Қадырғали Жалайыри зираты
1. “Қадырғали би Жалайыри” қоры
2. Арнайы ұйымдастырылған сапардың негізгі мақсаты
3. Қадырғали би Қосымұлының еңбегі

Қазақ халқы мемлекеттік тәуелсіздігінің арқасында өзінің тарихи, рухани және мәдени құндылықтарына ие бола бастады. Елдің бұрынғы атақты батырларына, ұлы қайраткерлеріне және ғалымдарына іздеу салып жатырмыз. Бірнеше жыл бұрын белгілі “Тарихи рашиди” еңбегінің авторы, әйгілі тарихшы және әдебиетші жерлесіміз Мұхаммед-Хайдар Дулатидің сонау Кашмирде жатқан жері табылып, басына қойылған құлпытасы анықталды. “Қадырғали би Жалайыри” қоры көп жылдан бері атақты ғалым бабамыз Қадырғали би Қосымұлы Жалайыри еңбектерін жинап, зерттеп, жарыққа шығарды. Р.Сыздықова мен М.Қойгелдиев оның “Джами ат -Тауарих” (“Жылнамалар жинағы”) атты еңбегін зерттеп, монография жазды. Шоқан Уәлиханов сөзімен айтсақ: “Қазақ тарихына қатысты деректердің молдығы жағынан “Жылнамалар жинағына” иықтасар ештеңенің жоқтығы күмәнсіз”.
Осы уақытқа дейін Қадырғали бидің жатқан жері белгісіз болып келді. Соны анықтау үшін 2005 жылы 15-20 қазан күндері халықаралық “Қадырғали би Жалайыри” қоры ұйымдастырған арнайы топ Мәскеуге және Ресейдің Рязань облысындағы Қасымов қаласына іссапармен барып қайтты. Топ құрамында Д.А.Қонаев атындағы университеттің ректоры Өмірәлі Қопабаев, Сыртқы істер министрінің кеңесшісі қызметін атқаратын осы жолдардың авторы және көне қолжазбалар маманы Шафиғи Мақсұт болды.

Ресейдің Рязань облысындағы Қасымов қаласында жатыр
Қазақ халқы мемлекеттік тәуелсіздігінің арқасында өзінің тарихи,
рухани және мәдени құндылықтарына ие бола бастады. Елдің бұрынғы атақты
батырларына, ұлы қайраткерлеріне және ғалымдарына іздеу салып жатырмыз.
Бірнеше жыл бұрын белгілі “Тарихи рашиди” еңбегінің авторы, әйгілі тарихшы
және әдебиетші жерлесіміз Мұхаммед-Хайдар Дулатидің сонау Кашмирде жатқан
жері табылып, басына қойылған құлпытасы анықталды. “Қадырғали би Жалайыри”
қоры көп жылдан бері атақты ғалым бабамыз Қадырғали би Қосымұлы Жалайыри
еңбектерін жинап, зерттеп, жарыққа шығарды. Р.Сыздықова мен М.Қойгелдиев
оның “Джами ат -Тауарих” (“Жылнамалар жинағы”) атты еңбегін зерттеп,
монография жазды. Шоқан Уәлиханов сөзімен айтсақ: “Қазақ тарихына қатысты
деректердің молдығы жағынан “Жылнамалар жинағына” иықтасар ештеңенің
жоқтығы күмәнсіз”.
Осы уақытқа дейін Қадырғали бидің жатқан жері белгісіз болып келді.
Соны анықтау үшін 2005 жылы 15-20 қазан күндері халықаралық “Қадырғали би
Жалайыри” қоры ұйымдастырған арнайы топ Мәскеуге және Ресейдің Рязань
облысындағы Қасымов қаласына іссапармен барып қайтты. Топ құрамында
Д.А.Қонаев атындағы университеттің ректоры Өмірәлі Қопабаев, Сыртқы істер
министрінің кеңесшісі қызметін атқаратын осы жолдардың авторы және көне
қолжазбалар маманы Шафиғи Мақсұт болды.
Арнайы ұйымдастырылған сапардың негізгі мақсаты – ХVІ ғасырда өмір
сүріп, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының сол дәуірдегі ата
тарихын хатқа түсіріп, артына өшпес мұра қалдырған тарихшы, ғұлама
Қадырғали би Қосымұлы Жалайыридің (1530-1605) жерленген орнын тауып,
анықтау болды. Сонымен бірге, Ресейдегі Мәскеу, Рязань архив қорларынан осы
тұлғаның өміріне қатысты және қалдырған мұрасы жайлы деректер мен
мағлұматтарды жинау еді.
Бұдан бұрын, 2001 жылы желтоқсан айында осы мақсатпен аталмыш қордың
бір топ белсенділері Қасымов қаласына барып қайтқан. Жергілікті ұйымдармен,
ғалымдармен һәм татар мұсылмандарымен байланыс жасаған. Бірақ, нақты
деректер таба алмай қайтқан болатын. Себебі қаланың мерейтойына байланысты
музейлер мен тарихи орындар жөндеу үстінде екен.
Бұл жолы алдын ала яғни 2005 жылы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі
арқылы сондағы билік органдарымен келісіп бардық. Елшіліктен дипломат
М.Тұяқбайұлы бізді Рязань, Қасымов қалаларына алып барып мемлекеттік
архивтерде Қ.Жалайыридің өміріне қатысты деректерді іздеуге көп жәрдем
берді. Біз ұлы баба өмір сүріп, дүниеден өткен жерге барып жергілікті
өлкетанушы, тарихшылармен тікелей байланыс жасадық. Оның ар жағында
бұрынғы Қасым хандығының орталығы болған жерге ат басын тіредік. Оны
орыстар қазір Қасымов қаласы деп атайды.
Біз Рязань облысының архив қорында 1715 жылдан 1904 жылға дейінгі
аралықта жиналған материалдарды қарадық. Мұнда ХІV-ХVІІІ ғасырларға тән
грамоталар колекциясының жинағы, сондай-ақ кейбір дворян, помещик, ақсүйек
әулетінен шыққан Беклемишов Ерепкиндер әулеті, князь Меньшиков, Кареевтер,
Чулков, Исаковтар үрім-бұтағының жеке архивтері, қолжазбаларымен таныстық,
13 қор мұрағатын ақтардық. “Государственный архив Рязаньской области.
Путеводитель” деген 1959 жылы шыққан 638 беттік үлкен кітапты де сүзіп
шықтық. Қасымов қаласы мен Қасым хандығының тарихына байланысты ертеректе
жарияланған мақалалар мен материалдарды Ресей энциклопедиясынан көшірме
ретінде түсіріп алдық. Сонымен бірге Қасым хандығы туралы ғылыми жұмыспен
айналысып жүрген тарихшы А.В.Беляковпен кездесіп, сөйлесудің сәті түсті.
Қалада бірсыпыра жергілікті музей қызметкерлерімен, этнографтармен
әңгімелестік. Қасымов қаласының тарихын көп жағдайда біздер осы адамдар
арқылы естіп, білдік. Бұл адамдардың ішінде әсіресе қалалық мұрағат,
өлкетану мұражайларының басшылары, ғылыми қызметкерлері бізге бұл шаһардың
тарихы жайлы мол мағлұматтар берді. Мұндағы имам Мұқаддас Сейфоллаұлы
Ахунов ақсақал Қасымов қаласындағы бұрынғы және қазіргі мұсылмандар
зиратының орнын көрсетіп, ондағы құлпытастар жайынан әңгіме шертті. Осында
қазақ азаматтары да тұрады екен. Олар біздің іс-шараларымызға қатысып
отырды.
Біз әуелі облыстық архивке кіру арқылы Қадырғали би өміріне қатысты
жазба деректерге кездесеміз бе деп үміттендік. Себебі, бұл адамның өмірінің
көп жақтары әлі күнге дейін ашылмаған қалпында қалған. Сол себепті Рязань,
Қасымов қалаларындағы мемлекеттік архивтерде болдық. Соңғы күні, 20
қазанда Мәскеудегі Мемлекеттік архивке кірдік. Мұнда Х ғасырдан ХVІІІ
ғасырға дейінгі архив қоры жинақталыпты. Архив қызметкерлері мен мамандары
бізге ықылас танытып деректер іздеуге көмектесті.
Қадырғали би Жалайыридің өмірінің соңы осы Қасымов қаласымен және
осындағы Қасым хандығының тарихымен тығыз байланысты еді. Ол ханзада Ораз
Мұхаммедті Қасымға хан етіп көтеру салтанатында оны алтын таққа көтеріп
отырғызған атақты төрт бектің оң жақтағы біріншісі болған. Демек,
Қадырғали би Қасым хандығының патша сарайындағы беделді адамдардың бірі
болғандығы осыдан көрініп тұр. Хан Ораз Мұхаммедтің 1610 жылы өлтірілгені
анық. Тарихи деректер бойынша бұл уақиға Қадырғали би қайтыс болған
уақыттан бес жыл кейін болған. Бабамыз Қазан хандығының сарай қызметінде
жүрген Борис Годунов патшаны мадақтап, Ораз Мұхаммедтің Шыңғыс хан
ұрпағынан шыққанын дәлелдеп, оны хан тағына лайық адам етіп көрсету
мақсатында жазған жылнамалар жинағын 1602 жылы бітірген. Сонда таққа
отырғызу салтанаты 1602-1605 жылдар аралығында болған деуге болады. Олай
болса, Қадырғали бабамыздың сексеннің сеңгіріне жеткен өмірінің дәм-тұзы
осы Қасымов қаласында таусылып, 1605 жылы дүниеден өткен.
Ендігі әңгіме Қадырғали бабамыздың жерленген орны қазіргі Қасымов
қаласының қай жағында жатқаны туралы болмақ. Біз жолығып, әңгімелескен
адамдардың сөздеріне қарағанда, мұсылмандар әулетінің о дүниелік болғандары
бұрын да және осы күнге дейін де тек қана мұсылмандар зиратына қойылады
екен. Мұсылмандардың қазіргі зираты қаланың жанында, ол қоршалып, арнайы
күзет қойылған. Ал бұрынғы зират қаланың шығыс жақ шетінде, Ока өзенінің
биік жағалауында. Ол қаланың алғашқы іргетасы қаланған Старый посад деп
аталатын, қаладан 3 шақырым жерде.
Түсінікті болу үшін тарихқа біраз шегініс жасайық. ХІІ ғасырда бұл
жерді мешер тайпасы мекендеген, “Мешерлер қаласы” деген атпен 1152 жылы
қаланың іргетасы қаланады. ХІІ-ХV ғасырлардағы үлкен тарихи өзгерістер
кезінде мешерлер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz