Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі жайлы ақпарат



1. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт . азаттық көтерілісі
2. Қазақ хандығы
3. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы
4. Әбілхайыр Ордасы
Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ –қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс –украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.

1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық –зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өенркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн. пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі.

Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын
отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары
империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп
қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді.
Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын
жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып
алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр
болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен
Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл
кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін
егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және
т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ
–қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп
келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің
жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті
халықтар мен орыс –украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды
шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да
кеңінен тарады.

1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші
дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде
Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен
жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық –зомбылығы мен озбырлығын
күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық
өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді,
шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді.
Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп
соқтырды. Елдің өенркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының
күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші
бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899,
044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн. пұт мақта майы, 229 мың пұт
сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп
алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға,
кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді.

Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл
щаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып
келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алымсалық
жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлунішілік күшейді. Қазақ
даласында жалпы ұлттық дағдарыспісіп жетілді.

Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне
түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде,
Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың
қозғалысы бой көтерді.

Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы
қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың
әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный,
Семей қалаларында болды.

Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар
селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті
саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы
қанаушы таптар арасындағы қарама –қарсылық, бір –біріне қарсы шығу жалпы
бұқаралық сипат алды.

Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық –
зомбылығы

1916 жылы 25 мусымда патша өкіметінің Бұратана халықты мемлекеттік
қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже қабылдауына байланысты
тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын
орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай
мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін
болды. Азық – түлік екі – үш есе қымбаттауы да халықтың наразлығына өршіте
түсті.

Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25
маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен
орта ғасырлық қанауға қарсы көтерліуіне себеп болды. Жарлық бойынша
Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде
Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам
жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып
болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан
кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын қара тізімге қосты , ал
феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп
көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы кедей
шалдары 30 жаста болып, 25 – 30 жастағы бай балаларды 50 жастағы болып
болып жазылды.

Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор
наразлығына тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл
старшындарын, қатігез байдларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл
жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым – салық қағаздарын т.б. жойып
жіберу секілді ашу – ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы,
мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын
әкетеуі жиілей түсті.

Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарында ұлт – азаттық сипатта
болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалстік соғысқа және жергілікті
жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал – байларға қарсы
бағытталды. Бұл қозғалыста еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай
даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы
мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда –
Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында - Әділбек Майкөтев, Жетісуда – Тоқаш Бокин,
Бекболат Әшекеев, ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды.

Бұл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет. Ол – 1916 жылы қазақ
интелегенциясының көсемдері, яғни ұлт – азаттық қозғалысты бастаушылар,
халық көтерілісіне қалай қарады ? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті
жақтаған жоқ. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай
қаруланған әскеріне көрсете алмай, тағыда қырғыеға ұшырайтынын сезді. Бірақ
оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны – халық көтерілісін тоқтату
мүнкін болмады. Қазақ газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да
мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада
патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре
қоймады.

Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт-азаттық қозғалыстың
көсемдері бөлініп қалды. Өмір олардың болжамы дұрыс екендігін дәлелдеді.
Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917 жыл 27 ақпанда бас –
аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды ескермей
кейінгі зерттеушілер тарапынан болашақ Алаш партиямының өкілдері 1916
жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген ұшқары жалған
сөздер айтылды. Алашордалық көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді.

Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле
бастаған кезде, оларға бас – көз болып, кейін аман – есен оларды ауылға
жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ
зиялылары (оқытушылар, заңгер т.б. ) серіктерімен бірге майданға
(реквизициаланғандармен) атанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек.
Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігітерінің елге
оралуыекі талай еді.

1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды.
Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның құрамында
жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак – орыс шоғырлары кірді.

Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі бөліп ал да билей
бердеген тактикасында кеңінен қолданады. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан
генерал – губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына
шақырылуларудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды. Олар:
Басқару органдарының (облыстық ,ауылдық ) қызметкерлері, жергілікті
(бұтана) халықтың төменгі полицияда істеп жүргендері, имамдар, молдалар,
медреседе істейтіндер, мекемелерде қаражат мәселесімен айналасатын
бухгалтерлер мен есепшілер, мемлекеттік мекемелелерде қызмет істеп жүрген
бұратана әкімшілігінің бұратана халықтың өкілдері, дворян және құрметті
азаматтар әулетінен шыққан бұратана халықтық қозғалыстан бұратана
әкімшілігінің, байлар мен мұсылман діні өкілдерінің аздаған тобын бөліп
алуға мүнкіндік берді.

Жәнібек хан (1473-1480)
Жәнібек Әбусағит (туған жылы мен өлген жылы белгісіз) - Қазақ хандығы мен
қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның
шөбересі. XV ғасырда өмір сүрген. XV ғасырдың 50-жылдарына дейінгі өмірі
мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.

1456 жылы Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілхайыр билікті қолына алған соң,
көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс
аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы
өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ
басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен
200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты,
олардың билігінің күшеюі 1468 жылы Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып,
бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп
төнуі мүмкін деген ой салды.

Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-
Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен
Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен
кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала
алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-
Қыпшақтағы билік Орыс ханның тұқымдары - Жәніібек хан мен Керей ханның
қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе
шайқасты.

Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де Көшпелі өзбектер
мемлекетіндегі саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға Көшпелі
өзбектер мемлекеті атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір
кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында қазақтар деп
атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күрес
Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының
құрылуына үлес қосты.

XV ғасырдың орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары
бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей
хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың
басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды
басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды. Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа
оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен
өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет1473 жылы
кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек
хан
Қазақ хандығы
МЕН БҰЛ МӘЛІМЕТТІ УИКПЕДИЯ САЙТЫНАН АЛДЫМ

Қазақ хандығы
1456 – 1731

Алаш!
Елордасы
Түркістан

Тіл(дер)і Қазақша

Діні
Сұнна Ислам
Өкімет түрі
Монархия
Хан
- 1465—1480 Жәнібек хан және Керей хан (тұңғыштары)
Тарихы
Құрылуы 1456
Құлауы 1731

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.)
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-
экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс.
Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының
артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр
хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың
үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып
соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы
өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш
көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен,
солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір
орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың
басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың
билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен
соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды
талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен
Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары
мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы —
Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457
ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан
өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз
жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға
кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті.
Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына
және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны
Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне,
соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп
кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр
хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас
өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі,
оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып
келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және
экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын
тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына
айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің
солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид
қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы
келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы,
ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың
дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің
жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының
құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін
қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу
халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың
күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр
хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте
түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек
пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу
жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін
қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері-
оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан
болды.
Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең
жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың
маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз
құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық
сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны
(Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып
алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы
Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-
ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары
үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын
билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс
Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ,
Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы
өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты.
Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті
Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге
мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана
отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және
этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол
астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп,
Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен
Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы.
Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп,
үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана
бастады.
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз
тұсында жерді біріктіру процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен
хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында
қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік
құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра
қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы
Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас,
Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы,
Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс
болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу
мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.
Қасым ханның қасқа жолы деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ
заңдары жасалынды.
Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет
болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас
басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы
қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым
ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне
әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар
басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы
оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның
ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-
1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-
1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған
ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен
Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес
жүргізілді. Ақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр
бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен
байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары
арқылы Ақназарды у беріп өлтірді.
Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған
Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған)
бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла
Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы
Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының
иелігі енді Тәуекелге көшеді.
Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін күресті. 1583 жылы
ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды алып,
Ташкент, Андижан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты.
Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қаза болды. Одан
соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы
Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған
Сыр бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп берілді. Сөйтіп, Сыр
бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір жарым
ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді.
Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. МСондықтан ол қанға
қан, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, зекет, ұшыр жинау, айып салу және
т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын "Есім хан салған ескі жол! Деп
атады.
16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталыпы
Түмен) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарқара көтерілісі
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыс
Тәуелсіздік жолындағы күрес
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Ұлт азаттық көтерілісі жылдарындағы өлең, жырлар
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-заттық көтеріліс
Әбдіғапар Жанбосынұлы және 1916 жылдардағы Торғай қазақтарының көтерілісіне жаңа көзқарастар
Пәндер