2 сыныпта қазақ тілі оқулығындағы синоним сөздердің мән – мағынасын оқушыларға түсіндіру


2 сыныпта қазақ тілі оқулығындағы синоним сөздердің мән - мағынасын оқушыларға түсіндіру.
Синоним сөздерді 2 сынып оқушыларына үйрету үшін, бірінші сөздің мәнін түсіндіру, одан кейін оның мағынасын, ол қандай мақсат - міндет атқаратындығын түсіндіру. Синоним сөздер оқушылардың ойлау - қабілетін, санасын, сезімін оятуға итермелейді. Сондықтан синоним сөздерді 2 сыныптың қазақ тілінде терең білім жүзінде түсінік беруіміз керек.
1. Сәлемдесу - амандасу
1) Әже мен баланың амандасуы (18 бет)
2) Сәлемдесу - ол адамның ізгілігі (14 бет)
2. Сөйлесу - әңгімелесу, айту, кеңесу.
1) Адамдар бір - бірімен сөйлесуді өте ерте заманда бастаған (19 бет)
2) Олар бір - бірімен әңгімелесіп отырды (15 бет)
3) Мұғалім әңгіменің түсінігін айту туралы үйретті (20 бет)
4) Директор мұғалімдермен кеңесіп жатты (26 бет)
Осы қазақ тілі оқулығындағы синоним сөздері сабақта пайдаланудың жолдары:
1. Сәлемдесу, амандасу деген синоним сөздердің мағыналары бір, яғни бір-ақ мағына - өзіңнің адамгершілігіңнің бар екендігін көрсету. Мысалы: сәлемдесу - ол адамның ізгілігі. Тақтаға екі оқушыны шығарып, екеуі бір - бірімен амандасады:
- Сәлеметсің бе!
- Сәлем - деген сияқты, сонда екеуінің де амандасуы, бір - бірін сыйлағандықтың белгісі.
2. Сөйлесу, әңгімелесу, айту, кеңесу - бұл синоним сөздер бір ғана мағынада қолданылып тұр, яғни «қарым - қатынас» деген сөзге тоқталады. Мысалы: Мен ұстаздармен кеңесуім керек еді - деген сияқты сөйлемде сөзі іс - әрекет, қимылды білдіреді. Осы берілген синоним сөздерді қазақ тілінде етістік тақырыбына байланысты өткізуге болады. Бұл сөздерге (не істеді, не қылдың) - деген сұрақ қойылады. Сонда: сәлемдесті, амандасты, сөйлесті, әңгімелесті, айтты, кеңесті болады.
Бұл сөздер сонымен қатар оқушылардың мәдениеттілігін қалыптастырады. Жолда кетіп бара жатып, кішілері үлкендерге сәлемдесіп, амандасып, өздерінің ізеттілігін, кішіпейілділігін, мәдениеттілігін және тәрбиелі адам екендігін көрсетеді. Сондықтан ізеттілік сендерге ешқашан артық болмайды.
1. Сау болыңыз, кездескенше, сау бол!
1) Сау болыңыз, ағай! (9 бет)
2) Кездескенше, Нұрбол! (13 бет)
3) Сау бол, Асан! (11 бет)
2. Рұқсат етіңіз, мархабат етіңіз.
1) Рұқсат етіңіз, өтіп кетуге болады ма екен? (66 бет)
2) Мархабат етіңіз, отырыңыз (72 бет)
3. Алғыс, ризашылық.
1) өз ризашылығын ол осылай білдірді (79 бет)
2) Құрбыларыңның алды бол! - деп алғыстарын үйіп - төгеді (78 бет)
3) Сау болыңыз, кездескенше, сау бол деген синоним сөздерді оқушыларға түсіндіру үшін, тақтаға мына синоним сөздер жазылған көрнекті құрал ілінеді:
1) Сау болыңыз, ағай!
2) Кездескенше, Нұрбол!
3) Сау бол, Асан!
Сонда үшеуінің айырмашылығы бар ма? Соны оқушылардан сұраймыз. Синонимнің үшеуі де бір мағынада, яғни «қоштасуын» көрсетеді деп оқушыларға түсіндіреміз.
2) Рұқсат етіңіз, мархабат етіңіз - деген синоним сөздерді оқушыларға түсіндіру үшін, тақтаға көрнекті құрал ілінеді:
1) Рұқсат етіңіз, өтіп кетуге болады ма екен?
2) Мархабат етіңіз, отырыңыз.
Бұл синоним сөздер адамның мәдениеттілігін, ізеттілігін, кішіпейілділігін, яғни олардың тәрбиелі бала екендігін көрсетеді.
3) Алғыс, ризашылық - синоним сөздер бір мағынада қолданылып тұр, яғни бір адамға алғысын, рақметін, ризашылығын білдіреді.
Міне осы синоним сөздер адамның мәдениеттілігін, көшеде, автобуста дұрыс, өз орнында пайдалана білулері керек екендігін мұғалім балаларға түсіндіріп, сонда ғана үлкендердің көп алғыстары мен ризашылықтарын ести алатындығын айтады.
1. Кішіпейілділік, тәрбиелі.
1) Кішіпейілділік - адамгершіліктің белгісі (35 бет)
2) Мынау тәрбиелі бала екен (18 бет)
2. Ізетті, әдепті, арлы.
1) Ізетіңмен ұнадың (64 бет)
2) «Әдепті бала - арлы бала» (75 бет)
3. Әдепті, ұқыпты.
1) Ол сендердің білімді, мейірімді болуларыңа көмектеседі (77 бет)
2) Олжас - сыныптағы өте ұқыпты оқушы (85 бет)
1) Кішіпейілділік, тәрбиелі - деген синоним сөздердің мағынасы бір және жақын қолданылған. Мысалы: кішіпейілділік - адамгершіліктің белгісі (35 бет) - деген сөйлемде айтылғандай, кішіпейілділік жасаған адамның адамгершілігі мол екендігі көрінеді. Мысалы: автобустарда өзіңнен үлкен адамдарға, қарттарға, зейнеткерлерге әрқашан орныңды ұсынуларың керек. Сонда сол адамның тәрбиелі бала немесе адам екендігі білінеді.
2) Ізетті, әдепті, арлы - деген синоним сөздерінің мағыналары өте жақын. Мысалы: ізетті әрдайым өз ізеттілігімен көрінеді. Ол яғни кішіпейілділік, амандасу, көмектесу сияқты іс - әрекеттер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz