Мемлекет шығыстар


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар
Кіріспе 2

I. Мемлекет шығыстарының жалпы сипаты.

  1. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жүйесі 4
  2. Мемлекеттің жалпы сипаттағы шығыстарын жоспарлау жэнеқаржыландыру 10

II. Жалпы мемлекеттік қажеттіліктер мен әлеуметтік-
мәдени шараларға жұмсалатын бюджет шығыстары
.

  1. Қорғаныс шығындары 14
  1. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын мемлекеттікшығындар 17

2. 3 Экономиканы қаржыландыруға бюджет шығындары 22

III. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар өкілеттігін
бөлу саясаты 24

Қорытынды 27

Пайдаланған әдебиеттер 29

Кіріспе

Мемлекттің шығыстары-бұл мемлекттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен жэне тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды шаралары, оның орталықтандырылған жэне орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, элеуметтік, басқару, қорғаныс жэне т. б. функцияларымен тікелей байланысты.

Қайтарылматын негізде бөлінетін бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.

Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
  2. тұрақты сипаты жоқ іс сапарларды ұйымдастыру мен өткізугебайланысты шығындар;
  3. мемлекеттің тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттік саясаттыіске асыру мақсатында өндірілетін тауарларға ақы төлеуі;
  4. жеке түлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі ұшінақшалай төлемдерден басқа, ҚР заң актілеріне сәйкес жеке тұлғаларғаақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
  5. заңды тұлғаларға субсидиялар - мемлекеттік мекемелер жэне қоғамдықбірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз жэнеқайтарылмайтын негізде қаржыландыру;
  1. ресми трансферттер - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақҚР Ұлттық қорына трансферттер төлмге;
  2. мемлекеттің міндеттемелерін орындауға арналған шығындардың өзгеде түрлері.

Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немсе қызмет саласын әлеуметтік-экономикалық дамытуміндеттерін іске асырудвщ басқа неғұрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана ҚР заң актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңды тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.

I. Мемлекет шығыстарының жалпы сипаты. 1. 1. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жүйесі.

Мемлекет шығыстарының қүрылымы жэне олардың үлттық табыстагы

үлесі көптеген себептерге байланысты. Бул қоғамдық дамудың кезеңімен қатар, мемлекеттік құрылым да, мемлекеттің сыртқы жэне ішкі саясаты да болып табылады. Мемлекеттік шығыстардың құрылымы мен көлеміне мемлекет сачсаты, экономиканың жалпы деңгейі, халықтың түрмыс жағдайының деңгейі жэне экономикадағы мемлекеттік сектордың көлемі жэне т. б эсер етеді.

Бюджеттің шығындары - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Мемлекет функциясының ұлғаюына байланысты шығыстардың құрылымы да өзгереді. Басқару шығыстары артады. Ғылыми техникалық прогрестің өсуіне байланысты мемлекеттің білім жэне ғылымға жүмсалатын шығындары, сонымен қатар элеуметтік қажеттіліктер мен қорғанысқа жұмсалатын шығындары да өседі.

Мемлекеттік қажеттіліктерге біз өз табысымыздан салық төлейміз. Кез келген салық - бул ел қорғанысына, азаматтардың қаіпсіздігі мен әлеуметтік сақтандыруларға жэне т. б қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік шығыстар: а) мемлекеттің бар болу фактісімен байланысты, яғни императивтік

сипатқа ие; Ъ) нақты уақытта, нақты мемлекеттегі қалыптасқан экономикалық және

элеуметтік қатынастарды қалыптастырады;

с) өзінің экономикалық табиғатына байланысты мемлекеттік

шығыстардың негізгі қалыптасу көзі жалақы мен табыстардан

алынатын салық болғандықтан, ол қоғамдық класстар арасындағы

қатынас болып табылады.

сі) негізгі массада жалпы мемлекеттік шығыстар өнімді емес, себебі олар

өндірістік процестен шыққан үлттық табыстың үлесі болып табылады. Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;

  1. түрақты сипаты жоқ іс шараларды үйымдастыру мен өткізугебайланысты шығындар;
  2. мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар - мемлекеттік саясаттыіске асыру мақсатында өндірілетін тауарларға ақы төлуі;
  3. жеке түлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі үшінақшалай төлемдерден басқа, ҚР заңнамалық актілеріне сэйкес жекетүлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
  4. заңды түлғаларға субсидиялар - мемлекеттік мекемелер жэне қоғамдықбірлестіктер болып табылмайтын заңды түлғаларды өтеусіз жэнеқайтарусыз негізде қаржыландыру;

6. ресми трансферттер - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне сондай-ақ
¥лттық қорға трансферттер төлеуге жэне мемлекеттік міндеттемелерді
орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

Заңды түлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын элеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым тиімді жолдары болмаған кезде ҚР заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңды түлғаларға субсидия берудің басым бағыты орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.

Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар трансферттер болып табылады.

Мемлекеттік шығыстар 4 негізгі топқа бөлінеді:

  1. Әлеуметтік-мэдени қажеттіліктерге жүмсалатын шығындар;
  2. Экономиканы қолдауға жүмсалатын шығындар;
  3. Әскери шығынтар;

4. Басқаруға кететін шығындар.

Шығындардың құрылымы сыртқы жэне ішкі факторлардың әсер етуімен өзгереді. Бүл факторлар экономикалық, эскери, элеуметтік, саяси және т. б болуы мүмкін. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.

Мақсатты бағытталуына байланысты мемлекет шығындары мыналарға бөлінеді:

  • қатаң қайтару мен өндіруді кеңейтуге кететін шығындар;
  • мемлекеттің ағымдағы шығындары - басқаруға, әскери шараларға, зейнетақы жэне жэрдемақы жэне т. б төленетін шығындар;
  • сақтандыру жэне резервтік қорларды қалыптастыруға жұмсалатыншығындар.

Эконмикалық мазмунына байланысты:

  • жалақы;
  • стипендия;
  • зейнетақы жэне жэрдемақы;
  • медикаменттер;
  • түлъшу;
  • кеңселік шығындар;
  • жиьаз сатып алуға жүмсалатын шығындар;
  • ағымдағы жэне капиталды жөндеуге жұмсалатын шығындар т. б. Территориалдық белгісіне байланысты:
  • жалпы мемлекеттік;
  • республикалық;
  • жергілікті шығындар. Қалыптасу кәздеріне байланысты:
  • бюджеттік қаржыландыру;
  • резервтік жэн сақтандыру қорларының есебінен;
  • қаржыландырудың несиелік көзіне байланысты.

Шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты мемлекет шығындарын қаржыландырудың екі эдісі бар:

1. Кэсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстары, банк несиелері және кейде бюджеттік қаржы бөлу есебінен жургізіледі;

2. Сметалық - бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен смта негізінде анықталатын элеуметтік-мэдени шаралар, мемлекетік билік органдарын жэне қорғанысты қамтамасыз етудің қаржыландырады. Сметалық тэртіппен қаржыландырылатын мекеме мен ұйым -бюджеттік деп аталады.

Бюджеттік қаржыландырудың клесі формалары қолданылады:

- дотациялар;

-субвенциялар;

- субсидиялар.

Дотация кезінде ақшалай қаражаттар қайтарымсыз негізде бюджеттен жэне бюджеттен тыс қорлардан кэсіпорындар менұйымдардың жэне жекелеген өндірушілердің залалдары, олардың кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтықты жабу үшін бөлінеді.

Субвенция - халықты әлеуметтік қолдау мен басқа да мақсаттардың бағдарламалары мен шараларына мақсатты мемлекеттік қаржылық көмек формасы, мақсатты емес пайдаланылған жағдайда қаражат қайтарымды болады.

Субсидия - іскерлік негізде белгілі бір шараларды қаржыландырудың қайтарымсыздық тәртібімен бюджет, бюджеттен тыс жэне арнаулы қорлар қаражаты есебінен берілетін ақшалай немесе натуралды формадағы жэрдем қаражат.

Трансферттер - бюджет жэне бюджеттен тыс қорлардан белгілі қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезіндегі өтеусіз жэне қайтарымсыз негізде қаражаттардың берілуі. Әдетте, бү_л: элеуметтік сақтандыру мен қамтамасыз ету, жұмыссыздыққа байланысты жэрдемақы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т. с. с жүйелерді қамтамасыз етуге төленетін төлемдер.

Мемлекет шығындары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын бөлу мен пайдалану кезінде пайда болатын

мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субьектілермен, министрліктермен, ведомостволармен жэне халықпен қатынасын көрсетеді.

Бюджет шығыстарын қалыптастыру кезінде бюджет арасында бөлу маңызды. Республикалық жэне жергілікті бюджет арасында шығыстар республикалық заң жағдайына сәйкес бөлінеді. Республикалық бюджет республикалық маңызы бар экономикалық-элеуметтік жэне мәдени дамуды қажетті қаражаттармен қаржыландыруды қамтамасыз етеді, ал жергілікті бюджеттер - территорияға сәйкес аналогтық шараларды қаржыландырады.

Республикалық бюджет қаражаттары мемлекеттік билік органдары мен мемлекеттік басқаруды, оның ішінде Президентті, оның аппартын, ҚР Парламентін, Конституциялық кеңесті, Есептік комитетті, Орталық сайлау комиссиясын, ҚР Үкіметін, Мнистрліктерді, Комитетттерді, Агенттіктерді жэне басқа да мемлекеттік басқарудың ортақ функцияларын орындайтын органдарды қамтамасыз етуге жұмсалады:

  • соттық-құқықтық жүйе;
  • сыртқы саяси іскерлік;
  • қаржылық іскерлік;
  • қорғаныс жэне қауіпсіздік;
  • құқық қорғау ісі;
  • әділет сферасындағы іскерлік;
  • төтенше жағдайлар жэне басқа жұмыстарды ұйымдастыру. Жергілікті бюджет қаражаттары төмендегілерді қаржыландыруға

жұмсалады:

- мектепке дейінгі, жалпы бастауыш, жалпы негізгі білімге, жалпы
орта, орта мамандық жэне қосымша білім беруді;

  • арнайы білім беру бағдарламаларына;
  • жергілікті деңгейде төтенше жағдай жұмыстарын;
  • кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін;
  • денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды;

- заңда қарастырылған жергілікті бюджеттен жэрдемақы алатын
азаматтар категорияларына арнайы мемлекеттік жэрдемақы беру;

  • элеуметтік қамтамасыз ету жэне адресті элеуметтік көмек шараларын;
  • мэдениет, спорт жэне ақпарат саласындағы істі;

- тұрғындардың жағдайларын жақсарту, ішуге жарамды сумен
қамтамасыз етуге, ағын суларды тазартуға және т. б эксплуатациялар мен
құрылыстар жүргізу.

Соңғы жылдары бюджет шығыстарының ішінде білім бер, денсаулық сақтау, қоамдық тәртіп жэне қауісіздікті қоғамдық қамтамасыз теуге жұмсалатын шығындар үлесі көп.

1. 2. Мемлекеттің жалпы сипаттағы шығыстарын жоспарлау және қаржыландыру.

Нарық жағдайында элеуметтік жэне экономикалық саясатты жүзеге

асырудағы шаруашылық құрылыста мемлекеттің басқару аппаратының маңызы зор.

Мемлекеттік басқару көмегімен мемлекет елдің саяси, шаруашылықтық жэе мэдени өмірін басқаруды жүзеге асырады. Алдағы экономикадағы мэселені шешу терең қайта қүру мен арзан басқару жүйесін талап етеді.

Мемлекеттік басқару органдары - заңдық, атқарушы және өкілетті органдардың барлық деңгейінің, сонымен қатар персоналға қызмет көрсету аппаратының жиынтығын білдіреді.

Заң шығарушы биліктің жоғары мемлекеттік органы - ҚР Парламенті, мемлекет басшысы, оның атқарушы билігі - Президент болып табылады. Атқарушы биліті - Үкімет те жүзеге асырады.

Облыс, қала, аудан, округ территориясында атқарушы жэне өкілетті орган жергілікті администрация - экімшілік болып табылады. Оны экімдер басқарады, атқарушы оргадары - сэйкесінше маслихаттар. Бүл органдар қоғамдық өмірдің шаруашылық жэне басқа сфераларын басқарады.

Мемлекеттік шығындардың ең қайшы статьясы - басқаруға жүмсалатын шығындар. Олар бір жағынан үнемі өсумен, екінші жағынан нэтижелікті бағалау критерийлерінің жоқтығымен ерекшеленеді. Оның өсуі мен төмендеу қажеттілігін тэжірибеде де, теория жүзінде деешкім осы уақытқа дейін дэлелдей алмаған. Бү_л жөнінде Н. Назарбаев: чиновниктер аз болса да, сапалы болсын деп атап көрсеткен жэне оларға көбірек ақы төлеу қажет.

Басқаруға жұмсалатын шығындарға - заң шығарушы органдарды, ел үкіметін, құқық қорғау органдарын, сот органдары мен прокуратураны қамтамасыз ету кіреді.

Түрлі бюджеттен тыс қорлардың есебінен басқаруға жүмсалатын шығындары бюджет арналымдарынан көп.

Мемлекеттік басқару органдарын қамтамасыз ету шығындары әр жылғы барлық бюджет деңгейінің республикалықтан бастап, жергілікті бюджетке дейін шығындарында бекітіледі. Бюджет қаражаттары бекітілген сметаға сэйкес жүмсалады. Ол мекемелердің, мақсатты бағыттағы қаражаттар мен оның мезгілдік бөлу шығындарының көлемін анықтайтын маңызды құжат болып табылады.

Экономикалық сыныпталуғы сэйкес басқару аппаратын қамтамасыз етуге кететін шығындар қүрамына мыналар кіреді:

  • Ағымдағы шығындар;
  • Капиталды шығындар;
  • Несие беру, іскерлік қаысу жэне қаржыландыру.

Басқару аппартын қамтамасыз ету шығындарын анықтайтын негізгі қүжаттар - штаттық кесте жэне шығындар сметасы.

Басқару органдары, ШЖС-р, ұйымдар жэне мекемелер штаттық кестені құрастырғанда құрылымдарды типтік штаттарды, есепке алу нормативтерін, басқару аппараты қызметкерлерінің деңгейлік окладтарын, есеп айырысу ставкалары мен басқа да шығындар түрлерінің нормаларын басшылыққа алады.

Экономиканы дамытуға жүмсалатын шығыстар - бүл өндіріс көлемінің түрақты өсуі мен оның тиімділігін арттыруға жағдай жасауға бағытталатын ақша қаражаттары. Олар: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы қолар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.

Экономикаға жүмсалатын шығыстарда басты орынды үлттық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі капиталдарын үдайы жаңғыртуға бағытталатын күрделі жүмсалымдар - материал, еңбек жэне ақша ресурстарының жиынтығын алады. Күрделі жүмсалымдардың

қүрамына:

  1. қүрылыс-монтаж жүмыстарының шығындары;
  2. жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
  1. өзге күрделі жүыстар мен шығындар(жобалау, іздестіру, геологиялықбарлау жэне бұрғылау жұмыстары) ;
  2. жаңа салынып жатқан кэсіпрындар үшін кадрларды даярлауғажұмсалатын шығындар кіреді.

Күрделі жүмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:

  • ШЖС-ң меншікті қаражаттары;
  • Банктердің үзақ мерзімді несиелері;
  • Халықтың жинақ ақшасы;
  • Бюджеттен қаржы бөлу.

Жөндеуге жұмсалатын шығындар - табиғи тозған жэне сапасы ескірген негізгі капиталдарды жөндеудің арнаулы қоры есебінен жүргізіледі. Бүл қор шығындарды кэсіпорындар мен ұйымдар өнімінің өзіндік құнына нормативтер бойынша қоса отырып жасалынады.

Айналым қаражаттарының өсімі кэсіпорындардың меншікті немесе оған теңестірілген қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Олар жетпеген кезде, негізінде жаңа кәсіпорындар үшін бюджет қаражаттары бөлінеді немесе кейін өтелетін несие беріледі. Бқдан басқа, меншікті айналым қаражаттарының жетімсіздігін жабуға мақсатты қаржыландырудың қаражаттары бағытталады.

Резервтер жасауға жүмсалатын шығындар - қаражаттардың үздіксіз ауыспалы айналымын жэне ұлғаймалы үдайы өндірістің бүкіл процесін, шаруашылықтың үйлесімдерін сақтаудың, дүле апаттардан болған ысыраптарды өтеуді қамтамасыз етудің қажетті шаты болып табылады. Қаржы резервтері ақша ресурстарын оңтайландыруға, кэсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде пайда болатын уақытша қаржы қындығын жоюға мүмкіндік береді. Резервтік капитал шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде жасалады.

Мемлекеттік резервтер - мемлекет жасайтын шикізаттың, материалдардың, отынның, машиналар мен жабдықың бірқатар түрлерін, астықтың, азық-түлік тауарларының, қорғаныс мүқтаждары үшін арналған

қнімнің маңызды түрлерінің босалқы қорлары. Мемлекеттік резервтер үнемі қалпына келтіріліп, толықтырылып отыратын мемлекеттің айрықша орталықтандырылған қорын құрайды. Мемлекеттік резервтер мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жасалынады.

II. Жалпы мемлекеттік қажеттіліктер мен әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын бюджет шығыстары. 2. 1. Қорғаныс шығындары.

Әрбір мемлекет өзінің қорғаныс қабілетін сақтап отыруы тиіс, ол аса

маңызды мемлекеттік функциялардың бірі болып табылады. Өзінің жерінғ елін сыртқы күштерден қорғай алатын мелекетті ғана тэелсіз деп тануға болады. Осының өзі Қазақстанның төл армиясының қүрылуына үйытқы болды, соған сэйкес эскери доктрина қабылданып, өзінің қалыптасу кезеңінен өтті. Соңғы кезде эскери саясатта түбегейлі өзгерістер болды. Кэсіби әскер қүруға алғашқа қадамдар жасалып жатыр, шетелдермен эскери салада ынтымақтастық кеңінен дамып келеді. Халықаралық қауіпсіздіктің тегіс қамти алатың жүйесін жасағанға дейін ел эскери құрылысты жүргізе береді және қарулы күштерді жетілдіре береді. Олардың қүрамында қүрлықтағы эскерлер, әскери эуе күштері, эуе шабуылына қарсы қорғаныс эскерлері, эскери теңіз бөлімшелері қамтамасыз теу жэне қызмет көрсету қүрамалары мен бөлімшелері бар.

Басшылық пен басқаруды ҚР Қорғаныс министрлігінде орталықтандыру қорғанысқа бағытталатын қаржы ресурстарын тиісінше орталықтандыруды талап етеді. Сондықтан қорғанысқа жүмсалатын шығындар көбінесе республикалық бюджеттен (80%) қаржыландырылады.

Қорғанысты қаржымен қамтамасыз ету мыналардан түрады: а) Қарулы күштерді қаржыландыру;

Ь) Қару жарақтарды, соғыс техникасын, өндірістік- техникалық арналымның өнімдерін эзірлеуге, өндіруге жэне сатып алуға жүмсалатын шығындар;

с) Ғылыми зерттеу мен қорғанысы сипатындағы зерттемелер; сі) эскери объектілердің күрделі қүрылысы;

е) әскери қызметкерлердің жеке басын міндеті мемлекеттік сақтандыру; г) бірнеше мемлекетің эскери-саяси одақтарын қалыптастырған кезде бірлескен қарулы күштерді жэне эскериобъектілерді үстауға үлестік қатысу.

Қазақстанда «қорғаныс» функциялық тобы бойынша шығыстарға жэне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жоюдыұйымдастыру жөніндегі, азаматтық қорғаныс, өртке қарсы сақтық және өрт сөндіру шаралары жөніндегі шығыстар кіреді. Айтарлықтай дэрежеде бұл шығыстар эскери комиссиариаттарды ұстауға жұмсалатын шығыстар бюджеттен қаржыланады.

Экономикалық сыныптамаға сэйкес басқару аппаратын ұстауға жүмсалатын шығыстардың қүрамына мыналар кіреді: ағымдағы шығыстар (тауарлар мен қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығыстар, соның ішінде жалақы, өтемдік жэне басқа да ақшалай төлемақылар; сфыйақылар төлеу) ; күрделі шығыстар; кредит беру, үлестік қатысу жэне қаржыландыру.

Қорғаныс министрлігі қаржыландыру жоспары мына шығыстардан тұрады:

• армия жэне флотты қамтамасыз ету;

• қару жарақтар мен эскери техниканы сатып лауға жұмсалатын
шығындар,

  • Капиталды құрылысқа жұмсалатын шығынтар;
  • Ғылыми зерттеу жэне тәжірибе-конструкторлық жұмыстарғажұмсалатын шығынтар;
  • эскери қызметкерлерге зейнет ақы мен жалақы төлеу;

• мемлекеттік жэне жеке сақтандыру шығындары.
Бүдан басқа, қорғаныс шығындарына мыналар да кіреді:

  • азаматтық қорғаныстың республикалық жэне жергілікті штабтарынқамтамасыз ету;
  • «Байқоңыр» космодромын қаржыландыру;
  • ТМД -ң стратегиялық эскерлерін қамтамасыз ту;
  • Республикалық гвардияны қамтамасыз ету.

Басқару апппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды анықтайтын басты құжаттар штат кестесі мен шығыстардың сметасы болып табылады.

Басқару органдары, кэсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер штат кестесін қалыптастырған кезде типтік қүрылымдарды, типтік штаттарды, сандық нормативтерін, басқару аппараты қызметкерлерінің лауазымдық қызметақыларының схемаларын, олардың жалақысының. мөлшерлемелерін жэне шығыстардың басқа түрлерінің нормаларын басшылыққа алады.

Жеке эскер түрлерін қаржыландырудың жекелеген жоспарларын қалыптастыру кезінде материалдық жэне ақшалай нормалары қолданылады. Оларды Үкімет немесе қорғаныс Министрлігі бекітеді.

ҚР Парламенті қабылдаған «республикалық бюджет туралы» заңда қорғанысқа қаржы бөлу жеке жолмен ерекшеленген.

Қоғамдық тэртіп пен қауәпсіздікті қамтамасыз теетуге жұмсалатын мемлекеттік шығындарға - Қр ПМ, ҚР ұлттық қаіпсіздігі комитетін, елдің ішкі эскерін, ҚР қаржы полииясы Агенттігін, ҚР Әділет. Министрлігін, ҚР жоғарғы сотын, сонымен қатар елдің жоғарғы прокуратурасы мен оның территориалдық органдарын қамтамасыз ету кіреді.

Оларды қамтамасыз теу шығындары республикалық бюджет шегінде, белгіленген шығындарда қарастырылады.

2. 2. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын мемлекеттік шығындар.

Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты элеуметтік мэдени

шараларға - оқу ағартуға, аұпараттық қызметтер көрсетуге, мэдениетке, өнергеғ денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік элеуметтік сақтандыру мен элеуметтік қамсыдандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.

Жалпы әлеуметтік -мэдени қажеттіліктерін қаржыландыратын мемлекеттік шығыстар төмендегілерге жұмсалады:

  1. білім беруге;
  2. денсаулық сақтауға;
  3. ғылымға;
  4. кітапхана, археологиялық ескерткіштерді қамсыздандыру, ұлттықпарктер жэне қорықтар, ақпараттық кеңістікке;
  5. элеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қажеттіліктерге;
  6. иммиграциялық қызметке;
  7. элеуметтік-мэдени бағыттағы халықаралық акцияларға қатысуға;
  8. спорт пен туримді қолдаға.

Білім беруге жүмсалатын тыгындар.

Білім беруге жұмсалатын шығындар мемлекетке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін мектептерге, мектептен тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, дау мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы білім беру ұйымдарына, орта кәсіптік білім беру оқу орындарына, жоғары кэсіптік білім беру орындарына, кадрладың біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқу орындарына бөлінеді.

Аталған барлық шығыстар мемлекет кепілдендіретін деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады.

Білімге жұмсалатын шығындардың экономикалық құрамында есеп айырысу, құрылғыларға мен жиьаз сатып алу шығындары, оқу корпустары мен мектеп ғимараттарының құрылысы мен оларды қамтамасыз ету шығындары жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны туралы
ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ ЕСЕПТЕ КӨРІНІС ТАБУЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ ШТИЖЕНІ АНЫҚТАУ
Мемлекет шығындарын шектеудің аса маңызды критерийлері
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны
Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Республикалық және жергілікті шығыстарды талдау арқылы ондағы туындаған мәселелерді анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру
Мемлекеттік шығыстардың түрлері және қызметі
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны және сыныптамасы
Экономиканы қаржыландыруға бюджет шығындары
Мемлекет шығыстары және оның экономикадағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz