Кәсіпорын шығындары және өнімнің өзіндік құны


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ

Кәсіпорын шығындары

Өндірістік факторларды пайдалану ең алдымен өндірістік шығындарды есепке алумен тікелей байланысты.

Кәсіпорын шығындары - өнім өндіру және оны сату мақсатында пайдаланылатын өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі. - Нарықтық экономикадағы шығындар:

  • айқын (бухгалтерлік) ;
  • жүктеме (арттыру) ;
  • қайтпайтын шығындарболып бөлінеді.

Жалақы төлеуге, өнімдерді сатуға және өндірісті одан әрі дамыту қажетіне жұмсалған шығындар кәсіпорынның айқын шығындары деп аталады, қаржылық есеп беру негізінде есептелінетін болғандықтан, оларды бухгалтерлік шығындар деп те атайды. Барлық айқын шығындардың жиынтығы өнімнің өзіндік құнын құрайды, ал өнімнің өзіндік құны мен тауарларды сату бағаларының арасындағы айырма пайда болып есептелінеді.

Қандай да бір өндіріс факторын пайдалануға, өлшемдерге, оларды баламалы пайдалануды жақсартуға жасалған шығындар жүктеу шығындары деп аталады.

Қайтпайтын шығындарға орны қайта толтырылмайтын шығындар жатады.

Өндірістік шығындарды тұрақты және өзгермелі деп те бөледі.

Тұрақты шығындар - өндірістік факторларды пайдалануға байланысты тікелей шығындар. Мысалы:

кәсіпорынның штаттық жұмысшыларының жалақылары;

• үй-жай жалдауға жұмсалатын шығындар.

Ал, өзгермелі шыгындар өнімдерді өндіру процесінде оның көлеміне байланысты өзгеріп отырады.

Бұған :

• жұмысшылардың еңбекақы төлемдері;

  • материалдық өнімдер мен қызметтер құрамы;
  • энергия, отын;

• басқа да жұмсалған шығындар жатады.
Тұрақты және өзгермелі шығындар кәсіпорынның іс-әрекеттерінің уақыт аралықтарына қарай қысқа және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді.

Қысқа мерзімді өндіріс шығындары кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын өзгерте алмайды. Бұл тек материалдық және еңбек қорларын арттырады немесе төмендетеді, сондай-ақ өнім шығындары көлемін соншалықты шамада өзгертеді. Осы кезеңде шығарылған өнім өзгермелі шығынға байланысты болады, тұрақты шығынның шамасы сол қалпында калады.

Ұзақ мерзімді кезендерде кәсіпорынның барлық өндірістік қуатын пайдаланудың маңызы зор.

Тұрақты (ҒС) және өзгермелі шығындардың (VС) сомасы жалпы немесе барлық шыгындарды көрсетеді және ол былайша белгіленеді:

ТС = ҒС +VС

Өнім өндіруде өнімді бір өлшемге арттыруға байланысты, қосымша шығындар шекті шыгындар деп аталады.

Мс= Q

Q- өнім өңдірудің арту көлемі;

Орташа шығындар - өндірілген бір өнім өлшеміне кеткен шығындар.

Оның үш түрі бар:

  • жалпы орташа;
  • орташа тұрақты;
  • орташа өзгермелі.

Жалпы орташа шығындар өзіне шығарылған өнім көлеміндегі жалпы шығындардың жекелеген бөліктерін сипаттайды:

Sop

АТС = Q

Орташа тұрақты шығындар (АҒС)

ҒС

АҒС = Q

Орташа өзгермелі шығындар (АVС) :

АVС = Q

Шығындар құрамы кесте 1.

Өнім

көлемі

Q

Шығындар
Тұрақты ҒС

Өзгермелі

Жалпы ТС
Шекті МС
Орташа тұрақты АҒС

Орташа өзгермелі

АVС

Жалпы орташа

АТС

ӨнімкөлеміQ: 0
Шығындар: 100
0
100
--
--
--
--
ӨнімкөлеміQ: 1
Шығындар: 100
75
175
75
100
75
175
ӨнімкөлеміQ: 2
Шығындар: 100
110
210
35
50
55
105
ӨнімкөлеміQ: 3
Шығындар: 100
130
230
20
33, 3
43, 3
76, 6
ӨнімкөлеміQ: 4
Шығындар: 100
160
260
30
25
40
65
ӨнімкөлеміQ: 5
Шығындар: 100
210
310
50
20
42
62

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар мына төмендегі элемент терге топталады .

  • материалдьіқ шығыңдар;
  • жалақы шығындары;
  • әлеуметтік қажеттіліктерді өтеу аударымдары;
  • негізгі қордың амортизациясы;

басқа да шығындар.

Материалдық шығындарға жататындары.

  • кәсіпорын иелігіндегі өнімдерді дайындау құрамына кіретің немесе технологиялық процесті қамтамасыз ететін жане буып-тую
  • үшін дайындалатын шикізаттар мен материялдар;
  • сатып алынған, қосымша өңдеуге және монтажға ұшыраған комплекті бұйымдар мен жартылай фабрикатгар;
  • соның иелігіндегі барлық отынның түрлері:
  • сатып алынған энергияның барлық түрлері (электрлік, жылу, сығылған ауа, суықтық және т. б) .

Жалақы шығындары.

  • кәсіпорынның өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерінің жалақысы
  • жұмысшылар мен қызметкерлерге өндірістің тиімділігі есебінен берілетін сыйлықтар;
  • ынталандыру немесе өтемақы төлемдері;
  • заттай түрінде берілген өнімдердің құны;
  • жұмысшыларға келісім-шарттардың орындалу қорытындылары бойынша берілетін төлемақы.
  • басқа да төлемдер.

Әлеуметтік қажеттіліктер аударымдарына:

  • зейнетақы қорына;
  • әлеуметтік сақтандыру қорына;
  • халықты жұмыспен қамту қорына;
  • медициналық сақтандыру қорына аударылатын каржылар жатады.

Негізгі қордың амортизациясы есебіне : негізгі өндірістік қорларды толық қалпына келтірудегі амортизациялық аударымдардың сомасы жатады.

Басқа да шығындар құрамына:

  • салықтар;
  • алымдар;
  • арнайы бюджеттен тыс қорларға аударымдар;
  • жалға төлеу;
  • мүлікті міндетті сақтандыру;
  • ластанған заттарды шығарып тастауға байланысты мөлшері шектелген төлемдер кіреді.

Көмекші өндіріс:

  • кәсіпорынның жөндеу жұмыстарын;
  • кәсіпорынның электр энергиясын;
  • көлік;
  • қойма;
  • басқа да көмекші шаруашылық түрлерінқамтиды. :


Өнімнің өзіндік құнының құрамы

Материялдық шығындар құрамы

Жалақы құрамы

Әлеуметтік қажеттіліктерді өтеу шығындары

қоры

Нарықты экономика кезіндегі шығындардың құрамы мен олардың мазмұнын және жіктелу ерекшеліктері кестеден көруге болады.

Өндірістік шығындардың жіктелуі

Жіктеу белгілері
Жіктеу белгілері бойынша шығындар
Шығындардың мазмұны
Жіктеу белгілері: Экономикалық мазмұны
Жіктеу белгілері бойынша шығындар: Шығын сметасы
Шығындардың мазмұны: Тұтынылған қорлардың жалпы көлемі
Жіктеу белгілері: Калькуляция
Жіктеу белгілері бойынша шығындар: Белгілі бір түрінде
Жіктеу белгілері:

Өндіріс процесіне қатысу

деңгейі

Жіктеу белгілері бойынша шығындар: Негізгі
Шығындардың мазмұны: Дайындалатындарды орындаудағы технологиялық процеспен байланысты (материалдар, жалақы және т. б. )
Жіктеу белгілері: Үстеме
Жіктеу белгілері бойынша шығындар: Өндірісті басқару процесімен байланысты (жалпы зауыттық, жалпы цехтық шығындар және т. б. )
Жіктеу белгілері: Өнімнің жекеленген түрлеріндегі өзіндік құнды есептеу әдістері.
Жіктеу белгілері бойынша шығындар: Тікелей
Шығындардың мазмұны: Өнім дайындауға тікелей қатысты (шикізат, т. б. ) шығындар, негізгі жұмысшылардың жалақылары т. б.
Жіктеу белгілері: Жанама
Жіктеу белгілері бойынша шығындар: Кәсіпорынның, цехтардың жұмысына байланысты; өзіндік құнға жанама түрде қатысты .
Жіктеу белгілері: Шағын құрамы
Жіктеу белгілері бойынша шығындар: Қарапайым
Шығындардың мазмұны: Бір ғана экономикалық элементтен тұрады (шикізат, матеиал, жалақы) .
Жіктеу белгілері: Кешенді
Жіктеу белгілері бойынша шығындар: Бірдей бірнеше экономикалық элементтерден тұрады.
Жіктеу белгілері: Өндіріс көлеміне тәуелді
Жіктеу белгілері бойынша шығындар: Шартты өзгермелі
Шығындардың мазмұны: Өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей тәуелді де табылады
Жіктеу белгілері: Шартты тұрақты
Жіктеу белгілері бойынша шығындар: Өндіріс көлемінің өзгеруінде белгісіз деңгейде болады немесе еш әсер етпейді.

Өнімнің өзіндік құны, табыс, рентабельділік.

Өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару төмендегідей тәртіппен жүзеге асырьілады:

шығын мақсатына, негізгі қордың мазмұнына қарай есептеу объектілеріне бөлінеді;

өнімнің өзіндік құны, негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші және қосалқы өндірістерге бөлінеді;

өндірістік шығынның есептеу объектісі бойынша жалпы сомасы анықталады;

ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бойынша егін шаруашылығы және мал шаруашылығы

өнімдерінің өзіндік құны жеке-жеке есептеліп, шығарылады.

Өнімнің өзіндік құнын есептеуде мына төмендегі екі бағыт сақталады:

•өзіндік құнның калькуляциясы;

•шығын сметасы.

Өзіндік құнның калькуляциясы - өнімді өндіру мен оны өткізуге, жұмыс пен қызметке жұмсалған шығынның ақшалай молшерін анықтау.

Шығын сметасы - шығынның экономикалық белгілері бойынша жасалады, бұл кәсіпорынның өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсайтын шығындарының толық жиынтығы.

Рентабельділік немесе тиімділік неміс тілінен алынған "пайдалы" немесе "кірісті" деген ұғымды білдіреді. Бұл- кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші. Ол пайданың негізгі өндірістік қорлар мен мөлшерленетін айналым қаржысының орташа жылдық құнына қатысы арқылы айқыңдалады.

  1. Өнімдерді өндіру және сатуда шығын сметасы негізінде жоспарланған тауарларды шығару бойынша пайдасы, мұнда жоспарлы уақытта-шығарылгған тауарлардың өзіндік құны анықталады:

Птп = Цтп- Стп

Мұнда П тп - жоспарлы уақытта шығарылған тауар бойынша пайдасы;

Цтп - жоспарлы уақытта өткізілетін бағамен шығарылған тауардың құны (қосылған қун салығы, акциз, сауда және өткізу шығындарын қоспағанда) ;

С тп - жоспарлы уақытта шығарылган тауарлардың толық өзіндік құны (өнімді өндіру және өткізуде, шығын сметасы есептелінген) ;

  1. Өнімді өткізуден келтірілген пайданы былай да есептеп шығаруға болады:

Прп = Врп-Срп

мұнда П рп - сол уақытта өткізуге байланысты өнімдер бойынша жоспорланған пайда;

Вр П - сатылатын бағамен өнімді өткізуден түсетін жоспарлы түсім;

С рп - сол уақытта өткізілетін өнімнің толық өзіндік құны;

Прп - жоспарлы уақытта өнімді өткізуден түскен пайда;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс ұйымдарының өзіне түсетін құның төмендету резервтері
Кәсіпорынның өндіріске, жұмысқа, өнімді өткізуге, сатуға кеткен шығындары
Шығындар және олардың баға қалыптастырудағы рөлі
Өнім өндіру шығындары, шығындарды азайту жолдары
Өндірістік шығындардың жіктелуі
Кәсіпорынның өндіріске, өнімді сатуға жұмсалған және басқа да шығындары
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау
Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау
Қазіргі кездегі экономикадағы шығындар туралы
Өнімді өндіріп өткізу шығындары мен корпорацияның басқа да шығыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz