Ташкент қаласының қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріндегі маңызы (хіх ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегі)
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Ташкент қаласының қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріндегі маңызы мен алатын орнын қарастырады.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі ұлттық рухани құндылықтардың қайта жаңғыруына жол ашты. Ұлттық рухани құндылықтар төл тарихымыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті көшпелі өмір салтына тікелей байланысты болып, негізінен сайын далада қанат жайғанына қарамастан, қазақ өркениетінде қалалардың да орны мен маңызы орасан зор болғаны белгілі. Қазіргі күнде қалалардың тарихын зерттеу ерекше өзектілікке ие болып отыр, өйткені қалалар қазақ ұлтының қалыптасуы мен даму үдерісінде маңызды рөл атқарып келгені айқын.
Қалалар көптеген халықтардың арасында сауда – экономикалық және мәдени байланыстарды іске асырған орталықтар болып келді. Сонымен қатар, қалалар тарихы аймақтағы аса күрделі этносаяси және әлеуметтік үдерістермен тікелей байланысты болды.
Қазақ өмірінде аса маңызды рөл атқарған қалалардың көп болғаны белгілі, солардың бірі және бірегейі, бүкіл Орталық Азия аймағында шешуші ықпалы болған қала – Ташкент еді. Табиғи – климаттық жағдайы қолайлы аймақта және ежелгі керуен жолдарының тоғысында орналасқан бұл қала ежелден-ақ қазақ мәдени орталықтарының бірі болып саналады. Ташкенттің ғасырлар бойы қазақтардың көптеген ұрпақтары үшін туған қала болғаны баршаға аян.
Түркістан өлкесін Ресей империясы жаулап алғаннан соң Ташкент қаласы Түркістан генерал – губернаторлығының орталығына айналды. Отарлық әкімшіліктің Түркістан қазақтарының саяси-экономикалық және мәдени өмірінде шешуші маңызы болған жарлықтары мен қаулылары нақ осы қалада қабылданған болатын. Өлкеде кеңес өкіметі орнағаннан соң да Ташкент қаласы Орталық Азиядағы маңызды саяси, экономикалық және мәдени орталықтардың бірі болып қала берді. Осылайша, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Ташкент қаласының тарихы қазақ тарихының қайшылыққа толы кезеңдердің бірі болды.
Аталған тарихи кезеңде Ташкент қазақтары отаршыл патша билігі мен тоталитарлық кеңес режиміне қарамай-ақ өзінің ұлттық ерекшелігі мен рухани тұтастығын сақтай отырып, өз ортасынан көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерін шығара білді. Бұл қайраткерлер туған халқының алдындағы перзенттік парыздарын адал атқара отырып, отандастарының игілігі үшін күрес жүргізді және өлке тарихында өшпес із қалдырды.
Сол кезеңде Ташкент қаласында қазақ тарихындағы көптеген көрнекті тұлғалар – қоғамдық ойдың, ұлттық мәдениет пен ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосқан қазақ қайраткерлері, ағартушылары, жазушылар мен ғалымдар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, Т. Рысқұлов, С. Асфендиаров, Н. Төреқұлов, С. Қожанов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, К. Төгісов, Ә. Диваев, С. Сәдуақасов, М. Жұмабаев, М. Әуезов және т.б. өмір сүрді.
Түркістан өлкесінде құрылған саяси қозғалыстар мен ұйымдардың тарихы Ташкент қаласының атымен байланысты болып келеді. Қазақ саяси элитасының өкілдері осы қозғалыстар мен ұйымдардың құрылуына белсене араласып, олардың жұмысын басқарып отырды. Патша билігі тұсында да, артынан кеңестік режим тұсында да өздерінің бүкіл білімі мен қажыр-қайратын халық қызметіне арнаған зиялы қауым өкілдері жаппай қуғындалып, қараланды. Қазіргі таңда Ташкент қаласындағы қазақ зиялы қауымының көрнекті өкілдерінің өмірі мен қызметі туралы тарихи шындықты қалпына келтіру мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр.
Патша және кеңес дәуіріндегі ресми тарихнамада «Орталық Азияның Ресейге қосылуының прогрессивтік маңызы» туралы тұжырымдама үстем болып келгені белгілі. Осы тұжырымдаманың авторлары жаулап алудың, немесе «қосылудың» «позитивті» қырына көңіл бөле отырып, метрополия мен отар арасындағы қарым-қатынастың басқа аспектісін ескере қойған жоқ. Яғни, теріс сипатқа ие осы қарым-қатынас «Ресейдің өркениетшіл миссиясының» нәтижелерін асыра бағалады. Кеңес тарихшылары мұны «үлкен ағаның» «қаналған Орталық Азия халықтарына көрсеткен мүлтіксіз интернационалдық көмегі» деп жазды. Осыған байланысты бүгінгі таңда Ташкент қаласында ресми билікті орнатуды іске асырған әкімшілік өкілдерінің рөлі мен орнын, сондай – ақ аймақтағы қазақ және өзге де халықтардың тарихындағы түйінді әрі күрделі кезеңдердің бірін сын тұрғысынан қайта бағалау қажеттілігі туындап отыр.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Маев Н.А. Азиатский Ташкент // - Материалы для статистики Туркестанского края. – СПб., 1876. - Вып. IV. - С. 260-313.
2 Малицкий Н.М. К истории Ташкента под кокандским владычеством. // - Протоколы заседаний и сообщений членов Туркестанского кружка любителей археологии. – Т.V. - Ташкент, 1900. - С. 126-137; Малицкий Н.М. Ташкентские махалля и маузе. - Ташкент, 1915.
3 Сафаров Г. Колониальная революция (Опыт Туркестана). - М.: Госиздат,1921. - 147 с.
4 Тынышпаев М. Историческая справка и племенной состав коренного населения Ташкентского уезда. – Кзыл – Орда, 1926.- 12с.
5 Азадаев Ф.И. Ташкент во второй половине XIX века. Очерки социально – экономической и политической истории. – Ташкент: АН УзССР, 1959. – 242с.
6 Вахабов М.Г. Ташкент в период трех революций. – Ташкент: Госиздат УзССР, 1957. – 284 с.
7 Бендриков К.Е. Очерки по истории народного образования в Туркестане (1865 – 1924 гг.). – М.: Академия педагогических наук РСФСР, 1960. – 510 с.
8 Абдурахимова Н., Рустамова Г. Колониальная система власти в Туркестане во второй половине XIX – I четверти ХХ вв. – Ташкент: Университет,1999. - 161 с.; Исхаков Ф. Национальная политика царизма в Туркестане (1867-1917 гг.). – Ташкент: Фан, 1997. - 202 с.; Котюкова Т.В. Туркестан и Государственная Дума Российской империи: аспекты взаимодействия. – Ташкент, 2003. - 60 с.; Агзамходжаев С. История Туркестанской Автономии (Туркистон мухторияти). – Ташкент: Ташкент ислом университети, 2006. – 268 с.; Мадуанов С. Взаимоотношения казахов с другими соседними народами Центральной Азии в XVIII – нач. ХХ вв. (политические и социально – экономические аспекты). – Алматы: Бiлiм, 1995. - 274 с.; Садыкова Б.И. Мустафа Чокай. – Алматы: Алаш, 2004. -240 с.
9 Бахтибаев А.А. Казахская диаспора в Узбекистане в 1920-1930 гг. (исторический аспект) – Алматы, 2000. - 121 с.
10 Чокай - оглы М. Туркестан под властью Советов. – Оксфорд, 1985. – 148 с. (на русск.яз.); Соныкі. The Basmachi movement in Turkestan // The Asiatic Review. – London, 1928. - Vol. 24, № 78.- Р. 273-288; Togan A.Z.V. Hatiralar: Turkistan ve digger musluman dogu Turklerinin milli : varlik ve kultur mucadeleleri.- Istanbul, 1969. - 643; Расул – Заде М.Э. О пантуранизме ( на русск. яз.). – Оксфорд, 1985. - 92 с.; Авторханов А. Империя Кремля. Советский тип колониализма. – Вильнюс. – 1990. - 240 с.; Hayit B. The communist party in Turkestan // Central Asian review. - London, 1957.- Vol. 5, № 1. - Р. 26-36.
11 Романовский Д.И. Заметки по среднеазиатскому вопросу. – СПб, 1868. – 291 с.
12 Положение об управлении Туркестанским краем 12 июня 1886 г. – СПб., 1886. - С. 33.
13 Труды научно – исследовательского отдела географического факультета ТашГУ. – Ташкент. 1964. - Вып. 226. -С. 56 – 57.
14 .Небольсин П. Очерки торговли России с Средней Азией (со стороны Оренбургской линии). – СПб., 1855. – С. 271.
15 Мадуанов С. Взаимоотношения казахов с другими соседними народами Центральной Азии в XVIII – начале ХХ вв. (политические и социально – экономические аспекты). – Алматы: Бiлiм, 1995. – 274 с.
16 Котюкова Т.В. Туркестан и Государственная Дума Российской империи: аспекты взаимодействия – Ташкент, 2003. – 60 с.
17 Бородин Н.А. Личный состав первой Государственной Думы, ее организация и статистические сведения // Первая Государственная Дума.– СПб., 1907. – Вып. I. - С. 1-39.
18 Политическая жизнь русских мусульман до февральской революции. – Оксфорд, 1987. - 87 с.
19 Казахи о русских до 1917 г. – Оксфорд, 1985. - 92 с.
20 Қойгелдиев М.К. Алаш қозғалысы.- Алматы: Санат, 1995. – 368 б.
21 Абдуллаев Р.М. Национальные политические организации Туркестана в 1917 – 1918 годы. Автореф. … докт. ист. наук. – Ташкент, 1998. - 35 с.
22 Туркестанский курьер. – Ташкент, 1917. - 19 сентября.
23 Туркестан в начале ХХ века: к истории истоков национальной независимости. – Ташкент: Шарк, 2000. – 672 с.
24 Тилеукулов С., Голованов А.А., Оразымбетов Ш., Косанбаев С. Туркестан на историческом повороте (1917 – 1920 гг.) – Ташкент: Халк мероси, 2002. – 161 с.
25 Агзамходжаев С. История Туркестанской Автономии (Туркистон мухторияти) – Ташкент: Ташкент ислом университети, 2006. –268 с.
26 Алимова Д.А., Голованов А.А. Узбекистан в 1917 –1990 годы: противоборство идей и идеологий. – Ташкент: Фан, 2002. – 80 с.
27 Султанов К.А. Пятничные мечети Ташкента XIX века /Пер. с узб. яз. //Вклад Узбекистана в развитие исламской цивилизации: сб. тез. и докл. международной научной конференции). – Ташкент – Самарканд: Республиканское научно-просветительского центра Имама Бухари, 2007. - 496 с.
28 ӨРОММ. – 47-қ.,1-т., 387-іс //По поводу открытия в СамаркандеХусаиновым начального училища для мусульман. 13 сентября 1893 г.- 16 марта 1894 г, 1 п.
29 ӨРОММ. – 2282-қ. 1-т., 1745-іс //Таканаев Н.Х. Развитие школы и педагогической мысли у народов Средней Азии и Казахстана во второй половине XIX в. Статья для III тома «Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР». Рукопись, машинопись. 1965 г., 11 п.
30 ӨРОММ. – 34-қ.,1-т., 97- іс // Материалы о деятельности краевых киргизскых педагогических курсов в г. Ташкенте (протоколы, списки курсантов). 26 августа 1918 г. – 28 сентября 1919 г.) 14-п.
31 ӨРОММ. – 36-қ.,1-т., 43-іс // Протоколы заседений коллегии Наркомнаца ТуркАССР. 21 сентября 1921- 27 декабря 1921 гг, 8 п.- 8 арт.п.

Ташкент қаласының қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани
өміріндегі маңызы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың алғашқы
ширегі)
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында ХІХ ғасырдың
екінші жартысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Ташкент қаласының қазақ
халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріндегі маңызы мен
алатын орнын қарастырады.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның мемлекеттік
тәуелсіздікке қол жеткізуі ұлттық рухани құндылықтардың қайта жаңғыруына
жол ашты. Ұлттық рухани құндылықтар төл тарихымыздың ажырамас бөлігі болып
табылады. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті көшпелі өмір салтына тікелей
байланысты болып, негізінен сайын далада қанат жайғанына қарамастан, қазақ
өркениетінде қалалардың да орны мен маңызы орасан зор болғаны белгілі.
Қазіргі күнде қалалардың тарихын зерттеу ерекше өзектілікке ие болып отыр,
өйткені қалалар қазақ ұлтының қалыптасуы мен даму үдерісінде маңызды рөл
атқарып келгені айқын.
Қалалар көптеген халықтардың арасында сауда – экономикалық және мәдени
байланыстарды іске асырған орталықтар болып келді. Сонымен қатар, қалалар
тарихы аймақтағы аса күрделі этносаяси және әлеуметтік үдерістермен тікелей
байланысты болды.
Қазақ өмірінде аса маңызды рөл атқарған қалалардың көп болғаны белгілі,
солардың бірі және бірегейі, бүкіл Орталық Азия аймағында шешуші ықпалы
болған қала – Ташкент еді. Табиғи – климаттық жағдайы қолайлы аймақта және
ежелгі керуен жолдарының тоғысында орналасқан бұл қала ежелден-ақ қазақ
мәдени орталықтарының бірі болып саналады. Ташкенттің ғасырлар бойы
қазақтардың көптеген ұрпақтары үшін туған қала болғаны баршаға аян.
Түркістан өлкесін Ресей империясы жаулап алғаннан соң Ташкент қаласы
Түркістан генерал – губернаторлығының орталығына айналды. Отарлық
әкімшіліктің Түркістан қазақтарының саяси-экономикалық және мәдени өмірінде
шешуші маңызы болған жарлықтары мен қаулылары нақ осы қалада қабылданған
болатын. Өлкеде кеңес өкіметі орнағаннан соң да Ташкент қаласы Орталық
Азиядағы маңызды саяси, экономикалық және мәдени орталықтардың бірі болып
қала берді. Осылайша, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы
ширегіндегі Ташкент қаласының тарихы қазақ тарихының қайшылыққа толы
кезеңдердің бірі болды.
Аталған тарихи кезеңде Ташкент қазақтары отаршыл патша билігі мен
тоталитарлық кеңес режиміне қарамай-ақ өзінің ұлттық ерекшелігі мен рухани
тұтастығын сақтай отырып, өз ортасынан көрнекті қоғам және мемлекет
қайраткерлерін шығара білді. Бұл қайраткерлер туған халқының алдындағы
перзенттік парыздарын адал атқара отырып, отандастарының игілігі үшін күрес
жүргізді және өлке тарихында өшпес із қалдырды.
Сол кезеңде Ташкент қаласында қазақ тарихындағы көптеген көрнекті
тұлғалар – қоғамдық ойдың, ұлттық мәдениет пен ғылымның дамуына баға жетпес
үлес қосқан қазақ қайраткерлері, ағартушылары, жазушылар мен ғалымдар А.
Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, Т. Рысқұлов, С.
Асфендиаров, Н. Төреқұлов, С. Қожанов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, К.
Төгісов, Ә. Диваев, С. Сәдуақасов, М. Жұмабаев, М. Әуезов және т.б. өмір
сүрді.
Түркістан өлкесінде құрылған саяси қозғалыстар мен ұйымдардың тарихы
Ташкент қаласының атымен байланысты болып келеді. Қазақ саяси элитасының
өкілдері осы қозғалыстар мен ұйымдардың құрылуына белсене араласып, олардың
жұмысын басқарып отырды. Патша билігі тұсында да, артынан кеңестік режим
тұсында да өздерінің бүкіл білімі мен қажыр-қайратын халық қызметіне
арнаған зиялы қауым өкілдері жаппай қуғындалып, қараланды. Қазіргі таңда
Ташкент қаласындағы қазақ зиялы қауымының көрнекті өкілдерінің өмірі мен
қызметі туралы тарихи шындықты қалпына келтіру мәселесі ерекше маңызға ие
болып отыр.
Патша және кеңес дәуіріндегі ресми тарихнамада Орталық Азияның Ресейге
қосылуының прогрессивтік маңызы туралы тұжырымдама үстем болып келгені
белгілі. Осы тұжырымдаманың авторлары жаулап алудың, немесе қосылудың
позитивті қырына көңіл бөле отырып, метрополия мен отар арасындағы қарым-
қатынастың басқа аспектісін ескере қойған жоқ. Яғни, теріс сипатқа ие осы
қарым-қатынас Ресейдің өркениетшіл миссиясының нәтижелерін асыра
бағалады. Кеңес тарихшылары мұны үлкен ағаның қаналған Орталық Азия
халықтарына көрсеткен мүлтіксіз интернационалдық көмегі деп жазды. Осыған
байланысты бүгінгі таңда Ташкент қаласында ресми билікті орнатуды іске
асырған әкімшілік өкілдерінің рөлі мен орнын, сондай – ақ аймақтағы қазақ
және өзге де халықтардың тарихындағы түйінді әрі күрделі кезеңдердің бірін
сын тұрғысынан қайта бағалау қажеттілігі туындап отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттелініп отырған тақырыптың жалпы
мәселелері мен жекелеген бағыттары бойынша отандық тарих ғылымында белгілі
бір ауқымда жұмыстар атқарылғаны белгілі. Тарихи әдебиетті кезеңдері мен
мазмұнына қарай төрт топқа бөліп көрсетуге болады: Патшалық билік
дәуіріндегі жарияланымдар; Кеңес дәуіріндегі зерттеу еңбектері; Тәуелсіз
Қазақстанда жүргізілген зерттеу жұмыстары; Шет ел ғалымдарының туындылары.
Бірінші топтағы жұмыстарға жалпы тұжырымдамалық баға бере отырып,
негізінен олардың Орталық Азияда патша өкіметінің империялық саяси
идеологиясы міндеттерімен қондырғыларына сай келетіндігін атап өту қажет.
Бұл жұмыстардың авторлары, негізінен, Орталық Азияны патша әскері жаулап
алғанға дейін және одан кейін өз еркімен немесе тапсырмамен келген Ресей
азаматтары болды. Олардың көпшілігі өлкедегі керуен жолдарын, қалалар мен
қамал бекіністерін, қала өмірі мен халықтың шаруашылығын, әлеуметтік,
экономикалық және этносаяси жағдайды, сондай-ақ мұсылман халықтарының әдет-
ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін зерттеуді мақсат тұтты.
Ресей зерттеушілерінің арасында Н.А. Маевтың Азиялық Ташкент атты
еңбегінің орыс тарихнамасындағы орны мен маңызы ерекше болды [1]. Автор
өзінің жеке бақылаулары мен сұрастыру арқылы жинастырған деректеріне
негіздей отырып, Ташкент қаласының әлеуметтік – экономикалық және мәдени
өмірі туралы өте құнды мәліметтер береді.
Н.И. Маллицкий [2] еңбектерінде де Ташкент қаласы туралы құнды деректер
өте көп, ол Ташкент махкамалары мен маузелерін, қаланың тұрғын жай
орамдарының тарихи –топографикалық карталарын егжей – тегжей суреттей
білді. Бұл жұмыс қаланың әлеуметтік –экономикалық тарихының дерек көзі
ретінде қазіргі уақытта да өз маңызын жоя қойған жоқ.
Аталған зерттеулердің Орталық Азия халықтарының, оның ішінде
қазақтардың да, ұлттық құрамы мен саны туралы біршама қайшылықты мәліметтер
бергендігіне қарамай – ақ, олардың тарих ғылымы мен этнографияға сіңірген
үлесі аса мол.
Екінші топтың алғашқы жұмыстары өткен ғасырдың 20 – жылдарының басында
пайда болды. Бұл кезде кеңес тарих мектебі енді ғана аяққа тұрып келе
жатқан болатын, ол тұста тарих ғылымында әлі де болса марксистік идеология
басымдыққа ие бола қойған жоқ еді. Сондықтан да, тарихнамада дүниетанымдық
плюрализм мен балама пікірлерге жол берілді. Мұның өзі осы кезеңде
Түркістанда болып өткен әлеуметтік – экономикалық және этносаяси үрдістерге
шынайы баға беруге талпынған бірқатар жұмыстардың пайда болуына ықпал етті.
Атап айтсақ, Г. Сафаров Ташкент қаласы мен Түркістанның өзге де
қалаларындағы 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі саяси жағдайға
талдау жасай отырып, былай деп көрсетеді: ...мұсылман халқының саяси дамуы
мүлдем ерекше жолмен жүргізілді. Олар үшін түбірлі мәселе, әрине, ұлттық
бостандық мәселесі болды[3].
Г. Сафаров, Т. Рысқұлов, А.К. Бочагов және басқа да авторлардың
жұмыстарында мұсылман халықтарының реформаторлық қозғалысы мен саяси
ұйымдарының, әсіресе, Ташкентте қызмет атқарған саяси ұйымдар мен
қоғамдардың қызметі мен тарихына көп көңіл бөлінді. Авторлар ұлттық ұйымдар
мен қозғалыстардың әлеуметтік негізіне, бағдарламаларына, іргелес
аймақтардағы туыстас партиялармен өзара байланысына, сондай – ақ саяси
идеялар мен көзқарастардың эволюциясына талдау жүргізуге талпыныс жасады.
Осы жылдарда қазақтар мен Орталық Азияның басқа да халықтарының
этникалық тарихын зерттеу жұмысы жалғаса түсті. Мәселен, Ташкент уезін
мекендеген жергілікті халықтың тарихын зерттеуге М. Тынышбаев[4] атсалысып,
революцияға дейінгі кезеңде осы аймақта қазақтардың орналасу тарихын
қарастырды.
20 жылдардың соңы мен 30 жылдардың басында аталған тақырыптың түрліше
аспектілеріне қатысты жарияланымдар шығуы жалғаса берді.
Ұлт тарихшылары қатаң идеологиялық бақылау астында бола отырып
Орталық Азияның Ресейге қосылуының прогрессивтік маңызы және жергілікті
халықтарға революциялық Ресейдің жасампаздық әсері туралы тезисті
негіздеуге, кеңес өкіметі ұлттық мәселені толық және түпкілікті шешті деп
сендіруге мәжбүр болды. Солай бола тұрса да, аталған кезеңнің тарихшылары
қарастырып отырған тақырыпты ашуға орасан зор үлес қосты. Сталиннің жеке
басына табынуды жоюға бағытталған қаулылардан соң, мұрағаттарға жол ашылды,
жаппай саяси қуғын – сүргін сынға алынды, ғылыми қызмет үшін қолайлы
жағдайлар жасалды.
Ф.И. Азадаевтың жұмысында [5] мол фактілік материал негізінде ХІХ
ғасырдың екінші жартысындағы Ташкент қаласының әлеуметтік – экономикалық
және саяси тарихына егжей-тегжей талдау жасалынды. Ташкент қаласының саяси
өмірінің көптеген аспектілері М.Г. Вахабовтың монографиялық зерттеуінде
ашып көрсетілді [6].
К.Е. Бендриковтың іргелі еңбегінде [7] 1865-1924 жылдар аралығындағы
Түркістандағы халыққа білім беру ісінің тарихын көрсетуге талпыныс жасалды,
мұнда Ташкент қаласындағы қазақ оқу орындары мен оқушы жастар туралы
қызықты статистикалық және жалпылама деректер бар.
ХХ ғасырдың 80 жылдарының соңына қарай КСРО-да бастау алған жариялық
үдерісі ұлттық сананың өсуіне, тарихи шындықтың қайта өрлеуіне ықпал етті.
Жаңа қоғамдық-саяси жағдайға сүйене отырып қоғамтанушы ғалымдар кеңестік
әдістемелік және теориялық стереотиптерден бас тартуға және бұрынғы
идеологияландырылған бағалауларды қайта қарауға, патшалық және кеңес
дәуірі тарихындағы ақтаңдақтарды ашып көрсетуге тырысты.
Үшінші топтың әдебиеттеріне тоқталар болсақ, КСРО-ның ыдырауы кезеңі
мен тәуелсіздік жылдарында тарихнамасы көптеген жаңа жарияланымдармен
толыға түсті, алғашында олардың негізгі бөлігі газет-журнал мақалалары
түрінде болып келді. Осы уақытқа қарай зерттеушілер өткен дәуірді
бағалаудың сапалық тұрғыдан жаңа әдістанымдық тәсілдерін жасау қажеттілігі
негіздеуге және заманауи тарих ғылымына арналған ғылыми – теориялық базаны
дайындауға қол жеткізді.
Н. Абдурахимова, Г. Рустамова, Ф. Исхаков, Т.В. Котюкова, С.
Ағзамходжаев, С. Мадуанов, З.Т. Садуакасова, Х.М. Тұрсұн және т.б.
авторлардың [8] зерттеулерінде мол құжаттық материал негізінде Ресейдің
Түркістандағы отарлау саясатының мазмұны ой екшеуінен қайта өткізілді, өлке
халықтарының ұлт – азаттық күресі тарихындағы белгісіз беттер жария етілді,
қазақтардың Орталық Азияның басқа да халықтарымен этносаяси, сауда –
экономикалық және мәдени байланыстарының ерекшеліктері ашып көрсетілді,
Түркістан Мұхториятының құрылу тәжірибесі мен қызметі қорытындыланды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Ташкент
қаласындағы қоғамдық – саяси жағдайды зерттеумен байланысты бірқатар
мәселелер қарастырылады, осы тақырып тұрғысынан А.А. Бақтыбаевтың [9]
кандидаттық диссертациясы ерекше қызығушылық тудырады. Жұмыста Орта
Азиядағы демографиялық және көші – қон үдерістері жан – жақты баяндалады,
жергілікті қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен білімінің даму мәселелері
сөз болды. Ташкент қаласы мен бүкіл аймақтың қоғамдық-саяси және мәдени
өміріндегі қазақ зиялы қауымының орны мен тарихи рөліне объективті баға
берілді.
Төртінші топтағы жұмыстар кеңестік тарихи мектепті біржақты, ғылыми
емес және идеологияландырылған деп айыптайды. Біздің кейбір бұрынғы
отандастарымыз бен Ресейдің түрлі ұлттық аймақтарынан шыққан адамдар
мәселенің тарихнамасына маңызды үлес қосты. Атап айтатын болсақ, олар –
Мұстафа Шоқай, Заки Валиди Тоған, М.Э. Расул – Заде, Абдурахман Авторхонов,
Баймырза Хаит және т.б. [10].
Әсіресе, Францияға қоныс аударған Мұстафа Шоқай өзінің танымал
Кеңестер билігіндегі Түркістан атты кітабында мол құжаттық материал
негізінде жаңа революциялық өкіметтің Орталық Азияның жергілікті
халықтарына қарсы саясатын, сондай – ақ большевиктік тәртіптің жаңа
империялық сипатын ашып көрсетті.
Жалпы алғанда, мәселенің тарихнамасына жасалған талдау түрлі дәуірде
түрлі тарихнамалық бағыттардың өкілдері баламалы әдістанымдық ұстаным
тұрғысынан аталған тақырыптың әлдебір аспектілерін баяндап отырды деген
қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздер қазіргі уақытта
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Ташкент
қаласындағы қазақтардың әлеуметтік –экономикалық, саяси және рухани
өмірінің маңызды ерекшеліктері кешенді түрде қарастырылған арнайы
диссертациялық жұмыс әлі күнге дайындалған жоқ деп айта аламыз.
Отандық тарих ғылымының едәуір жандана түсуіне қарамай, осы
диссертациялық жұмыстың көптеген аспектілері әлі де болса егжей – тегжей
ғылыми ой екшеуінен өтуді қажет етеді. Осы жағдай, сондай-ақ мәселенің
ғылыми – парактикалық маңыздылығы, өзектілігі мен әлсіз әсерленуі тарихи
үдерістерге деген қазіргі көзқарастарға орай осы зерттеудің тақырыбын
таңдап алуға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертацияның мақсаты – ХІХ
ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ халқының
әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және рухани өміріндегі Ташкент
қаласының рөлі мен маңызын ашып көрсету.
Белгіленген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер шешімін табады:
– Түркістан генерал – губернаторлығын басқару бойынша Ташкент қаласының
әкімшілік орталық ретінде қалыптасу үдерісінің ерекшеліктерін жарыққа
шығару;
– Ташкент отарлау әкімшілігінің әлеуметтік – экономикалық және саяси
реформаларының маңызы мен мазмұнын және олардың қазақ – өзбек өзара
қатынасына әсерін айқындау;
– өлкенің көшпелі және отырықшы халқы арасындағы сауда – экономикалық
байланыстардың дамуындағы Ташкент қаласының рөлін көрсету;
– ұлттық қозғалыс жағдайын және Ташкент қаласына тән саяси өмір
ерекшеліктерін зерттеу;
– ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қоғамдық-саяси үдерістердегі қазақ
зиялы қауымы мен ұлттық элитасының рөлі мен орнын анықтау;
– Түркістан өлкесіндегі ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін
зерттеу;
– жаңа оқу орындарын ашу мен жергілікті жастар өкілдерінен мамандар
дайындау үдерісіндегі қазақ зиялыларының рөлін ашу;
– зерттелінуші кезеңдегі қазақ қоғамының мәдени және рухани орталығы
ретінде Ташкент қаласының рөлін көрсету;
– Ташкент қаласының қазақ шығармашылық және ғылыми зиялы қауым
өкілдерінің көп қырлы қызметінің маңызды аспектілерін талдау;
– көрсетілген кезеңдегі ресми биліктің ұлттық саясатының маңызы мен
мазмұнын заманауи тұжырымдамалық ережелері негізінде ой екшеуінен қайта
өткізу.
Зерттеу жұмысының нысаны –Түркістан өлкесінің қоғамдық – саяси
өмірінде, қазақ халқының білімі мен мәдени – рухани өміріндегі, қазақтың
шығармашылық және ғылыми зиялы қауымын қалыптастыру мен дамытудағы Ташкент
қаласының орны.
Зерттеу жұмысының пәні - ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың
алғашқы ширегіндегі Түркістан өлкесінің орталығы болған Ташкент қаласының
қазақ халқының саяси – әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріндегі
маңызы мен алатын орнына талдау жасау.
Зерттеудің жұмысының хронологиялық шегі Ташкент қаласы тарихының ХІХ
ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі күрделі әрі
қайшылыққа толы кезеңін қамтиды. Бұл кезеңге өлке дамуының отарлану ХХ
ғасырдағы революциялық сілкіністер, кеңестік әкімшілік – әміршіл жүйенің
қалыптаса бастауы, ұлттық – аумақтық межелеп бөлу дәуірі енеді. Ұзақ жылдар
бойы Түркістан өлкесінің орталығы болған, онда қазақ халқы көптеп
орналасқан Ташкент қаласы, ең алдымен, көрсетілген кезеңде қазақ қоғамының
әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени – рухани өмірінде ерекше ықпал
еткен қала болды.
Диссертациялық зерттеу жұмысының дереккөздері. Бұрын ғылыми айналымға
енбеген алуан түрлі тарихи құжаттар мен материалдар құрады. Оларды шартты
түрде бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады.
Дерек көздердің алғашқы тобына Өзбекстан Республикасының Орталық
Мемлекеттік Мұрағатының қорларында сақталған материалдар жатады. Атап
айтсақ, төмендегі қорлар материалдары: И–1(Түркістан генерал –
губернаторлығының кеңсесі); И–17(Сырдария облыстық басқармасы);
И–18(Самарқанд облыстық басқармасы); И–36(Ташкент қаласының бастығы) және
т.б. қорлар өлкелік отарлау әкімшілігінің түрлі құжаттарынан құралады. Бұл
құжаттар аймақта патшалық Ресейдің ұлттық саясатының мазмұнын ашып
көрсетуге мүмкіндік береді. Әсіресе, бұл құжаттар империяның ішкі
облыстарынан келген қоныс аударушыларды орналастыру үшін қазақ жерлерін
жүйелі тартып алуының, өкімет тарапынан алым-салықты күшейте түсуінің нақты
бейнесін ашып көрсетеді.
И–47 – (Түркістан генерал – губернаторлығы басқармасы кеңсесі); қорының
материалдары білім беру жүйесіндегі отарлау саясатының ерекшеліктерін,
сондай-ақ, биліктің осы саланы орыстандыруға күш салуын көрсетуге мүмкіндік
береді.
Р-2282 – (Н.П. Архангельскийдің жеке қоры); материалдары Түркістанның
отырықшы және көшпелі халықтарының дәстүрлі ұлттық оқу орындарына қатысты
Ташкент әкімшілігінің саясатының мазмұнын ашып көрсетуге септігін тигізді.
Р-34 – (Түркістан АКСР–і Халық ағарту халық комиссариаты); қорында,
сондай-ақ, Р-86 – (Өзбек КСР Орталық Атқару комитеті); қорында қазақтардың
білімнің дамуы барысында бағалы мәліметтер бар. Осы қорлардың материалдарын
зерттеу Ташкент қаласындағы Қырғыз (қазақ) педагогикалық курстарының
қызметі туралы, бастауыш қазақ мектептері үшін педагог мамандар дайындау
барысы туралы; осы курстарды бітірген курсанттардың саны туралы; Ташкент
қаласында оқитын қазақ зиялы қауым өкілдерінің ғылыми және қоғамдық қызметі
туралы талдау жасауға мүмкіндік беріп отыр.
И-461 – (Түркістан өлкелік күзет бөлімі); қорындағы ұлттық қозғалыстың
дамуына, түрлі саяси ұйымдардың қызметіне, Ташкент қаласындағы қазақ
элитасының көрнекті өкілдерінің өмірі мен қызметіне (М. Шоқай, С. Лапин, М.
Тынышбаев және т.б) қатысты мол құжаттар айқындалып, зерттелінді.
Қазақтарға, өлкенің басқа да жергілікті халықтары мен олардың
көшбасшыларына қатынасты құнды материалдар бар. Сондай-ақ, осы қорда
аймақта өтіп жатқан этносаяси үрдістер туралы, іргелес мұсылман
дүниесіндегі реформаторлық қозғалыстардың кейбір аспектілері туралы
біздердің түсініктерімізді кеңейтетін маңызды деректер топтастырылған.
Өзбекстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатының өзге де
қорларда тақырыпқа тікелей қатысты аса маңызды тарихи құжаттар өте көп.
Атап айтсақ, Р-25 (Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы
Халық Комиссарлары Кеңесінің); Р-39 (Түркістан Республикасының Ішкі істер
халық комиссариатының); Р-1613 (Бірінші шақырымдағы Түркістан өлкелік
жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің қорларының материалдары билікке
Ташкент большевиктерінің келу алдында аймақта қалыптасқан саяси жағдай
туралы; Түркістан АКСР-і ХКК-нің қызметі туралы; кеңестік жазалау
органдарының құрылуы мен қызметі туралы; кеңес өкіметінің алғаш
жылдарындағы қала мен өлкенің қоғамдық-саяси өмірінде ұлттық элитасының
орны мен рөлі туралы талдау жасауға мүмкіндік береді. Мұрағат
материалдарының бір бөлігі кеңестік кезеңде және тәуелсіздік жылдарында
жарық көрген құжаттар жинақтарында жарияланған. Оларда диссертация
тақырыбының түйінді мәселелері бойынша аса құнды ақпарат жинақталған.
Дерек көздерінің екінші тобын жергілікті (ұлттық және орыс тілді)
мерзімді басылым материалдары құрайды: Улуг Туркистон, Нажот, Бірлік
туы, Туркестанские ведомости, Туркестанский голос, Знамя свободы,
Туркестанский курьер, Свободный Самарханд, Щит народа және т.б.
Жергілікті газет беттерінде (оның көпшілігі Ташкент қаласында шығарылды)
1917 жылғы Қазан оқиғаларына дейінгі және одан кейінгі қазақ және өзге де
жергілікті халықтардың ұлттық қозғалыстарын тарихи зерттеу мәселесінде
жіберілген көптеген олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік беретін
материалдар бар.
Осы топтағы дерек көздеріне тән ерекшелік, ең алдымен, олардың Ташкент
большевиктерінің саяси ұстанымдарынан алшақ тұруы. Мұнда Түркістан мен
бүкіл Ресейдегі саяси үдерістердің барысына балама көзқарас берілген. Ұзақ
жылдар кеңес тарихшылары бұрмалап келген дерек көздерінің бұл тобы осы
кезеңдегі Түркістан қоғамындағы түрлі саяси қарсылық топтары туралы маңызды
деректерден құралған.
Атап айтсақ, бұл жерден Жалпытүркістандық және Бүкілресейлік мұсылман
сиездерінің материалдарын табуға болады: ұлттық қозғалыс пен қазақ зиялы
қауымының көрнекті өкілдерінің (М. Шоқай, С. Лапин, С. Асфендиаров, Ә.
Бөкейханов және т.б.) жарияланымдары; түрлі Бүкілресейлік және ұлттық
партиялар мен бірлестіктердің бағдарламалық құжаттары. Осы материалдарға
орай сол жылдары Ташкент қаласында өмір сүрген жадидтер мен қазақ
прогресшілдерінің шынайы қоғамдық-саяси қызметі туралы талдау жасай аламыз.
Осы дерек көздерінен патша өкіметі мен кеңестік Ресейдің аймақтағы отарлау
саясатының мазмұны туралы, Түркістан халықтарының ұлттық қозғалысына ресми
биліктің қарсы стратегиясы мен тактикасы туралы қосымша ақпарат аламыз.
Ғылыми ізденістер барысында Жизнь национальностей, Новый Восток, Наука
и просвещение сияқты журналдардан пайдалы әрі бағалы ақпараттар алынды.
Дерек көздерінің үшінші тобын саяси және қоғамдық қызметтері Ташкент
қаласымен тығыз байланысты болған қазақ зиялыларының, олардың туыстары мен
жақындарының соңғы жылдары жарық көрген еңбектері мен естеліктері құрайды.
Бұл дерек көздері сол жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің бейнесін толық
қайта қалпына келтіруге, қазақ қайраткерлерінің, жазушыларының,
ғалымдарының өмірі мен қызметіндегі белгісіз емес тұстарын ашып көрсетуге,
Түркістан мен Орталық Азия халықтарының ұлттық-патриоттық күштерінің патша
үстемдігі мен кеңес өкіметі жағдайында тәуелсіз және лайықты өмір сүру үшін
күресінің маңызды беттерін жарыққа шығаруға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертацияның басты ғылыми жаңалығы
– мыналардан құралады:
Қазіргі заманғы тұжырымдамалық әдістер негізінде отандық тарихнамада
алғаш рет Ташкент қаласының қазақтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси,
мәдени, рухани өміріндегі маңызы кешенді түрде зерттелініп, қазақ элитасы
мен ұлттық қозғалысының қалыптасуы мен дамуындағы Ташкент қаласының тарихи
рөлі айқындалды;
–Ташкент қаласын дамытуға бағытталған іс-шараларда қазақ қауымы
өкілдерінің сіңірген еңбегінің талдануы диссертациялық жұмыстың тағы бір
ғылыми жаңалығы болып табылады;
–Келесі жаңалық диссертациялық жұмыста пайдаланылған дерек көзіне
тікелей байланысты, өйткені оның басым көпшілігі осы жұмыста ғылыми
айналымға тұңғыш рет енгізіліп отыр;
–Зерттеудің маңызды бір ғылыми жаңалығы – Ташкент қаласы мен Түркістан
өлкесінің қоғамдық – саяси өмірінің бұрын жарық көрмеген (немесе теріс
түсіндірілген) сюжеттерінің тұңғыш рет ашып көрсетілуі болып табылады.
Осылайша, диссертацияда Ташкент қаласының әлеуметтік-экономикалық,
саяси және рухани өміріндегі жергілікті қазақ қауымының орны мен рөлін
анықтауға, сондай-ақ өлкедегі реформаторлық қозғалыстың негізгі
ерекшеліктері мен кезеңдерін айқындауға талпыныс жасалды; ұлттық саяси
ұйымдар мен олардың көшбасшыларына деген Ташкент большевиктерінің саясаты
жаңа қырынан бағаланды; ауқымды фактілік материал негізінде Ташкент
қаласындағы қазақ прогресшілдерінің ұлттық мемлекетті қалпына келтіріп,
дамытудың баламалы жолдарын жасау жөніндегі қызметі зерттелінді; ұлттық
қозғалыс ішіндегі дүниетанымдық қақтығыстардың бастау көздері ашылды; қала
мен өлкенің жалпыресейлік және ұлттық саяси ұйымдардың бағдарламалық
ережелері сын тұрғысынан талданды; зерттелінуші жылдарда Ташкент
қаласындағы қазақтың шығармашыл және ғылыми зиялы қауымының ірі өкілдерінің
жасампаз қызметі көрсетілді.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Автор үшін негізгі әдістемелік
бағыттар тарихилық, объективтілік, себеп-салдарлық байланыс пен тарихи
маңызды үдерістердің бұлжымастығы, кешенді қоғамдық құбылыстар мен
оқиғалардың барысы мен сипатын анықтайтын түрлі факторлардың өзара үйлесуі
мен өзара толықтыру императиві сияқты ғылыми қағидалар құрайды.
Қала шаруашылығы, қоғамдық, әлеуметтік – саяси және экономикалық
ұйымдастыру саласында ғылыми талдаудың негізін қалайтын қағидаларды
қалыптастырған жетекші зерттеушілердің маңызды тұжырымдары мен
қорытындылары теориялық-әдістемелік және танымдық құндылық танытады.
Диссертациялық жұмыста зерттеуші құбылысты жаңа тұжырымдамалық ұстаным
тұрғысынан қайта ой екшеуінен өткізуге талпыныс жасалды. Зерттеу барысында
ғылыми талдаудың проблемалық – хронологиялық және тарихи-салыстырмалы
әдістері қолданылады, мұның өзі зерттелінуші мәселенің негізгі аспектілері
мен сюжеттерін толық ашып көруге мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының ғылыми және қолданбалық құндылығы. Зерттеу барысында
келтірілген мәліметтер мен жасалған тұжырымдар Орталық Азия халықтары
тарихынан жалпылама еңбектер дайындауда, сондай-ақ университеттердің тарих
факультеттерінде аймақ тарихынан арнайы курстар оқу кезінде пайдалануға
болатындығынан көрінеді.
Диссертацияның материалдары, қорытындылары мен нәтижелері Орталық
Азияда мемлекетаралық қатынастардың тұжырымдамаларын жетілдіру мен
ұлтаралық қатынастар саласында біздің еліміздің саясатын іске асыру
барасында қажет етілуі мүмкін.
Зерттеу жұмысының қорғауға ұсынылатын тұжырымдары.
– Ташкент қаласының - қазақтардың саяси, әлеуметтік – экономикалық және
рухани өмірінде алатын орнына тарихи дерек көздері арқылы талдау жасалынды;
– қаланы дамытуға бағытталған әлеуметтік өмірдің барлық салаларында
Ташкенттің қазақ қауымы өкілдерінің көп қырлы қызметі қарастырылды;
– Ташкент қаласы мен бүкіл аймақтың қоғамдық-саяси және мәдени

берілді;
– жаңа тұжырымдамалық ережелер негізінде белгілі бір уақытта өз
тағдырын белгілі бір объективті жағдайларға орай Түркістан өлкесі және
Ташкент қаласымен байланыстырған қазақ зиялы қауымының көрнекті өкілдерінің
қоғамдық-саяси және ғылыми-шығармашылық қызметі талданды;
- Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Ташкент қаласындағы қазақ зиялы
қауымының өкілдері Түркістан қазақтарының өмірлік маңызды мәселелерін шешу
үшін аса қажетті қадамдар жасаған іскерлік қызметті дәлелденді;
- патша және кеңес әкімшілігінің саясаты білім жүйесін орыстандыруға
қарай бейімдеді. Жергілікті ұлттық саяси элитаның өкілдері өз өмірлерін
қауіп-қатерге тіге отырып, осы саясатқа лайықты тойтарыс бере алғандығы
дәлелденді
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі мазмұны
халықаралық конференцияларда баяндалды және негізгі тұжырымдары, ғылыми
нәтижелері мен теориялық түйіндері мақала түрінде республикалық және
Өзбекстан, Қарақалпақстан басылымдарында жарияланды. Зерттеу жұмысы Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және
докторантура PhD институтының Гуманитарлық мамандықтар кафедрасында
талқыланды және қорғауға ұсынылды.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, жеті
параграфтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Зерттеудің бағытын талдау Қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық
және рухани өміріндегі Ташкент қаласының маңызын (ХІХ ғасырдың екінші
жартысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегі) көрсету.
Диссертацияның кіріспе бөлімі жұмыстың жалпы сипаттамасы, тақырыптың
өзектілігі, зерттеу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, дерек көздері,
теориялық және методологиялық негіздері, ғылыми жаңалығы мен қорғауға
ұсынылатын тұжырымдары, қолданыстық маңызы, диссертацияның сыннан өтуі және
құрылымынан тұрады.
Бірінші тарау Ташкент қаласы – Түркістан өлкесінің саяси – әкімшілік
және экономикалық орталығы деп аталады. Түркістан өлкесін Ресей империясы
жаулап алу алдында Ташкент қаласы Орталық Азияның маңызды саяси –
экономикалық орталықтарының бірі болды. Кейбір деректер бойынша, ХІХ
ғасырдың 60-жылдарының ортасына қарай Ташкент халқы шамамен 100 мың адамды
құраған [11, 281 б.]. Қалада 18-ге жуық керуен сарайлар мен 20 мыңға жуық
тұрғын үй болған [5, 23 б.]. Мұнда әр түрлі жергілікті халықтар мен
этникалық топтардың өкілдері өмір сүрді: өзбектер, қазақтар, қыпшақтар,
тәжіктер және т.б.
1865 жылы Ташкент қаласы жаулап алған соң қолайлы географиялық және
әскери –стратегиялық аймақта орналасқан бұл қала алдымен Түркістан
облысының (Орынбор генерал-губернаторлығы құрамында), соңынан, яғни 1867
жылдың шілдесінен бастап, Түркістан генерал-губернаторлығының және бір
мезгілде Сырдария облысының саяси әрі әкімшілік орталығына айналды.
Түркістан генерал-губернаторлығы аумағында қала мәртебесін алғашында
Ташкент пен Верный ғана алды.
1865 жылы 6 тамызда орыс императоры ІІ Александр Түркістан облысын
басқару туралы уақытша ережені бекітті. Осы ереже бойынша Түркістан облысы
әскери әкімшілік бірліктерге жіктелініп, оларды басқаруға Ресей офицерлері
тағайындалды. М.Г. Черняев Түркістанның тұнғыш әскери губернаторы болып
бекітілді. Бұрынғы хан әкімшілігінің көптеген өкілдері - раис (мухтасиб),
құрбасшы, ақсақалдар, қазылар, мүфтилер, билер және т.б. жаңа тәртіп
жағдайында өз міндеттерін орындауды жалғастыра берді. Алайда, бұратана
әкімшілік орыс отаршылдық басқару аппараты жағдайында көмекші рөл ғана
атқаратын болды.
1865 жылғы Түркістан облысын басқару туралы уақытша ереже отырықшы
халық үшін - қазылар сотын, ал көшпелілер үшін - билер сотын сақтап қалды.
Ресей отарлық әкімшілігі Түркістанда өз билігін нығайта отырып, жергілікті
халық арасында мұсылман дін басыларының беделі мен саяси ықпалын түсіруге
ұмтылды. Мұсылман дін басыларының ықпалын төмен әкімшілік деңгейге түсіруге
тырысқан алғашқы шенеунік - Түркістан облысының әскери губернаторы Д.И.
Ромоновский болған еді. 1866 жылдың шілде айында оның бастама көтеруімен
Ташкентте махкама атауына ие мекеме құрылды. Махкама жергілікті сот органы
болып табылды.
Жалпы алғанда, Түркістанда патша өкіметі жүргізген әкімшілік-аумақтық
бөлу өлкенің табиғи-географиялық, тарихи, экономикалық және этномәдени
ерекшеліктерін дұрыс ескермеді. Түркістан өлкесін басқару Ресей
шенеуніктерінің күрделі бюрократтық машинасымен іске асырылды. Әкімшілік
басқару органдары өлкелік, облыстық, уездік және болыстық болып бөлінді.
Осы бюрократтық машинаның басты буыны Түркістан генерал –губернаторының
кеңсесі болды, ол 1867 жылы Ташкент қаласында құрылды.
Түркістан отарлау әкімшілігі әуел бастан-ақ заңға құлақ асатын және
билікке көзқарасы дұрыс жергілікті мұсылмандардың санын ұлғайту үшін қолдан
келгенін бәрін істеді. Бұл жағдайда, әрине, жергілікті халық ортасында
жеткілікті деңгейде әлеуметтік тірек құрып алмайынша басып алған жерлерді
басқару мүмкін емес еді. Осылайша, алғашқы жаулап алу жылдарында Ташкентте
құрылған отаршыл әкімшілік басқару жүйесі жетілмеген құрылым болды. Өлкеде
асығыс түрде Ресей мемлекетінің саяси, әкімшілік, экономикалық құрылымдарын
ендіру, жергілікті халықтың мүдделерін бұрмалау, олардың ұлттық және адами
қадір-қасиеттерін кемсіту мұсылман бұхарасының наразылығы мен ашу-ызасын
туғызды.
Ресейдің отарлау саясатының бір ерекшелігі - Түркістанды және Орталық
Азияның өзге аймақтарын өлкеде ең алдымен әскери-саяси және экономикалық
бақылау орнатуға мүмкіндік беретін әкімшілік-аумақтық жіктелістерге бөлу
болды. Бұл жағдайда өзге де отарлаушы империялардың бай тәжірибесін белсене
пайдалана отырып, Ресей үкіметі бөліп ал да билей бер деген белгілі
қағиданы барынша тиімді іске асыруға талпынды.
1886 жылғы 12 маусымдағы Түркістан өлкесін басқару туралы ереженің 262
бабында былай деп көрсетілді: Түркістан өлкесінде орыс азаматы емес
адамдардың, жергілікті халықтан басқа бүкіл өзге адамдардың, христиан
дініне жатпайтын адамдардың жер және жылжымайтын мүлік алуына тиым салынды
[12, 33 б.].
Қоныс аудару саясаты Түркістан отарлық әкімшілігінің өлкеде жүргізіп
жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларының ажырамас бөлігі
болды. Бұл реформалар көп жағдайда жергілікті өзбек, қазақ және т.б.
халықтардың ұлттық және азаматтық құқықтарын таптады.
Сот-құқық саласында да жергілікті халықтарды кемсіту саясаты анық
көрінді. Отарлық кемсітушіліктің айқын көрінісі қалаларды (оның ішінде
Ташкентті де) жаңа қала және ескі қала деп бөлуден де танылды. Ескі қала
деп жергілікті халық тұратын бөлігін атады. Бір сөзбен айтқанда Түркістан
отарлық әкімшілігі мұсылман және түркі тілдес халықтар арасындағы ынтымақты
байланыстардың жандануынан аса қатты қорықты. Реформалар мен Түркістан
әкімшілігінің бүкіл ағымдық саясаты едәуір шамада қазақ, өзбек және т.б.
халықтарды саяси, экономикалық және рухани жағынан ыдыратуға бағытталды.
Ташкент қаласы ежелгі дәуірден бері-ақ Орталық Азияның көшпелілері мен
диқандары арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуда елеулі рөл
атқарып келді. ХVІІІ ғасырдың соңында мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында
Ташкенттің Ресеймен сауда байланысы күшейді. Орталық Азия хандықтарындағы
өзге қалалардан Ташкент және қазақ жері арқылы Оралға, Еділ бойына, Орталық
Ресей мен Сібірге шитті мақта және иірілген мақта-мата, қаракөл, жібек және
жібектен жасалған бұйымдар, кептірілген жемістер, күріш, кілем, қой жүні
және басқа да тауарлар өтіп отырды. Кері бағытта Орталық Ресейден, Оралдан,
Еділ бойынан мақта-мата бұйымдары, металдан жасалған заттар, Сібірден
былғары және т.б. жөнелтілді. 1840-1849 жылдары Ресейден Қазақстан аумағы
арқылы Ташкентке 46,2 мың пұт темір әкелінді [13, 49-50 бб.].
Көрші халықтар арасында осы кезеңде кең тараған ташкенттік және
ортаазиялық тоқыма бұйымдар туралы айтатын болсақ, орыс зерттеушілерінің
бірі былай деп жазды: Бүкіл қазақ даласы, Еділ сағасынан бастап Енесейдің
жоғарғы ағысына дейінгі жерлер, осы жерден солтүстікке қарай Қазанға
дейінгі аумақ Орта Азияда дайындалған шапанды киеді [14, 271 б.].
Орталық Азияны Ресейдің жаулап алуы алдында, деп атап өтеді тарихшы
С. Мадуанов, қазақтар Бұхарадағы, Хиуадағы және Ташкенттегі көрші
халықтармен қызу сауда жүргізіп отырды дей келе Ташкент қаласының
базарларында қазақ тауарларын, сондай-ақ қазақ тұрғындарына арналған
тауарларды сататын мамандандырылған қатарлар болды. Бұл тауарлар
қазақтардың сұранысы мен талғамына орай Ташкент қаласындағы көптеген
шеберханаларда өндірілді. Киіз базарында 300 сауда қатары болды, мұнда
дәстүрлі қазақ тауарлары: текемет, қамшы, арқан, қап, қоржын, ат әбзелдері,
белдіктер және т.б. сатылды[15, 195-196 бб.].
Жалпы, Ташкент базарларында (аймақтағы басқа қалалардағыдай) белсенді
ішкі және сыртқы іскерлік байланыстар орнатылды, түрлі халықтар мен
әлеуметтік топтар арасында ақпарат алмасылды. Бұл базарлар қаланың
әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық және мәдени өмірінде маңызды рөл
атқарды. Ташкент базарлары көбіне қаланың орталық аудандарында орналасты.
Сондай-ақ, отырықшы қала және ауыл тұрғындарына ғана емес, көшпелі дала
халқына арналған тауарларды сататын кішігірім базарлар жолаушылар өтетін
жол бойында, қала қабырғасының сыртында жиі орналасты. Қала алаңдары да
сауда жүргізетін орындар қызметін атқарды, мұнда қазақтар да саудаға
белсене араласты.
Қазақтар Ташкент қаласының қоғамдық – саяси өмірінде (1905-1925 жылдар)
атты екінші тарауда қазақ интеллигенциясы және Түркістан өлкесіндегі
олардың ұлттық қозғалыстарға қатысуы мен саяси өмірге араласу тарихы
баяндалады. Ресейдің отарлық саясаты, кейбір позитивті әсерлеріне қарамай,
негізінен Түркістан өлкесіндегі қазақтардың, өзбектердің және өзге де
халықтардың тағдырына кері әсер етті.
Ресей саяси өмірінің жандануына 1905 жылдың 17 қазанындағы патша
манифесінің жариялануы да әсер етті. Онда құқықтар мен бостандықтар (соның
ішінде ар-намыс, жиналыс және одақтар бостандығы) жарияланды, болашақта
ешбір заң Мемлекеттік Думаның құптауынсыз қабылданбайтындығы айтылды.
Манифестің маңызды ережелерінің бірінде былай делінді: Мемлекеттік Думаға
қатысуға бұрын ешқашан сайлау құқықтарына ие болмаған халық санаттары
тартылсын, соңынан олардың әрмен қарай осы құқықтары жан-жақты дамытылсын
[16, 8 б.].
ХХ ғасырдың басында Ташкенттің және бүкіл Түркістанның қоғамдық-саяси
өміріне танымал жадидтермен бірге (М. Бехбуди, М. Қары, А. Авлони және
т.б.) зиялы қазақ өкілдері, кейіннен мемлекеттік қайраткер атанған С.
Асфендиаров, М. Тынышбаев, М. Шоқай, Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С. Қожанов
қатысты.
Саяси белсенділік артқан 1905-1906 жылдары Түркістанда, бүкіл
империядағыдай, көптеген партиялар, кәсіподақтар мен қоғамдық-саяси
бірлестіктер пайда болды. Бұл кезеңде Түркістандық жадидтер мен қазақ
прогресшілері конституциялық-демократтар партиясының бағдарламалық
ережелеріне оң көзбен қарады. Бұл бағдарламалар олар үшін едәуір либералды
және ұлттық мүдделеріне жауап беретін сияқты болып көрінді. Олар
парламенттік күрес әдістерін пайдалана отырып, жеңіске жетуге болады деп
ойлады. Мемлекеттік Думаны олар бостандық, теңдік және әділеттікті
қамтамасыз етуге тиіс конституциялық-демократиялық институт ретінде
бағалады.
Мұсылман реформаторлары мен ұлттық прогресшілдер І Мемлекеттік Думаның
жұмысы барысында іске асыратын біріккен бағдарлама жасап шығарды. І
Мемлекеттік Дума таратылудан бұрын мұсылман депутаттардың саны 25-ке жеткен
еді. Алайда, ресми тізімде олардың саны 23 адам деп көрсетілді [17, 1–39
бб.]. І Мемлекеттік Дума таратылғаннан кейін біршама уақыттан соң ІІ
Мемлекеттік Думаға сайлау басталды. Ол 1906 жылдың соңы мен 1907 жылдың
басында өтті. Түркістандықтар ІІ Мемлекеттік Думаның мұсылмандар
фракциясында жұмыс істеді. Фракция мұсылман халықтарының ұлттық қозғалысын
біріктіру мен оны жалпыресейлік азаттық-демократиялық қозғалысқа қосу үшін
өз мүмкіндіктерін пайдаланады. Фракция партия бағдарламасын дайындау
жұмысын жалғастырып, ІІ Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясының
бағдарламасын дайындады [18, 67–84 бб.]. ІІІ және ІV Думаның мұсылман
фракциялары ұлттық талаптар қоюмен қатар, сұраныстар енгізу, жергілікті
прогресшілдермен байланысты нығайту және Ресей империясының түрлі
бөліктеріндегі ұлттық орталықтардың қызметін үйлестіру бойынша кез-келген
мүмкіндіктерді пайдалана білді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Түркістандағы және Ресейдің басқа да ұлттық
шет аймақтарындағы әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси жағдайды
бұрынғыдан гөрі барынша ушықтыра түсті. Ресей империясының отарлық саясаты
түптің түбінде қазақ халқының кедейленуіне әкеліп, қазақтар мен
түркістандықтардың 1916 жылғы жалпыхалықтық көтерілісіне негізгі себеп
болды [19, 84 б.].
Түркістан және қазақ зиялыларының көптеген өкілдері (У.
Асадуллаходжаев, М. Бехбуди, М. Тынышбаев, Т. Рысқұлов және т.б.) патша
жарлығына бірден қарсы шықты. Өз кезегінде, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов,
М. Дулатов сияқты басқа да қазақ либерал-демократтары және Қазақ
газетінің маңына топтасқан адамдар патша әкімшілігін мобилизациямен асықпау
қажеттігіне көздерін жеткізгісі келді, жергілікті орындарда дайындық
жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. Алайда, мұның барлығы күтілген
нәтиже берген жоқ.
Ұлттық зиялы қауым қарапайым адамдардың мүддесін қорғау үшін мүмкін
болған нәрсенің барлығын істеді. Ұлт зиялылары мобилизацияланғандардың және
тағдыр тәлкегінде қалған олардың отбасыларының жағдайын жеңілдетуге
тырысып, оларға материалды көмек пен моральдық қолдау көрсетті
Ақпан революциясы туралы хабар Ташкентке 1917 жылы наурыздың басында
келіп жетті. Ақпан оқиғалары Түркістандағы ұлттық қозғалыстың жағдайы мен
сипатына маңызды әсер етті, оған қосымша серпіліс берді
Ақпан революциясынан кейінгі алғашқы күндерде жалпыұлттық Қазақ
газеті Қазақстан мен Түркістанның 25 орталығына арнап жолдаған, Ә.
Бөкейханов пен М. Дулатов басшылығындағы 15 қазақ зиялы өкілдерінің үндеуін
жариялады. Мұнда авторлар Уақытша үкіметті Құрылтай жиналысын дайындауға
және елде демократиялық республика орнатуға ықпал етуге шақырады [20,
215–216 бб.].
1917 жылдың сәуірінде Уақытша үкіметтің Түркістан комитеттін құру
туралы қаулысы шығып, өлкедегі билік өтпелі кезеңде осы комитетке берілді.
Қаулыда былай деп атап көрсетілді: 1. Уақытша үкіметтің 1917 жылы 6
наурызда бүкіл халыққа жариялаған негіздерде Түркістан өлкесінде берік
тәртіп орнату мен нығайту мақсатында және жергілікті орындарда өлкені
басқару мәселелерін шешу үшін құрамында Мемлекеттік Дума мүшесі Николай
Николаевич Щепкин; Мемлекеттік Думаның 1-шақырылымының мүшесі Әлихан
Бөкейханов; Мемлекеттік Думаны 2-ші шақырылымның мүшесі Мұхамеджан
Тынышбаев; Мемлекеттік Думаның 3-шақырылымының мүшесі Садри Низамұлы
Мақсудов, Максим Сергеевич Ельпатьевский, Александр Лаврентьевич Лаповский,
Павел Иванович Преображенский, Орест Авенидович Шкапский және генерал-майор
Абдель Азис Азисович Давлетшин бар Түркістан комитеті құрылсын.
Түркістан комитетінің мүшесі ретіндегі алғашқы жұмыс күндерінен бастап
М. Тынышбаев өлкенің түрлі аймақтары мен жергілікті елді мекендеріндегі
шынайы жағдай туралы сенімді ақпарат жинау үшін зор күш-жігерін жұмсады.
Ұлттық зиялы қауым арасындағы беделін пайдалана отырып, Түркістан
мұсылмандарын қандай мәселе толғандыратындығы және өкіметтен не күтетіндігі
туралы құнды мәліметтер алу мүмкіндігіне ие болды. Сол дәуірдегі саяси
жұмыстарға М. Шоқай белсене атсалысты, ол өзінің ұйымдастыру қызметімен
ғана емес, Түркістан мұсылмандарының түрлі өмір жағдайлары туралы терең
білімі арқылы да ерекшеленді.
Түркістанның қазақ зиялы қауым өкілдері М. Шоқай, М.Тынышбаев, С.
Қожанов, С. Ақаев, С. Асфендиаров және т.б. Алаш партиясының
бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыра отырып, өлкедегі өзге
де ұлттық саяси ұйымдармен тығыз байланыс орнатуға ұмтылды. Ақпаннан
кейінгі кезеңде кейбір көрнекті қазақ қоғам қайраткерлері Түркістан
мұсылмандарының аса ірі ұйымдарының басшылары болды. Мәселен, М. Шоқай
жергілікті Шурои-Исломия партиясының басқарушы буынына кірсе, ал Сералы
Лапин Ташкенттік Шурои-Уломо қоғамын басқарды.
Шурои Исломия ұйымының басқарушы өзегін белгілі түркістандық
прогресшілдер-жадидтер мен ұлттық қозғалыстың көшбасшылары Мұстафа Шоқай,
Убайдулла Ходжаев, Махмудходжа Бехбуди, Мунаввар Қары Абдурашидханов,
Ташпулатбек Норбутабеков және т.б. құрады. Осы кезеңде Шурои Исломия
ұйымының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz