Ғұн мемлекетінің этникалық және саясты



Кіріспе

1. Ғұн мемлекетінің этникалыќ және саяси тарихы
2. Ғұндардың шаруашылығы әлеуметтік.экономикалық қатынастары
3. Ежелгі хундар туралы тарихи деректер және хундардың шығу тегі
4. Азиядағы хундар құрған мемлекет
5.Хундардың экономикасы және мемлекетті басқару дәстүрі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Ғұндар. Б. з. б. I мыңжылдықта казіргі Монғолияның оңтустігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталык Азияның ұлан-байтақ кеңістігін тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.
Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, эт-никалық жақындык, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уакыты жағыиан алғашқылары сюнну (ғұндар) болды. Б. з. б. III ғасырдын аяғында кытай деректемелерінде пайда болган сюнну (гұн) атауы тегі әр түрлі таппаларды біріктірген және Тынык мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумакта, ал кейіннен одан әрі батысқа да аратүра таралып отырған саяси құрылымға катысты болды.
Сюнну этнонимінің мазмұны мен накты калай айтылатыиы әзірше айкын емес. Зерттеулердің көрсетіп отырғанындай, оның ежелгі кытайлык транскрипциясы гректер мен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп жатыр. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюн-нуларға сабактастығын сақтап калған ғұн-болғар ақсүйектерін сипаттай ксліп, оларды трунове, яғни трундар деп атайды. Егер осылайша, «трун» деген сөз бастапқыда «ғұн» тайиаларының ақсүйектеріне арналып аптылса, сюнну (хунну), яғни трундар ғұндар деп саналмағанын білдірмейді. Трун және ғұн терминдері бір ғана этникалык-саяси кауым жөнінде колданылған, олардың таралған аудандары әр түрлі болғанымен ғұн термині әлдек,-айда мол қауымды білдірді.
1. 1-том Алматы “Атамұра” 1996ж 245-248 б, 258-260 б.
2. Түрік халық тарихы Алматы “Білім” 1996ж 26-44 б.
3. Көне тарих 103-108 б.
4. Түркістан халық энциклопедиясы Алматы 2000ж 268-270 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе

1.Ғұн мемлекетінің этникалыќ және саяси тарихы
2. Ғұндардың шаруашылығы әлеуметтік-экономикалық қатынастары
3. Ежелгі хундар туралы тарихи деректер және хундардың шығу тегі
4. Азиядағы хундар құрған мемлекет
5.Хундардың экономикасы және мемлекетті басқару дәстүрі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ғұндар. Б. з. б. I мыңжылдықта казіргі Монғолияның оңтустігіндегі
Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталык Азияның ұлан-байтақ кеңістігін тегі
мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.
Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, эт-никалық
жақындык, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі
бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уакыты жағыиан алғашқылары
сюнну (ғұндар) болды. Б. з. б. III ғасырдын аяғында кытай деректемелерінде
пайда болган сюнну (гұн) атауы тегі әр түрлі таппаларды біріктірген және
Тынык мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумакта, ал
кейіннен одан әрі батысқа да аратүра таралып отырған саяси құрылымға
катысты болды.
Сюнну этнонимінің мазмұны мен накты калай айтылатыиы әзірше айкын
емес. Зерттеулердің көрсетіп отырғанындай, оның ежелгі кытайлык
транскрипциясы гректер мен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген
түріне тіреліп жатыр. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюн-
нуларға сабактастығын сақтап калған ғұн-болғар ақсүйектерін сипаттай ксліп,
оларды трунове, яғни трундар деп атайды. Егер осылайша, трун деген сөз
бастапқыда ғұн тайиаларының ақсүйектеріне арналып аптылса, сюнну (хунну),
яғни трундар ғұндар деп саналмағанын білдірмейді. Трун және ғұн терминдері
бір ғана этникалык-саяси кауым жөнінде колданылған, олардың таралған
аудандары әр түрлі болғанымен ғұн термині әлдек,-айда мол қауымды білдірді.
Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай авторлары шаныой деп атайды. Б. з.
б. 206 жылы ғұн тайпаларын Меде шаньюй басқарды. Меде билік еткен алғашқы
жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралык аудандарына жорықтар жасап оған
күйрете соқкы берді. Кескілескен күресте Мөде әскери-саяси куаты басым Хань
әулетін сюнну-ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас
тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен
тыныштық және туыстык туралы шартқа қол қоюға мәжбүр болды, бұл шарт
бойынша ол шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын
сыйлық ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салыкты үнемі
төлеп тұрды.

1.Ғұн мемлекетінің этникалыќ және саяси тарихы

Шығыста Мөде шығыс ху тайпаларын бағындырды, ал оның құрамы-на,
шамаыен алғанда, Керулен және Онон алкаптарында мекендеген сянь-би және
ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына карсы
жорыктар жасады. Бұл кезде казіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан
Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумак ғұн шаньюйлерінің қол
астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар
Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты.
Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорык, тары
туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және
солтүстік-батысқа карай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь
және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Текске берілген түсініктемеде
әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады,
сірә, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса
керек.
Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғүндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік
бағындырды, бірак, олар бұл аумақты толық қоластына қаратқан жок. Қалай
дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-
логиялық материалдар да керсете алмады.
Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне коса олар батыста
да қызу қимыл көрсете бастайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде көршілеріне карсы өз
бетімен кимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы туктерін (князьдарын)
юедилерге қарсы жорыққа аттандарды. Ғұндардың атгы әскерлері Чжанье-
Ганьчжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыратты және сонымен бірге
ғұндардың калыптасып жаткан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті
бағындырды. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаньюй былай деген: Аспанның
ракымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып,
жуасытты; семсердің үшына іліп немесе багындырып, (өз билігін) нығайтты.
Лоулань, Усун, Хуцзе және оларға шектес 36 үлес (князьдік) сюннулерге
каратылды. Олардың бәрі сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды.
Бұл қүжат өте маңызды, бірақ сын көзбен карауды талап етеді. Отыз
алты мемлекет деп казіргі Шығыс Түркістан аумағына орналаскан князьді-
ктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі
бүкіл жер айтылған. Тарихи жазбалардын (Ши цзи) авторы Сыма Цянь
юедилердің толык талканцалғаны туралы хабарды кұп алып, бүл орайда б. з.
б. 177 жылы қытайларға юедилердің (юечжилердің) Хуанхэнің солтүстік
ойпатынан батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын
ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-
Бактрияны
талқандағаннан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да
тарала бастайды.
Сірә, б. з. б. 177 жылы сюнну-ғұндардың Тынық мүхиттан Каспий
теңізінің жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдің атты әскері
күшімен бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де,
шығыстағы юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сиякты Лоулан,
Усун және Хуцзэ бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны туралы хабар да
рас. Бұл этникалық-саяси атаулардың географиялық орны онша айқын емес.
Қазіргі картаға Лобнор ауданындағы Лоулан (Крораина) князьдігі ғана азды-
көпті сәйкес келеді. Қытай жазбаларындағы басқа деректердің уцзесімен
теңестірілген Хуцзе жерінің немесе тайпасының этнонимі жергілікті Айғыр
атауынан шығуы мүмкін. Ол Усун және Цзянь-кунь елдерінің арасында, яғни
шамамен Оңтүстік Алтайда болған. Геродоттың аргиппейлер тайпасы осы маңайда
орналаскан деп саналады. И. X. Дворсцкийдің пікірінше, аргиппейлер деген
сөз ертедегі гректерше арғымақ, түлпар дегенді білдірді, демек, нақ сол
үғымға жакын әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы
тұрғыдан алғанда, ертедегі кытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын
түркілердін арғымақ немесе айғыр деген сездерімен салыстыру дұрыс
сияқты.
Ғүндар бірлестігіне шыккан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалык-
саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның коғамдық өміріне бір орталыққа
бағынғысы келмейтін куатты күштер, кең байтак жердің әр түрлі аудандары
арасында берік саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ыкпал
жасады. Алғашкы кезде біршама бірлік ғүн коғамындағы фратрияаралық ұйымның
ерекше түрі болуы аркылы орнаған.
Сюнну-ғұн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт экзога-
миялық билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде былай
делінген: Хуянь руы, Лань руы, олардан кейін Сюйбу руы пайда болды; оларда
ең атакты тармактар да нақ осы үш әулет. Бұл орайла сол канатты құрайтын
Хуянь руы ең атактысы болған, ал Лань және оған еншілес Сюйбу оң канат
болған. Бір кызығы, шаньюйлік Люаньти руы атақты ру деп аталмаған. Ал Хуянь
мен Лань шаньюймен қүдандалы туыс болған. Біздін заманымызға жақындағанда
күдандалы туыстық біраз өзгерген. Оңтүстік сюннулерде шаньюй руы Сюй-Лянь-
ти деп атала бастады, баска аксүйектер әулетінен Хуянь, Сюйбу, Цюлинь және
Лань аталған. Осы төрт әулет олардың елінде атақты рулар болды және әдетте
шаньюймен құдандалы туыс еді . Онда бүдан әрі былай делінген: Хуянь руы
сол (яғни шығыс және үлкен) канат, ал Лань және Сюйбу рулары оң (яғни батыс
және кіші) қанат болды. Тағы екі ғасырдан кейін олардың патшалык руы
алмаскан және өз атауын өзгерткен. Тізіп келтірілген ең атактысы енді Дугэ
(Туглаг) руы болып шығады, ол ен батыр және үлығы болды, сондыктан
шаньюйлер солардан шыкты. Олардың атакты төрт руы Хуянь руы, Сюйбу руы.
Лань руы, Цяо (Цюлинь) руы болды, бірак ен атақтысы - Хуянь руы, одан
канцлерлер, сол және оң канаттағы жичжулер шыккан. Уакыт өте келе шаньюй
руының белгісіз рудан ең ержүрек болуы негізінде ең ұлық руға айналған
эволюциясы ерекше көрінеді. Тегінде, мүнда белгілі бір кезеңде сол кезде-ак
болған ер адам жағынан мұраға калатын принципті көрсеткен еркек
(патриархаттык) тегінің іс жүзінде үстемдік етуімен дуалдық үйым
қалыптаскан болса керек.
Б. з. б. I ғасырдын. орта шенінде-ак сюнну коғамы өзінің вассалдык
иелік-терінен айрылумен бірге байырғы күрамында екі топка - Хуханьешаньюй
бастаған оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді.
Оңтүстік сюннулер Ордос аумағында мекендеп калды да, солтүстік сюннулер өз
тайпаластарының кысымымен Саян мен Байкал өңіріне ығысты, яғни солтүстік
пен батысқа коныс аударды.
Б.з.б.49 жылы Чжич жикерші князьдікке дипломатиялык сапарға кеткен
Хуханьенің аз уакыт болмауын пайдаланып, оның жерін басып алып, сол арқылы
конфедерацияның бірлігін кайта орнатуға әрекет жасады. Алайда оның күші
жетпейтін еді. Шежірешінің айтканындай, Чжичжидің өзі сюннуде күшпен нығая
алмайтынын білді. Ол усун гуньмосы Уцзютудан көмек сұрады, бірак соңғысы
оның елшісінің басын алып, Чжичжиге шабуыл жасауға 8000 атты әскер жіберді.
Чжичжидің атты әскері усундердің отрядын талкандады, бірак. одақтассыз
калған Чжичжи оңтүстік ғүндардың жерінен кетуге мәжбүр болды. Одан әрі
деректемеде бұл және одан кейінгі оқиғалар былайша суреттеледі: Чжичжи
усун әскерінің көп екенін, өз елшісінің әлі оралмағанын көріп, өз әскерін
орналастырды да, усундерге лап қойып, оларды тасталқан етті; солтүстікке
бет бұрып, Уцзеге соққы берді, Уцзе бағынды.
Чжичжи өз әскерінін көмегімен батыста Цзянькуньді киратты, ал
солтүстікте Данлинді бағындырды. Үш князьдікті бағындырған соң ол бірнеше
рет Усунге әскер жіберіп, әдетте оны жеңіп жүрді.
Цзянькунда (Минуса ойпаты) Чжичжи өз ордасын құрып, сол жерден батыска
беттеген козғалысын жалғастырмақшы болды. Чжичжидің армиясы ол кезге карай
каракшы күшке айналып, оның кираткыш күші бағындырылған князьдіктерге де,
катардағы кауым мүшелері сюннулерге де бірдей жайсыз тиді. Қалай дегенмен
де, деректемеде сол жылдарда Хуханье шаньюй халқы көбейді... сөйтіп ол
Чжичжиден кауіптенбей, өзін езі корғай алатын еді. Оңтүстік сюннулер саны
Чжичжиден бөлініп шыккан көшпелілер және бағынған князьдіктер тарапынан
көрінеу карсылық жасауы есебінен өсті.
Енді қүдіретті Хуханьенің кенеттен шабуыл жасауынан корыккан Чжичжи
батыска кашып қүтылу жолын іздестірді, оған апаратын жол усундер жерінен
өтетін еді. Ол соларға карсы күресу үшін күш жинап, одан соң Канцзюй
(Кангюй) жерін жаулап алмакшы болды. Кангюйлер князінің кангюйлермен араз
усундерге карсы күресу үшін кенеттен Чжиужимен бірігуді үсынуы оның ниетін
өзгертті.

2. Ғұндардың шаруашылығы әлеуметтік-экономикалық
қатынастары

Ғүндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Сыма Цянь былай
деп жазады: Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендей жүріп, олар
өздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымға кешеді. Үй малынан жылқы,
ірі қара және кой-ешкі өсіреді; біразытүйе, есек ұстайды. Шөптің калың,
судың мол болуына карай бір жерден екінші жерге көшіп жүреді...
Шонжарларынан бастап бәріде үй
малыныңетіментамақтанады, олардыңтерісін киім қылады, жүн мен аңтерісін
жамылады. Ғұндардың өмірінде жылқы ерекше маңызды рөл аткарды. Ал койдың
етін, терісін, жүнін пайдаланды. Қой терісі мен жүннен киім, аяқкиім
жасады, жүннен киіз басылды.
Малының бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жайып бағылды. Сондықтан жазда
куаңшылық немесе қыста кектайғақ болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып
отырды. Деректемелер мұны да жиі көрсетеді.
Қытай әскерлерінің ғұндарға жорыктары суреттемелерінде келтірілген
жанама деректерге қарап, халыктың жан басына шакхандағы орташа мал санын
аныктауға әрекет етуге болады. Мәселен, б. з. б. 72 жылы келтірілген ең
толық мәліметтер бойынша, әскербасылар ездерінің реляцияларында былай деп
хабарлаған: 700 тұтқын мен 10 мың бас мал қолға түсірілді - 15 : 1; 100
тұткын мен 2 мын. бас мал — 20 : 1; 300 және 7 мың — 29 : 1; 19 және 100 -
5 : 1; 1900 және 70 мың - 35 : 1; 39 және 700 мың - 18 : 1. Сонымен, орта
есеппен халықтың жан басына шакканда 19 малдан келеді. Қарапайым мал
шаруашылығы жағдайында мұндай аракатынас оңтайлы болатын.
Гұндар отырықшылык. пен егіншілікті де білген. Деректемелерде
солтүстік жерлерде суык ерте түседі, сондықтан тары себуге қолайсыз болса
да, ғұндардын жерінде тары себіледі деп жазылған. Байкал сыртындағы Нижнс-
Иволгинск кала жүртын казған кезде еденді сыллған балшык арасынан туралған
сабан шықты. Нак осы жерден қысқы, гүраклы жартылай жертөлелердің жұрты
табылды, олар кандар жүйесімеи жылытылған. Тары дәндері, шойын түрендер,
темір орак, тас дәнүккіш гер және астык. сақтайтын ұралар шыклы. Адам
жерленген ағаш кималар да ғүндарда отырыкшылык. болғанын дәлелдейді.
Ғұндар өмірінде аң аулау манызды рөл аткарды. Бұл жөнінде
деректемелерде былай делінген: ... балалар қойға мініп, садак тарта алады
және құстар мен тышқандарды ата біледі; біраз өскен соң олар түлкілерді
және тамақ етіп жейтін қояндарды атады... Олардың арасында орнаған ғұрып
бойынша, тыныштықкезде мал бағып, оған қоса құс пен аң аулайды, сөйтіп
тіршілік етеді. Ғұндардың қабірлерін қазған кезде киіктің, қабанның,
құланның, бұғының, таутекенің, еліктің, қоян мен түлкінің сүйектері
табылды.
Қабірлерде керамика — құмыралар, көзелер, сапты аяқтар аз емес, олар
қолдан жапсырып және құмырашы ұршықшасында дайындалғаң, мүның өзі кыш-
құмырашылықтың дамығанын дәлелдейді. Басқа жақтан әкелінген заттар, жібек
маталар, айналар, көз салған әшекейлер кездеседі.
Ғұндарда әскердің негізі тез орын ауыстыра алатын атты әскер болған.
Салт атты жауынгердің қару-жарағы — садақ пен жебелер. Қазба жұмыс- тарының
материалдарына карағанда, садақтар екі үлгіде жасалған. Ертедегі садак
ағаштан иіліп, адырнасын тарамыстан жасаған. Садактың жағы сүйек
каптырмалармен капталды (барлығы жетеуге дейін), екі үшында адырнаны
байлайтын кертпешесі бар екі каптырма, ортасына - жебе атылатын жеріне
трапеция тәрізді каптырма орнатылды. Осылайша садактың иілгіштігі
күшейтілді. Садақтың ұзындығы 70-80 сантиметрге жетті. Жебеге үш кырлы
темір үш салындй. Садақтың екінші түрі үлкен әрі ауырлау болады. Оған
үңғысы бар үш кырлы салмақты темір ұшты жебе қолданылды. Мұндай садақтар
мен жебелер сауыт киген жауды атуға арналған. Дөңгелек және сопаксипатгағы,
шыбықтардан тіреу орнатылған ағаш жактаулы қалқан да болған.
Деректемелерге карағанда, ғұндар 24 руға бөлінген, оларды рубасыла-
ры(аксақалдар) баскарған. Рулык құрылыстың ақсакалдар кеңесі және халык
жиналысы сияқты институттары сакталды. Деректемелерде былай деп айтылған:
ғұндарда жылына үш рет Лунциге жиналатын әдет болды. Олар бірінші, бесінші
және тоғызыншы айларда өткізіледі, сюй деп аталатын күні көк рухына
кұрбан шалынды... сол жиналыстарда рубасылары мемлекеттік істерді талкылап,
ат жарысы мен түйелердін жарысын қызықтайды. Алайда ғұндардың
патриархаттық-рулык, құрылысы қойнауында жана коғамдық катынастар пісіп
жетілді. Мұның себептерінің бірі айырбастың, сауданың дамуы болды. Обаларды
казған кездетабылған алтын бұйымдар, қымбат маталар ғұн қоғамы үстем
топтарында жинақталған байлықты дәлелдейді.
Ғұндарда малға әулеттік және жеке меншіктік болғаны туралы мәліметтер
бар. Мәселен, Сыма Цянь ғұн князьдарының хань елшісі Су Уға екі рет жылкы
үйірі мен кой отарын тарту еткенін және сыйлык ретінде мал бергенін айтады.
Ғұндардыңдағдылы құқында мыналар көзделген: ¦рлыќ жасап кінәлі
болғанның жері алынады; шайкаста жаудың басын шауып алған немесе оны
түткынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа
соған беріледі, ал түткынға алынғандар (соның) күлдары мен күндері
етіледі; ...ұрыс алаңынан қазатапқан адамныњ сүйегін кім әкелсе, оныњ
отбасының бүкіл мүлкін сол алады.
Сыма Цянь бүдан әрі былай деп жазады: Суы мен оты мол жер іздеп, бір
жерден екіншісіне көшіп жүреді, оларда ішкі және сыртқы дуалдармен
коршалған қалалар, тұракты тұратын жері жок, болса да және егістік өндеумен
айналыспаса да, әркайсысының өзіне бөлініп берілген жер учаскесі бар.
Ғұндарда ауыл болып көшіп-қону әдісі болған деп жорамалдауға, ал
деректемелерде айтылатын әрқайсысының өзіне бөлініп берілген жер учаскесі
бар деген сөздерді жеке қожалыктарға жаткызуға болады.
Қабірлерден шыккан материалдар ғүн қоғамындағы мүліктік теңсіздік
жайын айкын сипаттайды.
Ғүндарда соғыс тұткындарынан және бағынышты өңірлердің халқынан
тұратын құлдар болған. Олар үй қызметшілері, бакташылар, колөнершілер және
жер жыртушылар ретінде пайдаланылды.
Елді шаньюй басқарды, оның колында шексіз дерлік билік болды. Одан
кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар тұрды. Олар шаньюйдің ұлдары,
інілері немесе жакын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және
олардың әркайсысының көшіп жүретін өз жері болды. Түменбасылар өз
иеліктерінде мыңбасылар, жүзбасылар тағайындай алатын еді. Алайда шаныой
езіне бағынбаған немесе жазықты болған түменбасылардың жерін кайтарып
алатын, өздерінің жүзбасылары мен онбасылары жөнінде түмен-басыларыныңда
нақ сондай күкығы болды. Лауазымдар мен жоғары шендер мұраға калдырылды.
Қарапайым халыктан алынған салыктар туралы мәліметтер бар.
Сонымен усун және ғұн қоғамдарындағы әлеуметтік-экономикалык
катынастар шамамен алғанда бірдей даму денгейінде болды. Оларда ертедегі
алғашкы таптық коғамдардың құрылуы кезінде канау мен байлық жинаудың әр
алуан түрлері калыптасады. Алайда олардың бірде-біреуі түтас алғанда бүкіл
жүйені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұндар Саяси тарихы
Әлем тарихындағы ғұндардың тарихы
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы туралы
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы жөнінде
Ғұн мемлекетінің этникалық және саяси тарихы
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы мен тарих сахнасынан шығуы
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Ежелгі ғұндар
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Пәндер