Орта ғасырлардағы Батыc Еуропа мәдениеті



1. Батыc Рим империясының мәдени дөстүрлері
2. Мыңжылдық «Орта ғасырлар» дәуірі
3. Бастапқы орта ғасырлар кезеңі
Орта ғасырлар — эллиндік-классикалық мәденіеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы — «романдық бастаудан» нәр алатын Батыc Рим империясының мәдени дөстүрлері болып саналады. Олар құқық, ғылым менөнер, философия, жоғары құқықтық мәдениет, христиан діні және тағы да басқалары. Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің «варварлармен» күресі кезеңінде тереңдей түсіп, Батыc Еуропаның пұтқа табынушы көптеген тайпаларыньщ мәдени өміріңце өз жалғасьш тапты. Мұндай мәдени тоғысулар Батыc Еуропалық ортағасырлар мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді. Мәдениетганушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытгы қамтиды, яғни V ғасырдан бастап XV ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Итальян гуманистері бұл терминді бір жағынан «ежелгі дүние» мен «жаңа заманның» ара жігін анықтау үшін де қолданған. «Орта ғасырлар» терминінің сол бір тарихи кезенде қалыптасқан мағынасы біздің заманымызда да өз мәнін жойған жоқ.
Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Орта ғасырлардағы Батыc Еуропа мәдениеті
Орта ғасырлар -- эллиндік-классикалық мәденіеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы -- романдық бастаудан нәр алатын Батыc Рим империясының мәдени дөстүрлері болып саналады. Олар құқық, ғылым менөнер, философия, жоғары құқықтық мәдениет, христиан діні және тағы да басқалары. Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің варварлармен күресі кезеңінде тереңдей түсіп, Батыc Еуропаның пұтқа табынушы көптеген тайпаларыньщ мәдени өміріңце өз жалғасьш тапты. Мұндай мәдени тоғысулар Батыc Еуропалық ортағасырлар мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді. Мәдениетганушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытгы қамтиды, яғни V ғасырдан бастап XV ғасырға дейін созылады. Орта ғасырлар деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Итальян гуманистері бұл терминді бір жағынан ежелгі дүние мен жаңа заманның ара жігін анықтау үшін де қолданған. Орта ғасырлар терминінің сол бір тарихи кезенде қалыптасқан мағынасы біздің заманымызда да өз мәнін жойған жоқ.
Мыңжылдық Орта ғасырлар дәуірі негізінен үш кезеңнен тұрады. Бірінші, Бастапқы Орта ғасырлар кезеңі -- дәуір бастауынан басталып -- X -- XI ғасырға дейін созылады; екінші, Жоғарғы (классикалық) кезең -- XI ғасыр мен XIV ғасыр; ал үшінші, Кейінгі орта ғасырлар кезеңі -- XIV ғасыр және XV ғасыр аралықтарын қамтиды.

Ортағасырлық испан жұмысшысы
Бастапқы орта ғасырлар кезеңі -- Еуропада буырқанған, әрі мәнді процестерге толы сындарлы кезең болды. Бұл тарихи өзгерістер, ең бірінші кезекте біздің заманымыздың екінші ғасырынан бастап-ақ Рим империясын шапқыншылық әрекеттерімен мазалай бастаған варварлардың (варда -- сақал деген сөзінен шыққан) жойқын шапқьшшылықтарымен тығыз байланысты болды. Бұл қақтығыстар Рим империясының 476 жылы құлауымен аяқталды. Варварлардың жеңісі римдік региондарды жай ғана жеңу емес еді. Ендігі жерде тарихтың жаңа беті баста л ып, коне қоғамдағы абыржушылық пен бей-берекетсіздік одан әрі күшейе түсті. Жаңа батыс еуропалықтар Рим империясының мемлекеттік дініне айналған христиан дінін қабылдады. Сөйтіп, Рим империясының барлық жерінде қалыптасқан пұтқа табынушылықты жаңа дін біртіндеп ығыстыра бастады және бұл процесс Рим империясы құлағаннан кейін де толастамады. Бұл жағдай -- Батыс Еуропадағы Бастапқы орта ғасырлар кезеңінің бетбейнесін айқындаған маңызды тарихи процесс болды.
Осы бір тарихи кезеңдегі ерекше жағдай -- бұрынғы Рим империясының территориясында варварлардың жаңа мемлекеттік құрылымдарының қалыптасуы болып табылады. Шындығына келетін болсақ, сансыз гот, франк және тағы да басқа тайпаларды тағылар деп айтуға да болмайтын сияқты, өйткені дәл осы кезеңде олардың көпшілігінде мемлекеттік құрылыс белгілері айқындалған болатын. Олар сонымен қатар әскери демократия принциптерін жетік меңгерді, егіншілікпен, қол өнермен, металлургиямен шұғылданды. Тайпа көсемдері өздерін корольдер, герцогтер және тағы да басқалары деп жариялады. Мысалы, франктердің королі Ұлы Карл 800 жылы бүкіл батыс еуропалық елдердің императоры деп жарияланды. Қазіргі Францияны, Германияны, Бельгияны, Голландияны, Солтүстік Италияны, Солтүстік Испанияны өзіне қосып орта ғасырлық бірінші зор империя құрған Ұлы Карлдың тарихи күресінде адам қаны көп төгілді. Ұлы Карл билік құрған кезенді кейде королингтік қайта дәуірлеу кезеңі деп те атайды. Мұндай атақтың берілуінің себебі, Карл империясының ежелгі Рим мәдениетін жандандыруға бағытталған шараларынан болса керек. Ерекше атап өтетін бір жәйт, Ұлы Карл ағарту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркілердің дипломатиясы
Көшпелілер мен батыс өркениеті
Орыс мәдениеті
Ежелгі славяндардың мәдениеті
Aвтокөлік жолдaрының қоршaғaн ортaғa әcерін aзaйту шaрaлaрын негіздеу
Ортағасырлардағы Батыс Еуропа өркениеті
Діни туризмнің даму тарихы
ҚХР-дaғы иcлaм дiнi: тaрaлуы, ерекшелiктерi және қaзiргi жaғдaйы
Қоршаған ортаның ластануы туралы мәліметтер
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Пәндер