Оқу жүйесінде автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың негізгі принциптері мен талаптары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
М а з м ұ н ы
Кіріспе . . . 3
I. Оқу жүйесінде автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың негізгі принциптері мен талаптары . . . 4
1. 1 ACCESSS - ті автоматтандырылған жұмыс орны ретінде пайдаланудың тиімді жолдары . . . 6
1. 2 Delphi программалық жүйесінде автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың тиімділігі . . . 11
1. 3 Объектілі бағдарлы программалаудың элементтері . . . 16
ІІ. Delphi ортасында анықтамалық жүйе құру . . . 23
2. 1. 1 Анықтамалық ақпарат құжатының файлы . . . 23
2. 1. 2 Анықтамалық жүйе жобасын құру . . . 27
2. 1. 3 Анықтамалық ақпаратты (RTF-файл) файл жобасына енгізу . . . 29
2. 1. 4 Анықтамалық жүйе терезесінің мінездемесі . . . 30
2. 1. 5 Анықтама бөлімінің идентификаторларша сандық мәндерді тағайыңдау . . . 32
2. 1. 6 Жобаны компиляциялау . . . 34
2. 1. 7 Анықтамалық ақпаратқа рұқсат . . . 35
2. 2 Delphi программалау тілінде телефон анықтамасын құру . . . 36
2. 3 Delphi тіліндегі бағдарламаның элементтері . . . 46
Қорытынды . . . 51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 52
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстан - 2030 бағдарламасына сәйкес қоғамның барлық салаларында ақпараттандыру үрдісі жүреді. Осыған байланысты барлық оқу жүйелерін, әсіресе орта мектептерді компьютермен жабдықтап қана қоймай, сонымен бірге, Интернет желісіне қосып ауқымды ақпараттық білім кеңістігін жасау көзделіп отыр.
Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді.
Оқу жүйесін басқаруда ақпаратты жергілікті өңдеу қарастырылады. Басқаруды іске асыру үшін дербес компьютер негізінде басқару мен әрбір аймақтық жұмыс орнын автоматтандыру іске асыру керек. Жұмыс орнын автоматтандыру саласы мамандардың анықтамасы бойынша кіші кәсіптік-бағыттаушы есептеуіш техника деп, мамандардың жұмыс орнында орналасқан және олардың жұмыстарын автоматтандыруға арналған жабдықты айтады. әрбір объектінің автоматтандырылған жұмыс орнын басқару бекітілген міндеттеріне сай қарастырылуы керек. Дегенмен, автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың жалпы принциптері: жүйелік, икемділік, орнықтылық, тиімділік - әрқашан орындалуы керек. Автоматтандырылған жұмыс орнының басқарылуы жүйелік принципі құрылымы белгіленген міндетіне сәйкес анықталатын жүйе ретінде қарастырылуы керек.
Икемділік принципі қандай да бір модуль арқылы құрылатын жүйе ішіндегі барлық жүйелерді қайта құру және олардың элементтерін бір үлгіге салу мүмкінділігін береді. Бұл жүйенің икемделушілігі - деп аталады.
Орынқтылық принципі автоматтандырылған жүйе орнының жүйесі мүмкін болатын ішкі және сыртқы әсер ететін себептерге байланысты негізгі қызметтерді орындау керек, яғни бұл дегеніміз, кейбір бөліктеріндегі кемшіліктер оңай түзелетін, жүйенің жұмыс істеу қабілеті бұрынғы қалпына тез келуі болып табылады.
Тиімділік принципі жүйені жасаған және оны пайдалануға кеткен шығынға қатысты автоматтандырылған жұмыс орнының жоғарыда келтірілген принциптерін іске асыруды интегралды түрде қарастыру болып табылады.
I. ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫН ЖАСАУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ТАЛАПТАРЫ
Негізі дербес компьютер болып табылатын автоматтандырылған жұмыс орнының функциясының шарты дұрыс қойылса және ақпаратты өңдеу әдістері адам мен машина арасында дұрыс бөлінсе жұмыс істеу, сандық нәтиже беруі мүмкін, сонда ғана автоматтандырылған жұмыс орыны тек ғана жұмыстың өнімділігін ғана емес, сонымен бірге басқару тиімділігін арттыратын әдіс болып табылады.
Енді автоматтандырылған жұмыс орнының қалып күйін және даму көрінісін дербес компьютерде кең ауқымды түрде қарастырайық. Сонымен қатар, автоматтандырылған жұмыс орнының программалық қамсыздандырудың және кейбір техникалық сұрақтарына тоқталайық.
Қазіргі уақытта әр түрлі мамандық саласында ойлауды және әр түрлі мамандық интенсифтендіру жасалып, дербес компьютер негізінде жұмыс істейтін автоматтандырылған жұмыс орны кең ауқымды таралуда.
Оқу жүйесінде қызмет етушілердің және басқару қызметінің автоматтандырылған жұмыс орнының негізгі құрамының элементтерін, олардың дамуын және қолдануын қарастыруына тоқтайық.
Автоматтандырылған жұмыс орнының техникалық негізі болатын, дербес компьютердің жалпы схемасын орта мектептің оқулықтарында кезедстіруге болады. (1-сурет) .
Программалық қамсыздандыру іске асырылғанда, программа техника арасында қарама-қайшылықтарды болдырмауды қарастыру керек. Нақты мамандардың (директорлар, оқу ісінің меңгерушілері және т. б. ) дербес компьютер негізінде жасалған автоматтандырылған жұмыс орнының ұйымдастырылған түрде қолдану нәтижесі адам мен машина арасындағы тосқауылды жояды.
1-сурет. Дербес компьютердің жалпы схемасы
1-процессор, 2-негізгі жады, 3-сыртқы есте сақтау құрылғысы, 4-дисплей, 5-пернелік тақта, 6-баспа құрылғысы, 7-жүйелік магнитраль.
Тәжірибелерді, ғылыми ізденістерді талдау нәтижесінде автоматтандырылған жұмыс орнына қойылатын бірқатар талаптар анықталады.
Яғни,
Машинаның ақпараттық және оның есептеушілік сұранысын жаңаша қанағататндыру; Қолданушының сұранысына аз уақытта жауап беру; Автоматтандырылған жұмыс орнының жұмыс істеу тәсілдерін үйренудің қапарапайымдылығы және қарым-қатынасы, сенімділігі, қарапайым жұмыс істеуі; Қолданушының тез үйрену мүмкіншілігі; Қолданушыға қарағанда төзімділігі; Компьютер желісінің құрамында жұмыс істеу мүмкіншілігі. Автоматтандырылған жұмыс орнының (АЖО) жалпы схемасын қарастырайық (2-сурет) .
2 - сурет. Автоматтандырылған жұмыс орнының схемасы
1. 1 ACCESSS - ті автоматтандырылған жұмыс орны ретінде
пайдаланудың тиімді жолдары
Айлық жалақысын есептеу мысалы арқылы ACCESS-ті автоматтандырылған жұмыс орны ретінде пайдаланудың тиімді жолдары.
Білімділік:
ACCESS мәліметтер қорын басқару жүйесінде кесте, сұраныс, үлгі ұғымдарымен танысудың тиімді жолын үйрету; Шағын көлемді қолданба жасауды үйрету; MS ACCESS бағдарламасында есептеулер жүргізуді меңгеру; Айлық ведомосын есептеу автоматтандырылған жүйесін үйрету. Дамытушылық:
ACCESS-те жұмыс арқылы студенттердің логикалық құрылымдық және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді ақпараттық мәдениеттікке, өзін-өзі бағалауға, уақытты тиімді пайдалануға қалыптастыру.
Сабақтың типі: зертханалық.
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық, глоссарий (термин сөздерімен жұмыс істеу), CASE.
Студенттердің танымдық іс-әрекетін ұймдастыру тәсілі бойынша: түсіндірме-көрнекі, репродуктивтік, ізденіс, проблемалық, зерттеушілік.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың көрнекілігі: көрнекі материал, тартпа материал, оқу құралдары, компьютер, презентация материалдары.
Есептеу техникасы көптеген салалардың ішінен әсіресе, екі салада көп қолданылады. Бірінші сала - өте ұзақ және қолмен есептеуге келмейтін сандық есептеулер орындалуы. Екінші сала - бұл ақпаратты өңдеуге арналған ақпараттық жүйе болып табылады.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - ақпаратты сақтауға, өңдеуге және көрсетуге қолданылатын, бір-бірімен байланысқан құралдардың, тәсілдер мен оны орындаушылар жиыны.
Ақпараттық жүйенің классикалық мысалы ретінде банк жүйесін, авиация және теміржол билетін, қонақ үй билетін алдын-ала сатып алу және т. с. с. автоматтандырылған жүйені қарастыруымызға болады.
Жалпы ақпараттық жүйенің функциялары:
ақпаратты сақтау; ақпартты енгізу және өзгерту; ақпаратты көру және іздеу; берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеу; кез-келген формада есеп құжатын алу; ақпараттың дұрыстығын қадағалау. Ақпаратты іздеу жүйесі - берілген іздеу критерийі бойынша жалпы жиыннан мәліметтерді іздеуге бағытталған. Қолданушыға мәліметтердің өңдеу технологиясы емес, тек алынатын ақпарат қана керек. Мысалы, қаладағы анықтама бөліміне телефон шалғанда, қолданушыға нақты ақпарат керек.
Мәліметтерді іздеу жүйесі - мәліметтерді өңдеуге бағытталған. Бұл жүйеде өңдеуден шығатын ақпарат болмауы немесе жүйеде өңделген ақпараттың нәтижесін ғана беру мүмкін. Мұндай жүйенің мысалы ретінде барлық региондардан мәліметтер жинайтын метериология қызметтің ақпарат жүйесін алуға болады. Қолданушыға бастапқы мәліметтер емес, олардың нәтижесі, яғни ауа-райы болжамы керек. Көптеген есептерді шешу мақсатының түпкі мәнінде ақпаратты өңдеу ісі жатыр. Ақпаратты өңдеу жұмысын жеңілдетету үшін ақпараттық жүйелер құрылады. Автоматтандырылған деп - техникалық құрылғыларды, оның ішінде ЭЕМ-де қолданылатын ақпараттық жүйелерді айтады.
Қолданылу аймағына қарай ақпараттық жүйелерді өндірісте қолданылатын, білім беру ісінде, денсаулық сақтау, ғылымда, әскери жұмыста, әлеуметтік салада, саудада және басқа да салалар бойынша бөлуге болады.
Мақсатының функциясына қарай ақпараттық жүйелерді шартты түрде: анықтамалық-ақпараттық жүйелерді шартты түрде: анықтамалық-ақпараттық, шешім қабылдау категорияларына бөлінеді.
Басқару элементтері конструктордың барлық элементтерін, яғни үлгі және есептер құру үшін пайдаланатын элементтерді, сондай-ақ мәтіндік терезелер, батырмалар және жапсырмаларды айтады. Сонымен қатар, басқару объектісі басқару элементінің ішінде немесе өзге басқару элементтеріне біріктірілген болуы мүмкін.
Байланысқан басқару элементі - мәліметтер қорының кестедегі, сұраныстағы немесе басқа элементтеріндегі өрістермен байланыс жасайды.
Байланыспаған басқару элементі - мәліметтер қорының элементтерімен байланысты емес информацияларды бейнелеу үшін қолданылады.
Есептелетін басқару элементі - мәтіндік терезені, яғни есептің нәтижесін бейнелеуін көрсетеді. Басқарудың көздері боп есептелетін басқару элементі үшін формула және мәндері негізгі кестеден, сұраныстан немесе басқа басқару элементтерінен қосымша пайдаланатын мәліметтерді көрсетеді. Есептелетін басқару элементі байланысқан немесе байланыспаған болуы мүмкін.
ACCESS мәліметтер қорымен жұмыс істегенде барлық мүмкіншіліктерді қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Соның куәсі ретінде жалақыны есептеу мысалын қарастырайық.
MS ACCESS-ті пайдалану үшін осы мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізін құрушы ұғымдарды алдын-ала анықтап алу қажет. MS ACCESS 6 түрлі объектілермен жұмыс істейді, оның құрамына деректер жиыны, онда жұмыс істеуге қажетті құралдар кіреді.
Кесте (Table) - берілген деректерден тұрады, оларды қарап шығу үшін кесте тәртібі қолданылады.
Сұраныс (Query) - белгілі бір мәліметтерді іздеу, сұрыптау, алу үшін қолданылады.
Үлгі (Form) - деректер енгізу және берілген түрдегі көрінісін қорытындылау үшін қолданылады.
Қорытынды есеп (Report) - форматталған мәліметтердің көрінісін экранға немесе таспаға қажет болған жағдайда есептеу нәтижелерін және қорытынды мәтіндерді шығару үшін қолданылады.
1-сурет. Сұраныс арқылы жалақы есептейтін формула жазылады.
Макрос (Macro) - бағдарлаусыз кейбір шағын бұйрықтарды (командалар) пайдалану арқылы әр түрлі әрекеттерді автоматтандыру үшін қолданылады.
Модель (Module) - Visual Basic for application тілінде жазылған бағдарлама.
Алдымен, АЙЛЫҚ және САЛЫҚТАР кестелерін құрамыз.
АЙЛЫҚ кестесінде: Салық Коды (Числовой), Фамилия (Текстовый), Оклад (Денежный) өрістері болады да, ал САЛЫҚТАР кестесінде: Салық Коды (Числовой-Кілттік), ПенсФонд (Числовой), ПодНалог (Числовой), ПрофВзнос (Числовой), Дата (Дата/ время) өрістері болады.
САЛЫҚТАР кестесін алдын-ала толтырып, жылды таңдауымызға байланысты жазбаны осы кестеден алатын боламыз.
Келесі әрекетіміз - сұраныс құру.
Мысалы, 1-суретте көріп отырғанымыздай, сұранысты конструктор арқылы құрып, Айлық өрісінің тұсына мына формула жазылады:
Айлық: [Оклад] [Оклад] *([ПенсФонд] +[ПодНалг] ++[ПрофВзнос] ) /100
Сұранысты құрып болғаннан соң, мәліметтерді енгізу үшін, үлгі құрамыз. Үлгінің конструторында Тізімдер өрісін енгізіп, оның қасиетіне 2-суретте көріп отырғанымыздай, Данные → СалықКоды, Источник строк → Салықтар кестесін көрсетіп, сұраныс құрамыз, сұранысқа 2 өрісті: СалықКоды және Дата өрісін көрсетеміз; Число столбцов → 2; Ширина столбцов → 0см; 5см деп көрсетеміз.
2-сурет. Тізімдер өрісін қасиетінің көрінісі.
3-сурет. Айлық жалақыны есептеу үлгісінің көрінісі.
Әр жылда салық өзгеріп отыратыны белгілі. Жылды таңдау арқылы әр қызметкердің айлығы есептеледі.
1. 2 Delphi программалық жүйесінде автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың тиімділігі
Жалпы программалық қамсыздандыру (ПҚ) компьютер жұмысын басқаруды, жаңа программаларды қосу және өңдеуді қамтамасыз етеді. Бұған операциялық жүйе, программалық жүйе және әр түрлі қызмет атқаратын программалар кіреді.
Автоматтандырылған жұмыс орнының мамандық бағдары программалық қамсыздандырудың функционалды бөлігімен анықталады. Аймақтық анықталған пәндік есептерін шешу қамтамасыз етіледі. Функционалдық программалық қамсыздандыру көбінесе «адам-машина» деген сұраққа көңіл бөлінеді.
Қолданушы компьютерді өзін-өзі керекті және пайдалы нақты жұмыс істеп жатырмын деп сезінсе, жұмыс істеу қызықты және тартымды болады.
Сұхбатты ұйымдастыру тұрғысынан қарастырайық. Қолданушы мен машина арасындағы сұхбатты жүйені талдау нәтижесінде, оларды мынадай түрлерге бөлуге болады:
Жүйелер командалық тіл; «Адам объектілер әлемінде»; «Мәзір» түріндегі сұхбат. Командалық тілді қолданбалы жүйеде қолдану, бұл командалар түсініктемесін компьютер үшін қолдану болып табылады. Мұның негізгі артықшылығы-қарапайым құрылымдығы және іске асырылуы, ал жетістігі - оның құндылығының жалғасы: командаларды және олардың параметрлерін есте сақтау керектігі. Сонымен қатар, жүйеде командалық тілмен бірге қатынас тілін білу керек.
«Адам объектілер әлемінде» командалар болмайды және жұмыс кезінде курсорды басқаратын перне көмегімен өзінің объектісіне арнайы көрсетілген құрылғылармен (тышқан манипуляторы, қаламұш), яғни функциональдық пернелермен қозғалады. Мәзір түріндегі сұхбатта «мәзір» қолданушыға көптеген альтернативті әдістер көрсетіледі, соның ішінен қолданушы керектісін таңдайды.
Delphi программалық жүйесінде мәзірді жасау үшін саймандар тақтасының Standard бетінен TmainMenu компонентін таңдау керек. TmainMenu - компонентінің класы форманың басты мәзірін анықтайды. Формаға компонентті орналастырғаннан кейін (3-сурет), оның опциясын жасау керек.
Ол үшін компонентке тышқан сілтемесін апарып, сол жақ батырмасын екі рет немесе оң жақ батырмасын басып жанама мәзіріден Menu Designer командасын таңдау керек. Опция жасау
3-сурет. Delphi программалау жүйесінің көрінісі
қиындық туғызбайды. Ол үшін Объектілер инспекторына өтіп, Caption қатарына опцияның тексін енгізіп Enter пернесін басса, опция дайын болады және де басқа опцияны жасауға көшуге болады. Басты мәзірдің әрбір опциясында ішкі опциялар тізімдері немесе соңғы команда болуы мүмкін. Ішкі опцияларды жасау үшін қатардың астына тышқан сілтемесін бір рет басып және бірінші ішкі опцияны енгізу қажет.
4-сурет. Мәзір жасау конструктор терезесі
Қазіргі уақытта қолданушының интерфейсі кең ауқымды тарала бастады, осының ішінде жоғарыда айтылғанның екеуінің де қасиеттері бар. Мұнда барлық экран үшін бөлікке бөлінеді (объектіге) . Бірінші бөлік (көбінесе, үстіңгі жақта орналасқан) - мәзір қатар деп аталады. Оның көмегімен қолданушы программаның «сүлбесін» құрастыратын, әртүрлі мәзірді қоса алады. Оның көмегімен басқа объектілерге өте алады. Екінші бөлік (төмендегі жақта орналасқан, кіші программаларда мүлдем жоқ болады) - қалып - күй қатары деп аталады. Оның көмегімен жиі қолданылатын объектіні тез шықырып алуға болады. Немесі ағымдағы ақпаратты көрсетуге болады. Үшінші бөлік - ең үлкен бөлік жұмыс беті деп аталады, онда мәзір қатарынан немесе қалып-күй қатарының шақырылған объектілердің барлығы көрсетіледі. Адам мен машина арасындағы сұхбатты ұйымдастырудың мұнадай түрі өте қолайлы және оны қазіргі заманға сай программалар қолданылады. Қандай жағдайда болмасын интерфейс қазіргі заман талабына сай болу керек.
Енді автоматтандарылыған жұмыс орнын жасаудың екі түрін қарастырамыз. Бірінші, жиі кездесетін типтес функцияларды автоматтандырудың функционалды жолын қарастырайық.
Қолданудың нақты шарттарына функционалды программалық қамсыздандыру қалай қалыптасатынын қарастырайық. Әр түрлі мамандықтар үшін автоматтандырылған жұмыс орнының негізіндегі программалық әдістер, іс ақпаратын өңдеумен және басқарушының шешімін қабылдаумен байланысты.
Ең бірінші, техникалық қызметшілердің еңбегін автоматтандыру үшін программалық әдістер пайда болады. Мысалы текстік (мәтіндік) редакторлар. Олар ақпаратты тез енгізуге, өңдеуге, қателерді табуға, тексті баспаға шығаруға дайындайды. Текстік редакторды пайдалану машинистің жұмыс өнімділігін арттырады.
Әртүрлі құжаттар үшін керекті ақпаратты табу үшін, мамандарға үлкен көлемді мәліметтермен жұмыс істеуіне тура келедк. Осындай жұмыс түрін жеңілдету үшін мәліметтер қоры басқару жүйесі (МҚБЖ) жасалған (МҚБЖ: MS Acsess. FoxPro және т. б. ) .
МҚБЖ үлкен көлемді ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді, ең бастысы керекті мәліметтерді тез табады. Мысалы, карточкалар керекті белгісімен сұрыпталмаса, карточкалардан керекті ақпаратты алу үшін, үлкен мәліметтер архивтерінен іздеу керек. МҚБЖ мұндай тапсырмаларды санаулы уақытта орындайды.
Көптеген жағдайда ақпараттар кестелік құжаттар түрінде беріледі. Сондықтан, көптеген мамандықтар жұмысы кестені өңдеумен байланысты.
Үлкен форматты электронды кестелер ұқсас құжаттар жасауға көмектеседі. Олар өте қолайлы, мәліметтер өзгерген жағдайда барлық нәтиже және аралық мәліметтерін автоматты өзгертіліп есептеледі.
Ұжымдағы болатын іс-әрекеттерді басқару және координаталарға арналған жұмыс орындарын автоматтандырудың программалық жабдықтары кеңінен қолданылады. Мұнда басқару қызметінде болатын процестердің барлығы жиынтық түрінде беріліп, әр қайсысының басталу, аяқталу күні және жауапты орындаушысы болады. Мұнда әр жұмысшының әрекеті басқа жұмысшылардың әрекеттерімен график-жоспар түрінде байланыстырылады. Уақыт келген кезде орындаушы тапсырмасын пакет автоматты түрде құрастыруы мүмкін, сонымен қатар, жұмыс аяқталу уақытын ескертіп және қызметкерлердің орындаушылық әрекеті жайында мәліметтерді жинақтайды.
Мекемелік қызметте бастықтардың 95% уақытын және мамандардың
53 % уақытын алатын мәліметтер алмасу мәселесін шешу үшін «электрондық почта» сияқты программалық жабдықтар тарай бастады. Мұны қолдану мекеме ішінде құжаттарды тарату, жіберу, әр түрлі жұмыс орындарынан ақпараттарды қабылдап және өңдеуге және бір-бірінен алшақ жатқан мамандар арасында жиналыс өткізуге мүмкіндік берді. Мәліметтерді беру мәселесі автоматтандырылған жұмыс орынының құрамындағы есептеу желісінің жұмысын ұйымдастырумен тығыз байланысты. Қазір, үлкен мекемелерде корпоративті желіні, радио толқынды желі, сондай-ақ, спутникті желі көмегімен мәлімет алмасу жолдары қарастырылып, іске қосылуда. Қазіргі уақытта текстік, кестелік, графикалық редактордың мүмкіндіктері бар интегралды пакеттерді жасау тенденциясы қарастырылуда. Ақпаратты сақтау үшін, көбінесе барлық мәліметтер типін бір бүтін етіп біріктіретін МҚБЖ қолданылады.
Қазір ақпараттың басқа екі түрі қарқынды дамып келеді: дыбыстық және бейнеақпараттық. Олар үшін өзіндік редактор жасалған және бұл ақпарат түрлері көптеген мәліметтер қорының ажырамас бір бөлігі бола алады.
Қазіргі кезде функциональды программалық қамсыздандыру түрі кәсіптік жұмысшылардың барлық талаптарына сәйкес келеді. Осындай программалық қамсыздандырулар өзгерту және толықтыру мүмкіндігі болып табылады. Жұмыс орнын автоматтандырудың жаңа программалық жабдықтарын жасау екі бағытта жүргізіледі: жаңа кәсіп үшін жаңа программалық қамсыздандыру жасау және бар кәсіп үшін программалық қамсыздандыруды мамандандыру.
Қазірде кәсіби қызметке автоматтандырылған жұмыс орнын жасау тенденциясы қарастырылуда. Ол мынанадй түрде көрсетіледі:
Шешілетін есепті тіркеу; Басқа қазметкерлермен тіркеу; Кәсіби әдет және бейімділікті тіркеу; Тек ғана функционалдық программалық қамсыздандыру ғана емес және де арнайы техникалық құрылғыларды жасау ( тышқан сілтемесі, желі, телефонды автоматты түрде теру және т. б. ) . Мамандарды мұндай автоматтандырылған жұмыс орнымен жабдықтау мекеме жұмыстарының еңбек өнімділігін арттыруға және басқару мен жоспарлаудың тиімділігі үшін ақпаратты өңдеудің жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.
Программалық жабдықтар пакетін жасау, жасалған уақыты және кезеңдері анықтайтын жоғарыдағы көрсетілген принциптер қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін зерттеу ізденістер нәтижелерінің бірі болып табылады.
Жұмыста аталып отырған принциптермен талаптарға сай оқу жүйесін басқаруда ақпаратты өңдеуді зерттеу төмендегі мәселелерді анықтады.
оқу жүйесін автоматтандарыруды берілген техникалық тапсырмаға сәйкестендіру; қолданушы мен дербес компьютер сұхбатын, кадрлардың жеке түрлерін сипаттайтын программамен жұмыс жасаудың қысқаша нұсқаларынан тұратын сценарийді құру; компьютерлік программада бір кадрдан екінші кадрға өтуді графикалық түрде бейнелеу; программалау принциптерін іске асырудың негізгі талаптарын анықтау; жасалған программалық жабдықтарды басқа жүйеде және басқа жабдықтармен комплексті қолданудың нұсқаларын жасау.
1. 3 Объектілі бағдарлы программалаудың элементтері
Объекті- бағдарлы тәсілдердің негіздері.
Объектіге - бағдарлы (ОББ) тәсілдерінің негізінде берілгендерді және оларға орындалатын іс - әрекеттердің жиынын бір қүрылымға біріктіру ойы жатыр. Берілгендерді өрістерi , орындалатын әрекеттерді іске асыратын ішкі программаларды әдістері деп атайды.
Object Pascal қүрамына өрістерді, әдістерді және қасиеттерді біріктіретін арнайы түр - класс ендірілген. Класс қүрамына берілгендер мен берілгендерге орындалатын әрекеттер жиыны кіреді.
ОББ тәсілдері инкапсуляция, иемдену және полиморфизм үғымдарына негізделген.
Инкапсуляция, дегеніміз - берілгендерді оларды басқаратын процедура және функциялармен қатар қолдану. Осындай қатарластырудың нәтижесінде берілгендердің жаңа түрі - объект пайда болады.
Иемдену - алдын ала анықталған объектілерді пайдалану арқылы олардың туындыларын құрастыру мүмкіндігі. Кез келген класс алғы буын класының туындысы ретінде анықталуы мүмкін. Осындай туынды алғы буынның өрістерін, әдістерін және қасиеттерін иемденеді. Осы сәтте иемденген берілгендерді, әдістерді және қасиеттерді анықтаудың қажеті жоқ, оларды бірден пайдалануға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz