Қазақстандағы қазіргі заманғы қоғамдық-саяси жағдай



Мемлекеттің қоғамдық-экономикалық формациясының ауысуымен нақты байланысты болатын орасан зор өзгерістер әрқашанда адамдар санасындағы күрделі өзгерістермен бірге жүретінін түсінгендіктен, осының өзі мені кез келген қоғамның тіршілігі үшін қажетті көкейкесті проблемаларды ой елегінен өткізу және талдау жасау жолындағы талай қатпарлы ойларға әкеліп тіреді. Ал біз маңызы бойынша да уақыты жағынан да елеулі өтпелі кезеңнен өтуге тиіспіз. Бұл орайда қоғамда өзгерістерге сай келетін рухани ахуал туғызу керек, мұның өзі мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде идеология сияқты ерекше салада, тек байсалды саясат арқылы ғана қолдау табады.
Идеология керек пе, керек емес пе деген дау-дамайдың еш жөні жоқ. Оның үстіне өткен ғасырда өмірге енгізілген бұл атау талай құйтырқының амалына түскеннен кейін алғашқы мағынасынан біршама айырылып қалды. Осындай жағдай өктем жүйенің қатаң жағдайында ондаған жылдар өмір сүрген біздің қоғамымызда да болғаны рас. Ол жүйе күйрегеннен кейін «идеология» ұғымының көлеңкелі қырлары басым болып, соңғы уақытта оны саяси сөздікте мысқылмен қабылдайтыны да айқын болып отыр. Бірақ идеологияның өзіне осындай көзқарас лайық па? Кез келген, әсіресе дамушы мемлекетте көзқарастар мен идеялардың бүкіл кешені ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыру, ғылымды, мәдениетті, білімді дамыту, жаңа адамгершілік құндылықтарды орнықтыру мақсатында жасалып отырса, идеология хақында бөтен сөздің не жөні бар?
Қазіргі заманғы үлгідегі қоғам идеологиялық деп айқындайтын жүйе болмайынша өмір сүре алмаса керек.
Дүние жүзінің жетекші мемлекеттері қашан да өзінің азаматтары үшін ғана емес, сондай-ақ басқа елдердің азаматтары үшін де тартымды саяси, экономикалық қана емес, сондай-ақ идеологиялық та бейнелерді жасауға ұмтылып келген. Егер мемлекет осы салада бос орын қалдыратын болса, онда мұны өзгеше дүниетанымдық қағидалар толтыратын болады. Шын мәнінде, идеология — бұл адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді шешуге топтастыру мен жұмылдырудың уақыт тезінен өткен тәсілі, бұл әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру механизмі, бірақ бұл күштеп-зорлау тәсілі емес, қайта мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі. Бұл орайда басқа да көзқарастар мен пікірлердің болуы тәркі етілмейді. Өмір алға озып, қоғам мен мемлекет өмір сүріп отырған кезде әр түрлі идеологиялық ағымдар бола бермек.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттің қоғамдық-экономикалық формациясының ауысуымен нақты байланысты
болатын орасан зор өзгерістер әрқашанда адамдар санасындағы күрделі
өзгерістермен бірге жүретінін түсінгендіктен, осының өзі мені кез келген
қоғамның тіршілігі үшін қажетті көкейкесті проблемаларды ой елегінен өткізу
және талдау жасау жолындағы талай қатпарлы ойларға әкеліп тіреді. Ал біз
маңызы бойынша да уақыты жағынан да елеулі өтпелі кезеңнен өтуге тиіспіз.
Бұл орайда қоғамда өзгерістерге сай келетін рухани ахуал туғызу керек,
мұның өзі мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде идеология сияқты
ерекше салада, тек байсалды саясат арқылы ғана қолдау табады.
Идеология керек пе, керек емес пе деген дау-дамайдың еш жөні жоқ. Оның
үстіне өткен ғасырда өмірге енгізілген бұл атау талай құйтырқының амалына
түскеннен кейін алғашқы мағынасынан біршама айырылып қалды. Осындай жағдай
өктем жүйенің қатаң жағдайында ондаған жылдар өмір сүрген біздің
қоғамымызда да болғаны рас. Ол жүйе күйрегеннен кейін идеология ұғымының
көлеңкелі қырлары басым болып, соңғы уақытта оны саяси сөздікте мысқылмен
қабылдайтыны да айқын болып отыр. Бірақ идеологияның өзіне осындай көзқарас
лайық па? Кез келген, әсіресе дамушы мемлекетте көзқарастар мен идеялардың
бүкіл кешені ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыру, ғылымды, мәдениетті,
білімді дамыту, жаңа адамгершілік құндылықтарды орнықтыру мақсатында
жасалып отырса, идеология хақында бөтен сөздің не жөні бар?
Қазіргі заманғы үлгідегі қоғам идеологиялық деп айқындайтын жүйе
болмайынша өмір сүре алмаса керек.
Дүние жүзінің жетекші мемлекеттері қашан да өзінің азаматтары үшін ғана
емес, сондай-ақ басқа елдердің азаматтары үшін де тартымды саяси,
экономикалық қана емес, сондай-ақ идеологиялық та бейнелерді жасауға
ұмтылып келген. Егер мемлекет осы салада бос орын қалдыратын болса, онда
мұны өзгеше дүниетанымдық қағидалар толтыратын болады. Шын мәнінде,
идеология — бұл адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық
міндеттерді шешуге топтастыру мен жұмылдырудың уақыт тезінен өткен тәсілі,
бұл әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру механизмі, бірақ бұл күштеп-
зорлау тәсілі емес, қайта мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын
партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың адамдардың ақыл-ойына өркениетті
түрде ықпал ету тәсілі. Бұл орайда басқа да көзқарастар мен пікірлердің
болуы тәркі етілмейді. Өмір алға озып, қоғам мен мемлекет өмір сүріп
отырған кезде әр түрлі идеологиялық ағымдар бола бермек.
Қазақстандағы қазіргі заманғы қоғамдық-саяси жағдай
Қазақстан бұрынғы империяның көлеңкесінде бас сауғалап келген өмірден
түбегейлі және түпкілікті бас тартып, нарықтық экономикасы әлеуметтік
бағытталған және жаңа принципті түрдегі қоғамдық қарым-қатынастарға
негізделген күшті егемен мемлекетті құруға кірісті. Саяси жүйе мен
мемлекеттік құрылыс түбегейлі түрде өзгеріп келе жатқаны, республиканың
демократиялық бағытқа, халықаралық нормалар мен принциптерге адалдығы
айқын. Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы — адам, бүкіл
өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр. Адамдардың
заң жүзінде құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі қамтамасыз етілген,
топтасу, адамгершілік, ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың
теңдігі идеялары негізделген.
Осының бәрі — сайып келгенде, реформаларды дәйекті түрде жүзеге
асырудың берік негізі. Алайда саяси және экономикалық жүйелердің ауысуына
байланысты қоғамдық санада өзгерістер өздігінен болады деу сенімсіз болар
еді. Бұл құбылыстың өзі айтарлықтай елеулі әрі күрделі, өйткені әлеуметтік
өмірдің терең процестерімен, дүниетанымдық тағылымдардың өзгерістерімен,
психологиялық таптаурындармен, сонымен бірге қоғам өмірімен, әрбір адамның
тұрмыс салтымен байланысты. Әрі бүгінгі таңда біздің бәрімізге қос
ауыртпалық түскен тәрізді: экономика мен қоғам өткен мен болашақтың
ортасында сияқты. Артқа қайырылар жол жоқ екенін біле отырып, біз
шаруашылық жүргізу жүйесінің, ғылымның, мәдениеттің, білімнің, рухани
өмірдің бүгінгі таңда өткеннің сарқыншағынан арыла алмай отырғанын
мойындауға тиіспіз.
Тап осындай жағдай қоғамдық санада да болып отыр. Өткен ғасырдың өзінде
ғылымда аномия деген ұғым қалыптасқан болатын. Мұның өзі адамның
қалыптасқан құндылықтар жүйесі қайтадан ой елегінен өткізіліп, бүкіл
ғұмырлық мұраттардың бәрі түбегейлі түрде өзгерген жағдайда адамның абдырап-
сасқан кезін білдіретіні шындық. Мұның өзі жеке адамға ғана емес, бүкіл
қоғам үшін ауыр сын. Осыған орай қазақстандықтардың басым көпшілігі реформа
жөніндегі бағытты қолдап отырғанына қарамастан, өзгерістердің қажеттігін
білгешмен, былайша айтқанда, жүрекпен жете түсінсе де, ақыл-оймен мән-
мағынасына ой жүгірткен жоқ, адамдар өз болашағы үшін әлі сенімсіз,
келешегін әлі де айқын көре алмай отыр.
Күнделікті тіршілігіміздегі күйкі күйімізді экономикалық жағдай үдетіп
отыр. Мүның өзі қарапайым адам үшін ең алдымен, бағаның шексіз өсуінен,
тұрмыс деңгейінің құлдырауынан, көптеген әлеуметтік проблемаларының
шешілмеуінен көрініп отыр. Оның үстіне адамдарды саяси күрестердің
үшқарылықтары да адастырып отыр. Кейде саяси жымысқы алдап-арбаудың
қоғамдық санада өзіне орын тауып жататын кездері де бар.
Бүгінгі таңда Қазақстанның саяси саласында қалыптасып жатқан жағдайды
түсіну үшін баспасөздің беттерінде, партиялардың пікірталастарында,
экономикалық топтарда, сондай-ақ қоғамның қалың қатпарларында талқыланып
жататын идеялардың мазмұнына мұқият талдау жасау қажет.
Саяси пікірлердің бүкіл күрделі жағдайының өзінде, ал олардың жиынтығы
өте көп, қазіргі қоғамдық-саяси алуан түрліліктің екі полюсі ретінде
социалистік және либералдық пікірлерді қарастырған жөн. Әрине бұл қарапайым
баяндау, бірақ мұның өзі бар болмысты толық көруге мүмкіндік береді.
Социалистік тұғырнама қоғамда белгілі бір дәрежеде жақтастар тауып
отыр, бірақ реформалау кезеңінде оған иек арту, сірә жөн болмас.
Социалистік мұраттарды оғаш, ретсіз әрі әділетсіз сынаудың кезеңі өтті,
социализмнің кеңестік нұсқасында халыққа не бергенін және оның біз мүлдем
қабылдамайтын жақтарына елеулі талдау жасайтын кезіміз жетті.
Кеңес өкіметі жылдарында жасалған қуатты өнеркәсіп және ауыл
шаруашылығы, бірегей технологиялық кешендер, жаппай сауаттылық, абаттаңдыру
және басқалары Қазақстанды индустрия жолына көшірмей мүмкін емес еді.
Біздің бүгінгі күш-қуатымыз — белгілі дәрежеде кешегі құрылыстың нәтижесі.
Мүны тек пікірталас қызбалығына салынғанда ғана жоққа шығаруға болар.
Социалистік идеялардың әсіре жақтастары өткенді сағына еске алып, оның
қайта орнауын қалайды, сөйтіп атқарылған істер үшін тіпті саясаткерлерді
жауапкершілікке тартуға шақырып отырған жайы бар. Мәселенің бұлай
қойылуының өзі қисынсыз: оппозиция бүгінгі таңда өзінің назарын жеке
адамдарға, кездейсоқ немесе уақытша жағдайларға аударып отыр. Әрине
мемлекеттің ыдырауына сол уақыттағы жекелеген көшбасшылардың ықпалы болғаны
белгілі. Алайда қызбалыққа салынбай, шынайы тұрғыдан қарайтын болсақ,
социализм әлеуметтік-экономикалық және саяси қарым-қатынастар жүйесі
ретінде түпсіз дағдарысқа тап болғаны айдан анық. Қазір енді кең ауқымдағы
дағдарыс жөнінде айтуға болады.
Бұл — экономикалық дағдарыс. Қоғамдық жүйелер тиімділігінің түйінді
өлшемі — бұл экономикалық тиімділік. Осы өлшем бойынша алғанда
орталықтандырылған жоспарлы экономика, сайып келгенде, нарықтық
экономиканың алдында жеңіліс тапты.
Бұл — саяси дағдарыс. Боямаланған халық билігі мен ішкі партиялық
бюрократияның үстем тобының қолына шоғырланған билік арасындағы қарама-
қайшылық қисынды шегіне жетті. Сырт көзге қарағанда саяси құрылымдар
демократияны сөз жүзінде ғана көрсетіп, шын мәнінде барлық шешімдер
жергілікті және орталық деңгейде партия көшбасшыларының айтуымен
қабылданды.
Бұл — ұлттық дағдарыс. Интернационализмді жариялағанына қарамастан,
социалистік жүйе ондаған жылдар бойына халықтардың еркін дамуын қатаң
түрде бұғаулап келді. Атап айтқанда, Қазақстанда, сарапшылардың бағалауы
бойынша, күштеп ұжымдастыру жылдарында бүкіл қазақ ұлтының жартысынан
астамы қаза тапқан және шетке кеткен. Елдің бүкіл халықтары орасан зор
зардап шекті. Ұлттық дағдарыс — көп ретте экономикалық дағдарыстың салдары.
Орталық пен аймақтар арасындағы қарым-қатынас жартылай отарлық сипатта
болды. Республиканың экономикасына шикізаттық бағыт, оның шетін сипаты
саналы түрде таңылды. Тап осындай жағдайда Қазақстан сыртқы рынокқа өз
еркімен шықпауы үшін көліктік жүйе бойынша орталықпен және басқа
аймақтармен қатаң байланысқан еді. Ішкі ұлтаралық шиеленіс тек күштеп-
зорлаудың арқасында ғана тежеліп отырды. Жүйе күйрегеннен кейін бұрынғы
КСРО-ның аумағында ұлтаралық жанжалдар мен соғыстар өрті басталды. Мұның
өзі халықтың емес, өткендегі және қазіргі саясаткерлердің кінәсінен болып
отыр. Тұтас халықтарды тікелей құртудан бастап ұлт тілдерінің қолданылу
аясын тарылтуға дейінгі зорлық-зомбылық қайшылықтарды елемеуге соқтырды.
Оларды шешудің басқа әдістері болған жоқ. Интернационализм туралы барлық
мәлімдемелерге қарамастан ресми идеологияның тасасында белгілі бір
халықтарда басқа халықтар туралы берік, жаттанды теріс пікірлер қалыптасып
жатты, мұның өзі тұрмыстық деңгейде күні бүгінге дейін жаны сірі күйінде
қалып келеді. Барлық ұлттарды біртұтас әсіре этностық қауымдастыққа — кеңес
халқы аталатын бір қалыпқа салу әрекеті айқын сәтсіздікке ұшырады.
Одан әрі — экологиялық дағдарыс. Социалистік экономикалық жүйенің
абстрактілі-жалпы-халықтық тұрғыдағы, ал іс жүзінде ведомстволық меншік
тұрғысындағы ерекшеліктері министрліктер мен ведомстволардың шектен шыққан
экологиялық қиянаттарына душар етті. Проблеманың мәні мынада болатын: жер
мен табиғи ресурстарға бақылаусыз қожалық еткен ведомстволар, сонымен қатар
экологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы саяси партиялар азаматтық қоғамды қалыптастырушы субъекті ретінде
Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита
Этносоциология туралы
Қазіргі Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партияларды қалыптастырудағы ұлт зиялыларының ролі
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қазіргі Қазақстандағы мемлекет және мәдени процестердің жаңа форматы
Саяси процестер жүйесіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасында ислам дінінің рөлі
Пәндер