Атом энергетикасы: бүгіні мен болашағы


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

2007-04-11:

Атом энергетикасы: бүгіні мен болашағы

Семинарда “Казатомпромға” қарасты “Үлбі металлургия зауыты” АҚ орталық ғылыми зерттеу зертханасы меңгерушісінің технологиялар мен инновациялар жөніндегі орынбасары Серік Қожахметов, компанияның күрделі құрылыс департаментінің бас менеджері Серік Дүйсембаев, “Казатомпром” ҰК” АҚ басқармасының жетекші маманы Ерлан Қарабалаев журналистер алдында сөз сөйлеп, ядролық отын циклының (ЯОЦ) ерекшеліктерімен, уранды өндіру, оны таблеткаға айналдыру жұмыстарымен, атом энергетикасының экономикасы және оның даму болашағымен, сондай-ақ Қазақстанда шағын және орта АЭС-тер салуға қызығушылық танытылуының себептерімен түсіндірді.

Мамандардың айтуынша, ядролық отын циклы ядролық энергетикалық реакторларда энергия алуды қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін өндірістік үдерістердің толық тізбегі болып табылады. ЯОЦ-ты шартты түрде үш негізгі сатыға бөлуге болады:

Бастапқы немесе бірінші сатыға ядролық отынды дайындау жұмыстары кіреді. Бұл маңызды әрі жоғары технологиялық үдеріс уран рудасын өндіру, табиғи уранның шала тотығы - тотығын алу, газ түріндегі уран гексафторидін алу мен байыту, отын таблеткаларын дайындау және оларды атом электр стансаларының (АЭС) тамағы болып табылатын жылу бөлетін құрылымға (ЖБҚ) жабдықтаудан тұрады.

ЯОЦ-тың екінші сатысына ядролық отынды электр энергиясын өндіретін реакторда пайдаланылу және пайдалынылған ядролық отынды (ПЯО) АЭС алаңында уақытша сақтау жұмыстары кіреді.

Ал ЯОЦ-тың соңғы үшінші сатысы оның “жабықтығын” немесе “ашықтығын” анықтайды. Ашық ЯОЦ жағдайында пайдаланылған отын қайта өңделмейді, ұзақ мерзімге сақтау үшін арнайы сақтау орындарына жіберіледі. Ал жабық ЯОЦ жағдайында пайдаланылған отын ПЯО өңдеу зауыттарында қайта өңделеді. Қазіргі кезде елдердің көпшілігінде ашық ЯОЦ іске асырылған. Тек Ресей, Франция, Ұлыбритания секілді бірқатар елдер өз жерлерінде жабық ЯОЦ-ты қолданысқа енгізді.

ЯОЦ өркендеуі әлемдік атом энергетикасының даму қарқынына байланысты. Ал, болжам бойынша әлемдік атом энергетикасының өркендеуіне қазір оңтайлы кезең туып отыр. Саланың жетекші сарапшылары атомдық энергетика “ядролық ренессанс” дәуіріне енді деп есептейді. Бұл үшін қазір барлық алғышарттар жасалған. Біріншіден, Жер тұрғындарының санының өсуіне және әлемдік экономиканың дамуына байланысты энергияға деген сұраныс арта түсуде. Энергия көзіне деген әлемдік сұраныстың қазіргі өсу қарқыны сақталған жағдайда 2030 жылға дейінгі кезеңде электр энергиясына деген сұраныс 50 пайыздан да артады деген болжам жасалуда.

Сондықтан қазірдің өзінде көптеген ғалымдар мен мамандар адамзатты алдағы уақытта болуы мүмкін энергетикалық дағдарыстан, сөздің тура мағынасында алғанда, энергетикалық қуат көзіне деген аштықтан құтқарудың жолын қарастыруда. Өйткені, отынның органикалық түрінің экономикалық та, экологиялық та тұрғыдан аса тиімді еместігі жылдар өткен сайын айқындала түсуде. Мысалы, 2005 жылы мұнайдың әлемдік бағасы 40 пайызға өсті. Сонымен қатар, органикалық отынды жағудан пайда болатын түрлі газдар қоршаған ортаға үлкен әсер етіп ғаламдық деңгейде парниктік әсерге және атмосферада оттегінің азаюына әкелетіндігі белгілі болды.

Осы жағдайларда ядролық энергетика отынның органикалық түрінен алынатын энергия көзіне шын мәнінде балама бола алады, деп есептейді ядролық энергетиканы жақтаушылар. Мұның басты себебі - атом энергиясын өндірудің арзандығы. Әралуан қуат көздерінен алынған энергияның бағаларына жасалған талдау атом стансасында өндірілген энергияның өзіндік құны көмір немесе газ стансаларында өндірілген энергиядан төмен екендігін көрсетеді. Атом энергиясы сондай-ақ экологиялық таза энергия көзі болып табылады. Мысалы, қуаттылығы 1 ГВт көмір стансасы күн сайын ауаға 50 мың тонна күкірт тотықтарын, 25 мың тонна азот тотықтарын және жылына 400 тонна улы металдар шығарады. Қуаты осындай ЖЭС жылына 1500 эшалон көмір пайдаланады. Ал АЭС атмосфераға зиянды заттар шығармайды және оның тағы бір артықшылығы, қуаттылығы 1 ГВт болатын АЭС үшін жылына бар-жоғы бірнеше вагон ғана отын қажет екен.

Қалпына келтірілетін энергия көздері (күн, жел) экологиялық тұрғыдан таза болғанымен, әзірше АЭС-пен бәсекелесе алмайтындығы мәлім болуда. Мысалы, АЭС өндіретін энергияға пара-пар энергия өндіру үшін жел фермасының турбинасын аумағы 362, 5 шаршы шақырым болатын жерге орналастыру қажет екен. Оның үстіне мұндай жағдайда жел қуатының өзі қандай болатындығын да ескеру керек.

Демек, алдағы таңдау атом энергиясына түскен кезде геосаяси аспект маңызды фактор болып табылады. Егер мұнайдың жер жүзіндегі негізгі қорлары, сол сияқты едәуір газ қорлары саяси тұрақсыз елдерде болса, уран қорының басым бөлігі саяси тұрғыдан салыстырмалы түрде сенімді елдерде шоғырланған.

Атом энергетикасының дамуына әсерін тигізетін тағы бір өте маңызды фактор - ядролық реакторлардың қауіпсіздігі. АЭС-тарды пайдалану тәжірибесіндегі осыған дейінгі барлық келеңсіз жәйттерді есепке алған мамандар бүгінгі таңда АЭС қауіпсіздігі атом энергетикасын өркендетудің басты шарты болып табылатындығын атап көрсете келе қазіргі замандық ядролық блоктардың қауіпсіздігі жоғары екендігін жұртшылыққа түсіндіруде. Олардың айтуынша, жаңадан жасалынған реакторлар “пассивтік” қауіпсіздіктің озық жүйелерімен жарақталғандықтан апатты жағдай орын алды дегеннің өзінде операторға ешқандай шара қолданудың қажеті жоқ. Реакторлардың қауіпсіз өшіру жүйесі автоматты түрде іске қосылатындай етіліп жобаланғандықтан барлық қауіпсіздік шаралары өздігінен әрекет етеді, яғни реактор жұмысы бірден тоқтайды.

Жоғарыда келтірілген фактілер соңғы кездері көптеген елдердің атом энергетикасын дамытуға құлшыныс білдіруіне ықпалын тигізуде. Сала мамандарының болжамы бойынша, алдағы 30 - 40 жылдың ішінде әлемде жаңа АЭС-тер өндіретін 600 ГВт қуат көздері пайда болады. Жаңа АЭС салу туралы жоспар құрған елдердің қатарында Қытай, Үндістан, АҚШ және Ресей бар. Мысалы, соңғы 20 жылда бір де ядролық блок салмаған Америка Құрама Штаттары 2050 жылға дейін жаңа 300 ядролық блок салу жоспарын жария етті. Ресей өзінің энергетика жүйесінде атом энергиясының үлесін 16-дан 25 пайызға дейін өсірмекші. Ядролық реактор салудың ең ілкімді жоспары Қытайға тиесілі, ол 2020 жылға дейін жыл сайын қуаты 1000 МВт болатын 2-3 реакторды іске қоспақшы. Бұрын өз жерінде атом энергетикасын дамытпаған, бірақ АЭС салу ниетін білдірген елдер де бар. Олар - Түркия, Мысыр, Вьетнам, Белоруссия, Қазақстан.

Алайда, атом энергетикасын табысты дамыту үшін атом стансаларын жұмысқа жарамды қауіпсіз ядролық отынмен қамтамасыз ету қажет. Қазіргі заманғы атом энергетикасының ядролық отынының шикізаты уран болып табылады. Сондықтан ЯОЦ алғашқы кезеңі, яғни табиғи уранды өндіру мәселесі бұрынғысынша өте маңызды. Бұл фактор Қазақстанның атом энергетикасын дамытуда шешуші рөл ойнайды.

Уранның әлемдік қоры атом энергетикасының жұмысын көптеген жылдар бойы қамтамасыз етуге жеткілікті. Уранның әлемдік қорының 80 пайызға жуығы тоғыз елдің үлесінде. Олар - Австралия, Қазақстан, Канада, ОАР, Намибия, Нигерия, Ресей, Бразилия, АҚШ. Уран өндіруде әзірге Канада алда келеді, екінші орында - Австралия, ал үшінші орында Қазақстан тұр. Уран шикізатын өндіру әртүрлі тәсілдермен, әдеттегідей карьерлік және шахталық тәсілдермен, сол сияқты озық жерасты ұңғымалық еріту тәсілімен жүргізілуі мүмкін. Қазақстандағы уран кендерін өндіру үшін өте қолайлы орналасуы және оларды алуда қазіргі замандық ең озық тәсіл - тұйық циклге негізделген жерасты скважиналық еріту тәсілінің қолданылуы (мұны тіпті қалдықсыз технология қатарына жатқызуға болады) болашақта Қазақстанды өндіріс көлемі жөнінен бірінші орынға шығарады деп болжам жасауға нақты мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары атом энергетикасы рыногындағы жағдай да өзгере бастады. 2004 жылы табиғи уранның бағасы қайта көтеріліп, соңғы екі жылда ол 142 пайызға жетті. Сөйтіп, 2006 жылдың мамырында уранның 1 фунтының бағасы 42, 74 АҚШ долларын құрады. Сала сарапшылары ядролық-энергетикалық сектордың қайта жандануына, екіншіден, қоймадағы қорлардың азаюына байланысты баға әрі қарай өсе түсуге тиіс деп болжам жасауда. Ал мұндай жағдай Қазақстандағы атом энергетикасының дамуына үлкен мүмкіндіктер тудырмақ. Біріншіден, Қазақстанда табиғи уранның көлемі жағынан екінші үлкен қоры шоғырланған, ол 1 миллион тоннаға жуық. Екіншіден, Қазақстанда уран өндіру тұйықталған, қалдықсыз және сондықтан экологиялық таза, жерастылық скважиналық еріту тәсілімен жүзеге асырылады. “Казатомпром” ұлттық компаниясы, міне, осы жағдай мен қолайлы мүмкіндіктерді пайдалана отырып алдыға өршіл де сенімді жоспар құрып отыр. Осы жоспар бойынша, 2010 жылға таман елімізде өндірілетін уран көлемі жылына 15000 тоннаға дейін жеткізіледі. Осылайша уран өндірісі көлемінің аз жылдың ішінде үш есе өсуі “Казатомпромға” табиғи уран өндіру жөнінде дүние жүзінде көшбасшы компанияға айналуға мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін тағы бір қолайлы фактор, бізде уранды шикізат күйінен отындық таблетка деңгейіне жеткізе алатын арнайы өндіріс орыны - Үлбі металлургия зауытының болуы. Отындық таблеткалардың сапасы көп жағдайда отынның реактордағы жұмыс қабілетін анықтайды, сондықтан оның сапасына жан-жақты қатал талап қойылады. Демек, өндірістік жағдайда тапсырыс берушінің талаптарын толық қанағаттандыратын таблеткалар алу оңай жұмыс емес. Себебі, олардың сапасы көптеген факторларға, бірінші кезекте уран диоксиді ұнтағының сапасына байланысты. Сонымен қатар, зауыттарда қолданылатын технологиялар отын таблеткаларының тығыздығы, түйірлерінің көлемі, кеуектілігі, серпінділігі, жанып кететін және легирленетін қоспаларының мөлшері секілді өлшемдерге сәйкестікті қамтамасыз етуі тиіс. Бұл барлық аталған операциялар тек қана жұмысы мен тәжірибесі жақсы жолға қойылған “Үлбі металлургия зауыты” АҚ уран өндірісінде қолданылатын жабдықтарда орындалуы мүмкін. Себебі, мұнда 30 жылдан астам уақыт бойы атом стансаларына арналған отын компоненттері, атап айтқанда, уран тотығының ұнтақтары мен отын таблеткалары жасалып шығарылды. Үлбі металлургия зауыты Кеңес Одағы атом энергетикасының ЯОЦ аясында уран концентраттарын уран шала тотығы - тотығына өңдеу жұмыстары басталған кезден бастап оның құрамдас бөлігіне айналды. “ҮМЗ” (“Үлбі металлургия зауыты”) АҚ 1973 жылы U-235 бойынша шала байытылған уран диоксидін өнеркәсіптік өндіру ұйымдастырылған соң, КСРО-да дайындалып, тұрғызылған энергетикалық ядролық реакторлар үшін отын дайындайтын зауыт базасына айналды. Қазіргі шақта “ҮМЗ” АҚ ядролық энергетикалық реакторлар үшін дүние жүзіндегі ең ірі отын таблеткаларын өндіруші болып табылады. Оның өндірістік технологиясы тапсырыс берушінің қатал талабын қанағаттандыруға қабілетті. Сөйтіп, табиғи уранға деген тапшылық белең алып келе жатқан қазіргі кезде табиғи уранның мол қорларына иелік еткен “Казатомпром” ҰК” АҚ өз қарамағындағы мол тәжірибелі, жоғары технологиялы өндіріс орыны “ҮМЗ”АҚ-пен бірлесіп, әлемдік энергетикалық компанияларға табиғи уранды өндіру және одан отын таблеткаларын дайындауды қоса отырып, тиімді қызмет пакетін ұсына алады. Мамандар бұл кезеңде, әсіресе, ЯОЦ-тың жоғарыда сөз болған сатылары толық жетіспейтін әлемдік деңгейдегі компаниялармен орнатылған ынтымақтастық өте маңызды деп есептейді.

Сонымен, ең үнемді әрі экологиялық таза энергия көзі ретінде атомдық энергетиканың болашағы зор деп сенімді түрде айтуға болады. Атом энергетикасының одан әрі дамуы ЯОЦ әр сатысының дамуы және жетілдірілуімен қатар жүруі тиіс. Бұл, біріншіден, табиғи уранды өндіруді көбейтуге қатысты. Себебі, оны өндіру мен пайдалануда байқалған үйлесімсіздік әлемдік атом энергетикасының әрі қарай дамуына проблема тудыруы мүмкін. Бұдан басқа, егер көптеген елдер жаңа АЭС салу туралы ілкімді жоспарларын жүзеге асырған жағдайда отынды конверсиялау, байыту және дайындау үшін кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Сондықтан, бұдан бірнеше жыл бұрын адамзат әлемдік экономиканың жаһандануы туралы айта бастаса, қазір қауіпсіз атом энергетикасымен қамтамасыз ету мақсатында ЯОЦ жаһандануы басталды. “Қазатомпром” ҰК” АҚ мамандары міне, осы үдеріс барысында Қазақстанды алдыңғы қатардан табылады деп сеніммен айтып отыр. Демек, ендігі міндет ЯОЦ екінші, үшінші сатыларына қарай жылжу. Мұның ішінде, әсіресе, Қазақстанда шағын және орта қуатты АЭС-тар салудың маңызы барған сайын артып келеді. Өйткені үстіміздегі жылдан бастап елімізде электр қуатының жетіспеушілігі сезіле бастады. Бұл жетіспеушілік жылдан жылға ұлғая бермек. Мамандар осы проблеманы шешудің ең тиімді жолы шағын және орта қуатты АЭС-тер салу деп есептейді. Себебі, біріншіден, олардың негізгі тамағы саналатын уран таблеткалары Қазақстанның өзінде әзірленеді. Сондықтан оның бағасы жұртшылық үшін тиімді болады. Екіншіден, АЭС-тер Қазақстан үшін жетімсіз болып отырған тұщы су әзірлеуге де көмектеседі. Үшіншіден, АЭС-терде өндірілген электр қуаттарын сыртқы шығару арқылы да Қазақстан пайда қарата алады. Әрі ол біздің экономикамыздың бәсекеге қабілетті бір саласына айналып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етпек.

Сарытаудағы еңбек сарыны немесе еліміздің өз цементінің ертеңі қандай?

Шар қаласының маңында, Сарытау деген жерде жаңадан цемент зауыты салынып жатқандығы туралы хабар естіле бастағанына бір жыл болып қалды. Жуырда “Қазақцемент” құрылыс компаниясы деп аталатын осы құрылыстың негізгі иелерінен Сарытауға барып, мәселенің мән-жайын өз көзімізбен көріп қайту жөнінде ұсыныс түсті. Ертесінде-ақ бір топ әріптестерімізбен жолға шықтық. Сарытауда бізді аталмыш компанияның техникалық директоры Василий Иванов, оның орынбасары Асқар Құнафин мырзалар, осы игілікті шаруамен айналысып жатқан басқа да азаматтар қарсы алды. Бізге тегінде ұсыныс “Қазақцемент” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры С. Байжұмановтың тарапынан жасалған еді. Бірақ, шаруаның аты шаруа. Сұлтанғали Қабайұлы кеше ғана тығыз жұмыспен көршілес Қытай еліне іссапармен жүріп кетіпті.

Міне, жігіттер бізге жаңа құрылыс жөнінде кеңінен түсінік беруде. Шындығында, олар айтқандай еліміздің экономикасының шапшаң өрге көтерілуі құрылыс материалдарына, оның ішінде цементке деген сұранысты да арттыра түскен. Мәселен, өткен бір жылда елімізде барлығы 4 миллион тонна цемент өндірілген болса, ал оған деген қажеттілік 6, 5 миллион тоннаны құраған. Яғни, өзімізден жетіспей қалған 215 миллион тонна цемент Ресей, Қырғызстан мен Тәжікстан елдерінің есебінен жабылған.

Ал мемлекетіміз әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге талпынып отырған шақта соншама мүмкіндікке ие бола отырып, цементті сырттан тасымалдаудың жөні қайсы?! Мүмкіндік демекші, жоғарыда аталған Сарытауда әктастың қоры жеткілікті. Оның үстіне облыс орталығы Өскемен мен Шар қаласының аралығында салынып жатқан болат жол дәл осы араны жанай өтеді екен.

Ендігі мәселе тек қаржыда еді. Осы орайда, бұларға “Қазына” орнықты даму қоры мен Қазақстанның даму банкі қамқорлық қол ұшын беруде. Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында осы “Қазына” қорының алдына жеті бірдей жауапты міндет жүктеген еді. Аталмыш қор сол міндеттерді зор абыроймен жүзеге асыра бастағаны байқалады. Соның дәлеліндей, жаңа құрылыс алаңын қажетті қаржымен қамтамасыз етуде әзірге іркіліс жоқ. Сонсоң жігіттер кезең-кезеңімен бөлініп жатқан әлгіндей қаржының ретімен жұмсалып жатқанын да айта кетуді ұмытпаған. Яғни, тиісті қаражат тапсырыс иелерінен түскен нақты ұсынысқа ғана босатылатын көрінеді. Мұның өзі соншама мол қаржының бос желге ұшпауына, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпеуіне жақсы.

Сарытауда жаңа құрылыс алаңының қазығы өткен жылдың қыркүйек айында қағылған болса, содан бергі мерзімде біршама жұмыстар атқарылыпты. Ең алдымен негізінен бос жатқан иесіз жерге электр желісі тартылған. Соның жемісін іргедегі жалғыз отырған шопанның отбасы да көріп отыр. Бұлар онымен де шектелмей, әлгі отбасына тереңнен су да шығарып беріпті.

Ал құрылыс алаңына электр желісі тартылған соң басқа жұмыстар да игеріле берген. Мұндағы құрылыс жұмыстарымен Өскемен мен Семейдің бірқатар құрылыс ұйымдары айналысып жатқан көрінеді. Компания мамандары осыдан үш жыл бұрын болашақ цемент зауытының құрылысын жобалау және оны қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатымен Германия, Дания, Италия, Түркия, Жапония және Қытай елдерінің іс-тәжірибелерін зерттеген екен. Соның бәрін қорыта келгенде негізгі таңдау көршілес Қытай еліне түсіпті. Сөйтіп, жаңа зауыттың жобасы Қытайда жасалыпты. Негізгі құрал-жабдықтар да сол жақтан келіп жатқан көрінеді. Тегінде Қытай цемент өндіруден әлем бойынша алда келеді. Соған орай, олар цемент өндірісіне арналған құрал-жабдықтарды да мол шығаруда. Сонымен бірге, бұлар көршілес Ресейдің осы мәселедегі озық тәжірибесін де кеңінен ескеріп отырған жайы бар.

Ендігі басты мәселе құрғақ цемент өндіруге қол жеткізу болып табылады. Өйткені, қазірде әлемде құрғақ цементке деген сұраныс шарықтап тұр. Ал елімізде бұған дейін төрт зауыт ылғалды, 11 зауыт жартылай құрғақ цемент өндіріп келді. Ал құрғақ цементтің өндіріске пайдалылығы өз алдына, екіншіден бұл өнімді шығару барысында көмірді - 40, электр қуатын - 20, суды 35 пайыз үнемдеуге жол ашылады. Мұның өзі өнімнің өзіндік құнын 25-30 пайыз аралығында төмендетуге жол ашпақ.

Әңгіме барысында мынадай да қызықты дерек айтылып қалды. Мәселен, Семейдегі цемент зауытының да, бұлардың да жылдық қуаты - 1 миллион тонна. Бірақ сонша көлемдегі цементті өндірумен Семейде бір жарым мыңдай адам шұғылданып жатса, бұларда бар-жоғы 450 адам еңбек етпек.

Мұны бір деңіз. Екіншіден, құрғақ цемент өндірудің экономикалық жағынан тиімділігі тіпті ересен. Оған қоса жаңа зауыт қазіргі заман талабына сай қуатты ауа тазалайтын қондырғымен қамтамасыз етілмек. Еуропа мен Америка Құрама Штаттарындағы әлемдік үздік компаниялардың баршасы осындай принциппен жұмыс істеуде. Соның бәрі алдын ала ескерілгендіктен бұл зауыттың қоршаған ортаға, өзінің маңайындағы елді мекендерге қауіп төндірмейтіндігіне кепілдік мол.

Міне, енді негізгі құрылыс алаңдарымен жете танысып келеміз. Ондай алаң үшеу екен. Мұның ең бастысы, әрине, зауыт құрылысы болып табылады. Екінші, үшінші алаңда саз топырақты, әктасты өндіріп өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты қарқынды жүргізу мақсатымен мұнда байланыс қызметіне қатты көңіл бөлінгені байқалады. Соның айғағындай, мобильді, спутниктік байланыс, радио, электронды пошта, тіпті факске дейін орнатылып үлгеріліпті. Басты алаңның екінші бір жағында, сәл жырақтау жерден кәсіпорынның әкімшілік-тұрмыстық ғимараттары бой көтеруде. Ал кейін осы арада тұрғын үйлер де салынуы, сөйтіп, шағын елді мекен пайда болуы да әбден мүмкін. Мұндағы жұмысшылар қанша вахталық тәсілмен еңбек етеді десек те, жергілікті жұмысшылар үшін тұрғын үй салудың тиімділігі екі жаққа да пайдалы екендігі айтпаса да түсінікті.

Жоғарыда мұнда жаңадан 450 жұмыс орны ашылады дедік. Жаңа зауыт жұмысына бірінші кезекте жергілікті тұрғындардың тартылатындығы сөзсіз. Бұл да екі жаққа тиімді шара. Десе де, маман кадрларды тездетіп даярламаса болмайды. Осыған орай, олардың бір бөлігі Қытайға жіберілмек. Ал екінші бір бөлігі Сарытаудың өзінде даярланатын болады.

Мұнан кейінгі жерде біз қатынас мәселесі қалай шешіліп жатқанын сұрастырғанбыз. Сарытауға апаратын жолдың жөнделіп жатқанын өзіміз де көрдік. Ал мұндағы құрылыс алаңына темір жол тарту шілде айынан басталмақ. Онымен Семейдегі көлік компаниясы айналысуда. Бұл жұмыс әрі кетсе жарты жыл ішінде аяқталмақ. Өскемен-Шар бағытында салынып жатқан темір жолға дейінгі қашықтық небәрі 2, 5 шақырым ғана. Бірақ ол қосалқы жолдармен қосыла келгенде жалпы қашықтығы 7 шақырымды құрайды. Қазірде бұл жұмыс та қолға алынып жатқан көрінеді. Аталмыш компанияның осындағы учаскесінде жиырма адам еңбек етуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы атом энергетикасының бүгіні мен болашағы
Қазақстанның ядролық энергетикасының болашағы қандай
«Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары»
Геотермалды энергия көздері
Қазақстандағы «Жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы
АЭС болашағы
Ядролық энергетикалық қондырғыларды жобалаудағы негізгі сұрақтар
«Экспо - 2017» Энергия болашағы. Қазақстанда балама энергитаканың дамуы
Альтернативті энергия көздері
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz