«Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен лекциялар жинағы


Қытай 20 ғ. І.ші жартысында
1. І.ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытайдың саяси және экономикалық дамуы
2. Қытай революциялық қозғалысының себептері. Сун Ят.Сен
3. Чань Кайшидің контрреволюциялық төңкерісі
4. Манчьжурияны Жапон империализімінің басып алуы.
Жапония
1. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Жапония.
2. 1923.1929 жж Жапонияның экономикалық жағдайы.
3. Аграрлық Танака саясаты.
4. Жапонияның Шығыс Азияны экспансиялау әрекеті.
Үндістан
1. ХХ ғ. Басындағы Британдық Үндістанның дамуы.
2. Революциялық өрлеу. Свадештер мен сврадж.
3. Үнді Ұлттық Конгресінің ролі. «Ымырашылдар және Тилак жақтастары.
4. 20.30 жж. Мұсылман Лигасының қызметі.
Ауғанстан 1914.2000
1. Ауғанстан І дүниежүзілік соғыс жылдарында.
2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ауғанстан.
3. Ауғанстан демократиялық республикасы (АДР) және Ауған халықтық.демократиялық партиясы кезіндегі Ауғанстан мемлекеті.
4. Ауғанстандағы азамат соғысы.
5. Ауғанстан 1990.шы жылдарда.
Қытай
1. Қытайда замат соғысының басталуы
2. Қытай Халық Республикасының құрылуы.
3. ‡лкен секіріс, Мәдени революция.
4. 1989 ж саяси дағдарыс
Корея
1. Кореяның Жапония протекторатына айналуы.
2. Корея халқының Жапонияның отарлау саясатына қарсы күресі. (1903.1910 жж.)
3. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Кореяны отарлық қанаудың күшеюі.
4. 1923.1929 жж. Кореяның экономикалық жағдайы.
Монғолия
1. ХХғ.бас кезеңіндегі Монғолия.
2. Моңғолияның тәуелсіздік үшін күресі.
3. 1921.1940 жылғы Монғолия.
4. Монғолия екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында.
Осман мемлекеті
1. Осман мемлекетінің І. дүниежүзілік соғысқа араласуы.
2. Мондрос бейбітшілік келісім шарты.
3. Стамбулды Одақтас мемлекеттердің жаулап алуы.
4. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі.
5. Лозан конференциясы және оның шешімі.
Индонезия
1. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Индонезия.
2. Индонезияда Ұлттық Парламенттің құрылуы.
3. Индонезия Коммунистік партиясының құрылуы және қоғамдағы орны.
4. Индонезия І.дүние жүзілік дағдарыс жылдарында (1929.1933жж.)
Ирак
1. ХХ басындағы Ирак
2. Хасан патшаның Бағдатқа билік ету жылдары.
3. Ирак І дүниежүзілік соғыс қарсаңында.
4. Ағылшындардың оккупациялауы және оның салдары.
5. 1920 жылдардағы азаттық күрес.
6. Ирак 1929.1933 жж әлемдік экономикалық дағдарыс жылдарында.
Таиланд
1. Таиланд ХХ ғасыр басында.
2. І. дүние жүзілік соғыс жылдарында Таиландтың саяси жағдайы.
3. Таиланд ІІ. дүниежүзілік соғыс қарсаңында.
Палестина
1. ХХ ғасыр басындағы Палестина.
2. І дүние жүзілік соғыс кезіндегі Палестина.
3. 20.30 жж ұлт .азаттық көтерілістер.
4. Палестина әлемдік дағдарыс жылдарында.
Сирия және Ливан
1. ХХ ғасыр басындағы Сирия және Ливан.
2. І.ші дүниежүжілік соғыс кезіндегі Сирия және
Ливан.
3. 1919.1927 жж арасындағы ұлт.азаттық
көтерілістер.
4. Әлемдік дағдарыс жылдарындағы Сирия және Ливан.
Филиппин
1. ХІХ ғасырдың 2.ші жартысындағы Филипиннің әлеуметтік.экономикалық дамуындағы өзгерістер.
2. Хосе Рисаляның қызметі.
3. 1896.1898 жж ұлт.азаттық қозғалыс.
4. Филиппин Республикасының құрылуы.
Пакистан республикасының құрылуы
1. Пакистан республикасының құрылуы.
2. Елді басқару формасы.
3. Пакистанның Ұлттық партиясының құрылуы.
4. Үндістан мен Пакистан арасындағы қақтығыс.
Корея 1914.2000ж.ж.
1. Корея І. дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда.
2. Оңтүстік Кореядағы «Төртінші Республика» кезеңі (1972.1981ж.ж.)
3. «Бесінші Республика» кезеңі (1981.1987ж.ж.)
4. 1980.1990 жылдар аралығындағы Оңтүстік Корея.
5. Кореи Халық Демократиялық Республикасының гео.саяси жағдайы (1980.1990ж.ж.)
Қытай орталық шығыс Азиядағы мемлекет. Территориясы 9.6 млн. шаршы шақырым. Ол Ресеймен, Қазақстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікістанмен, Кореямен, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерімен шектеледі. Астанасы – Пекин қаласы. Халқының саны 1.5 млрд. жоғары. Оның 91% қытайлықтар. Ресми тілі – қытайлық. Қытайда дін мемлекеттен бөлінген. Волютасы – юань.
1911 жылы қазанда Қытай календары бойынша Синьхай жылы деп аталады. Учань қалаларында басталған қарулы көтеріліс Синьхай көтерілісінің бастамасы еді. Оның нәтижесінде Цинь монархиясы құлап, Қытай республикасы жарияланды.
ХХ ғасырдың басында Қытайдың саяси тарихында Сунь Ятсен ерекше рөл атқарады. Ол 1912 жылы күзде Гоминьдан партиясының (Ұлттық партия) негізін қалайды. Сунь Ятсен оңтүстіктегі қозғалыстармен белгілі бола бастайды. Сунь Ятсеннің танымалдығын жергілікті милитаристер пайдаланып, оны Гуанчжоуға билікке шақырады. 1911 жылы Қытайда мемлекеттік ыдырау басталып, монархия құлатылды. Қытайдан нақты түрде Тибет, Синцзянь, Монголия бөлінді. Қытай чиновниктері елден қуылды. Моңғолияға Ресей көмектесті, ал 1915 жылғы келісім негізінде Қытай сыртқы Моңғолияның автономиялық статусына қол қояды.
Елдегі саяси бірліктің жоқ болуы сол кездегі Қытайдың негізгі проблемаасы еді. Азамат соғысы жылдарында Қытайда екі негізгі орталық құрылады. Олар Оңтүстік және Солтүстік. Оңтүстікте Гуанчжоу қаласы, ал солтүстікте Пекин қаласы негізгі орталықтар болды.
Оңтүстік Қытайда билікке таласқан генералдардың топтары өздері шыққан провинциялар атымен гуандундық және гуансилік деп аталды. Ал солтүстікте билік үшін күрес 3 топ арасында жүрді: аньхойлық (оның жетекшісі генерал Дуань Цижуй), чжилік (генерал У Пэйфу) және маньчжурлық (генераллиссимус Чжан Цзолин). Юань Шикай өлгеннен кейін Пекиндегі билік Дуань Цижуйдің қолына көшті. Осы билеушінің кезінде 1917 жылы Қытай І-ші дүниежүзілік соғысқа кіреді.
1919 жылы париж конференциясы өз жұмысын бастайды. Қытайда өз талаптарымен жеңген мемлекеттер қатарында қатысады. Оның талаптары соғыс кезінде жапондықтар тарапынан оккупацияланған территорияларды (Шаньдун провинцясын қайтаруды) қайтару және жапондықтардың Қытайға қойған “21 талабын” жоюды, сонымен қатар Қытайдың бүтіндігін және тәуелсіздігін тануды сұрайды.
1919 жылы 30 сәуірде Батыс державалары тарапынан Қытай мәселесінің қанағаттанарлықсыз шешімінің ресми жауабы берілген мәлімдеме жасалады. Бұл талапты кейінгі халықаралық форумда қайта қарауға уәде береді, өйткені париж конференциясында негізгі мәселе Германия және Ұлттар Лигасын құру мәселесі тұрған болатын.
1919 жылы 4 мамырда Қытай астанасында бірнеше студенттік демонстрациялар өріс алды. Олардың талаптары: Париж конференциясына қатыспау және татулық келісімінен бас тарту болды. Сонымен бірге халық жапон товарларына байкот жариялады және “21 талапқа” қол қойған чиновниктерді жазалауды қалады. Осылайша Патриоттық қозғалыс басталды. Тез арада жапон товарларына байкот бүкіл елді жайлады. Пекинде үкімет басындағы Дуань Цижуй Париждағы елшілікті шақыруға мәжбүр болды.
Студенттер қозғалысы өз орталығын Шанхайға ауыстырып, 1919 жылы 4 маусымда жаппай халықтық наразылық туды, оларға ірі саудагерлермен ұлттық кәсіпкерлер көмектесті. Қытай студенттерінің қозғалысы бүкілхалықтық сипат алды, ол “жаңа мәдениет үшін” қозғалысына ұласты. Бұл қозғалыс нәтижесінде саяси публистикаға және әдебиетте жаңа байхуа жазба тілінің кіріспесі жасалды.
1919 жылы 25 шілдеде Кеңестік Ресейдің Совнаркомы “Қытайдың солтүстік және оңтүстік өкіметіне” назар аударуды көздеді. Мұнда Қытаймен тең емес құқықтар келісіміне қарсылық білдіру және көмек көрсетуге әрекет жасау айтылды.
1919 жылы 10 қазанда Сунь Ятсен Шанхайда Джунго Гоминьдан (Қытай ұлттық партиясы) партиясын қайта жандандырды және оңтүстікте саяси билік үшін күресті бастады. Партия 3 белгілі принциптің негізінде әрект жасады: Ұлт үшін, халық билігі үшін, халық берекесі үшін.
1920 жылғы шілдедегі оқиғалардың нәтижесінде орталықтанбаған үкімет құлайды, Пекинде аньхойлық лидер Дуань Цижуйдің орнына, Англия мен АҚШ қолдаған чжилік генерал У Пэйфу билікке келді. АҚШ негізінен Қытайға көбірек назар аударды, оның тәуелсіздігін нығайтуға әрекет жасады. Сол сияқты европалық державалар да Қытайда өз позицияларын ұстауға тырысты.
Вашингтон конференциясына Қытай 1921 жылы сәуірден 1922 жылы ақпанға дейін қатысады. Конференциядағы ең басты нәтиже “Қытай туралы 9 держава” келісімі болды. Барлығы Қытайдың тәуелсіздігін сақтауға, оның территориялық бүтіндігін тануға уәде берді. Ал Жопония аты шулы “21 талап” құжатынан бас тартты және Қытайға Шаньдунды қайтарып берді. Қытай өзінің осы келісімдер арқылы халықаралық позициясын нығайтты. Жапония Қытайда өзінің экономикалық позициясын жоғалтты, бірақ Манчжурияда нықталып қалуға тырысты.. Ол жерде үлкен өнеркәсіптік комплексін құрды және коммуникация тармағын дамытты. Бұл кейіннен Жапонияның Қытайға агрессиясында үлкен рөл атқарды.
1. Ю.Н.Розалиев. Новая и Новейшая история стран Азии и
2. Африки. М., высшая школа 1987.
3. М.Ф.Юрьев. История стран Азии и Северной Африки после второй мировой войны. Изд-во Московского университета. М., 1994.
4. Новейшая история стран Зарубежной Азии и Африки М., 1959.
5. Новейшая история стран Зарубежного Востока. М., 1954.
6. Идеи октября и освободительное движение народов Востока М., 1978.
7. Идеология национально-освободительного движения в Странах Зарубежного Востока. М., 1984.
8. Искандеров А.А. Национально-освободительное движение.Проблемы, Закономерности, перспективы. М., 1978.
9. Ким Г.Ф. От национального освобождения к Социальному. М., 1982.
10. Колониализм и его исторические формы Мнацакаци М.С. М., 1976.
11. Развивающиеся страны: Закономерности, тенденции, перспективы. М., 1974.
12. Развивающиеся страны в современном мире. Единство и многообразия. М., 1983.
13. Развивающиеся страны в мировом хозяйстве. М., 1983.
14. Развивающийся страны : Экономический рост и социальный прогресс. М., 1983.
15. Розалиев Ю.Н. Особености развития капитализма в странах Азии и Африки «Международная жизньң 1976 N1.
16. Примаков Е. Восток после краха колониальной системы. М.,1982.
17. Эволюция восточных обществ :синтез традиционного и современного. М., 1984.
18. Мировое капиталистическое хозяйство и развивающиеся страны Востока. М., 1982.
19. Симогин Н.А. Страны Востока: Пути развития М., 1984.
20. Новейшая история Китая 1917-1970 гг. М., 1972.
21. Новейшая история Китая 1928-1949 гг. М., 1984.
22. Промышленность КНР М., 1979.
23. Иванов И.Д. Международные корпарации в мировой Экономике. М., 1976.
24. Примаков Е.М. Восток после краха колониальной системы М., 1982.
25. Симония Н.А. Страны Востока : пути развития М., 1975.
26. История Вьетнама в Новейшее время 1917-1965 гг. М., 1970.
27. Историография стран Азии и Африки в новейшее время. М., 1976.
28. Новейшая история стран Зарубежной Азии и Африки Л., 1963.
29. Савальев Н.А. Национальная буржуазия в странах Азии. М., 1968.
30. Новейшая история Индии. М., 1959.
31. Маляров О.В. Концентрация капитала и производство в Индии. М., 1968.
32. Никифиров В.Н. Восток и всемирная история М., 1980.
33. Брутенц К.Н. Освободившиеся страны в 70-е годы. М., 1979.
34. Новейшая история стран Зарубежной Азии и Африки. Л., 1963.
35. Развивающиеся страны : Экономический рост и социальный прогноз. М., 1983.
36. Новейшая история Стран Зарубежной Азии и Африки. Л. 1963.
37. Мамедова Н.М. Концентрация производства и капитала в Иране 1960-1970 гг. М., 1982.
38. Розалиев Ю.И. Особенности развития капитализма в Турции., 1962.
39. Розалиев Ю.Н. Экономическая история Турецкой Республики., 1980.
40. История стран Азии и Африки в Новейшее время. М., 1976.
41. Дятлев В.И. Крупная буржуазия в Египте накануне революции г. Иркутск 1983.
42. История Стран Азии и Африки в новейшее время. М., 1976.
43. Государство в странах капиталистической ориентации. М., 1982.
44. Государственный капитализм и социальная эволюция стран Зарубежного Востока. М., 1980.
45. Новейшая История стран Азии и Африки. М., 1978.
46. Новейшая история стран Азии и Африки. М., 1976.
47. Рабочий класс стран Африки. М., 1983.
48. Особенности развития капитализма в странах Азии и Африки «Международная жизнь 1976 N 1.
49. Новейшая история стран Азии и фрики. М., 1976.
50. Новейшая история Стран Азии и Африки. М., 1976.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 54 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы пәнінен лекциялар жинағы

Лектор: Л.С.Динашева

Лекция сабағының жоспары: Ќытай 20 ѓ. І-ші жартысында
1. І-ші д‰ниеж‰зілік соѓыстан кейінгі Ќытайдыњ саяси жєне экономикалыќ
дамуы
2. Ќытай революциялыќ ќозѓалысыныњ себептері. Сун Ят-Сен
3. Чань Кайшидіњ контрреволюциялыќ төњкерісі
4. Манчьжурияны Жапон империализімініњ басып алуы.

Лекция сабағының мақсаты:

Қытай орталық шығыс Азиядағы мемлекет. Территориясы 9.6 млн. шаршы
шақырым. Ол Ресеймен, Қазақстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікістанмен, Кореямен,
Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерімен шектеледі. Астанасы – Пекин қаласы.
Халқының саны 1.5 млрд. жоғары. Оның 91% қытайлықтар. Ресми тілі –
қытайлық. Қытайда дін мемлекеттен бөлінген. Волютасы – юань.

1911 жылы қазанда Қытай календары бойынша Синьхай жылы деп
аталады. Учань қалаларында басталған қарулы көтеріліс Синьхай көтерілісінің
бастамасы еді. Оның нәтижесінде Цинь монархиясы құлап, Қытай республикасы
жарияланды.
ХХ ғасырдың басында Қытайдың саяси тарихында Сунь Ятсен ерекше
рөл атқарады. Ол 1912 жылы күзде Гоминьдан партиясының (Ұлттық партия)
негізін қалайды. Сунь Ятсен оңтүстіктегі қозғалыстармен белгілі бола
бастайды. Сунь Ятсеннің танымалдығын жергілікті милитаристер пайдаланып,
оны Гуанчжоуға билікке шақырады. 1911 жылы Қытайда мемлекеттік ыдырау
басталып, монархия құлатылды. Қытайдан нақты түрде Тибет, Синцзянь,
Монголия бөлінді. Қытай чиновниктері елден қуылды. Моңғолияға Ресей
көмектесті, ал 1915 жылғы келісім негізінде Қытай сыртқы Моңғолияның
автономиялық статусына қол қояды.
Елдегі саяси бірліктің жоқ болуы сол кездегі Қытайдың негізгі
проблемаасы еді. Азамат соғысы жылдарында Қытайда екі негізгі орталық
құрылады. Олар Оңтүстік және Солтүстік. Оңтүстікте Гуанчжоу қаласы, ал
солтүстікте Пекин қаласы негізгі орталықтар болды.
Оңтүстік Қытайда билікке таласқан генералдардың топтары өздері шыққан
провинциялар атымен гуандундық және гуансилік деп аталды. Ал солтүстікте
билік үшін күрес 3 топ арасында жүрді: аньхойлық (оның жетекшісі генерал
Дуань Цижуй), чжилік (генерал У Пэйфу) және маньчжурлық (генераллиссимус
Чжан Цзолин). Юань Шикай өлгеннен кейін Пекиндегі билік Дуань Цижуйдің
қолына көшті. Осы билеушінің кезінде 1917 жылы Қытай І-ші дүниежүзілік
соғысқа кіреді.
1919 жылы париж конференциясы өз жұмысын бастайды. Қытайда өз
талаптарымен жеңген мемлекеттер қатарында қатысады. Оның талаптары соғыс
кезінде жапондықтар тарапынан оккупацияланған территорияларды (Шаньдун
провинцясын қайтаруды) қайтару және жапондықтардың Қытайға қойған
“21 талабын” жоюды, сонымен қатар Қытайдың бүтіндігін және тәуелсіздігін
тануды сұрайды.
1919 жылы 30 сәуірде Батыс державалары тарапынан Қытай мәселесінің
қанағаттанарлықсыз шешімінің ресми жауабы берілген мәлімдеме жасалады. Бұл
талапты кейінгі халықаралық форумда қайта қарауға уәде береді, өйткені
париж конференциясында негізгі мәселе Германия және Ұлттар Лигасын құру
мәселесі тұрған болатын.
1919 жылы 4 мамырда Қытай астанасында бірнеше студенттік
демонстрациялар өріс алды. Олардың талаптары: Париж конференциясына
қатыспау және татулық келісімінен бас тарту болды. Сонымен бірге халық
жапон товарларына байкот жариялады және “21 талапқа” қол қойған
чиновниктерді жазалауды қалады. Осылайша Патриоттық қозғалыс басталды. Тез
арада жапон товарларына байкот бүкіл елді жайлады. Пекинде үкімет басындағы
Дуань Цижуй Париждағы елшілікті шақыруға мәжбүр болды.
Студенттер қозғалысы өз орталығын Шанхайға ауыстырып, 1919 жылы 4
маусымда жаппай халықтық наразылық туды, оларға ірі саудагерлермен ұлттық
кәсіпкерлер көмектесті. Қытай студенттерінің қозғалысы бүкілхалықтық сипат
алды, ол “жаңа мәдениет үшін” қозғалысына ұласты. Бұл қозғалыс нәтижесінде
саяси публистикаға және әдебиетте жаңа байхуа жазба тілінің кіріспесі
жасалды.
1919 жылы 25 шілдеде Кеңестік Ресейдің Совнаркомы “Қытайдың солтүстік
және оңтүстік өкіметіне” назар аударуды көздеді. Мұнда Қытаймен тең емес
құқықтар келісіміне қарсылық білдіру және көмек көрсетуге әрекет жасау
айтылды.
1919 жылы 10 қазанда Сунь Ятсен Шанхайда Джунго Гоминьдан (Қытай
ұлттық партиясы) партиясын қайта жандандырды және оңтүстікте саяси билік
үшін күресті бастады. Партия 3 белгілі принциптің негізінде әрект жасады:
Ұлт үшін, халық билігі үшін, халық берекесі үшін.
1920 жылғы шілдедегі оқиғалардың нәтижесінде орталықтанбаған үкімет
құлайды, Пекинде аньхойлық лидер Дуань Цижуйдің орнына, Англия мен АҚШ
қолдаған чжилік генерал У Пэйфу билікке келді. АҚШ негізінен Қытайға
көбірек назар аударды, оның тәуелсіздігін нығайтуға әрекет жасады. Сол
сияқты европалық державалар да Қытайда өз позицияларын ұстауға тырысты.
Вашингтон конференциясына Қытай 1921 жылы сәуірден 1922 жылы ақпанға дейін
қатысады. Конференциядағы ең басты нәтиже “Қытай туралы 9 держава” келісімі
болды. Барлығы Қытайдың тәуелсіздігін сақтауға, оның территориялық
бүтіндігін тануға уәде берді. Ал Жопония аты шулы “21 талап” құжатынан бас
тартты және Қытайға Шаньдунды қайтарып берді. Қытай өзінің осы келісімдер
арқылы халықаралық позициясын нығайтты. Жапония Қытайда өзінің
экономикалық позициясын жоғалтты, бірақ Манчжурияда нықталып қалуға
тырысты.. Ол жерде үлкен өнеркәсіптік комплексін құрды және коммуникация
тармағын дамытты. Бұл кейіннен Жапонияның Қытайға агрессиясында үлкен рөл
атқарды.
“4 мамыр” қозғалысы шаруалардың белсенділігінің артуына септігін
тигізді: олар бірігіп арендаторлар одағын құрды, сөйтіп ежелгідегі сияқты
құпия қоғам жанданды (“Черные пики”, “Желтые пики”, “Союз голоштанников”,
“Общество подтянутих животов” және т.б.). Тез арада шаруалардан құралған
отрядтар өздерінің қауіпсіздігін сақтау үшін армия құрады.
Шаруалар рулық, жергілікті негізде әрекет жасайды. Қытай шаруаларының
дүниетанымдық сипаты - өзге жерліктерге сенімсіздікпен қарау болды. Оны бір
сөзбен айтқанда ксенофобия дейді.
1920 жылдары Қытайда максистік идеялар туындай бастады. Олар Пекинде
(университетте проф. Ли Дачжаоның айналасына жиналған топтар), Шанхайда
(Чень Дусюдің айналасындағылар) жанданды. Хунань провинциясының астанасы –
Чанша қаласында марксистік ортаны Мао Цзэдун ұйымдастырды, сонымен қатар
Ухан және Гуанчжоуда да сондай топтар болды. Сондай – ақ Сарбон
университетінде Чжоу Эньлай аймағынан барған марксистік топтарда болды.
Москвада құрылған Коминтерн Қытай революционерлерімен жақын қатынас
орнатты. 1921 жылы 1 шілдеде Шанхайда коммунистік партияның І-съезді болды.
Жұмыс жетекшісі Коминтерннің өкілі Маринг болды. Съезд Қытайда Коммунистік
партияның құрылғанын бір ауыздан мақұлдады, бірақ саны жағынан өте аз еді
(53).
Партия ұзақ мерзімге бағытталған жоспар құрды. Қытай Коммунистік
партиясының (ҚТП) Орталық Комитетіне (ОК) бірінші секретар етіп Чень Дусты
тағайындады. Қытай тарихында Коммунистердің жағдайы осылайша басталған еді.
1920 жылы қазанда Сунь Ятсенді Гуанчжоуға гуандундық генералдар
билікке шақырды. 1921 жылы сәуірде Парламенттік сайлау негізінде Сунь
Ятсен Қытайдың төтенше президенті болып сайланды. Бірақ, шындығында
президенттің билігі болмады, армия генералға бағынатын еді, ал президенттің
200 адамдық қорғаушысы болған. 1922 жылы Сунь Ятсен жұмыстық бағдарламамен
астанадан кетеді. Бірақ тез арада 1923 жылы ақпанда қайта оралады. Сол
аралықта басқа рудың генералы билікке келіп қойған болатын. Дәл осы кезде
Сунь Ятсен Кеңестер Одағымен қарым – қатынас жасауға, өзінің позициясын
нығайтуға әрекет жасады. 1923 жылы КСРО-ның әскери және саяси кеңесшісі
Михаил Бородин Қытайға көмекке келді. Олардың рекомендациясымен Сунь Ятсен
Коммунистер партиясымен келісім шартқа отырады. Қытай Коммунистік
партиясының Гоминдандармен қарым – қатынасы 1922 жылы жасалды. 1923 жылы
көктемде ҚКП ОК Гуанчжоуға көшті. 1923 жылы маусымда ҚКП-ның ІІІ
– съезінде Гоминьдан партиясымен бірігу туралы шешім қабылданады.
1924 жылы қаңтарда біріккен Гоминьдан съезінде жаңа Жоспарлар мен
Жарғылар қабылданады. Сунь Ятсен жаңа “үш халықтық принцип” трактатын
ұсынады. Олар: “Национализм” – шет елдіктердің қанауын ликвидациялау,
“халық билігі” – милитаристерді билігін шектеу, “халықтық қайырымдылық” –
мемлекет азаматтарын әлеуметтік қорғау.
Жарғыда 3 саяси мәселе көзделді: Кеңестік Ресей және ҚКПмен одақ құру,
жұмысшылар және шаруаларға сүйеу болу. Жоспар бойынша алдағы мақсаттарды
этаптарға бөлді:
1) Әскери бірлік;
2) 6 жылдық қамқаршылық кезеңі;
3) Конститутциялық басқаруға көшу.
Гоминьданда ЦИК-тің құрамына 9 коммунист таңдалды (олардың арасында Мао
Цзэдун да бар еді).
1924 жылы Қытайдың оңтүстігінде Ванпу аралында офицерлер мектебі
құрылды. Бұл мектеп КСРО-ның есебінен құрылды: арнайы кемелер қарумен қоса
жіберілді, жаттығуды екңестіктер жүргізді, бірақ мекемеге Чан Кайши билік
етті. Мектепке 4.5 мың курсант дайындыққа келді. Бітірушілер Гоминьдан
армиясының негізін құрады. 1924 жылы тамызда олардың 2 полкі
ұйымдастырылады. Сунь Ятсен 1924-1925жылдары оңтүстіктегі барлық
милитаристерді жойып, Гуаньдун провинциясын азат етеді. Әйтсе де 1920
жылдан бастап Пекинде чжилік лидер генерал У Пэйфу басқаратын болатын. 1921
жылдың соңында Манчжурлық генерал Чжан Цзолин мен У Пэйфу арасында қақтығыс
басталады. Бұл қақтығыс 1922 жылдың мамырына дейін созылып, генерал У
Пэйфуның жеңісімен аяқталды.
1924 жылы қазанда чжилік генералдардың бірі Фэн Юйсян У Пэйфу өлген
соң, Пекиндегі билікті жаулап алды. Ол Сунь Ятсенмен, Гоминданмен, ҚКПмен
келісім шартқа отыруды көздеді, сонымен қатар КСРО-дан көмек сұрады. Ол
өзінің әскерін халықтық армия деп атады.Фэн Юйсян Қытай коалициялық
өкіметін құру мақсатымен Сунь Ятсенді шақырады. Бұл жерге Халық жиналысын
ұйымдастыру мақсатымен барлық лидерлер жиналды. Қытайды бейбіт жолмен
біріктірудің мүмкіндігі бар екені айқындалды (1924жылы). Бірақ бұл кезде
Сунь Ятсен қатты ауруға шалдыққан болатын. Сол себепті 1925 жылы наурызда
Сунь Ятсен дүние салды. Сол себепті бұл мәселе кейінге қалады.
Гоминьдандар арасында Сунь Ятсеннің өлімінен соң билік үшін тартыс
өршіді. 1925-1927жылдар арасында Қытайда азамат соғысы болды.1927 жылы
маусымда Фэн Юйсян және солтүстіктегі көптеген генералдар Нанкин қаласында
Чан Кайшидің билігін таныды.Осы кезде Чан Кайши үкіметі КСРО мен қатынасты
түбегейлі бұзды.Чан Кайши 1927 жылы контрреволюция жасайды.Сөйтіп ірі жер
иелері мен капиталистерден құрылған ұлттық үкімет құрды.Ол коммунистерді
өзіне жау ретінде қарап оларға қарсы репрессия ұйымдастырды. 1932 жылы 2-
наурызда Жапония Қытайға қарсы агрессия бастап, үш ай ішінде солтүстік
шығыс провинцияларын оккупациялап, Маньчжоу-ГО қуыршақ мемлекетін
құрды.Оның жоғарғы басшысы етіп 1912 жылдар құлатылған Маньчжур
династиясының соңғы императоры Пу-И ді қойды. Жапон милитаристері КСРО мен,
МХР мен шектесетін осы аймаққа енуге плацдармға айналды. Барлық Қытай
халқына қарсы ортақ жауға қарсы Гоминдан мен ҚКП қайтадан бірыңғай майдан
құрды. Чань Кайшидің үш миллиондық армиясы соғыс қимылының бар ауыртпалығын
көтерді.Оған АҚШ пен КСРО экономикалық және әскери көмек көрсетті. Қытай
әскерлерінің қимылдары сәтті болмады. Жапония Қытайдың Маньчжуриядан
Вьетнам шекарасына дейін созылып жатқан бүкіл шығысын басып алды. Оның
ішінде Пекин мен Нанькинде бар. Қытайлықтарға қарсы жүрген Жапон агрессиясы
елде патриоттық антижапондық толқу туғызды. Гоминьдан басшылығы
агрессорларға қарсы тұрудан бас тартты. 1935 жылы ҚКП Гоминьданға елде
азамат соғысын тоқтатып, күшті Жапонияға қарсы біріктіру жөнінде үндеу
тастады. 1937 жылы тамызда бір-біріне соғыс ашпау туралы кеңес-қытай
келісіміне қол қойылды. Жапонияның Қытайды халықаралық оқшаулау саясаты
жүзеге аспады. Кеңес одағы Қытайға әскери және басқа көмектер берді. Кеңес
одағының қолдауы Гоминьдан үкіметінің Жапон агрессорларына қарсылығын
жалғастыра беруге мүмкіндік берді.

Тест сұрақтары.
1. Сун Ят Сен қайтыс болған жыл
А) 1924 жыл. В) 1925 жыл. С) 1926 жыл. Д) 1927 жыл.Е) 1928 жыл
2. Сянган қазіргі
А) Мянма. В) Гонгконг. С) Шаньхай. Д) Гуанчжоу. Е) Пекин.
3. Чанша қаласында комунистік үйірмені кім басқарды
А) Хо Ши Мин. В) Мао Цзе Дун. С) Чан Кайшы. Д) Сун Ят Сен. Е) Гоминдан.
4. КСРО-Қытай келісіміне қашан қол қойылды
А) 1923 жыл. В) 1924 жыл. С) 1925 жыл. Д) 1926 жыл.Е) 1927 жыл.

Жапония

1. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Жапония.
2. 1923-1929 жж Жапонияның экономикалық жағдайы.
3. Аграрлық Танака саясаты.
4. Жапонияның Шығыс Азияны экспансиялау әрекеті.

Жапония мен Германияның екінші дүниежүзілік соғыста жасаған одағы
көптеген себептерден туындаған. Соның ішінде бірінші дүниежүзілік соғыстың
қорытындысын шығарған және дүниежүзінің соғыстан кейінгі құрылымын
анықтаған Вашингтон конференциясының нәтижелері де бар.
Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, болашақтағы қақтығыстар
мен одақтардың негізі Версаль-Вашингтон жүйесінде қаланған деп есептейді.
Олай болса XX ғасырда агрессиялық саясат жүргізген Жапония мен Германияның
жақындасуы, одақтасуы сол кезде қалыптаса бастаған болып табылады.
Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында Жапония Антанта елдерінің
жағында соғысты. АҚШ бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде Жапонияның
Қытайдағы ерекше мүддесін мойындап, үнемі Жапониямен компромисқа барып
отырды. 1917 жылы Америка Жапониямен Лансинг-Исити келісімін жасап, соған
сәйкес әрекет етті. Париж бейбіт конференциясы Жапонияның Қытайдағы
Германияның меншігіне құқын таныды. Алайда, Қытай мәселесі бойынша Париж
келісімін қайта қарауға ұмытылған қозғалыс Қиыр Шығыста арнайы
конференцияның шақырылуына әкеп соқты.
1921 жылы қарашада Вашингтон конференциясы шақырылды. Осы конференция
жөнінде Кеңес барлаушысы Рихард Зорге былай деп дәлме-дәл сипаттай жазады:
дүние жүзілік саясаттың көзқарасы бойынша Вашингтон конференциясы
капиталистік елдердің назарында [1].
Конференцияда каралған мәселелердің ішінде ең өзекті мәселенің бірі
Қытайға қатысты саясат жөніндегі мәселе болып табылады. Оның нәтижесінде
тоғыз державаның келісіміне қол қойылды. Ол бойынша Қытайда ашық есік және
тең мүмкіндік принципі енгізілді. Осы мәселе бойынша Жапония дипломаты
Т.Ситэнори өзінің мемуарында былай деп жазады: Осы конференцияда олар
Қытайда ашық есік принципін орнатып қоюды ғана ойластырған жоқ, сонымен
бірге Россиядағы проблемаға байланысты Сібірге Жапон ықпалының таралуына
кедергі келтіруге тырысты. Жапония ықпалының кеңейе түсуі американ
мүдделеріне қауіп тудыратын еді. Вашингтон конференциясында Кеңес
өкілдерінің катыспауына байланысты Сібір мәселесі ашық талқыланбады. Соған
қарамастан Америка Құрама Штаттары Жапонияға әскерді енгізу туралы
міндеттеме алуға қол жеткізді. Осылайша Америка Жапонияның кеңею жолына
тосқауыл қойды [2]. Осы принцип ықпал аймағың жүйесін бұзды. Бұл деген
сөз Жапония позициясының әлсірегенін көрсетеді. Өйткені Қытайдағы оның
саясаты ерекше мүдделер принципіне негізделген болатын. Тоғыз держава
келісімі Жапонияның Маньчжурия мен Манғолияға енуін шектеді. Бұл Жапонияның
наразылығын тудырды. Іс жүзінде бұл саясат жапон-американ қайшылығының
негізін қалыптастырды.
Жапония осы конференцияда 1902 жылы жасалған ағылшын-жапон одағынан
бас тартуға тиіс болды. АҚШ ағылшын-жапон одағын АҚШ, Жапония, Англия,
Франция державаларының келісімімен ауыстырды. Ол бойынша бұл мемлекеттер
Тынық мұхиттағы аралдық иеліктерін ешкімге тиістірмей корғайтын болды.
Вашингтон конференциясында әскери-теңіз флоттары кемелерінің тоннажын
шектеу жөнінде бес державалық келісім де жасалды. Ол келісім бойынша ірі
теңіз кемелері кұрылысы он жылға тоқтатылды. Жапония американдықтардың
линейный флоттарға қатысты ұсынысымен келісуге мәжбүр болды.
Вашингтон конференциясында Жапония иемденген Шаньдун провинциясы
Қытайға қайтарылады деген шешім қабылданды. Алайда Жапония осы провинцияда
саяси ықпалын сақтап қалды, біраз жеңілдіктерге ие болды. АҚШ жасаған
қысымның нәтижесінде Жапония Вашингтон конференциясында оқшауланып қалған
болатын. Англия Жапонияға ешқандай колдау көрсетпеді. Осының бәрі Қиыр
Шығыста күш ара салмағын өзгертті. XX ғасырдың 20 жылдары Жапонияның
Қытайда позициясының әлсіреуі Қытай елінде саяси ситуацияға үлкен ықпалын
тигізді.
XX ғасырдың 1920-1930 жылдары Жапонияда бітіспес саяси күрес
жүрді. Ол жағдай Жапон қоғамын да, армиясын да қамтыды. Бұл күрестің басты
мазмұны Жапон қоғамының барып тұрған радикалды тобының алдыңғы қатарға
ұмтылуы және осы туралы қоғамдық ой- пікір қалыптастыруға тырысу еді.
1927 жылы Жапонияда министрлер кабинеті ауысты. Елдің премьер-
министрі болып, басқарушы топтың агрессиялық бағыттағы лидері генерал
Танака тағайындалды. Танака тобы өзіне дейін болған Кенсэйкай партиясын
Вашингтон конференциясының шешімдерін үнсіз орындаған, әлсіздік көрсеткен
партия деп сынға алған болатын. Бірақ конференция жүріп жатқан кезде
Жапония өкіметінің басында Сэйюкай партиясы тұрған. Солай бола тұрса да
Кесэйкай партиясына жабылды. 1927 жылы генерал үкіметі Жапон әскерін
Шаньдун провинциясына жіберді. Армияға Гоминьдан армиясының солтүстікке,
Пекинге карай жылжуына кедергі келтіру міндеті жүктелді.
1927 жылы 25 шілдедегі мемарандумында Танака былай деп көрсетті:
өзін-өзі қорғау және басқаларды қорғау мүддесі үшін Жапония Шығыс Азиядағы
қиындықтарды жоя алмайды. Жапония осы үшін қан мен темір саясатын жүргізе
алмайды. Ондай саясат жүргізген күнде Жапония Америкамен 'бетпе-бет келеді.
Ол жағдайда Америка Қытайды бізге айдап салады. Егерде болашақта біз
Қытайға бақылауды орнатуды өз қолымызға алғымыз келсе, онда Құрама
Штаттарды қиратуға тиіспіз. Алайда Қытайды бағындыру үшін ең алдымен
Маньчжурия мен Манғолияны бағындырып алуымыз керек. Дүние жүзін басып алу
үшін біз алдымен Қытайды, онан кейін барып қалған азиат елдерін бағындыруға
тиіспіз. Индия және басқа елдер бізден қоркып өздері-ак біздің алдымызда
тізе бүгеді [3]. Осы мәселе бойынша жапон дипломаты Т.Сигенори былай
деп ой қозғайды: Мен мынандай ойға келдім. Қытай Жапониясыз өмір сүре
алады. Ал Жапония Қытайсыз өмір сүре алмайды [4]. Бұл айтылған ойдан екі
қорытынды шығаруға болады: Біріншісі-Жапонияның өмір сүру кеңістігі
идеясы, екіншісі- бейбіт қатар өмір сүру және гүлдену идеясы [5]. 1927
жылы 27 маусымда шығыс конференциясы болып өтті. Оның жұмысына Жапонияның
сыртқы істер министрлігінің, армия мен флоттың өкілдері Қытайда әрекет
ететін жапон дипломаттары қатысты. Конференцияда қаралған басты проблема
Қытайға қатысты саясатты жасап анықтау болатын. Қытай жөніндегі мәселені
талқылау экономикалық экспансия мақсаттарынан ғана туындамаған еді. БҒл
1925-1927 жылдары Қытай халқынын революцияға ұласқан азаттық күресін басып
жаншуға да байланысты туындаған еді.
7 шілде 1927 жылы Қытайға қатысты саяси бағдарлама деген құжат
жарияланды. Ол құжат бойынша Маньчжурия мен Монғолия Жапонияның ерекше
қамқорлығына алынған жер болып жарияланды [6]. Осылайша конференция
Маньчжурлық инциденттің тумай қоймайтындығын дәлелдеді.
Жапония империализмінің стратегиялық мақсаттары генерал Танак
Гиитидің мемарандумында айқындалған. Ол оны 25 шілде 1927 жылы императорға
тапсырды. Мемарандумның алғашқы бетінде былай деп көрсетілген: Қытайды
бағындыру үшін біз ең алдымен Маньчжурия мен Манғолияны бағындыруға
тиіспіз. Дүниежүзін бағындыру үшін ең алдымен Қытайды бағындырып алуға
тиіспіз [7].
Сонымен бірге осы құжатта былай деп көрсетіледі: Маньчжурия мен
Манғолияда шынайы құқықты жеңіп алу үшін біздер бұл облысты Қытайға кіру
үшін базаға айналдыруымыз керек. Оның сылтауы біздің сауданы дамыту деген
болады. Құқыктарды толық иеленген соң елдегі барлық ресурстарды өз
қолымызға аламыз. Қытайдың барлық ресурстарын иеленген соң біз Индияны,
Кіші Азияны, Орталық Азияны тіпті Европаны басып алуға кірісеміз. Алайда
Маньчжурия мен Манғолияға бақылау орнатуды өз қолымызға алу Ямато нәсілі
континенталді Азияда ерекшеленеміз дегеннің алғашқы қадамы болып табылады
[8].
Осы экспансиялық бағдарламаның жүзеге асуының маңызды кезеңі КСРО-
ға қарсы соғыс ашу деп есептелінді. Бұл Танаканың мемарандумында анық
көрініс тапқан. Онда болашақта көп үзамай-ақ біздің еліміз Солтүстік
Маньчжурия ауданында Қызыл Ресеймен соқтығысатыны сөзсіз деп көрсетілген.
Осылайша меморандум Жапон империализмінің басты міндеті етіп Қытайды
басып алу мен КСРО-ға қарсы соғыс жүргізуге дайындықты көрсетеді. Танака
меморандумды дайындап қана қойған жоқ ол оны іс жүзіне асыруға да ұмтылды,
Алайда 1920 жылдың соңында Жапония Қиыр Шығыста соғыс жүргізуге дайын емес
еді Жапония Маньчжурия сияқты аймақта ғана соғыс жүргізуге шамасы келетін
еді.
Осы кезеңде қоғамда Минсейто мен Сэйюкай сияқты парламенттік
партиялардың өкілдерінен кұралған үкімет қатты сыналып жатқан болатын. Бұл
партиялар бұрыннан құрылған Мицуи, Мицубиси, Ясуда сияқты концерндермен
тығыз байланыста еді. Жаңадан құрылған концерндердің финанстык базасы әлсіз
болды да олар бұрынғы финанс олигархиясымен Мицуи, Мицубиси, Сумитома,
Ясудаларға тәуелді болды. Олардың арасындағы бәсекелестік күрес 1929-1933
жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында тіпті шиеленісіп
кетті.
1930'жылы армияның офицерлік корпусынің құрамында едәуір
өзгерістер болды. 1925-1930 жылдары флот пен армияға келген офицерлердің
басым көпшілігі шовинистік көз қараста болатын. Бұл офицерлер қала мен
деревнияның ұсақ буржуазиясынан шыққандар еді. Олар дүние жүзінің
күштілеріне қарсы шықты. 1930 жылдардың басында армия мен флотта жас
офицерлер деген термин пайда болды. Бұл офицерлер корпусында жаңа бағыттың
пайда болғандығын көрсетті. Осы офицерлердің пікірі бойынша мемлекеттің
саясаты батыл емес. М.Жуков өзінің Японский милитаризм деген еңбегінде
Жапонияда 1930 жылдардың басында жаңа саяси күштердің қалыптасу прецесін
жан-жақты көрсетеді. Жаңа концерндермен байланысты жас офицерлер партия
кабинеттерінің ішкі және сыртқы саясатта жүргізген шараларына ашық
наразылықтарын білдірді. Жас офицерлер императорға берілгендігін үнемі
дәлелдеп отырды. Олар ескі концерндер белсенділігін шектеуді талап етті,
парламентке қарсы шықты, қастандық ұйымдастырды, террорлык актілер бірінен
соң бірі жасалды.
Жапонияда 1929-1931 жылдар арасында өкіметті Минсэйто буржуазиялык-
помещиктік партия өкілдерінен құрылған топ басқарды. Жапонияның әскери
баспасөзінде басым топ Судзики-Минами болды да, ол электрлік деп аталды.
Олар әскери өнерде ескі мен жаңалықты ымыраластыруға тырысып отырды. Олар
армияны қайта қаруландыру мен жаңартуды мойындады, солай ете отырып
жапондық самурайлық-әскерге ерекше мән берді, оның моральдык рухына айрықша
орын берді.
Жапония армиясында әскери істе ескі мен жаңаның үйлесуі офицерлер
мен генералдардың біразын соғыс ісінен аулақтатты. Әсіресе Кеңестік Қиыр
Шығыстағы интервенциядан кейін армияны кайта құруда едәуір роль атқарған
топ біраз істен шет қалды. Минами-Судзаки қарсыластары Жоғарғы әскери
кенестің мүшесі генерал Мутоның басшылығымен өз тобын құрды. Ерекше көңіл
аударатын жайт Сага тобынан Маньчжурияны оккупациялау жоспарын жасауға
қатысқан генералдардың көпшілігі қатысты. Жас офицерлер тобы Сага тобын
қолдады. Армияда олардың беделін көтерді. Бұл топ армияда офицерлердің
қалың көпшілігінің көңілінен шықты. Олар армияның алдында сөйлеген
сөздерінде армияның орны туралы асқақтата ой тастады, 1930 жылы 3 наурызда
генерал-лейтенант Тамон Мияко әскери басылымдар беттерінде офицерлік
корпустың ролін көтерді. Олардың беделін көтерген газет бетінде Мозг нации
в армии атты мақала жариялады. Мақаланың авторы онда елдің ешқандай
әкімшілік-саяси ұйымы офицерлік корпусты ауыстыра алмайды. Өйткені ол
жоғары жапондық рухта, императорға құдайдай табынады, ол үшін өлімге де
барады [9].
Жапон әскерилері үкіметтің сыртқы саясатына ашық қарсы шықты.
Үкіметтің жүргізген сыртқы саясатына наразылықтарын ашық білдірді. Олар
үкіметтің басқа елдермен қатынас жасағанда үнемі келісе беретіндігін
айыптады, өйткені олар Жапонияның Азиядағы құќы мен мүддесін елемейді.
Әсіресе Қытайдағы мүддесіне құлақ аспайды. Әскери топтар бұрынғы үкіметті
де 1922 жылы Вашингтон конференциясында өзіне тиімсіз шешімдер қабылдатты
деп сынады. Үкімет 1921 жылы Дайрен, 1922 жылы Чаньчунь кездесулерінде Қиыр
Шығыс республикаларына байланысты, КСРО-ны тануда және олармен
дипломатиялық қатынас орнатуда батыл бола алмады, табандылық көрсетіп шешім
қабылдай алмады деп сынға алды.
1930-1932 жылдар арасында бірнеше рет бүліктер ұйымдастырды,
саяси өлімдерді жүзеге асырды. Осыларды жүзеге асыру арқылы олар
мақсаттарын орындауға жақындады. 15 мамыр 1932 жылы армия мен флоттың
офицерлері фашистік бүлік ұйымдастырды. Олар МВД мен бір қатар банктерге
шабуыл жасады, премьер-министр өлімші болып жараланды. Осы бүліктен кейін
офицерлердің көңіл-күйі өсті. Олардың қысымымен партиялық кабинеттен жоғары
тұратын ұйым құрылды. Осылайша 1945 жылы Жапония капитуляцияланғанға дейін
партиялық жылдардағы орыс- жапон соғыстарынан кейін кең қанат жайды.
Жапония темір жолдар концессиясы мен кедендік қаржыны бақылау жүйесі
арқылы бірте-бірте Оңтүстік Маньчжурияда негізгі экономикалық ресурстарды
өз қолына шоғырландырды. 1924-1925 жылдары Жапония еш кедергісіз
Маньчжурияда өзінің концессиялық құқықтарын кеңейтті. Алайда 1925 жылдардан
бастап. АҚШ-тың көмегімен Қытай үкіметі Жапонияға қарсы әрекет ете бастады.
Өйткені Жапония өз саясатына өзі қарсы келіп отыр еді. XІX ғасырдың 90-
жылдарында Ресеймен соғысқа дайындык барысында жапондықтар Маньчжурия
Қытайдың бөлінбейтін бөлігі деп дәлелдеген болатын, енді олар Маньчжурияның
Қытаймен тарихи негізде калыптасқан министрлер кабинеті болған жоқ, Бұл көп
партиялық парламенттік жүйеге, жаңа саяси құрылымға жасалған қадам еді.
30-жылдардың басындағы әскери топтардың бағдарламасы мынандай
талаптар қояды: 1.Жапонияның КСРО-ға қарсы басқыншылық саясатын жандандыру;
2. Елдің барлық экономикалық ресурстарын соғысты дайындауға жұмылдырып,
Азияда ұлы империя кұру.
Осылайша Жапония Маньчжурияны оккупациялауға саяси да,
экономикалық жағынанда жан-жақты дайындалды. Ол мақсатын 1931 жылы
қыркүйекте жүзеге асырды. Маньчжурия бұл Жапонияның мемлекеттік шекарасы
өтетін аймақ, сонымен бірге осы жер Қытайға қарсы соғысты дайындаудың
орталығына айналды, соғысқа итермелеудің насихаттау аймағы болды [10].
Жапонияның Маньчжуриядағы экспансиясы 1904-1905, этнографиялық
үқсастығы жоқ, өз тағдырын өздері шеше алады деп дәлелдеуде. Танаканың
мемарандумында былай деп көрсетеді: Моңғолия мен Маньчжурия Қытай
территориясы болған емес. Мұны жапон ғалымдары дәлелдеген. Сондай-ақ
мемарандумда Маньчжурияға енудің жолы жапондық отставкадағы офицерлердің
көмегімен моңғол князьдеріне бақылау орнатуға болады деп көрсетеді [11].
Жапонияның Қытайға үстемдікке ұмтылуы Азия азиаттар үшін деген
доктринаға негізделеді. Бұл доктрина мерзімді басылымдар беттерінде, барлық
ақпарат құралдарымен насихатталды. Жапон мектептерінде Жапонияның жаңа
картасы уағыздалды. Ол картада ортасында Токио, біріншісі -Жапонияның өзі,
екіншісі – Тынық мұхиттағы аралдар, Корея, Маньчжурия, Моңғолияның бір
бөлігі, үшіншісі Солтүстік Қытай, Сібірдің бөлігі, төртіншісі- Қытайдың
калған бөлігі, Гавай аралдары, бесіншісі- Австралия, Канаданың батысы, АҚШ.
Сонда Жапонияның түпкі мақсаты дүние жүзіне үстемдік жүргізу болып
табылады. Осылайша жас өспірімдерді де өз елін ең мықты, күшті ел етіп
көрсетуге тәрбиеледі.
Жапония дипломатиясы бүкіл Европаны жайлаған бүкіл дүниежүзілік
дағдарыс Батыстың Қиыр Шығыс мәселесіне араласуына мүмкіндік бермейді деп
есептеді. Оның үстіне Жапония Батыста ұлтшылдық салтанат құруда, ол өзінің
агрессорлык саясатына жол береді деп ойлап, ол келісімге келуге мүмкіндік
береді деп иек артты.
Алайда Қытайда жағдай шиеленісті: ұлт-азаттық козғалыс өршіп, ол
тіпті Маньчжурияға да тарады. Осының бәрін түсінген Жапонияның әскери тобы
Маньчжурияны тез оккупациялап, Америка мен Англияны жасалған ісімен
дәлелдеуге тырысты.
Агрессиялық идеясын жүзеге асыру үшін Жапония Маньчжурияда,
Бейжинде, Нанкинде, Шанхайда, Кантонда және басқа жерлерде агентурасын кұру
жұмыстарын күшейтті. Жапония өзінің шын ниетін дипломатиялық әрекетпен
жапты. КСРО Қытайды басып алуға дайындалуда деп әйгілеп, КСРО-ға қызыл
қауіпке қарсы компания ұйымдастырды.
1931 жылы каңтарда Жапония министрі Сидехара дипломатиялық
қатынастарды қалпына келтірілгеннен кейін КСРО мен Жапония арасында сауда
зор қарқынмен дамып келеді деп атап көрсетті. Халықтың көңілін алдау
мақсатында осындай ақпар таратылды.

Әдебиеттер тізімІ:

1. Зорге Р. Статьи, корреспонденции, рецензии.М., 23-бет.
2.Того Сигэнори. Воспоминания японского дипломата. М.,1996. 85-
бет.
3. Қараңыз:: Меморандум Танаки. 1927. 15-бет.
5. История войны на Тихом океане. М., 1957. 132-бет.
6. Васильев Л.С. Политическая программа в отношении
4. Бұл да сонда.Китая. М., 1990, 380с.
7. Меморандум Танаки. М: 1927. 17-бет.
8. Бұл да сонда. 17-бет.
9. Ефимов Г.В., Дубинский А.М. Международные отношения на Дальнем
Востоке. Кн. 2. 1917-1945 гг. М., 1973. С- 114.
10. Жуков М. Японский милитаризм (военно-историческое исследование).
М, 1972. С-425.
11. Е.Ф, Язьков. История стран Азии и Африки в новейшее время. 1918-1945гг.
М., 2001.
С-313.

Тест сұрақтары
1. Жапон армиясында жас офицерлер термині қашан пайда болды
А) 1929 жыл.В) 1930 жыл.С) 1931 жыл.Д) 1932 жыл.Е) 1933 жыл.
2. Жапонияны 1929-31жылдар арасында қандай партия басқарды
А) Минейто.В) Судзуки.С) Минами.Д) Суй. Е) Мицубиси.
3. Жапония жане КСРО арасында дипломатиялық қатынастар қашан қалпына
келтірілді
А) 1930 жыл. В) 1931 жыл. С) 1932 жыл. Д) 1933 жыл. Е) 1934 жыл
4. Жапонияның финанс олигархиясы
А)Мицубиси.В)Индезит.С)Мицуи.Д)Ясуи . Е)Судзики.
5. Жапония Қытайсыз өмір сүре алмайды сөзінің авторы
А) Сигенори.В) Зорге.С) Рихард.Д) Танаки

Үндістан

1. ХХ ғ. Басындағы Британдық Үндістанның дамуы.
2. Революциялық өрлеу. Свадештер мен сврадж.
3. Үнді Ұлттық Конгресінің ролі. Ымырашылдар және Тилак жақтастары.
4. 20-30 жж. Мұсылман Лигасының қызметі.

XX ғасыр бас кезіндегі Британдық Үндістан мемлекеттік - саяси
және партиялық - саяси жүйесі дамыған ел болатын. ХІХ ғасырдың 80 - ші
жылдарында мұнда орталықталықталынған отаршылдық - буржуазиялық басқару
аппаратының негізі қалыптасты.
Британдық Үндістанның экономикалық дамуы метрополияның мүддесіне
тәуелді болды. Метрополия Үндістанды шикізат және өз товарларын өткізу үшін
рыногына айналдырды. Ағылшын өнеркәсібі мен Үнді ауыл шаруашылығының
арасындағы еңбектің бөліну процесі Үндістан мен Англия арасындағы сауданың
дамуының көрінісі болды. Үнді экспортының негізгі товарлары: мақта, жүн,
кендір, пальмалық талшық, күріш, бидай, дәмділіктер, индиго, опиум,
плантациялық дақылдар.
Тең емес келісімдер нәтижесінде елден үлкен материалдык қүндылықтар
шығарылды. Ағылшын инвестициясының салымдарының негізгі объектілері темір
жолдар, иррагациялық кұрылыстар, плантациялық шаруашылық, фабрика, завод
қүрылысы жэне тау кен өнеркәсібі. Ағылшындардың қолында елдің ірі өнеркәсіп
орындары болды.
XX ғасырдың басынан басқару агенттіктерінің маңызы өсті -Үндістандағы
ағылшын отарлық монополиялар үйымы жэне ағылшын банктері. Көп укладты Үнді
экономикасының шеңберінде капиталистік қатынастар біркелкі дамымады.
Негізінен ағылшындардың іс - әрекеті Калькутта, Бомбей, Мадрас кейіннен
Дели аумағына таралды. Ал Декан солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарда
ауылшаруашылықтың капиталистік қатынастарға дейінгі формалары басым болды.
Калькутта, Мадрас, Бомбей территорияларында товар ақша қатынастарының
дамуы, ішкі рыноктің қалыптасуы және кәсіпкерліктің дамуы үнді сауда
өсымқорлық кейіннен өнеркәсіп капиталының қалыптасуына әсер етті. Олардың
өкілдері алғашқыда ағылшындардан бір саты төмен тұрды, кейіннен
жетекшілікке күресе бастады.
XІX ғасыр мен XX ғасырдың тоғысында Британдық Үндістан дәстүрлі
шаруашылықпен өнеркәсіп орындары түйіскен көп укладты метрополияның аграрлы
шикізаттық қосымшасы болды.
Партиялық жүйенің қалыптасу процесі отарлық автократиялық жағдайда
қалыптасты. Жергілікті капиталистердің мүддесін көздеген алғашқы қоғамдық
саяси ұйымдар едәуір дамыған аймақтарда (Бенгаль, Мадрас, Бомбей) XІX
ғасырдың 30 - 80 жылдарында пайда болды. Бүл ұйымдардың негізгі талаптары
экономикалық протекционизм енгізу, нәсілдік және ұлттық кемсітулерді
қысқарту.
Қоғамдық пікірдің және саяси мүдделердің дамуына бірнеше факторлар
кедергі болды. Әлеуметтік - экономикалық дамудың біркелкі болмауы, үнді
экономикасының көп қырлылығы, Британдық Үндістан территориясында әртүрлі
әкімшілік - саяси жүйелердің болуы негізгі факторлар болып саналады. Саяси
белсенділік негізінен президенттік территорияларға тэн болды. (Бомбей,
Мадрас, Калькутта). Ал Хиндустан, Радж Путан, Орисса сияқты ішкі аудандарда
саяси жүйенің қалыптасу процесі баяу жүргізілді.
Үндістанның саяси тарихының басты оқиғасы 1885 жылы құрылған
бүкіл үнділік ұлттық ұйым - Үнді Ұлттық Конгрессінің құрылуы болды. Оның
құрамында негізінен ұлттық кәсіпкерліктің өкілдері, және үнді қоғамының
интеллектуалды жоғарғы таптары кірді. Оның ішіне заңгерлер, дэрігерлер,
қаламгерлер, оқытушылар, мемлекеттік мекеменің кызметкерлері кірді.
Конгресстің әлеуметтік базасы кеңейді. Конгресс әртүрлі әлеуметтік касталык
айырмашылыққа қарамағандықтан әртүрлі әлеуметтік топтардан құрылған ұйым
болды. Бұл біріккен ұлт - азаттық қозғалысқа буржуазиялық ұлтшылдар мен
отаршылдыққа карсы көтерілісшілердің бірігуіне алып келді. Ұлттық Конгресс
маңында топтасудың негізгі себебі отаршылдық негізге қарсы оппозиция кұру
XX ғасырдың бас кезінде конгрессте екі бағыт көрінді:
* Либералдық (С. Банерджи, Д. Наорроджи, М. Гокхале, К. Т.
Педанг)
* Радикалдық (Б. Г. Пилак, Б. Ч. Пал, А. Гхош, Л. Л. Рай) Олардың
арасындағы айырмашылық ұлт - азаттық қозғалыстың міндеттері әртүрлі
түсініктен тұрды. Бірінші ағымның өкілдері бейбіт және бірте - бірте
тәуелсіздікке жету жолының жақтаушылары болды. Үнді қоғамын конституциялық
реформалар арқылы өзгерту жолын жақтады.
Үндістан XX ғасырға көптеген әлеуметтік экономикалыќ
қайшылыктармен кірді. Шаруалардың, қала кедейлерінің ереуілдері өнеркәсіп
орындарындағы ереуілдермен бірігіп жүргізілді. Отаршылдыққа қарсы бас
көтерулер негізінен 1905 - 1908 жылда болды. 1905 жылы
Бенгалияның бөлінуі Үндістан халқының наразылығына алып келді. Ұлт -азаттық
көтерілістер жиіледі. Олар сварадж (өзін - өзі басқару), свадеш (ұлтық
өндіріс) атты ұрандармен шықты. 1906 жылы Калькуттада Ұлттық Конгрестің
жетекшілері партияның негізгі мақсаты
даминион статусын алу деген резолюция қабылдайды. 1908 жылы Суратадағы
съезде партия бөлінді. Конгресс жетекшілігі орынды талаптарды
жақтаушылардың қолында қалды. Крайнилердіңң арасында бірлік болмады. 1912
жылы Конгресс жарлық қабылдайды. Ол бойынша ұлт - азаттық қозғалыстың ресми
мақсаты конституциялық әдістермен Британ империясының шеңберінде Үндістанда
өзін - өзі басқару құқығын алу жарияланды.
Үндістан Ұлттық Конгресс партиясында көптеген әлеуметтік діни және
касталық топтардың мүдделері көрініс тапты. XX ғасырдың тоғысында Британдық
Үндістан халқының 5-6 пайызы ғана сауатты білімді болды. Оның бір пайызы
ағылшын тілін меңгерген.
Әлеуметтік - экономикалық дамуының сан алуандылығы саяси әкімшілік жүйеге
де әсерін тигізді. Үндістан үш территориялық бірлікке бөлінді:
*** Президенттік
*** Бас коммисиялық провинциялар
*** Князьдіктер
Үнді қоғамының көп қырлылығы әлеуметтік топ мүдделерінің
әркелкілігіне эсер етті. Үндістанда статус даминион алу талабымен қатар
әртүрлі этноұлттық қауымдастардың да тәуелсіздік алу тенденциялары көрінді.
Орисса провинциясын бөлу талаптары XX ғасырда - ақ пайда болды. 1905 - 1908
жылдары бенгальдықтардың, телугулықтардың, маратхалардың мүдделері көрініс
тапқан талаптар шыға бастады. Осы кезеңде Үндістан халқының тіл бірлігіне
байланысты әкімшілік ұраны көтерілді. Конгресте бұл ұсынысты Тилак
қолдады. Ал, кейіннен 1920 жылғы Нагпур сессиясында қабылданды. Ұлтаралық
қарым - қытынастың дамуына тілдің және диалектінің көптігі кедергі болды.
(тіл — 180, диалект - 540). 1906 жылы мұсылман қауымының мүддесін көздейтін
Мұсылман Лигасы атты ұйым құрылды. Сол жылы индустар Щрип - Бхарад атты
діни қауымдық ұйым құрады.
Үндістан коғамында экономикалық орталықтармен қатар жаңа заң
жобалары буржуазиялық кұқық оқу - ағарту салалары дами бастады. Бомбейде,
Калькуттада, Мадраста университеттер ашылды. Метрополияның саяси
қайраткерлерінің көзқарасы бойынша 300 миллиондық халқы бар ел мен әртүрлі
этникалық және діни ұйымдары бар қоғам мен әскери диктаторлық басқару
тиімсіз болып бара жатты. Ұлыбританияның Үндістанға қатысты басқару
әдістері ұлт - азаттық қозғалыстың өрлеуімен және метрополияда тұрған саяси
күштердің бағыттармен анықталды.
Либералдар национализацияға, прогматизмге жэне саяси компромисске ұмтылды.
Ал консерваторлар қатал режимнің ағылшындарға көтерілісті репрессиялар
арқылы басудың жақтаушысы болды.
Үндістанды басқарған вице - король Минто жэне Үндістанның
істері бойынша министр Морли қабылдаған заңмен жұмсарды. Бұл заң Морли -
Минто реформасы атына ие болды жэне ол бойынша заң шығарушы кеңеске
сайлаушыларды көбейту болды. Курия бойынша сайлау жүйесі енгізілді.
Куриялар жалпы егіншілік және мұсылмандық болып бөлінді. Сайлау сатылы
түрде болды.
1911 жылы елге алғашқы рет ағылшын королі Георг V келеді.
Елордасы Калькуттадан Делиге ауыстырылды. Бенгалияны бөлу заңы жойылды.
Оның құрамындағы Ассам, Бехар, Ориссаға жеке дербестік берілді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Үндістан метрополиялар
тағайындаған чиновниктер басқарған автократиялық ел болды. Ағылшын
үкіметінің кұрамына Үндістан және Бирма мәселелері бойынша министр
енгізілді. Отаршыл мемлекеттік аппаратының басшылығында генерал -
губернатор болды. Ол Үндістанның вице королі деген титулға ие болды. Вице -
король тек ағылшын үкіметі алдында жауап берді. Әкімшілік тұрғыдан Үндістан
Британдық жэне Англияға вассалды 600 князьдіктерден құрылды. Британдық
Үндістанның құрамында губернаторлық провинциялар (Бенголия, Мадрас, Бомбей)
президенттіктер (Бихар, Орисса, Ассам, Пенджаб, Бирма, орталық провинциялар
және біріккен провинциялар) комиссарлық территориялар (солтүстік - батыс
шекаралық провинция, Дели, Ахджмер, Мервара, Белуджистан, Курк, Андоман
және Никабар аралдары) болды.
Провинциялардың губернаторларын Үндістан бойынша министр немесе вице
- король тағайындады. Князьдіктерде ішкі мәселе бойынша княздарға бірнеше
автономиялар берілді. Оларға басқа елдермен қарым -қатынас жасауға тыйым
салынды.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа метрополияның кіруі Үндістан тарихында
жаңа дәуірді ашты. Объективтік және субъективтік факторлардың арқасында
Тилак Ұлттық Конгресстің басшысы болады. 1916 жылы Лакхнаудағы съезде
Конгресс ішіндегі крайни мен умеренный арасында бірігу процесі жүрілді.
Олар Мұсылман Лигасымен карым - қатынас келісіміне келеді. Лиганың
өзгертілген жарлығы бойынша оның негізгі мақсаты Британ империясының
шеңберінде өзін - өзі басқару құқығына ие болу деп жариялады. Бұл Лига мен
Конгресс арасындағы бірлік болуына алғышарт болды. 1915 жылы Лиганың
президенті болып Мүхаммед Али Джинна сайланады. Бұл кезеңде Үндістанда
гомруль (өзін - өзі басқару үшін қозғалыс) қозғалысы кеңінен жайылады. 1912
- 1918 жылы Конгресстің сессиясында бұқаралық қозғалысты тірек ретінде
пайдалану ұсынысы талап етіледі. Бүл мәселе бойынша конгресс екіге
бөлінеді. Одан бөлініп шыққан ымырашылдар Либералдар федерациясың атты
партия құрады. Жаңа құрылган ұйым өте әлсіз болып және тек күрестің
конституциялық формасына бағытталады.
1919 жылы ағылшын парламенті Монтеско – Челмсфорд реформасы
атты Үндістанды басқару заңын қабылдайды. Бұл заң бойынша сайлаушылардың
кұрамының кеңейтілуі көзделді. Индеецтерге вице -король және
провинциялардың губернаторы маңында атқарушы кеңестерде орындар берілді.
Заң шығарушы кеңеске сайлау реформасы бойынша үндістер мен
мұсылмандарды бөлек сайлайтын болды. Мұсылмандарға кеңесте орындардың 30
пайызы берілді. Бұл мұсылмандар аз провинцияларда, ал мұсылмандар көп
мекендеген жерде орындардың жартысы берілген. Сөйтіп ағылшындарға тән
қарама - қарсы қою саясаты жүгізілді. Ағылшындардың қолында елдегі барлық
билік болды. Олардың бақылауында қаржы, әскер, жазалау салалары болды,
Провинциялардың вице - королі мен губернаторлары заң шығарушы жиналысты
тарату құқығына ие болды. Бұл реформаның шектеулігіне карамастан
мемлекеттің қалыптасу процесіне едәуір қадам болды.
Реформа ағылшындардың отарлық бақылауын әлсіретті.
Провинциялар өздері жеке әлеуметтік экономикалық шаралар жүргізуге
мүмкіндік алды. Заң шығарушы органдардың өкілдігі күшейді. МемелекеттІк
Кеңес мүшелерінің саны-60, Заң шығарушы Ассамблея мүшелерінің саны-44-ке
жетті.
1919 жылы үкіметке қарсы әрекеттер жайында Роулетт заңы шықты.
Ол бойынша вице - король мен губернаторлар Ұлыбританияға қарсы
ұйымдастырылған әрекеттерге қатысушыларды соттың қарауынсыз соттау құқығын
иеленді.
XІX - XX ғасырдың тоғысында Үндістанда көптеген заңсыз ұйымдар пайда
болды. Олар саяси террор негізінде құрылды. Террористік негізгі орталықтары
- Бенгалия, Махараштра жэне Пенджаб болды. Бенгалиядағы негізгі құпия
ұйымдар: Читтагонганың революциялық әскері, Анушилон Шомити, Калькуттада
Джукантар, Махараштрада Абхинав Бхарад, Пенджабта Бабар Акали
Науджаван Бхарад Сабха Террористердің әркеттері біріккен провинцияларға
жайылды.
Онда Варанисиде орталығы бар Хиндустандық республикалық ассоцасия құрылды.
(ХРА) Үндістандағы революционерлер Англияның қарсыластарынан көмекке
үміттенді. Берлинде құрылған үнді тәуелсіздігі комитеті арқылы Германия мен
Түркия үкіметтерімен байланыс орнатылды. 1915 жылы Кабулда Үндістанның
Уақытша Үкіметі
кұрылды. Оның бірінші президенті болып Махендра Протап, ал премьер
-министрі болып Баракулла сайланды. Уақытша Өкімет патшалы Ресейден көмек
сұрады. Кейіннен Ресей Уақытша өкіметінен, ал кейіннен Кеңес Одағынан
көмек сұрады. 1920 жылы Манабендранатх Рой, Абани Мукерджи, Противади
Ачарья, Абдул Меджил осылардың
басшылығымен Үнді коммунистерінің Коммунистік партиясы құрылды.
Үнді Ұлттық Конгресі бұқаралық партияға айналдыра алған
қайраткер Мохандас Карамчанд Ганди Африкадан Үндістанға оралып,
адвокадтық қызметке орналасқанннан кейін Индеецтардың күшпен емес
әдістермен қарсылық көрсету қозғалысын басқарды. Ганди Үндістанда екі ірі
азаматтық бағынбау шеруін ұйымдастырды. Гандидің саясаткер және ұлттық
жетекші ретінде қызметінің маңызы негізінен отаршылдыққа қарсы күреске
үкімет пен жергілікті элита арасындағы диалог арқылы қарым- қатынас жүргізу
болды. Оның қоғамдық саяси жэне философиялық көзқарасында шаруалардың,
қолөнершілердің, саудагерлердің жэне жұмысшылардың мүдделері көрініс тапты.
Ол қоғамдағы барлық элеуметтік топтарды бірігуге шақырды.
Гандидің Үндістан алдына қойған негізгі саяси мақсаты бірте -
бірте сатылы түрде тәуелсіздікке жету. Ал бұл мақсатқа жетудің негізгі жолы
барлық әлеуметтік саяси партиялық күштерді Конгресстің қоластына біріктіру.
Үндістандағы бағынбау әрекеті екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең отаршылдық
жүйеге байкот жариялау, оның ішінде ағылшын әрекетіне қарсылық жасау, ал
екінші кезеңде мемлекеттік салық төлеуден бас тарту. Саяси күрестің негізгі
әдісі Үндістанның дініне сәйкес бейбіт түрде жүргізілді. (тірі ағзаларға
ешқандай күш көрсетпеу).
1920 жылғы Конгресстің съезінде Калькуттада Гандидің бағдарламасы
қабылданды. Ганди Конгресстің жетекшісіне айналды. Конгресс шаруа жөне
жұмысшы ұйымдарын құруға алғашқы қадамдар жасады. Шаруа одақтарын кұруда
енді ғана саяси қызметін бастап келе жатқан Джавахарлал Неру қатысты. Осы
жылы құрылған бүкіл үнді кәсіподақтарының алғашқы төрағасы Лала Ладжпат Рай
тағайындалды.
1920 жылы 1 тамызда елдің тарихында алғашқы рет үнділік бағынбау
компаниясы басталды. Ол шеру, демонстрация, ереуілдер арқылы жүргізілді.
1920 жылдары Конгрестің ішінде екі ағым пайда болады. Біріншісі өзгеріске
қарсылары және өзгерісті жақтаушылар. Бірінші топқа кіретіндер (Ганди,
Раджагополачари, Раджендра, Прасад және т.б.) отаршылдармен қоғамдық саяси
өмірдің барлық салаларында отарлаушылармен қарым - қатынас жасамауды
қолдады. Екінші топқа кіретіндер (Мотилал Неру, Ч. Р. Дас) конституциялық
күресті жақтады.
1930 жыл 12 наурызда Ганди бір неше жақтастарымен Арабия теңізінің
жағалауына келіп, ол жерде ағылшын тұз өндіру компаниясына бағынбай тұз
дайындай бастады. Ганди ол үшін қамауға алынады. Ж.Неру және 60 мың адам
қамалды. Ұлттық конгресс заңсыз деп табылды. Жауап ретінде көтеріліс
басталды. Солтүстік батыс шекара провинцияларында Абдул Гаффархан
басшылығында пушту тайпасының көтерілісі басталды. Ағылшын өкіметі оларға
қарсы авиация қолданды. 1930 жыл жазда Пешавар, Читтагонг, Бомбей, Мадрас,
Калькутта қалаларында көтеріліс нәтижесінде әскери тәртіп жарияланды.

1930-31 жылдары Үндистанда басталған ұлт-азаттық көтерілісті ағылшындар
аяусыз репрессиялар жүргізу арқылы басты.

1931 жыл Англияда ( Лондонда ) домалақ стол конференциясы ашылды, онда
ағылшын өкілдері мұсылмандар және индустар арасында жанжал шығаруға әрекет
жасады. Гандидің Үндістанға қайтуымен көтеріліс басталды. Жұмысшы диқандар,
шаруалар партиялары құрыла бастады.

Тест сұрақтары

1. Үндістан қай мемлекеттің отары болған
А) Англия .В) Франция. С) АҚШ. Д) Жапония. Е) Германия.

2. Үндістанда Мұсылман Лигасы қай жылы құрылды
А) 1905 жыл. В) 1906 жыл. С) 1907 жыл. Д) 1908 жыл.Е) 1909
жыл.

3 . 1931 жыл домалақ стол конференциясы қай қалада ашылды

А) Париж. В) Лондон. С) Агра. Д) Дели. Е) ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
«Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы» пәнінен лекция жинағы
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ СТРАТИФИКАЦИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Тафсир пәнінен лекциялар жинағы
«Психология» пәнінен лекциялар жинағы
Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәнінен лекциялар жинағы
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Діндер тарихы лекциялар жинағы
Жасөспірім психологиясы пәнінен ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәнінен ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь