Шағын және орта бизнестің дамуындағы алатын ролі


Мазмұны
Кіріспе
- Шағын және орта бизнестің дамуындағы алатын ролі
1. 1. Шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуы
1. 2. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің
дамуындағы банктік несиелеудің алатын орны
- Шағын және орта бизнестің белсенділігін арттырудағы қаржылық несиелік әдістерді жетілдіру жолдары
2. 1. Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік несие есебінен қаржыландыру
2. 2. Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін
несиелуді жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Шағын және орта бизнес - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштерінің шамаларының артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады. Осы шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі болып - банктік несие табылады. Коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын несиелендіруі - ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, проценттік ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелерді бөліп отыр. Себебі, әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың методикасын жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін сауатты анықтауда қолдануы қажет.
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын өндіру қажет. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуның тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.
Тақырыптың өзектiлiгi - банк саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бiрi болып табылады. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) және қаржы жеткiлiктiлiгі жағдайларының болғаны дұрыс.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыру кезiнде қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтанда, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыспен қамтамасыз етiлу немесе жобаның әлеуметтiк мәнi болып табылады.
Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнестi несиелеуге қызығушылық бiлдiруде.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу проблемаларын талдау, несиелеу процесінің теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар несиелеу процесінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.
I. Шағын және орта бизнестің дамуындағы алатын ролі
1. 1. Шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуы
Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі - орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдік жүйедегі экономиканың күйреуі, жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы, экономикалық өмірге бұрынғы шаруашылық субъектілерден өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта таптың қалыптасуы, негізінен, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Шағын және орта бизнестің мәнi мен мағынасын теренірек бiлу үшiн, ең алдымен сол шағын және орта бизнестi алып жүрушi субъект - кәсiпкер кәсіпкерлік терминiне тоқталып өтелік. Кәсiпкерлiк, шағын және орта бизнес негiздерi теориясын XVIII-XIX ғасырларда Ф. Кенэ, А. Смит, Ж. Б. Сэй, кейінрек И. Шумпетер, Ф. Хайск, А. Чаянов және тағы басқа экономист - ғалымдар негiзiн қалаған.
Кәсіпкерлік қызмет - жеке тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының тиімді тәсілі. Ол сондай- ақ, адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой - пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн көрсетедi. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн қалай аталғанына қарамастан, ерекше ой - пiкiр қалыптасқан. Экономикалық мағынада кәсіпкер iрi өндiрiстiк немесе кұрылыс жобаларын басқарушы. Әлеуметтiк - экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның мәнiнде экономикалық - құқықтық, психологиялық және тарихи тұстары бар. Бiрақ, шағын және орта бизнестiң, яғни кәсiпкерлiктiң негiзi адам қызметiнiң экономикалық танымында жатыр. Кәсiпкердің iс әрекетi өзiнiң еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбектi пайдалануға негiзделедi. Шағын және орта бизнестi жүргiзушiлер экономикалық мүддені білдіретін, сонымен қатар оған қатысушылар мiндеттi шарт жасасып ұйымдастырады. Мұндай бизнес түрi - ұжымдық деп есептеледі. Жеке кәсiпкерлерге қарағанда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер көптеген мәселелердi шеше алады. кәсiпкерлiктiң потенциалдық мүмкiндiктерiн толық бағалау үшiн олардың субъектiлерiн номиналды және нақты деп бөлудiң маңызы ерекше. Номиналдыға кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығы жатады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi - бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы барлар жатады. Мiне, осы адамдар экономиканың кәсiпкерлiк секторын құрып, дамыта алады.
Елімізде отандық шағын бизнестің белсенді дамуы 1992-1993 жылдары басталды. Содан бері нарықтық экономиканың қалыптасуына да 15 жылдан астам уақыт өтті. Осы бірнеше кезең ішінде мемлекеттің меншігі бірте-бірте жеке меншікке ауысты. Олар әртүрлі шаруашылық ассоциациялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шағын кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар формаларында қайта құрылды.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға белсендi қатысушылары - шағын және орта бизнес субъектiлерi - кәсiпкерлер, жеке адамдар, бизнесмендер екенi белгiлi. Республикамызда шағын және орта бизнестiң дамуына жан-жақты жағдайлар интенсивтi түрде жасалынылуда. Ал, оларға жекеше тоқталсақ, меншiктi жекешелендiру бағдарламасының жүруi, ол өз кезегiнде шағын бизнестiң дамуының нағыз экономикалық негiзi екенiн есiмiзге алайық. кәсiпкер шағын және орта бизнес субъектiсi ретiнде оның iс-әрекетi әр кезде де белгiлi бағытта ұйымдастырылады және оның нақты нысандары бар. кәсiпкерлiктiң шаруашылықты жүргiзу тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi - шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Олардың дербестiгi нарық механизмi әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiптi қалыптастырады. кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн ұйымдастыруы және оларды нарықта кәсiпкердiң ойлағанындай өткiзе алу құқын бередi. Материалдық ресурстар мен ақша капиталының иелерi бұларды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбiр қызметшi өзi iстей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Кәсiпкерлiкке тән тағы да бiр сипат - шаруашылық жүргiзудегi тәуекелге бел бууы, iске кiрiсер алдында болашақ бұлдыр қиялдарды болжап бiлу және оны шеше алуы. Шаруашылықтың қауiп - қатерi, тәуекелдiң негiзiнде мүмкiн болатын және шын мәнiдегi шығындар мен нәтижелердiң ара қатынасы жатады.
шағын және орта бизнестiң Қазақстан Республикасында қалыптаса басталуы мен дамуы тауарлы нарықтың және кәсiпкерлiк iс-әрекеттiң кең ауқымға құлаш жаюымен байланыстыруға болады. Әрине мемелекетiмiздiң тәуелсiздiкке қол жеткiзуi, нарық экономикасына бет бұруының өзi елде кәсiпкерлiк пен шағын және орта бизнеспен айналысуға мiндет едi. Бастапқы кезең ретiнде көрiнген мұндай бизнес 1995-1996-шы жылдары делдалдық қызмет ретiнде жүзеге асты. Ал одан кейінгі 5-6 жылдар iшiнде қолынан iс келетiн азаматтар, заңды тұлғалар әлемдiк тәжiрибені үйрету арқылы қалыптасқан бизнес кiлтi - өндiрiс екендiгiн түсiндi. Республикамыз табиғи жер қойнауындағы ресурстарға бай, жер ауқымы кең болғандықтан, ауыл шаруашылығында - фермерлiк iс, шаруашылық қожалықтарын құру, төл өсiру, сүт тағамдарының көптеген түрлерін молынан нарыққа шығару соңғы кезде кең дамып келеді.
шағын бизнестiң дамуы транспорттық шығындар мен өнiмдердiң құрып қалуы қаупiн төмендетедi. Сонымен, шағын кәсiпорындар - негiзiнде алып инфрақұрылымдық бөлiмдердiң (қоймалық, арнаулы коммуника-циялар, көлiктiк шаруашылықтар, тазалау құрылғылары) құрылуына көп шығындар жұмсалмайды. Өндiрiстiң аздаған көлемi бойынша тауарларды сату, айналымға жiберу, материалды техникалық жабдықтауларды өнiм дайын болған кезiнде реализациялау тез жүредi.
2005-2007 жж. Қазақстан Республикасында тiркелген шағын және орта кәсiпкерлік субъектілердің саны мен құрылымы
Шағын және орта бизнестегі кәсіпкер тұлғалардың қызмет түрлері бойынша құрамын талдау барысында шағын және орта бизнесте тіркелген кәсіпкер тұлғалардың қалыпты даму тенденциясы сақталғаны байқалды.
Суретте келтірілгендей, 2007 жылы 2006 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісіндегі кәсіпкер тұлғалардың санының 1, 4 есеге артқаны анықталып, 2005-2007ж. ж. басқа кәсіп түрлеріне қарағанда саудадағы кәсіпкерлердің үлес салмағының басымдығы байқалды. Бұл көрсеткіш 2007 жылы 40, 36 пайызды құрады.
Қызмет түрлері бойынша шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлердің құрамы 2005-2007 ж. ж.
шағын және орта бизнес алдында тұрған проблемалар жеткілікті және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады
Шағын кәсіпорындардың жұмыс істеуі кезінде туындайтын кедергілер
Ескерту - автормен құрастырылған: Мейірбеков Б. К. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мен реттеудің қажеттілігі// Ақиқат-№3, 2007ж.
Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай Қазақстан нарығында шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған мәселелердің бірі - салық саясатының жетілмегендігі. Бұл проблема есеп-қисап жүйесінің үйлесімсіздігі, жоғары ставкадағы салықтар мен алымдар және оларды жинаудың күрделі жүйесі ретінде көрініс табады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді:
- жаңа өндірістік - инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жеңілдетілген режимін енгізу;
- өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу процедурасын қайта қарау;
- ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама қаржылық талдау көрсету;
- салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.
Екінші орында кәсіпкерлер несиені алу кезінде туындайтын қиыншылықтар мәселесі. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған бұл мәселе кәсіперлердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Республика бойынша шағын және орта бизнес субъектілермен жүргізілген анонимді анкеталық сұраудың мәліметтері бойынша, шағын бизнестің алдында тұрған ең негізгі мәселе-несиелік ресурстарға шығу жолы. Яғни, жоғары проценттік ставкалар, қысқа мерзімде несиелеу және кепілге алынған мүліктің болмауы. Бүгінгі күнде коммерциялық банктер тек сауда -саттық операциялармен айналысушыларды немесе тауар өндірушілерді ғана несиелеуді қолдап отырғанын айта кетуге болады. Банктік сектор шағын бизнесті көңілсіз түрде несиелеуге мұқтаж. Себебі несие берілген жағдайда шағын кәсіпорындардың несиені қайтара алмай қалуынан, оны өтейтін қаржылық базаның аздығы көңілді алаңдатады.
Шағын бизнес субъектілерінің жұмысына кедергі болатын мәселелердің тағы бір түрі - жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Яғни : АҚШ доллары бағамының тез қалқымалылығы, макроэкономикалық негативті өзгерістерге байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер.
Алтыншы мәселе - шикізатпен қамтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі. Өнімді өткізу кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірде - бір себебі - бәсекелестік ортаның жоғарлылығы. Ал шикізатпен қамтамасыз етілуі кезінде пайда болуының себебі - тауар сапасының төмен болуы, қымбат баға және отандық шикізаттың болмауы есебінен туындайды.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар шағын кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.
Көп өңірлерде кәсіпкерлердің біліктілігі мен оларды оқыту проблемасы шешілмеген күйде қалуда. Жүргізілген талдау шағын кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары өткен жылдардың тәжірибесі негізінде жүйелеу жолымен экономикалық, құқықтық және институтционалдық - құрылымдық реформаларды тереңдету қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Шағын бизнесті дамытудағы және жұмысбастылық мәселесін шешудегі мемлекеттік саясатты жасап, жүргізу үшін мынадай факторларды бөліп көрсетуге болады. Ал бұл факторлар өз кезегінде шағын бизнестің дамуын тежеуге және бірінші кезектегі міндеттерді анықтауға мүмкіншілік береді.
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуындағы банктік несиелеудің алатын орны
Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар әсерінен кәсіпорынға олардың ұйымдастыру-құқықтық нысандарына тәуелсіз, кешенді несие-есептік және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің тармақталған желісі қалыптасуда.
Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн бiрден-бiр ұйым ол - екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны - тарихи қалыптасқан жағдай. Қазақстандық шағын және орта бизнес субъектілерінің екiншi деңгейдегi банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды молықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылады. Алғашқы құрылу кезінде шағын бизнес несиесіз өз жұмысын атқара алмайды. Бірақ кішігірім компаниялар банкпен мәміле жасаған кезде қолайсыз жағдайға келеді. Мұндай жағдайға келудің бірден-бір себептері - ол компанияның несие қабілеттілігінің төмендігі, өндіріс пен мүлкінің өтімсіздігі, маркетингтік және технологиялық потенциал дамуының артта қалуы.
Республикадағы шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын факторларға мыналарды жатқызуға болады:
- несиеге қол жеткізудегі шектеулер;
- екiнші деңгейдегi банктердің жоғары кепілдікпен қамтамасыз етудегі қоятын талаптары;
- несиенің қысқа мерзімділігі (6 айдан 18 айға дейін) және жоғары проценттік ставкалар;
- несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сақтандыру қажеттігі;
- қоғамдық, жетілмегендігі; коммерциялық емес отандық және шетелдік қорлардың кіші фирмаларды микронесиелеудегі заңдық ақпараттық базаның жетілмегендігі;
- шағын бизнес сферасындағы капитал нарығының тым тарлығы. Яғни айналымның шектеулілігі.
Осы ретте Қазақстан Республикасының банктiк сферасының макроэкономикалық өзгерiстерге ұшырауы, соның iшiнде импорттық либерилизациялау, бағалар реформасы, фискалдық тәртiптi үдете түсу, жекешелендiру және тағы да басқа нарықтық экономикаға тән өзгерiстер орын алды. Осылайша банктiк сектордың несиелеу iсiнде де ғаламдық өзгерiстер процесi жүрiп отырды.
Мемлекеттiк экономикалық даму жолында оған ұшырасатын өзгерiстерге байланысты несиенiң айналыс аясы мен оның орны да бiраз өзгерiстерге ұшырады. Әсiресе Қазақстан Республикасының бұрыңғы орталықтандырылған мемлекеттiк жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға өту кезінде осы несиелiк қатынастар аясында несиелiк салымдар көлемi ұлғайды. Бұл процестiң жүруi нарықтың заңдылығы. Егер, бұған стандарттық емес мынандай мәселелер /елдiң банктiк жүйесiнiң дамымай қалуы, тыңғылықты жасалмаған ақша несие саясаты/ әсер етпесе. Осылайша нарықты экономика жағдайына көшуде, көшiп бiткен кезде де несиенiң алатын орны ерекше. Жоспарлы орталықтандырылған экономика кезiнде елдiң несиелiк ресурстары КСРО Үкiметiмен жалпыға бiрдей жасалған несиелiк жоспар бойынша берiлдi. Тiптi, ол несие қандай мақсатқа, оған яғни несиеге кәсiпорын мұктаж ба, жоқ па оған көңiл бөлiнбедi. Ал, шаруашылықтар осы несиелiк жоспар бекiтiлгеннен кейiн ағымдағы тоқсанда несиеге қажеттiлiк бiлдiрiлсе, жергiлiктi банктер мұндай мәселелермен айналысуға құқығы жоқ және ресурстары да жоқ болатын. Бұл өз кезегiнде несиенiң аясының тарылуына және де шаруашылықтың мәселелерiн жедел де тез шешу сипатын жоғалттырды. Ал, нарықты экономика кезiнде несиенiң берiлу мәселелерi әр банктiң өз несиелiк саясатына сай әр банк өзi жекеше шешедi. Несие берудiң барлық жағдайлары банкпен клиенттiң арасында жасалатын несиелiк келiсiм шартта қарастырылады. Нарықтық жағдайда несиелiк қатынастарды кеңейтуге бiраз мүмкiншiлiктер ашылды. Олардың iшiнде атап айтқанда коммерциялық және ипотекалық - несие, вексель, акциялар мен бағалы қағаздарды несие алу үшiн кепiл етiп шығару. Несиелiк қатынастардың кең ауқымға жайылуы арқылы несие ролiнiң оң бағытқа бұрылуында несиелеудiң жаңа тиiмдi әдiсi - белгiлi бiр нақты жобаны несиелеу / жобалық қаржыландыру/ бұл ретте банктер ұзақ мерзiмге несие қаражатын берiп қана қоймай жобаның басынан бастап, аяқталғанына дейiн бақылау жасап, несиенiң тиiмдi пайдалануын қадағалайды.
шағын және орта бизнестi несиелеу тек қана қаржылық құралдардың шектеулiлiгiнен ғана емес, сонымен қатар екінші деңгейдегi коммерциялық банктердiң бұл секторды толығымен несиелеу өкiлеттiлiгiмен және оның тәуекелдiлiгi де әсер ететiндiгiн атап өту керек.
Бiрiншiден ол құрамы бойынша бiрыңғай емес. Өйткенi Қазақстанда коммерциялық банктер саны 34 болса, соның iшiнде олардың жарғы капиталы кем дегенде 2 млд. тенге болуы керек. Салыстырмалы Республиканың қаржылық орталығы Алматы қаласында iрi банктердiң 70% орналасқан, ал кiшiгiрiм банктер әртүрлi облыс орталықтарында шоғырланған.
Екiншiден, iрi банктер мен кiшiгiрiм банктердiң мүмкiндiктерi мен ұсынатын қызмет түрлерi адекватты емес. Қысқа мерзiмдi несиелеу түрiмен негiзiнде iрi банктердiң айналысуы шамалы, ал орта және кiшiгiрiм банктер үлесi де аз болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz