Балаға экологиялық тәрбие беру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту



1.Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы
2. Уақыт талабы педагогтарға адам бойындағы табиғатқа деген теріс көзқарасты өзгерту
3. Табиғаттың әсем көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін, табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу
4. Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі
Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы артып, өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі айтарлықтай артып, айналадағы ортаға үдемелі, көбінесе бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып, табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп пайдаланып, сондай-ақ шаруашылықты ғылыми тұрғыдан жүргізіп, табиғаттан қанша қажет болса, тек сонша ғана ала білу жөнінде біртұтас кешенді шаралар жасау қажет болып табылады.
Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмаған болар еді. Соңғы жылдардағы мемлекеттік тапсырыстарды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты, яғни жерді, суды, ауаны, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғап, сақтауды естен шығардық. Табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыз бүлініп, құрамында улы заттар көбейді. Заводтар мен фабрикалар улы лас қалдықтарын дұрыс сүзгіден өткізбестен ауаға таратып отырды. Осылардың нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп, балалар өлімі жиіледі. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда адамдар арасында барлық аурудың 80-90% ішетін ас-суымыз бен жұтатын ауамыздың нашарлығынан туындап жататын көрінеді.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" атты өз халқына Жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Ол өзінің жолдауында: "Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-не себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады", - деді.
Озон қабатының бұзылуы, улы, тұзды жаңбырлардың жаууы, климаттың өзгеруі, химиялық ластануы - міне осының бәрі адамдардың қолдан жасаған қасіреті. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі - экологиялық білім мен тәрбиенің өте төмен дәрежеде, адамдардың тек өз басын ойлауы, туған табиғатына, туған жеріне деген , немқұрайлы теріс пікірде болуынан.
1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы
Заңы, // Егемен Қазақстан. -2009ж. - 6 тамыз.
2. Қонақбаев Е., Сарыбеков Н. Туған өлкенді сүйде, оның
табиғатын қорғай біл. -Алматы: Қайнар, 1974. -4,7 б.
3. Қаженбаев С., Махмутов С. Табиғат қорғау. -Алматы: Ана тілі, 1992. -136 б.
4. Шайкенов Б. Табиғаттағы биологиялық тепе-тендік. -Алматы:
Қайнар, 1976. -34 б.
5. Сарыбеков Н.С. Воспитание любови к природе. -Алматы: Рауан. 1994. -192 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
БАЛАҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың шаруашылық іс-
әрекетінің қауырт дамуы артып, өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын
шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі айтарлықтай артып, айналадағы
ортаға үдемелі, көбінесе бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Қазіргі кезде
табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып, табиғат
байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп пайдаланып, сондай-ақ
шаруашылықты ғылыми тұрғыдан жүргізіп, табиғаттан қанша қажет болса, тек
сонша ғана ала білу жөнінде біртұтас кешенді шаралар жасау қажет болып
табылады.
Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз
өмір сүре алмаған болар еді. Соңғы жылдардағы мемлекеттік тапсырыстарды
орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты, яғни жерді,
суды, ауаны, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғап, сақтауды естен
шығардық. Табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану табиғатты ауруға ұшыратты.
Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыз бүлініп, құрамында улы
заттар көбейді. Заводтар мен фабрикалар улы лас қалдықтарын дұрыс сүзгіден
өткізбестен ауаға таратып отырды. Осылардың нәтижесінде өкпе, рак, жүрек,
психикалық аурулар саны көбейіп, балалар өлімі жиіледі. Дүние жүзілік
денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда адамдар арасында барлық
аурудың 80-90% ішетін ас-суымыз бен жұтатын ауамыздың нашарлығынан туындап
жататын көрінеді.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын
қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030"
атты өз халқына Жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды
болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық
проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Ол өзінің жолдауында:
"Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-не себеп болып отыр, ал
кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі
сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс
демографиялық салдарға әкеп соғады", - деді.
Озон қабатының бұзылуы, улы, тұзды жаңбырлардың жаууы, климаттың
өзгеруі, химиялық ластануы - міне осының бәрі адамдардың қолдан жасаған
қасіреті. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің
апат аймағына айналуының бір себебі - экологиялық білім мен тәрбиенің өте
төмен дәрежеде, адамдардың тек өз басын ойлауы, туған табиғатына, туған
жеріне деген , немқұрайлы теріс пікірде болуынан.
Уақыт талабы педагогтарға адам бойындағы табиғатқа деген теріс
көзқарасты өзгерту, қайта құру міндетін қойып отыр. Ұлы ойшылдар Әбу-Нәсір
Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, С.Бақырғани т.б. сонау ерте кезден-ақ
табиғатты жеке адамның ақыл-ойы мен сана-сезімін тәрбиелеудің сарқылмас
қайнар көзі ретінде көре білді. Олар табиғатқа жауапкершілікпен қараудың,
жеке адамның адамгершілік қатынасын қалыптастырудағы маңызына ерекше мән
беріп, сол арқылы қоғамға және оның материалдық байлығына, еңбекке деген
қатынастың көрінетіндігін өздерінің еңбектеріне арқау етті.
Соңғы XX ғасырдың екінші жартысында адам баласының алдынан шыққан,
табиғатты қорғау мәселесі, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің
қажеттілігі туып, экологиялық мәселелер қазір әлемде өзінің қоғамдық мәні
жағынан алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс
қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Сондықтан, жас ұрпаққа экологиялық
білім мен тәрбие беру, сол арқылы елжандылық, отаншылдық, шығармашылық
сезімдерін қалыптастыру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті, кезек
күттірмес жұмыс екендігі 1996 жылғы "Қазақстан Республикасы экологиялық
қауіпсіздігінің тұжырымдамасында" көрсетілген. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су
көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар
мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын
мәлімдейді, ал Конституцияның 38-ші бабы Қазақстан Республикасының
азаматтарын табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға
міндеттейді. Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы"
Заңының 89 бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан
қамтамасыз ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар
педагогикалық жағынан шешілуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық
білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі
баса көрсетілген.
Халқымыздың ақын-жыраулары Асан Қайғы, Қорқыт ата, Бұқар Жырау
Қалқаманұлы және т.б. жыр толғауларында табиғат мәселесі негізгі орын
алады. Олардың болмыс, тіршілік, табиғат жайындағы ой-толғаныстары, мақал-
мәтел, шешендік сөздері, оқырманның бойында табиғатқа деген сүйіспеншілігін
оятып, оны қорғауға, сақтауға тәрбиелейді. Асанқайғының толғауларында туған
елінің табиғаты, жер - байлығы, географиялық ерекшелігі, өсімдігі, халқы,
жан-жануарлары, тұрмысы философиялық тұрғыдан сөз болады. Ол жүрген жерінде
әрбір елге, қонысқа сын айтып, баға беріп отырған.
Табиғаттың әсем көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік
қасиеттерін, табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеуде қазақ халқының
ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері: Ш.Уәлиханов, А,Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев және
т.б. еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Ұлы Абай өз өлеңдерінде табиғат пен
адам өмірін, тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас
дүние ретінде қарастырған. Белгілі педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов
"Балаға ең қымбат, ең жақын нәрсе туған жері, туған жерінің табиғаты, оның
құбылыстарын білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу
мазмұнын беріп, баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең
көзбен қарауға үйретеді", - дейді.
Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде басқа да ғалымдар
мен педагогтар Ә.С.Бейсенова, Ә.Бірмағамбетов, К.Жүнісова, Н.С.Сарыбеков,
Э.АТұрдықұлов, Ж.Ж.Жатқанбаев, К.А.Сарманова, А.Ш.Икрамова, Н.Т.Торманов,
Ж.Б.Шілдебаев тағы басқалардың еңбектерінің зор екендігін айтып өтеміз.
Балалардың мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық, мүсіркеушілік және
басқа гуманистік ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласу
жеткіліксіз болса, олар парасатты тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым
көру мен шектеушілікке душар болады.
Табиғат - сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі, ол эстетикалық
тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі саналады. Ал, бұл экологиялық
тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай
адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жүмыстың болса да "экологиялық
жағы" еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде
үйлестіріп отыратын, еңбекке үйрету мен отаншылдық сезімдерін қалыптастыру
саласында орны толмас олқылықтар пайда болады.
Ғылымда "экология" деген ұғымды алғаш енгізген адам Эрнест Геккель. Ол
"экология" деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат
зерттеушісі Эрнест Геккельдің өмірге енгізген "экология" сөзін дәлме-дәл
аударғанда "Үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым" деген мағынаны
білдіреді. Ендігі бір анықтамада экология "қоғамдық сананың формасы ретінде
фауна мен флораның өзара әрекеті мен қатынасының зандылықтарын зерттейтін
биология ғылымының бір бөлігі", - деп беріледі. Келесі бір экологиялық
сөздікте "экология" (гректің ойкос - үй, мекен, тұрақ және логос-білім,
ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған) - қоршаған ортаны қорғаудың
ғылыми негізі, тірі орғанизмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара
қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым", - деп
сипатталған.
Жоғарыда айтылғандардан шығаратын қорытынды айқын: адамдарды құтқару
жолындағы әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып
үйренуден бастау қажет.
В.А.Сухомлинский "Табиғат адам оны танып білгенде, себеп-салдарын
байланыстыра ой жеткізуде ғана тәрбиенің қуаты қайнар көзі бола алады",-
деп, табиғаттың заңдарын жете меңгергенде ғана, табиғаттың жай-күйін
түсінетіндігіне ерекше мән береді. Ол баланың бойына табиғатқа
сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айырбастауға болмайтын
эстетикалық, адамгершілік тәрбиенің негізі деп санады.
Бар өмір тіршілігі табиғатпен етене араласып өтетін, оның аясында өскен
халқымыздың туған жерге қатынасы туралы халықтық педагогикада, ақын-
жырауларымыздың, ағартушыларымыздың даналық сөздеріне қанып өскен
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың еңбектерінде табиғатқа
көзқарастарының ғылыми, әрі тәрбиелік мәні мол. Ш.Уәлиханов туған халқының
табиғатпен қатынасындағы әдет-ғұрпын, дәстүрін, этикасын зерттей отырып,
қазақтар арасындағы шамандық сенім олардың"... табиғатты шексіз
қадірлеуінен туған", деген қорытынды жасап өз ұрпағының табиғатпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық тәрбие беру туралы мәлімет
Эстетикалық тәрбие туралы жалпы түснік
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру
Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану
Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаға халықтық тәрбие беру маңыздылығы
Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру
5-6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін дидактикалық ойындар негізінде тәрбиелеу
Мектепке дейінгі кезеңдегі эстетикалық тәрбие
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру
Пәндер