Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері мамандықтарына арналған пәнінің оқу- әдістемелік кешені
1 Глоссарий
2 Дәрістер.
3 Тәжірбиелік сабақтар ... .
4 Курстық жұмыстар мен дипломдық жоба ...
5 Студенттердің өздік жұмысы
2 Дәрістер.
3 Тәжірбиелік сабақтар ... .
4 Курстық жұмыстар мен дипломдық жоба ...
5 Студенттердің өздік жұмысы
жұмыс.
1. Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.
Ғылым – адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі. Осы үш саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және олардың даму заңдылықтары бар.
Қазіргі заманғы ғылым – жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, аса маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың түрлерінің бірі әрі ерекше қызмет бола отырып, ғылым, К.Маркс айтқандай, қоғамның идеалдық және практикалық байлығын білдіреді.
Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің рөлі артып отыр. Социологиялық зерттеулер ғылыми – зерттеу жұмыстардың төмен нәтижелілігі ғылыми кадрларды орналастыру мен пайдаланудың дұрыс еместігінен, жеке салалар мен қызметкерлердің, ең алдымен жастардың жұмысына ғылыми жетекшіліктің нашарлығынан екендігін дәлелдейді. Маманданған ғылыми жетекшіліктің маңызы әсіресе қысқа мерзімді зерттеулер бағдарламаларында арта түседі.
Ғылыми еңбектің тиімділігін арттырудың және ғылыми қызметті интенсивтендірудің басты жағдайларының бірі зерттеулерді ақпараттық қамтуды жақсарту, ғылыми коммуникация жүйелерін, ғылыми ұжымдар арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту болып табылады.
Ғылымтану мәселесі төңірегінде қазіргі заманғы ғылымның логикалық – гносеологиялық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және басқа көптеген зерттеулер топтасуда. Ғылыми білім мен ғылыми қызмет дамуының нақтылы процестері мен бағыттары туралы маңызды эмперикалық (тәжірибелік) мәліметтер қорланды және қорлануда. Қазіргі ғылымтануда социологиялық проблематика неғұрлым үлкен орын алып келеді.
Ғылымтану алдымен ғылымды зерттеудің алуан түрлі бағыттарының, типтерінің жалпы атауы, олардың ішінен негізгі алтауын бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, ғылымды логикалық – гносеологиялық зерттеу, оның пәні ғылыми білімнің өзі, оның құрылымы, оның дамуының логикасы мен диалектикасы болып алады. Екіншіден, тұтасынан алғанда ғылым дамуының нақтылы тарихи процесіне және оның жеке көріністеріне көңіл бөлетін тарихи – ғылыми зерттеулер. Төртіншіден, ғылым дамуының экономикалық проблемаларын зерттеулер. Бесіншіден, ғылым творчествосының психологиясын зерттеулер. Алтыншыдан, ғылымды сан тұрғысынан түсіндіру методы ретінде ғылым өлшеу зерттеулері.
1. Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.
Ғылым – адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі. Осы үш саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және олардың даму заңдылықтары бар.
Қазіргі заманғы ғылым – жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, аса маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың түрлерінің бірі әрі ерекше қызмет бола отырып, ғылым, К.Маркс айтқандай, қоғамның идеалдық және практикалық байлығын білдіреді.
Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің рөлі артып отыр. Социологиялық зерттеулер ғылыми – зерттеу жұмыстардың төмен нәтижелілігі ғылыми кадрларды орналастыру мен пайдаланудың дұрыс еместігінен, жеке салалар мен қызметкерлердің, ең алдымен жастардың жұмысына ғылыми жетекшіліктің нашарлығынан екендігін дәлелдейді. Маманданған ғылыми жетекшіліктің маңызы әсіресе қысқа мерзімді зерттеулер бағдарламаларында арта түседі.
Ғылыми еңбектің тиімділігін арттырудың және ғылыми қызметті интенсивтендірудің басты жағдайларының бірі зерттеулерді ақпараттық қамтуды жақсарту, ғылыми коммуникация жүйелерін, ғылыми ұжымдар арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту болып табылады.
Ғылымтану мәселесі төңірегінде қазіргі заманғы ғылымның логикалық – гносеологиялық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және басқа көптеген зерттеулер топтасуда. Ғылыми білім мен ғылыми қызмет дамуының нақтылы процестері мен бағыттары туралы маңызды эмперикалық (тәжірибелік) мәліметтер қорланды және қорлануда. Қазіргі ғылымтануда социологиялық проблематика неғұрлым үлкен орын алып келеді.
Ғылымтану алдымен ғылымды зерттеудің алуан түрлі бағыттарының, типтерінің жалпы атауы, олардың ішінен негізгі алтауын бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, ғылымды логикалық – гносеологиялық зерттеу, оның пәні ғылыми білімнің өзі, оның құрылымы, оның дамуының логикасы мен диалектикасы болып алады. Екіншіден, тұтасынан алғанда ғылым дамуының нақтылы тарихи процесіне және оның жеке көріністеріне көңіл бөлетін тарихи – ғылыми зерттеулер. Төртіншіден, ғылым дамуының экономикалық проблемаларын зерттеулер. Бесіншіден, ғылым творчествосының психологиясын зерттеулер. Алтыншыдан, ғылымды сан тұрғысынан түсіндіру методы ретінде ғылым өлшеу зерттеулері.
1. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3 1999ж
2. Методологические и теоритические проблемы изучения,обобщения и использования передового педагогического опыта. – М.,1978.
3. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.
4. Введение в научные исследования (Под ред.В.И.Журавлева). – М.,1988
2. Методологические и теоритические проблемы изучения,обобщения и использования передового педагогического опыта. – М.,1978.
3. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.
4. Введение в научные исследования (Под ред.В.И.Журавлева). – М.,1988
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3-деңгейдегі СМЖ құжаты УМКД
Ғылыми педагогикалық № басылым _
зерттеу әдістері УМКД
пәнінің
оқу-әдістемелік кешені
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері мамандықтарына арналған
пәнінің
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ-2013
Мазмұны
1
Глоссарий ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2
Дәрістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Тәжірбиелік
сабақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
4 Курстық жұмыстар мен дипломдық
жоба ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5 Студенттердің өздік
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
1 ГЛОССАРИЙ
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі пәні бойынша глоссарий
Өзара байланыс анализі-бақылаудың бір түрі, оның көмегімен адамдық
тәрбиенің, коммуникациясының, ақпарат алмасуының сыртқы көрінісін,
коллективке және жеке тұлғаға қарым-қатынасын, келісуі мен келіспеуінің
көрінісін зерттейді.
Анкеталау-анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі.
Анкета-толтырған адам туралы мәлімет беретін сұрақ қағазы.
Зерттеу нәтижелерін енгізу және апробациялау-кез келген ғылыми зерттеудің
соңғы кезеңі; зерттеу қызметінің соңғы нәтижесі.
Әңгіме-қажетті ақпаратты алу мақсатымен қолданылатын зерттеу әдісі.
Таңдамалы орташа арифметикалық-бар таңдаудың жұп мәндері бойынша
анықталатын кейбір өлшемдердің орташа мәні.
Психодиагностика процесіндегі әдістерді таңдау
Мақсаттардан, міндеттерден, болжамдардан зерттеу проблеманың жағдайын
зерттеуге мүмкіндік беретін арнайы әдістердің комплексіне келеді.
Жетекші идея-зерттеудің нақты позициясы немесе концептуалды негізі.
Болжам-бірнеше факторлар негізінде объекті, құбылыстың байланысы немесе
себептері туралы қорытынды жасалатын ұсыныс, бұл қорытындыны дәлелді деп
айтуға болмайды.
Құжаттық сұхбат- фактілер мен құбылыстарды нақтылайтын сұхбат.
Дисперсионды анализ-қарастыратын объекті кездейсоқ шамалардың дисперсиясы
болып келетін математикалық-статистиаклық анализ әдістерінің жинағы.
Дискретті бақылау-бақылау объектісі уақыт ішінде ұзақ дамитын кезде
қолданылатын бөлінетін бақылау.
Дидактикалық бақылау-бақылау объектісі ретінде оқу процесі толығымен
қолданылады.
Дисперсия-осы таңдамалыда жеке мәндердің орташа шамадан қаншалықты
бөлінетінін сипаттайтын статистикалық шама.
Сенімділік пен тиянақтылық-жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығын
анықтайтын критериилер.
Тапсырмалар-ұйымдастырудың кезекті кезеңдері және зерттеуді басынан аяғына
дейін өткізу.
Жабық анкеталар ұсынылған формада ғана бір немесе бірнеше жауаптарды
таңдау.
Жабық бақылау-бақылаудың көрінбейтін немесе құпия процесі.
Практика және әдебиет проблемасымен байланысты зерттеу -бұл кезең ғылыми,
әдістемелік, арнайы әдебиеттің анализін, сол проблеманың дайындық жағдайын
анықтау мақсатында практикалық тәжірибені зерттеуді болжайды.
Зерттеу көздері-ғылыми және арнайы әдебиет, мұрағаттық құжаттар мен қызмет
өнімдері.
Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу-мұғалімнің педагогикалық міндеттерін
атқару кезінде қолданатын кәсіби біліктілігінің деңгейін, педагогикалық
қызметінің нәтижелерін көрсететін әдіс.
Сұхбат-ауызша сұрақ қою арқылы ақпарат алу әдісі.
Пікірлер сұхбаты адамдардың қандай да бір құбылысқа арақатынасын анықтауға
бағытталады.
Сұхбаттасу-әңгіменің бір түрі; зерттеуші алдын ала дайындалған сұрақтарды
ғана қояды.
Құжаттарды зерттеу-білім процесіндегі қалыптасқан практиканы сипаттайтын
зерттеушіні кейбір объективті мәліметтермен қамтитын әдіс.
Конференция-тәжірибені жинақтау және зерттеу формасы. Конференция
тақырыбына сәйкес мұғалімдер әдебиетпен танысады және өздері мен
әріптестерінің тәжірибесін талқылайды.
Корреляционды анализ-корреляция коэффициенттерін зерттеу және есептеумен
байланысты математикалық-статистикалық анализдің әдісі.
Дөңгелек үстелдер-нақты проблема бойынша пікір алмасуды бейнелейтін
педагогикалық тәжірибені зерттеу формасы.
Контент-анализ-текстік және сөздік хабарламалардағы ақпараттың бағасын
сипаттайтын және шығаратын әдіс.
Медиана-берілген белгінің шамасы бойынша нақтылайтын таңдауды бөлетін
зерттелетін белгінің мәні.
Тәжірибе мәліметтерін алғашқы статистикалық өңдеу әдісі-бұл оның көмегімен
тәжірибедегі өлшеулердің нәтижесін бейнелейтін көрсеткіштерді алуға болатын
әдіс.
Тәжірибе нәтижелерін екінші рет статистикалық өңдеу әдісі-бұл оның
көмегімен алғашқы мәліметтер негізінде ондағы жасырын статистикалық
заңдылықтарды көрсететін статистикалық өңдеу әдісі.
Педагогикалық зерттеу әдісі
Зерттеу нәтижесі эмперикалық деңгейде тәжірибе жинағында, ережелер
тұжырымдамаларында, олардың анализі мен жүйелеуінің фактілерін алуда
көрініс табады.
Зерттеу әдістері-зерттеу қызметінің мерзімдері, негізгі кезеңдері.
Методологиялық және теориялық негіз-зерттеу негізінде жатқан негізгі
теориялық және методологиялық жағдай.
Өзін-өзі бағалау әдісі-тұлғаның өзін өзі, өзінің басқа адамдар ішіндегі
мүмкіндіктерін, қасиеттерін және орнын анықтауға көмектесетін әдіс.
Мәліметтерді статистикалық өңдеу әдісі-зерттелетін құбылыстар арасындағы
сандық байланыстарды орнататын тәсіл.
Тәуелсіз сипаттамаларды жинақтау әдісі-бақыланған адамға әр түрлі адамдар
баға беретін тиімді әдіс.
Сән-таңдамалыда жиі кездесетін зерттелетін белгінің сандық мәні.
Монографиялық бақылау өзара байланысты әр түрлі шамадағы сандарды қамтиды,
олардың дамуын бақылайды.
Моделдеу-педагогикалық процесс туралы теориялық түсінік. Модель
педагогикалық процестің қызметінің шарттарын, байланысын, элементтер
жүйесін бейнелейді.
Бақылау-процесс нәтижесінде зерттеуші нақты мәліметтер алатын белгілі бір
педагогикалық құбылыстың мақсатқа бағытталған көрінісі.
Ғылыми жаңалық-бұрын ешкім зерттемеген алғаш рет алынған нәтижелер.
Тура бақылау
Зерттеуші бақылау кезінде көрген фактілерді тура тіркейді.
Үздіксіз бақылау педагогикалық құбылыс бірге және қысқа уақыт аралығында
өтетін кезде болуы мүмкін.
Стандартталмаған сұхбат зерттеуші алдын ала қойылатын сұрақтарды
дайындайды, алайда әңгіме барысында оны өзгерте алады.
Шолыма-сыни зерттеу
Зерттеуде проблема бойынша жасалған қорытындылардың сыны толығымен және
анық көрсетіледі.
Шолыма-аналитикалық зерттеу
Зерттеу өңделген мәліметтерді, әдебиетті тақырып бойынша зерттеу және
сұрыптау көрсетіледі.
Ашық бақылау
Зерттеуге оны қызықтыратын құбылыстың барлық жақтарын қамтуға мүмкіндік
береді.
Ашық анкеталар-жауаптардың саны мен сипаты, олардың түрі мен формасы алдын
ала дайындалмаған анкета.
Мерзімі ұзартылған бақылау-объектіні белгілі интервал арқылы бақылау,
сонымен қатар педагогикалық процестің жеке нәтижелерінің көрінісін бақылау.
БағалауРейтинг-берілген шкала бойынша белгілі бір құбылысқа субъективті
баға беру.
БағалауРейтинг-арнайы адамдардың көмегімен тұлғаның қасиеттерін бағалау
шкаласы.
Зерттеу объектісі-бұл проблемелық жағдай тудыратын құбылыс немесе процесс.
Педагогикалық тәжірибе-белгілі бір әдістің, оның педагогикалық тиімділігін
анықтауға арналған жұмыс тәсілінің арнайы дайындалған тексеруі.
Педагогикалық жағдай-адамның қасиеттері туралы, оның сипатталған
педагогикалық жағдайдан жол табуын анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу
әдісі.
Педагогикалық бақылау-оның ұзақ мақсатқа бағытталған көрінісіне негізделген
педагогикалық процестің танымдық әдісі.
Педагогикалық экспедиция-мақсаты қысқа мерзімді көптеген мектептер немесе
басқа тәрбие мекемелерінің белгілі бір проблема бойынша нақты мәліметтер
алу немесе озат педагогикалық тәжірибені жинақтау және комплексті зерттеу.
Педагогикалық оқулар мұғалімнен жинақтаудың жоғары деңгейін, эмперикалық
тәжірибенің анализін талап етеді.
Ізденушілік бақылау зерттеушіні қызықтыратын құбылыстар мен фактілерді
іздеу мақсатында қолданылады.
Жобалық әдістеме-жоба нәтижесін психологиялық интерпретация негізінде
тұлғаны толығымен зерттеу әдістемесінің жинағы.
Проблема-арнайы тәжірибелік ғылыми зерттеу өткізусіз жауап табу мүмкін емес
және шешім табуды талап ететін өмірлік маңызы бар актуалды мәселе.
Қайшылық-дамудың қозғаушы күші; зерттеудегі карама-карсы жақтардың болуы.
Зерттеу заты-бұл объектілер шекарасындағы объектінің нақты қасиеттері,
олардың арақатынасы, объектілер мен қасиеттердің белгілі бір жағдайда
тәуелділігі.
Жартылай жабық анкеталар-респондентке бір немесе бірнеше жауаптар беріледі.
Тәжірибені тұжырымдайтын әдістемені жасау
Нақты болжамдарды дәлелдеуге қажет әдістемелерді таңдау және апробациялау.
Мұндай әдістемелер сенімді, дәлелді, зерттелетін құбылыстың жағдайын
өзгертуге, немесе білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін болуы керек.
Жоспарды жасау және тәжірибені өткізу бағдарламалары
Ғылыми болжамдарды тексеру мақсатында қойылған сұрақтарға дәлелді жауаптар
алу үшін тәжірибе бағдарламасы мен жоспары жасалады. Жоспар мен бағдарлама
көбіне жүргізілетін зерттеудің негізгі кезеңдері анықталатын хаттық
құжаттар болып келеді.
Регресионды анализ-көптеген жеке тәуелділіктерді өзгермелі және олардың
үздіксіз сызықтық тәуелділігінің жеке мәні арасындағы тәуелділікті
анықтауға мүмкіндік беретін математикалық статистика әдісі.
Өзін бақылау-өзін өзі бақылау.
Стандартталған сұхбат нақты кезекпен көрсетілген сұрақтардан тұрады.
Арнайы бақылау-бұл зерттелетін құбылыстың суретін аналитикалық қарастыруға
әкелетін саты.
Социометрия-топтағы өзара тұлғалық қарым-қатынастардың құрылымын сандық
және графикалық көрсетуге мүмкіндік беретін әлеуметтік психология әдісі.
Шығармашылық семинарлар-озат педагогикалық тәжірибе мәселелері қаралатын
педагогикалық тәжірибені зерттеу формасы. Бұл формаға өткізу кезіндегі
ерекшелік тән.
Теориялық зерттеу
Әдебиеттің шолуы мен сынау анализінен басқа сол проблеманы шешуге
бағытталған автордың теориялық шамалауы кіреді.
Тестілеу-тұлғаның индивидуалды-психологиялық қасиеттерін, білімдерін,
дағдыларын белгілі шамада өлшеуге арналған стандартталған тапсырманы өзіне
қосатын әдіс.
Зерттеу болжамдарын тұжырымдауды нақтылау
Болжам проблема тұжырымынан шығады және өткізілген тәжірибеде дәлелдеуді
қажет ететін кейбір қаулылар болады. Жалпы болжамнан кейін оның мазмұнын
ашатын нақтылаушы, жеке, деталдық, болады.
Арнайы маманданған бақылау зерттелетін бір құбылыстың оның өз шекарасында
көрініс беруін көрсетеді.
Факторлық анализ-кездейсоқ корреляциондық шамалардың анализіне негізделген
және кездейсоқ шамалардың топтарын шығаруға бағытталған математикалық
статистика әдісі немесе процедурасы. Мұндай әдіспен шығатын корреляцияның
математикалық-статистикалық негізі фактор деп аталады.
Жеке әдістемелік бақылау-ғылыми көріністің объектісі нақты оқу процесі
болуы мүмкін.
Мақсат-зерттеудің қажетті соңғы нәтижесі.
Зерттеудің кезеңдері мен процедуралары-бұл теориялық болжамдар мен
практикалық ұсыныстардың тиімділігіне қатысты шынайы ақпарат алуға
мүмкіндік беретін психология мен педагогикадағы зерттеу.
Эмперикалық түсіндірмелі зерттеу
Алынған фактілерді анализдеу мен жинақтау ғана емес, сонымен қатар оларды
түсіндіру.
Эмперикалық сипаттамалық зерттеу
Бұл зерттеуде тәжірибе жолымен аз зерттелген құбылыстар мен объектілердің
жаңа фактілері сипатталады және алынады.
Адекватты-тепе-тендік немесе пара-пар.
Азаматтық болмыс- адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және
жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе.
Биологизаторлық бағыт-адамның табиғи жетілуінің барысында дене құрылымы мен
рухани қасиеттерінің қалыптасуы.
Педагогика-тәрбиелеу, жетектеу, бағу.
Педагогикалы эксперимент-арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты
белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті.
Психоаналитикалық бағыт- жеке адамдық қалыптасуда қоғам зиянды.
Тәрбие-адамды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсаты көздеп,
жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі.
Түсіндіру-тәрбиеленушіге эмоционалды сөзді әсер ету әдісі.
Гуманистік-адам сүйгіштік, адам мен қоғамдық қасиеттерге құрметпен қарау
Технология-материалды өндеудің тәсілдері мен құралдары туралы білімнің
жиынтығы.
Дидактика-грек сөзі, білім беру мен оқытудың теориясы.
Даралық-бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен
өзгешелігі.
Даму- жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі.
Дәстүрлер-тәрбиеленушілерді эмоцианалды қабылдайтын әдет-ғұрып,
Ниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формасы.
Демократизм-ересктер мен балалар арасындағы рухани қатынастар
теңдігін қалыптастыру.
Диффериенцалдық қатынас-әрбір пәннің ерекшелігін, жекеленген
бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған
сәйкес бақылау дың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп
сақтауын талап етеді.
Жеке адам-адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне
топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.
Жеке-дара қатынас-әрбір оқушының ерекшелігін бағалау.
Креативтік-бала қабілетінің кедергісіз өз бетінше дамуы.
Қалыптасу-жеке адам дамуының нәтижесі ретінде кемелденуі мен тұрақты
сапалар мен қасиеттерді иеленуі.
Мақсаттық принципі-оқыту мен тәрбие жұмыстарының мақсаттылығы, мұғалім мен
оқушының іс-әрекетін үйлестіріп, ұйымдастырып жоспарлы түрде өткізу.
Мектептің өмірімен байланыс принципі-мектеп тәрбие мен білім беру ісін
қоғамдық өмірімен байланысты жүзеге асыру.
Мораль-адам санасының формасы және адамзат мәдениетінің бөлігі.
Ғылымдық принципі-оқушының таным қабілетін дамуына, жоғары адамгершілік
қасиеттерінің қалыптасуына ықпал жасау.
Ретроспективтік-халықтық педагогика дәстүрлері негізінде жүргізілетін
тәрбиеге арқа сүйеу.
Түсініктілік принципі-жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге, белгіліден
белгісізге көшу, оқушының таным процесін бірте-бірте үйрету арқылы нақты
фактілерден жалпы қорытындыға көшу ұғымы.
Жүйелік және бірізділік принципі-оқу материалын бірізділікпен белгілеп
жүргізу.
Сапалық пен бірізділік – білімді саналылықпен белсене қабылдап, өмірмен
байланыссын тереңдете отырып оқыту
Көрнекілік пинципі-сабаққа оқушының дүние танымыны негізінде оқуды
көрнекілік арқылы жүзеге асыру
Бағыттылық принципі-жеке адамның жан-жақты дамуына оқыту мен тәрбиені
үйлесімділігіне ықпал жасау
Оқыту процесінің формасы:
1.Білім беру
2.Тәрбие беру
3.Дамытушылық
Эстетикалық сұхбат-тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір аалысуға екі жақты
кірісуін керек ететін жүйелі әдіс түрі.
Субьект(әрекет иесі) –белгілі зат жөніндегі ой .
Предикат(р)-заттың жаңа белгісі жөніндегі ой
Бейімделу (адаптация)-тіршілік ету жағдайына адамның өз тұлғасын қолайлау
әрекеті.Тарбиелену және оку барысында байланыста қоғамда белгіленген
ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіру болып табылады.
Библиография-басылымдарды оқырмандардың саяси,ғылыми тәрбиелік мақсатта
тиімді пайдалануы үшін хабар беруді қамтамассыз ету жолдарын зерттейді
Библиография әдебиеттердің басылып шығу мерзіміне , аймақтық белгісіне
мемлекет, өлкелік жергілікті т.с.с. тақырыптық ауқымына қарай болінеді.
Болжам(гипотеза)-құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін
түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым
түрі
Ғылыми абстрактілеу(научная абстракция)-заттардың белглі бір қасиеттерін
немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның
бір жағы, турі.
Ғылыми тәжірибелік конференция-оқыту және тәжірибелеу жұмыстарының өзекті
мәселелерінің тәжірибесін ұжым болып зерттеу және талқылау түрі.
Инновация педагогикалық (жаңаны енгізу)- білім беру ортасына оның жеке
бөліктерін,компоненттерін және тұтастай білім беру жүйесінің сипаттамаларын
жақсартуға бағытталған тұрақты элементтерді енгізетін,мақсатты көздейтін
өзгеріс.
Инновация - оқу-тәрбие ісін алдыға қарай жылжыту немесе өзгерту.
Модификациялық инновация – педагогикадағы әдіс – тәсілдерді жетілдіру.
Комбинаторлық инновация – белгілі әдістердің элементтерін бір – біріне
қосу.
Түбірлі инновация– мектепке білімнің мемлекеттік стандарттарының енгізілуі.
Модуль - бір ғана оқу пәннің шеңберіндегі ұйымдастыру-әдістемелік
құрылымының бірлігі.
Педагогикалық технология – оқытуда пайдаланылатын материалдық және идеалдық
(білімдер) құралдар жүйесі және осы жүйені қолданысқа енгізу тәсілдері
(Е.И.Машбиц).
Технология – (грек-techne-өнер, шеберлік, іскерлік және логия – ілім,
білім) – дайын бұйым алу үшін пайдаланылатын тәсіл.
Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың
жиынтығы.(орыс тілінің түсіндірме сөздігі)
Оқыту моделі – адам оқыту процесінің негізіне алынған модель.Оқыту
моделінің екі типін қарастырады-дескриптивті және нормативті.Оқытудың
дескриптивті моделі адам оқитын іс-әрекет рпоцесін сипаттау негізінде
құрылады.Оқытудың нормативті моделі алдын-ала жасалып беріледі. Нормативті
типтегі оқытуды – мұғалімді оқыту деп атау қабылданған.
Моделдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір
объектімен алмастырылатын зертеу әдісі.
Конъюнкция (лат.conjunction- одақ байланыс) ережесінде қолдануға болады,
бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге
біріктіруге болады.
Курстық жұмыс – ғылыми зерттеу жұмысының элементі бар студенттің өзіндік
оқу еңбегінің бір түрі.
Рецензия (орысш.: обзор, ағылш.: review, лат.: recensio) — талдау, саралау,
көпшілік назарына ұсынылған жарияланымдарға (кітап, кино, т.б.), әдеби
шығармаларға, өнімдерге баға беру.
Ақиқат фактілері – бұл болатын немесе негізінде болып жатқан құбылыстар,
оқиғалар, зерттелетін объектілердің әр түрлі жақтары, қасиеті, қатынасы.
Ғылыми фактілер – бұл санамен бейнеленген ақиқат фактілері, олар ғылым
тілінде, эмпирикалық пайымдаулар түрінде тексерілген, яғни міндетті түрде
тексреліген фактілер жиыны.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері – білім беру процесін
ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары.
Бақылау – зерттеу барысында дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да
педагогикалық құбылыстың назарға алынуы.
Сұхбат әдісі – қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу
болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын
зерттеу тәсілі.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары
жазба күйінде қабылданады.
Эксперимент - белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-
зерттеу жұмысы.
Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуі.
Дедуктив әдіс – жалпы пікірден жеке қорытынды жасау.
Реферат – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып
берілген мазмұны.
Конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан –
жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар.
Аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнын қысқаша ақпар жазу.
Сілтеме (цитата) беру - әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды
өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.
2.1 Дәріс тақырыптары және оның қысқаша мазмұны.
Тақырып 1 Ғылыми іс - әрекет (ғылыми процесс ретінде).
Мақсаты: Ғылыми іс әрекет дегеніміз не, оның таным процесінің ерекше
формасы екенін көрсетіп, мақсаттары мен ерекшеліктері, маңызы мен мазмұны
жайлы ақпарат беру.
Жоспар:
1. Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.
2. Ғылыми шығармашылық.
3. Ғылыми іс - әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері.
4. Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары – курстық және дипломдық
жұмыс.
1. Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.
Ғылым – адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі. Осы
үш саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және олардың даму
заңдылықтары бар.
Қазіргі заманғы ғылым – жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп
отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік
түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, аса
маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың түрлерінің бірі әрі ерекше қызмет
бола отырып, ғылым, К.Маркс айтқандай, қоғамның идеалдық және практикалық
байлығын білдіреді.
Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің рөлі артып отыр.
Социологиялық зерттеулер ғылыми – зерттеу жұмыстардың төмен нәтижелілігі
ғылыми кадрларды орналастыру мен пайдаланудың дұрыс еместігінен, жеке
салалар мен қызметкерлердің, ең алдымен жастардың жұмысына ғылыми
жетекшіліктің нашарлығынан екендігін дәлелдейді. Маманданған ғылыми
жетекшіліктің маңызы әсіресе қысқа мерзімді зерттеулер бағдарламаларында
арта түседі.
Ғылыми еңбектің тиімділігін арттырудың және ғылыми қызметті
интенсивтендірудің басты жағдайларының бірі зерттеулерді ақпараттық қамтуды
жақсарту, ғылыми коммуникация жүйелерін, ғылыми ұжымдар арасындағы
байланыстарды одан әрі дамыту болып табылады.
Ғылымтану мәселесі төңірегінде қазіргі заманғы ғылымның логикалық –
гносеологиялық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және басқа көптеген
зерттеулер топтасуда. Ғылыми білім мен ғылыми қызмет дамуының нақтылы
процестері мен бағыттары туралы маңызды эмперикалық (тәжірибелік)
мәліметтер қорланды және қорлануда. Қазіргі ғылымтануда социологиялық
проблематика неғұрлым үлкен орын алып келеді.
Ғылымтану алдымен ғылымды зерттеудің алуан түрлі бағыттарының, типтерінің
жалпы атауы, олардың ішінен негізгі алтауын бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, ғылымды логикалық – гносеологиялық зерттеу, оның пәні ғылыми
білімнің өзі, оның құрылымы, оның дамуының логикасы мен диалектикасы болып
алады. Екіншіден, тұтасынан алғанда ғылым дамуының нақтылы тарихи процесіне
және оның жеке көріністеріне көңіл бөлетін тарихи – ғылыми зерттеулер.
Төртіншіден, ғылым дамуының экономикалық проблемаларын зерттеулер.
Бесіншіден, ғылым творчествосының психологиясын зерттеулер. Алтыншыдан,
ғылымды сан тұрғысынан түсіндіру методы ретінде ғылым өлшеу зерттеулері.
Сонымен, ғылым – күрделі көп өлшемді әлеуметтік құбылыс әрі білімнің түрлі
салалары, алуан түрлі нақтылы тарихи жағдайларда оны алуан түрлі жақтарынан
зерттейді.
Қорыта айтқанда, ғылым қоғамдық өмірге, әсіресе техникалық –
экономикалық дамуға, әлеуметтік басқаруға, білім жүйесін және адамның
дүниеге көзқарасын қалыптастыруға белсене қатысатын әлеуметтік
институттардың біріне айналды.
2. Ғылыми шығармашылық.
Шығармашылық сөзі жалпыға мәлім іздеу, табу, бұрынғы жеке және
қоғамдық тәжірибеде болмағанды жасау деген ұғымды білдіреді. Осыған сәйкес
оқушылардың танымдық шығармашылық іс - әрекеті де дербес ізденіс және
жаңаны жасау немесе құрастыру (оқушының жеке тәжірибесі негізінде оған жаңа
белгісіз білім немесе әдіс, бірақ қоғамдық тәжірибеде ол бұрыннан белгілі).
Яғни оқушының танымдық іс - әрекетіндегі шығармашылықтың негізгі
критерийлері: дербестік, ізденіс және мақсатқа жетуде мүмкін варианттарды
таңдау, мақсатқа жету үрдісінде жаңа өнімді жасау.
Дербестіктің, ізденістің, жаңаны жасаудың дәрежесін шығармашылықтың
деңгейі анықтайды: төмен, орташа, жоғары.
Шығармашылық іс - әрекет іздеу мақсатын түсінбесе, бұрын меңгерілген
білімді белсенді түрде жаңғыртпаса, дайын білім көздерінен өзіне қажетіні
ала алмаса, дербес ізденбесе мүмкін емес.
Кез – келген шығармашылық іс - әрекеттің негізінде болжам, мүмкін
нәтижені алдын – ала көру жатыр.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін дамыту үшін
негізгі іс - әрекеттерінің (оқу – танымдық, қоғамдық пайдалы, еңбек,
эстетикалық және спорттық) тиімді арақатынасын орнықтыру өте маңызды. Ол
қазіргі қоғамның әлеуметтік сұраныстарына, мектеп бітірушілердің жан –
жақты даярлығының деңгейіне қойылатын жоғарғы талаптармен айқындалады.
Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды орын
алады. Себебі, шығармашылық бар жерде қиял бар. Қиял шығармашылықтың
негізгі бір психологиялық құрамы болып табылады. Шығармашылық күнделікті
оқу процесі негізінде жүзеге асырылады. Келесі саналы іс - әрекеттің бір
түрі оның белсенділігі. Сонымен, әрекет дегеніміз – түрлі қажеттіліктерді
өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс.
Шығармашылықтың көлемі әр оқушыда әр түрлі, сондықтан шығармашылық
дәрежесін тұрақтандыру мұғалімнің алдында тұрған міндет. Себебі, ол
оқушының бастапқы деңгейін, түсініктерін, соңғы нәтижелерімен салыстырады,
ал оның өзі диагностика жүргізуге мүмкіндік туғызады.
3. Ғылыми іс - әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері.
Ғылыми жұмыстың мақсаты – іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу.
Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады,
оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы
мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай
критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану
мәселелері қойылмайды.
Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге
жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс
жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға
жататын зерттеулерді бастар алдында бұл кімге қажет ? деген сұрақтар
қойылады. Іргелі және қолданбалы ғылымның арасында айқын шекара жүргізу
мүмкін емес, себебі қолданбалы ғылым өзінің даму барысында және
жетістіктерін қорытындылай келе бірте – бірте зерттеудің іргелі түріне
айналады. Ал керісінше, іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып,
қолданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп ықпал
жасайды. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай қолданбалы ғылым
теориялық немесе эмпирикалық (тәжірибе) сипат алады.
Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге жету
үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады, өңделеді,
есептеледі, жаңа ой – пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми жұмыстың
мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады. Ғылыми іс - әрекеттің бұл
түрінде зерттеушінің шығармашылық қабілеті, оның ақпараттық толықтығы,
ақпараттың зор ағымынан тиісті қажет бөлігін дер кезінде табу қабілеті аса
маңызды. Сырттан қарағанда мұндай іс - әрекет көзге көрінбейді. Ал шын
мәнінде зерттеуші дәл сол кезде басымен, яғни миымен күшті жұмыс жасайды.
Дәл осылай ғылымның көптеген негізгі заңдары қалыптасқан, мысалға физикада,
математикада т.б.
Мұндай іс - әрекеттің түрі, нәтиже алуда белгілі қауіп – қатер
әкеледі, себебі көп жағдайда, жоғарыда айтқандай, адамның өзіне оның
шығармашылық қабілетіне, қиялына күнделікті құбылыстарды түсініксіз,
әдеттен тыс фактілерді байқауында, одан жаңа идеяны ойлап табуына
байланысты. Сондықтан кейбір жағдайда орасан зор уақыт өткізіп, зерттеуші
ешбір қорытындыға келмеуі немесе теріс нәтиже алуы да мүмкін.
Теория ғылымы өз кезегінде аналитика және өнертапқыш түріне бөлінеді.
Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық
өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, мұның мақсаты аталған заңдармен
құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу
объектісін жүзеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап
математикалық байланыстылығын табу.
Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелер қажетсінбейді,
зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі – ақ қамти алады.
Өнертапқыштық іс - әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер
ашу арқылы зерттеу объектісіне қажетті сапалы дәреже (индикатор) мен санды
деңгейін (параметр) аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын жаңашылдық
сипатындағы ерекше шешімдер іздеп табудан құралады. Мұндай іс - әрекет
жүргізу үшін, тек қана ақпараттық қамсыздандырумен шектелуге болмайды, ол
үшін көп білу керек, зор шығармашылық қабілеттерді, қиялды өз бойында
қалыптастыру қажет, ерекше ойлау дағдысын тәрбиелеу - қалыпты пікір
шешімге бағынбай, өз көзқарасын байыту қажет. Дәл осындай шешімдер ғылыми
ой - өрісті ілгері жылжытады, жаңа көкжиек, бағыт ашады, ескірген идеялар
тоқырауынан алып шығады.
Эмпирикалық (тәжірибелік) ғылым жаңа жетістіктер мен идеяларды шығару
үшін көлемді практикалық жұмыс өткізуі керек. Ақпараттың негізгі ағымын
тәжірибе барысында лабораторияларда, арнайы қондырғыларда өткізілген
жұмыстардан алынған нәтижелер құрайды. Ғылыми жұмыстың мұндай түрінде үлкен
төзімділік, мақсаттану, сәтсәздәкке мойымау қабілеті, жылдар бойы көлемді,
бір сарынды жұмыстарды жүргізе беру ниеті аса қажет.
Ғылыми іс - әрекеттің бұл түрінде шығармашылық, қиялдану элементтері
теориялық іс - әрекетіне қарағанда әлдеқайда қарапайым. Жеке зерттеушінің
енші – үлесі мұндай жұмыста аздау болып келеді. Теория мен эмпирика
ғылымдары бір – бірін толықтырады, байытады.
4. Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары – курстық және дипломдық жұмыс.
Курстық жұмыс – ғылыми зерттеу жұмысының элементі бар студенттің
өзіндік оқу еңбегінің бір түрі.
Курстық жұмысты орындау студенттердің теориялық білімін тереңдете
түсуіне, ғылыми зерттеу жұмысына қызығушылықты арттыруына, түсінуіне,
берілген облысындағы алғашқы дағды мен біліктерін, меншікті позициясын
тудыруға септігін тигізеді. Курстық жұмыста студент талдау жасауға, ғылыми
машықтық материалдар арқылы педагогикалық – психологиялық зерттеу жұмысын
жүргізуге, қорытындылар мен талдаулар жасауға үйренеді.
Зерттеу іскерлік технологиясының негізі болып, ізденушілік негізгі
саты бойынша зерттеу логикасы болып табылады.
1. Тақырып таңдау – анықтаушы негізінен тақырып көкейкестігі студенттің
ізденушілік жұмысына қызығушылығы негізінде уақыттағы ғылыми жұмыс
тақырыбы белгіленеді. Көкейкестілігі күнделікті мәселеге сай болуы
керек.
2. Зерттудің мақсаттарын анықтайды.
3. Міндеттерін айқындайды.
4. Психологиялық – педагогикалық зерттеу.
Дипломдық жұым бітірушілердің болашақ мамандығына және теоиялық,
практикалық міндеттерді шешуге даярлығын көрсетеді. Дипломдық жұмыстың
мақсаты:
- таңдаған мамандығы бойынша теориялық және практикалық білімдерін жүйелеу
және тереңдету, оларды нақты практикалық міндеттерді шешуге қолдану;
- өздігінен жұмыс істеу дағдысын;
- зерттеу әдістемелерін меңгеру;
Студент дипломдық жұмысында келесі мәселелерге мән беруі керек:
- таңдаған тақырыбы бойынша берік теориялық білімге және теориялық
материалды тұрғыда баяндауға;
- әдебиет деректерін зерттеу және жалпылау іскерлігіне, практикалық
міндеттерді шешу, шешімдер мен ұсыныстар жасай білуге;
- талдау жасау дағдысы, эксперимент жүргізе білу және қазірге есептеу
техникасын меңгере білуге;
- зерттеу әдістерін тиімді қолдана білу іскерлігіне.
Дипломдық жұмыс орындауға қойылатын жалпы талаптар:
- мақсатқа бағыттылық;
- құрылымының анық болуы;
- материалды – логикалық бірізділікпен баяндау;
- зерттеу тереңділігі және сұрақтардың жан – жақты қарастырылуы;
- аргумент және фактілердің сенімділігі:
- ойдың ашық және нақты жүргізілуі;
- жұмыс нәтижесін жеткізудің нақтылығы.
Дипломдық жұмыстың тақырыптарын бітірушілерді даярлайтын кафедра әзірлейді.
Дипломдық жұмыстын тақырыптары студенттердің болашақтағы мамандығына сәйкес
болуы және көкейкесті, бүгінгі күн талабына сай болуы керек.
Студенттердің дипломдық жұмыстың тақырыптарын еркін таңдауға құқылары бар.
Көпшілік жағдайда дипломдық жұмыстардың тақырыптары курстық және басқа да
ғылыми зерттеу жұмыстарының жалғасы болып табылады.
Студент тақырыпты таңдаған соң, оны жазу үшін рұқсат алуға өзін даярлап
отырған кафедра меңгерушісінің атына өтініш жазады. Дипломдық жұмысының
тақырыбы, ғылыми жетекшісі және кеңес берушіні бекіту кафедра сұранысы
бойынша факультет деканының бұйрығымен жүзеге асырылады. Тақырыпты бекіткен
соң, студент ғылыми жетекшімен бірге отырып, оны орындау жоспарын
қарастырады. Оған ғылыми жетекшісі және студент өз қолдарын қояды, соңында
кафедра меңгерушісі бекітеді.
Тапсырма екі данамен даярланады: біреуі студенттің қолына беріледі, ал
екіншісі кафедрада сақталады.
Дипломдық жұмыс тақырып бойынша ғылыми деректерді және әдебиеттерді
терең зерттеу негізінде орындалады. Арнайы әдебиеттер тақырып бойынша
сұрақтарды негіздеу және нақтылау үшін қолданылады.
Эксперимент жүргізілетін мекеменің практикалық материалдарын міндетті
түрде қолдану керек.
Дипломдық жұмысының құрылымдық элементіне мыналар жатады:
1) сыртқы беті;
2) дипломдық жұмысты орындауға тапсырма;
3) мазмұны;
4) кіріспе;
5) негізгі бөлім;
6) қорытынды;
7) пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
8) қосымшалар;
9) графикалық материалдар.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама?
2. Ғылыми шығармашылық деп ненін түсінеміз, оның ерекшеліктері?
3. Ғылыми жұмыстың мақсаты қандай?
4. Теориялық, аналитикалық және эмпирикалық ғылым деген ұғымдарға анқтама
беріңіз.
5. Курстық жұмыстың мәні?
6. Дипломдық жұмыс дегеніміз не, оның құрылымы, мақсаты?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Бабаев Б. Жалпы педагогика. – Алматы, 2006.
2. Педагогика және психология сөздігі. – Алматы, 1995
3. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыру.А.,2005.
4. Герасимов И.Г.Структура научного исследования. – М.,1985.
5. Педагогика. Педагогические теории, системы, технологии. Под
ред.С.А.Смирнова. 3-еизд. – М.: Академия, 1999.
6. Қоянбаев Р.М,Қыяқбаев Ұ.Қ.бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесінен
диплом жұмысы. – А., 2004.
Тақырып 2: Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық
принциптері.
Мақсаты: Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдіснамасы, педагогикалық
зерттеу құрылымы мен логикасы жайлы жалпы ақпарат беру, педагогика
ғылымының әдіснамасымен таныстыру.
Жоспары:
1. Ғылыми – педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді
қалыптастыру процесі.
2. Педагогика ғылымының әдіснамасы.
3. Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы.
4. Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).
1. Ғылыми – педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді
Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал
деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негіздлеген зерттеу
әдістеріне тәуелді келеді, әдістер, өз кезегеніде, ғылым аймағында әдіснама
атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста
болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми – танымдық іс - әрекеттердің
түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз.
Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау
пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді.
Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер
бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным
және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде
қарастырған жөн.
Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе – нұсқау және реттестіру қызметтерін
атқарады. Дегенмен, әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін:
дескриптивтік не прескриптвтік.
Дескриптвтік әдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным
заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт – бағдар
береді. Ал прескриптвтік әдіснама – зерттеу іс - әрекеттерін реттеп барудың
жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс -
әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне
байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда
ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап
баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.
2. Педагогика ғылымының әдіснамасы.
Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді. (Э.Г.Юдин). Философиялық,
жалпы білімдік, нақты ғылымдық және технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары
философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның
категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша
жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық - әдіснама
деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін
теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты ғылым әдіснамасы
қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен
принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы
ғылыми тануға тән болған проблемаларды, сондай – ақ жоғарылау келген
әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды,
мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу)
проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық әдіснама – зерттеу әдістері
мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап,
алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу
қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсетпе
– нұсқау сипатына ие. Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп,
өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал әрқандай әдіснамалық деп
танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі,
себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным,
көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
Педагогиканың жалпы ғылымдық әдіснамасы.
Жалпығылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің
жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен
танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай
– ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне
бағдарлайды.
Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз
бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады.
Осдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе
қаситтері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің
заттасқан және тарихи қырлары келесідейзерттеу принциптерін бірлікте іске
асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты, байланыстар мен
дамуды ескеру.
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика
тұтастығы орындалады.
Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми
білімдер мен тұжырымдардың шынайлылығы практика міндеті мен талаптарына
орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары
туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау
болады, ал білім тәжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен
міндеттер іргелі дәстүрлерді қажет ететін сұрақтардың туындауына жол ашады.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері
Ғылыми – педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді
басшылыққа алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайлылығы мен шарттасқандығын ескеру,
себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама –
қарсылықтары және себепті – салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі
дамиды;
- құбылыстарды даму барысында зерттеу;
- бір құбылысты екіншілермен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
- зерттеу процесіндегі қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін – бірі
толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен
шығармау;
- зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән – мағынасына сай келуі;
- даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның
қарама – қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму
ретінде қарастыру;
- сынақталушыға, білім – тәрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік
– инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
3. Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы.
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның
құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі
жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның
нәтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті – деректер мен құбылыстарды
түсіндіру және оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды),
қолданбалы және болжам – жобалау деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді.
Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық
жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам
жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады.
Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын
тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға
бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға
негізделген нақты ғылыми – практикалық ұсыныстар дұрыстығын дәлелдеп,
оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған әдіснамалық
тиектерге орай жүргзізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге
тиіс проблема, тақырып, нысан және оның дені, мақсат, міндеттер мен
болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын
танытушы негізгі көрсеткішер: зерттеу көкйкестілігі, жаңалығы, теориялық
және практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, әдетте, екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық және
іс - әрекеттік (орындау - процедуралық). Алғы бөлімде тақырып
көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені,
мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу
нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал
екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер
алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары
жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні – оқу мен тәрбиенің теориясы
және практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың
қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру.
Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің
жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік
тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады.
Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше
жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен
практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс пен дер кезіңдегі ғылым мен
практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зертттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық
маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты
тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған
мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.
Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың
нәтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның
міндеті ғылым құрал – жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама –
қарсылықтарды баяндап беру. Әдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын
құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі
келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы
немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы
мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не әлі де күмәнді қайшылықтарды
қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан
есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі – нысан. Зерттеу дені
(предмет) – нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет
еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа –
қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды
(гипотезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері
белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайлылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық
негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми жаңалық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін
қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер
тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері,
мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және
практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты
практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген
тұжырымдамалар, алынған гипотезалар, ашылған заңдылықтар, әдістер,
бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми
істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа
ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалық тиектері, теориялық және практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне
орай бір – бірімен ауысып барады, сондай – ақ жаңа білімдердің пайда болу
уақытына тәуелді келеді.
4. Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі бірнеше
сатылық – эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды – теориялық немесе
теориялық, прогностикалық – жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы
алынады, шынайы оқу – білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс
мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтар көрінеді, ғылыми
проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі – зерттеудің
алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы
тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзілетін
зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәнін зерттеу объекті
жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі
арасындағы қарама – қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің
эмпирикалық деңгейінен оның теориялық деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын
жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі
функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар
қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады,
осының нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі
соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму
мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын – ала жобалау қажеттігі арасындағы
текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы
талаптардың объектив шешіміне негіз болу.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Ғылыми әдіснама дегеніміз не және оның түрлері?
2. Педагогика ғылымының жалпы әдіснамасы дегеніміз не?
3. Педагогика саласындағы зерттеулерге не жатады?
4. Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер қалай жіктеледі?
5. Зерттеу бағдарламасының құрылымы қандай?
6. Зерттеудің негізгі кезеңдерін атаңыздар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыру.А.,2005.
2. Безрукова В.С.Как написать реферат,курсовую,диплом. – СПБ,2004.
3. Загвязинский В.И.,Атаханова Р.Методология и методы психолого
педагогического исследования. – М.,2003.
4. Қоянбаев Р.М,Қыяқбаев Ұ.Қ.бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесінен
диплом жұмысы. – А., 2004.
5. Скалкова Я.И др.Методология и методика педагогического исследования. –
М.,1986.
6. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі Бастауыш мектеп.-
№3 1999ж
Тақырып 3: Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің
алғашқы кезеңі.
Мақсаты: Зерттеу тақырыбын анықтау мәселесінің маңыздылығымен, тақырыптың
көкейкестілігін ескереу қажеттілігімен таныстырып, қазіргі педагогикалық
зерттеулердің мәселелері жайлы ақпарат беру.
Жоспар:
1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.
2. Зерттеу тақырыбын негіздеу.
3. Проблеманы қою және дамыту
1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.
Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің
мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде
педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің
функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің
функциясында атқаруы тиіс.
Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп,
оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.
Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 – жылдарында пайда
болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі
ең жақсы әдіс – тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың
тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік
жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.
Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды
орындауға міндетті:
- ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат
алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны
жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын
ұғыну;
- жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени
дүниетаным болуы;
- тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер
жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық
сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни
көзқараспен қарауға қабілетті болу;
- ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.
Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің
неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде
жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.
Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін блоктік тәсіл
қолдану тиімді.
Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр
тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен
өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына
болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің
ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау,
тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.
1. Зерттеу тақырыбын негіздеу.
Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс.
Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы
кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер
болуы мүмкін.
Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
- Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
- Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және
практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
- Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті
және маңызды болуы);
- Проблемалылығы (шешілуінің ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz