ЖАДЫНЫ ЖАҢҒЫРТУ


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

ЖАДЫНЫ ЖАҢҒЫРТУ

Сталиндік репрессия көп ұлтты Отанымыздың тарихындағы қаралы кезең. Қаралы кезеңнің өлім тұзағы жа-зықсыз жандарды қыршыннан киды деп кана қойсақ, онда сөзіміз түгел болмайды. Репрессияға ұшыраған жазықсыз пенделер ғана емес, халыктын акыл-ойы мен арман-мұратынының көш басылары еді. Репрессияға тұтас көзкарастар, концепциялар, ғылыми мәнді жаңалыктар ұшырады. Ең сұмдығы - тұтас халыктар айып қамытын мойнына іліп, репрессияланды. Айтары бар ма!. .

Шүкір, «орнында бар оңалар» деген ғой. Уақыттың алтын күрек желі оңынан тұрып, әлеуметтік өміріміз ғана емес, санамыз да жаңғыра бастады. Қоғам өміріндегі «Қайта құру!» деп аталып жүрген тегеурінді сілкініс өткенге мойын бұруға, шындыктың жүзіне тура карауға, болашаққа сеніммен кадам басуға дес беріп отыр.

«Жадыны жаңғырту» айдарымен сонғы екі-үш ұрпақ көзінен таса болып келе жатқан материалдар беріліп отыр. Шын асылды тот баспайтыны сияқты, асыл ой мен арқалы өнерді де уақыт тоздыра алмайды. Оған қоса, Ахмет Байтұрсынов айтқан ғой: «Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы». Яғни, өткеннің асылын кұрметтей білсең ғана болашақтың ілтифатына ілігесің деп тұрған жоқ па!

Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов суреттерін салған СССР Суретшілер одағының мүшесі Егор Гилев.

ЫНСАП, ӘДІЛЕТ, МЕЙІРІМ . . . НЕМЕСЕ ШӘКӘРІМНІҢ «Үш анығы» туралы

Шәкәрімнің творчестволық рухани жағынан калыптасу жолы дала қазағынын арнайы оқу орнында оқып, даярланбаған қалпын танытады. Бірақ не болса да өзі түртініп араб, парсы, шағатай, орыс тілін үйреніп, сол тілдерде жазылған рухани қазына көздерін тереңдей меңгеріп, шыншылдықпен ой корытқан дала ойшылын көреміз.

Шәкәрімшң ойшылдық, ақындық кітапханасының көлемі мейлінше кең әрі жан-жақты боп келеді. Бір жақсысы олардың бәрі де өз шығармаларында аталып, нақтылы дерек, мағлұмат сілтеме түрінде беріліп отыратыны бар. Бір жағынан мұнысынан әсіресе Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайын танып білуде таптырмайтын бірегей деректеме көзіне де айналып отыр.

Шәкәрім өлеңдеріндегі ойшылдық, философиялык, пікір танымдар көбінесе оның бүгінге дейін басылым көрмеген «Үш анық» деп аталып келген ел арасында таралған қолжазба көшірмелерінде жатыр. Шәкәрімнің бүкіл рухани болмысындағы ақындық өнер мен ойшылдық танымы өзіндік сыры мол, айтылар пікірінін астарлы қабаттары оқырман атаулыға алдын ала даярлықсыз ашыла бермейтін сыр бүгіп жатқан ерекшелігі де бар. «Үш аныктағы» таратылатын басты ойдың өзекті желісі де - Абай мұрасындағы мораль философиясына орай кеңінен таратылатын жанқұмары мәселесімен тікелей байланыста жатқан құбылыспен астасатындықтан, Абай шығармаларындағы осы мәселенің не екенін жіті танып білген кісі ғана Шәкәрім ойына еркін бойлай алмақ. Мұның себебі « . . . Абай марқұм болған соң, содан ғибрат алып мен адамдықтың, адалдықтың жолын қуғаным жөн деп, басымды шытырман шатақтан ерте босатып алып, білім жолына түстім», - деп Шәкәрімнің өзі Абайдағы мораль философиясына ерте қадам басқанын атап көрсетуінде үлкен мән-мағына жатыр деп білмек керек.

Шәкәрім «Үш анығын» жазу жолында айтарлықтай алдын ала зор даярлықтан өткен. Шығыс пен Батыстың рухани қазына-көздеріне бас қойғанда, ондағы идеалистік, материалистік бағыттағы еңбектермен таныстығы мол болғаң себепті:

Пәнші дейді: - Қайда тәңірі?

Дінші дейді: - Менде түр . . .

Пәнші (ғалым М. М. ) нанды бес сезімге,

Дінші (теолог М. М. ) адасты жолынан, -

деген сыншыл ой қорытындысы ретінде берілген дүниетаным көп нәрсенің астарлы сырын да аңғартады емес пе? Осы арқылы Шәкәрім, біріншіден, затшылдық ғылым жолындағы таным мен, екіншіден, дін жолындағы дүниетаным бірінші, екінші анық деп көрсетеді де:

Іздедім, таптым анығын,

Тастадым ескі танығын, -

деп өзі ғұмыр бойы шарқ ұрып ізденіп тапқан жолы үшінші анықты үсынады. Ол - үшінші анығын Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып үштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді. Мұнысы, Шәкерімнің үзақ жылдарға созылған ғылыми-творчестволық ізденіс үстінде келіп туған ой қорытындысы ретінде берілетін негізгі ой тизисі:

Енбекпенен, өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл, кайнар өмір

Ар ілімі оқылса, -

деп тұжырымдалған танымында жатыр. Яғни, Шәкәрімнің «Үш анықтағы» мақсаты ар түзейтін бір ғылымды табу болғандықтаң, өмір бойы осы жолда ізденген. Осы ар ілімі саласында тікелей немесе жанама түрде жазылған Батыс, Шығыс тілдерінде жазылған енбектердегі мораль фи-лософиясы жайлы ойлар тарихын сыншыл көзбен екшей келіп тапқаны:

Отыз жылдай жиғаным,

Сау ақыл - менің иманым.

Аламын соған сыйғанын, -

деп өзіндік жан сырын Абайдағы нұрлы ақыл ұғымымен сабактастыра карайтыны бар. Яғни, Шәкәрім «Үш анық» деп аталатын философиялық трактатын жазуға даярлыкты 1898 жылдан бастап кірісіп, отыз жылдай ізденіп, жиған-тергенін өз ой көрігінен өткізіп, қорытындыны 1928 жылы аяқтағанын көреміз.

Қалың оқырман қауымға алғаш рет ұсынып отырган Шәкәрімнің «Үш анығында» сөз болатын басты мәселе ар ілімінің негізі боп табылатын нәрсе «Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген шығады. Мұны орысша совесть деп атайды . . . бұған нана алмаған адамның журегін еш бір ғылым, өнер, еш бір заң тазарта алмайды . . . ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды», - деп тебірене терең ой толғауы бүгінде кайта кұру заманында халқымыздың алға койып отырған рухани жағынан жаңару талабына да үндес келіп жатыр емес пе? Бұлай дейтін себебіміз кеше ғана орыс халқының айтулы ғалымы академик Лихачев адамгершілік тәрбиеге шешуші мән бермейінше, ендігі жерде коғамның өмір сүруі екі талай деп үзілді-кесілді пікір түюіне Шэкәрім мұрасы да үндес шығады деп білеміз.

Мекемтас Мырзахметов, филология ғылымының докторы.

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ

ҮШ АНЫҚ

Адам хақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді . . . Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс - ұждан. Ұ ж д а н - дегеніміз ынсап, әділет, мейірім.

СӨЗБАСЫ

Кетті, келді,

Толды, семді,

Өзгеленді бұл ғалам.

Туды, өлді,

Жанды, сөнді,

Өршіп енді қайтадан.

Дөңгеленткен,

Өңгеленткен,

Түк білімсіз күш пе екен?

Тіпті мінсіз,

Кемшіліксіз,

Есті қылған іс пе екен?

Жан деген не,

Мүлде өле ме,

Шын жоғалып сөне ме?

Дене жөн деп,

Жоғары өрлеп,

Жаның мен деп келе ме?

Осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жандылардан бастап адамдарға шейін бәрі һәм нәсілдерінің жақсылықта болып өсіп өнуіне қам қылады. Мұны - «барлық таласы» дейді. Бұл жаратылыстың берік жолы. Сондықтан барша адам шамасына қарай қай бірі өзі үшін, кай бірі табы үшін, қай бірі барша адам үшін жақсылық бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады.

Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет-өлгеннен сонғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді. Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу - ақылы сау адамға қатты міндет. Неге десең адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсақ, біліп жаратушы ие бар өлген соң да бір түрлі өмір бар деген жолдың шын, өтірігін білуіміз керек. Егер шын болса, соның да қамын ойлап, адамдарды түпкілікті бақытқа жеткізу үшін, егер өтірік болса, оған әуреленбей жалғыз ғана дүние қамын қылу үшін, олай болса бүл екеуін қалай тексереміз. Оны тексерушінің әр түрлі діндер жайынан, әр түрлі ғылым жайынан әрбір білімділердің сол туралы айтқан сөздерінен хабары болу керек. Және қатты керек бір шарты - өзінің тұтқан діні, оқыған - ұғынғаны, қалыптанған әдеті, құмар ісі бәлендей жақсы кісі айтты деп нанып қалған сөзіне біржола байланып қалмай, ақылын әбден шын босатып сол екі жолдағылардың жазған кітап, айтқан сөз, қылған істері һәм оларға қарсы айтқан сөздердің бәрін ноқтасыз, науқассыз сау ақылмен сынау керек. Әйтпесе, адам әдет, құмар нанымынан шыға алмай, арқандаулы ат сияқты болады. Және өзінің мынау жөн дегенін халық алдына салғаны жөн. Неге десең, қайсысы болса да әбден сыналып, тазарған соң шын болмақ.

Бұл екі жолдың түбі қайдан шыққанын тексерсе, адамдардың біз һәм әлемдегі барша нәрселердің қайдан бар болғанын, мұны кім жаратқан деген ойынан шыққан. Неге десең, адамның ақылы оны ойламай тұра алмайды және адам жаңа бір нәрсені көрсе мұны кім жасаған, бұл неге керек демей қоймайды? Сондықтан жаратушыны іздеп, әр кім түрлі ой жүргізген. Тіпті, ескі замандағылар жаратушы осы деп немесе осында жаратушының қасиеті бар деп күн, от, ағаш, тас сияқтыларға табынған. Немесе әр нәрсенің бір тәңірісі бар деп сурет жасап табынған. Онымен де тұрмай адам қолынан келмейтін істерді істеген алдамшы жәдігөй, бақсы, дуана сияқтыларды да тәңірінің орнын басады деп сондайларға да табынған. Сүйтіп соқыр кісіше сандалып жүргенде пайғамбар дегендер шығып, барлықтың бәрін жаратқан ие бар, өлген соң бір түрлі тіршілік бар, осы өмірде қылған ісіңе қарай ол өмірде де өлшеусіз бақ, қиын азап бар мұны бізге сол жаратушы ие білдіреді дейді. Сіздерге ұқтыруға бұйырды деген. Ол кездегі адамның бір қатары бұған нанып ерсе де, бір қатары нана алмай бұрынғы қалып алып қалған әдетінен шыға алмаған.

Енді біліп жаратқан ие де жоқ, өлген соң өмір де жоқ деген жолдың түбінде осы барлық, әлем неден бар болды деген ойдан шыққаны төменгі сөзден мәлім болды. Ескі заманның білімділері әр нәрсенің түпкі негізі неден жаралғанын тексеріп, тамам нәрсенің негізі төрт нәрсе деп білген. Онысы - от, су, топырақ, ауа. Олардан кейінгі білімділер ол төрт нәрсенің әр біреуі әлденеше негізден жаралғанын таба - таба жақынырақ кезде түп негізі сексен шамалы екенін тапты. Әр дененің көзге ілінбейтін кішкентай тараулардан қосылып жаралғанын тауып, ол кішкентайды қанша ұсақтаса да ақырында тіпті бөлуге келмейтін болады. Сол бөлінуге келмейтін түп негіздердің атын Европаша атом, деп атап, арабша мадда немесе әсер деп атады. Біздің қазақша аты жоқ болған соң бұл кітапта біз оны атом, мадда деп атаймыз. Сүйтіп барша нәрсе сол сексен шамалы атомдардың бір-біріне қосылғанынан дене жасап, әлденеше түрге түсіп, бірі - бірінен өршіп, жаралып жатқанын тапқан.

Мұны алғашқы тапқан; Ион - грек - жұртының Пифагор деген білімдісі. Кейбіреулердің сөзіне қарағанда, Пифагор оны Финикия жұртынан үйренді дейді. Олай болса алғашқы тапқан Финикияның Садда деген қаласынан шыққан Мocкo деген адамы болады. Кім бұрын тапса да, бұл атомды басында не нәрседен жаралғанын, оның не іске жарайтынын білу үшін іздеп тапса да, гректің Эпикур уа Демокрит деген білімділері сол атомды дәлел қылып, барлық әлем атомнан өршіп жаралып жатыр, оны былай қылайыншы деп біліп жаратқан ие жоқ деген бір жолға негіз салды.

Араб жұртының патшалығы зорайып әр елдерді қол астына қаратқан Аббас патша болған кезде ион - гректің білімділерінің жазған кітаптарын араб тіліне көшіргенде осы атом туралы сездерді араб тіліне көшіріп, мұсылман молдаларының ортасына: Барлық әлем басынан бар ма еді? Соңынан жаралды ма деген дау кіруіне осы атом себеп болды. Соңғы кезде Европаның. Гасенди, Декарт, Ньютон, Линней сияқты ойшылдары бұрынғы Эпикур, Демокрит - терден қалған жаратушы ие жоқ дегенді қайта жаңғыртып, Европа арасына сол ойдың жайылуына себеп болды. Және атомдар бірін-бірі тартып қосылуына бір күшті дәлел табылды. Ол әр нәрседе бірін-бірі тартатын қуат барлығы. Оны орысша притяжение деп, арабша тажазиб дейді. Мұны алғашқы тапқан Англияның Исаак Ньютон деген ойшылы.

17 жүз жылдарда адманың үзіліп жерге түскенінен ойлап тапқан. Бұл біліп жаратқан ие жоқ дегенді ұғымдырақ айтсақ, әлемдегі бар нәрсенің негізі сексен түрлі атом, солар бірін-бірі тартатын притяжение заңымен қосылып, дене жасап, бірінен-бірі өсіп, өзгеріп жатыр, оны былай қылайын деп әр қайсысын әр бөлек жаратып жатқан ие жоқ және жан деген өз алдына бір нәрсе емес, сол атомдардан жаралған дененің бір қозғалысы өзгерістерінен шыққан сипат.

Адам өлген соң дененің барша құраулары шіріп, шашылып, бытырап әр қайсысы өз атомдарына қосылып кетеді де, жан дегенің біржола жоғалады. Сондықтан өлген соң тірілу жоқ дейді. Жақын кезде шыққан бір кітапта Европаның осы кездегі білімділері атомды электрия қуатымен әлденеше бөліп, ол ұсақтың атын электрон қойды дейді. Мұның арабша аты жоқ болса керек еді. Жақында бір оқыған кітапта «Хихату хахараба аййе» депті. Мағынасы электрия талқаны деген-ау деймін. Бұлай болғанда атомдарда бөлінгені ғой. Осы кезде білімділер жоғарыда айтқан сексен шамалы негіздің бәрінің негізі бір Нұр екен деп жүр дейді. Олай болса, барлық әлемнің тұп негізі нұр болғаны дейді.

Нұр - ж а р ы қ. Нұр күннен, не оттан шықса да жан жағының бәріне күлтеленіп шығады. Нұр бір секундта үш жүз шақырым жүреді. Күннің нұры жерге 8 минут, 17 секундта келіп жетеді. Күннен де алыс кейбір планета жұлдыздың нұры жерге үш жүз жылда жететіні бар. Тіпті, алыстарының нұры жерге мың жылда азар жететіні бар. Нұрдың жүрісін білімділер оысша Юпитер, мұсылманша Муштари деген. - Планеттің Пик деген төрт жолдасы юпитерді айналғанда, көлеңке жағынан шыққаннан өлшеп тапқан. Ол юпитер күнді айналғанда он екі жылға жақын мезгілде бір айналып шығады. Бұл нұрдың жайын жазғандағы мақсұтым мынау: нұр да өздігінен бар болмай бір нәрседен шығатыны, о да қозғалып жүретіні ойда болсын. Және барлық әлемнің ұшы-қиыры жоқ көп зорлығы білінген әлемге қарағанда, білінбегендердің есеп өлшеуге келмейтіндігі оқушының ойында болсын дедім.

Жоғарғы айтылған барлықтың бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп біліп жаратқан ие жоқ деген жол әлдеқашаннан айтылып келе жатса да, әсіресе 17-18-19-жүз жылдардың аяқ шеніне шейін Европа ішіне көбірек жайылды. Олардың дәлелдерінің күштірек деген-дерін айталық:

1-дәлел: қайта айналыс жолы. Барлық нәрсенің түп себебі бұрыннан бар қуатты дене (сила вещества) атом. Әр нәрсені өсіп-өндіретін сол дүниеде еш нәрсе жоғалмайды, бірақ өзгереді. Әр планета, жер, күн, ай болсын басында газ, түтін, жалын болып, көп заманнан соң, салқындап қатты дене балып, осы бір қалыбында қалмайды. Бірталайдан соң біріне-бірі соқтығу сияқты бір себептермен қайта газ болып, онан сұйық, онан тағы қатты дене болып сол үш түрге түседі де жүреді. Қайта қатты дене болған кезде бұрынғысынан жер де, басқалар да не үлкен, не кіші дегендей басқа түрде болуы мүмкін. Және ол қайта жаратылыста жерде адам, хайуан, өсімдіктер болады. Бірақ өлген соң бізден сезім кетіп, ол өзгерістен еш нәрсе сезбейміз. Ол қайта жаралыста біздің білім, шаруа, байлық, дене сияқтылармыз мұнан тіпті басқа түрде болады. Және барлық әлем біржола газ болмай, бір жағы газ болып жатқанда, бір жақтағылары қатайып, қайта жаралып жатса керек.

Мұның бәрін өзгертіп өзінен не шығып, не болып жатқанын сезбейді дейді.

2-дәлел: жаратылысы жолы. Мұқым барлықтың бәрін бар қылып тұрған - жаратылыс жолы. Сондықтан біліп жаратушы ие деген бекер сөз, ол жаратылыс жолы осы жаралғандардың өзінен бөлек нәрсе емес. Осыдан бөлінбейтін заң барлықтың бәрі сол заңнан еріксіз жаралып жатыр. Ол заң өсіп-өнуге, жоғарылауға ұмтылып ең жақсыны сайлап алады. Сондықтан бүтін әлемдегі планета, жұлдыздардың жаралысы жүрісі адам, хайуан, өсімдіктердегі һәм басқа нәрселердің дене бітімі, жаралысы, реттері толық жарасымды мақсұтты жолмен жаратылған дейді. Бұл - философ Литерие сөзі.

3-дәлел: тұқымдастық жолы. Жоғарыда айтылғандай, бар нәрсе өздігінен жаралып жатқан соң жаратушы деген жоқ. Құрғақтағы хайуандар, адамдар, өсімдіктер, құстар - бәрі теңізден туған. Теңіз жерді орап алғандықтан су хайуандары, өсімдіктері құрғаққа шыққан. Жер жүзіндегі өсетіндердің, жандылардың бәрі басында су хайуаны. Неге десең, қырда не түрлі жандылар болса, теңізде де соған ұқсатар бар. Теңізде жылан, ит сияқтылар болғанымен тұрмай, құс сияқтылар да болған. Сондықтан бұларды бөлек-бөлек жаратқан ие жоқ дейді (Маииенің сөзі) .

4-дәлел: дене сезімі. Біз эр нәрсені денедегі сөзімізбен білеміз. Мұқым барлықтың бәрі жаралыс жолымен еріксіз бар болып жатқанын көріп біліп тұрмыз. Егер біліп жаратушы ие бар болса, бұл жаратылыс себептерінің түк керегі жоқ болар еді. Неге десең, бір жаратушы білімді құдірет бар болғаннан соң бұл себептердің керегі не? Сондықтан біліп жаратушы жоқ дейді. - Бюхнер сөзі.

5-дәлел: әр түрлілік. Барлық дүниеге қарасаң тасы, ағашы басқа өсімдіктер, хайуандар, адамдар, су, от сияқты, тіпті, біріне-бірі ұқсамайды. Бұл нені көрсетеді? Бүл әр нәрсе қалай болса солай кезі келгендіктен себебіне қарай жаралып жатыр. Оны былай болсын деп жаратушы жоқ екені осыдан мәлім дейді. Бұл Ғайсадан үш жүз жыл бұрынғы Демокрит сөзі. Жоғарыда айтып едік, бұл біліп жаратушы ие жоқ деген жол XIX ғасырдың аяқ шеніне шейін Европа ішінде көбірек жайылды. Онан кейін бұл жол нашарланқырады. Оның себебі, магнитизм, спертизм, телепатия дегендер шыққандығы болды. Оның мәнісі мынау: магнитизм бір адамның жанының қуатымен әсер беріп, еріксіз ұйықтатып, сонан өткен бір істі немесе келесіде болатын бір істі сұрап ғайыптан хабар айтқызады һәм басқа істерді істетеді. Спертизм өлгендердің жанын шақырып келтіріп ғайыптан хабар айтқызады. Кейде қағазға да жазғызады.

Телепатия тіпті алыстағы тірі адамның жанымен өз жанын хабарластырып, соған ұнағанын істете алады. Осындай адам таңқаларлық бұрын сыры білінбеген метафизика жаралысы жолымен жоғары қуат барлығы анықталған соң, бұрынғы дене сезіміне ғана нанып, онымен білінбеген нәрсені ғана жоқ деп жүргендердің ойын шатастырып басқа ойға түсіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАРИХИ САНА МЕН КОММЕМОРАТИВТІК ШАРАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері
Микроконтроллер. Жады құрылымы
Ақпарат қорғау жүйесін жобалау негіздері
Компьютердің құраушы бөліктерін іздеу
Музыкалық педагогикада музыкалық жадының дамуының негізгі әдістері
Шығыс Қазақстанның тарихи ескерткіштері
Сана философиялық мәселе ретінде
Ұлы дала оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі
Модульдік технология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz