Өсімдіктердің топырақ қасиеттеріне әсері. топырақ профиліне микроорганизмдердің бөлінуі. қарапайымдылар. топырақ жәндіктері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып №4

Өсімдіктердің топырақ қасиеттеріне әсері. Топырақ профиліне микроорганизмдердің бөлінуі. Қарапайымдылар. Топырақ жәндіктері.

Топырақ түзілуі құбылысына алғашқы болып қатысқан бактериялар мен балдырлар. Олардың өлуінің нәтижесінде тау жыныстары органикалық заттармен байытылып кейін борпылдақ, ұнтақталған, қопыстылған үгілу қабатында топырақ түзілу процесстің негізі қаланды және басқа ағзалардың өсіп дамуына жағдай жасалады. (Мүктер, қырықбуындар, плауындар, қырық жапырақтектестер) . Қазір топырақ жүйесінде жоғары сатыдағы өсімдіктерге жататын ашық жабық тұқымды өсімдік тобының пайда болу нәтижесінде топырақ түзілу құбылысы әрі қарай дамып жатыр.

Топырақ профиліне мекендейтін микроорганизмдердің саналуан түрлері бар және олар әр түрлі систематикалық топтарға жіктелген. Негізгі өкілдеріне бактериялар, актиномецеттер, саңырауқұлақтар және микроскопиялық балдырлар жатады. Аталғандардың арғы тегі өсімдік тектес ағзалар болғандықтан бұлар қарапайым өсімдіктер тобына жатқызылған. Бұл топқа тән ерекшеліктері - ағзалардың құрылысы өте қарапайым және түтікті ұлпасы жоқ. Кейбір ағзалар фотосинтез арқылы тіршілік етеді. (балдырлар, жасыл балдырлар), ал басым көпшлігі сапрофиттер ретінде білінеді - яғни суда араласқан органикалық қосындылармен немесе паразиттік жолмен қоректенеді. Тіршілік үшін оттегі қажет ететін бактерияларды аэробты деп атайды. Олар органикалық заттарды түгелдей тотықтырып минералды тұздарға айналдырады. Ауаны қажет етпейтін бактериялар - анаэробтыларға жатады. Олар қанттар мен көмірсуларды жартылай ыдыратып түрлі қышқылдарды өндіреді және ашытқы ретінде қызмет жасайды. (Сүт қышқылы, сірке қышқылы, спирт қышқылы бактериялар)

Автотрофты бактериялар көбінесе тек миниралдық қосындылармен қанағаттанады және өзіне қажетті көміртекті газдан ассимиляциялауға қабілеті бар. Олардың әр түрі өзіне тән қатаң тотықсыздану процесін атқарады:

  1. Нитрификациялаушы бактериялар - амонитұздарын азот қышқылына тотықтырады.
  2. Күкірті бактериялар - күкіртті сутекті күкірт қышқылына айналдырады.
  3. Темір бактериялар - темір молекулаларды тотықтырады минералдық және органикалық заттармен қоректене білетін автотрофтарды - миксотроптар деп атайды.

Топырақтағы микроарганизмдердің арасында вируспен фагтар ерекше орын алады. Вирустар өсімдіктер және жануарлармен паразиттік ара қатынаста болады, ал фагтар бұл қатынасты микроорганиздерде білдіреді. Топырақ профиліне орналасқан микроағзаларды төменді схемамен елестетуге болады. (Схема №1)

Қарапайымдылар. Топырақ жәндіктері

Осыдан 100 жыл бұрын топырақ құрамында қарапайым жануарлардың болу мүмкіндігі үлкен күмән тудыратын. Бірақ А. Л. Бродский, В. Ф. Николюк және кейбір шетел ғалымдарының ізденістері. Микроскопиялық жануарлар үнемі топырақ ортасында кездесетіндігін дәледеді. Олардың ролі туралы екі қарма-қарсы пікір бар.

  1. Қарапайымдылар - топырақтағы микроорганизмдерге жағымсыз ықпал етеді.
  2. В. Ф. Николюк бойынша керісінше, амебалардың қатысуымен барлық микробиологиялық процесстер жылдамдатылады, азыққа пайдаланған ескі бактериялардың орнына жас белсенді бактериялар келеді, және күрделі қосындылар қарапайым сіңімді формаларға айналады.

Топырақтағы қарапайым жәндіктердің барлығы бір клеткалы ағзалар көлемі 2-4 мк (майда) ірілері (50-150 мк) Амебадан басқалардың дене тұрқы созылмалы қабықшамен қапталған. Жалғанаяқтардың, талшықтылардың, кірпікшелердің көмегімен қозғалады. Жынысты және жыныссыз әдіспен көбейеді.

Қарапайымдылырдың негізгі өкілдері:

  1. Тамыр аяқтылар (rizapoda) -амебалар. Жасушалары қабықшасыз. Протоплазманың жалған өсінділердің көмегімен қоректенеді және қозғалады. Кейбір амебалар бақалшақты құрастырады - батпақтарда кездеседі. (талшықты амеба, кәдімгі амеба, сәулелі күнқұлақ, бақалшақты амеба)
  2. Талшықты жәндіктер (mastigophora немесе plagilaza) бір, екі немесе бірнеше талшықтардың жәрдемімен қозғалады. Олар дененің алдыңғы жағында орналасқан өсімдіктекті түрлері де бар - хламидаманада, жасыл эвглена - олар балдырлар тобына жатады. Жануар текті талшықтылардың басым бөлігі паразиттік жолмен сапрофит ретінде тіршілік етуге бейімділген. Хромотофор (бояғыш зат) болмайды. Жыныссыз көбейеді. Топырақта Bodo, Cercomonos сияқты екі талшықты түрлері кездеседі. Өкілдері: түншырақ, лямблия, трипанасома, бодо, лишмания.
  3. Кірпікшелілер немесе инфузориялар (Infusoria немесе Ciliata) .

Алғашқыда түнба суда табылған бір клеткалы жәндіктер денесін крпікшелер қаптайды. Ауыздың ойпаты және жұтқыншақ арқылы, кірпікшелердің көмегімен азықты жұтады. Жынысты, жыныссыз жолымен көбейеді. Өкілдері: кірпікшелі кебізше, күреукелі кірпікше, морже, балантидии, опалина, сувойка т. б.

Қарапайымдардан басқа топырақта көптеген омыртқасыз ірі жәндіктердің түрлері мекендейді - жауын құрттар, бунақ денілілер және олардың лишинкалары, кенелер, молюскалар, нематоптар. Бұлар керагин, хитин, клетчатка сияқты тұрақты қалдықтарды ыдыратып оларға қарапайымдардың әсер етуін жеңілдетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің топырақ қасиеттеріне әсері
Қарапайым өсімдіктер тобының топырақ қасиеттеріне әсері
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
Микроорганизмдер. Микроорганизмдерге жалпы сипаттама
Топырақ түзілу процестері және оған әсер ететін факторлар
Топырақтың түзілуіне қатысатын негізгі факторлар
Топырақ түзілу құбылысының кезеңдері
Актиномицеттер
Топырақтың физикалық және физика-механикалық қасиеті
Микробиологияның даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz