Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер



Кіріспе
Негізгі бөлім
Ұлттық экономика біртұтас жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
1. Макроэкономика және оның мәселелері. Ұлттық экономика деңгейіндегі экономикалық айналым моделі
2. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы
3. ЖҰӨ және оны өлшеу әдістері
4. Ұлттық есеп жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Макроэкономика – бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін жалпы экономикалық ілімнің бөлімі. Микроэкономика жеке құрылымдардың бағытын және даму заңдылықтарын талдайды: үй шаруашылығын, фирмаларды, банктерді және т.б. Макроэкономикада экономиканы жалпы бірыңғай қарастырады, оның тұлғалары үкімет, кәсіподақ, банктер, өндірушілер мен тұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет көлемінде қарастырылады. Бір фирманың әсерін сипаттайтын басты микроэкономикалық көрсеткіштер: пайда, шығындар. Халық шаруашылығын жалпы сипаттайтын басты макроэкономикалық көрсеткіштер: ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс, баға деңгейі, процент ставкасының орташа деңгейі және жұмыспен қамту.
Макроэкономикада ашылған заңдар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады. Макро талдаудың дәстүрлі әдісі модельдерді құрастыру болып табылады. Модель - бұл басты факторларды есепке алатын және екінші реттіктерден босатылған оңайтылған теориялық схема. Оны құру жүйесі модельдің белгісіз және белгілі өлшемдерін байланыстыратын қызметті анықтауды білдіреді. Макро модельді құрған кезде экономика тепе-теңдікте тұратындай барлық құрамалар арасындағы байланысты табу керек. Жалпы экономикалық тепе-теңдік – ұлттық экономикалық жағдайда нарықта бір уақытта сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі қамтамасыз етілгенде және экономикалық агенттердің ешқайсысы өздерінің сату немесе сатып алу көлемін өзгертуге қызықпағандай жағдайды айтады. Нақты өмірде тепе-теңдік ерекшелік, сирек жететін, тез өтетін құбылыс болып табылады. Әйтсе де тепе-теңдік талдау кең қолданылады, себебі тепе-теңдікке жетуге барлық экономикалық агенттер қызығады.
1. Мамыров Н.К. и др. Микроэкономика.-Алматы: Экономика, 1997.
2. В.Крымова Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы-Алматы, 2003.
3. Я.Аубакиров Экономикалық теория негіздері Алматы: Санат, 1998.
4. Жалпы экономикалық теория. Ө.Шеденов, Ү.Байжомартов, Ақтөбе, 2001.
5. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2003.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ұлттық экономика біртұтас жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштер
1. Макроэкономика және оның мәселелері. Ұлттық экономика деңгейіндегі
экономикалық айналым моделі
2. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы
3. ЖҰӨ және оны өлшеу әдістері
4. Ұлттық есеп жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Макроэкономика – бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму
заңдылықтарын зерттейтін жалпы экономикалық ілімнің бөлімі. Микроэкономика
жеке құрылымдардың бағытын және даму заңдылықтарын талдайды: үй
шаруашылығын, фирмаларды, банктерді және т.б. Макроэкономикада экономиканы
жалпы бірыңғай қарастырады, оның тұлғалары үкімет, кәсіподақ, банктер,
өндірушілер мен тұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет көлемінде
қарастырылады. Бір фирманың әсерін сипаттайтын басты микроэкономикалық
көрсеткіштер: пайда, шығындар. Халық шаруашылығын жалпы сипаттайтын басты
макроэкономикалық көрсеткіштер: ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнім, ұлттық
табыс, баға деңгейі, процент ставкасының орташа деңгейі және жұмыспен
қамту.
Макроэкономикада ашылған заңдар үкіметтің экономикалық саясатын
жасауға негіз болып табылады. Макро талдаудың дәстүрлі әдісі модельдерді
құрастыру болып табылады. Модель - бұл басты факторларды есепке алатын және
екінші реттіктерден босатылған оңайтылған теориялық схема. Оны құру жүйесі
модельдің белгісіз және белгілі өлшемдерін байланыстыратын қызметті
анықтауды білдіреді. Макро модельді құрған кезде экономика тепе-теңдікте
тұратындай барлық құрамалар арасындағы байланысты табу керек. Жалпы
экономикалық тепе-теңдік – ұлттық экономикалық жағдайда нарықта бір уақытта
сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі қамтамасыз етілгенде және экономикалық
агенттердің ешқайсысы өздерінің сату немесе сатып алу көлемін өзгертуге
қызықпағандай жағдайды айтады. Нақты өмірде тепе-теңдік ерекшелік, сирек
жететін, тез өтетін құбылыс болып табылады. Әйтсе де тепе-теңдік талдау
кең қолданылады, себебі тепе-теңдікке жетуге барлық экономикалық агенттер
қызығады.

1. Макроэкономика және оның мәселелері. Ұлттық экономика деңгейіндегі
экономикалық айналым моделі

Қоғамдық ұдайы өндірістегі тепе-теңдік барлық тауарлар сатылған, барлық
өндіріс құралдары және тұтыну заттары қайтарылған жағдайда ғана мүмкін.
Бұл жағдай белгілі халық шаруашылық пропорцияларын сақтауды болжайды.
Бірінші рет осындай қорытындыға келген макроэкономикалық талдаудың
негізін салушы физиократ Франсуа Кенэ. Кейін қоғамдық ұдайы өндіріс
деңгейіндегі тепе-теңдік мәселесімен айналысқан К.Маркс болды. Оның айтуы
бойынша ұдайы өндіріс материалдық игіліктерді, өндірістік қатынастарды
және жұмыс күшін жаңартудың бірыңғай процесі болып табылады. Ол тепе-
теңдікке жетуге болады, егер қоғамдық өнімнің барлық бөлігі құн және табиғи
формада қайтарылса деп есептеді.
Құн бойынша жалпы қоғамдық өнім 3 бөлімнен тұрады: тұтынылған тұрақты
капитал, айнымалы және қосымша құн. Табиғи – заттай формада жалпы қоғамдық
өнім өндіріс құралынан және тұтыну заттарынан құралады.
Қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде қоғамдық ұдайы өндірістің
үздіксіздігі экономикалық тұлғалары үй шаруашылығы, фирмалар, үкімет
(мемлекет) болып табылатын экономикалық айналым моделін қарастырады. Барлық
тұлғалар арасындағы байланыс ақшалай формада, сонымен бірге табиғи-заттай
жүргізіледі. Бастапқы және соңғы орын үй шаруашылығы болып табылады.
Ресурстар нарығы арқылы олар фирмаларға жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік
қабілеттіліктерін береді. Ал өнім нарығы арқылы кәсіпорыннан олар тауар
және қызметтер алады. Экономикалық айналым моделі төменде келтірілген:

2. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы
Ұлттық экономиканың қызмет етуінің жинақтаушы нәтижесі ретінде БҰҰ
сипаттамасы бойынша Ұлттық есеп агрегаттары қолданылады. 1998 ж. есеп
жүргізудің халықаралық жүйесіне Қазақстан да көшті.
Ұлттық байлық – бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну
құралдарының жиынтығы. Ол мүлік (негізгі және айнымалы қорлар, үй
шаруашылығының мүліктері ), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар және
орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттың денсаулық потенциалы,
рухани байлықтар, білім мен ғылым потенциалы) қамтиды.
Шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіші – бір жылдық қоғамдық өнім
болып табылады. Оны бірнеше көрсеткіштер көмегімен көрсетеді: жалпы ұлттық
өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім
(ЖІӨ).
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – белгілі бір уақытта елдің ішкі ресурстарын
қолданумен өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Өндіріс
факторлары осы елдің резиденттеріне тиесілі болуы мүмкін және тек ғана өз
территориясында емес, шетелде де бола алады.
Ұлттық табыс (ҰТ) – жалпы ұлттық өнім мен жылдың ішінде оны құруға
кеткен материалдық шығындар арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада
оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: жалақы, пайда, рента,
процент.
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) – ұлттық экономика салаларының таза шаруашылық
қызмет нәтижесін сипаттайтын көрсеткіш. Жалпы ұлттық өнімнен амортизациялық
төлемдерді алып тастау арқылы немесе ұлтық табыс пен жанама салықтардың
қосындысы ретінде анықтауға болады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - белгілі бір кезеңде мемлекет аумағында
өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны. ЖІӨ құрамына тек
елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқылы өндірілген
өнімдер мен қызметтер жатады. ЖҰӨ мен ЖІӨ арасында белгілі бір
айырмашылықтар болады. Мысалы: Қазақстанның резиденті АҚШ территориясында
орналасқан фирманы иемденеді. Оның өнім өндірісінен алған табысы
американдық ЖІӨ - ге қосылады, өйткені өндіріс факторлары АҚШ
территориясында орналасқан. Бірақ бұл табыстың көлемі Американың ЖҰӨ
құрамына кірмейді, өйткені фирманың иесі қазақстандық азамат.
Халықтың өмір сүру деңгейін сипаттау үшін 3 көрсеткіш қолданылады:
жеке табыс, қолда қалатын табыс, таза экономикалық тұрмыс.
Жеке табыс – бұл салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен
жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс пен жанұялар мен жеке
тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жәрдем ақы және т.б.
трансферттік төлемдер кіреді.
Қолда қалатын табыс – бұл салықты төлегеннен кейінгі қалатын табыс.
ЖҰӨ мен экономикалық тұрмыс арасында тікелей байланыс бар: ЖҰӨ көп болған
сайын экономикалық тұрмыс жоғары болады.
Таза экономикалық тұрмыс қоғамның экономикалық тұрмысын тек табыс
емес, өмір сүру сапасының көрсеткіштерін есепке ала отырып өлшеу.

3. ЖҰӨ және оны өлшеу әдістері
Жалпы ұлттық өнімді өлшеудің үш әдісі бар:
1. Шығын әдісі (түпкі пайдалану)
2. Табыс әдісі (бөлу)
3. Қосылған құн әдісі (өндірістік)
ЖҰӨ-ді шығын әдісімен есептегенде үй шаруашылықтарының, фирмалардың,
мемлекеттің, шет мемлекеттердің барлық экономикалық агенттерінің шығындары
қосылады:
GNP = C + I + G + Xn;
мұндағы: C- тұтыну, яғни үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерге
кететін шығындары (тұрғын үй ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық үлгілерің экономикалық мәні
«МАКРОЭКОНОМИКА» ПӘНІ КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Макроэкономикалық есептеу
Ұлттық экономика біртұтас жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
Макроэкономикалық көрсеткіштер туралы ақпарат
Макроэкономикалық үлгілердің экономикалық мәні
Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
Макроэкономикалық жоспарлау көрсеткіштері және әдістері
Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау
Ақшаға деген сұраныс
Пәндер