«Адамның бақыты – балада»


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты - балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға өмірдегі бақытты - тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні - өзұрпағы.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы - ата-анасы», деп қазақ бекер айтпаған. Бала үшін ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттерді балаға жанұяда қалыптастыру керек. Балаға тәрбие сөзбен, теориямен ғана емес үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы.

Ата-анабала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата-ананың басты парызы. Бала - әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Ата-анаға көз қуаныш

Алдына алған еркесi,

Көңiлiне көп жұбаныш,

Гүлденiп ой өлкесi - депұлы Абай бала ата-ананың қуанышы, гүлденген үмiт-арманы екенiн тебiрене жырлап кеткенi бәрiмiзге мәлiм.

Ислам діні отбасыға перзент бойына сүйіспеншілік пен өзара көмектесу, жанашырлық сезімін қалыптастыратын қасиетті шаңырақ ретінде қарайды. Ұрпақтың жалғасып, олардың баянды өсіп-жетілуі ата-анаға тікелей байланысты. Алла тағала ұрпақтың жалғасуын негізгі бес қасиетті ұғымдардың қатарына қосып, оның сақталуына үлкен маңыз артқан. Қасиетті шаңырақты шайқалтпай негізін қалыптастыратын ең берік тірек - әке-шеше. Баланың жарқын болашағы мен бақыты үшін тыным таппай шарқ ұрған ата-ананың балаға деген мейірімі мен өмірде тартқан тауқыметінің қандай болатынын кесіп-пішіп айту аса қиын. Ислам діні жанұяның ең негізгі екі тірегі - ата-анаға ерекше мән берген. Мықты отбасы негізінде баянды қоғам қалыптасатынын айта отырып, осы күрделі мәселеге қатысты бұлжымас қағидаларды орнықтырған.

Қазақ отбасында атам заманнан отағасының орны ерекше болған. Өкінішке орай, осы бір тамаша үрдіс бүгінгі таңда өз құнын жоғалтып алды. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Олай дейтініміз, ерлер ежелден отбасының асыраушысы саналған. «Сананы тұрмыс билеген» қазіргі қоғамда дәл осы мәселеде ер-азаматтардың сағы сынып тұр. Бүгінгі таңда арамызда тірі жетімдер мен жалғыз ілікті аналар көп. Атам қазақ қай кезде жетімін жат қолына жіберіп еді. Тіпті, жесірлерін де қара бала қамы үшін қаңғытпаған. Ал, қазір ше, бәрі керісінше. Бес баланың екеуі, не үшеуі әкесіз. Алланың жазуымен жетімдік күйін кешсе де мейлі ғой. Жауапсыздық құрбанына айналған тірі жетімдер. Әкелерін не бар, не жоқ деуге дәттері жетпей қыбыжықтаған қара көздерге қарап жүрегің езіледі.

Көңілдері жараспаған жандардың ерте ме, кеш пе, әйтеуір ажырасатыны анық. Солай бола тұра балаларына өз іс-әрекеттерінің зардабын тарттырмайтын жауапты әкелер, әрі оған түсіністікпен қарап, әрқашан баласының әкесінен алшақтамауын ойлап отыратын зерделі аналар жетерлік. Бірақ бізді ажырасу барысында балаларын қару ретінде пайдаланатын ата-аналар әрекеті қынжылтады. Баланы кәмелеттік жасқа жеткенше бағып-қағу - әке-шешеге бірдей міндет. Өкінішке қарай, бұл міндетті қазіргі заманның “әкелері” толық сезінбеуде. Жоғарыда айтқан бабадан балаға жалғасар ер-азаматқа деген оң көзқарастың төмендеу себебін осыдан іздеуіміз керек. Асқар таудай әкелер мен ақжүректі аналардың бұл әрекеттері ертеңгі болашаққа да кері ықпалын тигізері сөзсіз. Әйтпесе, Алла берген баланың тағдырын көкпарға салмай, соның келешегі үшін ортақ мәмілеге келу соншалықты қиын іс емес. Тек оған ақыл-парасат жетсе болғаны.

Ислам жалпы жақсылық жасауға, тақуалыққа үндеп, ертең нағыз әке болатын адамнан үйленуден бұрын әкелік өлшемін шынайы өлшеуін талап етті. Бұл үшін ізгі жар таңдауға үндеді. Әбу һурайрадан (р. ғ. ) риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) айтты: «Әйелдің төрт нәрсесі үшін үйленуге болады: Сұлулығы үшін, малы үшін, тегі үшін және діні үшін. Діндары әйелді таңдасаң табысты боласың» . (Бухари, Муслим, Әбу Дауд, Нәсәй) .

Шын мәнінде де, ғылыми зерттеулер құрсақтағы нәрестеге әке-шешеден мінездік және психологиялық кейбір сипаттардың өтетінін әрі баланың бұған мәжбүрлі түрде жолығатынын анықтады. Тіпті бұндай сипаттардың өтуі төртінші атасына дейін жетуі мүмкін. Демек қанмен өту, яғни атадан балаға өту ғылыми жағынан дәлелденген нәрсе.

Сондай-ақ Ислам нәресте дүниеге келген соң, ол ұл бала болсын, қыз бала болсын оның өмірін қорғауды бұйырған. Оны өлтіруді харам еткен. Алла Тағала айтқан: «Кедейшіліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да сендерді де көректендіреміз. Расында оларды өлтіру зор қателік». («Исра» сүресі, 31-аят) .

Ислам әкеге перзентіне жақсы есім таңдап қоюды бұйырды. Әрі тамақтандыру, емізу, киіндіру тәрізді басқа да мұқтаж болатын нәрселермен қамтамасыз етіп, қамқорлық жасауды міндет етіп жүктеді. Алла Тағала айтқан: «Емізуді тамамдағысы келген кісі үшін; аналар, балаларын толық екі жыл емізеді. Ананың тиісті көрегі мен киімі, баланың әкесіне міндет. Әркімге шамасы келетін ғана жүктеледі. Ана, баласы арқылы әрі әке де баласы үшін зиянға ұшратылмайды. Сондай-ақ мұрагерге де сол сияқты . . . ». («Бақара» сүресі, 233-аят) .

Сонымен қатар шариғат әкеге перзентін дұрыс та ұлы тәрбиемен тәрбиелеуді және оған мойнындағы дін істерін үйретуді, жеті жасқа келгенде намазға бұйыруды, он жасқа келгенде (егер оқымаса) ескертуді және осы жаста аға-інілерінен төсегін бөлектеуді міндет етті. Әрі оның хақында немқұрайлық жасаудан ескертті: «Алла сендерге, балаларың жайында . . . бұйырады . . . ». («Ниса» сүресі, 11-аят) .

Анас ибн Маликтен (р. ғ. ) риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (салла Аллаһу алейһи уә сәллам) айтты: «Алла Тағала әркімді табыстаған нәрсесін дұрыс не бұрыс падаланғандығы үшін жауапқа тартады. Тіпті ер кісі отбасы жөнінде де сұралады». (Ибну Хиббан жеткізген) .

Пайғамбарларда да балаларын жақсы көру, оларға жақсылықты қалау табиғаты болған. Бұл мәселеде олар да басқа адамдар іспетті.

Ибраһимды (ғ. с. ) алып қарайық. Алла Тағаланың оны таңдап, адамдарға имам еткені туралы қуанышты хабарды естігенде, осынау имамдықтың ұрпақтарына да дарығандығын қалады. Сонда тәңірлік шешім келді: «Ибраһимді (ғ. с. ) Алла сөздермен сынады. Сонда ол, оларды толық орындады. Алла: «Әрине, сені адамдарға басшы қыламын», -деді. Ол: «Ұрпақтарымнан да ете көр!», - деді. Алла: «(Ұрпақтарыңнан) залымдар сертіме жете алмайды»- деді». («Бақара» сүресі, 124-аят) .

Сондай-ақ Ибраһим (ғ. с. ) Раббысына дұға етіп тұрғанда, балаларын да осы дұғаға қосқан еді. «…Ибраһим (ғ. с. ) : «Раббым! Осы Мекке қаласын бейбіт қыл! Мені және ұлдарымды пұттарға шоқынудан ұзақ қыл!». («Ибраһим» сүресі, 35-аят) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие бастауы - отбасынан
Бала неше жаста
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Отбасында ата-ананың бала тәрбиесіне ықпалының ерекшеліктері
Мектепке дейінгі баланың мінез құлық дамуы мен сананың қалыптасуы
Сынып жетекшісінің ата - аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері
Психика және іс - әрекет
Қазақ дәстүріндегі бала тәрбиесінің қазіргі қоғаммен сабақтастығы
Бала тәрбиесі туралы
Жасөспірім кезеңнің мінезіндегі ерекшеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz