Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарыныңың қалыптасу кезеңін талдау, екіжақты қарым-қатынастардың саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы дамуы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . . ІІІ
КІРІСПЕ . . . 4
І-ТАРАУ. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының қалыптасу кезеңі . . . 8
- Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты қарым
қатынастардың орнауы және байланыстардың даму эволюциясы………. 8
- Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы саяси қарым қатынастардың жалпы сипаты . . . 12
- Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекараларының айқындалуы………. 15
ІІ-ТАРАУ. Жаңа кезеңдегі Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастар . . . 22
- Қазақстан мен Ресей: сенімді экономикалық ынтымақтастықты
дамытуда . . . 22
- Қазақстан мен Ресей аймақтық саяси экономикалық интеграциялық үдерістерде: Кеден Одағы және ШЫҰ . . . 32
- Қазақстан мен Ресей мәдени қарым-қатынастары және Еуразияшылдық идея . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 62
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
АҚШ- Америка Құрама Штаттары.
БОАК- Бүкілодақтық Атқару Комитеті.
БТД- Баку-Тбилиси-Джейхан.
ЕҚЫҰ- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы.
ЕО- Еуропалық одақ.
ЕурАзЭҚ- Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы.
ЖІӨ- Жалпы Ішкі Өнім.
КИСИ- ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық Стратегиялық Зерттеулер Институты.
КСРО- Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы.
КТК - Каспий мұнай құбыры Консорциумы.
ҚР- Қазақстан Республикасы.
НАТО- Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы.
РКФСР- Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы.
РФ- Ресей Федерациясы.
ТМД- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.
ҰҚШ- Ұжымдық Қауіпсіздік Туралы Шарты.
ШЫҰ- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы.
КІРІСПЕ
Бүкіл посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де Ресей жаңа геосаяси және геоэкономикалық жүйенің орталығы ретінде қала береді. ҚР Президенті Н. Назарбаев айтқандай: «Посткеңестік мемлекеттер арасындағы ең ірі және әлеуетті мемлекет - Ресей Федерациясы болып отыр. Осы мемлекеттің таңдауы әлемдегі тұрақтылықты, әсіресе, Еуразия аумағындағы тұрақтылықты белгілейді». Осыдан келіп, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясында Ресей бағыты басымды бағыттардың бірі болып есептеледі1.
Өз кезегінде Ресей Федерациясы тарапынан да Қазақстанмен өзара қарым-қатынастарға үлкен маңыз берілген. Ресей Федерациясының сыртқы саяси Тұжырымдамасында ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынастар негізгі басымды бағыттардың бірі болып көрсетілген2.
Қазақстан Ресейдің Орталық Азия аумағындағы стратегиялық және ең жақын одақтасы ретінде Кремльдің сыртқы саяси бағыт-бағдарында ең маңызды орында алып отыр. Жаңа мыңжылдық басында Ресей басшылығына В. В. Путиннің келуімен Ресей өз сыртқы саясатында үлкен өзгерістерді бастан кешірді десек, қателеспейміз. Себебі, Путин секілді терең амбициялы саясаткердің РФ басшылығының алдына қойған негізгі міндеті - Ресейдің халықаралық аренада жоғалған беделін қайта қалпына келтіру, көтеру болды. Осы бағытта жасалған РФ үкіметінің жұмыстары өз нәтижесін бере бастады. Ресей қуатты әлемдік державалардың қатарына біртіндеп қосылып келеді. Мемлекеттік басқару билігінің күшеюі, маңызды энергетикалық кешендердің мемлекет бақылауына алуы, шикізат көздерін геосаяси құралдарға айналдыру, әскери өнеркәсіпті қайта жандандыру, әлемдік қару-жарақ нарығында өз үлесін көбейту, маңызды халықаралық мәселелер мен қақтығыстарда өз ұстанымын ашық білдіру, көпполярлы әлемдік жүйенің негізгі күштері ретінде Қытай және Үндістанмен жақындасу, посткеңестік кеңістікте және Орта Азияда белсенді саясат жүргізу осының дәлелдері бола алады. Ресей Федерациясының сыртқы саяси стратегиясының негізгі құрамдарының көпшілігі, атап айтқанда, көпполярлы жүйенің қалыптасуына байланысты компоненттері Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қайшы келмейді және еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірмейді. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің мығым негізін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылғы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ресей бағыты Қазақстанның сыртқы саясатының басымды бағыттарының бірі болып көрсетілген3.
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының дамуы - бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекетаралық ынтымақтастықтың озық үлгісі бола алады. Бұл ынтымақтастықтық 300-ден астам екіжақты келісім-шарттардан тұратын мығым құқықтық базаға сүйенеді. Бұл құжаттардың арасында өзінің маңыздылығы және Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар кешеніне әсері жөнінен айрықша орын алатын екі келісімді ерекше атап өткен жөн. Олар: 1992 жылы 25 мамырда қол қойылған Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім және 1998 жылы 6 шілдеде қол қойылған ХХІ ғ. бағытталған Мәңгілік достық және одақтастық туралы Декларация. Екіжақты қарым-қатынастардың негізгі қағидаларын белгілейтін және реттейтін бұл негізгі саяси құжаттардан басқа, Ресей мен Қазақстан өзара мүдделерге сәйкес саяси, экономикалық және мәдени мәселелерге байланысты үкіметаралық келісім-шарттарды қажеттілігіне қарай жасауда, жаңартуда және толықтыруда4.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей ТМД-дан ЕурАзЭҚ-қа дейінгі және Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымынан бастап, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына дейінгі посткеңестік кеңістікте құрылған және дамыған негізгі саяси, әскери-саяси және экономикалық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Бұл ұйымдарда ҚР мен РФ белсенді позиция ұстанады және осы ұйымдар аясында өз әрекеттерін үйлестіруге ұмтылады5.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасында екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары - президенттер, үкімет мүшелері және мемлекеттік ведомство басшылары арасында, парламентаралық және аймақтың деңгейде, бизнес өкілдері және т. б. арасында қарқында түрде жиі ресми және бейресми жүздесулер болып тұрады. Бұның барлығы Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді саяси және іскер байланыстардың дамуына және кең ауқымды екіжақты қарым-қатынастардың достық ынтымақтастық сипатында жалғасын табу үшін оң әсерін тигізеді. Ерекше атап айтарлық жайт, Қазақстанда және Ресейде де саясаткерлер мен іскер адамдары екі елдің ұлттық мүдделері үшін өзара тиімді, достық және одақтастық сипаттағы қарым-қатынастардың дамуы өте қажет екендігін терең түсінеді. Егер де, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарында салқындық пайда болатын болса, бұл аталған мемлекеттердің ұллтық мүдделеріне үлкен зиянын тигізеді және олардың халықаралық саяси және экономикалық қарым-қатынастарда позицияларының әлсіреуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Осы заңдылықтарды терең ұғыну және жақсы қабылдау болашақта да Ресей-Қазақстан қарым-қатынастарының жоғары деңгейде дамуына кепілдік береді. Соңғы жылдары екі ел басшыларының бірлескен саяси мәлімдемелері және екіжақты және халықаралық маңызы бар бірқатар саяси, экономикалық және құқықтық сипаттағы келісім-шарттардың жасалуы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарына жаңа серпіліс алып келді6.
Екіжақты қарым-қатынастардағы маңызды оқиға ретінде Ресей мен Қазақстан президенттерінің 2007 жылы мамырда Астанада өткен жоғарғы деңгейдегі кездесуін айтуға болады. Бұл кездесуде Н. Назарбаев пен В. Путин екі елдің 2007-2008 жылдарға арналған аймақтық қауіпсіздік, әскери-саяси және әскери-техникалық саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы бірлескен іс-әрекеттерді одан әрі жалғастыру жөніндегі жоспарын бекітті. Кездесу кезінде сауда-экономикалық қарым қатынастарды дамытуға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мына бағыттар бойынша:
- шекаралардағы ынтымақтастық
- мұнай және энергетикалық саладағы ынтымақтастық
- бірлескен қаржылық-өндірістік топтар құру арқылы өнеркәсіптік және кооперациялық байланыстарды дамыту
- Каспий теңізінің табиғи байлықтарын игеру бойынша ынтымақтастық
- атом өнеркәсібі саласында ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы
- ғарышты зерттеу және бейбіт мақсатта игеру саласында, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану бойынша ынтымақтастық7.
Қазіргі кезде Қазақстанда 90-нан астам экономиканы дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейді және осы бағдарламалардың барлығы Ресеймен ынтымақтаса отырып жүзеге асуда. Солардың ішіндегі маңызы аса зор, ауқымды 6 мемлекеттік бағдарламаны ерекше атап өтуге болады. Олар 2005-2007 жылдарға арналған ҚР-дағы ғарышты игеруді дамыту бағдарламасы, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру бағдарламасы, 2006-2008 жж. арналған ҚР-дағы телекоммуникация саласын дамыту бағдарламасы, 2004-2008 жж. арналған ҚР-да атом энергетикасын дамыту бағдарламасы, 2004-2010 жж. арналған ҚР-да мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасы, 2030 жылға дейін жоспарланған электроэнергетиканы дамыту бағдарламасы. Аталған бағдарламалардың жүзеге асуында Ресей компаниялары мен ұйымдары және бірлескен кәсіпорындардың қатысуы жоспарланған8.
Ерекше атап өтерлік жайт, Қазақстан Ресеймен ең ұзақ шекараға ие (шамамен 7500 км) және бұл екі елді тарихи, мәдени байланыстарының тереңдігі екіжақты қарым-қатынастардың позитивті түрде дамуындағы маңызды факторлар екендігі. Екі елдің қарым-қатынастарының ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірмейтіндей бағытта дамуы Еуразия аумағындағы тұрақтылықты сақтаудың бірден-бір кепілі.
Диплом жұмыс тақырыбының өзектілігі - Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында Ресей векторы ең маңызды басымды бағыттардың бірі болып қала береді. Оған дәлел, ҚР Президентінің Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Халқына жасаған «Қазақстан - 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ҚР сыртқы саясатының басымды бағыттарының өзгермейтіндігін және жақын көршілермен, оның ішінде Ресей Федерациясымен қарым-қатынастардың қарқынды дамитындығын тағы да атап көрсетті9. Қазақстан және Ресей Федерациясы әлемдегі ең үлкен ортақ шекараға ие көрші мемлекеттер ғана емес, Еуразия аумағындағы саяси ахуалға ықпал ете алатын стратегиялық серіктестер болып табылады. Орталық Азияда әлемдік күштердің бәсекелестігі жағдайында Қазақстан - Ресей қатынастары тақырыбы өзінің өзектілігін одан әрі еселей түседі және жан-жақты зерттеді қажет етеді.
Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері: Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарыныңың қалыптасу кезеңін талдау, екіжақты қарым-қатынастардың саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы дамуын зерттеу болып табылады Осы мақсатқа сәйкес автор төмендегідей міндеттерді алдына қойды:
- Қазақстан -Ресей Федерациясы арасындағы саяси-экономикалық қарым қатынастарға жалпы сараптама жасау;
- Қазақстан -Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастарға сыртқы күштердің әсері факторына талдау жасау
- Қазақстан -Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастардың өзекті мәселелеріне талдау жасау.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі . Жұмыстың құрылымы алдына қойған мақсаттарға байланысты кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады. Дипломдық жұмысты жазу барысында төмендегі төмендегі авторлардың еңбектері пайдаланылды:
- Н. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. Алматы Атамұра 2003. 2. К. Токаев. Дипломатия Республики Казахстан . Астана 2001., 3. Политика и интересы мировых держав в Казахстане. Б. Султановтың ред. . Алматы 2002. 4. Казахстанско-российские отношения: состояние и перспективы: материалы международной научной конференции (г. Алматы, 22 сент. 2008 г. ) Гл. ред. Б. К. Султанов. Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2008. 5. Актуальные вопросы казахстанско-российского сотрудничества на современном этапе: материалы «круглого стола» (11 октября 2010 г. ) . КИСИ при Президенте РК, Алматы, 2010.
І-ТАРАУ. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының қалыптасу кезеңі
1. 1. Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың орнауы және байланыстардың
даму эволюциясы
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының жаңа кезеңінде бірнеше даму аралықтарын былайша тізбектеп көрсетуге болады: жаңа құқықтық қарым-қатынастардың анықталуы, мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастықтың жаңа моделін қарастыру, екіжақты қарым-қатынастардың қарқындылығының төмендеуі, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салада интеграцияны одан әрі тереңдету және кеңейту, стратегиялық серіктестікті жүзеге асыру10.
Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың дамуында үш негізгі кезеңдерді ерекше атап өтуге болады.
Бірінші кезең, бұрынғы Кеңес Одағының орнына әлемдік саяси аренада жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуымен басталды. 1992 жылдың 7-ші қазанына дейін, яғни, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қойылғанға дейін екі ел арасындағы қарым-қатынастар мемлекетаралық қарым-қатынастар құқықтық негізін қалыптастыру бағытында жүргізілді. Бұл келісім Қазақстан мен Ресей арасындағы ресми мемлекетаралық құқықтық қарым-қатынастардың алғашқы бетін ашты және екіжақты қарым-қатынастардың іргелі негізі болып табылады. Бұл құжатта Қазақстан мен Ресей екі ел арасындағы тарихи қалыптасқан мығым байланыстарға сүйене отырып, одақтас мемлекеттер ретінде достық қарым-қатынастар орнатады деген дәйек келтірілген. Достық қарым-қатынастар мемлекеттік егемендік, территориялық бүтіндік және шекаралардың мызғымастығы, даулардың бейбіт реттелуі және күш қолдану мен зорлық көрсету оның ішінде экономикалық және басқа қысым көрсету тәсілдерін қолданбау, теңдік және ішкі істерге араласпау, адам құқығын сақтау, міндеттемелерді адал орындауға өзара құрмет көрсетуі негізінде қалыптасуы қажет11.
Екжақты қарым-қатынастардың ең негізгі факторларының бірі - Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кеңестік ядролық қару болды. Ресей Қазақстанның ядролық қарусыз ел статусын алуына мүдделі тараптардың бірі болды. 1992 жылы 23 мамырда Лиссабонда бес елдің өкілдері, оның ішінде ҚР мен РФ өкілдері де Қазақстанның ядролық қарусыз ел ретінде ядролық қаруды таратпау келісіміне қосылуы туралы міндеттемелерін қарастыратын Хаттамаға қол қойды. Осылайша, атомдық қарудың барлық түрлерінен бас тарту туралы шешім толық бекітілді.
1992 жылы 2- шілдеде Қазақстан жаппай шабуылдау қаруларын қысқарту туралы келісімді және Лиссабон Хаттамасын мақұлдады.
Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту процесі 1993 жылы желтоқсан айында аяқталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі ядролық қару жарақты таратпау туралы келісімді мақұлдады12.
1994 жылы 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Будапештте өткен саммитінде Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге қосылуына байланысты қауіпсіздік кепілдіктері туралы Меморандумға қол қойылды. Осы Меморандумға қол қойған мемлекеттердің бірі - Ресей Федерациясы болды. Қазақстанның ядролық қарусыз ел статусын алуында Ресейдің мүдделілігінің айқын дәлелі ретінде ҚР территориясында уақытша орналасқан Стратегиялық ядролық күштер туралы келісімді көрсетуге болады. Бұл келісімнің 6- бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өз аумағында уақытша орналасқан Стратегиялық ядролық күштерді басқару, қолдану, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз ету функцияларына Ресей Федерациясының құқығын таниды». Осылайша, Қазақстан формальді түрде ядролық қарудың иесі бола тұрып, Ресейге бұл қаруды басқару функциясын ғана емес, ол үшін барлық жауапкершілікті де берді13.
ҚР Үкіметі мен РФ үкіметі арасындағы қол қойылған «ҚР территориясында орналасқан стратегиялық шабуылдау қаруларын қысқарту процесіндегі ынтымақтастық» келісіміне сәйкес, Ресей тарапы Қазақстандағы орналасқан әскери зымырандық кешендердің техникалық жабдықтарын алып кетуге, оны тасымалдауда экологиялық қауіпсіздікті сақтау, Стратегиялық ядролық күштер инфрақұрылымына кіретін нысандарды ҚР өкілетті органдарына бергенге дейін күзетуді өз міндетіне алды.
Осылайша, Ресейдің Қазақстанға байланысты саясатының басты міндеттерінің бірі - Қазақстан территориясынан ядролық қаруды шығару және Республиканың ядролық қарусыз ел мәртебесін алуға ықпал ету өзінің оң шешімін тапты және Мәскеу алдына қойылған мақсаттарына жетті14.
Алайда, бұл кезеңде Ресей мүдделерінің тар ауқымдылығы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының қарқындылығына әсер етіп, төмендеуіне әкеліп соқтырды. Бұл негізінен сол кезеңдегі РФ сыртқы саясатында жылдам түрде Еуропа елдері қатарына кіру бағыты басшылыққа алынғандығына байланысты болды. Бұл кезең Ресейдің Орталық Азиядағы істерден оқшауланып, Батыспен өзара қарым-қатынастарға баса назар аударуымен сипатталады. Ресейдің сыртқы саяси стратегиясында өзін Еуропамен, бүкіл Батыспен теңестіруге ұмтылыс анық байқалды. Осыған байланысты Орталық Азиядағы мемлекеттер, оның ішінде Қазақстан да Ресейдің батысеуропалық өркениетке жылдамырақ енуін тежейтін кедергілер ретінде қарастырылды15.
1992 жылы 1 сәуірде РФ Жоғарғы Кеңесі территориялық бүтіндікті және егемендікті сақтау әр мемлекеттің өз міндеті екендігін жариялады. Ресей парламентінің бұл қадамы бұрынғы КСРО-ның ортақ қарулы күштерінің тарауына және барлық посткеңестік республикаларда, оның ішінде. Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттерінде де ұлттық армияның құрылуына себеп болды.
1993 жылы Ресейдің бастамасымен Қазақстан рубль аймағынан шығарылып, өзінің валютасы - теңгені енгізді. Бұл Мәскеудің өзінің жақын көршілерімен қарым-қатынастарға деген қызығушылығының төмендегенін көрсетті16.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан және аймақтың басқа мемлекеттері үшін АҚШ-пен және Батыс Еуропа елдерімен қарым-қатынастарды белсенді түрде қалыптастыру бағытымен сипатталады. Сондай-ақ осы жылдары Батыстың ірі компаниялары жергілікті нарықта мықтап орнықты және Ресейдің аймақтағы экономикалық әсерін азайтты.
Алайда, 90-шы жылдардың ортасында Ресей басшылығы Еуропаға жылдам интеграциялану мүмкін емес екендігін түсінді. Осыған байланысты, сыртқы саяси бағыттарды қайта қарастыру қажеттілігі туындады.
1995 жылы 14 ақпанда РФ Президенті «Ресей Федерациясының ТМД-ға мүше мемлекеттерге байланысты бағытын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының екінші кезеңінің басталуын білдірді. Бұл құжатта былай деп айтылған: «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының дамуы Ресей Федерациясының өмірлік мүдделеріне сай келеді және ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынастар - Ресейдің әлемдік және экономикалық құрылымдарға кіруінде маңызды фактор болып табылады»17.
1995-2001 жылдары аралығында әскери-техникалық саладан бастап, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық салаларға дейін барлығын қамтыған екі мемлекеттің өзара қарым-қатынастарын айқындайтын бірқатар келісімдерге қол қойылды.
1998 жылы 6 шілдеде ҚР мен РФ басшылары кең ауқымды құжат - ХХІ ғасырға бағытталған мәңгі Достық пен ынтымақтастық туралы Декларацияға қол қойды.
1999 жылы 15 желтоқсанда РФ Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде Ресейдің сыртқы саясатының басымды бағыты ретінде жақын шетелдер, яғни, бұрынғы кеңестік мемлекеттері тағы да бекітілді. Екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы тиімді құрал ретінде аймақтық мемлекетаралық бірлестіктердің қызмет аясын кеңейті қарастырылды18.
Орталық Азия Ресей басшылығы тарапынан басымды мүдделер аймағы ретінде қарастырыла бастады. Бұл жағдайда, Қазақстан аймақтағы Ресеймен ең үлкен ортақ шекараға ие ірі мемлекет ретінде Мәскеудің назарына бірінші болып ілікті19.
Жалпы айтқанда, ХХ ғасырдың соңына қарай сыртқы саяси аенада Мәскеудің негізгі күші Ресеймен шекаралас жатқан жақын көршілерімен қарым-қатынастарды жандандыруға және оларға бұрынғы әсерін қайта қалпына келтіруге бағытталды. Ресейдің бұл прагматикалық сыртқы саясаты өз нәтижесін бере бастады. Қазақстан өзінің сотүстік көршісімен екіжақты деңгейде және бірқатар мемлекетаралық бірлестіктер (ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі, ШЫҰ) аясында да қарым-қатынастарды белсенді түрде жүргізе бастады20.
2001 жылғы 11-қыркүйектен бастап Астана мен Мәскеу арасындағы өзара қарым-қатынастардың үшінші кезеңі басталды. НАТО-ның Ауғанстандағы операцияларының негізгі салдарларның бірі, бірқатар Орталық Азия мемлекеттерінде Солтүстік Антлантикалық Альянстың тірек пункттері мен әскери лагерлерінің орналастырылуы болды. Орталық Азия аймағында геосаяси күштер тепе-теңдігінің бұлай кенеттен өзгеруі Ресей басшылығын өте қиын жағдайда қалдырды. Себебі, Ресей бір жағынан, әлемдік қауымдастықтың террорға қарсы әрекеттеріне белсене қатысқысы келсе, екінші жағынан Орталық Азиядағы көршілеріне әсерін жоғалтпауға тырысты. Бұл қарама-қайшылық Ресей саяси элитасының Орта Азияда болып жатқан жағдайларға түрліше көзқараста болуына себеп болды. Консервативті пікірді жақтайтындар ТМД Ресейдің өмірлік мүдделері аумағында екендігін және мұнда сырттан келетін күштердің енбеуін қамтамасыз етіп, бұл үшін Мәскеу республикаларды өз уысынан шығарып алмас үшін барлық қысым жасау тетіктерін пайдалану қажет деген пікірді алға тартады. Ал олардың оппоненттері мүлдем қарама-қарсы пікірді, яғни, Орталық Азияда шет мемлекеттер әсерінің орнығуы бұл - осы аймақтағы мемлекеттердің ішкі ісі деп есептейді. Ресейдің сыртқы саясатында Қазақстан бағытын басымды бағыт ретінде белгілейтін бірқатар факторлардың болуы Астана мен Мәскеудің стратегиялық серіктестік бағытында құрылған қарым-қатынастарының айтарлықтай өзгерістерге ұшырамауының бірден-бір кепілі21.
Жалпылама айтқанда, қазіргі кездегі Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары егеменді және тең құқықты мемлекеттер қарым-қатынастары бағытында жүргізілуде. Алайда, бұл қарым-қатынастар мазмұны жағынан түрлі бағыттарда дамуда және бұл тақырыпты зерттегенде, біз екі мемлекеттің де экономикалық, геосаяси және әскери-саяси потенциалын салыстыра отырып қорытындыға келуді жадымыздан шығармауымыз қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz