Қазақстан-британ қатынастарының жалпы сипаты, даму тенденциясы мен Қазақстан Республикасы үшін маңызы



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Тарау Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында дипломатиялық қатынастардың орнауы және дамуы
1.1 Қазіргі кезеңдегі Ұлыбританияның сыртқы саясаты және халықаралық қатынастардағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен рөлі ... ..14
1.3 Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында саяси диалогтың орнауы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2 Тарау Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы сауда.экономикалық және гуманитарлық байланыстардың қалыптасып, нығаюы
2.1 Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы сауда.экономикалық байланыстардың қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.2 Екі ел арасындағы мәдени.гуманитарлық байланыстар ... ... ... ... ... ... ... .50
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. 1991 жыл әлем қоғамдастығының тарихында таңбалы із қалдырды. Еуразия материгіндегі ең салмақты, күшті әрі қуатты, социализм мен коммунизм идеясын ұстанған, бір кездегі ұлы империя жүйесі тәуелсіз мемлекеттерге ыдырады. Халықаралық сахнада ірі және кіші мемлекеттер қатарына қосылып, кең байтақ жерге ие, әр түрлі ұлттардың отаны атанып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке ие болды.
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайынан туындайды. Өз тәуелсіздігіне қолы жеткеніне көп уақыт болмаған еліміз егемендігін нығайту, бүкіләлемдік дамудың сара жолына түсу үшін экономика мен қоғамдық-саяси өмірде бетбүрысты шараларды жүзеге асыру дәуірін басынан өткеруде. Бұл процестің Қазақстан халқы мен үкіметінің маңдай тері, күш-жігері мен көрегендігін талап етумен бірге, Республиканың халықаралық деңгейде қолдау алуын, бет бұрыстың толық іске асуына бүкіләлемдік қауымдастық қол үшын беріп, жағдай жасауын қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның шетелдік мемлекеттермен белсенді қарым-қатынас орнату саясаты заман талабына сай саясат болып отыр.
Бұндай саясат Республикаға халықаралық өмірге етене араласып, халықаралық шаруашылық жүйесіне еніп, одан өз орнын алуға мүмкіндік берері сөзсіз. Сондықтан Қазақстанның шетелдермен байланыс жүйесінде дүниежүзінің қандай елінің болмасын өзіндік орны бар, солармен байланыс арқылы еліміз халықаралық қаты настардың оқшау ауданы болып қалмай, белсенді сыртқы саясатында Еуропа бағытындағы белсенді саясатқа ерекше мән беріліп отыр. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына он жеті жылдай болады. Осы жылдар ішінде, Еуропаның ғана емес бүкіл әлемнің куатты державаларының бірі болып табылатын Ұлыбритания мемлекетімен ынтымақтастық дамып нығаюда. Саяси және демократиялық дамудың тәжірибиесі мен дәстүрлеріне бай, күшті әкономикалық даму мен нарықтық экономиканың іргесін қалаудың жолына түскен Республикамызға Ұлыбританияның берер саяси, экономикалық, гуманитарлық сипаттағы қолдауы аз болып отырмағандығы белгілі.
Қарастырып отырған тақырыптың осындай өзектілігі, саяси және практикалық маңыздылығы оны ғылыми тұрғыдан зерттеп, саралау талабын қояды. Осы үрдісте тақырыпты зерттеудің мақсаты, қазақ-британ қарым-қатынастарының тарихи алғы шарттарын қалыптасуы мен даму барысын зерттеу, қамтып отырған сфераларын анықтау, жалпы ерекшеліктерін, нәтижелері мен жетіспейтін тұстарын саралау. Сонымен бірге, қазақ-британ қатынастарының болашағын анықтап, оларды екі ел үшін тиімді жақтарын анықтап, Қазақстанның саяси-экономикалық дамуындағы практикалық мақсаттарға жетуінде тигізер игі әсерін күшейте түсу жолдарын негіздеу.
Аталған мақсатқа жетуде төмендегідей міндеттердің орындалуын тиіс деп қарастырдым:
- Қазақстан мен Ұлыбританияның екі жақты байланыстардың қалыптасып, өркендеуіне мүдделі болып отырғанын және олардың мүдделерінің үйлесімділігін негіздеу;
- Екі елдің саяси сферадағы өзара түсінушілік пен ынтымақтастығының қалыптасуының принциптік, келісімдік-құқықтық нетізінің жасалу процесін саралау.
- Қазақ-британ экономикалық байланыстарының салалары мен даму деңгейін көрсету.
- Қазақ-британ мәдени-гуманитарлық байланыстарының қадамдарын, қамтып отырған сфераларын көрсету арқылы олардың екі жақты қарым-қатынастағы ролін анықтау.
Зерттеудін деректік негізі.
Тақырыпты зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің ағымдағы материалдар архивінің (Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің сайты мен Министрліктің басылымы «Дипломатия жаршысынан» алынған материалдар) қорындағы деректермен жұмыс жүргізілді. Ол деректер - Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы жоғары деңгейде, екі ел Үкіметтері, әр түрлі ведомстволар мен ұйымдар деңгейінде қол қойылған екі жақты келісімдер, конвенциялар және меморандумдар. Диплом жұмысын жазуда деректердің қайнар көзі болған -мерзімді баспасөз беттеріндегі материалдар.
«Комсомольская правда», «Егемен Қазакстан», «Дипломатиялық жаршысы», «Континент», «Қайнар Университетінің хабаршысы», «США. экономика, политика, идеология», Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастық Қазақстанның Еуропалық Одақ мемлекеттерімен қарым-қатынастардың айқын үлгісі болып табылатындығын айтты.
Қазақстан-британ қатынастарын ғылыми тұрғыдан зерттеу қолға алынғалы көп уақыт болған жоқ. Бұны жеке тақырып қылып қойып, теориялық, методологиядық мәселелерін шешуге сүйеніш болатын, Қазақстанның сыртқы саясатының сипатына, бағыттары мен өзекті мәселелеріне арналған жалпыламалық сипаттағы туындылар, зерттеулер аз емес. «Внешняя политика Казахстана» деп аталатын, 1995 жылы шыққан мақалалар жинағы осы реттегі әдебиеттің ішіндегі ең қомақтысы.
Соның ішінде мемлекет қайраткерлерінің еңбектері. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1996 жылы шыққан «Ғасырлар тоғысында» атты кітабындағы «Еуропаның есігін ашу» деп аталынған бөлімі Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси саладағы диалог пен ынтымақтастықтын басталуын, Ұлыбританиямен қарым-қатынас орнатудың маңыздылыгын сәулелендірсе, 2002 жылы жарық көрген «Эпицентр мира» деген Президенттің еңбегінде әлемдік қауымның Қазақстанға деген қызығушылығы тек табиғи бай ресурстар қорларының болуымен ғана шектелмей, мемлекеттің территориясында қолдануға жарамды ядролық қарудың болуымен бәсеңдей түскені туралы айтылған.
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың 1997жылы шыққан «Под стягом независимости» деп аталынатын, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері он бес жылдың ішіндегі сыртқы саясатының қалыптасуы мен байланысының нәтижелерін қорытындылаған кітабында қазақстан-британ қатынастары жеке мәселе ретінде қарастырылып өтеді. Сонымен бірге Қ.Тоқаевтың "Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации", «Қазақстан Республикасының дипломатиясы», "Преодоление" атты кітаптарында, он жыл тәуелсіздік ішінде мемлекетіміздің сыртқы саясатының жеткен жетістері қарастырылады.
Диплом жұмысының зерттелеу деңгейі:
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяс, дипломатиялық, экономикалық, сауда, гуманитарлық салаларындағы екі жақты ынтымақтастықтың түрлі проблемаларын зерттеуге бірқатар отандық және шетелдік ғалымдар айрықша үлес қосқан. Солардың ішінде отандық ғалым Ж. Медеубаеваның «ХХ-ғасырдың 90-жылдарындағы казақстан-британ қатынастарының тарихы» атты іргелі еңбегін ерекше атап өту қажет. Сонымен қатар Н. Капитонованың «Приоритеты внешней политики Великобритании (1990-1997 жж.). атты еңбегін атап өту керек.
Осы проблеманы зерттеуге Б.К. Сұлтанов, Л. Мұзапарова, К.И. Байзакова секілді ғалымдар да айрықша үлес қосқан.
Диплом жұмысында қолданылған зерттеу тәсілдері:
Екі жақты қарым-қатынастың саяси, экономикалық және мәдени салаларда дамып, өрбуінің деңгейін, нәтижесін, болашағын анықтаудағы саралау, талдау әдісі. Екі жақты байланыстардың халықаралық сахнадағы орны мен аймақтық дәрежедегі әлемдік даму үрдісіне қосып отырған үлесін негіздейтін салыстырмалық әдісі;
Екі жақты қатынасты зерттеуде бір жағынан деректік негізі бар мемлекет қайраткерлерінің сөздерін, келісімдердің мазмұнын саралауда контент-анализ әдісі.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен (негізгі бөлім екі тараудан құралады), қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирлания мемлекеттері арасында Достық пен ынтымақтастық туралы бірлескен декларация; 1994ж // www.foreignaffairs.kz/
2. Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында Білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт; 1994 ж // www.foreignaffairs.kz/
3. Қазақстан Республикасы мен ¥лыбритания Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы декларация; 1994ж // www.foreignaffairs.kz/
4. Қазақстан Республикасы мен ¥лыбритания арасындағы қос салық салуды жою және табыс пен мүлік құнының өсіміне салықтар төлеуден жалтаруды болдырмау туралы конвенция; 1996 ж // www.foreignaffairs.kz/
5. Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы әуе қатынасы туралы келісімдер. 1994 ж // www.foreignaffairs.kz/
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ағымдағы материалдары 1996 ж // www.foreignaffairs.kz/
7. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. Алматы,-1996.
8. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. Алматы,-2002.
9. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы,-2003.
10. Токаев К.К. Под стягом независимости: Очерки о внешней политике Казахстана. Агіматы,-1997.
11. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. Алматы,-2000.
12. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дишюматиясы. Алматы,-2002.
13. Токаев К. Преодоление. Дипломатические очерки. Алматы, 2002.
14. Медеубаева Ж.М. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әкономикалық байланыстар (1992-1997). Алматы,-1997.
15. Исқалиев М. Қазақстан нарық кеңістігі. Алматы,-2007.
16. Матвиевский Е.П. Дневник Джона Кастля, как источник по истории и этнографии казахов История СССР. - 1958, № 4.
17. Есмағамбетов К.Е. «Что писали о нас на Западе». Алматы, Қазақ Университеті, 2001.
18. Капитонова Н.К. Приоритеты внешней политики Великобритании (1990-1997). Москва,- 1997.
19. Медеубаева Ж.М. ХХ-ғасырдың 90-жылдарындағы қазақстан-британ қатынастарының тарихы авторефераты. Алматы,-1997.
20. Президент Н. Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары (79.07.2005)Дипломатиялық жаршысы. - 2005.-№3, 6-8 бб.
21. Ахметов Ә.Қ. Үлкен әріптестік жолында // Дипломатиялық жаршысы,-2000, №4, 49 б.
22. Лаумулин М. Интервью с Полномочным Послом Республики Казахстан в Соединенном Королевстве // www.foreignaffairs.kz/
23. Ахметов А.К. «Юнион Джек» // Континент. – 2007. - № 10.
24. Сыроежкин К. Интригующее начало // Континент. 2001 ,-№7.
25. Смирнов С. США Евро: Гудбай Америка // Континент.2007, № 21.
26. Смирнов С. Британская дипломатия // Континент.2007, № 22.
27. Турсынов А. Там за туманами... // Континент. 2007, №12.
28. Президент Н. Назарбаевтың Лондонға сапары Дишюматиялық жаршысы. Астана, 2000, №3.
29. Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың Ұлыбританияға жұмыс сапары (9.07.2001 ) // Дипломатиялық жаршысы. 2001, №3.
30. Қазақстанның сыртқы саясаты. Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов //Дипломатиялық жаршысы. Астана, 2000, №3.
31. Қазақстан-Ұлыбритания // Дипломатиялық жаршысы. 2008 №1.
32. Семьткина Ю. Между Казахстаном и Британией // Континент.-2007, -21-24 ноябрь. № 14.
33. Визит Р.Кука в Российскую Федерацию // Дипломатический вестник. - 1999,-№4.
34. Визит И. Иванова в Великобританию // Дипломатический вестник. 1999,-№8.
35. Визит М. Касьянова в Великобританию // Дипломатический вестник. - 2000, - № 10.
36. Визит В.Путина в Великобританию Дипломатический вестник. 2002,-№1.
37. Митяева Е.В. Международные аспекты освоения нефтяных ресурсов Каспийского моря. США экономика, политика, идеология. - 1998, № 2.
38. Better off out? // Economist. - 2001.
39. Great Britain. - UK, - 1996, p. 11-112.
40. Annual Abstract of Statistics. Tom British Business, January 25 1996, p. 54-58.
41. Султанов Б.К. Музапарова Л. Становление внешней политики Казахстана. Алматы, 2006.
42. Внешняя политика Республики Казахстан. Под ред., К.И. Байзаковой. Алматы, 2006.
43. Trade and Industry, June 25 1996 p. 800-802.
44. www.bqalmaty.kz/ru/operations_in_Kazakhstan/
45. www.mid.ru
46. www.britishcouncil.org
47. www.google.kz

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Тарау Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында дипломатиялық
қатынастардың орнауы және дамуы
1.1 Қазіргі кезеңдегі Ұлыбританияның сыртқы саясаты және халықаралық
қатынастардағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6
1.2 Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен рөлі ... ..14
1.3 Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында саяси диалогтың орнауы
және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...29
2 Тарау Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы сауда-
экономикалық және гуманитарлық байланыстардың қалыптасып, нығаюы
2.1 Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық
байланыстардың
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...40
2.2 Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық
байланыстар ... ... ... ... ... ... ... .50
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..59

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. 1991 жыл әлем қоғамдастығының тарихында
таңбалы із қалдырды. Еуразия материгіндегі ең салмақты, күшті әрі қуатты,
социализм мен коммунизм идеясын ұстанған, бір кездегі ұлы империя жүйесі
тәуелсіз мемлекеттерге ыдырады. Халықаралық сахнада ірі және кіші
мемлекеттер қатарына қосылып, кең байтақ жерге ие, әр түрлі ұлттардың отаны
атанып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке ие болды.
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы саяси-экономикалық,
әлеуметтік жағдайынан туындайды. Өз тәуелсіздігіне қолы жеткеніне көп уақыт
болмаған еліміз егемендігін нығайту, бүкіләлемдік дамудың сара жолына түсу
үшін экономика мен қоғамдық-саяси өмірде бетбүрысты шараларды жүзеге асыру
дәуірін басынан өткеруде. Бұл процестің Қазақстан халқы мен үкіметінің
маңдай тері, күш-жігері мен көрегендігін талап етумен бірге, Республиканың
халықаралық деңгейде қолдау алуын, бет бұрыстың толық іске асуына
бүкіләлемдік қауымдастық қол үшын беріп, жағдай жасауын қажет етеді. Осы
тұрғыдан алғанда Қазақстанның шетелдік мемлекеттермен белсенді қарым-
қатынас орнату саясаты заман талабына сай саясат болып отыр.
Бұндай саясат Республикаға халықаралық өмірге етене араласып,
халықаралық шаруашылық жүйесіне еніп, одан өз орнын алуға мүмкіндік берері
сөзсіз. Сондықтан Қазақстанның шетелдермен байланыс жүйесінде дүниежүзінің
қандай елінің болмасын өзіндік орны бар, солармен байланыс арқылы еліміз
халықаралық қаты настардың оқшау ауданы болып қалмай, белсенді сыртқы
саясатында Еуропа бағытындағы белсенді саясатқа ерекше мән беріліп отыр.
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына он жеті жылдай болады. Осы жылдар ішінде,
Еуропаның ғана емес бүкіл әлемнің куатты державаларының бірі болып
табылатын Ұлыбритания мемлекетімен ынтымақтастық дамып нығаюда. Саяси және
демократиялық дамудың тәжірибиесі мен дәстүрлеріне бай, күшті әкономикалық
даму мен нарықтық экономиканың іргесін қалаудың жолына түскен
Республикамызға Ұлыбританияның берер саяси, экономикалық, гуманитарлық
сипаттағы қолдауы аз болып отырмағандығы белгілі.
Қарастырып отырған тақырыптың осындай өзектілігі, саяси және
практикалық маңыздылығы оны ғылыми тұрғыдан зерттеп, саралау талабын қояды.
Осы үрдісте тақырыпты зерттеудің мақсаты, қазақ-британ қарым-қатынастарының
тарихи алғы шарттарын қалыптасуы мен даму барысын зерттеу, қамтып отырған
сфераларын анықтау, жалпы ерекшеліктерін, нәтижелері мен жетіспейтін
тұстарын саралау. Сонымен бірге, қазақ-британ қатынастарының болашағын
анықтап, оларды екі ел үшін тиімді жақтарын анықтап, Қазақстанның саяси-
экономикалық дамуындағы практикалық мақсаттарға жетуінде тигізер игі әсерін
күшейте түсу жолдарын негіздеу.
Аталған мақсатқа жетуде төмендегідей міндеттердің орындалуын тиіс деп
қарастырдым:
- Қазақстан мен Ұлыбританияның екі жақты байланыстардың қалыптасып,
өркендеуіне мүдделі болып отырғанын және олардың мүдделерінің
үйлесімділігін негіздеу;
- Екі елдің саяси сферадағы өзара түсінушілік пен ынтымақтастығының
қалыптасуының принциптік, келісімдік-құқықтық нетізінің жасалу процесін
саралау.
- Қазақ-британ экономикалық байланыстарының салалары мен даму деңгейін
көрсету.
- Қазақ-британ мәдени-гуманитарлық байланыстарының қадамдарын, қамтып
отырған сфераларын көрсету арқылы олардың екі жақты қарым-қатынастағы ролін
анықтау.
Зерттеудін деректік негізі.
Тақырыпты зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер
Министрлігінің ағымдағы материалдар архивінің (Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігінің сайты мен Министрліктің басылымы Дипломатия
жаршысынан алынған материалдар) қорындағы деректермен жұмыс жүргізілді. Ол
деректер - Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы жоғары деңгейде, екі ел
Үкіметтері, әр түрлі ведомстволар мен ұйымдар деңгейінде қол қойылған екі
жақты келісімдер, конвенциялар және меморандумдар. Диплом жұмысын жазуда
деректердің қайнар көзі болған -мерзімді баспасөз беттеріндегі материалдар.
Комсомольская правда, Егемен Қазакстан, Дипломатиялық жаршысы,
Континент, Қайнар Университетінің хабаршысы, США. экономика, политика,
идеология, Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастық Қазақстанның Еуропалық
Одақ мемлекеттерімен қарым-қатынастардың айқын үлгісі болып табылатындығын
айтты.
Қазақстан-британ қатынастарын ғылыми тұрғыдан зерттеу қолға алынғалы
көп уақыт болған жоқ. Бұны жеке тақырып қылып қойып, теориялық,
методологиядық мәселелерін шешуге сүйеніш болатын, Қазақстанның сыртқы
саясатының сипатына, бағыттары мен өзекті мәселелеріне арналған
жалпыламалық сипаттағы туындылар, зерттеулер аз емес. Внешняя политика
Казахстана деп аталатын, 1995 жылы шыққан мақалалар жинағы осы реттегі
әдебиеттің ішіндегі ең қомақтысы.
Соның ішінде мемлекет қайраткерлерінің еңбектері. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1996 жылы шыққан Ғасырлар
тоғысында атты кітабындағы Еуропаның есігін ашу деп аталынған бөлімі
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси саладағы диалог пен
ынтымақтастықтын басталуын, Ұлыбританиямен қарым-қатынас орнатудың
маңыздылыгын сәулелендірсе, 2002 жылы жарық көрген Эпицентр мира деген
Президенттің еңбегінде әлемдік қауымның Қазақстанға деген қызығушылығы тек
табиғи бай ресурстар қорларының болуымен ғана шектелмей, мемлекеттің
территориясында қолдануға жарамды ядролық қарудың болуымен бәсеңдей түскені
туралы айтылған.
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың 1997жылы
шыққан Под стягом независимости деп аталынатын, Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан бері он бес жылдың ішіндегі сыртқы саясатының қалыптасуы мен
байланысының нәтижелерін қорытындылаған кітабында қазақстан-британ
қатынастары жеке мәселе ретінде қарастырылып өтеді. Сонымен бірге
Қ.Тоқаевтың "Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации",
Қазақстан Республикасының дипломатиясы, "Преодоление" атты кітаптарында,
он жыл тәуелсіздік ішінде мемлекетіміздің сыртқы саясатының жеткен
жетістері қарастырылады.
Диплом жұмысының зерттелеу деңгейі:
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяс, дипломатиялық, экономикалық,
сауда, гуманитарлық салаларындағы екі жақты ынтымақтастықтың түрлі
проблемаларын зерттеуге бірқатар отандық және шетелдік ғалымдар айрықша
үлес қосқан. Солардың ішінде отандық ғалым Ж. Медеубаеваның ХХ-ғасырдың 90-
жылдарындағы казақстан-британ қатынастарының тарихы атты іргелі еңбегін
ерекше атап өту қажет. Сонымен қатар Н. Капитонованың Приоритеты внешней
политики Великобритании (1990-1997 жж.). атты еңбегін атап өту керек.
Осы проблеманы зерттеуге Б.К. Сұлтанов, Л. Мұзапарова, К.И. Байзакова
секілді ғалымдар да айрықша үлес қосқан.
Диплом жұмысында қолданылған зерттеу тәсілдері:
Екі жақты қарым-қатынастың саяси, экономикалық және мәдени салаларда
дамып, өрбуінің деңгейін, нәтижесін, болашағын анықтаудағы саралау, талдау
әдісі. Екі жақты байланыстардың халықаралық сахнадағы орны мен аймақтық
дәрежедегі әлемдік даму үрдісіне қосып отырған үлесін негіздейтін
салыстырмалық әдісі;
Екі жақты қатынасты зерттеуде бір жағынан деректік негізі бар мемлекет
қайраткерлерінің сөздерін, келісімдердің мазмұнын саралауда контент-анализ
әдісі.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен (негізгі
бөлім екі тараудан құралады), қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Тарау Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында дипломатиялық
қатынастардың орнауы және дамуы
1.1 Қазіргі кезеңдегі Ұлыбританияның сыртқы саясаты және халықаралық
қатынастардағы орны
1991 ж. КСРО-ң ыдырауы ҚР-ң жоғарғы кеңесіне осы жылдың 16
желтоқсанында мемелекеттік тәуелсіздік жариялауға мүмкіндік береді.
Республиканың егемендігін алуы Қазақстанның алдында тек қана өзінің сыртқы
саяси стратегиясын құру ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең күшті
мемлекеттермен саяси және дипломатиялық қарым-қатынас орнату арқылы әлемдік
қауымдастыққа кіру міндеті тұрды. Қазақстан мен басқа да посткеңестік
республикалардың халықаралық қауымдастыққа кірудегі қиындығы қысқа мерзім
ішінде нарықтық бағыттағы экономиканы құру үшін стратегиялық ұстанымдарды
айқындау, саяси құрылымды демократияландыру мен қоғамдық қатынастрады
жаңарту ғана емес, сонымен қатар, мемлекетаралық ынтымақтастардың мазмұны
мен түрлерін анықтау, сыртқы саясаттағы бағыттарды, басымдылықтарды
(посткеңестік кеңістік пен ортаазиялық аймақ интеграциялық мәселелерін
қоса) таңдау болды.
Бұл кезеңде Қазақстанның алдында жаңа мемлекеттің территориялық
тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны халықаралық аренада таныту
мен әлемдік экономикалық байланыстарға қосу мәселелерін шешу тұрды. Бірақ
сыртқы саяси қызмет салаларындағы қиындықтар (сыртқы істер министірлігі
құрылмаған, шетелде бірде-бір дипломатиялық өкілдік болмады, білікті
мамандар жоқтығы) ҚР сыртқы саясатын қамтамасыз етуде күрделендірді.
Қазақстанда бірде-бір халықаралық келісімі болмады.
Бұл жағдайда, Н. Назарбаев айтуы бойынша, мемлекетаралық қарым-
қатынастардың толық келісім негізін құру керек болды. Достастық пен
ынтымақтастық келісімдеріне, қарым-қатынастардың негізі туралы келісімдерге
қол қоймай іскерлік байланыстарды орнату мүмкін емес. Тәуелсіздігіміздің
алғашқы күндерінен бастап, көптеген дамыған мемлекеттермен толықмасштабты
экономикалық келісімдерге қол қойып, саудада қолайлы жүйе орнатуға қол
жеткіздік.
Қазақстанның алдында сыртқы саяси концепция мен қорғаныс концепциясын
құру, ұлттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру, сыртқы экономикалық қызмет
стратегиясн жасау және т.б. мәселелерін шешу міндеті тұрды. ҚР әлемдік
қауымдастыққа тең дәрежелі әріптес ретінде кірудегі қиын жолы қазақ
мемлекеттілігінің қалыптасуымен қатар жүріп жатты. Сондықтан президенттің
барлық мәлімдемелері мен стратегиялық қаулылары, бүкіл нормативті құқықтық
базасы, ҚР ішкі және сыртқы саяси позицияларын күшейтуге бағытталды. Қысқа
уақыт ішінде сыртқы саяси концепция қалыптастыруға негіз болатын негізгі
құжаттар қабылданды. Еліміздің сыртқы саяси концептерін қалыптастыру кезеңі
мен сыртқы саяси курсты жүргізуде геосаяси фактор айқындаушы бағыт болды.
Оған барлық қажетті элементтер кіреді: Қазақстан территориясы мен халық
саны, ашық теңіздерге шығатын жолдардың жоқтығы, Ресей және Қытай секілді
державалармен көршідік, ислам әлеміне жақындық, Еуразияның ортасында
орналасу, табиғи ресурстар мен экономикалық потенциал. Мұндай геосаяси
элементтер жағымсыз факт болып есептелсе де, оларды өз пайдамызға шешуге
болады. Сондықтан Қазақстанға қажет болған жағдайда батыс (Еуропа) пен
шығыс (Азия) арасында байланыстырушы ролін алуға тырысады. Аталған
факторлар жас мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
әрекеттердің консолидациясына түрткі болған себептер болып табылады. Әлемде
түбегейлі өзгерістер болып жатты. Шығыс блогының ыдырауы, социалистік
жүйенің құлауы және биполярлы конфронтацияның кетуі күштердің жаңа
орналастырылуына алып келді.
Көптеген тәуелсіз посткеңестік мемлекеттердің құрылуы мен олардың
трансформациясы орнап жатқан мультиполярлы тәртіптің мазмұнын анықтады.
Бірақ АҚШ-тың әлемдік саясаттағы әскери-саяси үстемдікке ұмтылысы (үлкен
Дж. Буш, Б. Клинтон, кіші Дж. Буштың әрекеттері мен бірталай мәлімдемелері
оған дәлел) біртіндеп бірполюсті әлемді бекітті. Орталық Азия мен
Қазақстан ұлы державалардың геосаяси мүдделерінің орталығына айналды. КСРО-
ның ыдырауынан кейін Қазақстан атом қаруын иеленушісі болып қалды. Біздің
еліміз бірінші болып ерікті атом қаруынан бас тартты. Сөйтіп ұлттық
қауіпсіздік стратегиясында 2000 жылға Еліміздің геосаяси жоспардағы ұзақ
мерзімді мүдделеріне жауап беретін, Қазақстанның айналасында мемлекеттің
сыртқы институттары арқылы қалыптасып келе жатқан стратегиялық тепе-
теңдігінің тұрақтылығын ынталандыру міндеті бекітілді.
Қазақстан республикасының сыртқы факторларына экономикалық, әлеуметтік
және саяси модернизацияға кедергі болуы мүмкін, XXI ғ. қауіптері жатады.
Оған аймақтағы діни экстримизм мен тұрақсыздықтың таралуы, есірткі
тасымалы, халықаралық терроризмі жатады. Сондықтан да жаңа мемелекеттер
стратегиясы дамуында сыртқы фактор жетекші болып табылады. Өз кезегінде
аймақ елдерімен Қазақстан үшін әлемдік экономика және саяси дамудың негізгі
аймақтық және жаһандық орталықтары болып есептелетін АҚШ, Еуроодақ, Азия,
Тынық Мұхит аймағы ықпал етуші күш болып табылады.
Еліміздің әлемдік қаумдастағы орны мен ролін, геосаяси өзгерістерді
ескере отырып айқындау Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсатына
айналды және оған ұлттық қауіпсіздік концепциясын қалыптастыруға, сыртқы
саяси концепция жасауға, одақтастар (халықаралық, әскери, қорғаныс саясаты
саласында ұлттық және аймақтық қауіпісздік мәселелерін шешуде) мен сауда
экономикалық әріптестер іздеуге бағытталған стратегиялық және тактикалық
міндеттерді шешу бағындырылды. Әсіресе, Қазақастан аймақтағы экономикалық
күшті лидерге айналу үшін үлкен потенциалды мүмкіндіктер мен ішікі
ресурстарға (табиғи, ғылыми-техникалық) ие.
Алғашқы құжаттарда Қазақстанның геосаяси орны, оның сыртқы айналасы,
онда қолайлы жағдай жасауға бағытталғын қадамдары мен әлемдегі өз орнын
айқындаудың концептуалды көрінісі көрінді. Қазақстанның тәуелсіз мемелекет
ретінде қалыптасу мен даму стартегиясы, XXI ғ. қарсаңында, Қазақстан-
2030. Өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын
жақсарту, Еуразиялық одақ: идеялар, практика, болашақ, Қоғам
трансформациясының стратегиясы мен Еуразия өркениетінің жаңаруы, Қазақстан
халқына жылдық жолдаулары т.б. Президент Н. Назарбаевтың бұл бағыттағы
алғашқы концептуалды іс-әрекеттер болып табылады.
Ұлыбританияның сыртқы саясатының негізгі мақсаты әлемдік қауымдастағы
үлес салмағын арттыру және қауіпсіздігін нығайту. Осыған дәлел ретінде оның
120-дан астам мынандай халықаралық ұйымдарға: Біріккен Ұлттар Ұйымы, НАТО,
Британ Ұлттық Ынтымақтастық (БҰЫ) және Еуропалық Одақта мүше болуын айтуға
болады.
Ұлыбритания Еуропалық Одақ мемлекеттерімен қарым-қатынасты дамытуға
уәде бергенді. Сонымен қатар ол халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қолдап, тіпті бұрынғы Югославияда бейбітшілікті орнатуға тырысқан.
Ұлыбритания, сонымен бірге, өзіне тәуелді Гонконг, Фолкленд аралдары және
Гибралтар территорияларындағы мүдделерін сақтауда [1].
Ұлыбританияның сыртқы саясатын бақылайтын орган, сыртқы және Ұлттық
Ынтымақтастық Офисі - Форин Офис болып табылады. Ұлыбритания БҰҰ-ң негізін
салушы және қауіпсіз кеңесінің бес тұрақты мүшелерінің бірі. Олар Қытай,
Франция, Ресей және АҚШ. 1994 жылы ол БҰҰ-ң тұрақты бюджетінің және БҰҰ
бейбітшілік сақтау операцияларының қамқоршысы болды. Британия БҰҰ
мақсаттары және принциптерімен толығымен келіседі. Біріккен Ұлттар Ұйымы
халықаралық бейбітшілікті қолдау мен қорғауды, ұлттар арасындағы достық
қарым-қатынастарды дамытуды, экономика, саясат және гуманитарлық
салалардағы адамзат құқықтары мен бостандықтарына қол жеткізуді көздейді.
2001 жылы 7 шілдеде Ұлыбританияда Парламенттік сайлау өтті. Бұл
сайлауда Премьер-министр Тони Блэрдің бастауымен лейбористер жеңіске жетгі.
Тони Блэр сайлау алдында берген уәделерін орындау саясатын ұстануда.
Бүгінгі кезге дейін темір әйел сынға алған лейбористер, М. Тэтчердің
жеткен жетістерін қолдануда. Бірақ сыртқы саясатта, Тэтчер ұстанған АҚШ-қа
қатысты ерекше қатынастар саясаты өзгеріссіз қалды.
Еуропалық одақтастық. 2008 жылы Ұлыбританияның Еуропалық Кауымдастық
(Европейское Сообщество) бірігуіне 35 жыл болды. Содан бері Еуропаның
салмағы артып, қазіргі кезеңде тұрақтанып әрі дамып отыр. Ұлыбритания ЕҚ-ң
сенімді әрі салмақты мүшесі. Ол осы Қауымдастыққа мүше болып, глобальды
саяси проблемаларды қарастыруда, басқа одактас мелмекеттерге қарағанда,
шешуші рөл атқарады. ЕҚ мүшесі болудың арқасында, Лондон шет елдерде АҚШ-
тан кейінгі империя болып табылады.
Ол Еуропалық Қауымдастықтан, шет елдермен мемлекетаралық қатынас,
сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясатын жандандыруға қатысатын органдардан
тұрады. Ірі мемлекет ретінде, Ұлыбритания, Еуропалық Өкілеттіктің 20
мүшелер ішіндегі өз ойы мен ұсыныстарын айтып, Еуропалық Қауымдастық
Кеңесінің шешім қабылдауында маңызды рөл атқаратын мүше. Ұлыбритания әрбір
Еуропалық Қауымдастық Кеңестерінде шешім қабылдаушы орган ретінде қатысады.
Бұл Кеңес кемінде жылына екі рет жиналады. Оған мемлекет басшылары, сыртқы
істер министрлері және Өкілеттіктердің Президенттері қатысады. Мұнда
Еуропалық Парламентке тікелей сайланған 626 мүше бар. Олар маңызды шешімдер
қабылдауда кеңесші болып табылады. Ұлыбританиядан 87 мүше қатысады.
Еуропалық Қауымдастықтың саясаты осы Қауымдастықтың әртүрлі заңдылықтар
негізінде іске асады. Қауымдастық сонымен қатар, үшінші дүние
мемлекеттерімен сауда қарым-қатынастары туралы келісімдерін қабылдаған.
Ғалымдар мен сараптамашылардың айтуы бойынша, Еуропалық Одаққа мүше болу,
тек саяси сұрақ, әкономикалық жағынан алғанда, Ұлыбританияның ұтатыны да,
ұтылатыны да жоқ. ЕО-қа мүше болғандықтан, мүшелік қаражат төленуі тиіс, ол
ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 1% көрсеткішінен аспайды.
Біріншіден, егер Ұлыбритания Еропалық Одақтың құрамынан шыққан
жағдайда, ол Еуропалық Одақтың біркелкі ауылшаруашылық саясатына тәуелді
болмайды, демек 0,5-1 %-ке дейін Британдық ІЖӨ көлемін сақтап қалуға
мүмкіндік туады. Сонымен бірге, британ тауарлары басқа еуропалық елдерге
әкспортталған кезде төленетін кеден тарифы Ұлыбритания ІЖӨ көлемінің 0,75%
ғана құрайды.
Екіншіден, егер Ұлыбритания Еуропалық Одақтың құрамынан шыққан жағдайда
да мемлекетке келіп түсетін тікелей шетел инвестициялар көлемі азайып кету
қаупі төнбейді. Ұлыбритания территориясындағы шетел капиталы британ ІЖӨ
көлемінің 25%-не тең. Бұл негізінен британ еңбек рыногының басқа ЕО
мемлекеттерге қарағанда икемді екендігіне байланысты. Әрине Ұлыбританияның
ЕО мүшелігінен шығу кезінде оның тауарларының кеден тарифтарымен, аймақтық
бюрократиямен кездесетіндігі өкінішті-ақ, бірақ бұл оның инвестициялық
тартымдылығы жойылатындығын білдірмейді. Керісінше, егер британ өкіметі
тәуелсіздікке қайта ие болған кезде, еуропалық ортақ заңдармен
салыстырғандағы, өзінің басқарушы заңцар жетістіктерін қолданса, тікелей
шетел инвестициялары қысқармай, керісінше өседі.
Сонымен, Ұлыбританияның ЕО мүшелігінен шығу мүмкіндігі,
еурооптимистердің бұл әрекетті әкономикалық өзін өзі өлтіру анықтамасына
сай келмейді.
Ұлыбританияның АҚШ-қа құятын тұра инвестиция көрсеткішінің өзін
салыстыратын болсақ ол 15 тең, ал ЕО-қа % көлемін құрайды. ЕО мүше болу,
Ұлыбритания үшін басқа мемлекеттер мен жаңа қарым-қатынастарды орнатуға
мүмкіндік берді. Дамып келе жатқан мемлекеттермен енді коллективтік, яғни
Ломе конвенциясы негізінде Африка, Кариб теңізі бассейінінің және Тынық
мұхиты елдерімен жаңа қарым-қатынастар орнады.
Ұлыбритания ЕО-тағы одақтас мемлекеттермен бірге халықаралық қатынастар
жүйесіндегі жаңа бір саяси ұстанымда болып, сол мемлекеттермен бірге ортақ,
сыртқы саясат пен қауіпсіздікке жол салуда.
1999 жылдың 1 қаңтарда Еуропалық Одақтас елдер арасындағы Әкономикалық
және валюталық кеңесті құру жөніндегі келісімшарт күшіне енді. Сол күннен
бастап Германия, Франция, Австрия, Финляндрия, Италия, Испания, Португалия,
Ирландия, Бельгия, Нидерланды Люксембург және Греция ортақ әкономикалық
қауым қүрды. Ал Еуропалық Одақтың үш мүшесі - ¥лыбритания, Швеция және
Дания ЭВК мүше болудан бас тартып, басқа елдердің евро валютасына көшу
процесін әлі де бақылауда.
Қазіргі кезеңде, халықаралық интеграция процесінің даму барысында
Ұлыбритания үшін Еуропалық Одақ қүрамында ең тиімді. Ұлыбритания өз алдына
саяси тұрғыдан да, әкономикалық тұрғыдан да Еуропалық Одақтастар ішінде ең
қуатты мемлекет болып табылады. Бүгінгі таңда қауіпсіздік пен саяси-
экономикалық түрақтылыққа ұмтылған халықаралық сахнадағы көршілес, аймақтас
мемлекеттердің бірігу үрдісі өрбуде. Мысалы, ШД, ІІІОС, ЕО, АТР және т.б.
Сондықтан да Ұлыбритания үшін бүкіл еуропалық аймақтан бөлініп, бөлек
саясат жүргізу тиімсіз.
Ұлыбритания мен АҚШ.
Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттары арасындағы саяси, сауда және
мәдени байланыстар ұзақ жылдар бойы қалыптасқан. НАТО-ң негізін салушы
мүшелер ретінде, екі мемлекет те, батысты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету
мен айналысады. Бүл екі мемлекет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері
ретінде, басты халықаралық салаларда тығыз жұмыс атқарады. Ұлыбритания мен
АҚШ арасында ерекше қарым-қатынастар, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
Уинстон Черчиль кезінде орныққан. Бірақ кейбір ғалымдардың ерекше қарым-
қатынстар таусылды деген ойларымен келісуге болмайды. Кейбір жағдайларда
бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың егжей-тегжейлі болуы,
солтүстік атлант мүдцелер жайында сұрақтар туатын кезге байланысты. 1982 ж.
Фолкленд соғысы кезінде бұл айрыкціа білінді. Сегіз жылдан кейін Парсы
шығанағындағы соғыс барысында ерекше қатынастар жаңа тынысқа ие болғандай
болды. Бұндай жағдайлар Ирак, Югославия мемлекеттеріне қарсы операциялар
кезінде қайталанған болатын. 90-шы жылдары ағылшын-американ қатынастардың
ұзақтығы Лондон мен Вашингтон екі жақты келісім мүдделеріне негізделеді.
Біріншіден, трансатланттық байланыс басқа еуропалық мемлекеттерге
қарағанда, салмақты болуды қамтамасыз етеді.
Екіншіден - Еуропада сенімді әріптестіктің болуы, АҚІІІ сыртқы
саясатының беделін сақтау үшін маңызы зор. Де Голль ¥лыбританияны
Американдықтардың троян жылқысы деп жәйден жәй айтпаған.
Ұлыбритания мен АҚШ ынтымақтастығының үлгісі ретінде болатын екі елдің,
Парсы шығанагындағы согыс кезіндегі қарым-қатынастардың даму барысы
қызығарлық. Вашингтон лидер болып, Лондон бас иіп, үлкеннің сөзін
орындаушы болған-ды. Таң қаларлығы, британ контингент! толығымен американ
Шөлдегі Боран атты бастауының қол астында болды. Мүндай жағдай 90-шы
жылдары Багдадқа, Иракка, 2003 жылы Иракқа қатысты да қолданылған болатын.
Бірақ, АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастар әр уақытта біркелкі
болды деп айтсақ, қателесеміз. Британ дипломатиясы теория жүзінде, өте
үлгілі болған-ды.
Дегенмен де, британ дипломаттарының үлгілі шеберлігі іс жүзінде аса
қоймаған. Мысалы, Тэтчер мен Рейган, Мэйждор мен Буш, Блэр мен Клинтон
араларында болған қатынастар дипломатиялық хаттама шеңберінен асып кеткен.
Бұның нәтижесінде, британ үкіметі мен оппозиция арасындағы қарым-қатынастар
бұзылды. Бұл, әрине АҚШ пен ¥лыбритания арасындағы қатынастарға да әсерін
тигізген. Мұндай жағдайлар Клинтонның, Буш кішінің президенттік сайлауда
жеңген кездерінде қайталанды.
Британия мен АҚШ арасындағы келіспеушілік солтүстік Ирландия жөнінде
сұрақ туғанда көпке дейін сақталған. Мәйджордың пікірінше, Клинтон
өкімшілігі Лондонның ішкі істеріне араласып, өз мүддесін көздеген. Егер
1982ж., 1991ж. және 1999ж. ерекше қатынастар жоғары дамыған болса, 1994-
1995 жж. бүл қатынастар дағдарысқа ұшырады. Екі мемлекет арасындағы ерекше
қарым-қатынастардың ешқандай проблемасыз шешілетін сұрағы ядролық қару-
жарақты дамыту. Бұл жерде Британияның АҚШ-қа тәуелді екендігі сөзсіз.
Британдық ядролық күштер толығымен американдық технологияларға негізделген,
ал ядролық сынауларды Лондон тек американдық квоталар шеңберінде ғана жасай
алады. 1993 ж. өте қызық жағдай болды; ядролық сынақ өткізу мараториясының
мерзімін ұзарту үшін Клинтон қол қойғаннан кейін, Ұлыбританиядағы
консерваторлар үкіметі оны бекітуге қарсылық білдірді.
Ұлыбритания мен АҚШ-тың терроризмге қарсы пікірі бір, осыған байланысты
жоспарлары бар. Бірақ Ақ үйдің жаңа әкімшілігі Билл Клинтонның сыртқы саяси
доктринасын қатаңдату жағына қарай ұмтылуда. Клинтонның гуманитарлық және
дипломатиялық қүрылымы екінші орынға жылжып, ұлттық мүдделер мен әскери
күшке орынға шықты. Іс жүзінде мүлың өзі АҚШ-тың өзінің үлттық мүдделерін
іске асыру кезінде ешкіммен де, еш нәрсемен, БҰҰ мен ЕҚЫҰ жүйелеген
халықаралық хұқықпен санаспауды жөн көреді дегенді білдіреді. Дж. Буштың
саясаты ядролық қару-жарақ немесе терроризм ошағы деп нации-изгои деген
негізді ұстануда. Ондай мемлекеттер қатарына қазіргі кезде Солтүстік Корея,
Ливия, Иран және әрине Ирак жатады. АҚШ-тың бұндай жүргізіп отырған
саясатын Ұлыбритания, ЕО-ң басқа бірнеше елдері сияқты қолдайды.
2003 жылдың наурыз айында Иракқа қарсы басталған соғыс бастаушысы АҚШ,
ал Ұлыбритания оның жақын серігінің рөлін атқарды. АҚШ тарапынан соғыс
бастауы түсінікті; әлемдегі орнын нығайту, Парсы шығанағындағы мүлай
ресурстарын бақылау және қадағалау. Ал Лондон көздеген -мүдделер қандай
болды? Әрине бүл екі жақты мүдделер: саяси және әкономикалық. Біріншіден,
әкономикалық жағынан алғанда, АҚШ-тың Ұлыбританияға салатын инвестиция
көлемі 233 млрд. долларды кұрайды, бұл АҚШ-тың бүкіл ЕО-қа құятын
инвестиция көлемінің 40 пайызын құрайды. Сонымен бірге, Ұлыбритания Америка
әкономикасындағы басты инвесторы.
Ұлыбритания үшін американың әкономикалық тұрақтылығы пайдалы. Еуропалық
Әкономикалық аймаққа енбеген Ұлыбритания әкономикасына евроның құлсыздануы
аса әсерін тигізбейді. Себебі Ұлыбританияның мемлекеттік валютасы-фунт
стерлинг, әлемдегі ең тұрақты валюталарының бірі. ¥лыбритания онсыз да
еуропалық рынокта тұрақты орынға ие мемлекет. Екіншіден, саяси жағынан
алғанда, Ұлыбритания мен АҚШ-тың қарама-қатынасы бұрыннан келе жатыр,
сонымен қатар олардың мүдделері сай келеді.
Соңғы кезде, әсіресе, Ирак мәселесі шеңберінде Америка мен Еуропа
елдері арасында туындаған қарама-қайшылықтарды, Ұлыбритания өз пайдасына
қарай қолдана алады. Бір жағынан АҚШ-тың жақын одақтасы ретінде, екінші
жағынан ЕО-тың салмақты мүшесі ретінде Ұлыбритания екі жақты
түсінбеушіліктерді басушы рөлін атқаруы мүмкін. Бірақ, Вашинтонға,
Парижге және Берлинге мұндай сарапшы керек пе, деген сұрақ туындайды.
Ұлыбритания мен Қытай
1984 ж. Британия мен Қытай Гонконг қаласының 92%-н 1997 ж. дейін жалға
беру туралы Сино-Британ Біріккен Декларациясына қол қойған. Бұл келісім
бойынша Ұлыбритания Гонконг әкімшілігін 1997ж. 30 шілдеге дейін басқарады.
Осы күннен кейін, Гонконг 50 жыл бойы қалыптасып келген капиталистік
жүйесімен, өмір сүру бағытымен Қытайдың Арнаулы Әкімшілік Аймағына (АӘА)
айналуы тиіс болатын. Сыртқы істер мен қарулы күштерінен басқа, Гонконг АӘА-
ғы өзінің жоғары автономиялы деңгейі мен мемлекеттік заңдылықтарына ие бола
алады.
1997 ж. Гонконгты Қытай юрисдикциясына бергеннен кейін, Ұлыбритания мен
Қытай мемлекеті арасындагы қарым-қатынас жогары қарай көтерілді. 1999 ж.
басшысы Цзян Цзэминнің Ұлыбританияға іс-сапары осыған дәлел.
1998 ж. ҚХР әкономикасына құйылған британ инвестициясының көлемі 13
млрд, долл., құрап, ¥лыбританияны ірі инвесторлардың ішінде 6 орынға
апарып, батыс инвесторларының негізгісі жасады. Ұлыбританиядағы қытай
инвестицияларының көлемі де өсуде. Қытай мемлекеті Ұлыбритания өкіметінің
ірі сауда-әкономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. 1998 ж.
(Гонконгты қосқанда) Ұлыбританияның Қытайға деген әкспорт көлемі 1475
млн.ф.ст., ал импорт 2960 млн.ф.ст. көлеміне жетіп, әрі қарай даму
барысында. Лондон Қытаймен әлеуметтік-әкономикалық саланы дамыту үшін 15
млн.ф.ст. бөліп, 2001 ж. дейін бұл санды 22 млн.ф.ст. өсіруді кездеген.
2002 жылы 13 наурызда Ұлыбритания мен Қытай мемлекеттері арасындағы
дишюматиялық қарым - қатынастың орнауына 30 жыл толды. Отыз жыл ішінде
екіжақты мемлекетаралық қарым - қатынас жан жақты дамыды. Оған дәлел 1998
жылы Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Кеңесінің Премьер! Чжу Жунцзи
мен Ұлыбритания Премьері Тони Блэрдің кездесуі, одан бұрын 1986 жылғы
Елизавета ІІ Қытайға жасаған сапары, бұл сапарға жауап ретінде, жоғарыда
аталған Цзян Цзәминнің Ұлыбританияға алғашқы сапары. Қазіргі кезде екі ел
арасындағы тауар алмасу көлемі 10,3 млрд, долларға дейін жетті. Ұлыбритания
Қытайға салатын инвестиция көлемі бойынша ЕО елдерінің ішінде екінші
орында. Ұлыбритания мен Қытай БҮҮ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері
болып табылады. 2001 жылы Ұлыбританияның Қытайға әкспорт көлемі оның
алдындағы жылға қарағанда 17,2 процентке өсті. Сонымен қатар Қытайдың
Ұлыбританиядағы әкспорт көлемі жоғарлады. Қытайдың БСҰ-ға мүше болуы
екіжақты қарым-қатынастың одан әрі нығайюына себеп болады. Лондон мен Пекин
арасында бірнеше заңсыз миграциялау, қылмысқа қарсы күрес, қоршаған табиғи
ортаны қорғау және т.б. салаларда диалог орнаған.
Ұлыбритания мен Ресей.
1990-2003 жж. аралығындағы Ұлыбритания мен Ресей Федерациясы арасындағы
қарым-қатынастар достық пен ынтымақтастыққа негізделген деп сипаттауға
болады. Лондон Ресейге Еуропа Кеңесіне кіруге көмек көрсеткен, сонымен
қатар үлкен сегіздік концепциясын қолдаған болатын.
1992 ж. бастап екі ел басшыларының кездесу графигі өте тығыз болды. Ең
маңызды тарихи кезен, монарх Елизавета II келуі. Мәскеу мен Лондон арасында
көптеген маңызды әскери, әкономикалық, мәдени саладағы құжаттарға қол
қойылды. Басқа еуропалық мемлекеттерге қарағанда Ұлыбритания мен Ресей
арасындағы қарым-қатынастар саяси коньюктураға негізделмеген. Мысалға НАТО-
ның шығысқа қарай кеңейуіне қатысты Лондонның көзқарасы әлдеқайда икемді
болды. Форин офистің ойынша НАТО-ң кеңейуі Ресейдің алшақтап кетуіне негіз
болмауы қажет.
1999 жылы Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Р.Куктың Ресейдегі ресми
сапары барысында екіжақты өзекті мәселелер қарастырылып, еуропалық
қауіпсіздікке, әсіресе Косово мен Ирак маңайындағы жағдайға зор көңіл
бөлінді. 1999 жылдың 21-22 шілде аралығында Ресей Сыртқы істер министрі
И.Иванов Ұлыбританияда Т.Бләрмен, Р.Кукпен кездесті. Бұл Косово маңайында
болған жағдайлардан кейін екі жақты қарым-қатынастардың суыған кездерінен
кейінгі, бірінші маңызды кездесу болды.
2000 жылы қыркүйекте Үкімет басшысы М.Касьянов Ұлыбританияға ресми
сапармен аттанды. Бұл сапар барысында ол Ұлыбритания Премьер-министрі
Т.Блэрмен, Сыртқы істер министрі Р.Кукпен, Қаржы министрі Г.Браунмен
(Британияның қазіргі премьер-министрі), Сауда және өндіріс министрі
С.Байерспен кездесіп, екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайту
мәселесін көтерді.
2000 жылы желтоқсанда В.Путин Ұлыбританияда ресми сапармен болды. Ол
сапар барысында Премьер-Министр Т.Блэрмен кездесіп, қазіргі таңдағы өзекті
мәселелер жөнінде сұхбаттасты. Терроризм, экстремизм сұрақтары қозғалып,
Ресей - ЫАТО-ның болашақ ара-қатынастары туралы пікір алмасты. ЕО-тың
ұлғаюы мен оның Ресей әкономикасына тигізетін әсері де талқыланды. Таяу
Шығыс мәселелері жөнінде сөз қозғалып, ондағы туындаған проблемаларды шешу
жолдары іздестірілді.
2002 жылы қазан айында Ресей Президенті В.Путиннің шақыруымен
¥лыбритания Премьер-министрі Т.Блэр Мәскеуде болды. Кездесу барысында,
тағыда халықаралық өзекті мәселелер, соның ішінде "Ауғанстан мәселесі",
Үндістан мен Пәкістан арасындағы қатынастармен терроризмге қарсы шығу
сұрақтары қарастырылды. Сонымен қатар, екі ел арасындағы әкономикалық
қатынастарды ұлғайтып дамыту мәселесі талқыланды. Жоғарыда атап
айтылғандай, екі елдің арасындағы саяси-әкономикалық байланыстар даму
үстінде. Көптеген жоғары деңгейдегі кездесулер барысында өзекті мәселелер,
соның ішінде екі ел арасындағы сауда-әкономикалық қарым-қатынастардың әрі
қарай даму бағыттары талқыланды. Осының бәрі Ұлыбритания мен Ресей
Федерациясы арасындағы қарым-қатынастардың деңгейш көрсетеді

1.2. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны мен
рөлі
Әр мемлекеттің сыртқы саясат курсы оның ұлттық мүдделеріне бағынып,
өзінің логикасы бойынша дамиды, бірақ геосаяси жағдайы мен қазіргі этапының
қажеттіліктері, сонымен қатар халықаралық қатынастарының жағдайын ескере
отырып дамиды. Өзінің тәуелсіздігін жариялаған кезінен ақ, Қазақстан,
халықаралық қатынастар мен халықаралық құқық принциптерін қолдануға дайын
екендігін мәлімдеді.
Республиканың халықаралық курсының бейбітшілік бағыты оның бағдарын
анықтап, қазіргі халықаралық-құқықтық принциптері жолын ұстауын айқын
көрсетеді. Олар маңызды халықаралық құжаттарда(БҰҰ жарғысы, 1970 ж.
халықаралық құқық прициптері Декларациясы, 1975 ж. Еуропадағы қауіпсіздік
пен ынтымақтастық Кеңесінің Қорытынды актісі) айқын бекітілген.
БҰҰ-ң мүшесі бола тұра, Қазақстан, өзінің сыртқы саясатын халықаралық
құқық прициптері негізінде құруда. ЕҚЫҰ мүшесі бола тұра, ҚР-ң сыртқы
саясаты 1975 ж. Хельсин Қорытында актісінің Декларациясы принциптеріне және
халықаралық актілерде бектілген принциптерге сүйенеді. Яғни, келесі он
принцип: мемлекеттердің тәуелсіздік теңдігі; күш қолданбау немесе күштемеу;
шекаралардың кепілдігі; мемлекеттің территориялық тұтастығы; талас-
тартыстарды бейбітшілік реттеу; ішкі істерге қол сұқпау; негізгі бостандық
және адам құқықтарын силау; теңдік және халықтардың өз тағдырына иелік ету
құқығы; мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық; халықаралық құқыққа сәйкес
міндеттемелерді адал орындау.
Жоғарыда айтылған, ҚР Конституциясында бекітілген (8 тарау) халықаралық
принциптер мен нормалар ҚР Президентінің еңбектерінде өзінің концептуалды
дәләлдерін тапты.Олар барлық халықаралық келісімдерде, мәлімдемелерде,
декларациялар мен мемлекеттің қаулыларында басым.
2000 ж. Сыртқы саясат концепциясы қазіргі заман шарттарына адаптациясы
қажет атаумен сөз сөйлеуінде Н.Назарбаев қазақстан сыртқы саясатына
мемлекеттердің тәуелсіз теңдігі принципінің маңыздылығын айқын көрсетті.
Бұл Ортақ халықаралық процесс шеңберінде тең мүмкіндіктерді толық
қамтамасыз етуге, толық қауіпсіздік және күштердің геосаяси орналасуындағы
ролі мен орнына қарамастан, барлық мемлекеттерге лайықты орын беруге
мүмкіндік береді.
Жаһандану жағдайында бұл принциптің маңызы өсуде, ол барлық
мемлекеттердің потенциалын біріктіріп, қазіргі кезеңдегі қатерлерге төтеп
бере алатындай халықаралық қауымдастықтағы акторлардың тәуелсіздігі мен
егемендігі жағдайында жаңа әлемдік тәртіптің негізіне салыну керек. ҚР
Президенті аймақтағы геосаяси тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
бағытталған маңызды функцияларды жасауға байланысты халықаралық
қауымдастықтағы толық құқықты және жауапты мүшелердің арасындағы
Қазақстанның орнын айқын көрсетті. 2000 ж. БҰҰ-ң мыңжылдық саммитінде
біздің мемлекетіміздің басшысы сөз сөйлегенде қазіргі әлем жаһандық әрі
өзара байланысты болғандықтан, әлемдік практикаға жаһандық әріптестік
принципін кіргізу керек деп санады.
Н. Назарбаев Еуразия өркениетінің жаңаруы мен қоғамның
трансформациясының стратегиясында басқа мемлекеттердің ішкі істеріне
араласпау принципін сақтау қажеттілігін атап кетті. Әсіресе, күш
орталықтарынан тәуелсіз, саяси тұжырымдарды күштеп таңытпайтын, ішкі
істеріне араласпайтын, шекарасыз әлемді құру үшін, конфронтациялар мен
қарсыласуды өту үшін оны келесі жүзжылдықта қабылдау маңызды.
Президенттің айтуынша, дәл қазір, мемлекеттердің өзара қарым-
қатынастарында сенім приципі орнау керек. Бұл принципті халықаралық
конференцияның ашылуында айтылды: 21 ғасыр: 11 қыркүйек апатты оқиғалар
қарсаңында, (2001ж. 29 тамыз) ядролық қарусыз әлемнің алдынан шығу. Бәріне
ортақ проблемаларды бірге шешудің қажжетігі сенім доктринасында
концептуализацияланады: Орындалудың нақты әрі анық механизмдері бар, соның
ішінде: әскери саясаттың транспоренттігі, шекара ауданында қарулы күштерді
қысқарту, қарусыздандыру аймақтарын құру, қауіпсіздікті қаматамасыз ету
мәселелеріне байланысты өзара кеңес, бірге әскери оқулар жасау және т.б.
Қарым-қатынас неғұрлым көбірек болса, соғұрлым сенім де өседі. Ал сенім бар
жерде, қарсылыққа орын жоқ.Бұл қарапайым, өте бағалы шындық. Қазіргі кезде
бұл принцип Шанхай бестігінде табысты мақұлдауды өтті. Сенімді нығайту
мен шекаралардың ауданында қару-жарақтарды қысқартудан бастап, бұл
бірлестіктің мүшелері терроризм мен наркобизнеске бірге күресумен қатар,
қауіпсіздіктің жаңа саласын меңгеруде, бірақ басқа мемлекеттердің ішкі
істеріне араласпайды. Мүмкін, уақыт өте келе ШОС-ғы әрекеттестік,
мемлекеттердің ядролық қауіпсіздігіне де таралуы мүмкін.
Халықаралық ынтымақтастық мемелекеттердің бейбіт қатар өмір сүру
принципі ретінде келесі шарттарға негізделеді: олардың әлеуметтік
жүйесіндегі айырмашылықтарға тәуелсіз, халықаралық экономикалық,
әлеуметтік, мәдени және гуманитарлы мәселелерді шешу үшін, халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында мемлекеттердің
ынтымақтастығы. Осыған байланысты, Қазақстанның сыртқы саясаты Еуропа мен
Америка, Азия мен Африка мемлекеттерімен достық пен өзара тиімді
қатынастарды орнатуға бағытталған.
Жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Президент Жолдауынан, сыртқы
істер Министрлері кеңесінің отырысында Н. Назарбаев, басқа елдермен
жетістіктері мен дамудағы кемшіліктерін атап көрсетуде. Сондай-ақ, 2003 ж.
Малайзиямен сауда қарым-қатынасының артта қалуы туралы айтылды, Канада,
Латын Америка елдерімен, ОАР және Австралиямен ынтымақтастықты қарқындату
мәселесі қойылды, ал 2005 ж. – мемлекеттілікті күшейтіп мемлекетте және
аймақта тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін, аймақтық және халықаралық
ынтымақтастықты дамыту керек.
Қазақстан өзінің келісілген практикасында халықаралық міндеттерді адал
орындау принциптерін басшылыққа алуға ұмтылады. Халықаралық келісімшарттың
тексттеріне Қазақстан келісілген міндеттерді сақтау баптарын қосады. Бұл ҚР
заңдарына негізделген халықаралық келісімдердің ұстанымы туралы мәселе
болып отыр.
Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерімен, Ресей және Қытаймен шекаралас.
Сол себепті біздің мемлекет ұстанатын шекаралық бұзбаушылық принципі өте
маңызды. 1990 ж. бұл принцип Каспий теңізі, қазақстан-қытай шекараларын
делимитациялау сұрақтарын талқылау және шешу үшін ерекшк маңызды болды.
Қазіргі таңда Қазақстан Орталық Азияның оңтүстігіндегі көрші елдерімен
шекараларды делимитациялау және трансшекаралық өзендер проблемасы туралы
келіссөздер жүргізуде.
Территориялық тұтастық және шекаралық бұзбаушылық принциптері
посткеңестік кеңістікте жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы кезеніңде
ерекше мәнге ие болды. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде дамуы және
стратегиялық қалыптасуында - айтылуы бойынша Ең алдымен, біз өзіміздің
саясатымыздың бағыттарын декларациялап және әлемдегі мемлекеттердің бірде
біреуіне территориялық талап қоймайтының жариялайды.
Бұл принциптер ТМД қатысушыларының арасында әртүрлі деңгейде
талқыланды. 1994 ж. 15 сәуірден бастап ТМД қатысушы мемлекеттерінің
егемендігін, территориялық тұтастығын және шекаралық қол сұғұлмаушылығын
сақтау туралы Декларациясы территориялық тұтастықты, шекаралық беріктікті
растайды. Мемлекеттер құқыққа қайшы әрекеттерден, территориялық иелену және
басқада әрекеттерден, бөтен территорияларды бөліске салудан бас тартты.
Олар әскери, саяси, экономикалық және басқада ықпал ету формаларынан,
сонымен қатар қатысушы мемлекеттер Достығының территориялық тұтастығын және
қол сұғұлмаушылығына қарсы сепаратизмді қолданбау туралы міндеттелді. Соңғы
міндеттеме Қазақстан мен Қытай арасындағы бірінші саяси-дипломатиялық
келісімнің негізгі шарттарының бірі болды.
Әлемдік саясатта халықаралық келіспеушілікті бейбіт түрде шешу принципі
нормативті қамтамасыз етілді. Қазқстан оның ұлттық қауіпсіздік
концепциясында және сыртқы саясатта сақталуы туралы жариялады.
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде тұрақтануы және даму
стратегиясында бұл принцип тікелей қауіпсіздікпен байланысты. Сонымен
қатар қақтығыстың алдың алады. Өзінің жауапкершілігін түсіне отырып, әрбір
әскери қақтығыс нәтижесінде катастрофаға апарып соқтыратының біле отырып,
Қазақстан мемлекеттік саясаттың бастапқы мақсаты ретінде әлемнің сақталуын
мойындап, саяси, экономикалық және де басқа мақсаттарына жету үшін соғысты
немесе әскери күшті қолданудан бас тартады; ядролық қарусыз мемлекет
статусына ие болуды және ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылуға
талпынады; жаппай қыру қаруын бірінші болып қолданбау принципіне сүйенеді
және осы міндетті әлемдік бірлестіктің барлық мемлекеттерінің қабылдауына
қатысады; басқа мемлекеттердің ішкі саясатына араласпау, шекаралық
бұзылмаушылық принципіне сүйенеді.
Бұл мақсатта республика қақтығысты мәселелерді бейбіт жолмен және
халықаралық құқық шеңберінде келіссөздер жүргізу арқылы шешуге талпынады.
Қазақстан Азербайджан мен Армения арасындағы болған Таулы Қарабах мәселесін
шешуге қатысты, сонымен қатар таяу шығыстағы, Пәкістан мен Үндістан
арасындағы таласты реттеуге көмегін ұсынды.
Н. Назарбаевтың ойынша Қазақстанның сыртқы саяси мақсаттарының бірі ұжымдық
қауіпсіздік жүйесін құруға қатысу. Сол себептен ҚР ДКБ өміріне жүйелілік
жүргізу және Азиядағы қарым-қатынас және сенім шараларының кеңесі, ШЫҰ,
(ОДКБ) т.б. құрылымдарының жоғары деңгейде ұйымдастырылуының жақтасы болып
табылады.
Келесі мәселелерді қортындылай отырып, Қазақстан бұл принципті кең
мағынада түсіндіреді:
- қақтығысты мәселелерді бейбіт жолмен және халықаралық құқық шеңберінде
шешу;
- жердегі қару-жарақ бәсекесін қысқарту және оны космосқа шығармау;
- қорғанысқа қажетті деңгейге дейін халықаралық бірлестіктің
мемлекеттері әскери күштерін қысқартуы;
- жаппай қыру қаруының сынағы мен өндірісін қысқарту, ең алдымен ядролық
қаруды ликвидациялау;
- жаппай қыру қаруы үшін жаңа технологияларды құру және бұрынғыларды
пайдалануға, материалдары мен технологиялардың экспортына тиым салды;
- химиялық қаруды жою;
- әскери-саяси одақтардың жаңа ұжымдық қауіпсіздік құрылымына және
халықаралық қауіпсіздік жүйесіне трансформациялануы.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатың басқада принциптер
толықтырады. Солардың бірі ішкі және сыртқы саясаттың тығыз қарым-қатынас
принципі. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде құрылу және даму
стратегиясында, ең алдымен мемлекеттіліктің күшейтілуі, модернизация курсы,
әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі, ұлтаралық азаматтық
бейбітке келу, санымен қатар әлемдік бірлестікте және ТМД шеңберінде
интеграцияны күшейту болып табылады. Мемлекет ішінде реформа жүргізу үшін
сыртқы қолайлы жағдайлардың қолдауы қажет болды. Сыртқы саясаттың
болашақтағы жетістіктері мемлекеттегі жүргізіліп жатқан әлеуметтік-
экономикалық және саяси реформаларға тікелей байланысты болды.
1995 ж. 15 ақпанда Алматыда өткен сыртқы саясат Кеңесінде Н.А. Назарбаев
қазір республиканың сыртқы байланыстарында жаңа бір кезең басталады.
Біздің саясат радикалды экономикалық реформалардың өткізілуі негізінде
мемлекеттегі динамикалық экономикалық және мәдени дамудың мүдделеріне
бағынуы керек деп ерекше атап өтті.
Әр кезде Н. Назарбаев қазақстандық дипломатияның ішкі және сыртқы саяси
проблематикасына тоқталып өтеді. 1998 ж. 15 қыркүйегінде Н. Назарбаев
сыртқы саяси мәселелердің іске асуы - Қазақстанның егемендігін мойындауға,
маңызды сыртқы экономикалық мәселелердің іске асуы – экономикалық өз
бетіне, тәуелсіз, тұрақты және қазіргі қаржылық жүйеге әкелгенің атап
көрсетті. Жаңа кезеңде СІМ жұмысы қазіргі таңдағы геоэкономикаға барынша
жақын болу керек, яғни аса экономдалған. Мемлекетке инвестициялардың
құюлуына және оның сауда-экономикалық байланыстарының дамуына ғана көңіл
бөліп қоймай, сонымен қатар әлемдік экономикалық тенденцияларының
сарапталуы да, біздің мемлекетіміздің шарттарына жатады.
Екі жылдан кейін 2000 ж. 2 қазаныңда СІМ кеңейтілген алқалар отырысында
Н. Назарбаев сыртқы саясат ішкі саясатпен тығыз байланысып, содан шығу
керек деп атап көрсетті. Дипломаттар ішкі саясаттың дамуына Қазақстанның
интеграциясын жаһандық және аймақтық процестерін ірі аймақтық мемлекет
ретінде барынша жағдай жасап қамтамасыз етіп отырды. Нәтижесінде
Қазақстанды ЕО пен АҚШ ТМД-ғы бірінші нарықтық-экономикалық мемлекет деп
мойындады. 2005 ж. Президент өзінің жолдауында экономиканың радикалды
реформасына ставка жасап, аз уақыт ішінде нарықтық реформа жүргізіп, заңға
сәйкес құрды деп жариялады. Мемлекет жаһандануға және жаңа технологияға
әсіресе шикізат емес секторларды дамытуға сәйкес экономиканы тұрақты
дамытуға мәжбүр болды.
Сыртқы саясаттың көпвекторлы принципінің – рекшклігі, біздің
мемлекетіміздің объективті мәселелерінен туындаған. Бұл принцип бірқалыпсыз
әрекет пен сынға ұшырады, сол себептен бұған аңығырақ тоқталу керек.
Көпвекторлы термині Президентпен және СІМ басшылығымен сыртқы саясаттың
мақсат-міндетінде, ұлттық мүддеде қолданылған жоқ. Көпвекторлық принцип
есебінде айтылады.
Азия мен Еуропа тоғысында орналасқан геосаяси орны, экономикалық және
әскери-саяси мүдделері, сонымен қатар ресурсты және өндірістік потенциал
халықаралық қатынастар жүйесінде орталықтанған аймақтық держава ретінде
Қазақстанның орнын анықтап, оның сыртқы саясатында артықшылық көпвекторлы
бағыт береді.
Н.Назарбаев президенттік сайлаудан кейін пресс-конференцияда Қазақстан
бұл мемлекетте орталықтанған жағдайы бар және Еуропа мен Азия арасында
көпір болу керек екендігін айтқан кезде, 1991 ж. 2 желтоқсаныңда ең бірінші
рет қазақстандық сыртқы саясат көпвекторлы ретінде анықталды. Қазақстанның
Шығысқа әлде Батысқа бағыт алуы туралы сұрағына Н.Назарбаев Қазақстанның
ашықтығын және де әлемдегі барлық мемлекеттермен жан-жақты (ең алдымен)
экономикалық және саяси байланыстар орнатқысы келетіні туралы жариялады.
Қазақстан тек азиялық континетпен ғана шектелмейтіні туралы атап көрсетті.
Кейінірек Н. Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясаты туралы көрінісін
дамытты. Мемлекетте Азия мен Еуропа арасында парасатты баланс болу керек.
Дегенмен, қазақ халқы мен түрік халқының тамырлары бір. Қазақстан
оқшаулану саясатын жүргізбейді. Керісінше ол Азия мен Еуропа арасында,
Батыс пен Шығыстың ұлы мәдениеттерінің арасындағы ерекше көпір ретінде
байланыстырып тұрады.
Көпвекторлы принцип, Қазақстан Республикасының әлемдегі барлық
мемлекеттермен көптеген бағыттарда және көптеген мемлекеттермен бір уақытта
және бірдей қарым-қатынаста болатынын түсіндіреді. Біраз уақыт өткеннен
кейін Н. Назарбаев 1998 ж. ҚР сыртқы саясатындағы көпвекторлықты
түсіндіруге қайтып оралды. Оның айтуы бойынша, уақыт өте келе Қазақстанға
парасатты және рационалды сыртқы саясатта көпвекторлы дипломатияның жүзеге
асуын қалыптастырады. Көпвекторлы сыртқы саясатқа қолданылып, әлемдік
істердегі маңызды роль атқаратын және мемлекетке қызығушылық танытатын,
барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынастарын дамытуды білдіреді.
К. Тоқаевтың Под стягом независимости атты кітабында сыртқы
саясаттағы негізгі принциптерді талқылай отырып, көпвекторлы туралы былай
дейді: Қазақстан өзінің ұзақ уақытты мүдделерін қамтамасыз ету үшін, саяси
маневрлардың әрекет етуінің сақталып қалуына қызығушулуқ танытады.
Қазақстандық дипломатияның ерекшелігі алдына қойылған мақсатына және
көпвекторлыққа жету үшін, ұлттық-мемлекеттік мүдделерді сақтау керек
Көпвекторлы бұл әріптестің мінез-құлқына, аймақтағы жағдайдың дамуына,
әлемдік нарықтың конъюктурасының өзгеруіне байланысты сыртқы саяси бағыттан
қатаң тәуелділіктің болмауы. Былай айтқанда, көпвекторлы саясат көршілес
мемлекеттермен, ТМД мемлекеттерімен, сонымен қатар Батыс, Азия және Таяу
Шығыс мемлекеттерімен қарым-қатынас ынтымақтастығын білдіреді. К. Тоқаев
айтуы бойынша көпвекторлы тек сыртқы саясат пен дипломатияға ғана қатысты
емес, ол сонымен қатар оны жүргізетін құрылымдарға да байланысты болады.
2001 ж. Президент саясаткерлер мен қоғамның ҚР сыртқы саясатының
көпвекторлығы халықаралық аренада өзгеріссіз қалатынына назарын аударды.
Қазақстанның егемендігі мен сыртқы саясаттың дамуында қауіпсіздік
бөлінбейтін принципі маңызды болды. Бұл принцип барлық элементтермен тығыз
қарым-қатынасты білдіреді. Қауіпсіздік бөлінбеу керек. Бұл барлық
қауіпсіздікке байланысты мәселелердің бір жиында шешілуі тиіс болды. Яғни
ұлттық қауіпсіздікті мемлекеттіктен, аймақтықты континенталдыдан,
континенталдыны жаһандықтан бөлуге болмайды. Әлемде барлық қауіпсіздіктің
мәселесі жаһанданумен тығыз байланысты. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-
сессиясында біздің мемлекетіміздің Президенті бір мемлекеттің қауіпсіздігі
екінші мемлекетке, сонымен қатар аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке
зардабын тигізбеуі керек. Сонымен қатар барлық мемлекеттердің қазіргі
кездегі қауіптерден бірдей деңгейде қорғалуын, және оған төтеп беруге
бірдей жауапкершілікке ие болуы маңызды. Бұл халықаралық қатынастар
жүйесінің тұрақтылығының негізі болып табылады деп сөз сөйледі.
Н. Назарбаев егемендіктің бастапқы жолында әлемдік бірлестіктің жаңа
тәуелсіз мемлекеттердің территориясынан ядролық қарудан қаупі бар
мүмкіндігіне назарларын аударды. Қазақстан ядролық қарудан бастартып,
ядролық қаруы бар посткеңестік мемлекеттермен саяси одақ құруды жариялады.
Сонымен қатар СНВ-1 келісіміне, Лиссабон протоколына, ядролық қаруды
таратпау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму тенденциясы туралы
Сапаны басқару жүйесі жайлы
Халықаралық қатынастар теориялары – реализм және либерализм
Бірінші лейбористік үкімет
Қазақстанның Ұлыбританиямен экономикалық байланысы
Мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық моделін іздестіру
Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы
Еуропадағы миграциялық үдерістер
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы және оны іске асыру кезеңдері
Екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасты жан-жақты талдау және болашақтағы дамуына болжаулар жасау
Пәндер