Саддамның ақырғы сөзі немесе сүниттер мен шейттер арасын шиеленістірген өлім



1. Саддамның ақырғы сөзі немесе сүниттер мен шейттер арасын шиеленістірген өлім.
2. Мұсылмандарды диктатор өлімі арқылы бөліп.жару кімге тиімді?
3. Саддамның соңғы тілегі орындалған жоқ.
4. Путиннің жұмбақ жұбайы
Кездейсоқтық па, әлде американдық биліктің әдейі таңдалған күні ме, әйтеуір Ирактың бұрынғы басшысы Саддам Хусейн барша мұсылмандардың ұлық мерекесі - Құрбан айт қарсаңында дарға асылды. Негізінен 2006 жылы мұсылмандар үшін шулы да дау-дамайға толы жыл болғанын қалайша жасырайық?! Алдымен, әлемді Мұхеммед (с.ғ.с) Пайғамбарға жасалған карикатуралар дүр сілкіндірді. Біраз уақыт салып Ватикан басшысы, Папа Бенедикт ХҮІ мұсылмандарға қарсы баяндама жасажы. Әсіресе оның ислам дінінің ұстанымдарынан қатысты сөздері әлемнің түпкір-түпкірінде тұратын мұсылмандардың наразылығын туғызды. Ақыр аяғында мұсылман елдерінің бірін басқарған диктатор Құрбан айт кезінде дарға асылды. Әрине, Саддам Хусейн періште емес еді, бірақ.....
Дарға асу рәсімін Ирак телевидениесі тікелей эфир арқылы таратты. Саддам Хуссейннің үстінде – қоңырқай костюм-шалбар, көкшіл пальто. Қолында – Құран. Түсі суық. Айналасында –шейттер. Саддам өмірінің соңғы сәттері Голливуд фильмдерінің сценарийі бойынша жазылған қысқаметражды мелодрамадан аумады. Бұл сәттер - фильмнің соңы еді. Бірақ бәрі неден басталды?! «Иракта ядролық жаппай қырып-жою қаруы бар» деген желеумен «жақсы кейіпкер» - Буш әкімшілігі Иракқа шүйлікті. Сосын коалиция әскерін құрды, сосын елді басып алды, соғыс жүрді, елдегі Саддам режимі құлады, сот болды, енді, міне, күллі әлемге телевидение Интернет арқылы диктаторды дарға асу рәсімі көрсетіліп жатыр. Осындайда «БАҚ-тың адам өлімін трансляциялауға қақы бар ма?»деген сауал еріксіз туындайды екен. Бірақ дарға асу рәсімін барша жұртқа сабақ ретінде көрсету дәстүрі адамзаттың көне тарихында болған... Баяғыда, өркениет пен демократия болмаған тұста... Бірақ адамды дарға асып, оның өлігін сабақ ретінде көпшілікке көрсету ХХІ ғасырдың басына дейін сақталады деп кім ойлаған?! «Демократияның отаны» боп отырған АҚШ-та қатыгез қылмыскерлер мен маньяктарды өлтіру рәсімін телевидение арқылы көрсету – бұрыннан келе жатқан дәстүр. АҚШ-та адамның өлімі де шоуға айналған. Бұл да шоу бизнес... Саддам өлімінің БАҚ арқылы көрсетілуі де осы АҚШ-тың бастамасымен орын алған жоқ па деген сауал да жоқ емес.Рас, Саддам періште емес еді. Мемлекет алдындағы да қылмыстары баршылық, қол да қанға малынған. Бірақ оның өмірден қайсарлы ердей өтуі - әлемнің тағы да АҚШ-тың саясатына тітіркене қарап, керісінше Саддамның алдында бас июіне әкеп соқты. Әлгі трансляциядан кейін көпшілікке Саддамның кім болғаны – бәрібір, ең бастысы – оның өмірден ердей қайыспай өтуі еді.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Саддамның ақырғы сөзі немесе сүниттер мен шейттер арасын
шиеленістірген өлім.

Кездейсоқтық па, әлде американдық биліктің әдейі таңдалған күні
ме, әйтеуір Ирактың бұрынғы басшысы Саддам Хусейн барша
мұсылмандардың ұлық мерекесі - Құрбан айт қарсаңында дарға асылды.
Негізінен 2006 жылы мұсылмандар үшін шулы да дау-дамайға толы жыл
болғанын қалайша жасырайық?! Алдымен, әлемді Мұхеммед (с.ғ.с)
Пайғамбарға жасалған карикатуралар дүр сілкіндірді. Біраз уақыт салып
Ватикан басшысы, Папа Бенедикт ХҮІ мұсылмандарға қарсы баяндама
жасажы. Әсіресе оның ислам дінінің ұстанымдарынан қатысты сөздері
әлемнің түпкір-түпкірінде тұратын мұсылмандардың наразылығын туғызды.
Ақыр аяғында мұсылман елдерінің бірін басқарған диктатор Құрбан айт
кезінде дарға асылды. Әрине, Саддам Хусейн періште емес еді, бірақ ... .

Жай өлім емес,өлім-шоу ...

Дарға асу рәсімін Ирак телевидениесі тікелей эфир арқылы
таратты. Саддам Хуссейннің үстінде – қоңырқай костюм-шалбар, көкшіл
пальто. Қолында – Құран. Түсі суық. Айналасында –шейттер. Саддам өмірінің
соңғы сәттері Голливуд фильмдерінің сценарийі бойынша жазылған
қысқаметражды мелодрамадан аумады. Бұл сәттер - фильмнің соңы еді.
Бірақ бәрі неден басталды?! Иракта ядролық жаппай қырып-жою қаруы
бар деген желеумен жақсы кейіпкер - Буш әкімшілігі Иракқа шүйлікті.
Сосын коалиция әскерін құрды, сосын елді басып алды, соғыс жүрді,
елдегі Саддам режимі құлады, сот болды, енді, міне, күллі әлемге
телевидение Интернет арқылы диктаторды дарға асу рәсімі көрсетіліп
жатыр. Осындайда БАҚ-тың адам өлімін трансляциялауға қақы бар
ма?деген сауал еріксіз туындайды екен. Бірақ дарға асу рәсімін
барша жұртқа сабақ ретінде көрсету дәстүрі адамзаттың көне
тарихында болған... Баяғыда, өркениет пен демократия болмаған тұста...
Бірақ адамды дарға асып, оның өлігін сабақ ретінде көпшілікке
көрсету ХХІ ғасырдың басына дейін сақталады деп кім ойлаған?!
Демократияның отаны боп отырған АҚШ-та қатыгез қылмыскерлер мен
маньяктарды өлтіру рәсімін телевидение арқылы көрсету – бұрыннан келе
жатқан дәстүр. АҚШ-та адамның өлімі де шоуға айналған. Бұл да шоу
бизнес... Саддам өлімінің БАҚ арқылы көрсетілуі де осы АҚШ-тың
бастамасымен орын алған жоқ па деген сауал да жоқ емес.Рас, Саддам
періште емес еді. Мемлекет алдындағы да қылмыстары баршылық, қол да
қанға малынған. Бірақ оның өмірден қайсарлы ердей өтуі - әлемнің тағы
да АҚШ-тың саясатына тітіркене қарап, керісінше Саддамның алдында
бас июіне әкеп соқты. Әлгі трансляциядан кейін көпшілікке Саддамның
кім болғаны – бәрібір, ең бастысы – оның өмірден ердей қайыспай өтуі
еді.
Ирак телевидениесі көрсетпеген тұстарды біреудің ұялы телефонына
жазылған кадрлар аша түсті. Сөйтсе, Саддам, тіптен, батыр болып
көрінеді ол кадрларда... Ұялы телефонның камерасы диктатордың өлімі
алдындағы екі минутты көрсетеді. Саддам дарға асатын бөлмеге кіріп
келеді. Диктатордың кесірінен туған-туыстарынан айырылған шейттер оған
былапыт сөздер айтып, келеке етеді. Бәрі де: Мұқтада! Мұқтада! Сенің
жауыңды қарғыс атсын! - деп, шейттердің Махди армиясы атты
қозғалысының төрағасы Мұқтада ас-Садрдың атын ұлықтайды. Саддамның
сарказммен шейттерді кемсітуге дәті жоқ. Ол жай ғана: Бұл
адамгершілікке жата ма? Сендердің осылайша күштерінді көрсетпек
ойларын бар ма?! - дейді. Күзетшілер болса: Диктатура құрысын!,
Тозаққа түскейсің!, Мұхаммед Бакр Садр жасасын! - дейді. Мұхаммед
Бакр Садр – Мұқтада ас-Садрдың үлкен ағасы, Дауа партиясының негізін
қалап, 1980 жылы Саддамның кесірінен өлтірілген екен. Өлімге дайындалып
Саддам соңғы рет: Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед – Оның елшісі -
дейді. Саддамның аяғынан астындағы люк ашылады да,ол қараңғылыққа
құлайды. Айқай-шу, қуаныш... Тиран өлді, Ол 8 минуттай осылай асылып
тұрсын - дейді кейбіреулер. Ұялы телефонның камерасы қарая түседі.
Бірақ бұл кадрлар күллі әлемді шарлап өтті.Тіптен, ұялы телефонның
кереметіне тамсанған CNN мен BBС телеарналары ұялы телефонмен
түсірілген сенсацияларға байқау жариялады. Әрине, Саддамның өлімін
түсіргендей сенсация енді көпке дейін бола қоймас.

Мұсылмандарды диктатор өлімі арқылы бөліп-жару кімге тиімді?

Ұялы телефонның камерасына түсірілген кадрлар жарияланған
бойы күллі әлем дүр сілкінді. Әсіресе сүниттер мен шейттер арасындағы
жағдай ушыға түсті. Өлім алдында шейттердің Саддамға дөрекі қылық
танытып, өмірінің соңғы сәттерін қиындатып, қорлап, мазақ еткеніне
сүниттер наразы болып отыр. Тіптен, сүниттер кек алуға бел байлап
отырғанға ұқсайды. Бөліп алда, билей бер - деген ұстаным басқыншылардың
басты қағидасы болса керек. Бұл қағида өзінің өміршеңдігін аңғартып-
ақ қалды. Қазір әлемдегі әрбір үшінші адам – мұсылман. Мұсылмандықтың
кең етек жаюына қарсы елдер ислам әлемін бөліп алып, билеуге дайын-
ақ. Мұнда діни мүддемен қатар, экономикалық мүдде – мұнайға деген
тартыс та бар. Сондықтан мұсылмандарды шейттер мен сүниттер ретінде
бөліп-жарып, бір-біріне қарсы қою – зұлмат саясаттың ықпалын
аңғартпай ма?! Иудейлер мен протестанттардың алақанында тұрған АҚШ-тың
мақсаты да – мұсылмандар арасына жік салу емес пе?! Көптеген мұсылман
елдерінің есіктері Американның миссионерлері үшін әрқашан да жабық.
Содан болар, посткеңестік елдерді түрлі ағым-секталарға бөліп-жарып, өз
ықпалын жүргізуді көздеген миссионерлік қаржылық топтардың
мұсылмандыққа бекем елдерге тісі батпайды. Діни уағызбен алынбаған
қамалды олар ендігі кезекте әскери ықпал арқылы алмақ па деген
сауал да көкейді еріксіз торлайды...
Саддамның өлімі онсыз да ушығып тұрған сүнниттер мен шейттердің
арасындағы жағдайды қиындата түсері сөзсіз. Бүгіннің өзінде Ирактағы
жарылыстар толастаудың орнына күшейіп барады. Әйтеуір сүниттер мен
шейттердің және күрдтердің өзара тартысы Саддамның өлімінен кейін
ушығып барады.
Әлем елдері де Саддамның өлімін әрқалай қабылдады. Ресейдің
мемлекеттік думасының өкілдері Саддамның өлімін үлкен қателік деп
отыр. Талибан қозғалысының өкілдері: Саддамның дарға асылып өлтірілуі
– АҚШ-қа қарсы ислами оппозицияның өршуіне әкеп соғады - мәлімдеме
таратты. Оның үстіне тәлібтердің бұрынғы қорғаныс министрі молда
Обейдулло Ахунд: Ирактың бұрынғы президентін мұсылмандардың ұлық
мерекесі – Құрбан Айттың бірінші күні асып өлтіруі – провакация. Бұл
әлем мұсылмандарына қарсы жасалған қиянат - деп бағалады. Ватикан
бұны мұңды жаңалық деп бағалаумен қатар, бұдан былай Ирактағы
жағдайдың ушыға түсеріне алаңдаушылығын білдірді. Ресей Мұсылмандарының
діни басқармасы да Саддамның өліміне үлкен наразылық танытты. Құрбан-
байрамға орай Башқұрстанның Бас мешітінде Құран оқып,мұсылмандарды
ұлық мерекемен құттықтаған мүфтият басшысы Саддамның өлімді нағыз
ер азаматтай қабылдап, бақилық болғанын тамсана жеткізді. Ал, мүфтият
таратқан баспасөз-хабарламасында: Ибрахим пайғамбар баласын құрбандыққа
шалайын деп жатқанда Жаратқан Құдай оның қолын тоқтатып, адамды
құрбандыққа шалуға тиым салды. Бірақ американдық Фемиданың мүддесі
үшін Хусейн Құрбан-байрамның қарсаңында өлтірілді - делінген.
Саддамның дарға асылуын Қазақстанның Сыртқы істер министірлігі де
сынмен қабылдады. 2003 жылы өлім жазасына мораторий жариялау арқылы
Қазақстан бұл жаза түріне қалай қарайтынын аңғартты - деді СІМ-нің
арнайы өкілі Ержан Ашықбаев.
Бұл дүниеде бәрі де салыстырмалы түрде ғой. Ондаған жылдары
бойы АҚШ-тың қытығына тиіп жүрген христиан-диктаторлар да, буддист
–диктаторлар да баршылық. Американың қара тізіміне іліккен Фидель
Кастро, Уга Чавес, Ким Чен, Ир де Саддамның қасіретін қайталай ма?!
Әрине, соңғы кездері әлемде қалыптасқан жағдайға тек қана діни
тұрғыдан баға беруге болмас. Мұнда саяси, экономикалық астарлар да
баршылық.Дегенмен,Америка бастаған Батыс елдерінің соңғы кездері көбіне
мұсылман әлеміне шүйлігуі саяси-экономикалық факторларды ары ысырып,
діни факторды ары ысырып, діни факторды алға тартуға себеп емес
пе?!
P.S. Саддамның өлімінен кейін Палестинада жаңа террористік ұйым
пайда болды. Баас партиясының бастамасымен құрылған ұйымның аты –
Шейіт болған Саддамның бригадасы. Осыдан кейін әлем елдері
терроризмнің неден пайда болатынына таңырқап отырды. Ланкестік
ұйымдарды – басқыншылық саясат,жергілікті халықты басып-жаншу, ондаған
жылдар бойы бір тұтып келген көсемдерін өлтіру сияқты факторлар
тудырып жатқан жоқ па дерсіз?! Ұйым басшылары қазірдің өзінде ата
жауларының атын атап, түсін түстеп отыр. Басты жаулары – АҚШ, екінші
кезекте – Израиль. Үшінші орында – Иран. Бауырлас Иран. Діні бір Иран.
Бірақ Саддамның өлімі Иран мен Ирактың арасын тіптеп алшақтатып
жіберді.енді сүниттер мен шейттердің қашан басы бірігетіні бір
Аллаға аян. Бәріне де бір Құдай төреші.

Саддамның соңғы тілегі орындалған жоқ.

Осыдан екі ай бұрын Ирак сотының үкімімен өлім жазасына
кесілген Ирактың экс-президенті Саддам Хусейн сәйкестік пе, әлде
кездейсоқтық па, иісі мұсылман тағатсыздана күтіп,ұлықтайтын Құрбан
айттың алдында дарға асылды. Сөйтіп оның Мені қылмыскер ретінде
дарға аспай, әскери қолбасшы ретінде атып өлтіріңдер! деген тілегі
жан пенденің құлағына ілінбей, бақилық болып кете барды. Ал, бұл
туралы әлем не дейді? Мәселен, Грекия Ирак халқын Саддам Хусейн
өлімінен кейін ұлт болып ұйысуға, бірігуге шақырып отыр. Себебі, ұлт
тұтастығы ғана Ирактың бейбіт, қауіпсіз және демократиялық болашағын
қамтамасыз етеді. Кувейттің ресми мәлімдемесі С.Хусейнді дарға асу
тек ирак пен ирактықтарға ғана қатысты. Ол заң бойынша жүзеге
асырылды Сондықтан біздің оған қабырғамыз қайыспайды дегенге сайса,
Ресей жағы Хусейн өлімі елдегі әскери-саяси ахуалды шиеленістіріп,
этноконфессиялық араздықты өршіте түседі. Біз өлім жазасына мүлдем
қарсымыз деп өз ұстанымын білдірді. Ал, АҚШ Президенті Джордж Буш
Хусейн өлімі Ирак үшін демократияға қадам басудағы маңызды кезеңнің
басы болды. Дегенмен, дағдарысқа түбегейлі нүкте қоя алмайды десе ,
Ұлыбритания СІМ Хусейн Ирак халқына жасаған қастандығы үшін жауап
берді деп отыр. Қытай ұстанымын бір ауыз сөзбен түйіпті: Ирактың
проблемасын Ирак халқы шешуі керек. Еуропа кеңесінің Бас хатшысы
Терри Дэвис Хусейнді дарға асуда айыптап отыр. Рас, Ирактың экс-
президенті қатыгез қылмыскертін. Бірақ, оны олай жазаламау қажет еді.
Мен Ирак билігін бұдан былай өлім жазасын қолданбауға шақырамын
дейді ол.
Ал, Ирактың өз іші азан-қазан. Саддамның қолдаушылары орындалған
жазаға наразылық білдіріп, қала көшелерінде жүр. Бәрінің аузында –
Бұл – АҚШ-тың нұсқауымен жасалаған жүрексіздердің қылмысы. Сондықтан
көбісі бұл өлім үшін тек алуға дайын. Шейттер болса, Саддам дарға
асылған күні қуаныштарын жасыра алмай, думан құрды. Біздіңше, бұл
жағдай Ирактағы сүниттер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб шапқыншылықтарының мәні
Саяси қақтығыстар
Ибн Сина және оның еңбектері
Иранның сыртқы саясатының дамуының негізгі бағыттары
Терроризм: оның ұғымы және түрлері
Ирактағы ішкі саяси жағдай
Қазіргі Халықаралық қатынастардағы Иран Факторы туралы ақпарат
Ауғанстанға Совет әскерінің кіруі
Ең жас дін - Ислам діні
КСРО-ң сыртқы саясатындағы Ауғанстан ( ХХ ғ. 70-80 ж.ж.)
Пәндер