Өндіріс шығындары және табыс туралы түсінік



1. Өндірістің бухгалтерлік және экономикалық шығындары
2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. Орташа және шекті шығындар. Кемімелі табыстылық заңы.
3. Жалпы, орташа және шекті табыс
4. Экономикалық және бухгалтерлік пайда. Пайданы жоғарлату шарты
Өндіріс шығындарының шамасын анықтаудың экономикалық деңгейі бухгалтерлік деңгейден бірқатар ерекшеленеді. Оның мәні жіберіп алған мүмкіндіктер немесе альтернативтік шығындар концепциясында жатыр. Альтернативтік шығындар – ресурстарды пайдаланудың барлық мүмкін болатын альтернативті әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы. Кәсіпорындарда айқын шығындармен қатар (материалдар мен қондырғыларға, жұмыс күшіне кететін шығындар) айқын емес шығындар да (фирманың меншігі болып табылатын жұмсалынған ресурстардың құны: кәсіпкерлердің еңбегіне ақы төлеу, салынған капиталға процент) бар. Айқын шығындарға, яғни бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар өнімнің өзіндік құнына енеді. Оларға шикізат пен материалдардың құны, жалақы, амортизациялық төлемдер, аренда, салықтар, әкімшілік басқару шығындары жатады. Ал айқын емес шығындар (жіберіп алған мүмкіндіктер шығындары) басқа пайдаланушыларға нарықта белгіленген ақыға берген жағдайда меншікті ресурстарына алуға болатын табыстар. Оларға меншікті капиталға процент, ғимарат үшін жал ақы, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысы үшін төлем ақыны жатқызуға болады.
Бухгалтерлік шығындар мен альтернативтік шығындардың қосындысы экономикалық шығындарды береді. Демек, экономикалық шығындарға фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар мен фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты жатқызуға болады.
1.Курс экономической теории /Под ред. Чепурина М.Н., Киселевой Е.А.-Киров, 1997.
2.Экономика. Учебник по курсу “Экономическая теория” /Под ред. А.С.Булатова.-М., 1997.
3.Экономическая теория (политэкономия). Учебник. /Под общей ред. В.И.Видяпина, Г.П.Журавлевой.-М., 1997.
4.Мамыров Н.К. и др. Микроэкономика.-Алматы: Экономика, 1997.
5.Макконелл К., Брю С. Экономикс.- М., 1992, т.1.
6.Дайджест экономической теории.-М., Аналитика-Пресс, 1998.
7.В.Крымова Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы-Алматы, 2003.
8.Я.Аубакиров Экономикалық теория негіздері Алматы: Санат, 1998.
9.Экономикалық теория: Оқу құралы / Я.Аубакиров, Б.Байжұмаев т.б.-Алматы: Қазақ университеті, 1999.
10.Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері, Алматы, 2002.
11.А.Нурсеит, А.Темирбекова, Р.Нурсеитова Теория рыночной экономики: предпринимательский аспект. Алматы, 2000.
12. Макконелл Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. В 2-х т.: Пер. с англ.-13-е изд. М., "Республика", 1992, 2000.
13.Основы экономической теории /Под ред. В.Д.Камаева, Москва, 1997.
14.Жалпы экономикалық теория. Ө.Шеденов, Ү.Байжомартов, Ақтөбе, 2001.
15. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2003.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Өндіріс шығындары және табыс

1. . Өндірістің бухгалтерлік және экономикалық шығындары
16.2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. Орташа және шекті шығындар.
Кемімелі табыстылық заңы.
16.3. Жалпы, орташа және шекті табыс
16.4. Экономикалық және бухгалтерлік пайда. Пайданы жоғарлату шарты.

16.1. Өндірістің бухгалтерлік және экономикалық шығындары
Өндіріс шығындарының шамасын анықтаудың экономикалық деңгейі
бухгалтерлік деңгейден бірқатар ерекшеленеді. Оның мәні жіберіп алған
мүмкіндіктер немесе альтернативтік шығындар концепциясында жатыр.
Альтернативтік шығындар – ресурстарды пайдаланудың барлық мүмкін болатын
альтернативті әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша
сомасы. Кәсіпорындарда айқын шығындармен қатар (материалдар мен
қондырғыларға, жұмыс күшіне кететін шығындар) айқын емес шығындар да
(фирманың меншігі болып табылатын жұмсалынған ресурстардың құны:
кәсіпкерлердің еңбегіне ақы төлеу, салынған капиталға процент) бар. Айқын
шығындарға, яғни бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі
нақты шығындары жатады және олар өнімнің өзіндік құнына енеді. Оларға
шикізат пен материалдардың құны, жалақы, амортизациялық төлемдер, аренда,
салықтар, әкімшілік басқару шығындары жатады. Ал айқын емес шығындар
(жіберіп алған мүмкіндіктер шығындары) басқа пайдаланушыларға нарықта
белгіленген ақыға берген жағдайда меншікті ресурстарына алуға болатын
табыстар. Оларға меншікті капиталға процент, ғимарат үшін жал ақы,
кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысы үшін төлем ақыны жатқызуға болады.
Бухгалтерлік шығындар мен альтернативтік шығындардың қосындысы
экономикалық шығындарды береді. Демек, экономикалық шығындарға фирманың өз
меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз
шығындар мен фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты жатқызуға
болады.

16.2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. Орташа және шекті
шығындар. Кемімелі табыстылық заңы
Шығындар шамасының өнім көлеміне тәуелділігі тұрғысынан тұрақты және
өзгермелі шығындар ажыратылады. Тұрақты шығындар (FC)- өнім шығару
көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін, яғни өндіріс көлеміне
байланыссыз шығындар. Оларға амортизациялық төлемдер, ренталық төлемдер,
салықтар, сақтандыру төлемдері, әкімшілік басқару шығындары жатады.
Өзгермелі шығындар (VC)- өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін, яғни
өнім көлемі санына тәуелді шығындар. Оларға шикізат пен материалдарға
кеткен шығындар, жалақы, отын және энергияға, транспорттық қызметтерді
төлеуге кететін шығындар жатады. Айнымалы және тұрақты шығындардың
қосындысы жалпы шығындарды құрайды. Өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын
шығынды өлшеу үшін орташа жалпы (ATC), орташа тұрақты (AFC), орташа
өзгермелі шығындар (AVC) қолданылады. Орташа жалпы шығындар жалпы шығынның
өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын
шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді.
Орташа тұрақты шығындар тұрақты шығындарды өнім көлеміне бөлгенге
тең: TC

ATC= ------------;

Q

Орташа өзгермелі шығындар жалпы өзгермелі шығындарды өндірілген өнім
санына бөлгенге тең:
VC

AVC= ------------;

Q
Тұрақты шығындардың сомасы тұрақты болғандықтан орташа тұрақты
шығындар (AFC) өнім көлемінің өсуімен қысқарады. Өнім шығару көлемі өскен
кезде тұрақты шығындар өзгермейтіндігі белгілі, сондықтан жалпы шығынның
өсуі әрқашан өзгермелі шығындардың өсуімен қатар жүреді. Орташа өзгермелі
шығындарға кемімелі табыстылық заңы әсерін тигізеді. Мысалы: егер бір
ресурс (жер учаскесінің мөлшері, технология деңгейі) тұрақты, саны
өзгермейтін болатын болса, онда басқа да ресурстарға өзгермелі шығындар
өскен жағдайда айнымалы ресурстардың орташа өнімділігі алдымен өседі
(орташа өзгермелі шығындар кемиді), одан кейін Q өнімінің өндірісімен
өнімділік кемиді (орташа өзгермелі шығындар өседі).
Шекті шығындар MC (marginal cost) - берілген өнім көлемімен
салыстырғанда өнімнің әрбір қосымша өнім бірлігін өндіруге кеткен қосымша
шығындар:

MC = TCQ

Тұрақты шығындар өзгеріссіз болғандықтан, шекті шығындар өзгермелі
шығындардың өсіміне тең:

MC = VCQ

Орташа жалпы шығындардың (ATC) шамасы, біріншіден, кемімелі табыстылық
заңы ықпал ететін орташа өзгермелі шығындардың шамасымен, екіншіден, Q өнім
көлемінің өсуімен қысқаратын орташа тұрақты шығындардың шамасымен
анықталады.
16.1-суретте орташа өзгермелі шығындар Q1 өнім шығару көлемінде
минимальды мәнге ие. Одан әрі орташа өзгермелі шығындар AVC өсе бастайды.
Бірақ, орташа тұрақты шығындар кеми түседі. Нәтижесінде орташа жалпы
шығындар ATC алдымен орташа тұрақты шығындардың кемуі орташа өзгермелі
шығындардың кемуі орташа өзгермелі шығындардың өсуімен толықтырмайынша
бірқатар уақыттарға дейін кемиді. Осы кезден бастап орташа жалпы шығындар
ATC өсе бастайды. Орташа жалпы шығындардың өзгерісі біртексіз болғандықтан
шекті өзгерістерді өлшеу қажеттілігі туады. Айталық, кәсіпорын жалпы
шығындар ТС жұмсау арқылы Q өнім бірлігін шығарады. Осы жерде өнім шығымын
бір бірлікке арттырғанда жалпы шығындар қандай шамада өзгереді деген сұрақ
туады. Бұл сұрақтың шешімі шекті шығындар ұғымына алып келеді 16.2сурет.

C C
MC
АС
AC

AVC
AVC

AFC

Q1 Q2 Q
Q

16.1- сурет
16.2- сурет
AC- орташа жалпы шығындар
AVC- орташа өзгермелі шығындар
AFC- орташа тұрақты шығындар
MC- шекті шығындар

Ал шекті шығындарды өлшеу қажеттілігі кемімелі табыстылық заңынан
келіп шығады. Егер кемімелі шекті пайдалылық заңы жалпы пайдалылықты
жоғарғы деңгейге көтеруді көздейтін тұтынушының жүріс-тұрысын түсіндіріп,
сұраныс функциясын анықтауға мүмкіндік берсе кемімелі табыстылық заңы
пайданы жоғарлатуды көздейтін өндірушінің жүріс-тұрысының негізінде жатыр
және ұсыныс функциясының сипатын анықтайды. Қысқа мерзімде өнім шығару
көлемін өсіру өндірістің ауыспалы факторларының қосымша бірлігін тарту
есебінен мүмкін болады да басқа факторлар тұрақты болып қалады. Бұл
жағдайда кемімелі табыстылық заңы әрекет ете бастайды, яғни бірқатар
уақыттардан бастап ауыспалы фактордың әрбір қосымша бірлігі алдыңғымен
салыстырғанда өнімнің жалпы шығымының аз өсуіне алып келеді. Сөйтіп,
өндірістің ауыспалы факторының шекті өнімділігі ерте ме, кеш пе төмендей
бастайды: бірқатар уақыттардан бастап шығынның өсімі өндіріс көлемінің
өсімінен асып түседі. Өндіруші тауарды жоғары бағада ұсынуға мәжбүр болады.
Технологияны жетілдіру немесе жер көлемін арттыру өнімділікті жоғарлатып,
ұсыныс кисығын көтереді. Сондықтан кемімелі табыстылық заңы тек ғана қысқа
мерзімде әрекет етеді. Мысал ретінде түсіндіретін болсақ: айталық
кәспорында қондырғылар бар және жұмысшылар өнімді бір смена өндіреді.
Кәсіпкер көп жұмысшылар жалдап, енді жұмыс екі сменада жүргізілетін болсын
делік. Өнімділік пен табыстылық өседі. Кәсіпкер тағы да қосымша жұмысшылар
санын жалдап, жұмысты үш сменада ұйымдастырады. Тағы да өнімділік пен
табыстылықтың өсуі байқалады. Бірақ, егер де тағы да жұмысшылар жалдана
беретін болса өнімділіктің одан әрі өсуі болмайды. Қосымша ресурстарды
тарту енді тиімділік бермейді, керісінше, осы кезден бастап бұрынғыдай
қосымша салымдардың тиімділігі азайып, өнім бірлігіне келетін шығын өседі.
Егер бірнеше жылдардан кейін қондырғыны өнімділігі жоғары қондырғыға
ауыстыратын болса, онда өнімділік арта бастайды. Бұл мысалдан кәсіпорынның
жұмысын талдау үшін тек ғана орташа шығындар, орташа табыстылық және басқа
да орташа шамалар жеткіліксіз, әрбір нақты жағдайда бұл көрсеткіштердің
қандай екендігін, яғни шекті шамаларды білу қажеттігін көруге болады.
Демек, экономикада шекті талдаудың қажеттілігі кемімелі табыстылық заңымен
анықталады. Ұзақ мерзімді кезеңде кәсіпорын өндірістік қуаттылықты қоса
алғанда барлық ресурстардың санын өзгерте алады. Бұл кезеңде шығындарға
қарағанда өндіріс масштабын өсіру есебінен ресурссақтаушы заң ретінде уақыт
үнемдеу заңы әрекет етеді. Уақыт үнемдеу заңымен еңбек өнімділігін арттыру
заңы тығыз байланысты. Өндіріске кеткен шығындар төмен болған сайын оның
өнімі, демек, еңбек өнімділігі де жоғары болады. Еңбек өнімділігінің артуы
қолда бар ресурстарды ұқыпты пайдалану есебінен шығындарды үнемдеуді
тудырады.

16.3 Жалпы, орташа және шекті табыс
Жалпы табыс-барлық өндірілгін өнімді сатудан түскен түсімнің жалпы
сомасы.

TR = P • Q

Мұндағы: TR- жалпы түсім (табыс)
Q -сату көлемі
P-тауардың бағасы
Орташа түсім жалпы түсімді сатылған өнім бірлігіне қатынасына тең:

AR= TR Q

Мұндағы: AR-орташа түсім
Шекті табыс- шығарылатын өнім санын қосымша бірлікке арттырғандағы
жалпы түсімнің өсуі:

MR= ∆TR ∆Q

Мұндағы: MR-шекті түсім

∆TR- жалпы түсімнің артуы
Δ Q- өнім санының артуы
Енді орташа және шекті түсімдер шамаларының өзара қатынасын
қарастырайық. Бұл қатынас бағаның өзгеру, өзгермеуіне тәуелді болады. Егер
фирма жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін болса, онда баға
өзгермейді. Бұл жағдайда өндіруші - баға алушы. Әрбір кезекті бірліктен
түсетін шекті табыс өзгермейді және бағаға тең болады. Бірақ фирма
жетілмеген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін болса, онда ол өнім саны мен
бағасының оптимальды үйлесімін таңдайды. Фирманың өнім шығару көлеміне де
(Q), бағаға да (P) ықпал ету мүмкіндігі бар. Фирма көп өнім шығарған сайын
өнім бірлігінің бағасы төмендейді. Шекті табыс бұл жағдайда тауардың
қосымша бірлігін сатудан түсетін табыстан аз болады. График түрінде
көрсететін болсақ: бір графикке шекті табыс пен шекті шығындардың қисығын
үйлестірейік.

P P

Е
Е
P1 P0

Q1 Q
Q1 Q

16.3 – сурет
16.4- сурет

16.3 суретте Е нүктесінде табыс шекті шығындарға тең. Осы нүктеге P бағада
Q өнім бірлігін шығару сәйкес келеді. Баға бұл кезде өзгермелі, өнім
көлемінің артуымен баға түседі. Бұл жағдай жетілмеген бәсекеге сәйкес
келеді. 16.4-суретте Е нүктесінде табыс шекті шығындарға тең. Бұл кезде
шекті табыс бағаға тең, баға тұрақты, өнім көлемінің артуымен өзгермейді.
Бұл жағдай жетілген бәсекенің шартына сәйкес келеді. Қосымша өнім шығару
мәселесін шешуде біз ең алдымен шекті табысты салыстыратын боламыз.

2. . Экономикалық және бухгалтерлік пайда. Пайданы жоғарлатудың шарты.

Пайда категориясының экономикалық әдебиеттерде әртүрлі көзқарастармен
келісілген бірнеше анықтамасы кездеседі:
- пайда - бұл кәсіпкерлік қызмет үшін марапаттау және техникалық
жетістіктерді енгізуге төлем;
- пайда - бұл тәуекел және белгісіздік үшін төлем;
- пайда - бұл табыс пен шығынның айырмасы.
К.Маркстың пайда теориясы еңбек құн теориясына негізделген және
қосымша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кірістер мен шығыстар
«Өндірістік экономика және менеджмент» пәні бойынша дәрістер жинағы
Бухгалтерлік есеп туралы жалпы түсінік
Пайда мен шығын теориясы
Табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебі
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Шығындардың экономикалық мәні
Кәсіпорын қызметінің нәтижелері
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстары және шығындары
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары
Пәндер