Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның мәні



Қазақ елінде кезінде Тәуекел, Хақназар , Тәуке хандардың билігі кезінен Ресей мен қазақ елі арасында саяси экономикалық және сауда қатынасы біршама жолға қойылды . Патшалы Ресей Қазан Астрахань хандықтарын Батыс Сібірді , Қазақстанмен шекаралас көшіп –қонып жүрген башқұрт, қалмақ , ноғай , халықтарын жаулап алып , Қазақстанмен шекаралас болды .Бірінші Петрдің кезінде –ақ патша үкіметі қазақ жеріне алғашқы бекіністерін салдыра бастады. Қазақстанның Шығысындағы шекаралас өлкеде қуатты жоңғар мемлекетінің құрылуы, жоңғар билеушілерінің шапқыншылығы қазақ еліне зор қауіп төндірді.
Бұл шапқыншылықтар «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына әкеліп соқтырды. Жоңғар шапқыншылығы біріншіден қазақ билеушілерінің Цин династиясынан көмек сұрауына мәжбүр етсе , екіншіден тайпалар мен рулардың орталық өкіметтен тәуелсіздігін алу үшін, елдегі саяси быраңқылықты тоқтату үшін Ресейдің қол астына өтуіне әсерін тигізді . Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында , әсіресе 16 ғасырдың 2 жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен көршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді . Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті . Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары Каспий , сондай –ақ Еділ мен Кама өзені арқылы өтетін су жолы Ресейдің Кавказ Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысты күшейтті . Орыс үкіметі ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін қатынас сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді . Содай –ақ ,Сібір хандығына Орта Азия билеушілеріне қарсы күресте және жоңғар феодалдары тарапынан күшейе түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген қазақ хандығы Ресеймен экономикалық , саяси – елшілік байланыс
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .

1.Серік Мәшімбаев
«Патшалық Ресейдің отарлық саясаты»
Алматы «Санат» 1994ж.

2.Демко Джордж
«Орыстардың Қазақстанды отарлауы»
1997ж

3. Ө.Өмірзақов .
«Ресейге қосылғаннан не ұттық»
1999 ж

4. Асылбеков .
«Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін»
3том. 1996ж.

5.Рысбайұлы Көкіш
«Қазақстан Республикасының тарихы»

6. «Қазақ ССР тарихы»
3-том

7. Маданов Хамит, Мусин Чапай .
«Ұлы дала тарихы»

8.Салғараұлы Қойшығара
«Қазақтың қилы тарихы»
Алматы «Жалын» 1992 ж.

9.«Қазақстан тарихы»
3-том

10.К Ақышев
«Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін»


11.Е.Бекмаханов
«Қазақстан 19 ғасыр 20-40 шы жылдарында»
Алматы «Санат» 1994

12.Артықбаев Ж.
«Қазақстан тарихы»

13.Қуатов Б.
«Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме»
1993ж.

14.Әбуов Қадіржан.
«Қазақ тарихының ақтаңдақ беттерінен»

15.Аққалқаров.
«Қазақ тарихынан» 1997ж.

16. Смағұлов Сабырхан .
«Қазақстан тарихы» 2003ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның мәні

Қазақ елінде кезінде Тәуекел, Хақназар , Тәуке хандардың билігі
кезінен Ресей мен қазақ елі арасында саяси экономикалық және сауда қатынасы
біршама жолға қойылды . Патшалы Ресей Қазан Астрахань хандықтарын Батыс
Сібірді , Қазақстанмен шекаралас көшіп –қонып жүрген башқұрт, қалмақ ,
ноғай , халықтарын жаулап алып , Қазақстанмен шекаралас болды .Бірінші
Петрдің кезінде –ақ патша үкіметі қазақ жеріне алғашқы бекіністерін салдыра
бастады. Қазақстанның Шығысындағы шекаралас өлкеде қуатты жоңғар
мемлекетінің құрылуы, жоңғар билеушілерінің шапқыншылығы қазақ еліне зор
қауіп төндірді.
Бұл шапқыншылықтар Ақтабан шұбырынды оқиғасына әкеліп
соқтырды. Жоңғар шапқыншылығы біріншіден қазақ билеушілерінің Цин
династиясынан көмек сұрауына мәжбүр етсе , екіншіден тайпалар мен рулардың
орталық өкіметтен тәуелсіздігін алу үшін, елдегі саяси быраңқылықты
тоқтату үшін Ресейдің қол астына өтуіне әсерін тигізді . Қазақ
халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында , әсіресе 16 ғасырдың
2 жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен көршісі Ресей
мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді . Еділ бойындағы халықтардың
орыс мемлекетінің құрамына оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата
түсті . Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрлықтағы керуен жолдары
Каспий , сондай –ақ Еділ мен Кама өзені арқылы өтетін су жолы
Ресейдің Кавказ Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысты
күшейтті . Орыс үкіметі ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін
қатынас сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазақ
хандарымен байланысын нығайтуды көздеді . Содай –ақ ,Сібір хандығына
Орта Азия билеушілеріне қарсы күресте және жоңғар феодалдары тарапынан
күшейе түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген қазақ хандығы
Ресеймен экономикалық , саяси – елшілік байланыс орнатуға мәжбүр
болды[1]. Бұл байланыста қазақтар негізінен Қазақстанның Ресеймен
бірігуі елдің экономикалық өркендеуіне саяси , мәдени жағдайының
жақсаруына игі ықпал жасай деп үміт етсе , патша үкіметі өзінің
отаршылдық саясатын жүргізу үшін пайдасы бар деп санады . 1734 ж 10
маусымда Анна Иоанновна Әбілхайырға Ор өзенінің сағасынан бекініс
салу қажеттігі жөнінде хат жолдап ,қала салатын жерге И. К. Кириллов
А.И.Тевкелеевті жіберді . Патшаның әмірімен қазақ даласындағы
өзендердің бойына бекініс қамалдар салынып , олар біртіндеп қалаларға
айнала бастады . Сол кездердің өзінде –ақ Жайық өзенінің бойынан 14
қамал салынды . Мұндай әскери бекіністер салу , сол кездегі патша
үкіметіне отарлау саясатын жүргізуге кең мүмкіндіктер ашты . Жайық
бойында тұрғызылып жатқан қалалар мен бекіністердің маңында
маңында қазақтардың көшіп қонуына тиым салынды .Ертіс , Тобыл ,Есіл Үй
, өзендерінің бойындағы құнарлы жерлерінен айрылып оңтүстікке ығысқан
Орта жүздің қазақтары Бұхара мен Ташкент түбіне келіп , қоныстануға
мәжбүр болды . 1740 ж Орынбор экспедициясы В .А . Урусов Орынборға
елшілік тапсырмамен келіп, Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай
сұлтандармен келіссөз жүргізіп , онда Кіші жүз бен Орта жүздің 399
өкілі Ресейге қарайтындығы жөнінде шарртқа қол қойды . Осы шарттан
кейін патша үкіметінің отарлау саясаты жаңа қарқын алды . Сонымен
қатар 1743 жылдың өзінде ғана Кіші жүз бен Оралдың жерлері түйісетін
маңда қазақтардың қоныстарын тарылтқан көптеген жаңа бекіністер
салынды . Мұндай жаппай әскери тірек базаларын салуға қарсы болған
Әбілхайыр мен төңірегіндегілердің пікірі ескерусіз қалды . Әбілхайыр
хан патша үкіметімен Орынбор губернаторының түпкі мақсаты бүкіл
Қазақстанды империяның отарына айналдыру , өздеріне ұнамайтын
ықпалды ру басыларын әр түрлі әдістермен жоюды көздейтінін бірден
аңғартты. Ал патша үкіметі болса Әбілхайырды хандықтан түсіріп ,
өлтіруге тырысты . Сонымен патша үкіметі араға Барақ сұлтанды салып
Әбілхайыр сұлтанды өлтіргізеді , ал Барақ сұлтан болса , хандық билікке
қол жеткіземін деп ойлады , алайда ол қатты қателескен болатын , ол
керісінше халқының көпшілігін өзіне қарсы қойып алды . Сонымен 18
ғасырдың орта шенінде патшалы Ресейдің отарлауымен Ресейге Кіші
жүздің біраз бөлігі , Орта жүздің тек аз бөлігі кірді . Ал
Солтүстік шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей
құрамына тек 19 ғасырдың 20-40 жылдарында ғана, патша үкіметінің
әскери – саяси күш көрсету нәтижесінде қосылды .
Патша үкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шекараларын
біртіндеп жүзеге асырды . Оның 1742 жылғы 19 қазандағы жарлығы
бойынша Жайық өзені жағасының қамалдар маңында қазақтардың көшіп –
қонуына тиым салынды .Сонымен қатар олардың Каспий теңізінің
жағалауында көшіп- қонып жүрген жерлері шектелді . Қазақ даласында
патша үкіметінің отарлау саясаты үш бағытта біріншіден ,
горнизондармен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылысын тездетіп
, салу және тұрақты қазақ орыс мекендерін құру , басқарудың
дисманциялық , жұмыс түріне енгізу жолымен , үшіншіден қазақ даласын
өзіне біржолата қосу ал Орта Азия хандықтарымен хандықтарымен
сауда – саттықты кеңейту жолымен жүргізілді . Алайда отарлау
барысында патша үкіметіне жергілікті барлық билікті Ресейлік
әкімшіліктің қолына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың ,
ру- шонжарлардың , би- лердің наразылығын тудырды . Өйткені оларды
патша үкіметі сот- әкімшілік істерге қатыстыруға тырысты . Патша
үкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі
реформалар жүргізіп,қазақтың елдік – этникалық ұйытқысын ірітіп,
ұлыстарды бөлшектеп ,оларды губернияларға округтерге теліп, ұлтанды
елді өз бірлігінен тұтастығынан айырды . Әрине, мұның бәрін бірден
жүзеге асыра қойған жоқ . Бұқпантайлап , торғай ұстаған мысықтай ,
жақыннан қорғау үшін алыстан арбап , зымияндық саясат
жүргізді . Сонымен қатар патша үкіметінің қазақ елінің басына
тәуелділік ноқтасын кигізу 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды .
Сөйтіп патша үкіметінің отаршылдық саясаты бірте – бірте бастау ала
бастады . Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне
араласып , жергілікті қазақ шаруаларын қонысынан қуа бастады . Олардың
орнына ішкі Ресейде жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп
орналастырды . Отарлаудың осы әскери -әкімшілік кезеңінде патша
үкіметінің тірек пунктері ретінде әскери бекіністердің іргесі қалана
бастады . Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді
.Біртіндеп ол бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды .
Бастапқы кезде бұл бекіністер Орал , Ертіс сияқты өзен арналарына
орналасты . Ал кейінірек патша үкіметінің отарлау саясатының күшеюі
нәтижесінде әскери қамалдар салу Қазақстанның Батыс , Солтүстік шығыс
аймақтарын қамтыды. 1744 жылы Орынбор қаласы , 1752 жылы Петропавл ,
қаласы салынды . Ресейдің Шыығыс Қазақстан жеріндегі экспанциясы
бұрын- ғысынан неғұрлым күшейе түсті . 1752 жылдан бастап Оңтүстік
Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі , Бұқтырма және Нарым
бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жариялады .
Сөйтіп Қазақстандағы шекаралық шептің Шығыс қанаты 18 ғасырдың 60
жылдары Ресей әскери қамалдарының бірнеше шебінен тұратын күшті
бекіністі ауданға айналдырды. Салынып жатқан бекіністердің қорғанысын
қамтамасыз ету үшін Ресейден Қазақстанға жаңадан көптеген әкери
күштер әкелінді . Бұдан басқа патша үкіметінің әкімшілігі Солтүстік
Шығыс Қазақстанға орталық губерниялардан орыс шаруаларын
қоныстандыруға белсене күш жұмсады. Бұл жерлердегі қазақтарды патша
үкіметі ығыстырып шығару жөнінде шаралар қолданды . Патша үкіметінің
отарлау саясаты ежелден тұрып жатқан қазақтардың дәстүрлі
қоныстарынан айыруға мәжбүр етті. 18 ғасырдың аяғы - 19 ғасырдың
басында өзінң отарлау саясатының барысында патша үкіметі ең әуелі
Қазақстан жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті .Cөйтіп патша
үкіметі 1822 жылы орыстың белгілі қайраткері М . М Сперанскийдің
басшылығымен Сібір қырғыздары туралы жарғы , 1824 жылғы Орынбор
қырғыздары жөніндегі жарғы –деген құжат негізінде патша үкіметі қазақ
жерін басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды . Бұл заң бойынша Ресей
империясының құрамына кірген Орта жүз бен Кіші жүзде хандық билік
жойылды . Кейбір тарихи еңбектерде жазылғандай , қазақ хандығының
жойылуын , Ресей үкіметінің 1822 жылғы Сібір қазақтарының уставымен
байланыстырған . Қазақ хандығының соңғы тұяқ серпуі ретінде , Кеңесары
хандық құрған кезеңді \1841-1847 ж \ айтуға болады. Үш жүзден
жасақ жинап , Ресей отаршылдығына қарсы арпалысып , өмірін өткізген
Кеңесары Қасымұлы өзінің негізгі мақсаты хандық билікті қалпына
келтіріп қазақ халқының дербестігіне қол жеткізу екенін Николай 1
–ге жазған хатында анық айтқаны белгілі.[2] Қазақтардың Ресей
империясына шындап қарауы , 19 ғасырдың орта тұсында, яғни Кеңесары
көтерілісін шаншудан кейінгі кезең . Ал оған дейінгілері үлкен
отарлаудың дайындығы ғана болатын . Қазақ даласының шекараларына қала
салу, әр түрлі бекіністердің салынуы 19 ғасырдың ортасына дейін
созылды да , шындап езу мен қорлық , зорлық – зомбылық одан кейін
басталды . Ресейлік патшаның жасанған қолына қарсы тұрар күш жоқ
екенін әбден түсінгендер , көргендер енді Ресейде күнін көре алмай
ашыққан , ызаланған , бүлік шығарып жүрмесін деп , қауіптенген патша
үкіметі жалғанның жартысындай , болған қазақ даласына , Орта азия мен
Сібірге қакра шекпендердің жүгенін сыпырып алып қоя берді . Патша
үкіметінің құрамына қосылған қазақ даласы 1731 жылдан 1870 жылға
дейін , яғни 129 жылдың ішінде небары 250 мыңдай келімсек қабылдаса
,одан кейінгі жылдары 1897 ж- 1916 жылдары арасында 1 млн 301мың 400
адам қазақ мекеніне келіп орналасты да , ал өз мекенінен айырылған
қазақтар , шөлге айдалынып тасталды . Бұл патша үкіметінің Қазақстанды
отарлауының соның саясатының ең бір сұм тұстары еді . Және де 19
ғасырпдың алғашқы жартысында өлке халқының федалдық езгіге қарсы ,
бірлескен күресі күшейе түсті . Бұл күрес көп ретте ұлттық
тәуелсіздік жолындағы азаттық күреспен ұштасып отырды . Сонымен қазақ
елі патша үкіметінің отарлауына қарсы күресіп қана қоймай , олар Хиуа
мен Қоқан хандықтарыменде күресуге тура келді . Өйткені 19
ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары өздерінің қол астына
кірмейтін қазақ жеріне жасаған жорықтармен шектелген болса , енді
бұл хандықтардың 30-40 жылдарындағы саясатында басқа ниеттер басым
болды . Олар Қазақстанның оңтүстігі мен Қырғызстанның жеріне көз
алартып, бұлардың Ресейге қосылуына жол бермеуге тырысты.Орта Азия
мен Қазақстан еңбекші бұхарасының ұлт-азаттық күресі олардың олардың
орыстық бағдарының күшею кезеңімен дәл келді . Бұған көптеген
факторлар Қоқан және Хиуа феодалдарының езгісі салықтар ,
міндеткерліктер, алым төлеу , хан әскерлерінде қызмет өтеу , өзара
тартыстар, соғыстар сыртқы саяси жағдайдың тұрақсыздығы жекелеген
халықтардың бірнеше мемлекеттер арасында бөлшектеніп кетуі Ресеймен
сауда – экономикалық байланыстарды дамытуға мәжбүрлік себеп болды .
Қазақтар мен қырғыздардың 19 ғасырдың 20-30 жылдарында Қоқан
өктемдігіне қарсы Түркістан, Шымкент, Сайрам, Әулиеата, Пішпек
аудандарын қамтыған бірлескен аудандарын қамтыған бірлескен белгілі
ірі көтеріліс болды .
19 ғасырдың 30-70 жылдарында және кейінірек Қазақстан мен
Қырғызстан халқының Қоқан мен Хиуаға қарсы ірі бас көтерулері болды.
Халық бұқарасының ұлт – азаттық антифеодалдық бас көтерулері
хандықтарды әлсіретті. Мұның өзі Ресей ықпалының күшеюіне себеп
болды. Ұлы жүз Ресейге қосылғанға дейін , сұлтандар бастаған
жекелеген феодалдық иеліктерге бөлінген еді . Жүздің бытыраңқылығы ,
феодалдық өзара тартыстар қазақ шаруашылығын күйзеліске ұшыратты , ал
мұның бәрі территориялық және саяси бытыраңқылықпен қосылып , жүздің
әлсіреуіне және оның Қоқан мен патша үкіметіне қарсы тұруға
қабілетсіздігіне себеп болды . Ұлы жүз қазақтарының Ресейге қосылуына
келетін болсақ , ол Ұлы жүздің орыс мемлекетінң құрамына өз
еркімен кіру туралы Ресейге алғаш сөз салуы 18 ғасырдың 30 –шы
жылдардың өзінде –ақ болған еді . Алайда халықаралық жағдайдың
күрделілігіне және Ұлы жүздің Ресейден шалғайда жатқанына байланысты
ол кезде бұл әрекеттен нәтиже шықпады да , іс 19 ғасырдың ортасына
дейін созылды .
19 ғасырдың басында , 1818 жылы , Ұлы жүз қазақтары
өздерін Россия қол астына қабылдауын сұрап патша өкіметіне сөз
салды . 1819 жылдың 18 қаңтарында Сүйік Абылайханов сұлтан өзіне
қараған 55462 адаммен Ресейге адал болатыны жөнінде ант берді .
Сөйтіп 1824 жылы 13 майда 1 Александр Ұлы жүздің Жетісуда көшіп – қонып
жрген 14 сұлтанын Ресейдің қол астына өту туралы грамотаға қол
қойды . 1845 – 1847 жылдарда Ұлы жүздің барлық рулары дерлік
оңтүстікте көшіп –қонып жүрген , әлі де Қоқан билігіне қарағандарынан
басқалары Ресейге қарады. 19 ғасырдың алғашқы жартысына қарай , атап
айтқанда 1847 жылы , Орта жүз қазақтарының басым көпшілігі орыс
бодандығына көшті де Қазақстанның Ресейге қосылу процесі аяқталу
сатысына қадам басты . Орта және Ұлы жүз территорияларында Ақтау ,
Алатау, Қапал , Сергиополь , Лепсі бекіністері салынады , бұл
бекіністер Ресейдің Заилийск өлкесіндегі позицяларын нығайтуға арналған
тірек пунктер болды . 20-40 шы жылдарда округтер құру , Қарқаралы ,
Көкшетау , Ақмола , Баянауыл , Аманқарағай округтерін құру аяқталды .
Ұлы жүздің қосылған аудандарын басқару үшін 1848 жылы Батыс Сібір
генерал губернаторына бағынатын Үлкен орданың приставы лауазымы
белгіленді . Ресей қол астына өз еркімен қараған Ұлы жүз қазақтары
өздерін ортаазиялық және басқа феодалдардың шақпыншылығынан қорғайтын
әскери бекіністер мен қалалық орталықтардың салынуы мүдделі болды.
Қазақтардың ұсынысы бойынша , патша әкімшілігі жаңадан қосылған
жерлердегі ішкі өзара тартыстарды тоқтату үшін бірқатар шаралар
қолданып , мұнда әскери отрядтар орналастырды . Шапырашты , Жалайыр ,
Абдан –Суан болыстарының қазақтары осындай бір отрядтың бастығы
полковник Шубинге хатта былай деп жазды , Сіз отрядтарыңызбен біз
отырған жерге келгеннен бері , өзара тартыстар тыйылып , алаңсыз
тыныштық қайта орнады –деп . Патша өкіметі көздеген таптық
мақсаттарға қарамай , өзара тартыстарды тоқтату жөніндегі шаралар ,
шекаралық аудандарды нығайту , өлкенің сауда жолдарына тірек пунктер
салу Ресейдің Ұлы жүздегі ықпалының нығаюына жәрдемдесті .
Ұлы жүздің аудандары әлі де Қоқан билігіне қарайтын ,
сондықтан алдағы кезде оларды және Қырғыстанның территориясын табанды
азат ету үшін күрес жүргізу керек еді . Жетсуды қосып алуда үлкен
маңызы бар Заилийски өлкесінеқарай ілгерілеу және оны игеру маңызды
кезең болды.[3] Заилийск өлкесін игеру Ұлы жүз қазақтарымен
солтүстіктегі қазақтарға Қоқанмен күресте көмек көрсетуге мүмкіндік
берді . 1854 жылы майор Перемышльскийбасқарған отряд алматы өңірінде
Верное бекінісін салуды аяқтады , ал екі жылдан кейін , 1856 жылы ,
Заилийск өлкесіне енгізілген приставтық тәртіп орталығы Верный қаласы
болған Алатау округы болып қайта құрылды . 1857 жылы Әулиеата мен
Шымкент өңірінде қазақтар мен қоқандардың езгісіне қарсы бірлескен
көтерілісі болды . 1859 жылы Ұлы жүз бен солтүстік Қырғызстанның
шекаралық ауданында Қастек бекінісі тұрғызылды .
Осы жерден орыс әскерлерінің Шу аңғары арқылы Қоқан
бекіністері Әулиеатаға , Шымкент пен Ташкентке ілгерілеуі басталды .
26 тамызда тоғыз күндік қоршаудан кейін , Қоқонфеодалдарының
Жетісудағы тірек пункті Пішпек алынды . Ұзынағаш түбіндегі
падполковник Калпаковский басқарған Отряд Қоқандықтардың едәуір
күшін талқандады . Бұл жеңіс сонымен қатар , Қоқанның Солтүстік
Қырғызстандағы билігін әлсіретті .
19 ғасырдың 60 шы жылдарында Ұлы жүздің Ресейге қосылуының
аяталуы орыс әскерлерінің ортазиялық хандықтарға шабуылмен тұстас
келді . Қоқан мен Хиуа хандықтарына бағынышты Сырдария бойының
қазақтары Ресейге өз еркімен қосылды . 1863жылы Ресейдің құрамында 4
мың қоңырат үй , 5 мың үй бес таңбалы руының қазақтары кірді . 19
ғасырдың орта шенінде юридикалық тұрғыдан орыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Қазақстанның оңтүстігін басып алу
Қазақстан Ресейге қосылуының аяқталуы
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Қазақ-орыс қарым-қатнастары
Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы
Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу
Қазақ хандығының Ресейге қосылуы
Қазақ жеріндегі алғашқы мектептер
1867-1868жж. жүргізілген әкімшілік реформалар
Пәндер