Қазақстандағы ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи реттелу жолдары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Респуликасы Білім және Ғылым Министрлігі

Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институты

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қазақстандағы ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи реттелу жолдары

Қазақстан Республикасы

Тараз 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

  1. Әдебиеттерге шолу . . .

Зерттеу аймағының физико-географиялық сипаты

2. Зерттеу зерзаты мен әдістері

2. 1 Табиғи ақбөкен популяциясын санау әдістемесі

2. 2 Статистикалық мәліметтерді есептеу әдістемесі

II. Ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи таралуы . . .

2. 1Акбөкендердің мінез- құлқы мен белсенділігі . . .

2. 2 Акбөкендердің тіршілік әрекеттері . . .

2. 3 Ақбөкендердің миграциялары . . .

III. Ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи реттелуін зерттеу . . .

3. 1 Ақбөкен тіршілігіне әсер ететін факторлар . . .

3. 2 Ақбөкендерді қорғау және олардың санын қалпына келтіру шаралары . . .

3. 3 Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану

туралы заңы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша . . .

Ұсыныстар . . .

Ғылыми терминдер

Ғылыми терминдер:

Антилопа - күйіс қайырушы жануарлардың әртүрлі тұқымдас тармағына, туыстастарына жататындарын біріктіретін атау. Жалпы антилоптарға жататын жануарлардың бес - джейран, дзерен, горал, сайгак және серна-түрі бар.

Вальер-аңдарды жерсіндіру кезіндегі торлы қоршау.

Гарем-аңдардың күйекке түсу немесе басқа да жағдайларда 10-нан 50 дейінгі мөлшерде жинақталып жүретін тобы.

Инстинкт - мінез-құлықтың тіршіліктік мәні бар сезімталдылық, ұрпақтан ұрпаққа берілетін, яғни тұқым қуалайтын қасиет.

Броканьерлік-қасақы аң аулаушылық, аңды заңсыз аулау және ату, жарақаттау фактісі.

Маталу-ақбөкендердің жекеленген гаремдерге бөлініп, көбеюге қатынасуы

Миграция-аңдардың мерзімдік басқа аймақтарға көшіп-қонуы. Бұл құбылыс негізінен ауа-райының өзгерісі мен азық қорына байланысты болады.

Морфология-жалпы организмнің толық дене мүшесін зерттейтін ғылым.

Пастереллез- геморрагиялық септицемия (қанның улануы), адам мен жануарлардың инфекциялық кеселі.

Пантокрин-киік басқа да аңдардың мүйізінен алынатын жень-шень дәрісі

Популяция-генефондысы ортақ, салыстырмалы бірдей экологиялық жағдайлардағы кеңестікті мекендеп, бір-бірімен еркін будандасатын, бір ғана түрге жататын особьтардың жиынтығы.

Сақалбакенбард-аңның көз алдымен бетіне шығатын түктер

Сасай болған-текелердің майығудан кейінгі қатты әлсіреуі

Сасай қалысы немесе теке қалысы-текелердің теке бұрқылдақтан кейінгі көтерем болып жүре алмай қалуы

Теке бұрқылдақ-текелердің өзі таңдаған ешкілерін бөліп алып, көбеюге қатысатын уақыты

Үркер-теке бұрқылдақ басталар уақытта (желтоқсан-ақпан) туатын жұлдыз

Уыз-ұрғашы малдың төлдеген кездегі алғашқы апталық сүті

Фактор-аңдарға және басқа тірі организмдерге құбылыстармен заттардың оң немесе теріс әсер етуі

Фауна-бір аймақта мекен ететін барлық жануарлар дүниесінің атауы.

Флора-бір аймақта мекен ететін өсімдіктер дүниесі немесе жалпылама өсімдіктер дүниесін атау формасы.

Физиология-жануарлардың ішкі құрылысын зерттейтін ғылым

Фитоммасса-фито және масса сөзінен тұрады, «фито»- грек тілінде phyton-өсімдік, масса - салмақ деген сөзден тұрады. Негізі өсімдік ағзасының жалпы салмағы болып табылады.

Эвалюция-жалпы жануарлар және басқа да организмдердің біртіндеп дамуы мен өсіп-өркендеуі.

Қысқартылған сөздер:

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

БҚО-Батыс Қазақстан облысы

ҒЗЖ-ғылыми зерттеу жұмысы

Қаз. ҰАУ-қазақ ұлттық аграрлық университеті

Ж. ж. -жылдары

АШМ-ауыл шаруашылығы министірлігі

БҒМ-білім және ғылым министірлігі

%-пайыз

См-сантиметр

Г-грамм

Сек. -секунд

Км-километр

Кг-килограмм

Млн-миллион

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақыттардағы адамзат өміріндегі аса маңызды мәселелердің бірі, табиғаттың көркі жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап, экожүйенің бұзылмауын қадағалау мен оны қалпына келтіру болып табылады. Себебі табиғаттағы кез-келген тіршілік иесінің экожүйедегі орны ерекше. Сол себептен оларды қорғау мен сақтап қалу үшін жұмыс жасау керек. Ал, бұл жұмысты орындау барлық адамзат баласының алдында тұрған ұлы міндет. Бұл зерттеу жұмысы да сол міндеттердің бірін орындаумен өзекті бола түседі. Жер көлемі жөнінен бүкіл дүние жүзінде ондықтың ішінен орын алатын ұлан-байтақ аумағымен, тау-тасты орман-көлді, шөл-шөлейтті алуан қырлылығымен көзге түссе. Фаунасы мен флорасы жағынан да басқа елдермен терезесі тең деп мақтана айтуға тұрарлық. Кеңес өкіметі тұсында алпыстан астам сүтқоректі аң, жүз алпыстан аса құс ауланып келсе, осы хайуанаттардың ішінде шаруашылыққа жағынан аса маңыздылардың бірі саналған ақбөкен болатын. Ақбөкен [1] көне заманнан бізге жеткен түз тағыларының бірі. Оның осы уақытқа дейін сақталып қалуының сыры, өзіне тән ерекше қасиеттеріне байланысты. Бұл жердегі киелі, қасиетті сөздерінің қолданылу себебі: « мүйізі»- пантокрин (жен-шень) дәрісі өкпе қабыну, жүрек, паралич, эпилепция ауруларынан емдеп, «тұяғының күлі» теміреткі мен денедегі жарадан жазса, «қаны»-шөлі қанбайтын сусамыр ауруынан айықтыратындығынан. Бірақ осы ерекшеліктерімен ақбөкендер тарих сахнасынан ХХ ғасырлардың бас кезеңдерінде жойылып кетудің алдында болды. Оған қорғау жұмыстарын дер кезінде жүргізудің арқасында халық шаруашылығына пайлану жағдайына дейін жетті. Содан кейінгі 1980-90 жылдары да осы жағдайы қайтадан қайталанды. сол себептен оны аулау тоқтатылып, қорғау жұмысы қолға алынды. Осындай халықтың денсаулығы мен шаруашылығы үшін маңызға ие аңдарымыз әр түрлі факторлардың әсерінен жылдан - жылға азайып, тіпті жойылып кететіндей өзекті мәселелердің біріне айналуда. Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Қазақстандағы ақбөкендердің субпопуляциясындағы қазіргі уақыттырдағы таралу ареалы, биологиясын және саны мен олардың санының азаюына әсер ететін абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторларын зерттеу мақсатында болды. Осы мақсатағы зерттеулер келесі міндеттерді орындауды көрсетті:

  • негізінен ақбөкендер субпопуляциясының экологиялық жағдайларын
  • (аңдардың тығыздығын, таралуын, санының айналымы мен оның өзгеруіне әсер ететін факторлары және азық қоры, көбеюі, тіршілікке бейімділігі, өлім жітімі, лақтарының ересек топтарға өтуі) ;
  • Жылдағы және тәуліктегі әр түрлі мерзімдердегі белсенділігі мен өмірге бейімділігі;

Ғылыми жаңалықтары. ХХ ғ. 1968 (О. Э. Цаплюк), 1971 (Д. Демеуов) жылдары қорғалған диссертациялық жұмыстарынан кейін ақбөкен жайында ғылыми негізде жазылып отырған бұл диссертациялық жұмыс ХХІ ғасырдағы Орал популяциясындағы ақбөкендердің қазіргі уақыттырдағы таралу ареалын, санын және санының өзгерістерін, азық қорын, жастық және жыныстық құрылымын, дене өлшемдерін және ақбөкендердің тіршілікке бейімділігін, паразиттік аурулары мен биотикалық және антропогендік факторлары зерттелінді.

  1. Әдебиеттерге шолу
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гастродуоденалды аймақтың созылмалы қабынбалы аурулары
Тұяқты жануарлар
Биоалуантүрліліктің маңыздылығы биологиялық әртүрлілікті сақтау қажеттілігі
Ақбөкен
Қазақстанда мекендейтін кәсіби жануар
Шөлейт зонаның климаты даламен салыстырғанда құрғақ
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Қорғалжын қорығында кездесетін омыртқалылардың әртүрлілігі
Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы
Үстірт мемлекеттік қорығының жұптұяқтылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz