Қой брадзотының патологиялық морфологиясы және ветеринариялық санитарлық сараптау
1. КІРІСПЕ
2 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ¼ ... ... ... ..
2.1 Клостридалармен қоздырылатын аурулар
2.1.1 Қой брадзоты ... ... ... ... ...
2.1.2 Брадзоттың этиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.3 Брадзоттың патогенезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.4 Брадзоттың клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.5 Брадзоттың патанатомиялық өзгерістері.
2.1.6 Балау
2.2 Қойлардың жұқпалы энтеротоксемиясы
3 ӨЗіндік зерттеулер зерттеу
3.1 Зерттеу материалдары мен тәсілдері
3.2 Өлексені сойып зерттеу тәсілдері
3.3 Брадзотпен ауырған қойдың патологиялық анатомиясы
4 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
5 Қортынды
6 Практикалық ұсыныстар
7 Қолданылған әдебиеттер тізімі

Тақырыптың өзектілігі: Төлдерді шығынсыз өсіру – ветеринарияда және мал шаруашылығының негізгі міндеттеріне жатады. Осы міндеттерді малдәрігерлерінің бақылауы мен жоспарлы түрде орындау үшін, мал ауруларын алдын алу және мал өнімін төмен түсірмей орындауда ғана жетуге болады. Әрине, бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін, мал шаруашылығында қызмет атқарып жүрген малдәрігерлерден және басқа да мамандардан білімді талап етеді.
Қой шаруашылығы елімізде мал шаруашылығының ішінде жеке дара дамыған саланың бірі. Себебі, біздің елдің географиялық орналасуы, климаты және өсетін өсімдіктер түрлері қой шаруашылығымен шұғылдануға өте қолайлы. Сонымен қатар, қойдан адам өміріне қажетті мал өнімдері алынады. Тамаққа ет,сүт, киімге тері, жүн өнімдері күнделікті тіршілікке қажетті өнімдер.
Әдебиеттерден және қой шаруашылығында қызмет атқарып жүрген мамандардың айтқан деректеріне қарағанда, брадзот шаруашылықтарда осы күнге дейін жиі тіркеліп, мал шаруашылықтары көп экономикалық шығынға ұшырап жүр. Осының бәрі малшаруашылығынан алынатын өнімнің өзіндік құнын жоғарылатады. Брадзот біздің елді кең таралған ауру, оны емдеу және алдын алу шараларын жүргізу мемлекеттік іс.
Осы уақытқа дейін қой брадзот мәселесі түпкілікті шешілмегендіктен, шаруашылықтарға көп экономикалық шығын әкелуіне байланысты, малдәрігер мамандарды және осы бағытта жүмыс атқарып жүрген ғалымдарды әлі де болса алаңдатады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Жазылған дипломдық жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық универститетінің патология және паразитология кафедрасында жүргізілді.
Жұмысты орындау үшін алдымызға мынадай мақсат қойдық: брадзотпен ауырған қойларды патоморфологиялық тәсілмен анықтау.
Алдымызға қойылған мақсатты орындау үшін біз мынадай міндеттерді қойдық:
1. Брадзотпен ауырған қойды зерттеп, аурудың макроскопиялық өзгерістерін анықтап табу
2.Зақымдалған мүшелер түрлерін анықтап гистологиялық тәсілмен өзгерістерді анықтау

1. Терентьева Ф.А. Болезни овец. М.1963. стр.351- 356.
2. Абишев А.Р. Ветеринария Казахстана Алма-Ата.1970. стр.348-353.
3. Волкова А.А. Прфилактика брадзота овец. // Ветеринария № 10, 1947.
4.Жаров А.В. Патологическая анатомия сельскохозяйственных животных. М.2003. стр.
5.Жаров А.В. Вскрытие и патологоанатомическая диагностика болезней сельскохозяйственных животных.М.1982. стр.263.
6. Қырықбайұлы С., Тілеуғали Т.М. Ветеринариялық санитариялық сараптау практикумы. Агроуниверситет.2007.стр.361.
7. Ламихов К.Ф.Брадзот овец в Западной Сибири// Советская ветеринария № 8. 1938.
8.Федров К.П., Донченко А.С. и др. Основы общей и прикладной ветеринарной паразитологии. Новосибирск.2004.стр.402-407.
9.Меркулов Г.А. Курс патологической техники. Медицина.1969.с.420.
10.Антонов В.Я. и Блинова П.Н. Лабораторные исследования в ветеринарии.
М.Колос.1971.стр.349.
11.Кадымов Р.А., Кунаков А.А.,Седов В.А. Инфекционные болезни овец.М.1987. стр.277-292.
12.Сансызбай А.Р., Кожебеков З.К., Сұлтанов А.А., Сулейменов М.Ж.,
Бижанов А.Б., Жұмашев А.Б. т.б. (құрастырғандар) Ветеринариялық медицинаның орысша- қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы 2005. 270 б.
13. Корнянский Г.П. Паразитарные заболевания центральной нервной системы. М. 1970. стр.140- 153.
14.Кунаков А.А. Инфекционные болезни овец.М.1986.стр 61-65.
15.Тарасов В.Р. Хирургическое лечение вертячки каракульских овец. // Каракулеводство и звероводство. 1950. стр.57-63.
16.Шульц Р., Исмагилова Р.Г. Изучение иммунологических реакции на экспериментальной модели кролик – цистицерк пизиформный. Киев. 1965.Стр.44-65.
17.Павловский Е.Н., О паразитологическом изучении биоценозов. Паразиты и паразитозы животных. Киев. 1965. стр.25-33.
18.Захарченко А.Ф., Местные и общие реакции организма в условиях естественного и экспериментального измененного пути миграции личинок аскарид.// Паразиты и паразитозы животных. Киев. 1965. стр.106-117.
19.Шабдарбаева Г.С., Ветеринариялық гельминтология. Алматы. 2007.стр.54-58.
20.Сабаншиев М.С., Сулейменов Т.Т., Карамендин Ө.С., Шабдарбаева Г.С., Жантөре М.Қ. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. Алматы, 2003.
21.Кадыров Н.Т.Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. Астана, 2002.
22.Диков Г.И., Сабаншиев М.С., Сулейменов М.Ж. Справочник по паразитам сельскохозяйственных животных в республике Казахстан. Алматы, 1994. Часть 1.
23. Диков Г.И., Сабаншиев М.С., Сулейменов М.Ж. Справочник по паразитам сельскохозяйственных животных в республике Казахстан. Алматы, 1994. Часть 2.
24.Дьяконов Л.П., Орлов И.В., Абрамов И.В. Паразитарные болезни сельскохозяйственных животных- М. 1985.стр.
25.Андреев К.П. Брадзот – новая эпизоотия среди каракульских овец в степях бухарского округа.// Вестник современной ветеринарии № 24. 1929.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Даутов Абзал
Қой брадзотының патологиялық морфологиясы және
ветеринариялық санитарлық сараптау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
051202 - Ветеринариялық санитария
Алматы, 2010 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринариялық санитария және зоотехнология факультеті
Патология және паразитология кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қой брадзотының патологиялық морфологиясы және
ветеринариялық санитарлық сараптау
051202 - Ветеринариялық санитария
Беттер
саны_______________
Сызбалар мен
көрнекі
материалдар саны
Орындаған: Даутов Абзал
_________________2010 ж. қорғауға жіберілді
Патология және паразитология
Кафедрасының меңгерушісі, доцент
Б.Ө.Нұрғазы
Жетекшісі в.ғ.к., доцент
А.З. Мауланов
Норма бақылау в.ғ.к., доцент
Қ.Ә.Түлкібаев
Сын пікір беруші

051202 – Ветеринариялық санитария мамандығы
Патология және паразитология кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент Даутов Абзал
Жұмыстың тақырыбы: Қой брадзотының патологиялық морфологиясы және
ветеринариялық санитарлық сараптау
Деканаттың 2009 ж. ______________________ №_____________өкімі
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2009 ж. ______ __________________
Жұмыстың бастапқы деректері
Брадзотпен ауырған қой өлекселерінің сойып зерттеу
хаттамасы, зақымдалған мүшелерден жасалған гистологиялық препараттар.
Дипломдық жұмыста қарастырылатын тараулар мен сұрақтар (көкейтестілігі,
мақсат мазмұндамасы, жаңалығы, графикалық материалдар тізімі)
Дипломдық жұмыс мынадай тараулардан тұрады: кіріспе, әдебиетке шолу,
өзіндік зерттеулер: зерттеу материалдары мен тәсілдері, зерттеулер
нәтижелері, тұжырымдама, ұсыныстар, қолданылған әдебиеттер тізімі.
Көрсетілген тарауларда брадзотпен ауырып өлген қойлардың зақымдалған ішкі
мүшелерінің патологиялық морфологиясының сипаттамасы берілген
Ұсынылатын негізгіәдебиеттер
1 Жаров А.В. Патологическая анатомия сельскохозяйственных животных.
М.2001.
2.Шишков В.А. Патологическая анатомия болезней сельскохозяйственных
животных. М.1980.
3.Жаров А.В.и др. Вскрытие и патологоанатомическая диагностика
болезней животных. М.2003.стр.
4.Кадымов Р.А. и др. Инфекционные болезни овец. М.1987.
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау Кеңесші Мерзімі Қолы
Әдебиетке шолу Кенжебекова Ж.Ж. ақпан, 2010
Зерттеу тәсілдері Ахметова Г. Ақпан 2010
Еңбекті және Ибажанова Ә.С. Мамыр 2010
қоршаған ортаны
қорғау
Кафедра меңгерушісі, доцент
Б.Ө.Нұрғазы
Жетекшіcі: доцент
А.З. Мауланов
Тапсырманы орындауға
А.Даутов
қабылдадым, студент
Дипломдық жұмысты орындау
Кестесі
Рет Тараулар және қарастырылатын Ғылыми жетекшіге Ескертулер
саны сұрақтар тізімі ұсыну мерзімі
1 Әдебиетке шолу қаңтар
2 Өзіндік зерттеулер ақпан,
Зерттеу материалдары мен Наурыз
тәсілдері
3 Өзіндік зерттеулердің Сәуір
нәтижелері:
3.1. Аурудың макроскопиялық Сәуір
өзгерістері
3.2. Аурудың микроскопиялық Ссәуір
өзгерістері
3.3. Алынған зерттеу нәтижелерін Мамыр
талдау
3.5. Еңбекті және қоршаған ортаны Мамыр
қорғау
4. Қортынды Мамыр
5. Ұсыныстар Мамыр
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі Мамыр
Кафедра меңгерушісі, доцент
Б.Ө.Нұрғазы
Жетекшіcі: доцент
А.З.Мауланов Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
А. Даутов
Мазмұны
1. КІРІСПЕ
2 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ( ... ... ... ..
2.1 Клостридалармен қоздырылатын аурулар
2.1.1 Қой брадзоты ... ... ... ... ...
2.1.2 Брадзоттың этиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.3 Брадзоттың патогенезі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
2.1.4 Брадзоттың клиникалық
белгілері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
2.1.5 Брадзоттың патанатомиялық өзгерістері.
2.1.6 Балау
2.2 Қойлардың жұқпалы энтеротоксемиясы
3 ӨЗіндік зерттеулер зерттеу
3.1 Зерттеу материалдары мен тәсілдері
3.2 Өлексені сойып зерттеу тәсілдері
3.3 Брадзотпен ауырған қойдың патологиялық анатомиясы
4 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
5 Қортынды
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
6 Практикалық ұсыныстар
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
7 Қолданылған әдебиеттер тізімі
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей стандарттарға сілтемелер жасалды
ТШ ОСЧ 25-6 Дистильденген су
ТШ 46-22-549-08 ТЭС – 1 термостаты
МСТ (ТШ) 2766-51 Негізгі фуксин, таза
МРТШ 42-56 Микротом пышағын қайрайтын қондырғы
МРТШ 42-102-63 Хирургиялық қайшылар
МРТШ 64-1-281-64 Парафин кесінділеріне арналған МПС-2
микротомы
МРТШ64-1-1629-64 МПС-1 микротомы
МЕСТ 12026-66 Сүзгіш қағаз
МСТ 5962-67 Этил спирті 96(-ті ректификацияланған
МСТ 381-69 Термометр
МСТ 381-69 Хлороформ
ТШ 6-09-183-70 Эозин Н индикаторы
ТШ 64-1-1582-72 ГС 80 У 42 маркалы термостат
ТШ 480-11-10-73 Шыныға жазатын қалам
МЕСТ 20291-74 Пробиркалар
МЕСТ 20292-74 Сиымдылығы 100, 200, 500 және 1000 мл
болатын өлшеуіш колбалар
МСТ 20292-74Е Шыны пипеткалар
МЕСТ 20292-74 Микротом пышағын қайрайтын қондырғы
МЕСТ 9284-75 Микропрепаратқа арналған заттық шыны
МЕСТ 9284-75 Микроскопқа арналған жапқыш шыны
МСТ 4220-75 Екі хром қышқылды калий
МСТ 2290-76 Пихта бальзамы
ТШ 6-09-3803-77 Қышқыл фуксин (Рубин С)
МЕСТ 9412-77 Медициналық мақта
МСТ 8284-78 МБИ маркалы микроскоп
ТШ 27-56-774-79 КШ – 240 маркалы тоңазытқыш
МСТ 3118-79 Тұз қышқылы, ч.д.а., тығыздығы 1,19 гсм3
МЕСТ 24104-80Е Лабораториялық таразы
МСТ 25336-82Е Лабораториялық шыны ыдыстар
МЕСТ 25 336-82Е Биолам Р-11 микроскобы
ТШ 6-09-3637-87 Лабораториялық жұмыстарға арналған парафин
МЕСТ 3164 Медициналық вазелин майы
МЕСТ 20283 Полистирол
МЕСТ 20283 Полистирол
АНЫҚТАМАЛАР
Инфекция - биологиялық құбылыс микроорганизмдердің макроорганизмдерге
енуі және өсіп - өнуі, кейіннен олардың әртүрлі формасының қоздырғыш
таратушылармен әрекеттесуінен аурудың айқын білінуі.
Вакцина - әлсіретілген және өлтірілген ауру қоздырғышынан немесе
олардың тіршілік әрекеті өнімдерінен тұратын биологиялық препарат.
Вирулент - микроорганизмдердің белгілі бір штаммның зардаптылық
дәрежесі.
Пролиферация - қабыну ошағында жергілікті тоқыма торшаларының
көбеюі.
Экссудат - қабыну кезінде экссудат пайда болуы нәтижесінде
организмнің ұлпаларына немесе қуыстарына жиналатын сұйық.
Қабыну - қан тамыр, дәнекер ұлпа, нерв жүйесі зақымдалған кезде
пайда болатын организм реакциясы.
Фибрин - қанның ұюы процесінде фибриногеннен пайда болатын
ерімейтін белок.
Каверна - туберкулез ошағында туындаған қуыстар.
Милиарлы туберкулез - алғашқы туберкулез ошақтан қантамырлар
арқылы туберкулез қоздырушыларының мүшелердің басқа жерлеріне таралуы
нәтижесінде туындаған туберкулез ошақтары.
Некроз - тірі организмдегі ұлпа тіршілігінің мүлде тоқталуы.
Лимфаденит - лимфа түйінінің қабынуы.
Анамнез - ауруға диагноз қоюды белгілеген және болжаған кезде
пайдаланатын мал ауруы туралы мәлімет жиынтығы.
Дистрофия - зат алмасу процесі бұзылуына байланысты пайда болатын
және торшалар мен ұлпаларда алмасу өнімдерінің сандық сапалық
өзгерістердің пайда болуымен жиналуын сипаттайтын патологиялық процесс.
Гиперплазия - организм функцияларының күшеюі немесе ұлпада
патологиялық өскіннің пайда болуы нәтижесінде торшаның торша ішіндегі
құрылымның, торша аралық талшықтың ұлғаюы.
Биопсия - диагностикалық мақсатта малдың кез-келген органынан
шамалы көлемде ұлпа алу.
Микобактериялар - қоректік ортада баяу өсетін, кейде жіпше,
тармақша пішінде пайда болатын бактериялар.
Микротом - микроскоп арқылы зерттелетін жұқа гистологиялық кесінді
алуға арналған прибор.
Гранулема - өсіп-өніп қабынудың ошақты түрі.
Патология - сырқат денеде пайда болатын алуан түрлі өзгерістер
туралы ұғымдар жиынтығы.
БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей қысқартылған сөздер қолданылады
Қаз ҰАУ – Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ҚР – Қазақстан республикасы
МБИ – биологиялық зерттеу микроскобы
ТЭС – құрғақ ауалы электрлі термостат
МС – микротом
МПС – парафин кесінділеріне арналған микротом
Мл – миллилитр
Мкм – микрометр
ДНҚ – дезоксирибонуклеин қышқылы
РНҚ – рибонуклеин қышқылы
Г – грамм
Мин – минут
См – сантиметр
Мм – миллиметр
Мк – микрон
Нм – нанометр
Мг – миллиграмм
Кг – киллограмм
ж. – жыл
1. Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Төлдерді шығынсыз өсіру – ветеринарияда және мал
шаруашылығының негізгі міндеттеріне жатады. Осы міндеттерді
малдәрігерлерінің бақылауы мен жоспарлы түрде орындау үшін, мал ауруларын
алдын алу және мал өнімін төмен түсірмей орындауда ғана жетуге болады.
Әрине, бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін, мал шаруашылығында қызмет атқарып
жүрген малдәрігерлерден және басқа да мамандардан білімді талап етеді.
Қой шаруашылығы елімізде мал шаруашылығының ішінде жеке
дара дамыған саланың бірі. Себебі, біздің елдің географиялық орналасуы,
климаты және өсетін өсімдіктер түрлері қой шаруашылығымен шұғылдануға өте
қолайлы. Сонымен қатар, қойдан адам өміріне қажетті мал өнімдері алынады.
Тамаққа ет,сүт, киімге тері, жүн өнімдері күнделікті тіршілікке қажетті
өнімдер.
Әдебиеттерден және қой шаруашылығында қызмет атқарып жүрген
мамандардың айтқан деректеріне қарағанда, брадзот шаруашылықтарда осы күнге
дейін жиі тіркеліп, мал шаруашылықтары көп экономикалық шығынға ұшырап жүр.
Осының бәрі малшаруашылығынан алынатын өнімнің өзіндік құнын жоғарылатады.
Брадзот біздің елді кең таралған ауру, оны емдеу және алдын алу шараларын
жүргізу мемлекеттік іс.
Осы уақытқа дейін қой брадзот мәселесі түпкілікті
шешілмегендіктен, шаруашылықтарға көп экономикалық шығын әкелуіне
байланысты, малдәрігер мамандарды және осы бағытта жүмыс атқарып жүрген
ғалымдарды әлі де болса алаңдатады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Жазылған дипломдық жұмыс Қазақ
ұлттық аграрлық универститетінің патология және паразитология кафедрасында
жүргізілді.
Жұмысты орындау үшін алдымызға мынадай мақсат қойдық: брадзотпен ауырған
қойларды патоморфологиялық тәсілмен анықтау.
Алдымызға қойылған мақсатты орындау үшін біз мынадай міндеттерді қойдық:
1. Брадзотпен ауырған қойды зерттеп, аурудың макроскопиялық өзгерістерін
анықтап табу
2.Зақымдалған мүшелер түрлерін анықтап гистологиялық тәсілмен өзгерістерді
анықтау
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі: дипломдық жұмыс
бетке жазылған, жазылған текст кіріспеден, әдебиетке шолудан, өзіндік
зерттеу бөлімдерінен, қорытынды, тұжырымдама, қолданылған әдебиеттер,
еңбекті қорғау, тізімінен тұрады. Дипломдық жұмысқа түрлі-түсті
макроскопиялық және микроскопиялық фотолар және 1 кесте енгізілген.
2. Әдебиетке шолу
2.1 Қойлардың клостридалармен қоздырылатын аурулары
2.1.1 Қойлардың брадзоты
Қой брадзоты ұлтабар мен он екі елі ішектің кілегейлі қабықтарының
қанталап қабынуымен және паренхималық мүшелердің дистрофиялануымен
ерекшелінетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.
Бұл ауру туралы мәліметтер (Дания, Исландия, Норвегия, Шотландия)
елдерінде бұрыннан белгілі болған.. Алғашқыда бұл ауру топалаң ретінде
қарастырылған болатын. 1875 жылы Краббе өзінің жүргізген зерттеулері мен
бақылауларына сүйене отырып, бұл ауруды топалаңмен басқа дербес ауру
ретінде сипаттады. 1888 жылы малдәрігері И.Нильсон брадзот қоздырушысының
таза өсіндісін бөліп алды. Нильсон брадзотты топалаңмен ажыратып, оның
басқа ауру екендігін дәлелдеді. 1896 жылы Ионсон Нильсонның ізденістерін
қолдап, брадзотты жіті өтетін, жұқпалы ауру деп сипаттады.(1,2,3)
Қой брадзоты көп елдерде тараған. Австралия, Германия, Туркия,
Греция т.б. елдерде тіркелген белгілі.
К.П.Андеев, А.А.Волков, К.Ф.Ламихов, М.И.Фарзалиев және т.б.
жазбаларында қой брадзотын КСРО-ның әртүрлі географиялық аймақтарында және
түрлі климаттық орталарда байқағандықтарын жазып қалдырған.(22, 3,7,)
2.1.2 Брадзоттың этиологиясы.
Ауруға байланысты ғылыми зерттеулерді әртүрлі елдерде (К.А.Андеев,
М.М.Фарзалиев, А.А.Волков, Ф.И.Ламихов, Нильсон, Ионсон, Мисснер, Гайгер,
Шоон, Мейн т.б.) ғалымдар жүргізді. Қой брадзотын 2 микроорганизм қоздырады
деп саналады: Cl. Septicum және Cl.oedematiens (B.gigas типі) болады.
Cl. Septicum – қозғалатын (жылжымалы) таяқша тәрізді, спора түзеді,
грам оң боялады. Жасанды қоректік орталарда жақсы өседі: қанды агарда
гемолизге айналған коллониялар пайда болады; қантты ортада өсу барысында
газ бөледі. Cl. Septicum зардапты патогенді қоздырушы оның аз мөлшердегі
дозасы жануарлардың зақымдануына жеткілікті болады. Cl. Septicum
жануарлардың қаны мен мүшелерінен оңай бөлініп алынады.(12,18)
Cl.аdematiens – ірі таяқша тәрізді ( көп микроорганизмдермен
салыстырғанда көлемі ірі деп саналады), спора түзеді, грам оң боялады. 1918-
1921 жылдары Австралияда брадзот қара ауру деп аталды. Қара аурумен
ауырған қойлардың көбінесе бауырынан басқа да мүшелер түрлерінен
табылған, оны терең жүргізілген зерттеулер барысында арнайы бір микробтар
түрлері туындатады деген тұжырым жасалды. Зерттеулер нәтижесінде қойлардағы
қара ауру спецификалық бактериялар бөлген токсиндерден бауыр зақымданады
және патологиялық өзгерістерге ұшырайды деп тұжырымдалды. Қара ауруды
зерттеулер барысында осы аурудың себеп-салдарынан некрозды гепатит
туындайтыны айқындалды. Осы аурудың қоздырушысы ретінде сол кезде
Cl.аdematiens табылды. Соңғы зерттеулер барысында брадзоттың (пайда болуына
себепші Cl.аdematiens деп қорытынды жасалынды. (бұл қоздырушы қара ауру,
некрозды гепатит) ауруларын тудырады. Ауруды 1909 жылы Мисснер қара
ауру деп жазған. 1931 жылы неміс ғалымдары Мисснер, Мейн және Шоон бұл
ауруды неміс брадзоты деп атады. Себебі, қара аурудағы зақымданулар мен
деректер неміс брадзотына толық сәйкес келеді. Зақымдалған бауырда
некроздалған ошақтарда табылған ауру қоздырушысы B.Gigas бөлетін токсиніне
және серологиялық реакцияларына қарағанда Cl.аdematiens-ден
ажыратылмайтындығын жазбаларында жазып қалдырды. Ғалымдардың пайымдауынша
қара ауру мен неміс брадзоты бірдей Cl.oedematiens немесе B.Gigas өсуіне
қатал жағдайларда, аз мөлшерде анаэробты жағдай қажет.
2.1.3 Эпизоотологиялық деректер.
Бұл аурумен көп жағдайда 2 жасқа дейінгі қойлар ауырады. Брадзотта
жылдың жеке бір маусымында тұтану тән емес, қатал түрде шектеулер жоқ.Яғни
брадзот жылдың кез келген айларында тұтана алады. Скандинавиялық елдерде
брадзот қыркүйек айында басталып, наурыз айында аяқталады. К.П.Андреевтің
деректері бойынша, қыркүйек және ақпан айлары аралығында брадзотты
байқаған. Жаз айларында бұл ауру өршиді. К.Ф.Ламиховтың деректерінде
брадзот қойлар арасында жазда көп байқағандығы туралы жазылған. Германия
жерінде брадзот жаз-күз айларында және мамыр айынан қаңтарға дейін
байқалған. Қыс айларында желтоқсан-қаңтарда байқалған. Ауру көбінесе
қарапайым ауру ошағынан басталады. Кей жағдайларда қойлардың зақымдалған
жерлері де ауру ошағы болып табылған. Көп ғалымдардың брадзот қойлардың
қоңдылығы мен жасына қарамай ауырады деп тұжырымдаған. Оның ішінде Мисснер
брадзотты 3-7 айлық қозыларда байқағандығын жазған. Брадзоттың пайда болуы
толық зерттелмеген оның себептері де әртүрлі болып келген. Қойлардың бауыры
фасциолезбен ауруы, паразиттердің әсерінен т.б. жағдайларда
туындайды.(6,7,)
Кейбір ғалымдар қойлардың арасында брадзоттың таралуына азықтануы, су
арқылы болуы мүмкін деп тұжырымдайды.
2.1.4 Патогенезі.
Қазіргі уақытқа дейін аурудың өту барысы толық зерттелмеген.
Ауру қоздырғышын алиментарлық жолмен бергенде брадзот байқалмайды. Мал
ауырғанымен онда аурудың клиникалық белгілері оншалықты анық байқалмайды.
Брадзоттың қоздырушысы Cl.oedematiens қойдың бауырында қалыпты жағдайда
болатындығы анықталды. Спора түзген микробтың қоздырушысы үй қояндары мен
қойларға қатерсіз екендігі байқалды. Бұл споралар организмнің түрлі
мүшелерінде, мысалы бауырда, мида болады. Спора түзген қоздырушысы
организмде болған өзгерістер кезінде ауру дамып ауру басталады.
2.1.5 Клиникалық белгілері.
Зерттеулер барысында брадзотпен ауырған қой кешке қарай сау болады да
таңертең ауру болып тұрады. Ауру күтпеген жерден басталады. Көбінесе
ауырған қой кенеттен тыпыршып, секіріп құлайды, 10-15 минут арасында
аузынан көбік ағып, тісін шықырлатып өліп кетеді.
Брадзотпен ауырған қойда мынадай симптомдар мен белгілер байқалады:
дене қызуының көтерілуі, тістерін шықырлату, аузынан көбік ағып, мал
күйзеліске ұшырайды, қан аралас іш өту, іші кебуі, тамыр соғысы жиілейді.
К.Ф.Ламиховтың бақылаулары бойынша брадзот кезінде жүйке жүйесі
зақымданып, мынадай өзгерістер байқалады: тынышсызданады, сезімталдылығы
артады, бір орында секіреді т.б. Осы кезеңдерден өткеннен кейін жатып
қалады, аяқтарын созып, мойынын немесе басын артқа қарай бұрады. Осы
болатын жалпы әлсіздік, өзгерістер 2-12 сағат аралықта болады.
2.1.6 Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.
Брадзотпен ауырған жануардың өлексесінің ішінде газ жиналады, ағза тез
бұзылып, терісі көгереді, өлекседен жағымсыз иіс шығады, кейде терісі
жарылады. Кейде табиғи тесіктерінен қанды көбіктенген сұйық ағады. Бастың,
мойынның, кеуденің, кейде дененің басқа бөліктерінің де тері асты кілегейлі
қабаты қанды сарысу, газ көпіршіктерге толы болады. Қан тамырларындағы қан
ұйымайды.
Кеңірдек пен бронхылардың кілегейлі қабықтарында қанталаулар болады.
Эпикард пен эндокард қанталап, жүрек босаңсиды. Жүрекке қан толып, бұлшық
еттері босаңсиды. Бауыр қанға толып, бетінде өліетті ошақтары болады, оны
тіліп қарағанда сұрғұлт жолақтар көрінеді. Алдыңғы қарындар жынға толы,
ұлтабар бос, диафрагма мен плеврада ұсақ-ұсақ қанталаулар болады. Аш
ішектің кілегейлі қабаты домбығып, қанталайды. Тоқ ішекте өзгеріс
байқалмайды, онда газ жиналады. Бүйректері босаңсып, домбығып, қан
кернейді. Қан құрамында лимфоциттерімен лейкоциттер саны көбейеді.
Организмде үлкен патологиялық өзгерістер пайда болады.
2.1.7 Балау.
Брадзотқа диагнозды клиникалық белгілерін, патологиялық-анатомиялық
өзгерістердің, жалпы организмдегі өзгерістерін зерттеулерінің нәтижесінде
қойылады. Кейбір жағдайларда диагноз қою үшін өлексені не ішкі мүшелерін
жібереді. Брадзотқа күдікті мүшелерге: бүйрек, көкбауыр, бауырдың,
ұлтабардың зақымдалған бөліктерінен зерттеулер жүргізіледі.
Дифференциалды балау жұқпалы энтеротоксомия ажырату үшін қолданылады.
Брадзотқа бактериологиялық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық және
эпизоотологиялық зерттеулерден кейін диагноз қойылады.
Емдеу. Аурудың созылмалы өту барысында оның асқынбауы үшін емдік
шаралар жүргізу мүмкін. Ескертетін жайт, бұл ауру жіті және ауыр
өткендіктен брадзотты емдеу шаралары оң нәтиже бермейді.
Иммунитет. 1923-1933 жылдар аралығында көптеген брадзотқа қарсы
вакциналар ұсыныла басталды. Оларды Гайгер, Босварт, Дунголь т.б. ғалымдар
дайындады. Алдын-алу шараларын жүргізу үшін Cl.oedematiens өсіндісінен
алынған, инактивтелген вакцина жасалынды. Бұл вакцина Австралияда кең
қолданыс тапты. КСРО-да бродзотқа қарсы вакцина А.А.Волкова алдын-алу үшін,
А.В.Ляушкин бродзот және жұқпалы энтеротоксемияға қарсы вакцинаны жасады.
Қазіргі уақытта қолданылып жүрген вакцина аллюминий гидрототықты
поливаленті.
Вакцинация 12-14 күннен кейін тағы жүргізіледі. Ересек қойлар үшін
алғашқыда 2мл, екіншісінде 3мл, 6айға дейінгі қойлар үшін алғашқыда 1мл,
екінші рет 1,5мл егіледі.
Күресу шаралары. Ауру шыққан жерлерді мұқият тіркеуге алып, ондағы
қойларды уақытылы вакцинация жасап отыру керек.
2.2 Қойдың жұқпалы энтеротоксимиясы.
1954 ж академик Я.Р.Коваленко жұқпалы энтеротоксимия бұл қой мен
ешкілердің өте жіті өтетін ауруы, бұл клостридиум перфрингенс группасының С
және Д типіндегі микроорганизмдердің (уының) токсинінің әсері. Бұл
микроорганизмдер группасы 6 классикалық типтерге бөлінеді: А; В; С; Д; Е;
F. Классикалық типтерден басқа бірнеше нұсқалары бар. Мысалы, классикалық
А типімен қатар оның адамдардың тамақтан улануын шақыратын варианты бар.
Бұдан басқа классикалық В типі қоймен ешкілерде энтеротоксимия шақыратын
оның иран варианты бар. Классикалық С вариантынан басқа оның шошқа және
колорадо варианты бар. (4,6,8)
Егер классикалық типтер мен оның варианттарын қосқанда олардың басты
өлтіруші токсиндері мынадай көріністе болады.
Классикалық Клостридиум перфингенс типі мен оның варианттарының негізгі
өлтіруші токсиндері
Клостридиум Басты өлтіруші токсиндер
перфенгенс типі
А В t γ
А + - - -
В + + +- -
С + + +- -
Д + - + -
Е + - - +
F +- +- - -
+ = штамдардың бәрі токсин шығарады.
+- = токсинді штамдардың бәрі шығармайды.
- = токсин шығармайды.
Қазіргі уақытта Клостридиум перфрингенс типтерін ажыратуда үш критерий
қолданылады. А.И. Вилсдон микробтардың типтерін ажыратуда олардың басты
өлтіруші токсиніне қарап анықталған. Осылай А, В, С, Д және Е типтері
анықталған болатын. И.Цейслер мен Росфельд-Штернберг F типін оның
спораларының ыстыққа төзімділігі айрықша екендігін анықтап, өз алдына типке
ажыратты. А.Прева өзінің тип оның номенклатурасында микробтардың қоректік
ортадағы өсу ерекшеліктеріне негізделген. Себебі Клостридиум Перффингенс
микроорганизмдерін қоректік ортаның өзгергендігінде өсіргенімізде олар
типтердің анық айырмашылықтары бермейді, ал споралардың ыстыққа айрықша
төзімділігі тек F типінде емес, ал А типінде де анықталған(1963
ж.).В.С.Ашеимов бұл екі критериийді қойып, типтерді анықтауға А.И.Виледон
бойынша анықтағанды дұрыс деп есептеді. А,С,Д және Е типтерін олардың басты
токсиндері α, β, ε сияқты атуға болады және Р типі β (С) тип вариантына
жатқызуға, ал В және С типтерін β типіне біріктіруге себебі соңғы тип
өзінің эпсилон – токсин істеп шығару қабілетін жиі жоғалтады.
1965 жылы Г.И.Сидоренко Жамбыл облысы Луговой ауданында қойдың жұқпалы
энтеротоксимиясымен қолайсыз аймақтағы қой жатақтардан, топырақ пен
жайлаулардан және кошар, су ішетін жерлерінен Клостридиум Перффингенстті
ажыратып алды. Бактериологиялық табылмалар негізінде қай жатақ топырағында,
кошарлардан, алынған сынамалардан шыққан, тағы да токсигендік штаммдар
күзде 68%, көктемде 99% шығарып алынған. Жалпы күзде алынған А типіндегі
токсигендік штаммдар 94% құраған, Д - 6%, ал көктемде А – 84,3% және Д -
10%, В,С және Е типтері – 1,3%, 4 және 0,4%. Ю.Б.Сафаров Клостридиум
Перффингенс топырақта табиғи жағдайда 35-52 ай сақталады, ал суда – 20-28
ай сақталатыны анықталған.
Жұқпалы энтеротоксемия қоздырушылары табиғатта кең таралған және ұзақ
мерзімде сақталуға бейімделген. Олар (мысалы, Клостридиум Перффингенс) сап
– сау қойлардың 50 % - інде жарасында, қарнында, 12 бармақ ішегінде, тоқ
ішегінде табылған.
Г.И.Сидоренко (1964ж.) лажсыз сойылған қойлардың мүшелері мен
ұлпаларында клостридиум перффингенс А тип (51%) және Д (19%) ажыратып
алған, сондай – ақ В,С,Е,F типтерін тапқан. Мұнда көптеген ыстыққа төзімді
А және F штамм типтерін тапқан, бұл лажсыз сойылған қойды мүшелері мен
ұлпалары адамдардың тамақпен улану себебі болуы мүмкіндігін көрсетеді.
Жұқпалы энтеротоксемия азықтандыру кемшіліктерінде, бастысы қорегінде
клечатка аз болуы себебінен іш бұзылуы фонында туындайтынын көп совет және
шетелдік авторлар еңбектерінде көрсетілген. Көбінесе клетчатка дефециті
рацион кенет өзгергенде анық көрінеді, мысалы ірі азықты бірден
концентраттарды өтіргенде яки көктемгі көк шөптерде баққанда айқын
көрінеді. әсіресе бұл жағдай Оңтүстік Қазақстан аймағында қысқы шөлейт
жайлаудан тау етегіне көктемгі жайылымда кездеседі. Ірі азықтандырудан
концентрат немесе көк шөпке өткен кезде рубец микрофауна, микрофлорасы
тағы да асқорыту бездері аса шаршайды сондықтан ұлтабарда рН реакция
нейтралданады, ал бұл көбінесе ас тұзы жетіспеушілігінде болады. Нәтижеде
азық жақсы қорытылмайды да диспенсия белгілері көріне бастайды.
Атония түрінде ас қорытудың бұзылуы қойлардың дала магы шөбін жеп
қойған жағдайда; фенотиазиннің емдік дозасын берген кезде ас қорыту
бездерінің гипосекреция және атония; мыс купорасын көп берген кезде
жұтқыншақ өңеш кілегейлі қабатын қатырып оның жұмысын тоқтатады да күйіс
қайыру тоқтайды. Түріне қарағанда азық қорытудың бұзылуында ішекте таспалы
гельминтоздар үлкен мағынаға ие.
Азықта микроэлементтердің жетіспеушілігі де ас қорыту функциясын
бұзылуына жиі әкеліп соғады ( асқазан – ішек тракт катары, қарын кілегейлі
қабатының атрофиясы).
Жұқпалы энтеротоксемияны туындататын жағдайлар туралы Қазақстан
ғалымдары тарапынан да тексеріліп анықталған.
К.Н.Петров және П.И.Кабновпен біргелікте 1957 жылы бес қойға
клостридиум перффингенстің С типінің токсикалық өсіндісінен 500мл
ішкізгенде бірде –бір қой ауырған жоқ, олардың ішінде бұзқылғаны жоқ.
Сонымен бірге қойларға алдын ала глаубер тұзының ерітіндісін ішкізгенде
тағы да тамырына опий жіберілгенде 12 қойдан 7-еуінде жұқпалы
энтеротоксемияны пайда болуы байқалады. Бұл жануарларда ас қорытудың
бұзылуы, диарея, атония байқалады.
Н.И.Стаценко (1966) қойларға басында 2 % мыс купоросын
дегельминтизацияда қолданылатын дозасын беріп, әр басына 500 дозадан
Клостридиум Перффингенстің Д типіндегі 213 – штампын тәжірибе ретінде беріп
көргенде қойларда жұқпалы энтеротоксемияны туындатқан. Ал тек өсіндінің
өзін осы дозада беріп көргенде ауру шақыру мүмкін болмаған.
И.И.Буллен және И.Бетти тәжірибелерінің (1957) көрсетуі энтеротоксемия
қоздырушылары сау қойдың мес қарнына түскеннен кейін 90% жуығы өліп кетеді,
ал қалғандары көбейіп токсин шығарған мен қалыпты жұмыс істеп тұрған
рубецте көп уақыт аялдамайды. Ұлтабарда қалған микробтар 60 ретке жуық
кемиді, себебі олар қышқыл орта жаман әсер етіп, токсиндерді
зарарсыздандырады. Ащы ішек бөліміне өткен микробтарын, азғантай мөлшері
химустың тезжүруі саларынан аялдамай ештеңе зақымдамастан организмнен
шығарылады. Азық қорыту бұзылып жүрген жануарларда, мысалы, месқарынның
атогиясында, қырыққабат тығылып қалғанда, тұздың жындағы концентрациясы өте
төмен болғанда, тағы да ішектің перистальтикасы әлсіз болғанда, диспепсияда
басқаша көрініс байқалады. Ас қорыту бұзылғанда қойдың мес қарнында түскен
микробтар аялдап қалады. Интенсив тәрізді көбейіа көп мөлшерде токсин
бөлінеді. Микробтар және токсин (протоксин) тұз мөлшері кем жыннан өткенде
ештеңе болмайды яғни бұзылмайды, ал ал керісінше ол жерде өзіне қолайлы
жағдай болады. Микробтар көбейіп токсин яки протоксин істеп шығаруды
жалғастврады. Ащы ішектің перистальтикасы әлсірегенде және диспепсияда ол
жерде көп қорытылмаған яки шала қорытылған азықтар крахмал түйіршіктер
болып, онда клостридиум перффингенс өте тез көбейеді, өте көп мөлшерде
токсин яки протоксин жиылады. Егер микроб Д типте болса оның істеп шығарған
протоксин трипсинмен әрекеттесіп эпсилон - токсинге айналады да ол өз
кезгінде қанға сорылып аурудың өрлеуіне және жануардың өліміне әкеледі.
СССР-да қойлардың жұқпалы энтеротоксемия ауруын 1936ж. С.Н.Муромцев тапқан.
Қазақстанда М.И.Иванова және Д.К.Карабаева энтеротоксемияны Алматы облысы
Жамбыл ауданы Жаңа –Талап колхозында 1937 жылы бақыланған. Олар
қолданған Д типтегі формольвакцина жақсы нәтиже бергені себепті
қоздырушының жұқпалы энтеротоксемияны Д типті екенін байқаған. Бұл ғалымдар
аурудың қойларда майса көк шөпті шалғында (Қастек тауына Солтүстік баурайы)
баққанда қозуы, ал шөптері аз жерде баққанда аурудың бәсеңдеуі байқалған.
Жұқпалы энтеротоксемиядан қойлардың қырылуы көбінесе көктемде тау
баурайының жайлауларында, ал күзде сол көктемде бағылған жерде баққанда
кездеседі. Ең жақсы жайлаулар тауда сол жерде 1,5-2 айдан артық жайылмайды,
сондықтан ол жақта жұқпалы энтеротоксемия кездесе бермейді. Тауды етегінде
жылына 2 рет жайылады да ол жердің шөптері азаяды, сол жерде туған қойлар
жаңа шығып келе жатқан майса шөппен қоректенеді. Ол шөпте 2,5 есе клетчатка
кем болады. Осы периодта жаңа туған қойларда, буаз қойларда энтеротоксемия
ауруы күзетіледі.
Тау бөктерінде энзоотия ең төменгі жерлерде яғни тез жылыйтын бөлігінен
жоғары өрмелейді де шөптің пісіп жетілуімен қатаюына қарай жоғалады.
Энзоотия маусым кезеңіне қарайды 1,5-2 айға дейін созылады. Мысалы, Шымкент
қаласында ақпан – наурыз айларында, Жамбылда наурыз – сәуірде, Алматы
облысында сәуір – мамыр айларында күзетіледі, яғни оңтүстіктен солтүстікке
қарай әрекеттенеді. Қазақстанда жұқпалы энтеротоксемия ауруымен көбінесе
буаз, туған қойлар ауырса, ал қозылар 8-10 айлық уақытында қараша,
желтоқсанда Шымкент қаласында күзетіледі. Жасы үлкен қойлар, тіпті
қошқарлар арасында да кездеседі. Бұл ауруға қолайлы облыстар Алматы,
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары. Кейбір отарларда ауру шыққанда 8-10%
жануарлар қырылады. Жоғарыда аталған облыстарда жұқпалы энтеротоксемия Д
және С типі, тағы да аралас формалары кездеседі. Жамбылда 82% Д типі, 8% С
типі, 10%- аралас формалары кездеседі. Шымкент қаласындағы соңғы ауру
(жұқпалы токсемия) көбеәгенде Д тип - 75%, С-3%, аралас формасы - 22%
болған.
Қазақстанда жұқпалы энтеротоксемиямен ауырған жануарлардың клиникалық
көрінісі мен патологиялвқ өзгерістері әдебиеттегі, монографиялардағы
жазылғандарға тура келеді.
Жұқпалы энтеротоксемиядан өлген жануарлардан алынған материалды
гистологиялық зерртеулер нәтижесінде, оларда өткір энцефалит , миокардит,
некротикалық нефроз, бауыр паренхимасының некрозы, некротикалық энтерит пен
комит, қарын етінің ценкерлік некрозы анықталған.
В.С.Анисимов пен А.К.Кунанбаевтер қойдың жұқпалы энтеротоксемия ауруын
жеңілдестірілген биологиялық диагностика методикасын істеп шықты. Көпке
белгілі методикадан айырмашылығы ащы ішектің басынан аяғына дейін материал
алынады, тек бір бастапқы жағына емес. Тағы да мұнда токсин типтерін
анықтау үшін 6 емес 4 типоспецифик сыворотка қолданылады. Ішектің бастапқы
бөлімінен материал β-токсинді табу қиын, бебебі трипсиннің әсер етуімен
активтігін жоғалтады. Оны ішектің соңғы жартысында табу оңай болады, себебі
ол жаққа трипсин жетіп бара алмайды. Эпсилон – токсин трипсиннің әсер
етуімен протоксиннен жаратылады, ол ішектің алғашқы бөлімінде болып, соңғы
бөлігінде кем табылады. Өсінді мен ішектегі токсиндердің типтерін анықтауға
6 типтегі сыворотка – А, В, С, Д, Е, F қолданылады. Жеңілдетілген әдісте
диагностика әдістемесінде В және F сывороткасы болмайды ( Втиптегі
сыворотканы С және Д типтері қоспасымен алмастырылады, ал F типтегі
препарат С типімен ұқсас).
Өсінді және ішек токсиндері типтерге ажырату П.Эрлих бойынша ақ
тышқандарды нейтрализациялау реакциясы жәрдемінде өлтіріледі.
Жұқпалы энтеротоксимияға анық диагноз қою үшін эпизоотологиялық
жағдайға байланысты, клиникалық көріністер негізінде, патологиялық
өзгерістер. Ішек токсині типтелінгенде, Клостридиум рерффингенстің таза
ажыратылған өсіндісіне негізделген болуы керек. Таза ажыратылған өсінді
дайындау инфекцияның жаңадан ауру басталған кезеңінде керек болады.
Жұқпалы энтеротоксемия дертінің алдын алу үшін барлық қойларды норматив
бойынша азықтандыру, мұнда туған қойларда назар аудару қажнт олар тәулігіне
2 рет құрғақ сабан шөп жеуі тиіс, тағы да концентрат пен ас тұзы оларды
науа, астау, табақтарда азықтандыру керек. Туған қойлардың (ана қой)
тәуліктік рационы: 1-2 кг сабан шөп, 400-50 г концентрат, 8-10 г ас тұзы, 1-
3 г күкірт, 10 мг мыс купоросы, 10 мг кобальт хлориді болуы қажет.
Ерте көктемде қойларды ауа райы құрғақ кезеңде жаю, жаңбырда, шық
түскенде шығармау, жаңа майса шөпке жібермеу керек болады. Энзоотия кезінде
жайылымды тез жаңарту – басқа жерге апару. Энтеротоксемия болатын кезеңде
мыс купоросы, фенотиазинмен дегельминтизация өтірмеу. Қысқы жайлаудан
көктемгі орынға өткенде қой қораларды жататын орындары дезинфекциялау
қажет. Дезинфекциялау үшін хлорлы әкті суық қоспасы жұмсалады, ол 5%
активті хлоры бар, ал соңынан 1% ысытылған күкірт қышқыл ерітіндісі
қолданылады. Эпизоотия шыққан жердегі жайлауларда 1-2 жыл қой жайылмайды.
өлген қойларды тексеріп көргенде арнаулы жерде, Беккери шұңқырында болуы
тиіс. Жұқпалы энтеротоксемиямен ауырған малдың етін адамдарға ас әзірлеуге
өтіруге болмайды. Өлген қойлардың терілерін үйдің қасына қоюға, аулаға
қоюға болмайды, оларды арнаулы складтарға жиып 40 сағат аумағында 10 % ас
тұзы ерітіндісіне 25% тұз қышқылы ерітіндісін қосып, дезинфексиялайды(42-
43°С) немесе 25% формальдегидпен 6 сағат 42°С- да дезинфекцияланады.
Д типіндегі жұқпалы энтеротоксемия жағдайы туындауы қауіпті фермаларда
Д типтегі анатоксин – вакцинамен қойларды емдеу жүгізіледі. Ал С яки аралас
формадағы энтеротоксемияда поливалентті вакцина қолданылады. Керекті
жағдайларда жұқпалы энтеротоксемияға және қойдың браздот ауруына қарсы
поливелентті профилактикалық сыворотка қолданылады.
3. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
3.1.Зерттеу материалдары және тәсілдері
Дипломдық жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық университетінің патология
және паразитология кафедрасында және Алматы облысы Еңбекші Қазақ ауданының
ауданының жеке қой шаруашылықтарында жүргізілді.
Жұмыстың зерттеу материалдары ретінде Алматы облысы Еңбекші
Қазақ жеке мал шаруашылықтарында брадзотпен ауырған 5 қойды патологиялық
анатомиялық сойып зерттеу барысында алынған, өзгерістері бар ішкі мүшелерін
( ми,өкпе, қаңқа бұлшық еті, лимфалық түйіндер, бауыр, бүйрек, ішек, қарын)
қолдандық.
Сойып зерттеу алдында, мал иелерінің аузынан сойып зерттелетін барлық
жануарлардың анамнездік деректерін сұрап, талдап жазып алдық. Жануарлардың
әрбір гистологиялық тәсілмен зерттелетін ішкі мүшелері толық макроскопиялық
сипатталып, әрбір сойылып зерттелген қойға сойып зерттеу хаттамалары
толтырылды.
Ішкі мүшелерді макроскопиялық зерттеу кезінде біз, әдебиеттердегі
белгілі зерттеу тәсілдер түрлерін (Жаров А.В., 2001) қолдандық.
Тұтас мүшелер ( бауыр, бүйрек, көкбауыр, өкпе, лимфалық түйіндер)
көлеміне, түсіне, пішініне, консистенциясына, ішкі суретіне қарай
зерттейді.
Іші қуыс мүшелер (өңеш, қарын, аш және тоқ ішектер, жатыр, қуық) сірлі
қабықтардың түсіне, кесіп қарағандағы мүшенің қабырғасының қалыңдығына,
мүше қуысындағы заттың күйіне, кілегейлі қабықтың түсіне назар аударады.
Табиғи қуыстарды, қуыстың сіріл қабығының күйіне, ондағы сұйықтың
мөлшеріне, консистенциясына, түсіне назар аударады.
Гистологиялық зерттеу үшін әрбір мүшеден 2-3 кесекшелер кесіп
алынып, 10%-қ бейтарапталған формалиннің судағы ерітіндісіне салып
бекіттік, парафин сіңдіріп нығыздадық. Дайындалған блоктардан микротом
арқылы қалыңдығы 5-10 мк. болатын жұқа кесінділер алынды. Жұқа кесінділер,
жалпы қолданыстағы тәсіл гематоксилин эозин бояуымен боялды.
(Меркулов Г.А., 1969).
Дайын болған гистологиялық препараттар микроскоп арқылы зерттелді.
Гистологиялық препараттарды гематоксилинн - эозин бояу тәсілінің
реті:
1.Жұқа кесіндіні парафиннен тазарту үшін , жұқа кесінді жапсырылған шыныға
бірнеше рет ксилол тамызылады.
2.Спиртпен ксилолды бірнеше рет шайып тазартады да ағынды суға заттық
шыныны ақырын салып қояды.
3.Заттық шыныны судан шығарып, гематоксилин бояуын тамызады (3-5 мин).
4. Суда жұқа кесінді көкшіл түске айналғанша ұстайды.
5.Тұз қышқылының 1% - дық ерітіндісімен әсер етіледі.( тілімнен артық бояу
шығарылады.) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz