Нарықтық инфрақұрылымның дамуын басқару


Жоспар
Кіріспе.
I. Нарықтық инфрақұрылымның дамуын басқарудың
теориялық негіздері . . . 3
1. 1. Инфрақұрылымның мәні мен маңызы . . . 5
1. 2 Инфрақұрылымның әлем - нарығындағы орны
мен рөлі . . . 13
II. Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша
өндірістік инфрақұрылымның дамуын талдау.
2. 1. Қазақстан Республикасы бойынша көлік
шаруашылығының қазіргі жағдайы . . . 17
2. 2. Оңтүстік Қазақстан Облысы салалары
бойынша инфрақұрылым дамуын талдау . . . 20
2. 3. Инфрақұрылымдық жүйе іс - әрекетінің тиімділігін
бағалау . . . 25
III. ҚР-ның Еңбек ресурстар нарығы және оны жетілдіру.
3. 1. Еңбек ресурстары және нарық жағдайындағы
жұмысбастылық . . . 28
3. 2. Жұмыс күші нарығының инфрақұрылымы және оның
болашағы . . . 32
Қорытынды . . . 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 38
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, нарықтық экономикаға енгеннен кейін, экономикалық және әлеуметтік, сонымен қатар инфрақұрылымдық жағдайды ескере бастады. Тәуелсіздікке ие болғанымызға 15 жыл болса да, экономикамыз жоғары көтеріліп, көптеген оңды жетістіктерге жетті. Соның ішінде өндірістік инфрақұрылымның дамуы, яғни көлік және байланыстың жағдайы көтеріліп қалғанын байқауымызға болады.
Қазіргі таңда инфрақұрылымды дамыту экономиканы көтерудің бірден - бір жолы болып отыр, яғни жаңадан салынып жатқан автожолдар, соның ішінде Алматы - Астана тас жолы темір жолдар, Самара - Шымкент сияқты автокөлік жолдары қолдануға беріліп отыр.
Ел президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында да осы инфрақұрылым туралы айтқан болатын. Ондағы мәселе, көлік мәселесі және авто, әуе, темір, су жолдарын қайта қалпына келтіру туралы болатын, яғни оларды дұрыс қолдану, сонымен қатар экономикаға тиімді ету мәселері туралы айтылған болатын.
Осы мәселелерді айта келе, жұмысымыздың алдында осы өндірістік инфрақұрылымның мәні, элементі, пайда болуы, функциялары туралы, сонымен қатар инфрақұрылымның әлемдік рынокта алатын рөлі туралы талқыланады. Ондағы басты проблемалар Қазақстан Республикасындағы көлік шаруашылығын дамытудың көздері мен ондағы туындап жатқан мәселелерді қалай шешуге болатындығы. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көлік шаруашылығын дамыту мәселесі, ондағы туындаған проблемаларға бағыт беріп, өз ұсыныстарымызды береміз.
Инфрақұрылым экономикалық және әлеуметтік қайта өндіріске қажетті жағдай жасайтын салалар мен өндірістердің кешені ретінде беріледі. Ол өндіріс процесінде пайда болатын технологиялық, өндірістік, экономикалық байланыстарды өткізу жолымен агроөнеркәсіп кешенінің тиімді қызмет атқаруына ықпал етеді.
Инфрақұрылым қоғамның өндіргіш күштерінің бөлінетін бөлшегі болып табылады. Ол өнеркәсіп пен ұйымдардың тиімді қызмет атқаруының қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіп кешенінің соңғы өнімі көп мөлшерде және жоғары сапамен алуға бағытталған. Ауыл шаруашылық өнімінің барлық өндірісі нәтижесінде негізгі өндіріс қорларымен және айналым құралдарымен, техникамен, құрал-жабдықтармен, еңбек ресурстарының және қызмет көрсететін өндірістер мен ұйымдардың даму дәрежесіне байланысты болады
Нарықтық инфрақұрылымның дамуын басқарудың теориялық негіздері.
1. 1. Инфрақұрылымның мәні мен маңызы, элементтері.
Инфрақұрылым термині экономикалық әдебиетте хх ғасырдың 40 - жылдар аяғында пайда болған. Өзінің экономикалық және басқарушылық мазмұны бойынша салалардың, ірі объектілердің, мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық даму негізін құрайтын, сондай - ақ табыстың көбеюіне негізделген және материалды заттық құндылықтар өндірілетін ірі өнеркәсіптік, және ауыл шаруашылық өнеркәсіптерінің дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызатын халық шаруашылық салаларының жұмысын қамтамасыз ететін қызмет түрлерінің жиынтығы. потенциалы дегеніміз - мемлекеттегі оның қызмет істеуіне және дамуына бөлетін еңбек, материал және дамуына бөлетін еңбек, материал және қаржы ресурстарының жиынтығы. Инфрақұрылымның экономикалық әлеуетінің даму процестері өз қызметтерін инвестиция бағдарламасының тұжырымдамалық қалыптасу жәнетаралу принциптер жиынтығын көрсететін инвестициялық саясаттан табады.
Жұмыс істеу өрісіне байланысты инфрақұрылымды экономикалық, әлеуметтік, өндірістік және рыноктық деп классификациялауға болады. Соңғысы маңызды шарттарының бірі және басқарудың рыноктық жүйесінің қалыптасуының негізгі атрибуты болып табылады.
Инфрақұрылым - бұл кез келген біртұтас экономикалық жүйенің қажетті құрамдас бөлісі.
Бизнеске сәйкес инфрақұрылым іскерлік қатынастардың қозғалысын жанамалайтын осы қатынастардың әр түрлілігіне және әр түрлі субъектілігіне қарамастан біртұтас байланыстарын ұйымдық - құқықтық формалардың жиынтығын көрсетеді.
Кәсіпкерлер, жалдамалы жұмысшылар, тұтынушылар арасындығы өзара қатынастар осы қатынастарды орнатып және сол арқылы аталған субъектілердің өз іскерлік қызығушылықтарын іске асыруға көмектесетін көптеген аралық формаларға байланысты. Қазіргі рыноктық экономикада осындай формалар (бизнес инфрақұрылымының элементтері) мыналар:
несиелік жүйе және коммерциялық банктер;
эмиссиялық жүйе және эмиссиялық банктер;
тауарлық, шикізаттық, фондық және валюта биржаларында ұйымдық жасалған делдалдық;
аукциондар, жәрмеңкелер, т. б. ұйымдық -делдалдық түрлері;
халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу жүйесі және жұмыспен қамтамасыз етілуіне көмектесу орталықтары;
ақпараттық технологиялар және іскерлік коммуникация құралдарысалық жүйесі және салық инспекциясы;
коммерциялық, шаруашылық тәуекелділігін сақтандыру жүйесі және сақтандыру компаниялары;
арнайы жарнамалық агенттері, ақпараттық агенттіктер және бұқаралық ақпарат құралдары;
сауда палаталары;
кедендік жүйе;
жалданып жұмыс істейтіндердің кәсіподақтары;
коммерциялық көтерме кешендері;
орта және жоғарғы экономикалық білім жүйесі;
консультациялық (консалтингтік) компаниялар;
аудиторлық компаниялар;
еркін кәсіпкерліктің арнайы зоналары.
Осы аталған инфрақұоылым элементтері арасында, бизнес адам арасындағы қатынастық мәдениет түрі болып табылады. Ерекше маңызы бар нәрсе, ол инфрақұрылым элементтерінің бизнесмендерге сырттан байланысты болмағаны, олар іскерлік қатынастардан шыққан нәтиже.
Инфрақұрылым бірқатар маңызды функцияларды атқарады:
іскерлік қатынастардың ұйымдық құжатталуы;
іскерлік қатынастардың қатысушыларына өз мақсаттарының іске асырылуына жеңілдік жасау;
әр түрлі экономикалық субъектілердің мамандануы, олардың жұмысының жылдамдығын және тиімділігін жоғарлату;
бақылаудың заңдық және экономикалық түрлерін жеңілдету
Қазақстан Республикасы экономикасын тұрақтандыру бағдарламасы бойынша толық құқықты рыноктың құрылуы - соған сәйкес инфрақұрылым қалыптасуын жүзеге асырады. Оның негізгі элементтері мыналар:
жалпы рынокта көтерме саудаға арналған тауар биржалары ол
арқылы мемлекет не алдыңғы орынды алады немесе өз қажеттілігінің негізгі бөлігін жабады. «Тауарлық биржалар туралы» заң (Қазақстан Республикасы 13 маусымда, 1991 жылы) қабылданып, кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің бұған қатысты жаңа Жарлығы жарияланды. Сөйтіп «Тауар биржалары туралы» (20. 03. 94ж. ) алғашқы заң өз күшін жойды. Осы заңда былай жазылған: Тауарлық биржа - сауда жүргізу ережелері мен орынның тұрақтылық жағдайында, еркін баға тауарларымен көтерме саудаға жағдай жасайтын коммерциялық кәсіпорын.
Қазіргі заманда маңызды әлеуметтік - экономикалық факторлардың арақатынасы өзгеріп, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және күрделі құрылыс өсуі төмендеген кезде инфрақұрылымның кем дамуы еліміздің, өңірдің және әлемнің шаруашылықтары өсуінің әлеуетті мүмкіншіліктеріне едәуір кедергі болуы ықтимал. Осы саланы жетілдіру өндірісті қарқындатудың, мемлекеттің экономикалық әлуетін толық және ұтымды пайдаланудың маңызды жолдарының бірі болып табылады.
Өндіріс пен оның салаларына қызмет көрсетудің өзара байланысы проблемалары «инфрақұрылым» аталымы шығудан бұрын пайда болған.
Көптеген шарушылық жүйелерінің тауар қозғалысына қатысуы және ол процестер нәтижесінің сол шаруашылық жүйелердің арақатынастары мен олардың нақты үлесіне, сонымен қатар инфрақұрылымның бөлек салалаының іс - әрекетіне және бүкіл өндірістік инфрақұрылым шаруашылығының түпкілікті нәтижесіне әсер ететін көптеген жан - жаққа бағытталған вектор - факторлардың орын алуы себептеріне тәуелділігі инфрақұрылым салалары мен ондағы іс-әрекет жиынтығын біртұтас мақсатты кешен ретінде, бір шаруашылықтың қосалқы жүйесі ретінде қарастырудың объективті қажеттігін білдіреді. Қоғамдық өндірістегі инфрақұрылым жүйесінің ролі мен орнын толығырақ түсіну үшін, оған жан-жақты баға беріп, сипат жасау ләлізім. Инфрақұрылымды экономикалық санат ретінде қарастырғанда, инфрақұрылым мәнін анықтаудың әдістемелік елеулілігімен қатар практикалық мәнділігі де зор. Бұл проблеманың шешілуі, ең алдымен, қазіргі қолданып жатқан негізгі өндіріс пен инфрақұрылым салаларының арасында инвестицияны үлестіру тәсілін өзгертуге мүмкіндік жасайды; еңбек өнімділігін өсірудің және шығындар тиімділігін көтерудің қосымша резервін табуға және мемлекеттің ұлттық табысн дұрыс санап шығарып, оны тиімді пайдалануға жол салады.
Инфрақұрылым мәнін анықтаудан бұрын, алдымен, бұл түсініктің өзіндік ерекшелігімен сипатталатын меншік түрінің экономикалық категориясы емес екендігін ескертуді жөн көрдік.
Дамыған өндіріс жүйесінде инфрақұрылымның маңызды орны мен ролін мойындай тұра, экономистердің көпшілігі инфрақұрылымдық қызметтің экономикалық мазмұнын, өндіргіш еңбектің спецификалық түрін, өндіріс, айналым және тұтыну сфераларында инфрақұрылымның жіктелуі, инфрақұрылымның салаларын бөліну белгілері мен құрылымын анықтау, ондағы қызметтердің түрлерін іріктеп, өзара ынтымақтастық пен арақатынастың бағыныштылығы, инфрақұрылым тиімділігін бағалау және басқа да нақты проблеманы талқылауға келгенде көзқарастары алшақтайды.
Алайда, егер инфрақұрылымның туындауы мен дамуы өндірістің қоғамдық формасына байланысты болмайды дегенде де, оның өндірістік қатынастар жүйесі мен өндірістің салалық құрылымындағы ролі және орны, қаржыландыру қайнар - көздері, оның шығаратын өнімінің пайдалану бағыттары сол қоғамдық - экономикалық даму сатысының өндірісті өрбітуге уәжі мен басты мақсатына бағынышты келеді.
Сонымен, өндірістік инфрақұрылым түсінігіне және инфрақұрылымдық іс - әрекет түрлері мен оның салаларын қамтитын басты белгілерін анықтау жолындағы айтылғанды қортындыласа, келесі негізгі ережелерге тоқайластыруға болады:
- инфрақұрылымның өндірістен ерекшелігі - дайын өнім немесе энергия түрлерін өндіріп шығармайды, ол тек қана өндірістің қалыпты жұмыс істеуіне қажетті жалпы жағдайды жасайды;
- материалдық құрамдастарының мөлшеріне, құрамына, орнына және мерзіміне қарай қоғамдық өнімнің материалдық ағымдарын синхронизациялау арқылы кеңейтілген ұдайы өндірістің үздіксіз істеуін өндірістік инфрақұрылым қамсыздандырады;
- сөйтіп өндірістік инфрақұрылым бүкіл қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеріп, оның құрамындағы бөлек процестерінің үнемділігін қамтамасыз етеді.
Дамыған экономикада қоғамдық өндірістің үзбей және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыздайтын жалпы жағдайлардың ролі мен маңыздылығы үнемі өседі.
Инфрақұрылым халық шаруашылығының құрамындағы қосалқы жүйе бола отырып, осындай жағдайлар тудырады. Сондықтан инфрақұрылымды бірегей кешен ретінде бөліп қарастыру қажет. Сонымен қатар қоғамдық өнім ағымдары мен қоғамдық өндірістің тиімділігінің, синхронизациялануы көбінесе сауатты басшылық пен білікті басқаруға және ақша - тауарлық қатынастардың дамыуына тағы басқа да факторларға тәуелді.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде өндірістік инфрақұрылым сферасының аясы өнім айналымы процесін жеделдетуді қамтамасыз ететін салалар мен элененттерін қамтиды, олардың қатарында : көлік, байланыс, өндіріс құралдары, тауарлық айналымның салалары, соның ішінде материалдық - техникалық қамсыздандыру да бар. Аталған инфрақұрылымның "дәстүрлі" салаларынан басқа, осы құрамған ақпараттық және экономикалық - математикалық моделдеу жүйелерін, есептеу техникасын қосқан жөн. Ауыл шаруашылығының инфрақұрылымдық объектілеріне, біздің пікірімізше, ауылдық жерлерді суғару және мелиоарациялық қосу орынды болады деп санаймыз. Ал инфрақұрылым "ұйытқысын " құрайтын сала - элементтердің тізімін ұлғайтуға берудің ұтымсыз болуы мүмкін, себебі ондай ұлғайту басқа ұдайы өндірістік категорияларды сипаттауына араласып, нұқсан келтіреді.
Инфрақұрылымның кеңістік жағдайын қарағанда оның элементтерінің орналасуы мен кеңістік байланысы тұрғысынан көз салу керек. Инфрақұрылым әр түрлі деңгейде - әлемдік,
Қазақстан Республикасының көлік кәсіпорындарының саны.
Қазақстан Республикасының көлік құралдары.
Қазақстан Респуликасының қатынас жолдарының пайдаланылатын ұзындығы.
Байланыс.
Жалпы пайдаланудағы байланыстың негізгі көрсеткіштері.
1. 2 Инфрақұрылымның әлем нарығындағы орны мен ролі.
Инфрақұрылым әртүрлі деңгейде-әлемдік, аймақтық және оның түрі -магистральдік, локальдік жүйелер болып орын алады. Нарық өндіріс, тауар, қызмет көрсету, капитал айналымымен оларды үлестіру ақша құралының қозғалысы процестерінде қалыптасатын экономикалық, техникалық, технологиялық ұйымдастырушылық, экологиялық, ғылыми, т. б. қатынастардың жиынтығына сипаттама береді. оларға тән ерекшелік -субъектілерінің сатушылар мен сатып алушылардың таңдауындағы, бағаны тағайындаудағы, ресурс көз-қайнарларын қалыптастырып, пайдалануындағы еркіндігі. Сондықтан инфрақұрылым нарықтық экономиканың негізгі элементі болып табылады.
Нарықтық инфрақұрылым -басты міндеті өнімді өндірушіден тұтынушыға жеткізу болып табылатын салалар, ішкі салалар, іс-әрекет сфералары. Дамыған нарықтық инфрақұрылым экономикадағы құралдар айналымын жеделдетудің және жаңадан жасалған құнды өткізу процесінің алғы шарттарын әзірлейді.
Жалпы талаптарға сай келтіріп, қалыптастырылған көліктік, телекоммуникациялық, энергетикалық және институтционалдық жүйесіз, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік-мәдени сфераларсыз бірегей ұлттық нарықты қалыптастыру, оның аймақтық және әлемдік нарыққа енуі мүмкін емес.
Нарықтық инфрақұрылым орбитасына адамзат іс-әрекетінің өндірістік, бейөндірістік, қаржылық рухани, жалпы айтса барлық сферасы тартылады. Нарықтық қатынастардың маңызды инфрақұрылымдық элементтері болып капиталдар, құнды қағаздар және т. б. рыноктарының жұмыс істеуін қамтамассыз ететін жүйелер саналады. Осындай рыноктардың әсерімен қалыптасатын инфрақұрылымдық буындар мен бөлімшелермен жүйелері төмендегі негізгі қызметтерді атқаруы қажет:
-ақпараттық;
-делдалдық;
-баға қалыптастырушысы;
-реттеуші;
-қалыпқа келтірушісі;
Халықаралық және мемлекеттік маңызы бар инфрақұрылымдық мәселелердің осылай ұлғайтылуы әлемнің нарықтық жүйесі дамуының барысынан шығады, өйткені қоғамдық өндіріс өсуінің қарқыны мен оныңэкономикалық тиімділігін көтеру бірталай дәрежеде инфрақұрылым дамуына және тұтынушыларына қызмет көрсету деңгейіне тәуелді.
Көлік инфрақұрылымдық кешенінің приоритеттік саласына айналды, ал көліктік ресурс болса, өндірістік потенциялының жетекші
ресурсы болды. Сондықтан қазіргі нарықтық экономиканы оның көлікке тәуелділігінің жоғарылауы сипаттайды.
Бұл көліктің ерекше сипаты -тарифтерінің бекітілген және олардың өзгеруі туралы алдын ала жарияланып тұратыны. Алайда әр мемлекетте тарифтерін қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері кездеседі:Германия-тұрақты және арнайы тарифтер, Белгия-тұрақты тасымалдау бағасы, Англияда-тарифтер нарық конъюктурасына қарай еркін белгіленеді. Бұндай жағдайда бірнеше Еуропалық т. б. елдермен тауады тасымалдаған кезде көп қиындық туғызады.
Жүк тасымалдауды 2 котегорияға бөлуге болады:тұрақты және тұрақсыз. Алдымен, ондай бөлу теңіз көлігінде қолданыла бастаған-тұрақты тасымалдауды желілік тасымалдау, ал тұрақсызын трамптық деп атайды.
Теңіз тасымалдау нарығы сыртқы саудадағы жүк тасымалдау көлігінің маңызды бөлігін атқарады. Оны мұнай құюшы, құрғақжүкті және желілік фрахты түрге бөледі.
Мұнайқұюшы флот әр түрлі отындар тасымалдайды. Тасымалдау нарығының жағдайы әлемдік мұнай өнімдері саудасын жариялайтын көптеген газет-журналдрда паш етіледі.
Құрғақжүкті флот көлемді құрғақжүктердің рыногын қамтамассыз етеді.
Желілік кеме қатынасын кеме иелері бірлестігі құраған. Бұл жүйе нақты бағыттар бойынша жүк тасымалын қамтамассыз етеді және негізінде дайын бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың халықаралық саудасына қызмет жасайды.
Фрахт жасау (фрахттау) - тауар тасымалдаудың кең тараған түрі.
Әлемдік жүк айналымының абсолюттік көрсеткіштері туралы мәліметтерге жүгінсек, автомобильдік, құбыр желілік және әуе көлігінің үлесі өсіп, теміржолдың үлесі азайып бара жатқанын, ал теңіз көлігінің үлесі жоғары да тұрақты қалыпта сақталып, ол халықаралық
экономикалық байланыстарды көлікпен қамтамасыз ету саласында, егер тасыған тонналармен қатар жүктің тасылған қашықтығында есептесе, алғы шепте жетекші орында тұрғанын қуаттауға болады.
Жалпы алғанда, халықаралық нарық жүйесінде көліктің бөлек түрлері атқаратын рөлін келесі сипаттама негізінде бағалайды:
ең жылдам және ең қымбат әуе көлігінде тасымалдау шығындары қашықтық ұлғаюына қарай күрт азая түседі. Әуе көлігімен салыстырғанда, автомобильдік және теміржол көлігінде қашықтық ұлғаюына байланысты шығындардың азаю дәрежесі төмендеу. Сондықтан ұзақ бағыттарда әуе көлігінің автомобиль және теміржол көлігімен бәсекелесуге икемділігі жетеді.
теміржол көлігімен тасымалдаудың бағыттары алдын - ала жолдың өзімен - ақ шектелуі. Көліктің бұл түрінде, басқаларына қарағанда, жолпы пайдалану шығындары көлемінде тұрақты құрылғыларды ұстауға жұмсалатын шығынның үлесі ең жоғары.
теңіз көлігінде де тұрақты құрылғыларды ұстауға жұмсалатын шығынның үлесі едәуір жоғары. Бұл жағдайда қысқа бағыттарда оның бәсекеге икемділігін азайтады.
Автомобильдік көлікте пайдалану шығындары ең жоғары болып саналады. Бірақ, тұрақты құрылғыларды ұстауға жұмсалатын шығын шамамен алғанда онша көп емес. Сондықтан бұл көлік қысқа қашықтықта тасымалдау нарығында бәсекеге икемді болып тұрады.
Құбыр желісімен тасымалдау өте үнемді. Мұнайды құбыр желісі арқылы тасымалдау оны темір жолмен тасығаны үш есе арзан, су көлігімен тасығаннан екі есе арзан. Ал газды тек құбыр желісі арқылы ғана айдайды.
Көліктегі бәсеке икемділігін және оны мемлекеттік реттеуді талдау кезінде ескеретін маңызды фактор - басқа салаларға қарағанда бұл сферадағы пайда нормасының төмендігі. Қазіргі заманда көліктегі өнім мен осы саладағы капиталдың негізгі бөлігі саны шектеулі ірі көлік компаниялары мен фирмалардың меншігінде. Дегенмен, көлікте монополиялардың орын алуына қарап, бұл салада бәсеке жоқ деуге болмайды. Бірнеше ірі көлік компаниялары келісіп, бірегей саясат жүргізгеннің өзінде, бәсекенің қысым - ықпалы жаңа көлік компанияларының ашылуы түрінде, тасымалдау қызметінің импортталуы түрінде және көліктің тасымалдаушылардың қолғабысынан тұрады. Телекоммуникациялық жүйелер нарықтық инфрақұрылымда ерекше орын алып тұр.
2. Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша өндірістік инфрақұрылымның дамуын талдау
2. 1 Қ Р-сы бойынша көлік шарушылығының қазіргі жағдайы
Жалпы Қазақстан өңірін алатын болсақ, 2003жылы транспорт жағынан, яғни Алматы-Астана және Астана және Бурабай автомобиль жолдары пайдалануға берілді. Жаңа жүрдек пойыз жолаушыларды Астанадан Алматыға дейін 12 сағатта жеткізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz