Ертегілерді оқыту барысыңда оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеудің теориялық негізі
1. Ертегілерді оқыту барысыңда оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеудің теориялық негізі
1.1 Оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу және оның зерттелу жайы
1.2 Ертегілер түрлері және оларды оқыту әдістемесі
2. Әдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту барысында оқушыларды қайырымдылыкка тәрбиелеу.
2.1. Көркем шығармалар арқылы бала бойындағы тәрбиені қалыптастыру

Халық педагогикасы - қазақ халқының сан ғасырдан бері ата-бабадан
ұрпақтан-ұрпаққа өлмес мирас, өшпес өнеге, өмірлік мұра болып келе жатқан,
баланы бағып-қағу, өсіру, азамат етіп шығару мәселесі тұрғысынан
жинақталған тәрбие жөніндегі іс-тәжірибесі, терең мағынасына үңілсек, ол
адамды зерттеу, жан-жақты білу, адамдық болмысын анықтау.
Халық педагогакасы халықтың ауыз әдебиетінде ақын-жыраулардың шығармаларыңда, халықтың тәрбие дәстүрлерінде, отбасындағы тәрбие, халық ойындары мен шығармаларында тәрбиелік мәнде көрініс тапқан. Осының бәрі баланың дұрыс өсуіне, тәрбиелі адам болуына бағытталған. Халық педагогикасының негізгі мақсаты-ең алдымен нағыз адамды тәрбиелеу болып табылады. Яғни, баланы Отанын, елін, жерін сүйетін, бауырмашыл, жолдастыққа адал, ата-анасын құрметтейтін сыпайы азамат етіп тәрбелеу. [2.5]
Бұгінгі тәрбие проблемасындағы ең зәру тәрбие-қазақ азаматының мінезін
қалыптастыру, өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып енуге тиісті адамзатты тәрбиелеу.
Тәрбиенің түпкі мақсаты-шәкірттің рухани өсуіне жол ашу, ал рухани өсу дегеніміз-кісілік қасиетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, саналы өмірге араласу сезімдерін қалыптастыру, себебі "Ел салтанатымен танылады, ұрпағымен жалғасады". Міне, осы тұрғыда қазақ даналығы-тәрбие көзі деуге болады.
"Алтынның - қолда барда қадірі жоқ" дегендей адам тәрбиесінің, адам
болуының жолдарын даналарымыз, би-шешендеріміз, ақын-жазушыларымыз
Ыбырай мен Абайдай, Ғұмар Қараш пен Шәкәрімдей, Мұзафардай
ұстаздарымыз жан-жақты көрсеткен.
Қазақ философиясындағы тәрбие мәселесі сан түрлі ерекшеліктер мен ұлттық құндылықтарға толы ұлы мұра. Қазақ даналарының кез-келген туындысы шешендіктің түбірлі тілдің, даналықтың куәсі екенін әрбір жеткіншек біледі. [3.38]
Тәлім-тәрбие адамзат тарихымен бірге жасап келе жатқан, көне дәстүрге айналып кеткен нәрсе. Бүкіл адамзатқа ортақ тәрбие талабы - адамзатты адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу. Ал, адам болудың жолдары әр халықтың ұлттық дәстүріне, салтына байланысты. Қазақгың өмір салтында адам болу жолдарына үңілсек: үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ар-намысты, ұятты бетке ұстаумен өнер - білімге ұмтылумен анықталады. [4.38]
Мораль дегеніміз - адамдардың қоғамдағы мінез-құлқына қойылатын талаптар мен ережелер нормаларының жиынтығы.

1. Ертегілерді оқыту барысыңда оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеудің
теориялық негізі
1.1 Оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу және оның зерттелу жайы
Халық педагогикасы - қазақ халқының сан ғасырдан бері ата-бабадан
ұрпақтан-ұрпаққа өлмес мирас, өшпес өнеге, өмірлік мұра болып келе жатқан,
баланы бағып-қағу, өсіру, азамат етіп шығару мәселесі тұрғысынан
жинақталған тәрбие жөніндегі іс-тәжірибесі, терең мағынасына үңілсек, ол
адамды зерттеу, жан-жақты білу, адамдық болмысын анықтау.
Халық педагогакасы халықтың ауыз әдебиетінде ақын-жыраулардың
шығармаларыңда, халықтың тәрбие дәстүрлерінде, отбасындағы тәрбие, халық
ойындары мен шығармаларында тәрбиелік мәнде көрініс тапқан. Осының бәрі
баланың дұрыс өсуіне, тәрбиелі адам болуына бағытталған. Халық
педагогикасының негізгі мақсаты-ең алдымен нағыз адамды тәрбиелеу болып
табылады. Яғни, баланы Отанын, елін, жерін сүйетін, бауырмашыл, жолдастыққа
адал, ата-анасын құрметтейтін сыпайы азамат етіп тәрбелеу. [2.5]
Бұгінгі тәрбие проблемасындағы ең зәру тәрбие-қазақ азаматының мінезін
қалыптастыру, өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып енуге тиісті адамзатты
тәрбиелеу.
Тәрбиенің түпкі мақсаты-шәкірттің рухани өсуіне жол ашу, ал рухани өсу
дегеніміз-кісілік қасиетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, саналы өмірге
араласу сезімдерін қалыптастыру, себебі "Ел салтанатымен танылады,
ұрпағымен жалғасады". Міне, осы тұрғыда қазақ даналығы-тәрбие көзі деуге
болады.
"Алтынның - қолда барда қадірі жоқ" дегендей адам тәрбиесінің, адам
болуының жолдарын даналарымыз, би-шешендеріміз, ақын-жазушыларымыз
Ыбырай мен Абайдай, Ғұмар Қараш пен Шәкәрімдей, Мұзафардай
ұстаздарымыз жан-жақты көрсеткен.
Қазақ философиясындағы тәрбие мәселесі сан түрлі ерекшеліктер мен ұлттық
құндылықтарға толы ұлы мұра. Қазақ даналарының кез-келген туындысы
шешендіктің түбірлі тілдің, даналықтың куәсі екенін әрбір жеткіншек біледі.
[3.38]
Тәлім-тәрбие адамзат тарихымен бірге жасап келе жатқан, көне дәстүрге
айналып кеткен нәрсе. Бүкіл адамзатқа ортақ тәрбие талабы - адамзатты
адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу. Ал, адам болудың жолдары әр халықтың
ұлттық дәстүріне, салтына байланысты. Қазақгың өмір салтында адам болу
жолдарына үңілсек: үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ар-намысты, ұятты
бетке ұстаумен өнер - білімге ұмтылумен анықталады. [4.38]
Мораль дегеніміз - адамдардың қоғамдағы мінез-құлқына қойылатын талаптар
мен ережелер нормаларының жиынтығы.
Ал, негізгі моральдық категориялар: шарапат, кесапат, ар-ождан, міндет
(парыз), абырой, әділеттілік, адамгершілік, адалдық, әдептілік, өмір
мақсаты.
Оқушылар мораль жөнінде ғылыми емес, діни және идеялистік көзқарастар
бар екенін білуі керек. Дін мысалы, мораль адамгершілік, мінез құлық
нормалары құдайдан, дінсіз құдайсыз мораль жоқ, сондықтан дінге, құдайға
қарсы шыққан адам сонымен қатар моральға да қарсы шығады деп үйретеді.
[5.300]
Адамгершілік сезімі моральдық сезім депте аталады. Мораль - француз
тілінен аударғанда мағынасы - адамгершілікті білдіреді. Адамгершілік сезім
қоғамның тарихи дамуына байланысты.
Адамгершіліктің жоғарғы деңгейдегі сезімі қалыптасып, дамып отыруы ең
алдымен оның өз басының мейірімділігіне, қайырымдылығына, ізгілігіне
байланысты. [6.220]
Қайырымдылық-адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық кісінің
адамға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым- қатынасын білдіреді.
Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі - рухани жағы (басқаның басына
түскен ауыртпалықты қабылдау).
Екіншісі- іс-тәжірибе жағы (іс-жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).
Сондай-ақ қайырымдылық екіге бөлінеді.
1) этикалық
2) интеллектуальдық
Этикалық қайырымдылыққа - батырлық, жомарттық, әділдік жатады. Ал,
интеллектуальдық қайырымдылыққа - даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен
өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан
үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-
жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау - қайырымдылықтың белгісі (
көрінісі).
Рахымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал,
ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп
атайды.
Қайырымдылықты-мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады.
Ол кейде кедей - жарлы жандарға көмектесетін, қайыр-садақа берумен көрініс
табады. [7.485]
Ал, мейірімділік пен ізгілік егіз қозыдай екі қасиет басқаларға (әке-
шеше, ағайын, туыс, таныс т.б) көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу,
айналасындағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялық
жағынан тиімді. Кісінің шат-шадымын тіршілігі үшін маңызды. "Мейірімділік",
- деп жазды К. Бови- "Мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл" -
өте тауып айтылған сөз. Әрине, бізде ылғи адамға көмектесуге жағдай бола
бермейді, уақытта жетпейді. Ал, айналаңдағы адамдар, әсіресе егде адамдар
өзіне көңіл аударғанды ерекше бағалайды. "Ең үлкен сән-салтанат" -деп жазды
Экзюпери-адамдардың қарым-қатынасының салтанаты", "Адамда қалайда болса
пайда келтіретін ой мен іс-ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу,
жауыздықтан безу - адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе"
Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, имандылықпен қарау, оның қамын ойлау,
оған мейірімділік пен мейірбандық білдіру, жан ашырлық пен қамқорлық жасай
білу кісіліктің, ұнамды мінездің көрінісі. Ізгілік-адам біткенді сүйе беру
секілді күйректік, көңілшек сезіммен ешбір тоқайласпайды. Адалдық пен
шыншылдық бар жерде кісі әділетті де, кішіпейілділік, қайырымдылық етіп
жүреді. Бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді. Бала санасына
жастай тәрбиелік ерекше ықпал етуде ертегілер үлкен орын алады. [8.310]
Ертегі - фольклордың негізгі жанраларының бірі. Ертегі жанры - халық
прозасының дамыған көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның
мақсаты - тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру.
Ертегінің атқаратын қызметі кең. Ол тәрбиелік, әрі көркемдік эстетикалық
роль атқарады. Ертегінің осы бүкіл жанрлық ерекшеліктері екі қызметтен
шығады. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті-сюжетті барынша тартымды
етіп көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек, ертегіні шындыққа бағыттамайды, ал
ертекші әңгемесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды. Ертегі жанрының
пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні-алғашқы қауымда
туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әртүрлі ырымдар мен
аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлық белгілерін бойына
сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бетімен мүлде жоғалып, толық
ертегілерге айналған. Ертегі деген не? Оның мифтен, аңыз-әңгімелерден
айырмашылығы неде? Солардың бірі - миф жанры. Мифтің ертегіге айналу
процесі бірнеше кезеңнен өткен. [9.405]
Мифология (гректің mifos - аңыз, ергегі және logos - ілім, ұғым деген
сөздерінен шыққан) қоғам дамуының бастапақы сатыларына тән қоғамдық сананың
формасы. Мифтер барлық халықтарда болады. Алғашқы қауымдық қоғамның рухани
өмірінде мифология қоғамдық сананың әмбебап формасы ретінде үстем болды,
өйткені мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сана, сезім, білім мен
көркем бейне, зат пен идея, обьективтік және субьективтік дүниелер
арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейін болды.
Мифологияда олардың бәрі тұтасып жатты. Ол дүние жайындағы біртұтас
дүние болып табылады.
Сонымен, мифология - адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы.
Онда білімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатынастар бейнеленді. Миф
(аңыз, ертегілер) сананың әлі жетілмеген біртұтас формасы екен. Ал, мифтің
мағынасын анығырақ ашсақ - ол алғашқы рулық қауымдық қасиетті деп саналған
құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта
бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі
жайында, рудың төтемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаһармандар туралы
олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол
заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жүрт мәлім сенген. Бірақ
уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап
бірте-бірте қасиетті сипатынан "құпия" болудан қалған. Соның салдарынан іс-
әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипатынан айырылған. Бірте-бірте
мифтің масштабы тарылып хикаяға, сонан соң ертегіге айналады. Осындай аңшы,
мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине,
ол біздің ертегілерде сол ежелгі заманғы күйінде емес, көркем фольклорға
айналған формада көрінеді. Ал, ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен гөрі
композицияның ролі артығырақ. Ертегінің композициясы бас қаһарманды
дәріптеуге бағындырылады. Сөйтіп, ол белгілі бір схема бойынша құрылады.
Мұның бәрі ертегіге идеялық-мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы
тұтастық бұл жанрға басқашада композиция мен эстетикалық мұраттылықтың
бірлігі әрі тұрақтылығы, уақыттың тұйық болуы, көркем шарттылықтың
міндеттілігі, ауыз екі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестің
қолданылуы т.б кіреді.
Ертегілер мен аңыздар - біздің сенімді серіктеріміз. Ерте кезден
ертегілер адам баласының арман мүддесі, ой санасы, арманы мен қиялынан,
салт-дәстүрі мен тұрмысынынан болашаққа күтетін үмітінен туған.
Ертегі-адам баласының ой-қиялынан туған таңғажайып дүние. Ол адамды
қуантады, шарықтатады, болашағына сенімін арттырады, мүмкін емес
жетістіктерге жетуге еліктіреді.
Ертегі-қай халықтың болмасын сүйіктісі. Ертеде қазақ ауылдарында
ертегілерді той жиындарда, алтыбақан бастарында немесе үлкендері сол
ауылдың жас бүлдіршіндерін жинап айтатын болған. Әрбір ауылдың ертегі-
аңызшылары болған. Ертегілер ата-бабамыздан мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа
жетіп отырған. Ертегі айтуға жас балаларды ән айтуға үйреткендей ерте
жастан баулыған.
Ертегіге деген осыншама сүйіспеншілік қайдан келді? Олар осы заманға
дейін қалай сақталып келген? Өйткені ертегі - халықтың ақылы мен арманының
тілегі. Өте ертеде пайда болған ертегілер осы күнге дейін өзінің жеңіл
сиқырымен кейіпкерлерімен бірге ерлік жасап, әртүрлі қызықты оқиғаларымен
таңқалдыруда. Ертегі өз Отанын сүюге, оны қорғауға, қиыншылықтан
қорықпауға, қайырымды, бауырмашыл, қиындықта бір-біріне қол ұшын беруге
даяр, бақытсыздыққа ұшыраған әлсіздерге көмек беруге, ата-анасын
құрметтеуге, иманды да ибалы болуға үйретеді. [10.5]
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде
Қырғауыл жүні қызылда
Балақ жүні ұзында
Атақты бір бай бопты
Төрт түлігі сай бопты
Көңілі баста жай бопты
Бір перзентке зар бопты
Бара-бара баласыз
Кең дүние тар болыпты, -
деп басталатын ежелгі ертектердің құлақ күйінде барлық байлық, жан-дүниесі
сыйлық, алдамшы көңіл жайлық түптің түбінде ұрпақ игілігінің қасында түкке
тұрғысыз екендігін бабаларымыз бастан-ақ өсиет етіп ескерткендей. [11.6]
Ертегіде адамды мұратқа жеткізетін ең басты адамдық қасиеттердің бірі
ақылдылык, қайырымдылық, кішіпейілділік болатын болса, енді сол
ақылдылықтың өзі неге байланысты, ақылды болу үшін не істеу керек? - деген
сұраққа жауап іздеп көрсе, оған жауапты да сол ертегінің өзінен табуға
болады. Сен ақылды ғана емес, қайырымды, кішіпейіл болсаң онда сен барлық
жамандық атаулының барлығын жеңе аласың. [12.18]
Қазақ халқы "Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без" деп
қайырымдылық қасиеті жоқ басшының қадірі де болмайтынын кесіп айтады.
Адамгершілікке тәрбиелеу кезінде халық жеке адамдардың мінез-құлқында
болатын қайырымдылық пен мейірімділікке жат кейбір қолайсыз қасиеттерге сөз
құдыреті мен ертегілердің соңында бір мағына мен яғни мақал-мәтелмен
аяқтапта отырған. Жалқаулыққа қарсы:
"Жалқауға жан жуымас"
"Еріншектің ерні жібімес"
Өтірікшіге қарсы:
"Өтірік өрге баспайды"
"Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді"
Бақталастыққа қарсы:
"Бақталастың бас жоқ,
Бағы жанбас, қасы көп"
Дүниеқорлыққа қарсы:
"Дүниеде дүние жолдас емес, адам жолдас"
деп халық педагогикасы адамгершілікке жат мінездерді әшкерлеп, әдептілікті,
қайырымдылықты адамгершіліктің биік шыңына көтереді.
Қайырымдылық-мүдделі, кіріптар көмекке құштар адамдарға, табиғатқа, жан-
жануарларға іс-жүзінде жақсылық жасау. [13.74]
Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтаған Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин,
Н.Березин, В.В.Радлов, А.Е.Алектров, А.Ивновский, Л.Исаков, О.Әлжанова,
Р.Дүйсенбаев, М.Көпеевтер болса кейін М.Әуезов, С.Сейфуллин, М.Ғабдулиндер
зерттеп жинақтай бастады.
Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман мүддесі,
болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Бірақ,
ертегілердің тәрбиелік жақтарын, адамның не бір сапалық жақтарын
қалыптастырудағы оның ерекше ықпалы туралы пікір кездесе бермейді.
А.Бисенбаева "қазіргі кезде адамгершілік қасиеттер азайған, тұрақсыздық
жағдай қалыптасқан қоғамда өсіп келе жатқан жас өспірімнің бойына жоғары
азаматтық, адамгершілік қасиетгерді қалыптастыруда ғаламдастыру, интеграция
және гуманизация сияқты алдын ала анықталған тенденцияларды ескеру қажет"
деп көрсетеді.
Ертегілерге үлкен мән беріп зерттеген М.Горький "Ертегі деген нәрсе
маған басқа бір өмірдің сәулесін ашқандай, сондай жақсы өмірді ойлаған, сол
үшін қорықпай , еркін күресетін бір күш барлығын көрсеткендей болды" деді.
Бірақ, М. Горький әрі қарай бір күштің не екенін түсіндірмейді. Біздің
түсінігімізше, бала ертегіні тыңдай отырып, өмірді түрлендіре алатын күш
адаммен ғана байланысты, адамның өзінде, қолында екенін сезе алады. Адам
құдыретті күштің иесі. Қазақ ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құралы жағынан
әрі алуан. Олар бірнеше топқа яғни жанрға бөлінеді. Сюжеттері тек қазақтың
өзіне тән ертегілермен қатар басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған. Біразы
тарихи-генетикалық яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады. Сол себепті
халық ертегілері де таза ұлттықта, халықаралықта көшпелі сюжеттері бар.
Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жариялануы, зерттелуі XVIII ғасырдың II
жартысынан басталады. Ертегінің көбірек жиналып жарық көрген тұсы XIX
ғасырдың II жартысы. Бұл шақта ертегілерді қазақ оқығандары да, ақындары да
жинастырып, "Дала уалаяты" газетінде жекеленген мәтіндері жарыққа шықты.
Әсіресе Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы-ертегілерді арнайы түрде жарияланып отырды.
Ш.Уалиханов бастаған зерттеу ісі Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Бөкейханов
жалғастырды.
Ертегілерді ғылыми әрі ағартушылық мақсатта жинап жария ету, зерттеу
жұмысы XX ғасырда кең жолға қойылды. XX ғасырдың 40-50 жылдарына дейін
ертегілер көбінесе оқу-ағарту мәселесі жағынан жарияланып тұрған. Осы тұста
А.Байтұрсыновтың, X.Досмғамедовтың, Е.Ысмайловтың, М.Әуезовтың,
С.Сейфуллиннің мақалалары мен еңбектері ертегі жанрына арнайы көңіл
бөлгенін анықтайды. [ 14.115]
Сонымен қатар, қазақ ертегілерінің адамды тәрбиелеуге қатысты
ерекшеліктерін қарастырайық.
Ата-бабаларымыз үшін өмір мұраты не? Адамдық идеял қандай еді? Бала
бойына қандай сапаларды қалыптастыруды мұрат етті? дейтін болсақ, оны
ертегілердің өзінен айқын көруімізге болады. Ертегілер өз кейіпкерлерін
өмір
мұратына, адам бақытының ең биік шыңына адалдықтың, қайырымдылықтың ,
еңбектің арқасына жетумен аяқталады.
Олар: "ақ киізге салып, хан көтерілуі", "Аяз би!", "бай болып", хан
болып дүниеден өту (Қарамерген) баланың патша болуы (Алтын айдары) т.б
Демек, бай, уәзір, хан болу, хан қызына үйлену - өмір мұраты, ең жоғарғы
адамдық идеял. Ертедегі ең басты идеял немесе орын, сол өтмір мұратына
қалай жетуге болады, оған керекті адамдық қасиеттерді қандай деген сауалға
жауап беруге ең үлкен орын беріледі. Ең алдымен өмір мұратына жетуге
қазақтың даналықта бірінші кезекте келетін, ең басты сапа - ақылдылық,
қайырымдылық.
Балаларды қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында халықтың
ауыз әдебиетінің асыл мұралары-ертегі, аңыз, әңгімелер, мақал-мәтелдерді ел
арасында әділдігімен, батылдығымен аты аңызға айналған "от ауызды, орақ
тілді" шешен билер мен елі үшін жанын қиған батырларды күнделікті тәрбие
жұмыстарында өнімді пайдалануы тиіс.
Оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді жүзеге
асыру тиіс:
- баланың мінез-құлқын, тәртібін, жақсы әдеті мен дағдысын адамгершілік
дәрежесіне сай қалыптастыруда халық ауыз-әдебиетінің жанрларын қолдану -
баланың отбасында Отанға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру
мақсатында өтілетін ертегілерді іріктеу.
- Халықтың ауыз әдебиеті жанрларымен таныстырудың тиімді
жолдарын қарастыру. [15.12]
Осы қайырымдылыққа, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу негізінен
адамгершілік тәрбиесімен ұштасып жатыр. Ұлықпан Хакімнің көрсетуінше,
қайырымдылықтың мынадай жеті сипаты бар:
Ізгілікке құштарлық .
Айбатсыз елету
Міндетсіз иба
Дуалсыз қорған
Кешірім сұраудан құтылу
Періштедей тазалық
Айыптан адалдық
Демек, ақ көңіл, қарапайым болу, ізгілік жасауға құштарлық, айбат
көрсетпей-ақ, елеулі болуға, міндет қылмай-ақ сыйлы болуға қол жеткізеді.
Кішіпейілділік туралы ойшылдар көптеген қалам төккен. "Жалған
кішіпейілділік те, менмендік сияқты жиіркенішті" - К.Гольдони "Жасанды
кішіпейілділік-жақсы қасиет емес" - А.Құнанбаев "Кішіпейілділіктің
жетімсіздігі дегеніміз-ақылдың жетімсіздігі"- А.Поп [16.38]
Ал, адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі мәселелерді
ғылыми тұрғыдан алғаш рет шешкен К.Маркс пен Ф.Энгельс болады. Олардың
дәлелдеуінше адамгершілік қоғамдық дамуының жемісі. Ол қоғам өміріндегі
өзгелерге байланысты дамиды, сондықтан таптық коғамда адамгершілікте таптық
сипатта болды.
Олар мынадай сапалармен тәрбиелеуді ұсынды:
Отанды шын жүректен сүю
Дүние жүзі еңбектеріне туыстық сезім білдіру болып табылады.
Сонымен қатар чех педагогы Я.А.Коменский "Ұлы дидактика" еңбегінде тәрбие
туралы құнды пікірлерін қалдырды.
Ұлы ойшыл адамдардың аса тамаша ерекшеліктерінің бірі-эгоизмнен арылу,
көпшілік ісінің сәттілігі және әділеттілік үшін әрекет ету деп есептеді.
Я.А.Каменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу,
кішіпейілді сыпайышылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті.
Лооктың ойынша адамға қажетті тағы бір сапа – мінез-құлықтағы
мәдениеттілік. Дөрекілік, әдепсіздік, кекшілдік мінез-құлық мәдениетіне
сыйыспайтын қасиеттер деп есептейді.
Ж.Лоок іріктеп ұсынған тәрбиенің жолдары мен құрылымы:
үлгі өнеге көрсету
әдеттердіру
балалармен пікір алысу
4. намыс пен теріс ұғымдарына назар аудару [17.25]
Міне, ұлттық тәрбиенің қозғаушы күші - ұлттық санаға сіңіп қалыптасқан
салт-дәстүрлер, ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық абырой, ар, ұят, кісілік.
Бұлар жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді. Қазақ халқының игі мәдени
дәстүрлерінен туындайтын ізгілік, ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік,
қонақжайлық, иманжүзділік тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру - ұлттық
тәрбиенің құнды мақсаттары болған. Халықтың әдеп-ұрпақ тәрбиесінің түпкі
өзекті арқауы.
Тәрбиесі бас-тіл, ұлттық намыс-салт-дәстүр, ел шежіресі - тарих, Отан
орналасқан аймағы-атамекен, адами имандылық рухы-дін. Осы бесеуін ұрпақ,
бойына сіңіру, санасына құю - ата-ана мектеп, жұртшылық, қоғам парызы.
Сондықтан қазақ ертегілерінде жас ұрпағына өнеге беріп отырған. Қай
халықтың ертегісі де ұшан-теңіз қиялымен бейнеленген суреткерлік дүние.
Ертегі бізде қазіргі заманда қажет. Ол тыңдаушыларын еліктіріп,
қызықтырады. Жеткіншектердің осы ертегілерді оқыту барысында жақсылық пен
жамандықты айырып, қайырымды болуға, әдепті де ізетті болуға деген сенімін
нығайтуға көмектеседі. [18.250]
1.2 Ертегілер түрлері және оларды оқыту әдістемесі
Алғашқы рулық қоғам ыдырай бастаған кезде туған қиял-ғажайып, батырлық
ертегілер көне болып есептеледі. Адам баласы білім - жүзінде өнер болған
уақытта маңайындағы дүниені жан сырын білмегендіктен, өзіне белгісіз заттың
барлығына "құдай" деп табынған. Сол табынған нәрселері көп болғандықтан
әрқайсысы туралы арнаулы әңгімелер болған, осындай құдайлар әңгімелері ескі
грек халқында көп болады.
Заман өткен сайын, ақыл - білім өткен сайын олар табиғат нәрселерінің
құдай емес екенін білген. Сондықтан олар жойылып, бұрынғы мағыналарынан
айырылып, кейінгі айтушының аузында ертегі болып кеткен.
Ертегілі сөздің белгісі болады. Бірақ, барлық ертегі сөзін түгелімен
ойдан шыққан деп есептеуге келмейді. Оның ішінде белгілі бір шындық болған.
Кейбір ертегілер ескілікті дүниені түсінуін білдіретін болып сол ескі
замандағы ұғымның сақтап қалғаны бар. Ондай ертегілерді, ескілік әңгемесін
- "әуез" дейді.
Екінші бір түрі: сол ескілікті ұғымды білдірумен бірге елдің ескі салт
әдетін де білдіретін болады. Белгілі үлгі өсиет шығаратын да ертегілер бар.
Бұларды салт ертегісі, яки үлгілі ертегі дейді.
Қазақтағы "Құла Мерген" сондай салт пен үлгі ертегісі деп саналауға
болады. "Құла мергеннің аңшылық кәсібі, өзге елден бөлек жалғыз өмір сүріп,
ылғи мергендікпен күн көруі оның салтын білдіреді. Құла мергенге қас болған
жалмауыз кемпір барлығы да адам баласының өміріне қастық қылатын қараңғы
сырлы заттар болады. Құла мергеннің кегін алушы баласы Шүйе мерген
мергеннің ісі ақ, сондықтан ол жеңді. Қас болған қатыннан кек алды.
Жалмауызды өлтіреді. Бұл яғни "аққа зауал жоқ", "қараның ісі оңға баспайды"
деген ұғымның белгісі. [19.98]
Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: 1)
мифологиялық ( қиял - ғажайып) ертегілер
2) хайуанаттар ( жан - жануарлар) жайындағы ертегілер
3) реалистік (тұрмыс-салт) ертегілер.
Енді осы ертегілер түрлеріне кеңірек тоқталсақ:
Мифологиялық ертегілер. Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат
сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады.
Ол дәуірдегі адамдардың топ-топ болып орман, тау-тастықта жүрген кезеңнен
бастап туса да ғажап емес. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау
дәрежесі өте анайы болған. Күн, ай, от, судың жойқын күштерінің сырын
түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен
қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар
деп ұққан. Мұндай сәби мифология тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек
сақталған. Кейбір елдерде киелі аңдарға сиыну дәстүрі де болған.
Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу, матриархат пен патриархат
дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса керек. Аңшылық салты өмір сахнасынан
шыққан кезде адамдар аң, құстардың сырын танып біліп, олар жайында сан-
салалы образдар тудырған. Жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақтар матриархат
дәуірінің ұғым - нанымдары болмақ.
Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған.
Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекетін
қарсы қоятын қиял-ғажайып ертегілері осы ізде туған. Мұндай ертегілерде
реальдық адам образдары мен мифтік образдар қаз-қатар суреттеледі. Ондай
сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері "Ер Төстік", "Еділ- Жайық",
"Құла мерген", "Аламан мен Жоламен", "Күн астындағы Күнекей қыз", "Алтын
сақа", "Керқұла атты Кендебай" т.б.
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жамандық ойлап жүретін мифтік
образдардың бірі - жалмауыз кемпір. Сонымен, мифтік образдар табиғатында
адам ойының сәби, жетілмеген кезіндегі ой - нанымдарының таңбасы басым
дейміз. Оны бірде ертегі мазмұндағы қайшылық десек, бірде образдық ойдың
фольклорға тән желісі деп білеміз. М. Горький сөзімен айтар болсақ, халық
қиялы сан-алуан мифтік образдарды ойлап шығарып, солар арқылы табиғат сырын
өмір мақсатын танып білуге тырысқан.
Матриархат пен патриархат арасындағы қайшылықты білдіретін қазақтың
мифтік (қиял-ғажайып) ертегілеріне: "Алтын сақа", Күн астындағы Күнекей
қыз", "Жерден шыққан Желім батыр", "Ұшар ханның баласы", "Аламан мен
Жоламан" т.б. жатады. [20.97]
Хайуанаттар туралы ертегілер: Хайуанаттар туралы ертегілер өте ерте
кезде туындаған. Бастапқыда олар алғашқы қауым адамдарының бүкіл өмірі мен
тағдыры өзінің аң аулаудан тапқан олжасына тәуелді балықшылар мен
аңшылардың қам қаракетіне байланысты болды. Мұндай ертегілердің
қаһармандары - хайуанаттар еді, ал ертегілердің өзінде алғашқы қауымдық
сенімдердің іздері, атап айтқанда, адам мен хайуанаттардың етене
байланыстарына сенімге негізделген тотоизм іздері сақталып қалды. Алғашқы
адам төңірегіндегінің бәрін рухтандырып, өзінің қабілеті мен қасиеттерін
бірдей бөліскен, аңдарды "адам" еткен. Сөйтіп, олар ертегілерде өзара бір-
бірімен әңгімелесіп, адамның сөйлеген сөздерін түсінеді.
Көптеген аңыз-әңгіме желісіндегі ертегілер де сақталған. Олар әрине
ертегі түрінде аңдармен ұрыс-жанжалды және достасуды, сан алуан жайларды,
қызықты оқиғаларды - хайуанаттар денесінің кейбір мүшелерінің неліктен
жоқтығын, мысалы олардың құйрығының, танауының формасы неліктен өзгеше
болатындығын, олардың неліктен соншалық боялатынын және т.с.с. түсіндіреді.
Көптеген ертегілерде үлкен де күштірек хайуанаттар мен кішкентай,
әлсіздеу жануарлардың арасындағы ұрыс-кіріс пен жарыстар туралы баяндалады.
Мұндай ертегілер, әлбетте әлеуметтік әділетке талпынысты өзек етеді.
Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды.
Мысалға: "Мақта қыз бен мысық" пен "Қотыр торғай" оқиғалары
еңбек процесімен тікелей байланысын жатыр. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай
ешкіге шығады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіне қасқырға шағады,
сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары - нашарға
қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет иесі болмақ.
Әрине, хайуанаттар да ертегі кейіпкерлері - өздерінің сөзімен де
тәртібімен де осы ертегілер өмір сүріп отырған елдің адамдарын еске
түсіреді. Өйтпеске амалы жоқ, өйткені ертегі халық тіршілігінің серпінідегі
оның әрдайым бейнесі, халықтың сана-сезімнің өзіндік айнасы болады.
Халықтың меңзеп отырғаны бір ғана аңдар арасындағы жайлар емес, әлеумет
өміріндегі теңсіздіктер, содан құтылу - күнкөріс, өмір сүрудің шарты дейтін
мәже болмақ . [21.8]
Реалистік (тұрмыс-салт) ертегілер. Бұл ертегілер - өмір шындығына жақын,
ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас
қаһармандары патша, уәзір, хан болып келеді. Ал, қазақ халқының шыншыл -
реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нұсқалары мәндірек. Мұндай
ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбақ шал.
Көптеген ертегілердің рухани сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен
жақсылықтың аңғарғанын біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам
өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-
мүдделерін де жақсы байқаймыз.
"Жақсылық пен жамандық" "Үш ауыз сөз" ертегілері мінез, мораль
тақырыптарына құралған жамандық жаяу келе жатып, жақсылықтың атын мініп
өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын
иемденіп, мұратына жетсе, ал ақылсыз жамандық қасқыр мен арыстанға жем
болады.
Шыншыл - реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан
шығады. Мұның ғажап үлгісі - Аяз би.
Салт ертегісінің бір түрі- мысқыл, мазақ ертегілер. Бұдан да ұрыстық пен
терістіктің тартысы көрсетілетін болады. Бірақ жамандық иесі мазақ, күлкі
болып көрсетіледі. Мысалы: қу шал мен жалмауыз диюлар әңгімелері бұлай
болғанда ертегі деп баяғы замандағы елдің көз қарасын білдіретін, я сол көз
қарастың белгілі бір ізін көрсететін, онан соң белгілі бір елдің салтын
білдіріп, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп
айтатын, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.
Тұрмыс-салт ертегілерінен басқа кейде өзінің сипаты жөнінен ертегіге;
жақындай түсетін новеллалық ертегілер, авантюристік ертегілер (оқиғалар
туралы) және авантюристік - новеллалық ертегілер түрлері де болады.
Негізінен ертегіде сюжет жұмыр болады. Онын мәнісі - ертегі әңгімелеп
айтуға негізделген эпикалық жанрдың бірінен саналады. Қазақ фольклорындағы
эпизм формаларында ертегі, аңыз, эпос, ал лиро-эпостық үлгілерге ғашықтық
жырлары жатады. Ертегі образдары мифтік, аллегориялық және реалистік болып
келеді. Ертегіде типтендіру жоқ. Образдары өзгермейді. Мысалы: біреу туа
батыр, біреу туа жауыз, біреу туа қу. Олардың кәсібі, жас ерекшеліктері де
өзгермейді. [22.3]
А.Кенжеғұлованың "Қазақ балалар әдебиеті" деген әдістемелік еңбегінде
осы ертегілердің түрлеріне кеңірек тоқталған.
Енді, осы ертегілердің түрлеріндегі ерекшелікке мән беретін болсақ, қиял-
ғажайып ертегілерді ертекші айтқан кезде мына ерекшеліктерді сақтап айту
керек.
Бірінші ерекшілік: Ертектің басталуы, яғни құлағы. "Ерте, ерте, ерте
екен, ешкі жүні бөрте екен", " Қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын
екен", "Баяғы ерте заманда, дін мұсылман аманда" немесе "Есте жоқ, ескі
заманда" деп келеді.
Екінші ерекшелік: Ертегі ортасында құбыжық пішінді жат жандар туралы
айтарда "Абалақтай анам-ай, қайдан келдің балам-ай?" немесе "Адамзат иесі
шығады!" деген сөздер айтылады.
Үшінші ерекшелік: Ерте бітер кезде "Барша мұрат басына жетіп, сақалы,
сирағына жетіп, бір жан өтіпті" деген тәрізді сөздермен аяқталады.
Хайуанаттар жайындағы ертегілердің екі түрі бар. Бірінде хайуан мінез
-құлықтарын дәл хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез-құлыққа
мысқыл ретінде қолданған. Екінішісінде хайуанды анық хайуанның өзі ретінде
суреттейді.
Хайуанаттар жайындағы
ертегілер
Заттарды адамдарда кездесетін
мінез-құлықтарды сынап,
мысқылдап, әжуа ету үшін
қолданады.
Хайуанаттарды анық хайуан-ның
тіршілігін, өмірін сурет-теу
үшін қолданатын ертегілер
Қиял-ғажайып ертегілері мен хайуанаттар жайындағы ертегілерден шыншыл
ертегілер мүлде басқаша, ерекше болып келеді.
Бұл еретегілерді оқи отырып, пайдалы өсиет, ақыл үйренесің.
Кейіпкерлерді ақылды жігіт, асыл қыз, елін асырайтын шебер, әке мен бала
болып келеді.
Сонымен қатар батырлық ертегілер бар. Ол ертегілер екі топқа бөлінеді:
Көне заманда пайда болған ертегілер. Мысалы, ондай ертегілерге "Ер Төстік",
"Керқұла атты Кендебай" ертегілері жатады.
Батырлар жырларынан туған ертегілер. Мұндай ертегілерге "Қамбар батыр",
"Алпамыс батыр" туралы жырлардан шыққан ертегілер жатады. [23.23]
Осы ертегілер арқылы адам өзінің әрбір ойына, әрбір ісіне баға беріп
отырады. Ізгі ойы, ізгі ісі адамды жағымды мінез тудырады. Адам осы сезімі
арқылы жауыздықтан безу, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке ұмтылу
керек екенін тұсінеді. [24. 134]
Халық әдептілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ
өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-
ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында ақылдылық
пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар
көрсетіледі.
Ертегілердің тәрбиелік маңызы өте зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар
қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді
бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі
тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі
оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады. Ертегілерді
оқуда мыналар ескерілуі керек:
Ертегіні оқу барысында "бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді" деудің
қажеті жоқ, балықтың жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де
біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды көңілдендіреді,
армандауға үйретеді.
Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме үйретудің пайдасы мол. Ертегі
кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір екі айқын белгілерді
көрсетіп, айқын түсінікті болып келеді.
Қара сөзбен жазылған ертегілер текстке жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде
ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп айтып береді.
Ертегі балаларға жоспар жасау үшінде өте қолайлы. Оларды бөлімдерге
бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т.б осындай
жұмыстарды 2-3 сынып оқушылары орындай алады. Ал, 4 сыныпта, ертегіге өз
беттерімен жоспар жасауға тапсырылады.
Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.
Кейбір ертегілерді пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан
тыс сабақтарда балаларға орындауға болады.
Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ
игереді. Сондықтан бір қатар ертегілерді жалпы оқығанда идеясын ғана
әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға болады. [25.73]
Негізінен оқулықтарда ертегілердің қара сөзбен жазылған түрлеріде
берілген. Ертегілерді оқытуда ең басты мына мәселелерге көңіл белу керек:
ертегілердің жанрлық ерекшелігін таныту, яғни әдеби-теориялық ұғымдар
бермеу.
Сюжет пен композициядағы жымдастық, тұтастық, өзіндік ерекшеліктерін
білдіру.
Тіл құрылысы ұйқаспен, тақырыппен келуі, баяндау, суреттеу, портреттеу
шеберлігі, бейнелі сөздердін мол келуі, оқиғалардың қызықтығы, тілінің
жатықтығы. Ертегінің бай тілі-халқымыздың ғасырдан-ғасырға келе
жатқан байырғы тарихи тілі екендігі. Қай ертегі болмасын халық
арманына, тілегіне сай тек жақсылықпен бақытқа жетумен аяқталады.
Ертегілерді оқытуда қандай әдіс-тәсілде, оқу формалары, сабақ типтері
тиімді саналады?
Ең алдымен оқушыларға ертегіні оқыту, мазмұнын толық меңгету мәселесін
ойластыру керек.
Мазмұнын меңгерте отырып, оның негізіндегі идея, айтайын
деген ой туралы сөз қозғау.
Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны толық
сақталынған толық жоспар, ең басты оқиғаларға негізделген тұжырымды жоспар,
эпизодтарға бөлу, әр эпизодқа ат қою, сұрақтар, тапсырма жүйесін ойластыру,
оқушылардың қабілеті, икем дағдысын арттыруға байланысты жұмыс түрлерін
жүргізу. [26. 114]
2. Әдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту барысында оқушыларды
қайырымдылыкка тәрбиелеу.
2.1. Көркем шығармалар арқылы бала бойындағы тәрбиені қалыптастыру.
Оқушылардың бойында еңбекке деген құрметі мен ілтипатын қалыптастыруда
Әдебиеттік оқу пәнінің ықпалы зор. Мұнда көркем шығарма түрлерін жүйелі
оқыта отырып, шығармашыл дара тұлға қалыптастырамыз. Дара тұлғаның
ерекшелігі - еңбекке икемделігі, еңбексүйгіштігі. Көркем шығармалар арқылы
бала бойында еңбек тәрбиесіне қатысты төмендегідей қасиеттер қалыптасады:
- еңбекке, үлкендердің еңбегіне құрметгтен қарау;
- еңбекке қызығуға тәрбиелеу, еңбек тапсырмасын адал орындауға
қанағаттану;
ұжым еңбегіне сүйсіну, жолдасына көмектесу, ұжымда еңбек етуге
дағдылану;
еңбек тәртібіне тәрбиелеу, жолдастарын еңбекке жұмылдыра білу;
еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін
қалыптастыру.
Халық өзінің ертегілерінде қиял түрінде болса да, қоғам өмірінің
көптеген мәселелері жайында ой қозғайды. Оларды халық тілегі, қоғам мүддесі
тұрғысынан сөз етеді. Халық нені ұнатып, нені жек көретіні жайында пікір
білдіріп, баға беріп отырады.
Бір топ ертегілерде жауыздық пен ізгілікті, еңбексүйгіштік пен
жалқаулықты, тапқырлық пен топастықты салыстырмалы түрде сөз етіп,
ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы ишарамен мегзей отырып,
жақсыдан үйренуді, жаманнан жиренуді өсиет етеді.
Ертегілік проза, яғни ертегілер тақырыбына, сюжетіне қарай бірнеше
жанрлық түрге бөлініп жіктеледі. Мұны ғалымдар өз еңбектерінде төмендегідей
жіктеп көрсетеді.
1-кесте
Зерттеуші Ертегілердің жанрлық түрлері
ғалымдар
М.Әуезов қиял- хайуанат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz