Педагогикалық процестің теориясы мен әдістемесін оқыту мәселелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Педагогикалық процестің теориясы

мен әдістемесін оқыту мәселелері

1. 1 Шығыс және Батыс ойшылдарының гнесеологиялық идеялары -

оқыту процесінің негізі ретінде . . . 5

1. 2 Қазіргі кездегі оқытудың түрлері . . . 7

1. 3 Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері . . . 12

ІІ тарау. Білімнің мазмұны және оның ғылыми негіздері

2. 1 Жалпы және политехникалық білім беру . . . 16

2. 2 Жалпы орта мектепте білім мазмұнын гуманитарландыру . . . 18

ІІІ тарау. Оқу іс-әрекетін қалыптастыру

3. 1 Оқу іс-әрекетінің психологиясы . . . 21

3. 2 Оқу процесінде білім мен ұғымдарды қалыптастыру . . . 34

3. 3 Оқытудың тиімді әдістерін таңдау . . . 45

Қорытынды . . . 55

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 57

Кіріспе

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан - жақты дамыту қогам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында «Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процссі» - деп жазылған.

Әрбір елде халыққа білім беру ісі өндіргіш күштердің даму деңгейіне өндірістік қатынастардың қалыптасуына байланысты. Сонымен бірге білім беру ісінің дамуы қоғам дамуының әлеуметтік экономикалық міндеттеріне әсер етеді, әр ұлттың ерекшеліктерімен сипатталады. Білім беру ісінде осындай түбегейлі мәселелер еске алынады.

Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халықымыздың ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Педагогикалық процестің басты идеясы - оқыту және тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің, заңдылықтардың мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстылығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтармен, оқыту машиналарымен, техникалық құралдармен, атап айтқанда символикалык экранды - динамикалық дыбысты техникалық құралдармен жабдықтау, оқыту тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін артырады.

Оқыту процесіндегі сапалылық, оқушылар білімділігі бірінші орында мұғалімге байланысты. «Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» - дейді Ыбырай Алтынсарин. Демек, білікті мұғалім болу үшін оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптерін, оқытудың түрлері мен әдіс - тәсілдерін, яғни оқытудың теориялық және методологиялық негіздерін меңгеру қажет.

Зерттеу мақсаты:

Оқытудың теориялық және методикалық негіздерін ашып көрсету; оқыту процесінде іскерлік және жеке басының сапасына қойылатын талаптарды арттыру.

Зерттеу болжамы:

Егер мұғалім оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін меңгерген ізденімпаз, сауатты, білікті маман болса, оқушыларды жан - жақты дамыған, білімді, отансүйгіш тұлға етіп қалыптастырады.

Зерттеу міндеті:

Оқыту және тәрбиелеу жөніндегі қазіргі заман талабынан туындайтын сұрақтарға ғылыми дәйектелген жауаптар табу.

І тарау. Педагогикалық процестің теориясы

мен әдістемесін оқыту мәселелері

Қазіргі кезеңде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені, қоғамдық өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді.

Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесс немесе оқу - тәрбие процесі деп атайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әр бір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу - оқу - тәрбие процесінің басты шарты.

Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір - бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.

Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары және принциптері, олардың тұтастығы, өзара байланысын дәлслдсйді. Оқыту және тәрбие процесінде принциптерді тәрбие және білім беру теорияларына байланыстырып, жеке - жеке пайдаланудың мәні зор.

1. 1. Шығыс және Батыс ойшылдарының гносеологиялың идеялары - оқыту процесінің пегізі ретінде.

Оқыту процесінің құрылымы оқытудың гносеологиялық аспекттеріне байланысты болады.

Гносеология дегеніміз - ғылыми дүниетануды тексеретін философияның бір тарауы болып, танымдық теориясы, диалектика заңдылықтары жатады. Мәдени даму тарихында адамның қоршаған ортаны, әлемді танып білуінің жалпы құрылымы мсн басқыштарының тәсілдері әртүрлі екені мәлім. Бұл тәсілдер оқыту процесі құрылымының қиынын және оқытудың мәнін де анықтайды. Орта ғасырлық шығыс ойшылдары Хорезми, таным теориясына маңызды үлес қосты. Ол біріншілерден болып танымның бақылау, тәжірибе, экспериментал методтарын ғылыми дәлелдеп берді, танымның жалпы ғылыми методтарынан математикалық есептерді алгоритм методымен шешуді істеп шықты.

Ал Кинди (IX ғасыр) ғылыми танымның 3 басқыштан тұратын концепциясын алға тартты.

Кинди адамның танымы сезімдік және рационалдық (ақыл-ой талабына негізделген) деп бөледі. Сезімдік танымға барлық денелік және материалдық жатады. Сезімдік таным ақылға материал жеткізіп береді. Шын білімді тудыру, сыртқы әлем туралы түсінік тек ақыл - парасат арқылы жүзеге асады дейді.

Фараби (X ғасыр) Киндидің ақыл - ой, парасат туралы айтқандарын анықтап және ашып, былай жазды: бір нәрсені танып білу үшін адам алдымен оның қайсы бір жағдайын біліп алады. Фараби ғылымдарды классификациялады және танымдық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар істеп шықты. Жақсы теоритик болу үшін мынадай үш жағдайды ескеру керек екенін айтады:

  1. Сол ғылымның негізінде жататын барлық принциптерді білу.
  2. Осы принциптерден керекті қорытынды шығара алу, яғни ойлау ережелерін білу.
  3. Қате теорияларды әшкерлеп және басқа авторлардың пікірлерін талдап, шындықты өтіріктен айыру, қателерді түзету.

Беруни (XI ғасыр) танымды шексіз, үздіксіз процесс дсп қарады. Біз келешекте ақиқат шындықтың белгілі болмаған жақтарын танып білеміз дейді Беруни.

Ибн Синоның (XI ғасыр) таным теориясында себеп туралы ілім маңызды орын иелейді. Ол себептің сезім арқылы болатын ашық түрін көрсетіп берді. Нәрселерді тану үшін алдымен опың пайда болу себебін анықтау керек дейді. Ибн Сино өзінің гносеологиялық идеясын дәрігерлік тәжірибесінде кеңінен пайдаланды. Аурулардың келіп шығу себебін анықтап, емдеу жұмысын алып барды.

Оқыту процесінің мәнін ғылыми дәлелдеп беруге әрекет еткен ғалым Я. А. Каменский болды. XVII ғасырда өмір сүрген славян педагоги Я. А. Каменский оқытудың табиғатқа сәйкестілік идеясын негіздеп берді. Оқыту процесі, оның құрылымы, принциптері мен методтары табиғат заңдарына бағынышты болуы керек дейді.

Кеңестік педагогика тарихи Каменскийдің мұндай пікірлерін өз
өзінен келіп шығады деп қараған еді. Соңғы кезде оқытудың табиғатқа сәйкестілігі Каменскийдың педагогикалық қорытындылар системасындағы методологиялық ережелердің бірі, оның дүниетанымы деп қаралуда.

Каменскийдың бұл идеясы - батыс ғалымдарының оқыту процесінің гносеологиялық негізін ашу, материалдық дүние заңдарының оқу процесіне әсерін көрсету әрекеттерінің бірі болуда.

XVIII ғасырда өмір сүрген француз ойшылы Ж. Ж. Руссо оқыту процесінің мәнін баланың қоршаған ортасын танып білу табиғатынан алады. Ғалымның пікірінше, бала табиғат аясында, ауылда өсуі керек. Ол оқыту баланың танымдық қызметінің ерекшелігіне байланысты болу идеясын көрсетеді.

Руссо гносеологиялық тәсіл арқылы оқытудың мәнін дәлелдеуге тырысты. Бұл оған баланың ақыл - ойын дамытудың тиімді тәсілдері мен методтарын істеп шығуға жәрдем берді. Оның бұл идеялары қазіргі күнде проблемалық сабақты өтуде өте қызығушылықпен қолданылуда.

1. 2. Қазіргі кездегі оқытудыц түрлері

Оқыту жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың бірнеше түрлері бар: түсіндірмелі - иллюстративті оқыту, проблемалы оқыту, бағдарламалап оқыту т. б.

Түсіндірмелі - иллюстративті оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды белгілі быгім жүйесімен қаруландырады, іскерлікке үйретеді. Ол үшін жаңа біліммен таныстырады, жаңа ұғымдар, теориялар және зандар туралы түсінік береді. Оқушылар дайын білімді меңгереді. Жаңа материалдарды қайталап бекітеді, түрлі жаттығуларды, тапсырмаларды орындау барысында алған білімін қолданады. Бұл жерде ешқандай проблемалық ситуация тумайды.

Проблемалы оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймайды, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Оқушыларға тақырып бойынша проблемалық сұрақтар қойылады. Оқушылар проблемалық сұрақтарды шешуде дұрыс варианттарын қарастырады, ойланады, жаңа білімді игеру туралы қорытынды жасайды, оны практикада қолданады.

Проблемалы оқыту - бұл ғылым негіздерін оқып-білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы.

Психологтар адамның ойлағыштық іс-әрекетінің негізгі түрлерін айтады: репродуктивті және продуктивті, шығармашылық.

Репродуктивті іс-әрекеті үлгі, алгоритм бойынша орындалады. Мұғалім жаңа оқу материалын, жаңа ұғымдардың мәнін түсіндіреді, тапсырманы орындаудың жолдарын көрсетеді. Оқушы оқу тапсырмасын мұғалімнің көрсетуімен алгоритмге сүйеніп, яғни мұғалімнің сабақ үстінде жасаған әрекетіне сәйкес орындауы қажет.

Бағдарлама бойынша оқу материалдарының көпшілігін мұғалім проблемалық ситуация жағдайында түсіндіруі тиіс.

Продуктивті іс-әрекетінің айырмашылығы оқушы белгілі білімді өз бетімен жаңа ситуацияда қолданады немесе белгілі ситуацияда жаңа білімді, әрекет жасаудың жаңа ережесін табады (алгоритмді өзі жасайды) . Бірақ оқушының дайын алгоритмді, үлгіні пайдалануы да мүмкін.

Проблемалық ситуация жағдайында оқушының іс-әрекеті ойлаумен, байымдаумен, өз бетінше ізденумен сипатталады (проблема түрінде сұрақтар қою, жорамал ой туғызу т. б. ) .

Шығармашылық іс-әрекеті алгоритмнен, үлгіден, формализмнен аумаушылықты көтере алмайды. Шығармашылық бұл эвристикалық іс-әрекеті, оның мәні, негізгі идеялары тез түсіну ұғыну, істің кенеттеп шешілу жолдарын табу.

Оқушылардың шығармашылық ойлауы проблемалық ситуациядан басталады.

Проблемалық ситуация деп пайда болған құбылыстарды, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан қиыншылық білім және іскерлік негізінде адамды жаңа әдістерді немесе істі іздеуге, түсіндіруге талаптандырады.

Ақыл-ой әрекеті толық циклының проблемалық пайда болуынан проблеманың шешілуіне дейін мынадай кезеңдері болады.

- проблемалық ситуацияның пайда болуы;

  • проблеманы - сұрақты қою және оның қиыншылық мәніне жете түсіну;
  • болжау арқылы шешім тәсілдерін табу;
  • болжамды дәлелдеу;

- проблема шешімінің дұрыстығын тексеру.

Проблеманы оқыту процесінде мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды, түрлі тапсырмалар береді. Бұлардың бәрі проблемалық ситуацияны туғызады. Осының нәтижесінде әрбір оқушы сұраққа жауап беруге немесе проблеманы шешуге тырысады.

Проблема проблемалық ситуация болып саналады, бірақ әр түрлі проблемалық ситуация проблема бола алмайды. Мысалы, 3-сынып оқушысына өзенніц бір жағасында тұрып, оның енін қалай өлшейді деп сұрақ қойса, ол сұрақтың мәнін ұғып оны шешу үшін дәрменсіз болады. Бұл жерде проблемалық ситуация пайда болды, бірақ ол проблема бола алмады. Себебі, оны шешу үшін оқушыныц білімі, тәжірибесі жеткіліксіз болды.

Химия сабағында «Су» тақырыбын өткенде мұғалім оқушыларға проблема түрінде сұрақ қояды: су сұйық зат, ол сұйық зат, ол сутегі және оттегінен тұрады, сутегі жанады, оттегі жануды қолдайды. Олай болса, теңізді неге жағуға болмайды, жанып тұрған шырпыны тигізсең сөніп қалады.

Бұл жерде проблемалық ситуация туды да, ол проблемаға айналды. Өйткені оқушылардың химия пәнінен алған білімі проблеманы шешуде игі әсер етті.

Сонымен, оқушылардың әр түрлі шығармашылық оқыту іс-әрекетінде мұғалім проблемалық ситуация туғызады, жаңа білімді игеруде оқушылардың ойлау, іздену іс-әрекетіне, олардың оқыту проблемасын өз бетімен немесе ұжымдасып шешуіне басшылық етеді. Міне, проблемалы оқытудың мәні осында.

ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен 1962 жылы наурыз айында Париж қаласында бағдарламалап оқыту жанында арнайы конференция өткізілді. Онда ғалымдар өзара пікір алысты. Міне, осы кезеңнен бастап бұл проблемаға біздің елімізде және шетелдерде зор мән беріліп келеді.

Бағдарламалап оқыту оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың, оқу процесін үйлесімді басқарудың негізгі қүралдарының бірі. Бағдарламалап оқытуда жаңа бағдарламалапған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады.

Америка Құрама Штатында бағдарламалап оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді: машинасыз бағдарламалап оқытудың екі принципі бар: сапалық және тармақты бағдарламалау.

Б. Ф. Скиннер ұсынған сапалық принцип бойынша оқу материалы бағдарламаланған оқулықта логикалық бір ізділікпен орналасады. Оқушы материалды оқып түсінгеннен кейін бір порциядан (бөлшек) екінші порцияға көшеді. Мысалы:

1: 1
:
2: 2
:
3: 3
:
4: 4
:
5: 5
:
6: 6

Тармақты приципті оқыту процесінде алғаш рет пайдаланған Н. Краудер. Бұл прницип сапалық принципіне қарағанда оқытудың әлдеқайда көбірек дербестік жағын қамтамасыз етеді. Тармақты принцип бірнеше дайын тұрған вариантты жауаптардан дұрыс жауапты таңдап алуға негізделген. Мысалы, оқушыға оқулықтың 20-бетіндегі А 2 неге тең деп сұрақ-тапсырма беріледі. Бұл сұраққа сол оқулықтың бірнеше беттерінде төрт вариантты жауаптар көрсетілген:

А. А. - 3О-б; А + А - 40 - 6; А + 2 - 50-б ; А : 2 - 60-б.

Егер оқушының жауабы бірінші вариантқа сәйкес келсе, ол өзінің жауабының дұрыстығын 30-беттен іздеуі керек. Бұл бетте жауабы дұрыс деп жазылған. Міне, осыдан кейін оқушы келесі порцияны, яғни жаңа тапсырманы орындауға кіріседі. Егер оқушының жауабы 40-немесе 50-беттерде көрсетілгендей болса, онда ол келесі тапсырманы (порцияны) орындау үшін сұрақка толық жауап беруі қажет.

Машиналы бағдарламалап оқыту оқушылардың өз бстімен істейтін жұмысын басқару үшін үйлесімді жағдай жасайды. Машина оқушыға ғылыми ақпарат береді, бақылау сұрақтарын қояды, жауабын бағалайды, жаңа тапсырма береді. Демек, машина тікелей және кері байланыс принципін орындайды.

Мұны оқыту машинасының функционалдық схемасынан байқауға болады:

Оқу ақпаратын сақтау блогы

Логикалык блог

Көрсету блогы

Оқушылдардан түсксн ақпаратты қабылдау блогы

Аудитория - оқушылар

Бағдарламалап оқытудың артықшылығы неде?

  1. Біріншіден, оқушы әдеттегі оқытуға қарағанда оқу материалын анағұрлым байымды ұғады.
  2. Екіншіден, оқушы өз бетімен шығармашылық іскерлікке үйренеді.
  3. Үшіншіден, үйге берілетін оқу тапсырмасының көлемі қысқарады. Өйткені оқушы оқу материалын сабақ процесінде ұғады, орындайды.
  4. Төртіншіден, оқушының дербес қабілеті мен дарындылығы дамиды.

Машиналы бағдарламалап оқытудың, біздің оймызша, жағымсыз жағы да бар:

а) оқушылардың ұжымдық сезімінің дамуына және нығаюына мүмкіндік бермейді;

ә) оқушының өз жұмысының нәтижесін басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырудың да мүмкіндігі болмайды. Өйткені әрбір оқушы дербес тапсырманы орындайды.

Міне, осыған орай, бағдарламалап оқыту процесінде оқушылардың дербес және топтық жұмыстарын үйлестіріп өткізген жөн.

Соңғы жылдары жалпыға міндетті компьютерлік оқытудың қолданылуына байланысты бағдарламалап оқытудың келешегі қалай болар екен деп пікір айтушылар да бар. Бағдарламалап оқыту жайында қауіптенудің қажеті жоқ. Өйткені ол келешекте оқыту жүйесінде басты формалардың бірі болып қолданылады.

Орта және жоғары мектептерде микро ЭВМ «Агат» және ДБК, компьютерлер, басқа да техникалық құралдарды қолдануға байланысты оқыту жұмысының жүйесінде бағдарламалап оқыту да кеңінен пайдаланылады.

1. 3. Оқыту процесініц заңдылықтары және принциптері.

Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық деңгейіне байланысты. Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы біржағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған орай, оқыту процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субъектілері мен объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т. б. Мұндай байланыстар оқыту процесінің табысты болуына игі әсер етеді.

Оқыту процесінің барлық элементтерігіің мақсаттары меп міндеттерін, мұғалімнің және тәрбиеленушілердің жұмыстарының мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтайды.

Бұл заңдылықтар:

а) оқыту мазмүны қоғамның мақсаттарын және қажеттілігін
бейнелейтін міндеттерге байланысты:

ә) оқыту формалары, оларды үйымдастырып, өткізудің міндеттеріне, мазмүнына және әдістеріне байланысты;

б) оқыту әдістері, олардың мақсаттарымен анықталады.
Оқыту процесінің міндеттері, мазмүны, формалары, әдістері

түтас логикалық тізбек қүрса, онда қарастырылып отырган байланыс заңдылықтары ақырғы нәтижені қамтамасыз етеді.

Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Оқыту процесінің бірнеше принциптерін атауга болады.

Оқыту процесініц мақсаттылық принципі. Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды. Мақсатсыз сабақ жақсы нәтиже бермейді. Өйткені оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.

Оқытудың ғылымилық принципі. Бұл принцип табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді. Ғылымилық принцип оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда еске алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Ғылымилық принцип оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.

К. Д. Ушинскийдің айтуы бойынша, оқыту - бұл баланың байқағыштығының, ойының, тілінің, есінің, қиялының дамуы, баланы еңбекке, өмірге дайындау. Оқыту ғылыми ережелер мен теориялардың оқушылардың көзқарасы мен сеніміне ұласуымен сипатталады.

Оқыта отырып тәрбиелеу - бұл баланың өмірге, білімге қатысы, ақыл-ойының қабілеттілігі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.

Сонымен, білім беру, тәрбие оқытудың бірыңғай процесінде іске асырылады. Бұл үш категория бірін-бірі өзара нығайтады, толықтырады.

Түсініктілік принципі. Түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді. Сонымен бірге оқушыларға тапсырма «ең таяу даму зонасына» сәйкес берілуі тиіс, яғни тапсырманы мұғалімнің басшылығымен терең ойлап орындауды оқушылардан талап етуі керек. Егер тапсырма аса ауыр болса, онда оқушылардың ықыласы төмендейді, сенімі кетеді, күшіне зиян келеді.

Түсініктілік принципінен оқыту ережелері туады. Мысалы:

Жеңілден қиынға көшу.

Қарапайымдылықтан күрделілікке көшу.

Белгіліден белгісізге көшу.

Жүйелілік және бірізділік принципі. Оқыту процесінде оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша теориялық және практикалық мәселелер бірізділікпен белгіленеді. Жүйелілік және бірізділік принципі оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге, сонымен бірге балалардың білімін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, оларды күнделікті сабақтарға дайындықпен келуге де үйретеді.

Бұл прицнип жалпы пәндерді оқыту жүйесінде де қолданылады. Мысалы, көркем әдебиет пәндері бойынша бастауыш сыныптарда жай мақалалар мен әңгімелер оқытылса, жоғары сыныптарда әдебиет шығармалары, әдебиет тарихы өтіледі. Саналылық пен белсенділік принципі. Саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмір және практикамен байланысын тереңдету, оқылатын фактілер мен құбылыстардың мәніне түсіну болады.

Сабақ үстінде берілген тапсырмаларды оқушылардың саналылықпен орындауы, олардың белсенділігін арттырады. Әрбір іс-әрекетін орындауда оқушылар оның теориялық және практикалық мәніне терең түсінуі қажет. Мысалы: тіл сабақтарында грамматикалық ережелерді теория тұрғысынан терең ұғыну қажет болса, ал сөйлемдерді сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне ажырата білу оқушылардың іскерлік пен дағдыны саналылықпен игеруін көрсетеді. Саналылық және белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттердің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстары да игі әсер етеді.

Педагогикалық процестің бағыттылық принципі. Педагогикалық процестің бағыттылық принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту мен тәрбие үйлесімдігіне ықпал жасайды.

Кешенді ықпал жасау идеясы қоғамдық құрылыстың өз табиғатынан шығады - оқыту мен тәрбие жұмысы жүйесінің тұтас, мызғымас бірлігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беру пәндер циклы
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Колледждердегі кәсіптік педагогикалық жүйе
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Педагогиканың шығуы және дамуы
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау
Колледждегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқыту үдерісі
Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz