Кеңістікті жобалау. Көркем конструкциялау


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

10 лекция. Кеңістікті жобалау

І. Көркемдік - конструкторлық талдау сараптау және синтез. Көркемдік жобалаудың сатылары.

1. Жоба алдындағы зерттеу

2. Бұйымның және оның бөліктерінің бірнеше үлгісін сызықтық графика, суреттемелер түрінде айқындау.

Жобалау іс-әрекетінің дәстүрлі әдістермен салыстыру бойынша өзіндік ерекшелігі бар. Олар бір қатар шартты кезеңдерден тұрады: іздену-зерттеушілік, технологиялық, қорытынды.

І. Іздену-зерттеушілік:

  1. Міндеттердің қысқаша қойылуы. Жобалауға ұсынылған (жобалау іс-әрекеттің объектісі) тақырыпты немесе проблеманы іздеу және талдау.
  2. Қажетті ақпараттар банкі, каталогтар, басқа мәлімет көздері көмегімен жинақтау, зерделеу, зерттеу және өңдеу, тиімді идеяны (жұмыс жасау үшін) талқылау.
  3. Жобалау іс-әрекеттерін жоспарлау:

а) жобаланатын бұйымға сәйкес келетін критерийлерді анықтау.

ә) дизайн, экономикалық баға талаптары негізінде еңбек объектісінің (моделдер, бұйымдар) конструкциялық нұсқаларын зерттеу.

б) моделдің, бұйымның конструкциясының және дайындалу технологиясының едәуір тиімді нұсқаларын таңдау және талқылау.

ІІ. Технологиялық:

  1. Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құру.
  2. Бұйымды сапалы дайындау үшін қажетті жоспарланған машықтандыру жаттығуларын және технологиялық операцияларды орындау.
  3. Мүмкіндіктерге және бар ресурстарға сәйкес қажетті материалдарды, құралдарды, бейімдеу құралдарын және жабдықтарды іріктеу, жобаны практикалық тұрғыда жүзеге асыру.
  4. Қажеттілікке сәйкес конструкцияға және технологияға өзгертулер енгізу.
  5. Технологиялық тәртіпті, еңбек мәдениетін сақтау.
  6. Бұйымды, операцияны сапалы орындауға ағымдық бақылау жасау.

ІІІ. Қорытынды:

  1. Қоршаған ортаға тигізетін әсерін ескерумен жобаны жүзеге асырудың (дайындалған еңбек объектісі) сапасын бағалау.
  2. Жоба тақырыбының (жобалау іс-әрекеттің объектісін) орындалу нәтижелерін талдау, практикада оны сынау, қорғау (презентация) .
  3. Жобалау іс-әрекет нәтижелерін пайдаланудың, тауардың базардағы нақты сұранысының мүмкіндіктерін зерделеу, конкурсқа және жобалар көрмесіне қатынасу.

-кесте. Жобаны орындау кезеңдері (Е. А. Гилева, Ю. С. Егоров)

Р/с
Жоба кезеңдері
Жұмыс мазмұны
Р/с: І
Жоба кезеңдері: Дайындық кезеңі
Жұмыс мазмұны:

оқушылардың жоба тақырыбын таңдауы, оны негіздеуі, жобаны орындау бойынша қызмет мотивациясын құру;

жобаны орындау үшін оқушылардың бойындағы білім, икемділік және дағдылардың қажетті көлемін анықтау;

оқушылардың мұғаліммен бірге жобаны орындау бойынша жұмыс жоспарын құруы;

интеллектуалды күш-жігердің қажетті материалды және қаржылық шығындарын бағалау.

Р/с: ІІ
Жоба кезеңдері: Конструктивтік кезең
Жұмыс мазмұны:

жобаны орындаудың мүмкін болған бірнеше нұсқаларын қарастыру және ең тиімді нұсқасын іріктеу;

қажетті ақпаратты жинау мен өңдеу, қажетті әдебиетті, ақпарат көздерін зерттеу;

конструкция әзірлеу, еңбек нысанын жасау технологиясын зерттеу;

тиісті техника-технологиялық құжаттаманы әзірлеу, жобаны орындау үшін қажетті материалдар, жабдықтар және аспаптар дайындау;

ұжымдық және топтық жобалар үшін міндеттерді бөлу.

Р/с: ІІІ
Жоба кезеңдері: Технологиялық кезең
Жұмыс мазмұны:

технологиялық карта және дизайн талаптарын ескере отырып, жобаны орындау;

ағымдық бақылау және қызметті түзету;

қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.

Р/с: ІҮ
Жоба кезеңдері: Қорытынды кезең
Жұмыс мазмұны:

орындалған жұмыс сапасын өз бетінше бағалау (ойластырылған конструкцияның стандарт талаптарына сәйкестігі; қауіпсіздік ережелерін сақтау, экологиялық қауіпсіздікті сақтау) ;

жобаны орындауға жұмсалған экономикалық шығындарды есептеу;

ұжым ішінде жобаны алдын-ала қорғау;

комиссия алдында жобаны қорғау (бұйымның тұсаукесері) .

Жобаны бағалау (З. А. Литова бойынша)

Шығармашылық жобаны бағалау оқушылардың еңбегін қорытындылап қана қоймай, сондай-ақ зор тәрбиелік мәніне ие болады.

Жалпы бағалау үш бағалаудың орташа арифметикалық мәні болып келеді.

  1. Оқушылар орындаған нақты бұйым үшін (модель, макер және т. б. )
  2. Түсініктеме жазба үшін.
  3. Жұмысты қорғау кезіндегі ұтымды жауабы үшін.

Бұйымдарды бағалау кезінде жұмыс сапасына, техникалық стандарт талаптарын және оқушылардың жұмысты жоспарлау мен орындауға өз бетінше әрекет ету дәрежесіне көңіл бөлу. Жұмысты орындау тәсілдері мен әдістерінің дұрыстығын, еңбек пен жұмыс орнын ұйымдастырудың тиімділігі, еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы, бұйымның эстетикалық безендірілуі, жаңашылдық элементтеріне ие тапсырмалардың, шығармашылық міндеттердің орындалуы, материалдар мен электр қуатының үнемді жұмсалуы, жұмысты ықыласпен орындауы, жобаның экономикалық тиімділігі, оны кеңінен пайдалану мүмкіндігі, жұмыстың қоғамдық-пайдалы бағыттылығы.

Түсіндірме жазбаны бағалау кезінде тапсырма тақырыбының толық ашылуына, талапқа сай дұрыс орындалуына, графикалық тапсырмалардың орындалу сапасы дұрыс болуына (схемалар, сызбалар) көңіл бөлінеді. Ғылыми-зерттеу жұмысында зерттеудің тереңділігі, өз бетінше орындалуы, жаңашылдығы, өзектілігі мен маңыздылығы ескеріледі.

Үшінші бағалау шығармашылық жоба туралы ауызша әңгімелеу (қорғау) түрінде өтіледі.

Әдетте жұмысты орындау кезінде жалпы баға екі бағадан - түсіндірме жазба мен ауызша жауаптан құралады.

Жобаны бағалау критерийлері (Е. А Гилева және Ю. С Егоров бойынша)

1. Жоба тақырыбы мен идеясының ерекшелігі.

2. Конструктивті критерийлер.

- конструкцияның бұйым қызметіне сәйкестілігі;

- конструкцияның беріктігі, сенімділігі;

- конструкцияның ерекшелігі;

- пайдаланудың қолайлылығы.

3. Технологиялық критерийлер:

- құжаттамаға сәйкестілігі;

- қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, жабдықтарды пайдалану.

4. Эстетикалық критерийлер.

- коммерциялық тұрғыдан аяқталуы;

- бұйымның сыртқы дизайны, ерекшелігі;

- халықтық мәдениет дәстүрлерін пайдалану;

5. Экономикалық критерийлер.

- осы бұйымға деген қажеттілік;

- бұйымның жарнамасы (жобаны қорғаудағы) ;

- экономикалық негіздеу;

- пайдалануға ұсыну;

- жаппай өндіру;

6. Экологиялық критерийлер.

- бұйым өндіру кезінде қоршаған ортаны ластамау;

- қалдық шикізатты, өндіріс қалдықтарын пайдалану мүмкіндігі;

- бұйымды пайдалану кезіндегі экологиялық салдар (бұйымның экологиялық қауіпсіздігі) .

7. Ақпараттық критерийлер.

- ұсынылған жоба құжаттамасының стандарттылығы;

- қосымша ақпаратты пайдалану.

Оқушылардың жоба жұмыстарын бағалау

Төменгі сынып оқушылары үшін жоба жұмыстары бір шығармашылық жұмыс болуы мүмкін. Жұмысты бағалау критерийі бұйымға қойылатын талаптарда көрсетіледі.

5-11 сынып оқушылары жасаған жоба жұмыстары түсініктеме жазбадан және бұйымнан (макет, модель, құрылғы және т. б. ) тұрады.

Егер бұйым түсініктеме жазбадан тұратын болса, онда мұғалім нақты нұсқаулар береді. Мысалы:

Нұсқа 1. Оқу моделі.

  1. Нысанды конструкциялау кезеңдеріне сипаттама.
  2. Нысан үшін материал таңдау.
  3. Нысанның экономикалық тұжырымдалуы.
  4. Қолданылатын әдебиеттер.
  5. Қосымшалар.

Нұсқа 2. Станоктың оқу моделі.

  1. Мәселені таңдау және тұжырымдау.
  2. Бұйымның жасалу технологиясы.
  3. Жобаның экономикалық тұжырымдалуы.
  4. Қолданылатын әдебиеттер.
  5. Қосымшалар.

Вариант 3. «Макраме» техникасында тоқылған бұйым.

  1. «Макраме» техникасының пайда болу тарихы.
  2. Жұмысқа қолданылатын материалдар мен құрал-саймандар.
  3. Жобаның экономикалық тұжырымдамасы немесе есептеулері.
  4. Қолданылатын әдебиеттер.
  5. Қосымшалар.

Нұсқа 4. Біздің облыстың халық қолөнері.

  1. Зерттеу нысаны.
  2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
  3. Алынған нәтижелері.
  4. Қолданылатын әдебиеттер.

Егер оқушы конструкторлық жоба орындайтын болса, онда бір немесе екі тапсырма; егер көркем-конструкторлық жоба болса - үш; зерттеу жұмыстары бойынша орындалатын жоба болса - төрт тапсырма орындайды.

Техникалық объектілерді конструкциялау (құрастыру)

Жаңа техникалық құрылғылардың, машиналардың пайда болуы - инженерлік болжамды, жобалауды және конструкциялауды қамтитын, өндірісті дайындайтын және жеделдететін күрделі де, ұзақ процесс.

Инженерлік болжам ғылыми негізделген ақпараттың техниканы дамыту ықтималдығын көрсетеді. Машинаның жасалуы қазіргі ғылым мен техниканың жағдайы сәйкес және олардың 5-30 жылдағы даму тенденциясы ескеріледі.

Жобалау мен конструкциялаудың басты міндеті бұйым дайындау үшін монтаждау, пайда болған конструкцияны пайдалануға және сыналуына құжаттар даярлайды. Жобалау әдетте бұйымның жалпы конструкциясын дайындауды қамтиды.

Техникалық конструкциялау (латынның construere - тұрғызу, құру, тудыру) - машина, құрылғы дайындаудағы процестің бөлігі. Мұнда жұмыс сызбасы, арнайы техникалық талаптар мен жазба жұмысы, дайындау нұсқауы қарастырылады.

Сапаны бақылау, сынау және т. б. техникалық объектінің жобасы әзірленгеннен кейін қарастырылады. Жобалау мен конструкциялау нәтижесінде алынған құжат (документация) - проект (жоба) деп аталады.

Техникалық құрылғы жасауға (жарыққа шығаруға) көптеген шығармашылық ұжымның әртүрлі мамандары қатынасады: олар инженер- конструкторлар, суретші - конструкторлар, технологтар, экономистер. Олардың жұмыстары бір тұтас процестей өтеді, бірақ әрқайсысының өзінің іс-әрекет алаңы, өзінің міндеттері бар, яғни олар шығармашылық қатынаста болып, мәселені біргелікте шешеді. Еңбекте мамандану біліктілікті (квалификациясы), білімді, тәжірибені және ұжымның әрбір мүшесінің жұмыс ыңғайын ескеруге мүмкіндік береді. Соңғы нәтижеде жобалау процесі және жаңа машинаны тұрғызу жеделдетіледі.

Мәселен, тракторды жобалау бірнеше топ конструкторлармен жүргізіледі. Біреулері қозғалтқыштың жылулық есебін жүргізсе, басқалары механизмдер мен қозғалтқыш жүйесін конструкциялайды, үшіншілері - трансмиссия мен жүріс бөлігін, төртіншілері - су жүйесі мен жұмысшы жабдықтарын және т. с. с. құрастыруды, үйлестіруді, өндірістік сынауды жалғастырады.

Конструкциялаудың үш нұсқасы болуы мүмкін: жаңа негіздегі (принципті) техникалық құрылғы конструкцияланады; әрекеттегі техникалық құрылғы жаңамен алмастырылады; жұмыс жасаушы техникалық құрылғының жекелеген параметрлері немесе техника-экономикалық көрсеткіштері жақсартылуға бағытталады.

Техникалық құрылғыларды конструкциялау процесі шартты түрде кезеңдерге бөлінеді. Бірінші кезең - жоғары тұрған ұғымның техникалық тапсырмаларды анықтауы. Мұны тапсырыс берушілер, орындаушы инженерлер, суретші - конструкторлар орындайды. Бұлардың бәрінен бұрын көз жеткізетіні, тапсырманың соңғы нәтижесінің мақсатты дұрыс қалыптасуы.

Бұл кезеңдегі әртүрлі мамандардың жұмысқа қатынасуы, алдағы іс-әрекетте оларды жақындастырады, біріктіреді. Конструктор құрылғы схемасының негізі (принципі) туралы, қосымша техникалық талаптар және құрылғыны конструкциялаудың жалпы технологиялық бағыты туралы анық түсінік алады. Конструктор құрылғының жалпы үлгісін қалыптастырады.

Екінші кезең - эскиз жасау (конструкциялау) .

Суретші - конструктор құрылғыны тиімді пайдалануды, оның қолдану шартына толық келуін, эстетикалық сапасын және т. б. қамтамасыз етеді.

Адам мен техникалық құрылғының іс-әрекет үстінде жанасуында (техникалық құрылғымен адам жұмыс жасағанда), мұндай кезде қарапайымдылық пен ыңғайлы болуы басты рөл атқарады. Жұмыс жасау ыңғайсыз, көріксіз станок, дөрекі, ыңғайсыз құрал жұмысшыны тітіркендіреді, жұмысты ұнамсыз етеді, еңбек өнімділігін төмендетеді.

Басқару пультіндегі ыңғайлы орналаспаған элементтер операторды немесе ұшқышты тез шаршатуы және ол апатқа да апаруы мүмкін.

Сондықтан басқару жүйесін реттеуші және бақылаушы тұтқаны, рычагты, түймені (кнопканы) конструкциялау кезінде және басқа элементтерін адамның пайдалануына ыңғайлы орынға орналастыру қажет, яғни мәтіннің немесе цифрдың (санның) қалқанда (щитте), приборда оңай оқылуы және т. б. ыңғайлы болуы тиіс.

Мысалы проекциялаушы суретші - конструктордың іс-әрекеті автомобильде, келесідей міндеттерді қамтиды.

  1. Жалпы машинаны үйлестіру (біртұтастықта, құрастыру тәсілін орындау; оның негізгі механизмдері мен агрегаттарын орналастыру) .
  2. Жолаушы және жүк бөлімдерін жоспарлау. Орындықтардың, есіктердің, терезе және люктердің өлшемдерін және орналасуын анықтау, басқаруды жобалау (басқару органы, приборлар және жүргізуші орындығы) .
  3. Машинаның формасын және сыртын әдемілеуде үйлесімдікті іздеу, аэродинамикалық зерттеулерге қатынасу және сыртқы бетінің сызбасын дайындау, орындық, ішкі және сыртқы жарықтандыру приборларды, тауар белгілерін және басқа да сәндік элементтерді дайындау.
  4. Барлық көрінетін механизмдерді және олардың бөлшектерін: дөңгелектерді, берілісті жеткізу механизмдерін; басқару механизм-дерінің пішінін дайындау, өңдеу және әшекейлеу.
  5. Машинаның өзіне орналастыратын анықтамаларды және ескерту кестелерін, белгілері мен жазулары бар көмекші конструкциялауды қамтыған құжаттарды дайындау.

Суретші - конструктор негізгі зейінді бұйымның пайдалану мәселесі адамға ыңғайлы, қажетті жабдықталуына, қамтамасыз етілуіне көңіл бөледі.

Инженер - конструктор эскизді жобалау тобында құрылғының басты бөліктерінің нобайын (үлгісін) жасайды және олардың сәтті шыққанын таңдайды. Эскиздер тәртіп бойынша нақты емес конструкциялық схеманы бейнелейді және конструктор көптеген нұсқаларды қарау үшін тез орындайды. Орындалған конструкцияның техникалық талаптарының орнына, құрылғының бөлшектерінің өзара байланысы пайда болады.

Үшінші кезең - техникалық жобаны дайындау.

Бөлшектерді бір-біріне үйлестіру процесі екі бөлшектің схема бойынша сәтті үйлесуін іздеумен жүргізіледі және осы негізде құрылғының эскиз нұсқасының орналасуы бүтіндей орындалады. Дегенмен эскиз болашақ бұйым туралы толық түсінік бермейді. Мұндайда масштабпен немесе нақты өлшемде макет дайындау қажет болады.

Көлемді нақты макет алдын-ала жіберілген қателерді көруге, функционалдық, техникалық және эстетикалық жетістіктерді бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ бұйымның формасын, оның қатынасын, жабдықтау түстерін көрсетеді. Макет жасау техникалық жоба дайындау үшін қажет, осы негізде беріктікке, тозу беріктігіне, динамикалық, механикалық, технологиялық, жылулық және басқаларына есеп жасалады, геометриялық формаларды және құрастыру бірліктері мен бөлшектерінің негізгі өлшемдері анықталады.

Техникалық жобалауда құрылғының техникалық сипатын анықтаудан және берілгендер есебімен бұйымның техника-экономикалық көрсеткіші келтірілген қысқаша түсіндірме хаттан тұрады. Техникалық жоба жұмысшы сызбаны дайындау үшін негіз болып табылады.

Төртінші кезең - жұмысшы жобаны жасау. Орта есеппен машиналарда 1600-2000-нан астам бөлшек болады, олардың әрқайсысына жеке сызба (чертеж) дайындалады. Сонымен қатар, технологиялық жабдықтарды дайындау және өңдеу жүргізіледі. Осының көмегімен жеке бөлшектер жасайды, ал одан эксперимент жасау цехында құрылғының тәжірибе үлгісін жинайды. Сонымен бірге бұйымның дайындалуындағы бөлшектің конструкциялық формасын және техникалық талаптарды анықтап нақтылайды. Сынау үлгісін нақты жағдайда сынақтан өткізеді. Сынау процесінде конструкцияның әлсіз жері, буыны, т. б. анықталады.

Конструкторлар мен технологтар сынақ нәтижесін мұқият зерттейді және кемшілікті жою мақсатында техникалық құжаттарды толтырады. Содан соң құжаттар жобаланған құрылғыны сапалы шығаруға, өндіріске беріледі.

Техникалық құрылғыларды конструкциялау процесінің тиімділігін арттыру үшін жобалау уақытын қысқартуды жүзеге асыруда және конструкторлық зерттеу сапасын арттыруда іс-шаралар жүйесі дайындалады. Мұндай шараларға техникалық тапсырмаларды шешу процесін жетілдіру, техникалық ақпаратты іздестіру және сақтау, құрылғыны жасау, сызуды тез орындау, ЭЕМ пайдалану және т. б. қатысты әрекеттер жасалады.

Көркем конструкциялау және оған қойылатын талаптар

Адамның әдемілікті қажетсінуі оның өмірлік қажеттілігі. Сондықтан да эстетикалық сұранымды қанағаттандыруға ұмтылу әрқашанда адамның қасиеті болып қалады.

Археологиялық қазба материаладарынан адамдардың ерте заманнан-ақ әдемілікке, еңбек құралдарын жетілдіруге (тұрмыстық заттарды, үй жабдықтарын және т. б. ) ұмтылғандарын көруге болады. Мұны адамның табиғат күштерін терең ұғынуы, оларда үлкен мөлшерде эстетикалық бастаманың көрінгенін аңғартады.

Қазіргі уақытта техникалық және көркем конструкциялау - бұл бұйымды ұтымды жобалаудағы бір процесс. Техникалық конструкциялау материалдық және функциональдық негіздегі затты жасауды мақсат етеді; көркем конструкциялау - затты қоғамдық мазмұнды, ыңғайлы, үйлесімді, әдемілікпен толықтырады. Көркем конструкциялауды суретші - конструктор (дизайнер) жүзеге асырады, ол техникалық конструкциялау саласында эстетикалық ықпалдың заңдылықтарын білетін және оны қолдана алатын тұлға. Оның іс-әрекет өрісі кең, ол ой даярламасынан және бұйымның композициясынан бастап, тұтынушының эстетикалық талғамына дейін зерделейді. Ол болашақ бұйымның пішінін елестете алуы қажет, арманшыл және практик, ғылыми болжап білу қабілетін игеруі қажет.

Дизайн - ағылшын тілінен аударғанда “ұшқыр ойшыл, әдемі жоба” дегенді білдіреді (кәдімгі ұсыныс емес) . Дизайнер - ұшқыр ойлы суретші-конструктор.

Дизайн теориясы “техникалық эстетика” деген атауға ие. Ол өндірістің және тұтынушының, өндірістік бұйымдардың пішін түзу заңдылықтарының, суретші-конструктордың шығармашыл жұмысының әдістері мен принциптерінің дамуы мен әлеуметтік, экономикалық, эргономикалық байланысы мәселелерін қамтиды.

Эстетикалық мәнерлілігі конструктор ойының жүзеге асыру реттілігінің нәтижесі ретінде көрініс табады. Конструктор оны жүзеге асыруда заттық пішінге мақсатты түрде жеткізеді. Жеңілдетілгендігі, пропорциялылығы, сызықтардың үйлесімділігі, элементтердің көлемділігі және түстілігі және т. б.

Бұйымның функциональдылығы - конструкциялау принциптерінің бірі. Адам әзірлеген қандай да болмасын зат белгілі функцияларды орындайды немесе орындауға арналады. Конструктор бұйымның пішінін анықтауды, ол бұйым өзінің функциональдық арналуына максимальды түрде жақындауы қажет, ол конструктор ұмтылысында көрініс табады.

Мұндай да конструктор нақтылы жағдайды есепке алуы қажет. Бұйымды, оның орнын орнын білмейінше, қоршаған ортаның ерекшеліктерін есепке алмайынша жобалауына болмайды. Бұйымның пішіні оның мазмұнымен, көркемдігімен үйлесуі қажет.

Композиция - эстетикалық сипаттама болып табылады, белгілі жүйедегі және реттіліктегі бұйым бөліктерінің, негізгі элементтерінің орналасуын нұсқайды.

Композициялық құрылымның әр түрін, анықтау үшін пайдала-нылатын негізгі категорияларға қатысты: көлемді-кеңістікті құрылым, тектоника, ритм, тепе-теңдік, симметрия, ассиметрия, динамика, статика, масштаб, масштабтылық, пропорция, контраст, нюанс және т. б.

Эргономика - ғылыми пән ретінде, ол еңбек өнімділігі жоғары болуымен, адамның ақыл-ой және дене бітімінің дамуы үшін тиімді жағдай жасау мақсатымен еңбек процесіндегі адамның ерекшеліктері мен функциональдық мүмкіндіктерін зерделейді. Ол техника, технология, психология, физиология және гигиена ғылым салаларының түйіндесуінде пайда болады. Эргономика қоршаған ортаның адамға ықпалын зерттейді; басқару пульттері мен орнының тиімді құралының жалпы принциптерін белгілейді; жұмыс орнын жобалауға қоятын талаптар даярламасын орындайды; индикация құралдарының түзілуін (компоновкасын) зерделейді және бағалайды; басқару органдарының тиімді нұсқаларын белгілеп береді. Эргономиканы ғылым ретінде қолдану “адам-машина-орта (қоршаған) ” жүйесінің ажырамайтын буыны ретінде бастайды.

Бұл жүйеде “Машина” жұмысқа, ал “адам” - машинаны басқаруға арналған. “Қоршаған орта” - адамның жұмыс жасау қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Адамның функциональдық жағдайына және жұмысқа қабілеттілігіне қоршаған орта қатты әсер етеді - ауа құрамы, метереологиялық жағдайлар (ылғал, ауа қозғалысы, температура, ауаның қысымы), жарықтану, шуыл және діріл, ортадағы адамның қозғалыс жылдамдығы, үдеуі және шектен тыс күш түсуі, салмақсыздық және т. б. Эргономика бұл факторлардың адамға әсер етуін зерделейді, “комфорт аймағын” анықтайды және қауіпті ықпалдардан қорғау құралдарының даярламасын әзірлейді.

Эргономикалық басты талап машиналарды басқару органының құраушыларын көркем конструкциялауға қойылады. Ертеректерде конструкторлар “машинадағы адамға” деген қағидамен жұмыс жүргізген. Бірінші жоспарда конструкция және технология талаптары қарастырылды, ал одан кейін адам дайын өнім өндіруге бейімделуі қажет болды. Бұл қағиданың орнын, басқару органын “Адамнан - машинаға” принципі бойынша конструкциялау алмастырды. Алдымен адамның психофизиологиялық мүмкіндіктері зерделенді, содан соң соған негізделіп конструкция даярламасы әзірленеді.

Эргономика жұмыс орнына қойылатын талаптардың даярламасын жасаумен де айналысады. Антропометриялық берілген мәліметтерге қарап негізгі және көмекші жабдықтарды орналастыру аймағы белгіленеді, жұмыс столының, верстактың, орындықтардың әр түрінің конструкциясы даярламасы жасалады, адамның жұмысшы тұрғысы анықталады. Жұмыс орнын жобалау кезінде конструктор барлық адамдар үшін типті болып табылатын берілгендерді қарастырмай, жеке антропоме-триялық және психофизиологиялық берілгендерді қарастыруы керек. Адам денесі және оның жасы, жынысы т. б. жөніндегі жалпы беріл-гендерді пайдаланып есептеулерді жүргізу үшін берік базаны беруі мүмкін.

Өнеркәсіптік бұйымдарды жасауға бағытталған көркем конструкциялау адамның сұранысын толық қанағаттандырады. Оны максимальды пайдалану жағдайына сәйкес, пішіннің толық үйлесімділігін және жоғары эстетикалық сапаны қанағаттандырады. Бұл сапалар бұйымды дайындауда жоғары техника-экономикалық көрсеткіштер ретінде қажет. Өнеркәсіптік бұйымның эстетикалық сапасы үлкен мәнге ие, өндірістік мәдениеттің артуына ықпал жасайды, бастысы тәрбиелік рөл атқарады, ішкі базарда бәсекеге қабілетті етеді.

“Бұйымның сапасы” барлық бұйымдар үшін бастысы болып табылады, ол адамдардың тұтынуын қанағаттандыруға қабілетті, оның пайдалылығымен байланысты.

Бұйымның сапасы әртүрлі өнеркәсіп салалары үшін МЕМСТ-та анықталады. Ол мынадай бұйымның сапалық көрсеткіштерінен тұрады.

1. Сенімділігі.

2. Ұзақтылығы.

3. Технологиялылығы.

4. Эргономикалық.

5. Эстетикалық.

Көркем конструкциялау принципімен жоба дайындау туралы негізгі мағлұматтар

Өндірістік объектілер мен техникалық модель формаларының жаса-луында архитектуралық - көркемдік заңдылықтар басшылыққа алынады.

Машиналар мен техникалық құрылғыларды конструкциялау кезінде тек арналуына сай келуіне ғана емес, сондай-ақ оларда адам жұмыс жасаған кезде сенімділік, үнемділік, жан-жақты ыңғайлылық, үйлесімділік қамтамасыз етілу тиіс. Кейінгі соңғы толық есептеуде машинаның (құрылғының) түрін, оның композициясын анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дизайн және этнодизайн
Киім үлгілерін модельдеу
Күнделікті киімдерді қарапайым маталардан тіккен
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
«Ай-ару» ұлттық киім үлгілері зерттеулері
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек түрлерімен таныстырудың маңызы
Киім қию этикасы мен мәдинеті (Дизайн)
«Орыс өзенінің маржандары» атты сән үлгісін жобалау
Костюм өнеріндегі қазақ халқының ою-өрнегін насихаттау
Графика және жобалау пәнінің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz