Алгоритмдеу, қасиеттері, негізгі құрылымдары. Паскаль бағдарламалау ортасы



2. Бөлім ДӘРІСТІК КЕШЕН
2.1. Алгоритмдеу, қасиеттері, негізгі құрылымдары. Паскаль бағдарламалау ортасы.
Глоссарий (анықтама, сөздік);
Program –бағдарламаның тақырыбы
Uses – модульдерді іске қосу бөлімі
Label – белгілерді жариялау бөлімі
Const – тұрақтыларды жариялау бөлімі
Type – қолданушының типтерін жариялау бөлімі
Var – айнымалыларды жариялау бөлімі
Begin – бағдарламаның басы
End – бағдарламаның соңы
READ(<айнымалылар тізімі>) – Енгізу операторының форматы.
WRITE (<айнымалылар тізімі>) – Шығару операторының форматы.
Assign – файлды алдын ала анықталған файлдық айнымалымен байланстыру процедурасы.
Reset – текстік файлды тек оқу үшін ашатын процедура.
Rewrite – файлды деректерді жазу үшін ашатын процедура.
Close – ашылған файлды жабу процедурасы.
Сызықтық оператор - бірінен кейін бірі өз ретімен міндетті бір рет орындалатын әрекеттер тізбегі.
Шартты оператор – Шартты оператор екі жағдайдың біреуін таңдауға мүмкіндік береді және таңдау бағдарламаның орындалу барысында жасалынады.
Циклдік оператор – Бірнеше рет қайталанылатын әрекеттерді ұйымдастыру үшін паскаль тілінде арнайы қайталау немесе циклдік операторлар қолданылады.
Дәріс -1.
Дәріс тақырыбы: Алгоритмді сипаттау тәсілдері. Алгоритмдік тілде өрнектерді жазу.
Дәрістің мақсаты: Алгоритм ұғымымен танысу, есептің алгоритмін құрып үйрену.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Алгоритм.
2 Алгоритмды бейнелеу жолдары.
3 Негізгі құрылымдары
Дәрістің тезисі:
Қазіргі кезде «Алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әр бір компьютер алдын ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді. Алгоритмді реттелген реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұсынған жөн. Оның көптеген анықтамасы бар. Соның бірі: алгоритм-берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез келген есепті қарапайым амалдар тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмдерді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығару керек.
Алгоритмді орындаушының рөлін, негізінен, адам немесе автоматтандырылған құрылғы, яғни компьютер, робот т.б. атқарады. Мысалы, y=(ax+b)(cx-d) функциясын есептеу төмедегі қарапайым іс-әрекеттердентұрады:
1) А-ны х-ке көбейту, оны деп белгілеу;
2) Оған –ны қосу, нәтижесін деп белгілеу;
3) С-ны х-ке көбейту, оны деп белгілеу;
4) Көбейту, оны деп белгілеу;
Алгоритмдік үрдіс – коснтруктивті объектілерді (сөз, сан, сөз жұбы, сан жұбы, сөйлемдер және т.б.) дискретті қадаммен түрлендіру үрдісі.
Алгоритмнің негізгі қасиеттері: дискреттілік, түсініктілік, анықтылық, нәтижелік, көпшілік.
Алгоритмді орындаушы — бұл алгоритммен тағайындалатын әрекеттерді орындай алатын абстрактілі немесе нақты жүйе (техникалық, биологиялық немесе биотехникалық).
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
1. Алгоритм ұғымы.
2. Қасиеттері, құрылымдары.
Негізгі әдебиеттер /4-6/,
Қосымша әдебиеттер/10-11/.

2. Бөлім ДӘРІСТІК КЕШЕН
2.1. Алгоритмдеу, қасиеттері, негізгі құрылымдары. Паскаль бағдарламалау
ортасы.
Глоссарий (анықтама, сөздік);
Program –бағдарламаның тақырыбы
Uses – модульдерді іске қосу бөлімі
Label – белгілерді жариялау бөлімі
Const – тұрақтыларды жариялау бөлімі
Type – қолданушының типтерін жариялау бөлімі
Var – айнымалыларды жариялау бөлімі
Begin – бағдарламаның басы
End – бағдарламаның соңы
READ(айнымалылар тізімі) – Енгізу операторының форматы.
WRITE (айнымалылар тізімі) – Шығару операторының форматы.
Assign – файлды алдын ала анықталған файлдық айнымалымен байланстыру
процедурасы.
Reset – текстік файлды тек оқу үшін ашатын процедура.
Rewrite – файлды деректерді жазу үшін ашатын процедура.
Close – ашылған файлды жабу процедурасы.
Сызықтық оператор - бірінен кейін бірі өз ретімен міндетті бір рет
орындалатын әрекеттер тізбегі.
Шартты оператор – Шартты оператор екі жағдайдың біреуін таңдауға мүмкіндік
береді және таңдау бағдарламаның орындалу барысында жасалынады.
Циклдік оператор – Бірнеше рет қайталанылатын әрекеттерді ұйымдастыру үшін
паскаль тілінде арнайы қайталау немесе циклдік операторлар қолданылады.
Дәріс -1.
Дәріс тақырыбы: Алгоритмді сипаттау тәсілдері. Алгоритмдік тілде өрнектерді
жазу.
Дәрістің мақсаты: Алгоритм ұғымымен танысу, есептің алгоритмін құрып
үйрену.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Алгоритм.
2 Алгоритмды бейнелеу жолдары.
3 Негізгі құрылымдары
Дәрістің тезисі:
Қазіргі кезде Алгоритм ұғымы тек математикалық есеп шешу
әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әр бір компьютер
алдын ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді. Алгоритмді
реттелген реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі
деп ұсынған жөн. Оның көптеген анықтамасы бар. Соның бірі: алгоритм-
берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез
келген есепті қарапайым амалдар тізбектей орындау арқылы шығаруға болады.
Алгоритмдерді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығару
керек.
Алгоритмді орындаушының рөлін, негізінен, адам немесе автоматтандырылған
құрылғы, яғни компьютер, робот т.б. атқарады. Мысалы, y=(ax+b)(cx-d)
функциясын есептеу төмедегі қарапайым іс-әрекеттердентұрады:
1) А-ны х-ке көбейту, оны деп белгілеу;
2) Оған –ны қосу, нәтижесін деп белгілеу;
3) С-ны х-ке көбейту, оны деп белгілеу;
4) Көбейту, оны деп белгілеу;
Алгоритмдік үрдіс – коснтруктивті объектілерді (сөз, сан, сөз жұбы, сан
жұбы, сөйлемдер және т.б.) дискретті қадаммен түрлендіру үрдісі.
Алгоритмнің негізгі қасиеттері: дискреттілік, түсініктілік, анықтылық,
нәтижелік, көпшілік.
Алгоритмді орындаушы — бұл алгоритммен тағайындалатын әрекеттерді орындай
алатын абстрактілі немесе нақты жүйе (техникалық, биологиялық немесе
биотехникалық).
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
1. Алгоритм ұғымы.
2. Қасиеттері, құрылымдары.
Негізгі әдебиеттер 4-6,
Қосымша әдебиеттер10-11.

Дәріс -2.
Дәріс тақырыбы: Сызықтық бағдарламалар.
Дәрістің мақсаты: Паскаль тілінде жазылған бағдарламаның құрылымын
қарастыру. Сызықтық бағдарламаларды құру тәсілдерімен танысу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Бағдарлама құрылымы.
2 Сызықтық алгоритм. Блок-схема.
Дәрістің тезисі:
Паскаль тіліндегі бағдарлама оның тақырыбы мен блогы деп аталатын
бағдарламаның өзінен тұрады. Блок бөлімдерден тұрады. Бөлімнің ең үлкен
мәні – 6, олар төмендегідей түрде орналасады.:
1) белгілер бөлімі;
2) константалар бөлімі;
3) типтер бөлімі;
4) айнымалылар бөлімі
5) процедуралар мен функциялар;
6) операторлар бөлімі.
Операторлар бөлімі BEGIN және END операторлар жақшаларының ортасында
жазылады. Мұнда ЭЕМ орындайтын операторлар тізбегі жазылады. Қалған
бөлімдер сипаттаушы қызмет атқарады.
Алгоритмдік тілдегі сияқты, паскаль тілінде айнымалылардың типтерін
сипаттау қажет. Ол үшін паскаль тілінде var қызметші сөзі қолданылады.
Айнымалылар типі нақты болса real қызметші сөзі айнымалылар бөлімінде
жазылады, мысалы:
x:reak; x, y, z:real;
Сипаттау бағдарламаның басында жазылады:
var a; b; c; d;
Мұндағы a, b, c, d – айнымалылардың сипаттамалары. Қарапайым бағдарламаны
төмендегідей схемамен құруға болады:
Program N(...);
var a; b; c; ... d;
begin
P; S; ... K;
end.
Мұндағы, N – бағдарламаның аты. a, b, c, d – айнымалылардың сипаттамалары,
P, S, K – операторлар тізбегі.
... орнына қажетіне қарай input, output операторларын жазу керек.
Сызықтық бағдарламаның құрылуын мысалмен қарастырайық.
Мысал: Табанының радиусы R=12.54 жасаушысының ұзындығы L=25.88, болатын
конустың толық ауданын және көлемін есептеу бағдарламасын құрыңдар.
Есептеу кезінде төмендегідей формулаларды қолданамыз.
S=R2+RL; V=13R2H;
мұндағы Н – конустың биіктігі, ол H= формуласымен анықталады. Сонымен
қойылған есеп үшін бағдарламаны төмендегідей түрде жазуға болады.
program CONUS (input, output);
var R, L, H, S, V:real;
begin
read (L,R);
S:=pi*sqr(R)+pi*R*L; H:=sqrt(sqr(L)-sqr(R));
V:=pi*sqr(R)*H3;
writeln(‘конус параметрлері’);
writeln(‘R=’,R, ‘L=’,L, ‘H=’,H);
writeln(‘конус төбесі’);
writeln(‘S=’,S);
writeln(‘конус көлемі’);
writeln(‘V=’,V);
end.
Мұнда pi функциясы параметрсіз қолданылады және 3.1415926535897932385 мәнін
қабылдайды.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
1. Бағдарлама құрылымы.
2. Сызықтық операторлар.
3. Сызықтық бағдарламаның блок-схемасы.
4. Енгізу-шығару операторлары.
Негізгі әдебиеттер 5-6,
Қосымша әдебиеттер10-11.
Дәріс -3.
Дәріс тақырыбы: Шартты оператор.
Дәрістің мақсаты: Тармақталған алгоритмдер ұғымын беру, блок-схемасын
келтіріп, тармақталған алгоритмді жүзеге асыратын операторлармен танысіу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Шартты оператор, сипатталуы, түрлері.
2. Шартсыз көшу операторы.
Дәрістің тезисі:
Шартты оператор екі жағдайдың біреуін таңдауға мүмкіндік береді және таңдау
бағдарламаның орындалу барысында жасалынады. Шартты оператордың екі түрі
қолданылады:
1) IF B THEN S1
2) IF B THEN S1 ELSE S2
мұндағы В – буль типті өрнек, S1, S2 – бір немесе бірнеше операторлар.
Шартты оператордың бірінші түрінде, В өрнегінің мәні TRUE болса, онда THEN
сөзінен кейін жазылған S1 операторы орындалады. Егер В FALSE мәнін
қабылдаса, онда бұл оператор орындалмайды.
Шартты оператордың екінші түрін қарастырсақ, егер В өрнегінің мәні TRUE
қабылдаса, онда THEN сөзінен кейін жазылған S1 операторы орындалады да, S2
операторы орындалмайды. Ал егер В өрнегі FALSE мәнін қабылдаса, онда ELSE
сөзінен кейін жазылған S2 операторы орындалады, S2 орындалмайды.
Шартты оператор бір ғана операторды басқаратындығын ойдан шығармау керек.
Егер операторлар саны бірден артық болса құрама операторларды қолдану
керек. Мысалы, бүтін типті айнымалылар X, Y сәйкес 5 және 23 мәндерін A0
болса меншіктеп, қарсы жағдайда нөлді меншіктейтіндей бағдарлама құру керек
болсын. Сәйкес бағдарламаны төмендегідей түрде жазуға болады:
IF A0 THEN BEGIN X:=5; Y:=23 END
ELSE BEGIN X:=0; Y:=0 END;
Мұндай операторлар ретінде шартты операторлар да болуы мүмкін, практикада
оның екі варианты қолданылады:
1) Шартты оператордың бірінші түріндегі IF B1 THEN S1 оператор S1 өз
алдына шартты оператор болуы мүмкін, онда төмендегідей конструкцияны
аламыз:
IF B1 THEN IF B2 THEN S11
Бұл конструкцияға блок – сызба (сурет 1) сәйкес келеді.
+ +
Сурет 1.IF B1 THEN B2 THEN S11 блок – сызбасы
Шартты оператордың бірінші түріндегі S1 операторы өз алдына екінші түрдегі
шартты оператор болуы мүмкін, онда
IF B1 THEN IF B2 THEN S11 ELSE S12
түрдегі конструкцияны аламыз. Бұған сурет 2 – де көрсетілген блок - сызба
сәйкес келеді.

+ +

-
-

Сурет 2. IF D1 THEN IF B2 THEN S11 ELSE S12 блок – сызбасы
2) IF B1 THEN S1 ELSE S2 – жағдайын қарастырайық.
S1 операторы бірінші түрдегі шартты оператор, S2 – кез келген басқа
оператор болсын, онда төмендегідей конструкцияны аламыз:
IF B1 THEN BEGIN IF B2 THEN S11 END ELSE S2
Бұл жағдайда сурет 3 көрсетілген блок – сызба сәйкес келеді.
S1 және S2 ретінде шартты операторлардың бірінші, екінші түрлерін қолдануға
болады.

+ +

- -

Сурет 3. IF B1 THEN BEGIN IF B2 THEN S11 END ELSE S2 блок – сызбасы
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
1 Тармақталған алгоритм ұғымы.
2 Шартты оператор. Сипатталуы.
3 Шартсыз көшу операторы, сипатталуы.
4 Тармақталған алгоритмнің блок-схемасы.
Негізгі әдебиеттер 5-6,
Қосымша әдебиеттер10-11.

Дәріс -4.
Дәріс тақырыбы: Таңдау операторы.
Дәрістің мақсаты: Case операторымен танысу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Таңдау операторы.
2. Сипатталуы, кілті, селекторы.
Дәрістің тезисі:
Бағдарламада жағдайлар саны екіден артық болса, шартты көшу операторын
қолдануға мүмкіндік болмайды. Мұндайда таңдау операторы қоданылады. Оның
жазылу ережесі төмендегідей:
Case селекторof варианттар end.
Вариантты таңдау операторының орындалуы селектордың мәнін есептеуден
басталады. Селектордың мәні вариант белгілерінің бірі мен сәйкес келсе,
онда сол вариатта жазылған операторлар кейін жазылған операторға беріледі.
Егер селектордың мәні вариаттардың біреуіменде сәйкес келмесе, онда вариант
анықталмайды, бағдарламаның құрылымына байланысты бағдарлаушы әрекетті өзі
анқтауы қажет.
Мысал 1. символдың латын немесе орыс алфавитінде тиісті екендігін және
енгізлген цифрдің қандай сандарға бөлінетіндігін анықтайтын бағдарлама
құрыңдар.
Program war(input, output);
Var sim:’a’..’g’;I,j:1..9;
Begin
Readln ;
Writeln(‘введите букву из диапазона a-g’);
Readln(sim);
Writeln(‘введите цифры из диапазона 1-9’);
Readln(i);
Case sim of
‘a’,’b’,’c’,’e’:writeln(sim :3,’буква, и русская и латинская’);
‘d’,’f’,’g’:writeln(sim:3,’ буква латинская’);
End;
Case I of
2,4,8:begin write(i:2,’кратно двум’);
J:=round(i2); writeln(‘i2=’,j:2);
End;
3,9:begin write(i:2,’кратно ’кратно двум’’);
J:=round(i3); writeln(‘i3=’,j:2);
End;
6:writeln(i:2,’ ’кратно двум и кратно двум’, i6=’, round(123):7;
1,5,7: writeln(i:2,’ простое число');end;
End.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
1. Case операторы.
2. Таңдау операторының сипатталуы.
3. Таңдау операторының кілті, селекторы.
Негізгі әдебиеттер 5-6,
Қосымша әдебиеттер10-11.

Дәріс -5, 6.
Дәріс тақырыбы: Параметрлі цикл. Шарты алдын-ала, шарты соңынан қойылған
циклдік операторлар.
Дәрістің мақсаты: Қайталану алгоритмдермен, циклдік операторлармен танысу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Қайталану алгоритм. Циклдық операторлар, түрлері.
2 Параметрлік цикл.
3 Шарты алдынан қойылған цикл операторы.
4 Шарты соңынан қойылған цикл операторы.
Дәрістің тезисі:
Бірнеше рет қайталанылатын әрекеттерді ұйымдастыру үшін паскаль тілінде
арнайы қайталау немесе циклдік операторлар қолданылады. Паскаль тілінде
циклдік операторлардың үш түрі қолданылады: параметрлі қайталану, цикл –
әзір, цикл – дейін командалары. Егер цикл денесінің қайталану саны алдын –
ала белшілі болса, параметрлі қайталану командасын қолдану тиімді.
Параметрлі қайталану командасының жазылу форматы:
FOR P:=NV TO KV DO A немесе
FOR P:=NV DOWNTO KV DO A
мұндағы, P – циклдік параметрі,
NV – цикл параметрінің алғашқы мәні,
KV – цикл параметрінің соңғы мәні,
А – қарапайым немесе құрама оператор.
Оператордың орындалуы P=KV шартын тексеруден басталады, егер шарт
орындалмаса А операторы орындалмайды, басқару қайталану командасынан кейін
жазылған операторға беріледі.
Егер шарт орындалса, А операторы орындалады, Р параметріне оның қабылдайтын
келесі мәні P:=SUCCC(P) (TO циклі үшін), P:=PRED(P) (DOWNTO циклі үшін)
меншіктелінеді. Әрі қарай барлық әрекеттер қайтадан қайталанады. Параметр
қайталану командасында қадамның мәні 1 немесе -1 екендігін естен шығармау
керек.
Цикл – әзір операторының жазылу форматы:
WHILE B DO A
мұндағы, В – буль типті өрнек, А – қапайым немесе құрама оператор.
Оператордың орындалуы В өрнегінің мәнін есептеуден басталады, егер оның
мәні TRUE болса, онда А операторы орындалады. Онан соң оператор В – нің
мәні FALSE болғанша қайталанып орындалады. Қалай В FALSE – ге ие болса,
солай А циклдің денесі орындалуын тоқтатады да, басқару циклдің сыртындағы
операторға беріледі.
Цикл – дейін операторының жазылу форматы:
REPEAT A1; A2;...;AN
UNTIL B
мұндағы, A1, A2,...,AN – цикл денесінің операторлары; B – буль типті өрнек.
Бұл оператордың қызметі циклдың денесіндегі операторларды орындаудан
басталады. Онан соң B есептелінеді, егер B=TRUE болса, басқару циклдің
сыртындағы операторға беріледі. Ал егер B=FALSE болса, онда A1, A2,...,AN
операторлары қайталанып орындалады. Цикл – әзір, цикл – дейін
операторларының арасындағы айырмашылықтар:
а) цикл – әзір операторында циклдің денесі бір ретте орындалмауы мүмкін, ал
цикл – дейін операторындацикл денесі тым болмаса бір рет орындалады.
б) цикл – әзір операторында цикл денесі орындалуын B=FALSE болғанда, ал
цикл – дейін операторында B=TRUE болғанда тоқтатады.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
1. Қайталану алгоритм ұғымы.
2. Параметрлік цикл, сипатталуы.
3. Шарты алдынан қойылған цикл операторы, сипатталуы.
4. Шарты соңынан қойылған цикл операторы, сипатталуы.
5. Циклдік операторладың блок-схемалары.
Негізгі әдебиеттер 5-6,
Қосымша әдебиеттер10-11.

Дәріс -7.
Дәріс тақырыбы: Ішкі бағдарламалар. Процедура, функция.
Дәрістің мақсаты: Ішкі бағдарламалар ұғымын беру, түрлерімен таныстыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Ішкі бағдарламалар туралы жалпы түсінік;
2 Процедуралар;
3 Функциялар.
Дәрістің тезисі: Ішкі бағдарлама – негізгі бағдарламаның бөлігі болып
табылатын, көмекші бағдарлама. Ішкі бағдарламаны аты бойынша шақыру мүмкін.
Turbo Pascal-да ішкі бағдарламаның екі түрі бар− процедуралар мен
функциялар. Олар арнайы модульдерде жинақталған. Солармен қатар, қолданушы
өзі де өзіндік процедуралар мен функцияларды жазуы мүмкін.
Процедуралар.
Процедуралар – бірнеше операторлардан құралған,бірегей аты бар топ,ол осы
аты бойынша шақырылады.
Процедураның сипатталуы:
Procedure процедура-аты(форм_параметрлер_тізі мі);
Процедураны шақырған кезде форм_параметрлер факт_параметрлерімен
ауыстырылады.
Функциялар
Ішкі бағдарлама өрнекті есептеу кезінде әйтеубір мәнді есептеп берген
жағдайлар жиі кездеседі.
Функцияның сипатталуы:
Function функция_аты(форм_параметрлер_тізімі ):тип идентификаторы;
Мысал: function sum(x,y:integer):integer;
Процедураларға қатысты барлығы функциялар үшін де ақиқат, бірақ кейбір
ерекшеліктер бар.
1. Функцияның орындалатын бөлімінде функция атына бір мән меншіктелуі
қажет;
2. Тақырыбындағы тип идентификаторы осы функция мәнінің типін анықтайды;
3. Өрнектің ішінде функция келесідей
шақырылады:функция_аты(факт_парамет рлер)
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
1. Паскальда қолданылатын ішкі бағдарламалардың түрлері?
2. Процедураның сипатталуы.
3. Функцияның сипатталуы.
4. Процедура мен функцияның ерекшеліктері, параметрлері?
Негізгі әдебиеттер 5-6,
Қосымша әдебиеттер10-11.

Дәріс -8.
Дәріс тақырыбы: Бірөлшемді массив.
Дәрістің мақсаты: Берілгендердің құрылымданған типтерімен, соның ішінде
массивтермен танысу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Массив туралы жалпы түсінік, сипатталуы.
2 Массивті беру тәсілдері.
3 Массивті баспаға шығару.
Дәрістің тезисы:
Бірдей типті мәліметтердің реттелген жиыны жүйеленген тип немесе массив деп
аталады. Массив оның компоненттерінің типтерімен индекс типтерінің
берілуімен сипатталады. Паскаль тілінде массивті сипаттау үшін оның
элементтерінің санын, типін және анықтауышының атын көрсету қажет.
a=array[1...20] of real;
бұл типі нақты болатын, 1 – ден бастап 20 – ға дейін нөмірленген 20
элементтен тұратын массивті анықтайды.Анықтаушының аты а. Егер а
айнымалысын бағдарламада осы t типті айнымалы ретінде сипаттау қажет
болса, онда:
var a:t;
t анықтауышы типтер бөлімінде төмендегідей түрде сипатталады:
type a=array[1 ... 20] of real;
Массивтің элементтері индекстері арқылы жазылады. Мысалы: а[1] ... a[20]
немесе а[i]: Массивті бағдарламада тұрақты түрінде де жазуға болады.
Мысалы:
const a:array[1...5] of real = (1.1, 1.6, 5, 3, 2.5);
Массивтер бір өлшемді және көп өлшемді болады. Біз алдымен бір өлшемді
массивтерді қарастырамыз. Мысал қарастырайық.
Мысал 1. Бес жыл ішінде жауған жауын – шашынның миллиметрмен алынған
мөлшері берілген, a[1], a[2], ... ,a[5].
Жауын – шашынның орташа мөлшерін және әр жылда жауған жауын мөлшерінің оның
орта мәнінен ауытқуларын анықтаңдар.
Массивті сипаттауды типтер бөлімінде ұйымдастырайық.
program osadki (input, output);
type a=array[1...5] of real;
var a:t; i:integer; S:real;
begin
S:=0;
for i:=1 to 5 do
begin read a[i]; S:=S+a[i] end;
S:=S5; writeln(‘S=’,S);
for i:=1 to 5 do
begin writeln(S-a[i]); ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Визуалды тілдерде графиканы программалау. Нұсқаулық
Мектепте алгоритмдеу және Паскаль тілін оқыту әдістемесі
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика курсының мазмұны
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОҚЫТУ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
Программалау тілдерімен танысу
Паскаль тілінде сызықтық бағдарлама құру
Paradox берілгендер қоры
Алгоритм және алгоритмдеу ұғымдары
Delphi объектілі бағдарлы бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері
Пәндер