Банк несиелерін есепке алу



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ, ЕСЕБІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ..5
1.1 Банктің несиелік операцияларының мазмұны мен түрлері ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Банктің несиелік операциялар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Банк бухгалтериясының ұйымдастырылуы мен құрылымы ... ... ... ... ... ...10

2 «БТА БАНК» АҚ НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТЫРЫНЫҢ ДАМУЫ ... ... ... ... .13
2.1 Банктегі есеп . операция жұмысының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ..13
2.2 Банк несиесінің қажеттілігі мен несие қатынастырының дамуы ... ... ... ...18
2.3 Ұзақ мерзімді несиелендіру бойынша операциялар есебі ... ... ... ... ... ... ...22

3 БАНКТІҢ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
МЕН БАНК НЕСИЕСІНІҢ «1С БУХГАЛТЕРИЯ» БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3.1 Банктегі кассалық операциялардың ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ...26
3.2 Банк несиесінің «1С бухгалтерия» бағдарламасында жүргізілуі ... ... ... ...29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
КІРІСПЕ

Халық шаруашылығы мен банктің басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің рөлін көтермей, экономнканы дамыту мүмкін емес.
Уақтылы, толық және обьективті есеп банк жұмысын үнемді жүргізуге, көп шығын болдырмауға, әрдайым резервтерді іздестіруге, пайданы көбейтуге мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп — бұл құжаттар негізінде құрылған шаруашылық қызметтің біртұтас, үздіксіз өзара байланысқан бейнесі. Банктегі бухгалтерлік есеп ең алдымен өзінің оперативтілігімен ерекшеленеді. Оны мынадан көруге болады. Мысалы, банк мекемесінде бір операциялық күннің 3-4 сағатында (9-13 сағатқа дейін) жүргізілетін есеп айыру, кассалық, несиелік және тағы басқа операциялары сол күнгі аналитикалық есептің құжаты, яғни клиенттің дербес шотында көрсетіліп, күнделікті баланс құру әдісі арқылы бақыланады. Бұл ақша қаржыларының сақталуы туралы, күнделікті ақша айналымы мен есеп несие қатынасының жағдайы туралы жедел ақпарат алуға және ақша айналымы мен несиелік ресурстар айналымын қадағалауға мүмкіндік береді. Банктегі бухгалтерлік есептің ең басты обьектісі болып мекемелер мен шаруашылық ұйымдардан ақшалай құжаттардың қабылдануы мен олардың бухгалтерлік есепте бейнеленуі болып табылады. Сол сияқты аналитикалық есептің мерзімінде төленбеген картотекадағы есеп айыру құжаттардың, жедел міндеттемелердің және банк аралық есеп айыру бойынша операциялардың жүргізілуі жатады, және әр түрлі жердегі төлеушілер мен алушылар арасындағы есеп айыру кезіндегі қаржылары, банк несиесін ұсынудың және қайтарудың әдістері мен ережелері, төлемнің ерекшеліктері, тағы басқалары жатады.
БТА Банкінің қызмет көрсетуінің артықшылықтары
— Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
— Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
— Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
— Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
— Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.
Банктің құрылымында келесі элементтер құрылуы мүмкін:
- Бухгалтерлік есеп бөлімшесі;
- Жұмыс бөлімшелеріндегі есеп белімшелері;
- Филиалдардағы есеп бөлімшелері;
- Есеп мәліметтерін өңдеуші орталық;
- Ішкі аудит бөлімшесі.
Банктің жұмыс күнінің операциялық және операциялық емес болып бөлінуіне байланысты операция күнінің нақты аяқталу уақытын банк басшысы белгілейді. Операция күнінің барысында клиенттерден қабылданған есеп – ақша құжаттарын тікелей есеп – операция қызметкерлері жүргізеді. Ал операциялық емес уақытта құжаттарды банкке тікелей жауапты орындаушылар арнайы жәшіктерге салынған түрде тапсырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: банк несиесінің қажеттілікке жоғары деңгейде ие болуына қол жеткізу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Банктің несиелік операцияларының есебін ұйымдастыру;
- «БТА БАНК» АҚ несиелік операцияларының қорытындылары;
- Банктің несиелік операцияларының тіркелімін қарастыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1 Мырзалиев Б. С. «Бухгалтерлік операцияларды жүргізудің әдістері».
2 Оразбекұлы Бахыт. «Инвестициялық институттардағы бухгалтерлік есеп».
3 Көкенова Фатима. «Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі».
4 Бухгалтер бюллетені 2009 №16
5 Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), 10-желтоқсан, 2008 ж // Алматы: ЮРИСТ, 2009 254 б.
6 Баймұханов С.Б., Балапанов Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп». Алматы Экономик'С, 2003
7 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 23 мамыр 2007ж бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
8 Назарова В.Л., М.С. Жапбарханова, Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Алматы- Экономика, 2005.-298 бет..doc
9 Бухгалтердің және шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру.// Бухгалтер бюллетені №15 .2009
10 Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А.Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы Экономик'С, 2003.
11 Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. (халықаралық стандарт) оқулық - Алматы 2006 жыл.
12 Нысанбаев С.Н., Қожамкүлова Ж.Т.Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері. Оқу құралы. — Алматы Казақ университет., 2004. — 138 бет..
13 Попова Л.А. Бухгалтерский учет на предприятии, Учебное пособие – Караганда: «Арко», 2005.
14 Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях/Учебное пособие. – Алматы,2006.-472с.
15 Сариев Д.Б. «1с:кәсіпорын» жүесінің бүгінүгі күнгі жетістіктері // Егемен Қазақстан газеті, № 62. 2008 ж.
16 14. 01. 1997ж. Өзгерісі және толықтылығымен Қаржы министрлігінің Бас салық инспекциясымен №37 «ҚҚС есептеу мен төлеу тәртібі жөнінде» нұсқауы.
17 24. 08. 1993ж. Министрлер комитеті шешімі негізінде шығарылған Қазақстан Республикасының ұйымдары мен кәсіпорындары және мемлекеттік бірлестік жұмысшыларының іс – сапарлық қызметі жөнінде нұсқауы.
18 А. Үмбеталиев, Ғ. Керімбек, «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік».
19 В. В. Ковалев «Финансовый анализ», Москва 1995г.
20 А. Д. Шеремет, М. И. Баканов «Теория анализа хозяйственной деятельности», Москва 1987г.
21 Алтынбаев Б.А, Истаев А.А.
Основы маркетинга/Учебное пособие-А.,Экономика,2002
22 Есімжанова С.Р., Маркетинг/оқу құралы.- А.:Экономика, 2003
23 Жолдасбаев Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы / Оқу құралы.- А.: Экономика, 2002
24 Кнышова Е.Н., Маркетинг: Учебное пособие.- М.: Форум, 2004
25 Котлер Ф., Маркетинг негіздері, А.: «Жазушы»,2002
26 Маслова Т.Д., Божук С.Г., Ковашн Л.Н., Маркетинг- СПБ: П., 2002
27 Сатыбалдыұлы С., Маркетинг- нарықтану: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық- А.: «Білім», 1999
28 Шеденов ¬Ө.Қ., Жинісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория, А.-А., 2001
29 Саясат-№1,2002
30 «Халық кеңесі»-№72,1995
31 Ізденіс(Поиск)-№5,1998

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың тақырыбы:

Банк несиелерін есепке алу

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ, ЕСЕБІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ..5
1.1 Банктің несиелік операцияларының мазмұны мен түрлері ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Банктің несиелік операциялар есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Банк бухгалтериясының ұйымдастырылуы мен құрылымы ... ... ... ... ... ...10

2 БТА БАНК АҚ НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТЫРЫНЫҢ ДАМУЫ ... ... ... ... .13
2.1 Банктегі есеп - операция жұмысының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ..13
2.2 Банк несиесінің қажеттілігі мен несие қатынастырының дамуы ... ... ... ...18
2.3 Ұзақ мерзімді несиелендіру бойынша операциялар есебі ... ... ... ... ... ... ...22

3 БАНКТІҢ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
МЕН БАНК НЕСИЕСІНІҢ 1С БУХГАЛТЕРИЯ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛУІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.1 Банктегі кассалық операциялардың ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ..26
3.2 Банк несиесінің 1С бухгалтерия бағдарламасында жүргізілуі ... ... ... ...29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

КІРІСПЕ

Халық шаруашылығы мен банктің басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің рөлін көтермей, экономнканы дамыту мүмкін емес.
Уақтылы, толық және обьективті есеп банк жұмысын үнемді жүргізуге, көп шығын болдырмауға, әрдайым резервтерді іздестіруге, пайданы көбейтуге мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп -- бұл құжаттар негізінде құрылған шаруашылық қызметтің біртұтас, үздіксіз өзара байланысқан бейнесі. Банктегі бухгалтерлік есеп ең алдымен өзінің оперативтілігімен ерекшеленеді. Оны мынадан көруге болады. Мысалы, банк мекемесінде бір операциялық күннің 3-4 сағатында (9-13 сағатқа дейін) жүргізілетін есеп айыру, кассалық, несиелік және тағы басқа операциялары сол күнгі аналитикалық есептің құжаты, яғни клиенттің дербес шотында көрсетіліп, күнделікті баланс құру әдісі арқылы бақыланады. Бұл ақша қаржыларының сақталуы туралы, күнделікті ақша айналымы мен есеп несие қатынасының жағдайы туралы жедел ақпарат алуға және ақша айналымы мен несиелік ресурстар айналымын қадағалауға мүмкіндік береді. Банктегі бухгалтерлік есептің ең басты обьектісі болып мекемелер мен шаруашылық ұйымдардан ақшалай құжаттардың қабылдануы мен олардың бухгалтерлік есепте бейнеленуі болып табылады. Сол сияқты аналитикалық есептің мерзімінде төленбеген картотекадағы есеп айыру құжаттардың, жедел міндеттемелердің және банк аралық есеп айыру бойынша операциялардың жүргізілуі жатады, және әр түрлі жердегі төлеушілер мен алушылар арасындағы есеп айыру кезіндегі қаржылары, банк несиесін ұсынудың және қайтарудың әдістері мен ережелері, төлемнің ерекшеліктері, тағы басқалары жатады.
БТА Банкінің қызмет көрсетуінің артықшылықтары
-- Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
-- Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
-- Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
-- Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
-- Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.
Банктің құрылымында келесі элементтер құрылуы мүмкін:
- Бухгалтерлік есеп бөлімшесі;
- Жұмыс бөлімшелеріндегі есеп белімшелері;
- Филиалдардағы есеп бөлімшелері;
- Есеп мәліметтерін өңдеуші орталық;
- Ішкі аудит бөлімшесі.
Банктің жұмыс күнінің операциялық және операциялық емес болып бөлінуіне байланысты операция күнінің нақты аяқталу уақытын банк басшысы белгілейді. Операция күнінің барысында клиенттерден қабылданған есеп - ақша құжаттарын тікелей есеп - операция қызметкерлері жүргізеді. Ал операциялық емес уақытта құжаттарды банкке тікелей жауапты орындаушылар арнайы жәшіктерге салынған түрде тапсырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: банк несиесінің қажеттілікке жоғары деңгейде ие болуына қол жеткізу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Банктің несиелік операцияларының есебін ұйымдастыру;
oo БТА БАНК АҚ несиелік операцияларының қорытындылары;
oo Банктің несиелік операцияларының тіркелімін қарастыру.

1БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ, ЕСЕБІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Банктің несиелік операцияларының мазмұны мен түрлері

Банктің белсенді операцияларының негізі түрі ретінде несиелік операциялар қарастырылады. Несие деп белгілі мерзімге, ақылы түрде уақытша бос қаражаттарын орналастыру процесін атайды. Несие бөлу эмиссиондық және бақылау функцияларын атқарады.
Екінші деңгейлі банк несиелік саясатына келесі факторлар әсерін тигізеді:
1. Макроэкономикалық факторлар:
- мемлекеттегі жалпы экономика жағдайы,
- ұлттық Банктің ақша-несие саясаты,
- үкіметтің қаржылық саясаты.
2. Аймақтық және салалық факторлар:
- Нақты банк пен қызмет көрсетілетін аймақтар мен салалардың экономикалық жағдайы,
- клиенттер құрылымы мен олардың несиеге деген қажеттілігі,
- бәсекелес банктердің бар болуы.
3. Банкаралық факторлар:
- банктің меншік капиталының мөлшері,
- банктің міндеттері мен қарыздарының құрылымы,
- банк қызметкерінің тәжірибесі.
Несиені көп түрлі-белгілері бойынша жіктеуге болады:
1. Кредиторлар бойынша:
- орталықтандырылған,
- бюджеттік,
- банктік емес қаржылық ұйымдар.
- коммерциялық,
- сыртқы.
2. Қарыз алушылар бойынша:
- қаржылық институттарға, үкіметке (қаржы министрлігі), бюджеттен тыс қорларға, банктерге емес қаржылық ұйымдарға несиелер;
- экономиканың салалары бойынша: ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға және т.б.
- жеке кәсіпкерлерге (заңды тұлға емес қызметті іске асыру).
3. Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынадай түрлерге ажыратуға болады:
- қысқа мерзімді;
- ұзақ мерзімді;
4. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша:
- негізгі қорларға несиелер,
- айналым капиталына несиелер.
5. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болуы бойынша:
- қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен;
- сақтандырылған;
- қамтамасыз етілмеген: бланкті (сенімді);
6. Ұсынылған валюта бойынша:
- шетел валютасымен,
- ұлттық валютамен.
7. Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консорциалды, дебетті сальдоны жабу несиесі (овердрафт), лизингті, ломбардты, онкольді, тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, форфейтинг.
8. Несиелеудің объектісі бойынша:
- меншікті айналым құралдарының жетіспеушілігін толықтыру;
- материалдың қорлардың жиынтығын құру;
- күрделі салымдарды қаржыландыру;
- еңбекақы төлеу;
- тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.
Несиелеу кезеңдеріне келесілер жатады:
1. Дайындық жасау кезеңі: несие алушыға несиені берумен байланысты мүмкіншіліктерін іздестіру және олардың тиімділігі туралы шешім шығару.
2. Бірінші кезең сәтті аяқталған жағдайда екінші кезең -- құжаттарды, яғни несиелік мәміле және тағы да басқа құжаттарды рәсімдеу.
3. Ағымды кезең - несиенің тікелей пайдалану кезеңі, мұнда несие беруші мен несие алушы несиені ұсыну мен пайдалану туралы ақпаратпен алмасады. Бұл кезең де белгілі құжаттардың толтырылуын талап етеді.
4. Несиелік қарым-қатынастардың қорытынды кезеңі - несиелік келісімшарттың нақты тиімділігін талдау.
Несиелік мәміле - несие беруші мен несие алушының арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін басты құжат. Қазіргі таңда несиелік мәміле келесі бөлімдерден тұрады:
1. Негізгі мағлұматтар;
2. Қарызданушының құқығы мен міндеті;
3. Банктің құқығы мен міндеті;
4. Екі жақтың жауапкершілігі;
5. Келіспеушіліктерді шешу тәртібі;
6. Мәміленің жарамдылық мерзімі;
7. Екі жақтың заңды мекен-жайлары.
Несие бойынша пайыз келесі жолдармен есептелінуі мүмкін:
1. Жай пайыз формуласымен бір реттік өтелумен:
S = Р · (1 + n · r) (1)
Мұндағы:
Р - берілген несие сомасының бастапқы сомасы;
п - несиені өтеу мерзімі;
r - несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме.
Мысалы, АҚ Аслан 200 мың теңгенің несиесін банктен 3 жылдан кейін толық өтеу шартымен алған. Несиелік мәміледе жылдық пайыз мөлшерлемесі 20%, ал пайыз есептеу формуласы - жай пайыздар деп белгіленген.
Мұнда несие мерзімі аяғында келесі сома қайтарылуы тиіс:
S = Р · (1+ n · r) = 200000 · (1+3 · 0,2) = 320000 теңге

2. Күрделі пайыздар формуласымен бір реттік өтелумен:
S = Р · (1+r)n (2)
Мысалы, ЖШС Алуа банкке 500 мың теңгенің несиесін 5 жылға алу туралы өтініш білдірді. Банк шешімі жағымды. Несиелік мәміледе келесі шарттар қарастырылған: несие мерзім соңында толығымен өтеледі, жылдық пайыз мөлшерлемесі -- 20%, пайызды есептеу әдісі-күрделі пайыздар формуласы. Мұнда несие мерзімі аяғында келесі сома қайтарылуы тиіс:
S = Р · (1+ n · r) = 500000 · (1+0,2)5 =1492992 теңге

3. Жыл соңында тең бөліктермен өтелетін және пайыздар қарыздың қалдығына есептелетін жағдай:
SN = ДN х r + Sn (3)

Мұндағы:
SN- жыл сайын қайтарылатын негізгі қарыз сомасының бөлігі;
ДN - әр жылдың аяғындағы қарыз қалдығы;
r - несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме:
S - несие сомасы;
п - несиені өтеу мерзімі.
Мысалы, банк АҚ Айнұрға жыл сайын бірдей бөлікпен өтелінетін 200 мың теңгенің несиесін 5 жылға 10% жылдық мөлшерлемемен берген. Мұнда қайтарылатын несие сомасы келесідей есептелінеді:
Жыл сайын өтелінетін негізгі қарыз сомасы: 40 мың теңге (200 мың теңге5)
Әр жылдың аяғындағы қарыз қалдығы:
Д1 = 200 мын теңге
Д2 = 200 - 40 = 160 мың теңге
Д3= 160 - 40 = 120 мың теңге
Д4 = 120 - 40 = 80 мың теңге
Д5 = 80 - 40 = 40 мың теңге
Жыл сайынғы төленетін несие сомасы:
1- жыл соңында: S1=200 · 0,1+ 2005 = 60
2- жыл соңында: S1=160 · 0,1 + 2005 = 56
3- жыл соңында: S1=120 · 0,1 + 2005 = 52
4- жыл соңында: S1=80 · 0,1 + 2005 = 48
5- жыл соңында: S1=40 · 0,1 + 2005 = 44
Яғни, мерзім аяғында клиент банкке келесі соманы қайтарады:
60+56+52+48+44=260 мың теңге

1.2 Банктің несиелік операциялар есебі

Клиенттердің несиелік шотын ашу және жабу ішкі бухгалтерияның бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Несие толық сомада немесе бөлшектеп беріледі:
- несиелік немесе арнайы несиелік шоттан бенефициар төлем құжаттарын төлеу;
- бенефициар төлем құжаттары бенефициар мекен-жайына төленеді;
- аккредитив қою жағдайында несиелік шоттан аккредитив шотына қаражатты аудару;
- қарыз алушының есеп айырысу шотына несие сомасын аудару;
- қарыз алушыға қолма-қол ақша беру;
-қарыз алушының жазбаша көрсетілген шотына несие сомасын аудару;
- басқа да жолдармен.
Несиенің есебі активті 1411 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар және 1417 Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар шоттарында жүргізіледі.
Несиелік операциялар есебін жүзеге асыру кезінде шоттардың кестеде көрсетілгендей корреспонденциясы құрылады:

Дт
Кт
Операцияның мазмұны
1411,1417
1001,2203
Клиенттерге несие берілді
1411,1417
1050
Басқа банк қызмет көрсететін клиенттерге несие беру
1411,1417
1859, 2859
1858,2858
1001,2203,
1050
Клиенттерге шетел валютасымен несие беру
Бір уақытта теңгемен
1001, 2203, 1050
1411,1417
Теңгелей берген несиені қайтару
1001,2203,1050,
1859,2859
1858, 2858
1411,1417
Шетел валютасында берілген несиені қайтару
Бір уақытта теңгемен
1424
1411,1417
Клиент қарыздың негізгі сомасын қайтармаған кезде, ол кешіктірілген қарыз деп есепке алу
5455
1428
Клиент қарызын кешіктірген кезде, резервтің құрылуы
1428
1424
Кешіктірілген несие резерв арқылы жабылады
1001, 2203, 1050
1424
Клиент кешіктірілген қарыздарын қайтару
1427
1424
Клиенттің қаржылық жағдайы үмітсіз деп табылып, банк оның қарыздарына тосқауыл қояды
1740
4411,4417
Теңге түрінде берілген несие бойынша пайыздық аударым жасалынды
1740
1858, 2859
1858, 2858
4411, 4417
Шетел валютасымен берулген несие бойынша пайыздық аударым жасалынды
Бір уақытта теңгемен
1001, 2203, 1050
1740
Есептелген пайызды өтеу
1001, 2203, 1050
4411,4417
Келісімшартқа сәйкес, пайыздарды төлеуді ай сайын теңгемен жүргізу
1001,2203,1050
1859, 2859
1858,2858
4411, 4417
Келісімшартқа сәйкес, пайыздарды төлеуді ай сайын шетел валютасымен жүргізу
Бір уақытта теңгемен
1741
1740
Кешіктірілген пайызды есепке алу
1741
4424
Клиенттердің кешіктірілген қарыздары бойынша пайыздарды есепке алу

1.3 Банк бухгалтериясының ұйымдастырылуы мен құрылымы

Банк бухгалтериясының ұйымдастырылуы мен құрылымы Қазақстандағы көпшілік банктердің ішкі құрылымы шартты түрде екі негізгі бөлімнен тұрады:
- Фронт-офис;
- Бэк-офис.
Фронт-офистің мақсаты - банк өнімдері мен қызметтерін сата отырып барынша көп пайда табу.
Бэк-офистің мақсаты - жасалған мәмілелерді есепке алу, бақылау жасау, басшыларға мәліметтер беру.
Фронт-офистің қызметіне кіретіндер:
- банктің клиенттерімен, жабдықтаушыларымен мәміле жасау;
- жасалған мәміле мәліметтерін өзгерту және тіркеу;
- келісімшарттарды дайындау, ұзарту, бұзу;
- несиелер бойынша банктік қызмет үшін қаржыларды қамтамасыз ету;
- қаржыларды нарықта орналастыру;
- қаржыларды тарту мен орналастыру арасындағы арбитраж;
- талдамалық есептілік және т.б.
Бэк-офистің қызметіне кіретіндер:
- тіркелген мәмілелердің мәліметтерін толықтыру;
- мәмілелердің расталуына бақылау жасау;
- төлемдерді дайындау және нұсқауға сәйкес жүргізу;
- бухгалтерлік жазбаларды жүргізу;
- есептемелерді растау;
- пайыздарды есептеу;
- пайыздарды капиталдандыру;
- түзетпе жасау;
- есептеме және ұсталымдар;
- шетел валютасын қайта бағалау;
- есептен шығару;
- есептілікті дайындау;
- оперативті талдау жүргізу, т.б.
Екі бөлімше де өзара тығыз байланыста қызмет атқарады. Мысалы, қызмет барысында фронт-офисте әрі қарай өңдеп, талдау жасау үшін бэк-офиске жіберілетін мәліметтер жинақталады. Олар өз кезегінде банктердің клиенттеріне ұсынатын қызмет көрсетушілерінің мазмұнына немесе өзгерісіне және сәйкесінше, фронт-офистің қызметіне түзету енгізуге негіз бола алады.
Фронт-офис пен бэк-офис бөлімшелерінің міндеттерін бөлуді әрбір банк өзі атқарады. Егер де банк кішігірім болатын болса, операциялар аз болғандықтан, кейбір операциялар бойынша фронт-офис пен бэк-офисті біріктіруге болады. Яғни бір қызметкер екі қызметті де орындайды.
Банктің бэк-офисі құрамында бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті құрылады. Банк бухгалтериясы ақпараттық жүйені толық және сенімді түрде қамтамасыз ету үшін нақты түрде жұмыс ұйымдастыру негіздеріне тоқталуға тиіс. Бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылғаны және құрылғаны банк үшін өте маңызды, өйткені ағымдағы шешімдерді қабылдау сәтінде ол айтарлықтай шамада қаржылық ұйымдастыруға ұсынуға көмегін тигізеді.
Банктің құрылымында келесі элементтер құрылуы мүмкін:
- Бухгалтерлік есеп бөлімшесі;
- Жұмыс бөлімшелеріндегі есеп белімшелері;
- Филиалдардағы есеп бөлімшелері;
- Есеп мәліметтерін өңдеуші орталық;
- Ішкі аудит бөлімшесі.
Әр бөлім есептік саласындағы бірыңғай әдістемелік саясатты жүргізеді, банктің қызметі жөніндегі қаржылық және ішкі есептілікті құрастыруға және банк басшыларына, Ұлттық Банк пен мемлекеттік ұйымдарға ұсынуға көмегін тигізеді.
Бухгалтерлік есеп реформасының бастапқы процесінде Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп мәселелеріне байланысты нормативтік-құқықтық базаның тұрақты жетілдірілуі жүргізіледі.
Банктер бухгалтерлік есепті бағыныштылығы мен меншік нысанына тәуелсіз Ұлттық банктің нұсқаулары мен талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қаржы министрлігі қабылдаған негізгі құжаттар мен нормативтік актілер талабына сәйкес жүргізеді. Банктегі бухгалтерлік есептің заңдылық базасы төмендегідей құжаттардан тұрады:
- ҚР-ның Азаматтық кодексі. 1994 ж. 27 желтоқсан №269-ХІІ Заңы (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген);
- ҚР-ның Салық Кодексі. 2001 ж. 12 маусым. №209-II Заңы (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген);
- ҚР-ның Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы 28 ақпан 2007 ж. №234 Заңы;
- ҚР-ның Ұлттық Банк туралы 30 наурыз 1995 ж. № 2155 Заңы (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген);
- ҚР-ның Банк және банк қызметтері туралы 31 тамыз 1995 ж. №2444 Заңы (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген);
- ҚР-ның Төлемдер жене ақша аудару туралы 29 маусым 1998 ж. №237-1 Заңы (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген);
- ҚР-ның Бағалы қағаздар нарығы туралы 2 шілде 2003 ж. №461-11 Заңы (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген);
- ҚР-ның Валюталық реттеу туралы 13 маусым 2005 ж.№57-111 Заңы (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген);
- Бухгалтерлік есептің және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары;
- ҚР-ның екінші деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары, 30 шілде 2002 ж.
Қазақстанда бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудің төрт деңгейлі жүйесі бар деп санауға болады.
Бірінші деңгейлі бухгалтерлік жүйені Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп беру туралы заңдар құрайды. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Заң 2007 жылдың 28 ақпанынан бастап әрекет етуде. Бухгалтерлік есеп заңы мемлекетте бухгалтерлік есеп жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру процесін дайындағанда және пайдаланғанда, ішкі бақылау мен сыртқы аудитті талап етуде, заңды және жеке тұлғалардың талаптары мен міндеттерінде есептің жалпы ережесі мен негізгі қағидаларын орнатады.
Екінші деңгейлі бухгалтерлік есеп жүйесін реттеу бухгалтерлік есеп стандартынан, шот жоспарынан және бухгалтерлік есеп жүйесімен тікелей байланысты емес, бірақ банк қызметімен байланысты болып келетін заң актілерінен тұрады. Мысалы, Ұлттық Банк туралы заң коммерциялық банктерді реттеудегі және мемлекеттің ақша-несие саясатындағы Ұлттық банктің рөлін анықтайды. Сонымен қатар, бұл деңгейге Қазақстан Республикасының Банк және банк қызметтері туралы, Төлемдер және ақша аудару туралы, Бағалы қағаздар нарығы туралы, Валюталық реттеу туралы және т.б. заңдары жатады.
Бухгалтерлік есепті реттеудің үшінші деңгейі -- бұл стандарттарды тәжірибеде қолданудың нұсқаулары мен ұсыныстары және сипаттамасы.
Бухгалтерлік есепті реттеудің төртінші деңгейі-банктің есеп саясаты. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заң бекіткендей, Қазақстанның бухгалтерлік есеп ұйымдарының нормативтік актісі мен реттеуші бухгалтерлік есеп туралы заңын басшылыққа ала отырып, банктер өздерінің есеп саясатын өздері қалыптастырады.
Банктің есеп саясатына банк қолданатын әдістердің жиынтығы да енеді: банктің жарғылық қызметін топтастырудың әдісі және бағалау, активтердің құндылығын өтеу, бухгалтерлік есепте шоттарды қолдану әдістері, ақпараттарды өңдеу және басқа да сәйкес келетін әдістер, амалдар, тәсілдер.

2 БТА БАНК АҚ НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТЫРЫНЫҢ ДАМУЫ

2.1 Банктегі есеп - операция жұмысының жалпы сипаттамасы

БТА Банк АҚ ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында 37 млрд. теңгені игерді.
БТА Банк АҚ Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ мемлекеттік бағдарламасы аясында ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруды табысты аяқтады. Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде БТА тобы 10 429 заем сатып алушыларымен қайтадан келісім шарт жасасты, 37 млрд теңге немесе екінші деңгейдегі банктер үшін бөлінген қаржының 30%-дан астамы игерілді.
Бағдарламаны өткізу барысында БТА 11 423 өтінім түсті, ал оның 10 620-ы банктің несие комитетінің қолдауымен қабылданды. Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының заем сатып алушылары барынша белсенділік танытты.
БТА тобы - ТМД аумағындағы алдыңғы қатарлы банктік тораптардың бірі болып саналады. БТА Банкі АҚ әріптестерінің желісі Ресейді, Украинаны, Беларусьті, Грузияны, Арменияны, Қырғызстанды және Түркияны қамтиды. БТА-ның өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда қызмет істейді.
Қазақстан Республикасында БТА Банкі АҚ аса зор дамыған филиалдық желілерінің бірі (22 филиал мен 237 бөлімше ) және банкоматтардың (864), сондай-ақ өзіне-өзі қызмет ету терминалдарының (160) кеңейтілген торабы бар. БТА Банкі 1,2 миллионға жуық жеке және 132 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.
"БТА Банкі" АҚ Қазақстандағы ең беделді қаржы институты атанды
"Exclusive" іскерлік басылымының "Ең беделді 50 компания рейтингі" деп аталатын жыл сайынғы зерттеуіне сәйкес "БТА Банкі" АҚ 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы қаржы институттарының арасында бірінші ұстанымға ие болды.
БТА Банкі бірінші орынды иеленді - 55,6% респондент оны үздік қаржы институты деп атады, сонымен бірге брендінің танымалдығы бес балдық шәкіл бойынша орташа бал 5,00-ге тең болды.
2008 жылдың ІІІ тоқсанындағы қорытынды бойынша "БТА Банкі" АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3 671 млрд. теңгеге (30,6 млрд. АҚШ долл.), кредит қоржыны 2 814 млрд. теңгеге (23,5 млрд. АҚШ долл.) жетті. ІІІ тоқсандағы қорытынды бойынша "БТА Банкі" АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 35,2 млрд. теңгені (293 млн. АҚШ долл.) құрады.
2008 жылы The Banker іскерлік журналының ұсынысы бойынша "БТА Банкі" АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 қатардан 173 қатарға көтеріліп, бір жыл ішінде 100 пунктке жоғарылады. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді "Итоги" қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша "ТМД-дағы жылдың үздік банкі", сондай-ақ "Euromoney" халықаралық басылымының ұсынуы бойынша "Орта Азиядағы үздік банк" атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразиялық аймақтың банк секторындағы "Еуропаның үздік компаниясы" ("Best Enterprise of Europe") атағын берді.
БТА Банкінің қызмет көрсетуінің артықшылықтары
-- Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
-- Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
-- Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
-- Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
-- Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.
БТА несиелендірудің келесі түрлерін ұсынады:
Ипотекалық несиелендіру
Ипотекалық несиелендіру-сіздің отбасыңыздың беріктігінің кепілі. Элитті тұрғын үйге, екінші деңгейлі рыноктан жылжымайтын мүлікке ие болу, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, сондай-ақ, коммерциялық жылжымайтын мүлікке, табысты растайтын құжатсыз несие алуға, т.б. қызметтердің кең ауқымды түрлеріне ие болу.
"Любимая"несие желісі!"
БТА Банкі өз уақыты мен жайлылықты бағалайтын клиенттеріне арналған Любимая"несие желісі" жаңа бағдарламасын ұсынады. Сіз бұл несие желісін аша отырып, бір жолғы несиелеуге қарағанда көптеген артықшылықтарды пайдалана аласыз.
Автонесиелеу
Алғашқы жарна 15 пайыздан басталады, сондай-ақ, аз мөлшерде құжаттар, несие бойынша тамаша мөлшерлеме, несиелендіру мерзімі 5 жылға дейін, несиені айыппұлсыз мерзімінен бұрын жедел өтеу (6 айдан кейін), кең филиалды жүйе және сіздің жүргізушілік стажыңызды талап етпейміз - осының бәрі БТА Банкінің автонесиелендіруі.
Әмбебап Факультеті
Армандаған біліміңді алғың келеді ме? БТА Банкі Сенің арманыңды орындайды! Әлемнің кез-келген еліндегі оқу орны сенікі!
Әмбебап факультет несие оқу бағдарламасын ұсынамыз, Бакалавр Маман және Магистр бағдарламалары бойынша білім алу.
Жедел желі
БТА Банкі жедел несиелендірудің әр алуан бағдарламаларын ұсынады, олар Сізге жаңа жиһаз, немесе тұрмыстық техниканы сатып алуға, ЖОО-да оқу ақысын төлеуге, көптеген салтанатты шараларды және тағы басқа мүмкіндіктерді береді.
Несие төлеу қызметінің ұлғайтылуы
Сіздерге несие төлеу қызметінің ұлғайтылғандығы туралы хабарлаймыз. Егер Сізде БТА банкінің карточкасы болып, сол банктің ғаламтор-банкі жүйесіне тіркелген болсаныз, онда кезекті несие төлеуді карточка арқылы жүзеге асыра аласыз.
KazMicroFinance ұйымының өтем қызметін БТА банкінің ғаламтор-банкі жүйесі арқылы қалай төлеуге болады?
- ғаламтор-банкі жүйесінің https:my.bta.kz, www.btanetwork.kz бетіне кіріп, id сөзін енгізесіз де, жүйеге кіру үшін құпия кодты тересіз;
- қызмет қаржылық қызмет деген бөліміне KazMicroFinance МКҰ ЖШС сөзін жазасыз;
- көрсетілген бағыт бойынша төлеудің жаңа аты KazMicroFinance МКҰ ЖШС-ны жазып, тақта пернені басасыз;
- ашылған жерге келісім-шарт бойынша алымшының аты-жөні, келісім-шарттың нөмірі мен келісім-шартқа отырған айы-күні, жылы енгізіледі;
- төлеудің ыңғайлылығы үшін жазылымға ат қою (мысалы менің несием);
- төлем карточкасын таңдап алу;
- құпия сөзді енгізу;
- Қосымша нүктесін басу.
Есеп операция жұмысын дұрыс және нақты ұйымдастыру банк мекемесінің банк қызметтерінің жақсы орындалуына әсерін тигізеді. Бухгалтерлік есептің объектілері мыналар болып табылады: қорлар, кассадағы ақша қаржылары, бағалы қағаздар, ақшалай құжаттар мен қымбат бағалы металдармен жүргізілетін операциялар, шетел валютасы және онымен жүргізілетін операциялар, бюджеттік және несиелік мекемелермен есеп айыру, шаруашылық шығындар және банк шығындары мен кірістері.
Банктегі бухгалтерлік есептің міндеттері болып мыналар табылады:
1) Республиканың банк жүйесінің қызмет етуі туралы толық уақтылы және шын ақпараттардың қалыптасуы, жүргізілетін ақша - несие саясатының тиімділігі, шаруашылық тәртіптің және есеп айырудың жағдайы, банктің қабылданған экономикалық нормативтерді орындауы және оған енгізілген несие есеп айыру мекемелерінің қызметтері;
2) Ұлттық Банктің банк жүйесін жедел басқаруына және қадағалауына, статистикалық және аналитикалық мәліметтерді құруға қажетті орталықтандырылған ресурстар мен басқа да қаржылық құралдарды банктердің дұрыс қолдануы;
3) Қажеттілігі болған жағдайда есеп беру мәліметтерін Үкіметке, қаржылық, салық және басқа да органдарға ұсынуы;
4) Банк мүлігінің нақтылығы мен қозғалысын бақылауды, ақша қаржылары мен материалдық құндылықтардың сақталуын, материалдық еңбектік және қаржылық ресурстардың қолданылуын қамтамасыз ету;
5) Банктердің меншікті және тартылған ресурстарын дұрыс қолдану, сондай-ақ банкте жүргізілетін операциялардың есебін дұрыс жолға қою;
6) Банктер есеп операция жұмысын дұрыс ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы ережесі мен Ұлттық Банктің нұсқауларына сәйкес бухгалтерлік есептің нақты атқарылуы мен бақылауын қамтамасыз етуге міндетті;
7) Банктегі бухгалтерлік есеп пен есеп беру бойынша әдістемелік басқаруды, бухгалтерлік есеп пен есеп беру мәселелері бойынша нормативтік актілерді шығаратын Қазақстан Республикасының Ұлттык Банкі жүзеге асырады. Таза кіріс есебінен құрылатын қорлар операциялық кірістер мен шығындар есебінің тәртібі, таза кіріс пен шығыс есебінің мәселелері бойынша нормативтік актілерді Ұлттық Банк Қаржы министрлігімен біріге белгілейді.
Бухгалтерлік есеп жүйесі банк басшысына банкті ұйымдастыруды жоспарлау мен бақылау үшін қажетті қаржылық және экономикалық ақпараттарды дайындау мақсатында жүргізілетін ақпаратты жүйе.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің сапалылығын келесі белгілермен сипаттауға болады:
1) Ақпараттарды тиімді өңдеуге мүмкіндік береді
2) Есеп беру мәліметтерін жедел түрде алуға мүмкіндік береді.
3) Нақтылықтың (дәлділіктің) жоғары дәрежесімен қамтамасыз етеді.
4) Алаяқтық мүмкіндіктерін азайтады. Барлық екінші деңгейлі банктер үшін бухгалтерлік есепті жүргізудегі құжат айналымымен, есеп беруді ұйымдастыру мен бақылаудың ортақ тәртібі белгіленген.
Заңды және жеке тұлғалардың шоттары бойынша нақты және нақты ақшасыз түрде есеп ақша құжаттарына сәйкес орындалатын жұмыс шеңбері - есеп операция жүұмысы - деп аталады. Банктің операцияларын жүзеге асыратын және (олардың сомаларын есепте бейнелейтін қызметкерлері - есеп операция аппараты деп аталады. Банктің есеп, операция жұмысы өзінің жедел сипатымен ерекшеленеді. Оны мыналардан байқауға болады:
1) Банк мекемесіне клиенттерден, сондай-ақ байланыс бөлімшелері арқылы түскен құжаттар сол күні есепке бейнеленіп, өңделуі тиіс.
2) Күнделікті жұмыс күнінің басында бухгалтер клиент шотындағы қалдықты, сондай-ақ шотқа қойылатын талаптарды біліп отыруы тиіс.
3) Банк мекемелерге күнделікті дербес шоттың көшірмесін және операцияны жүргізу кезінде қолданылған құжаттың көшірмесін беріп отыруы керек.
4) Күнделікті құжаттардың аналитикалық және синтетикалық есеп материалдарының өзара салыстырулары жүргізіледі.
5) Әрбір банк мекемесі операциялық күннің аяқталуына байланысты күнделікті бухгалтерлік баланс құруы керек.
Жұмысты ұйымдастыруға байланысты барлық аталған талаптар банк айналымындағы ақша қорытындылары мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру банк басшысына және бас бухгалтерге жүктелген. Банктің бас бухгалтерінің құқықтары мен міндеттері заң және нормативті актілерде белгіленген. Бас бухгалтерді тағайындау және оны жұмыстан босату жоғары тұрған мекеме арқылы жүргізіледі және бас бухгалтер міндетгі түрде банк бастығына бағынады. Бас бухгалтер заң актілерін басшылыққа ала отырып қызмет етеді, яғни бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы Қазақстан Республикасының ережесі, Ұлттық Банктің нұсқаулық құжаттары, нормативтік актілері және тағы басқалары. Бас бухгалтер қабылданған бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік принциптерінің сақталуына жауапты болады. Бас бухгалтерге заңға қарсы келетін операциялар бойынша қаржылық тәртіпті бұзатын құжаттарды қабылдауға тыйым салынады. Есеп операция аппараты жауапты қызметкерлер принципі бойынша жұмыс істейді. Жауапты қызметкерлерге есеп ақша құжаттарын толтырып, оларға қол қою жұмысы жүктелген. Есеп операция аппаратының негізгі міндеттерін, сондай-ақ жауапты қызметкерлерге, бақылаушыға, шоттардың белгіленіп берілуін олардың қайта белгіленуін бас бухгалтер арнайы шоттарды белгілеуі және қайта белгілеу туралы кітапқа тіркеу арқылы жүзеге асырады. Қазіргі кезде банкте жоғалту, жымқыру, зұлымдық жасау, тәуекелшілікті жою үшін ішкі құрылымдар ашылуы тиіс. Оның негізгі принципі мынада: әр қызметкер өзінің бөлімшесінде жүрігзілетін операцияларды қадағалап, солар бойынша жауаптылықта болады.

2.2 Банк несиесінің қажеттілігі мен несие қатынастырының дамуы

Банк несие - ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т.б.) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде - дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай-ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.
Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.
Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы, ал айналым саласы үшін - тауарлы және ақшадай болуын талап етеді.
Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының процесінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорларды модернизациялап жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі құрал-жабдықтарды ауыстыру (айырбастау) және жөндеу үшін жұмсалатыны себепті ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақшаға қажеттілік туады. Яғни, ақшалай қаражатты босату мен оған деген қажеттілік айналым қорларын пайдалануда үнемі болып тұрады.
Мысалы, дайын өнімді өткізуден түсетін түсім ақша және шикізат, материалдарды сатып алу, еңбекақысын төлеу үшін бірден бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым ақша қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар-жағармай) өндіріс пен тауар айналымының уақыты сәйкес келмеуінен және т.б. туындауы мүмкін.
Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген қажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдык ұйымдарда, сондай-ак халықта да болуы мүмкін. Мысалы, бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алуға халықтың ақша қоры және т.б. бәрі бірдей сәйкес келе бермейді.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар.
Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары-несие беруші мен қарызға алушы экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктер мен банктік емес мекемелердің несиелерін есепке алу
Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебі
Шетелдік валютада алынған несиенің есебі
Несие туралы түсінік
Несие мерзімі
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктері
Тұран әлем банкі ақ қызметін қаржылық талдау
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің аналитикалық, синтетикалық есебі
Тұтыну несиесін алу
Пәндер