Ислам және ғылым



1. Ислам және ғылым
2. Сопылықтың бастау қайнары
3. Сопылық жолы
4. Шариғаттың екі мағынасы
Қасиетті Құранның ең алғашқы бұйрығы "оқы!" болатын. Кейбіреулер оны Құранды оқу деп ұғынды. Ол кезде әлі Құран жоқ еді... "Оқы" сөзі арқылы Алла тағала елшісіне барлықтың шындықтары мен ақиқаттарын "оқуды" бұйырған болатын. Алланың өз елшісіне және бүкіл адамзатқа, сенім иелеріне бұйырған қасиетті бұйрығы осы еді.
Құран Кәрім, профессор Абдуссаламның айтқанындай 750 аятта ғылым мен зерттеуді бұйырыпты; Абдуссалам - Нобель сыйлығының иегері, пакистандық ғалым. Оның "Идеялар және шындықтар" атты кітабында Ислам дінінің ғылымға ерекше көңіл бөлгені жөнінде баяндайды.
Ислам сопылығының діни түсінігі бойынша адамның ішіндегі дүниені, барлықты «бар еткенді»; яғни, Жаратушыды білу болып табылады. Жаратушының мәнін білу мүмкін емес. Сондықтан Жаратушының табиғатына болмысты терең зерттеу арқылы ұласуымыз керек. Ал терең білудің жолы ойлау, зерттеу, байқау, үйрену болып табылатындығы анық. Яғни, Аллаға ғылыми жолмен ұласу үшін физикада, химияда, медицинада, математикада, анатомия, антропология, археология, филология, әтнология сияқты ғылым салаларында тереңдеуіміз керек.
«Яссауи жолы» Анкара

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ислам және ғылым
Қасиетті Құранның ең алғашқы бұйрығы "оқы!" болатын. Кейбіреулер оны
Құранды оқу деп ұғынды. Ол кезде әлі Құран жоқ еді... "Оқы" сөзі арқылы
Алла тағала елшісіне барлықтың шындықтары мен ақиқаттарын "оқуды" бұйырған
болатын. Алланың өз елшісіне және бүкіл адамзатқа, сенім иелеріне бұйырған
қасиетті бұйрығы осы еді.
Құран Кәрім, профессор Абдуссаламның айтқанындай 750 аятта ғылым мен
зерттеуді бұйырыпты; Абдуссалам - Нобель сыйлығының иегері, пакистандық
ғалым. Оның "Идеялар және шындықтар" атты кітабында Ислам дінінің ғылымға
ерекше көңіл бөлгені жөнінде баяндайды.
Ислам сопылығының діни түсінігі бойынша адамның ішіндегі
дүниені, барлықты бар еткенді; яғни, Жаратушыды білу болып
табылады. Жаратушының мәнін білу мүмкін емес. Сондықтан Жаратушының
табиғатына болмысты терең зерттеу арқылы ұласуымыз керек. Ал терең
білудің жолы ойлау, зерттеу, байқау, үйрену болып табылатындығы анық.
Яғни, Аллаға ғылыми жолмен ұласу үшін физикада, химияда,
медицинада, математикада, анатомия, антропология, археология,
филология, әтнология сияқты ғылым салаларында тереңдеуіміз керек.

Самарқанда әлемдік астрономия ғылымының негізін салушы, ұлтымыздың
мақтанышы Ұлықбек абсерваториясы есігінің мандайшасында "әйел мен еркекке,
әрбір мұсылманға білім үйрену парыз" -деген хадис жазулы түр.
Қасиетті Құранды және дінімізді дұрыс ұғынған ұрпақтардың арқасында
еркін ойлау, пікірталас, ғылыми сана, зерттеу рухы дамып, әйгілі ислам
өркениеті пайда болды.
Ислам өркениеті негізгі ғылымдардың көпшілігін жарыққа шығарып,
бұрыннан бар болған ғылымдарды жетілдірді.
Батысты өзінің үндеулерімен схоластикадан оятқан, қараңғылықтан және
топастықтан құтқарған, ғылыми сана, адам құқықтары ұғымына жетелеген ислам
өркениеті болатын. Сигрит Хункенің "Европада туған ислам өркениеті" атты
еңбегі және т.б. шығармалар, сонымен бірге, Жафар Садық, Жабир Хаян,
Бируни, Хорезми, Фараби, Ұлықбек, Али Құсшы, Ибн Синалар сияқты тұлғалар
сөзімізге анық дәлел бола алады.
Өкінішке орай, өзіне-өзі бүркенген, бір орында тұрып, өзін-өзі
қайталаумен ғана шектелген, өз табиғатынан алыстап кеткен ислам әлемі ғылым
мен зерттеуді, еркін ойшылдықты, ынтымақты, ғылыми сананы ұмытып, адасып,
кері кетті. Яғни, мұсылмандардың ислам рухынан ажырауынық басты себептері
деп осыларды айтамыз. Осы орайда үлкен ойдың адамы Ықпал бір әлеңінде:
"...Мұсылмандардан қашып, мұсылмандыққа сиындым...", - дейді.
Таассуптан, тар өріс, таяз ойлаудан қашып мұсылмандыққа сиынуымыз
керек. Демек, Алла махаббатына, таза діндарлыққа, адамды сүюге, ынтымаққа,
еңбектенуге, өз еркімізге ие болуға, ғылыми санаға, білімге, білімге және
білімге...бет бүруымыз керек !!!

Сопылықтың бастау қайнары
Туылмай тұрып қайда едік?
Өлген соң қайда кетеміз?
Болмыс қалай бар болған?
Болмысты бар еткен Жаратушы бар ма осы?
Бар болса Жаратушы мен болмыс арасында нендей байланыстар бар? Бар
етуші болмысты жаратқан соң қайда кетті?
Әлде, тастап кетті ме?
Әйтпесе әрдайым бақылап отыр ма?
Зат дегеніміз-не?
Заттың негізі не, материалды емес нәрселердің негізі не?
Идеялар, ойлар қайдан келеді?
Сезімдер ше, сүю, күю, ашулану, жек көру, кешіру, кек алу... Бұлардың
барлығы қайдан келеді?
Бұлар адамның өз-өзіне қойған сұрақтары... Осы сияқты сұрақтарға
жауап іздеу кей ақылдылардың машығына айналған. Жауап беру үшін
алдыңғы ойшылдардың айтқандары мен осы сұрақтарға берген жауаптарын
електен өткізу арқылы, өз ақылын іске қосып, көкірек көзін ашу
арқылы, ішкі сезім мүшелерін оята бастайды. Міне, пәлсәпаның
да, сопылықтың да пайда болу себебі мен бастау алар қайнары осы...
Кітабы бар діндердің біріне сеніп, алған ілімдеріңізді санаңызға
ұялатып жаныңыз жай табуы ықтимал. Әрине, содан кейін сіз үшін сұрақ қою,
жауап іздеудің керегі де болмауы мүмкін. Жаратқан иемізді,
абсолюттік болмысты, ғарыштық
бір жерлерінде, айналасында періштелерімен жайғасқан, өте қуатты көру,
сезу, есту қабілетіне ие болған, ежелден бері "бар" болған, ешқашан жоқ
болмайтын, барлық құпияларды білетін, бұл пәниге оқтын-оқтын елші-
пайғамбарлар жіберіп, адамзат үшін қағидалы заңдар жүйесін ұсынған,
періштелерінің арқасында адамзат баласы бұл қағидаларға мойынсынып құлдық
етулерін, қарсы шығуларын қадағалайтын бір —Тәңір ретінде ұғып, осы
иманыңызбен жаныңыз рахат таба білер... Бірақ, әр кімнің сіздей ұғынып,
ұғынбауына ренжіп қарауға да болмайды. Өйткені, Ұлы Жаратушы ой жолдарын
түрлі түрлі жаратқан... Ондай саналар пайғамбарлардың келген жолдарына
қайран қалып, қызығушылықпен қарайды. Турасы өздерінің кім екендерін
білгілері келеді, ой тереңдіктеріне бойлап, қиялдарға беріліп, "ғарқ"
болады... Идеялардың қайнарына жетіп, ойлауды да артына тастап, ақылдың
тұтастығына үмтылғысы келеді. Сол үшін техникалар дамытып, оны зерттеп, біз
біле бермейтін ақиқаттарға үласып, ерендер қатарына қосылады. Міне, сопылық
деп осыны айтады.
Келіңіз, қаласаңыз үлкен мәселені бірлесіп ойласайық...
Жаратылғандардың ең жоғарғы мәртебелісі болған, көрікті, әдемі Мұхаммет,
"оқы" деп басталған алғашқы уахимен қандай жетістіктерге жетті ?! Бұл
оқиғаға дейін не істеп еді? Құрма ағаштарына қарап жүрді ме? Саудамен
айналысып жатыр ма еді? Өз үйінде балашағасымен
шүйіркелесіп немесе достарымен сұхбаттасып жатыр ма еді? Әйтпесе,
Хира тауындағы үңгірде терең ойларға беріліп, сопылық жолдық
сырларынан ақиқатты іздеуде ме еді ?... Осы жолдар адамға үлы
пайғамбарлық жолдары ашқан болса, Тәңірім басқаларға әулиелік жолды
неге көрсетпесін?! Сопылықтың қайнарын ескі гректерден
немесе үнділерден іздегендерге мәселені осылайша қолға алуларын
ұсынсам бір пайдасы болар ма екен?
Сопылық жолы
Бір күні бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам – адамның екі дүниесін де бірдей қамтитын хақ дін
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
Ислам экономикасының негізін және ерекшеліктерін зерттеу
Тарих сахнасында Ислам мәдениеті мен ғылымының орны
Ислам дініндегі мәзһабтардың тағдыр түсінігі
Аббасидтер кезиндегі араб мәдениеті
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Шапағатын шашқан ислам діні
Исламға дейінгі наным-сенімдер және Қазақстандағы мұсылман мәдениеті
Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда
Пәндер