы
Орта ғасырлардағы Азия-Африка елдеріндегі феодалдық қатынастардың дамып, жетілуінін өзіне тән ерекшеліктері болды. Ол елдерде қауым ұзақ уақыт бойы сақталды. Қауымдардың өзін-өзі басқаруы автономиялығы, патриархальдық қатынастар өміршең болды. Мемлекет қауымның сақталуына мүдделі болды. Оның нығайуына қолдау көрсетіп отырды. Азия-Африка елдеріндегі ерекшеліктің бірі - үкіметтің жеке меншікке қарсы тұруы болды. Жер негізінен мемлекеттің меншігі болды. Келес бір ерекшелік мемлекеттік биліктін деспотиялық болуы еді. Азия-Африка елдерінде қай кезенде болмасын құлдар шаруашылықта шешуші роль атқармады.
Шығыс елдердің қалалары феодалдық Европадағыдай жекелеген феодалдарға емес, мемлекет басшысына бағынды. Шығыс елдерінде дін мемлекеттік деңгейге көтерілді.
Әдебиеттер:
- История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред. кол. : Ф. М. Ацамба, З. Г. Лапина, М. С. Майер. -М., МГУ, 1987
- Семенов В. Ф. История средних веков. -М., 1970.
- Всемирная История 12-томах. Т. 2-3. М., 1957.
- Васильев Л. С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
- История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М., РАН-1995
- История Востока В 3-х томах/ ІІІ-том Восток на рубеже средних веков и нового времени. М., РАН-1998.
- Средневековый Восток: история, культура, источниковедение. М., 1980.
- История средних веков (под ред. Сказкина) М., 88
Ирандағы Сасанидтер мемлекеті
1. Сасанидтер мемлекетінің құрылуы
2. Иранның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Халық қозғалыстары.
3. Хасров I Анашорван реформалары, сыртқы саясаты
1. Сасанидтер мемлекетінің құрылуы. 226 жылыИранда билікке Сасанидтер әулеті келді. Сасанидтердің атымен Иранның қайтадан гүлденуі, Византиямен кескілескен үздіксіз күрестері байланысты. Сасанидтер мемлекетінің негізін салушы Фарс ауданынның князі Ардапшр. Ардашир билікке зорастризм дінінің ықпалды ақсүйектерінің көмегімен келді. Иранның оңтүстігіндегі және шығысындағы әлі де бостандығын сақтап отырған көптайпалы шаруалар Сасанидтерге ұзақ уақыт негізгі әскери күшін беріп отырды. Сасанидтер мемлекетінің шегарасының қалыптасуы бірнеше онжылдықтарға созылып, Ардаширдың мұрагері Шапур I (241-272 ж. ж. ) тұсында аяқталды. Оның тұсында Сасанидтер державасының құрамына Армения, Хорасанның негізгі белігі, Месопатамияның бірқатар аудандары т. б. жерлер қосылды. Сасанидтер мемлекеті орталықтанған мемлекет болды. Ел губернаторлар басқарған 18 сатрапқа бөлінді. Губернаторды патша тағайындады және түгелдей оның билігінде болды. Сасанидтер мемлекеті қаржыға баса назар аударды. Тұрғындардан жер және жан басы салығы жиналды. Салықтарды жинауға чиновниктер штаты ұйымдастырылды. Жаңа әулеттің астанасы Персополь қаласы болды. Бірақ Месопатамиядағы үздіксіз күрестерге байланысты патша резвденциясы Тигр өзені жағасындағы шекаралық Ктесифон қаласы болды. Мемлекетті шахиншах басқарды.
2. Иранның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Сасанидтер тұсында Иран экономикалық жағынан дамыған ел болды. Византиямен, Үндістанмен, Орта Азиямен сауда қатынастарын жандандыра түсті. Ежелгі парсы - эллиндік дәстүрлерді сақтап қалған көне қалаларда жоғары сапалы қолөнер бұйымдарының өндірісі дамыды. Иран кілем, жібек, парша, жүн маталарымен, қару-жарақ шығарумен зергерлік бұйымдарымен аты шықты. Елде құлиеленушілік кең тарады. Құлдар ирригациялық құрылыстарда, патша мен ақсүйектердің жерлерін өңдеуде қолданылды. Құл сату сауданың пайдалы саласына айналды. Сасанидтер кезінде феодализм өсіп нығая түсті. Орталықтанған мемлекеттің құрылуымен бір қатарда сословиелік жүйе қалыптасты. Ел тұрғындары 4 сословиелік топқа бөлінді. Бірінен екіншісіне өту қиын болды. Алғашқы үшеуі - абыздар, әскерилер және чиновниктер ерекше артықшылықты, жеңілдіктерді пайдаланды. Олар салық төлемеді, міндеткерлік атқармады, тек өздерінін тұрақты қызметін атқарды. Төртінші сословиеге халық енді: Оларға алым-салық төлейтін, міндеткерлік өтейтін шаруалар мен қалалықтар жатты. Шаруалар қауымын "наф" деп атады. Мұндағы барлық шаруаны "шахиншах бандак" (шахишиах құлдары) деп атады.
Уақыт өтісімен қалалықтардың жағдайы нашарлай түсті. Олардың феодалдық жер иеленушілерге тәуелділігінің артуы, мемлекеттік салық езгісінің күшейуімен қосылып, жағдайды қиындата түсті. Иран шаруаларының жағдайын делдалдық сауда одан әрі нашарлатты. Елдегі наразылықтар діни сипатқа ие болған халық қозғалыстарынан көрініс тапты. Сасанидтердің негізгі идеологиясы зоороастризм болды. Зоорастризм храмдарының өз жер иеліктері болды және мемлекетте зор ықпалға ие болды. IV-V ғасырларда абыздар тек діни көсем емес, жоғарғы сот қызметін атқарып, мемлекетте шахиншахтан соң бірінші орында түрды. Дінге баса назар аудару, Ирандағы зоорастризмнің ыкпалынын өсуі жаппай еретиктік қозғалыстың есуіне әкелді. Алғашқы осындай қозғалыстардың бірі Манихейлік болды. Оның негізін салушы Месопатамиядан шыққан Мани (216-276ж. ж. ) болды.
6 ғасырдағы әлеуметтік қозғалыста діни сипатқа ие болып, кен етек алды. Бұл қозғалысты алдын абыз болған Маздак басқарды. Бұл қозғалыстардың бәрі жеңіліспен аяқталды.
3. Хасров I Анашорван реформалары, сыртқы саясаты. Маздакидтер қозғалысын басқаннан кейін және әкесінің өлімінен кейін Хасров Аношорван (531-579 ж. ж. ) билікке келді. Ол елде бірқатар реформалар жүргізді: - жер-салық жүйесін түгелдей қайта құрды;
• сауданың дамуына жағдай жасады;
• құрылыс жұмыстарына баса назар аударды;
• білім мен ғылымның дамуына жағдай жасады;
Сыртқы саясатында көрші халықтармен кескілескен күрес жүргізді. 532 жылы Византия императоры I Юстианмен "мәңгілік келісім" жасаған болатын. Бірақ Византияның күшейіп кетуінен қорқып, келісімді бұзды. 540 жылы Сирияға ірі шабуыл жасады және Антиохияны тонап, өртеудің нәтижесінде орнында тек күлі ғана қалды. Соғыс одан әрі Закавказье мен Месопатамияда жалғасты және үзілістермен 562 жылға дейін созылып, келісіммен аяқталды. 570 жылы Хасров Иеменді жаулап алды. Бұл Византия мен Иран арасындағы 20 жылдық соғыстың басталуына әкелді. Бұл соғыс тек Хасров елімінен соң, оның балалары тұсында аяқталды. Шығысында Хасров Орта Азидағы қосөзен аралығындағы көшпелі түрік тайпаларымен күрес жүргізді.
Әдебиеттер:
- История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред. кол. : Ф. М. Ацамба. ДГ. Лапина, М. С. Майер. -М., МГУ, 1987
- Семенов В. Ф. История средних веков. -М., 1970.
- Васильев Л. С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
- История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М., РАН-1995 1, РАН-1998.
- С. А. Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А. 1998ж.
- 8. История стран зарубежной Азии. Л., 1970.
- История Ирана с древнейших времен до XVII века. М., 1968
- История Иранского государство и культуры. М., 1971.
- Луконин В. Г. Древний и средневековый Иран. М., 1987
- Колесников А. И. Завоевание Ирана арабами. М., 1982.
VI-Ш ғасырлардағы Арабия.
1. III-VI ғ. ғ. арабтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, діні, саяси тарихы
2. Исламның пайда болуы. Аравияның біргуі.
3. Алғашқы халифтар тұсындағы Аравия және олардың жаулап алу жорықтары.
1. III-VI ғ. ғ. арабтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, діні, саяси тарихы. Арабия түбегі 3 млн. шаршы шақырым жерді алып жатыр. Ежелден бұл Территорияны арабтар мекендеді. Бұл аймақтың әртүрлі аудандарынын әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы біркелкі болған жоқ. Табиғат жағдайларына қарай оның тұрғындарын отырықшы егіншілер, көшпелі малшылар деп бөлуге болады. Аз ғана бөлігінде егіншілік дамыды. Иеменнін қару-жарақ шығарумен, тері өндеумен даңқы шықты. Оңтүстік Арабияда алтын шығарылды. Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында Делдалдық саудамен айналысуы себеп болды. Арабиядағы көшпелі Малшыларды - бедуиндер деп атады. Бедуиндер негізінен түйе өсірумен, сонымен бірге жылқы, қой, ешкі өсірумен шұғылданды. VI-VII ғасырларда бедуин тайпаларында алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау процесі жүріп жатты. Тайпа ақсүйектері қора-қора малымен, жайылымдарымен ерекшеленіп тұрды. Бұлармен қатар өздерін заңды түрде тәуелсіз деп есептейтін, бірақ мәжбүрлі түрде ақсүйектерге жұмыс істейтін тәуелді адамдар болды. Арабтарда маңызды мөлшерде құлдықта таралды. Құлдар негізінен Африкадан әкелінген шетжерліктер болды. Құл еңбегі экономикалық құрылыстың негізі болған жоқ.
Иемендегі құлиеленушілік құрылыстың дағдарысы және бедуиндердегі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңі Арабияның сыртқы жаулап алушылардың обьектісіне айналу кезіне сәйкес келді. VI ғасырда Византия мен Иран Иемен мен Батыс Арабия арқылы өтетін сауда жолдары үшін күрес жүргізді. 572-628 жылдары Иемен Сасанидтік Иранның сатырабына айналды.
2. Исламның пайда болуы. Аравияның біргуі. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, тайпалық ақсүйектердің жерді, малды, маңызды кіріс бөлігін жеке меншікке айналдыруға ұмтылуы Арабияның саяси бірігуінің негізгі алғышарттарына айналды. Бұған оңтүстік Арабия құлиеленушілік мемлекетінің құлауы және сыртқы жауларға қарсы тұрудың қажеттілігі де әсер етті. Бірігудің орталығы егіншілікпен, сауданың, қолөнердің біршама дамыған ауданы Хиджаз болды. Хиджаздың Мекке, Таиф, Ясриб сияқты қалалары көшпелі тайпалармен тығыз байланысты болды. Меккенің географиялық орналасуы оның тұрғындарының отырықшы мал шаруашылығымен айналысуына жағдай жасады. Мекке тұрғындарының көп бөлігі Курейш тайпасынан тұрды. Қаланы Омейядтар руы басқарды. Тайпалық жіктелуді жеңіп, біртұтас араб мемлекетін құру бір құдайға табыну идеологиясына келіп тірелді. Аравияның әртүрлі аудандарында бір құдайға сыйынуды уағыздаушылар пайда бола бастады. Меккеде мұндай насихаттаушы Мұхаммед (570-632 ж. ж. ) болды. Ислам діні 610 жылдар шамасында пайда болды. Алғашқыда ол Меккеде кең қолдауға ие болмады. Мұхаммедтің насихатын алғашқыда тек отбасы мүшелері мен бірнеше жақын туыстары ғана мойындады. Мұхаммедтің жақтастары "өздерін құдайға тапсырғандар" (муслимуна, мұсылмандар) деп атай бастады. 614 жылдан мұсылмандар саны 40-50 адамға жетіп, Мұхаммед көпшілік алдында үгіт-насихат жасай бастады. Мекке билеушілері Мүхаммедтің жақтастарын қуғындай бастады. 616 жылдың аяғы мен 617 жылдың басында кураиш руының рулары хашимит руына байкот жариялады. Ол бойынша: хашимиттермен сауда жасауға, іс жүргізуге, некеге тұруға тыйым салынды. Байкот 619 жылға дейін созылды. Осы кезде Мұхаммедті қолдаушы Абу-Талиб, сүйікті әйелі Хадиша қайтыс болды. 620 жылдан араб және иудей тайпаларының өзара қырқысынан әбден шаршаған Иасриб қаласында Мұхаммедтің үгіт-насихаттары естіле бастады. Иасриб қаласының тұрғындары Мұхаммедпен ауызша келісім жасады. Келісім бойынша: Иасрибтықтар Мұхаммедтің рухани абыройын мойындап, қалада өмір сүруіне кепілдік берді. Мұсылмандардың Меккеден Иасрибке көшуі басталды, ол 622 жылы 22 қыркүйекте Мұхаммедтің Иасрибке келуімен аяқталды. Мұхаммедтің Иасрибке келуі ислам тарихында төңкерісті оқиға болып, сол жыл хиджра (өз тайпасынан байланысты үзіп, басқадан пана табу) деп аталды да, мұсылман жыл санауының басы болды.
Иасрибке келген соң Мұхаммед дін уағыздаушы ғана емес, саяси қайраткерге айналды. Иасриб каласы Мадина (Мадинат аннаби -Пайғамбар қаласы) деп атала бастады. Жаңа жерде бекініп алған соң Мұхаммед меккеліктермен күрес бастады.
Ұзаққа созылған соғыстан кейін 630 жылы Мекке қаласының билеушісі Абу Суфиан Мұхаммедтің билігін мойындайды. 631 жыл ислам дінінін бүкіл драбияға таралу жылы болды. Бұл жылы Таиф қаласының тұрғындары, Иеменнің, Орталық Арабияның және Бахрейннің әртүрлі тайпалары ислам дінін қабылдады.
3. Алғашқы халифтар тұсындағы Аравия және олардың жаулап алу жорықтары.
Мұхаммедтің өлімінен кейін мемлекет билеушілері оның туыстарынан сайланып, "халиф" титулын (пайғамбардың орынбасары) алды. Сайланған халифтар төртеу болды: Абу Бакр (632-634ж. ж. ), Омар (634-644ж. ж. ), Осман (644-656ж. ж. ), Али (656-661 ж. ж. ) . Алғашқы халифтар жаулап алу жорықтарын жүргізді. Араб жаулап алу жорықтарына халқаралық жағдай да қолайлы болды. Византия мен Иран арасындағы ұзаққа созылған соғыс (602-628 ж. ж. ) сол уақыттың екі державасының күштерін сарқыған еді. Арабтар көп әскер жинап, бір уақытта Иранмен де Византиямен де соғыс бастады.
640 жылы Палестинаны, Сирияны, Египетті (640-642 ж. ж. ), одан әрі Соятүстік Африкаға, ал 649 жылы Карфагенге жетті. 634-651 жылдары Иранды түгел жаулап алды. VII ғасыр ортасында Армения мен Грузияның бір бөлігі арабтардын вассалына айналды.
VII басына дейін араб жаулаушылары бағындырған елдерінде жергілікті тәртіпті сақтап қалды. Жаулап алу нәтижесінде арабтар жана жерлерге қоныс аударды. Олардың бір бөлігі отырықшылыкка көшіп, басқалары кешпенділер күйінде қала берді. Бірқатар жерлерде арабтану процесі жүрді. Мысалы Иракта, Сирияда және Египет пен Солтүстік Африкада арабтану процесі жүріп, олар ислам дінін, араб тілі мен жазуын қабылдады. Ал Кавказға, Иран мен Орта Азияға қоныс аударған арабтар жергілікті тұрғындармен араласып, олардың мәдениетін қабылдады.
VII ғасыр ортасында Халифатта азамат соғысы басталды. Оны Мұхаммедтің туысқан інісі және күйеу баласы Али басқарды. Алидің жақтастары өздерін шейіттер деп атады, VII ғасыр ортасында исламның үш ағымы қалыптасып болды. Олар сунидтер, шейіттер және хариджиттер.
Әдебиеттер:
- История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред. кол. : Ф. М. Ацамба., 3-Г. Лапша, М. С. Майер. -М., МГУ, 1987
- Семенов В. Ф. История средних веков. -М., 1970.
- Всемирная История 12-томах. Т. 2-3. М., 1957.
- Васильев Л. С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
- История Востока В 3-хтомах/ІІ-том Восток в среднем века М. - РАН-1995 М., РАН-1998.
- История средних веков (под ред. Сказкина) М., 88
- С. А. Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А. 1998ж.
- М. Большаков История Халифата 3-томах. М., 2001.
Жапонияда феодалдық қатынастардың қалыптасуы
1. III-VI ғ. ғ. Жапония. Ерте феодалдық жапон мемлекетінің құрылуы.
2. Тайк төңкерісі және елдегі реформалар, мемлекеттік құрылысы.
1. III-VI ғ. ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Жапониянын неғұрлым ертеректегі тұрғындары қазіргі айнулардың ата-бабалары эбисулар деп есептелді. Жана эраның басында олар Хонсю аралының солтүстік-шығысында өмір сүрді. Олардың этникалық шығу тегі әлі анықталмаған, бірақ кейбір зерттеушілер олардың оңтүстіктен шығуын Малаямен, Үндіқытай түбегімен және қазіргі Индонезия аралдарымен байланыстырады. Жапон аралдарына бірнеше рет корейлер, қытайлықтар және әртүрлі манчжуртунгус тайпалары қоныс аударып, эбисуларды солтүстікке ығыстырды.
Кескілескен күрестер барысында бір тайпаны екінші біреуінің бағындыруы нәтижесінде біртіндеп араласу процесі жүрді. Күшті тайпалардың арасынан Ямато тайпалары іріктеліп шықты. III ғасырдың соңы мен IV ғасыр ортасында олар барлық қарсыластарын жеңіп, Хонсю аралының оңтүстік бөлігінде Ямато тайпалар одағын құрды. Осы атаудан Япония атауы пайда болды.
Қытайлыктардың Жапонияға қоныс аударуы III ғасыр аяғында Қытайдың батысынан көшпенділердін шабуылы нәтижесінде күшейіп, V ғасырда корей-қытай қоныс аударуы қарапайым құбылысқа айналып қалды.
Қонысаударушылар тұрғындардың әртүрлі тобына жатып, "бэ" деп аталды. Бұларға тағы жеңіліп қалған қауымдардың басшылары, пұтқа табынушы абыздар, "грометейлер" - яғни қытайша оқып, жаза алатын қалыптасып келе жатқан мемлекеттің алғашқы чиновниктері, сонымен бірге қылмыс істеп құлға айналған қауым мүшелері жатты. Үй шаруашылығында құлдар еңбегі қолданылды, дегенмен олардың саны аз болды.
Қарапайым сауда қатынастарынын даму нәтижесінде V ғасыр басында рыноктар пайда болды. Ең алғашқы рынок Хонсю аралының орталық бөлігіндегі қазіргі Осака қаласы ауданындағы "Қытай рыногы" болды. Жапон қорғандарынан табылған қытай тиындары осы континентпен сауда қатынастарын жүргізген деп болжауға мүмкіндік береді. Қоғамдық еңбек бөлінуінін негізінде мүлік теңсіздігі өсіп, аристократтық отбасылар бөлініп шыға бастады және құлдар мен бэлерді қанау күшейді. IV ғасыр соңы мен V ғасырда патша функциясын атқаратын тайпа одақтарының көсемдерінің билігі күшейді. Оның билігі маңызды жер көлемін иелену, қауым мүшелеріне салық салу, құлдар жаулап әкелу, егінші, қолөнерші бэлердің еңбегін пайдалану болды. Дамыған таптық қоғамда егіншілікпен шұғылданушы қауымның ролі күшті болды.
Жеке-жеке ақсүйектер отбасыларының билік үшін күресі барысында Сого әулеті 592 жылы патшаны өлтіріп, билеуші жағдайды егеленді. Өздерінің ықпалдарын күшейту мақсатында елге корейліктер мен қытайлар әкелген, VI ғасырдан кең тарқай бастаған буддизмді қолданды. Сонымен бірге жапон тайпаларының ежелден келе жатқан пұтқа табынушылық діні" синтоизмге (құдайлар жолы) үлкен соққы берді. Буддизм қалыптасып келе жатқан ерте феодалдық қоғамның алғашқы қауымдық қалдықтарына қарсы қолданған идеологиялық қаруы болды.
Билік үшін кескілескен күресте бұрынғы патша үйінің өкілі Сетоку Тайси билікке келеді. Сетоку-Тайси қызметінің атақты ескерткіші 604 жылы жасалған "17 статьялық заңы" болды. Бұл ескерткіште буддалық және конфуцилік діннің ықпалы күшті болды. Мұнда алғаш рет жапон аүсүйектерінің талабына сай мемлекеттік құрылысы анықталды. Бұл заң патша билігін күшейтуге жағдай жасады. Сетоку Тайси саяси тіректі сырттан табуға тырысты. 607 жылы Қытайға елшілік жіберді. Мәдени байланыстар орнатты. Сога әулетінің қарсыластары бірігіп, төңкеріс ұйымдастырды.
2. Тайк төңкерісі және елдегі реформалар, мемлекеттік құрылысы. VII ғасырда Жапонияда орталықтанған мемлекет құрылды. Мұнда тарихта "Тайк төңкерісі" деген атқа ие болған (сөзбе-сөз аударғанда "Ұлы өзгерістер кезі") саяси төңкеріс үлкен манызға ие болды. Принц Наканооэ мен Накатоми Камако бастаған ақсүйектер император сарайындағы Сого руынын билігін жойды. Бұл төңкеріс және елде жүргізілген реформалар "Тайк реформалары" қоғамдағы дағдарысты жағдайлардан келіп шықты. Халықты алдыңғы басқару құрылымымен қанау мүмкін емес еді.
Реформаларды жүргізуге сыртқы факторлар да әсер етті. Қытайдағы Тан империясы күшейіп Корей түбегін тіпті Жапониянын өзін жаулап алу қаупі күшейді.
645 жылдан бастап-ақ үкіметтік басқару аппаратын қайта құру басталды. Арнайы министрліктер құрылды. Императордың кеңесшілері тағайындалды. Жергілікті дәрежеде де өзгерістер енгізілді. Шығыс облыстарда жерді өлшеу жүргізілді, тұрғындарға тұрақты салық жүйесі енгізілді, провинциялардың губернаторларымен, уездердің басшылары тағайындалды.
Сотқа арыз берудің жаңа жүйесі енгізілді. 646 жылғы Үкімет жарғысынан көрінгендей реформалардың мәні төмендегідей:
1. Жеке жер иеленуді өзгерту, император отбасымен аристократтарға тәуелді адамдар категорияларын жою, адамдар мен, жерді түгел мемлекет меншігі деп жариялау. Аристократтар компенсация ретінде ранглік, қызметтік және басқа үлестер алып, қанаушы тап жағдайын сақтап қалды.
2. Басқарудың орталық органдары құрылды, территориялық әкімшілік бөлу енгізілді.
3. Жер есебі алынды, қауым санағы жүргізілді, әрбір шаруа жер үлесін алатын болды.
4. Ұйымдастырылған жаңа салық жүйесі енгізілді.
Бұл реформалар орталықтанған мемлекет құруға бағытталған еді. Бұл реформа кейін 647, 649 және 664 жылдары өз жалғасын тауып отырды.
Әдебиеттер:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz